Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2013 жылғы республикалық бюджеттен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 наурыздағы № 263 қаулысы

      «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және ауыл шаруашылығы жануарларын аса қауiптi инфекциялық және инвазиялық аурулардан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2013 жылғы республикалық бюджеттен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2013 жылғы 19 наурыздағы
№ 263 қаулысымен   
бекiтiлген      

Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары
бюджеттерiнiң 2013 жылғы республикалық бюджеттен мемлекеттік
ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға
берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2013 жылғы республикалық бюджеттен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң 217 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттiк бағдарламасы бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін техника, жабдық және мүкәммал сатып алуға республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi (бұдан әрi – ағымдағы нысаналы трансферттер) пайдалану тәртiбiн айқындайды.
      2. Ағымдағы нысаналы трансферттер жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға арналған.

2. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық
жарақтандыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi
пайдалану тәртiбi

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлiк) республикалық бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi ретiнде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi арасында қол қойылған нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiм шеңберiнде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне нысаналы ағымдағы трансферттердi аударады.
      4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын бөлiмшелерi функционалдық міндеттерді орындауға арналған техниканы, жабдықты және мүкәммалды мемлекеттiк сатып алудың ұйымдастырушы болып табылады.
      5. Функционалдық міндеттерді орындауға арналған сатып алынатын техника, жабдықтар және мүкәммал осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тиіс, ал пилоттық жоба аясында сатып алынатын инсинераторлар осы Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген талаптарға сәйкес болуы қажет.
      6. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері мемлекеттiк сатып алу қорытындылары бойынша функционалдық міндеттерді орындауға арналған техниканы, жабдықтарды және мүкәммалды жеткізушілермен (бұдан әрі – жеткізушілер) шарттар жасасады, оларда өзге талаптармен қоса, мынадай:
      1) функционалдық міндеттерді орындауға арналған жеткiзiлетiн техниканың, жабдықтың және мүкәммалдың сапасына бақылау жүргiзудiң тәртiбi мен мерзiмдерi;
      2) жеткiзiлетiн функционалдық міндеттерді орындауға арналған техниканың, жабдықтың және мүкәммалдың сапасына жеткiзушiлердiң жауапкершiлiгi;
      3) функционалдық міндеттерді орындауға арналған сапасыз техниканы, жабдықты және мүкәммалды жеткiзушiлердi ауыстыру мерзiмдерi көзделуге тиiс.
      7. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарында функционалдық міндеттерді орындауға арналған сатып алынатын техниканың, жабдықтардың және мүкәммалдың сандық-сапалық жай-күйін бағалау жөнiндегi кемiнде 3 (үш) адамнан тұратын комиссиялар (бұдан әрі – Комиссиялар) құрылады, оның құрамына Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң облыстағы (Астана, Алматы қаласындағы) аумақтық бөлімшесінің өкiлi енгiзiледі.
      8. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын бөлiмшелерi Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      Комиссия функционалдық міндеттерді орындауға арналған жеткiзiлген техниканы, жабдықты және мүкәммалды бағалау қорытындысы бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша функционалдық міндеттерді орындауға арналған техниканы, жабдықты және мүкәммалды жеткізу актiсiн жасайды.
      9. Функционалдық міндеттерді орындауға арналған техниканы, жабдықтар және мүкәммалды жеткізушілер облыстардың, Алматы және Астана қалаларының жергілікті атқарушы органдарына 2013 жылғы 15 желтоқсаннан кешіктірмей осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша функционалдық міндеттерді орындауға арналған техниканы, жабдықты және мүкәммалды жеткізу актілерін ұсынады.
      10. Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын бөлімшелері функционалдық міндеттерді орындауға арналған техниканы, жабдықты және мүкәммалды жеткізу актілерінің келіп түсуіне қарай, бес жұмыс күні ішінде, бірақ 2013 жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей, осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттарды тексереді, олар осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда төлем төлеуге жібереді.
      11. Функционалдық міндеттерді орындауға арналған техниканы, жабдықты және мүкәммалды жеткізу актілері осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының жергілікті атқарушы органдары олардың сәйкес келмеуі себептерін негіздей отырып, үш жұмыс күні ішінде тауарларды жеткізушілерге пысықтауға қайтарады.
      Функционалдық міндеттерді орындауға арналған техниканы, жабдықты және мүкәммалды жеткізушілер үш жұмыс күні ішінде ескертпелерді ескере отырып, пысықталған функционалдық міндеттерді орындауға арналған техниканы, жабдықты және мүкәммалды жеткізу актілерін облыстардың, Алматы және Астана қалаларының жергілікті атқарушы органдарына ұсынады.
      12. Тауарларды жеткізгені үшін қаржы қаражатын тиісті тауар жеткізушілердің банктегі шоттарына аударуды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық бөлімшесіне төлем шотының тізілімін және төлем шотын екі данада ұсыну арқылы, функционалдық міндеттерді орындауға арналған техниканы, жабдықты және мүкәммалды жеткізу актілері негізінде төлемдер бойынша қаржыландырудың жекелеген жоспарларына сәйкес облыстардың, Алматы және Астана қалаларының жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
      13. Облыстардың жергілікті атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері функционалдық міндеттерді орындауға арналған сатып алынған техниканы, жабдықты және мүкәммалды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне қабылдау-тапсыру актілері негізінде береді.
      Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), Алматы және Астана қалаларының жергілікті атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға функционалдық міндеттерді орындауға арналған техниканы, жабдықты және мүкәммалды қабылдау-тапсыру актілері негізінде береді.
      14. Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының жергілікті атқарушы органдары республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түскеннен кейін Министрлікке ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде, ал жылдың қорытындысы бойынша 2013 жылғы 25 желтоқсаннан кешіктірмей, ал оларды толық игермеген жағдайда – осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес себептерді көрсете отырып, ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану туралы есептерді ұсынады.
      15. Қандай да бiр облыс, Астана, Алматы қалалары бөлiнген қаражатты толық игермеген жағдайда, Министрлiк заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне 2013 жылға арналған республикалық бюджетте бюджеттiк бағдарламаны iске асыруға көзделген қаражат шегiнде облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға арналған қаражатты қайта бөлу туралы ұсыныс енгiзедi.
      16. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Министрлiкке жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 30 шiлдеден кешiктiрмей аралық есептi, ал жылдың қорытындысы бойынша келесi қаржы жылының 15 ақпанынан кешiктiрмей, ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiмдерге сәйкес бөлiнген ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану есебiнен iс жүзiнде қол жеткiзiлген тiкелей және түпкiлiктi нәтижелер туралы қорытынды есептi ұсынады.
      17. Министрлiк Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес нәтижелер туралы жасалған келiсiм негiзiнде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ағымдағы нысаналы трансферттердiң аударылмағаны үшiн жауапты болады.
      18. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкiмдерi мен жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бiрiншi басшылары Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес ағымдағы нысаналы трансферттердiң, ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы жасалған келiсiмге сәйкес пайдаланылмағаны, тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге қол жеткiзiлмегенi, алынған ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану есебiнен қол жеткiзiлген тiкелей және түпкiлiктi нәтижелер туралы есептi бермегенi үшiн жауапты болады.

Облыстық бюджеттердiң, Астана және  
Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2013 жылғы
республикалық бюджеттен мемлекеттік  
ветеринариялық ұйымдарды материалдық- 
техникалық жарақтандыруға берiлетiн  
ағымдағы нысаналы трансферттердi    
пайдалану қағидаларына         
1-қосымша                

Сатып алынатын функционалдық міндеттерді орындауға арналған
техникаға, жабдыққа және мүкәммалға қойылатын талаптар

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.09.2013 № 990 (01.01.2013 бастап қолданысқа енгiзiледi); 13.12.2013 № 1335 (01.01.2013 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.

Р/с

Тауардың атауы

Тауардың сипаттамасы (сипаты)


Аудандық ветеринариялық станция

Ветеринариялық пункт

1

2

3

4

1. Жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізу үшін

1.

Ветеринариялық іс-шаралар жүргізу үшін жануарларды қозғалтпай ұстау құрылғысы


Жануардың басы мен денесін қозғалтпай ұстауға арналған құрылғысы бар, салмағы 1500 кг дейінгі ауыл шаруашылығы жануарларын қозғалтпай ұстауға арналған алмалы-салмалы дөңгелектері және автомобильге тарту-тіркеу бекітпесі бар жылжымалы станок.
Материалы – болат, металдың қалыңдығы – 3 мм кем емес;
Бояуы – коррозияға қарсы бояу;
Станоктың салмағы – 750 кг-нан кем емес.


Ветеринариялық іс-шаралар жүргізу үшін жануарларды қозғалтпай ұстау құрылғысы

Жануардың басы мен денесін қозғалтпай ұстауға арналған құрылғысы бар, салмағы 750 кг дейінгі ауыл шаруашылығы жануарларын қозғалтпай ұстап тұруға арналған станок.
Материалы – болат, металдың қалыңдығы – 2 мм кем емес;
Бояуы – коррозияға қарсы бояу;
Станоктың салмағы – 350 кг-нан кем емес.

2.

Жаппай екпе жасауға арналған аппарат (металдан жасалған)

Шланг ұшына бекітілген иньекциялық инеден, шлангтен және ветеринариялық препараты бар флакондарды бекітуге арналған құрылғысы бар пистолеттің өзінен тұратын жартылай автоматтандырылған пистолет.

3.

Инесіз инъектор

1 реттік инъекция дозасы 0,1 ден 0,2 мл дейін реттеледі. Инъекцияның сипаты: тері ішіне.
Инъекторды шаншу: қолмен, тұтқаның көмегімен.

4.

Термочемодан

Препараттарсыз суық элементтерінің барынша көп жиынтығымен қоршаған ортаның +43±2 0С температурасы кезінде 0 0С төмен емес және +10 0С-тан жоғары емес ішкі көлем температурасы үшін бос термоконтейнердің суықпен әсер ету ұзақтығы (сағат): 72 кем емес;
Оқшаулау қабатының қалыңдығы (мм): 40 кем емес.

5.

Кутиметр

Металл.

6.

Ұнтақ беру құрылғысы (дәрі-дәрмек үшін)

Металл.

7.

Бұқаға арналған мұрын сақинасы

Металл.

2. Ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіру жүргізуге арналған

8.

Аспаптарға, құрал-саймандарға және атрибуттарға арналған сөмке

Берік материалдан дайындалған болуы тиіс.

3. Жануарларды қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуге арналған

9.

Ұрақтандырушы техниктің чемоданы (жинақталған)

Ұрақтандырушы техниктің чемоданы гинекологиялық айналармен, ұрықтандыруға арналған катетерлермен және т.б. жиынтықталады.

10.

Микроскоп

Монокулярлық.

11.

Дьюар ыдысы


Көлемі 35 литр.



Дьюар ыдысы

Көлемі 6 литр.

4. Жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) жөнінде қызметтер көрсетуге арналған

12.

Ветеринариялық препараттарға арналған тоңазытқыш

Ветеринариялық препараттарды сақтауға арналған екі камералы тоңазытқыш (өңірлік сервистік орталықтары бар өндірушілерден сатып алу қажет).

13.

Металдан жасалған шкаф

Металдан жасалған шкаф (екі есікті, габариті кемінде 181,3*38*45,7 см, құрал-саймандар мен ветеринариялық препараттарды сақтауға арналған).

14.

Хладогенті бар 1 термосыйымдылық

Мөлшері 100x100x200 см көп емес.

5. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары салған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырды), мал соятын алаңдарды ұстауға арналған

15.

Автомашина, сыйымдылығы 500-600 литр УАЗ 390945 шассиіндегі дезинфекциялау қондырғысы (ДҚ)


Автомашина, сыйымдылығы
500-600 литр УАЗ 390945 шассиіндегі дезинфекциялау қондырғысы (ДҚ) мынадай негізгі бөліктерден тұруы тиіс: цистерна, дезинфекциялық сұйықтықтарға арналған бактар, керек-жараққа арналған жәшіктер, жұмыс ерітіндісін қыздыру жүйесі, қысым құбыры, қабылдау-тарату құбыры, компрессорлық қондырғы.

6. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға және жоюға арналған

16.

Жабайы иттер мен мысықтарды бұғаулау құралдары

Жиынтық лақтырмалы құрылғыдан және тордан тұруы тиіс.

7. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған ветеринария саласындағы қызметтің өзге де түрлеріне арналған

17.

Ветеринариялық хирургиялық үлкен жиынтық

Алғашқы хирургиялық көмек көрсетуге арналған барлық қажетті құралдармен толық жиынтықталған (тамырларды қысып қоюға арналған қысқыш, скальпельдер, инелер, пинцеттер, пышақтар, анатомиялық аралар, қайшылар және т.б.).

18.

Анатомиялық ветеринариялық үлкен жиынтық

Брезенттен жасалған ветеринариялық сөмкедегі жиынтықталған анатомиялық жинақ – оған Д-64 қашау, үлкен, кіші, көкшандырды, шеміршекті, қабырға кесуге арналған ветеринариялық пышақтар (2 данадан), қабырға кесуге арналған ветеринариялық қайшы, корнцанг, ұшы доғал түзу қайшылар 140 (170) мм, анатомиялық пинцеттер 150 және 250 мм, көкшандырды кесуге арналған скальпельдер (2 дана), өткір ұшты скальпельдер (2 дана), анатомиялық аралар, клеенкадан тігілген алжапқыш).

19.

Ветеринариялық акушерлік жинақ

Акушерлік көмек көрсетуге арналған барлық қажетті құралдармен толық жиынтықталған (гинекологиялық айналар, шприцтер, қайшылар, акушерлік ілмектер және т.б.).

20.

Биологиялық материалға арналған мұздатқыш

Биологиялық материалдарды сақтауға арналған мұздатқыш, жалпы көлемі 210 л кем емес, мұздатқыш камера көлемі 198 л кем емес, биіктігі х ені х ұзындығы габариты 85х80х70 см (өңірлік сервистік орталықтары бар өндірушілерден сатып алу қажет).

21.

Биологиялық материалдарды тасымалдауға арналған чемодан

Тұтқасы бар штативке арналған бүйір жиегі бар биологиялық материалды тасымалдауға арналған чемодан, ішкі контейнер: клипсі бар пластикалық қапшық, суперабсормент бар пакеті.

22.

Желіннің ұшына арналған катетер

Желін ауруларын емдеуге арналған металдан жасалған әртүрлі диаметрдегі катетер.

23.

Ветеринариялық құрал-саймандарды және материалдарды тасымалдауға арналған жәшік

Пластикалық.

24.

Шприц

Шыны, 2 мл.

25.

Шприц

Шыны, 5 мл.

26.

Шприц

Шыны, 10 мл.

27.

Шприц

Шыны, 20 мл.

28.

Шприц

Шыны, 150 мл.

29.

Кетгут

Сырты жылтыр эластикалық жіп, өздігінен сіңіп кететін хирургиялық тігіс материалы.

30.

Акушерлік ілгек

Металл түтіктен және түтіктің бір ұшында ілмек пайда болатындай оның саңылауына енгізілген жұмсақ қос сымнан тұрады.

31.

Ірі малдарға арналған асқазан зонды

Резеңке.

32.

Магнитті зонд

Магнитті зонд мынадай негізгі бөліктерден тұрады:
- резеңке түтік түріндегі зондпен шынжыр арқылы жалғасқан ұштарына оймасы бар штуцер орналастырылған және бір-бірімен берік шнурмен жалғасқан магниттік бастиегі;
- зонд енгізгіш, ол арқылы резеңке түтік зонд өтеді, оның бір ұшында қоныш, екінші ұшында шлеялы қапсырма болады.

33.

Фонендоскоп

Мыналардан тұрады:
- мембранасы бар фонендоскоптың басы;
- эластикалық оливалары бар ұшы;
- Y-бейнелі дыбыс өткізгіштен.

34.

Троакар

Металл.

35.

Ірі және ұсақ малдарға арналған ауыз ашу құралы

Металл.

36.

Бикс

Бу стерилизаторларында стерильдеу және пайдалану орнына жеткізу мақсатында оларда таңу материалдарын, хирургиялық құралдарды және ветеринариялық мақсаттағы басқа да заттарды орналастыруға, сондай-ақ 20 тәулік бойы стерильді сақтауға арналған фильтрлері бар дөңгелек келген стерильді қораптар. Қораптың металл бөлшектері тоттанбайтын болаттан жасалады.

37.

Стерилизатор

Бу немесе ауа стерилизатор ветеринариялық мақсаттағы бұйымдарды стерильдеуге арналған.

38.

Сепкіш

Резеңкеден жасалған.

39.

Сұйық дәрілік заттарды енгізуге арналған құрылғы

Құрылғы сұйыққа арналған сығылатын эластикалық ыдыстан, ыдысты жануарлармен жалғайтын шығару түтікшесінен және ыдысты сығуды қамтамасыз ететін қысым жүйесінен тұрады.

40.

Кептелген қақпағы бар банка

Шыны.

41.

Тұяқ пышағы

Екі жақты түзу.

42.

Тұяқ қысқышы

Металл.

8. Функционалдық міндеттерді орындауға арналған техника, жабдықтар мен мүкәммал

43.

Жүріп өту мүмкіндігі жоғары пикап типті арнайы автомашина (арнайы жабдықтармен жиынтықталған: аспалы гидропульт, автотоңазытқыш, мал союға және патологиялық материалдарды алуға арналған құралдарға және дезинфекциялау заттарына арналған астау)

Жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы автомашина қозғалтқышының көлемі - 2300 текше сантиметрден артық емес, орын саны 5 кем емес, толық жетекті жол талғамайтын көлік, шанақтың типі пикап, 5 сатылы механикалық беріліс қорабы, габаритінің ұзындығы – 4,9 м, ені – 1,9 м кем емес. Жүк бөлігінің жүк көтергіші 750 кг кем емес, жүк бөлігінің габариті ұзындығы/ені/тереңдігі (137см/169см/55см), жүк бөлігі қорғаныш жабындымен және рульдің гидрокүшейткішімен жиынтықталған (арнайы жабдықтармен жиынтықталған: ыдыс көлемі 10 литрден кем емес аспалы гидропульт, көлемі 29 литрден кем емес, салмағы 25 кг габаритті (см) 50±5 х 30±5 х 30±5 кем емес, қуаттануы 12/220В (12В адаптері жиынтықта орналасқан) автотоңазытқыш, дезинфекциялық заттарға және ветеринариялық препараттарға арналған көлемі 10 л кем емес жәшік, Д-64 қашаудан, үлкен, кіші, көкшандырды, шеміршекті, қабырғаны кесуге арналған ветеринариялық пышақтардан (2 данадан), қабырға кесуге арналған ветеринариялық қайшыдан, корнцангтан, ұшы доғал түзу қайшылардан 140 (170) мм, анатомиялық пинцеттерден 150 және 250 мм, көкшандырды кесуге арналған скальпельдерден (2 дана), өткір ұшты скальпельдерден (2 дана), анатомиялық аралардан, клеенкадан тігілген алжапқыштан тұратын брезенттен жасалған ветеринариялық сөмкеге жиынтықталған анатомиялық жиынтық).



Жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы автомашина (арнайы жабдықтармен жиынтықталған: аспалы гидропульт, автотоңазытқыш, мал союға және патологиялық материалдарды алуға арналған құралдарға және дезинфекциялау заттарына арналған астау)

Жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы автомашина қозғалтқышының көлемі 1700 текше сантиметрден артық емес, толық жетекті жол талғамайтын көлік, орын саны 5 кем емес, шанақтың типі универсал, жеңіл құйылған дискілері және рульдің гидрокүшейткіші бар (арнайы жабдықтармен жиынтықталған: ыдыс көлемі 10 литрден кем емес аспалы гидропульт, көлемі 29 литрден кем емес, салмағы 25 кг габаритті (см) 50±5 х 30±5 х 30±5 кем емес, қуаттануы 12/220В (12В адаптері жиынтықта орналасқан) автотоңазытқыш, дезинфекциялық заттарға және ветеринариялық препараттарға арналған көлемі 10 л кем емес жәшік, Д-64 қашаудан, үлкен, кіші, көкшандырды, шеміршекті, қабырғаны кесуге арналған ветеринариялық пышақтардан (2 данадан), қабырға кесуге арналған ветеринариялық қайшыдан, корнцангтан, ұшы доғал түзу қайшылардан 140 (170) мм, анатомиялық пинцеттерден 150 және 250 мм, көкшандырды кесуге арналған скальпельдерден (2 дана), өткір ұшты скальпельдерден (2 дана), анатомиялық аралардан, клеенкадан тігілген алжапқыштан тұратын брезенттен жасалған ветеринариялық сөмкеге жиынтықталған анатомиялық жиынтық).

44.

Ұйымдастыру техникасы

Ұйымдастыру техникасы жүйеліқ блокты, мониторды, клавиатураны, компьютерлік тінтуірді, операциялық жүйені, Microsoft Office толық пакетін қамтитын бағдарламалық қамтамасыз етуді, көпфункционалдық лазерлік құрылғыны (көшірме, сканер, принтер), АРС тұрақтандырғышын (үздіксіз қоректену көзі) қамтиды.

45.

Кеңсе жиһазы

Кеңсе жиһазы жазу үстелін, орындықтарды, киімге арналған шкафты, кітап шкафын қамтиды.

46.

Сейф

Сейфтің сыртқы габариті 40х40х33,7 см артық емес және салмағы 20,2 кг көп емес.

47.

Электр генераторы

Бензиндік қуаты кемінде 5 кВт электр генераторы (негізгі электр жүйесі авариялық ажыратылған кезде электрді генерациялау үшін), салмағы 90 кг көп емес.

Облыстық бюджеттердiң, Астана және  
Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2013 жылғы
республикалық бюджеттен мемлекеттік  
ветеринариялық ұйымдарды материалдық- 
техникалық жарақтандыруға берiлетiн  
ағымдағы нысаналы трансферттердi    
пайдалану қағидаларына         
2-қосымша                

Сатып алынатын инсинераторларға қойылатын талаптар

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.12.2013 № 1335 қаулысымен (01.01.2013 бастап қолданысқа енгiзiледi).

Р/с

Инсинератордың типі

Инсинератордың сипаттамасы (сипаты)

Облыс

1

2

3

4

Аудандық ветеринариялық станциялар үшін

1.

№ 1 типтегі стационарлық инсинератор

Инсинератор медициналық, биологиялық және басқа да қалдықтардың түрлерін жоғары температурада жағу әдісі арқылы кәдеге жаратуға арналған. Экологиялық қауіпсіздік инсинераторларды қалдықтарды жаққаннан алынған түтіндер қосымша толық жағылатын, басқару шкафы және температура датчигі бар автоматика жүйесімен жабдықталған толық жағатын екінші камерамен жарақтандыру арқылы қамтамасыз етіледі. Инсинератордың жүктеме көлемі 1000 кг дейін, жағу жылдамдығы кемінде 150 кг/сағ, дизель отынның шығыны сағатына 16-17 литрден көп болмауы керек

Ақмола
Ақтөбе
Алматы
Атырау
Шығыс Қазақстан
Жамбыл
Батыс Қазақстан
Қарағанды
Қызылорда
Қостанай
Маңғыстау
Павлодар
Солтүстік Қазақстан
Оңтүстік Қазақстан

2.

№ 2 типтегі стационарлық инсинератор

Инсинератор медициналық, биологиялық және басқа да қалдықтардың түрлерін жоғары температурада жағу әдісі арқылы кәдеге жаратуға арналған. Экологиялық қауіпсіздік инсинераторларды қалдықтарды жаққаннан алынған түтіндер қосымша толық жағылатын, басқару шкафы және температура датчигі бар автоматика жүйесімен жабдықталған толық жағатын екінші камерамен жарақтандыру арқылы қамтамасыз етіледі, Инсинератордың жүктеме көлемі кемінде 1000 кг дейін, жағу жылдамдығы кемінде 50-80 кг/сағ, дизель отынның шығыны сағатына 10 литрден көп болмауы керек.
Жанарғының қуаты 160 кВт, КПД=97 % дейін реттеледі. Айнымалы кернеуі 220 В дейінгі желіге қосылады. Габарит ұзындығы х ені х биіктігі (2100 х 1220 х 1560 көп емес)

Ақмола
Ақтөбе
Алматы
Атырау
Шығыс Қазақстан
Жамбыл
Батыс Қазақстан
Қарағанды
Қызылорда
Қостанай
Маңғыстау
Павлодар
Солтүстік Қазақстан
Оңтүстік Қазақстан

Ветеринариялық пункттер үшін

3.

№ 3 типтегі стационарлық инсинератор

Инсинератор медициналық, биологиялық және басқа да қалдықтардың түрлерін жоғары температурада жағу әдісі арқылы кәдеге жаратуға арналған. Экологиялық қауіпсіздік инсинераторларды қалдықтарды жаққаннан алынған түтіндер қосымша толық жағылатын, басқару шкафы және температура датчигі бар автоматика жүйесімен жабдықталған толық жағатын екінші камерамен жарақтандыру арқылы қамтамасыз етіледі. Инсинератордың жүктеме көлемі кемінде 500 кг, жағу жылдамдығы кемінде 50 кг/сағ, дизель отынның шығыны сағатына 14 литрден көп болмауы керек

Ақмола
Ақтөбе
Алматы
Атырау
Шығыс Қазақстан
Жамбыл
Батыс Қазақстан
Қарағанды
Қызылорда
Қостанай
Маңғыстау
Павлодар
Солтүстік Қазақстан
Оңтүстік Қазақстан
Астана

4.

№ 4 типтегі стационарлық инсинератор

Инсинератор медициналық, биологиялық және басқа да қалдықтардың түрлерін жоғары температурада жағу әдісі арқылы кәдеге жаратуға арналған. Экологиялық қауіпсіздік инсинераторларды қалдықтарды жаққаннан алынған түтіндер қосымша толық жағылатын, басқару шкафы және температура датчигі бар автоматика жүйесімен жабдықталған толық жағатын екінші камерамен жарақтандыру арқылы қамтамасыз етіледі, Инсинератордың жүктеме көлемі кемінде 500 кг, жағу жылдамдығы кемінде 80 кг/сағ, дизель отынның шығыны сағатына 10 литрден көп болмауы керек. Жанарғының қуаты 160 кВт, КПД=97 % дейін реттеледі. Айнымалы кернеуі 220 В дейінгі желіге қосылады. Габариті ұзындығы х ені к биіктігі (2100 х 1220 х 1560 көп емес)

Ақмола
Ақтөбе
Алматы
Атырау
Шығыс Қазақстан
Жамбыл
Батыс Қазақстан
Қарағанды
Қызылорда
Қостанай
Маңғыстау
Павлодар
Солтүстік Қазақстан
Оңтүстік Қазақстан
Алматы

Аудандық ветеринариялық станциялар үшін

5.

№ 1 типтегі жылжымалы инсинератор

Инсинератор медициналық, биологиялық және басқа қалдықтардың түрлерін жоғары температурада жағу әдісі арқылы кәдеге жаратуға арналған. Экологиялық қауіпсіздік инсинераторларды қалдықтарды жаққаннан алынған түтіндер қосымша толық жағылатын, толық жағатын екінші камерамен жарақтандыру арқылы қамтамасыз етіледі. Инсинератордың жүктеме көлемі кемінде 500 кг, жағу жылдамдығы кемінде 50 кг/сағ, дизель отынның шығыны сағатына 14 литрден көп болмауы керек

Ақмола
Ақтөбе
Батыс Қазақстан
Қостанай

Облыстық бюджеттердiң, Астана және  
Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2013 жылғы
республикалық бюджеттен мемлекеттік  
ветеринариялық ұйымдарды материалдық- 
техникалық жарақтандыруға берiлетiн  
ағымдағы нысаналы трансферттердi    
пайдалану қағидаларына         
3-қосымша                

«____________» бюджеттік бағдарламасы бойынша функционалдық
міндеттерді орындау үшін техниканы, жабдықты
және мүкәммалды жеткізу
актiсi

______________________________       20__ ж. «____» _________________
  (облыс, аудан, елдi мекен)
Бұдан әрi «Тапсырыс берушi» деп аталатын ____________________________
                                                (мекеме атауы)
атынан ________ негiзiнде әрекет ететiн _____________________________
                                         (Т.А.Ә., атқаратын лауазымы)
бір тараптан және бұдан әрi «Жеткізуші» деп аталатын ________________
                                                      (жеткізушiнiң
                                                       толық атауы)
___________________________________ атынан жарғы (сенiмхат) негiзiнде
әрекет ететiн __________________ екінші тараптан төмендегi туралы осы
              (Т.А.Ә., атқаратын
                   лауазымы)
актiнi жасады:
      жеткізушi өзі және тапсырыс берушi арасында жасалған 20__ ж.
«___» _____________ № __________ шартқа сәйкес (20__ ж. _____________
кезеңі үшін*) жеткізуші мынадай сипаттама функционалдық міндеттерді
орындау үшін техниканы, жабдықты және мүкәммалды жеткізді:

Функционалдық міндеттерді орындауға арналған техниканың, жабдықтың және мүкәммалдың толық атауы

Функционалдық міндеттерді орындауға арналған техниканың, жабдықтың және мүкәммалдың қысқаша сипаттамасы

Өлшем бiрлiгi

Функционалдық міндеттерді орындауға арналған жеткізілген техниканың, жабдықтың және мүкәммалдың көлемi

Бiрлiк бағасы (теңге)

Сомасы (теңге)













      Жеткізілген функционалдық міндеттерді орындауға арналған
техникаға, жабдыққа және мүкәммалға наразылық жоқ (наразылық болған
жағдайда, атап көрсету қажет) _______________________________________
      Шарт сомасы _________________ теңгені (сомасы жазбаша) құрайды.
      1. Жеткізілген тауарлардың жалпы құны __ теңге (сомасы жазбаша)
      2. Аванс сомасы ________________________ теңге (сомасы жазбаша)
      3. Бұрын актiленген сомалар ____________ теңге (сомасы жазбаша)
      4. Төленуге тиіс _______________________ теңге (сомасы жазбаша)

ТАРАПТАРДЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРI:

              Тапсырыс беруші:                    Жеткізуші:
      ____________________________      _____________________________
      ____________________________      _____________________________
      ____________________________      _____________________________
      (Т.А.Ә., қолы, мөртаңбасының      (Т.А.Ә., қолы, мөртаңбасының
                 бедерi)                          бедерi)

      Комиссия төрағасы: _______________        _____________________
                              (қолы)                   (Т.А.Ә.)
      Комиссия мүшелерi: _______________        _____________________
                              (қолы)                   (Т.А.Ә.)
                         _______________        _____________________
                              (қолы)                   (Т.А.Ә.)
                         _______________        _____________________
                              (қолы)                   (Т.А.Ә.)

      Ескертпе: * - біржолғы сипаттағы төлемдерді жүргізу жағдайында көрсетілмейді.

Облыстық бюджеттердiң, Астана және  
Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2013 жылғы
республикалық бюджеттен мемлекеттік  
ветеринариялық ұйымдарды материалдық- 
техникалық жарақтандыруға берiлетiн  
ағымдағы нысаналы трансферттердi    
пайдалану қағидаларына         
4-қосымша                

________________ облысы (астана, республикалық маңызы бар қала)
бойынша қаражатты пайдалану туралы ______________ айындағы есеп

Бағдарламаның коды

Бюджеттік бағдарламаның атауы

_____ жылға ңақтыланған бюджет

_____ нақты орындалғаны

Жыл аяғына дейін игерілуі тиіс

Күтілетін игеру

Күтілетін игерілмеу

_________ күтілетін орындалмау себептері

1

2

3

4

5

6

7

8

      Басшы _________________________
                      қолы
      Бас бухгалтер _________________
                          қолы
      М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады