РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.07.2015 № 567 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
2) «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2013 жылғы республикалық бюджеттен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 наурыздағы № 263 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 22, 355-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2013 жылғы республикалық бюджеттен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларында:
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада;
реттік нөмірі 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
14. |
Хладогенті бар 1 термосыйымдылық |
Мөлшері 100x100x200 см көп емес. |
»;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.07.2015 № 567 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1335 қаулысына
қосымша
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы
қалалары бюджеттерінің 2013 жылғы республикалық
бюджеттен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды
материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін
ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларына
2-қосымша
Сатып алынатын инсинераторларға қойылатын талаптар
Р/с |
Инсинератордың типі |
Инсинератордың сипаттамасы (сипаты) |
Облыс |
1 |
2 |
3 |
4 |
Аудандық ветеринариялық станциялар үшін |
|||
1. |
№ 1 типтегі стационарлық инсинератор |
Инсинератор медициналық, биологиялық және басқа да қалдықтардың түрлерін жоғары температурада жағу әдісі арқылы кәдеге жаратуға арналған. Экологиялық қауіпсіздік инсинераторларды қалдықтарды жаққаннан алынған түтіндер қосымша толық жағылатын, басқару шкафы және температура датчигі бар автоматика жүйесімен жабдықталған толық жағатын екінші камерамен жарақтандыру арқылы қамтамасыз етіледі. Инсинератордың жүктеме көлемі 1000 кг дейін, жағу жылдамдығы кемінде 150 кг/сағ, дизель отынның шығыны сағатына 16-17 литрден көп болмауы керек |
Ақмола |
2. |
№ 2 типтегі стационарлық инсинератор |
Инсинератор медициналық, биологиялық және басқа да қалдықтардың түрлерін жоғары температурада жағу әдісі арқылы кәдеге жаратуға арналған. Экологиялық қауіпсіздік инсинераторларды қалдықтарды жаққаннан алынған түтіндер қосымша толық жағылатын, басқару шкафы және температура датчигі бар автоматика жүйесімен жабдықталған толық жағатын екінші камерамен жарақтандыру арқылы қамтамасыз етіледі, Инсинератордың жүктеме көлемі кемінде 1000 кг дейін, жағу жылдамдығы кемінде 50-80 кг/сағ, дизель отынның шығыны сағатына 10 литрден көп болмауы керек. |
Ақмола |
Ветеринариялық пункттер үшін |
|||
3. |
№ 3 типтегі стационарлық инсинератор |
Инсинератор медициналық, биологиялық және басқа да қалдықтардың түрлерін жоғары температурада жағу әдісі арқылы кәдеге жаратуға арналған. Экологиялық қауіпсіздік инсинераторларды қалдықтарды жаққаннан алынған түтіндер қосымша толық жағылатын, басқару шкафы және температура датчигі бар автоматика жүйесімен жабдықталған толық жағатын екінші камерамен жарақтандыру арқылы қамтамасыз етіледі. Инсинератордың жүктеме көлемі кемінде 500 кг, жағу жылдамдығы кемінде 50 кг/сағ, дизель отынның шығыны сағатына 14 литрден көп болмауы керек |
Ақмола |
4. |
№ 4 типтегі стационарлық инсинератор |
Инсинератор медициналық, биологиялық және басқа да қалдықтардың түрлерін жоғары температурада жағу әдісі арқылы кәдеге жаратуға арналған. Экологиялық қауіпсіздік инсинераторларды қалдықтарды жаққаннан алынған түтіндер қосымша толық жағылатын, басқару шкафы және температура датчигі бар автоматика жүйесімен жабдықталған толық жағатын екінші камерамен жарақтандыру арқылы қамтамасыз етіледі, Инсинератордың жүктеме көлемі кемінде 500 кг, жағу жылдамдығы кемінде 80 кг/сағ, дизель отынның шығыны сағатына 10 литрден көп болмауы керек. Жанарғының қуаты 160 кВт, КПД=97 % дейін реттеледі. Айнымалы кернеуі 220 В дейінгі желіге қосылады. Габариті ұзындығы х ені к биіктігі (2100 х 1220 х 1560 көп емес) |
Ақмола |
Аудандық ветеринариялық станциялар үшін |
|||
5. |
№ 1 типтегі жылжымалы инсинератор |
Инсинератор медициналық, биологиялық және басқа қалдықтардың түрлерін жоғары температурада жағу әдісі арқылы кәдеге жаратуға арналған. Экологиялық қауіпсіздік инсинераторларды қалдықтарды жаққаннан алынған түтіндер қосымша толық жағылатын, толық жағатын екінші камерамен жарақтандыру арқылы қамтамасыз етіледі. Инсинератордың жүктеме көлемі кемінде 500 кг, жағу жылдамдығы кемінде 50 кг/сағ, дизель отынның шығыны сағатына 14 литрден көп болмауы керек |
Ақмола |