"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 310 қаулысы

       Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 93-құжат, № 21-22, 124-құжат):
      1) 317-12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «317-12-бап. Өтініш беру
      Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы өтінішті ішкі істер органдары шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның келген және (немесе) тіркелген жеріндегі сотқа береді.»;
      2) 317-15-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Сот шешімі орындау үшін ішкі істер органдарына жіберіледі.».
      2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар;
№ 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар;
№ 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3, 60, 88-құжаттар; № 2, 231-құжат; 2013 жылғы 14 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бәсекелестiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 543-бапта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Iшкi iстер органдары осы Кодекстiң 131, 144, 160 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 163-1, 175 (екінші бөлігінде) (көлік құралдарының иелері, автомобиль көлігімен және қалалық электр көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 247, 277, 281-1, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 300, 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 311, 330-1 (бірінші бөлігінде), 328-1, 333, 334 (бірінші және екінші бөліктерінде), 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-2 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-3 (бiрiншi бөлiгiнде), 336-4 (бiрiншi бөлiгiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде), 341 (бірінші бөлігінде), 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 364, 369 (бiрiншi бөлiгiнде), 370 (бiрiншi бөлiгiнде), 371 (бiрiншi бөлiгiнде), 377, 378, 379, 380 (бірінші бөлігінде), 380-1, 387, 389, 390 (бірінші бөлігінде), 391 (бірінші бөлігінде), 391-1 (бірінші бөлігінде), 392, 394 (бiрiншi бөлiгiнде), 395, 396 (бірінші және үшінші бөлiктерінде), 439 (бiрiншi, екiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 440, 441, 443 (төртiншi бөлiгiнде), 446 (бiрiншi бөлiгiнде), 447-1 (екiншi бөлiгiнде), 447-3, 459, 461 (бірінші – үшінші, төртінші – сегізінші бөліктерінде), 461-1, 462, 463 (бірінші және төртінші бөліктерінде), 463-1, 463-2, 463-3 (бірінші – төртінші бөліктерінде)-463-8, 464, 464-1 (үшінші бөлігінде), 465 (бірінші бөлігінде), 466 (бірінші бөлігінде), 467-1, 468 (үшінші бөлігінде), 470, 471 (бірінші бөлігінде), 472, 473 (бірінші және екінші бөліктерінде), 474 – 476, 477 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 478, 480, 481 (автомобиль көлiгiндегi бұзушылықтарды қоспағанда), 482, 485 – 487, 500 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
      екінші бөліктің 6), 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) осы Кодекстің 461 (үшінші және сегізінші бөліктерінде), 461-1 (екінші бөлігінде), 462 (төртінші бөлігінде), 463 (төртінші бөлігінде), 463-1 (үшінші бөлігінде), 463-2 (төртінші бөлігінде), 463-3 (төртінші бөлігінде), 463-4 (төртінші бөлігінде), 463-5 (үшінші бөлігінде), 463-6 (екінші бөлігінде), 463-7 (екінші бөлігінде), 463-8 (екінші бөлігінде), 464 (екінші бөлігінде), 464-1 (үшінші бөлігінде), 467-1 (екінші бөлігінде), 468 (үшінші бөлігінде), 470 (екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 471 (бірінші бөлігінде), 472, 474, 475, 485 – 487-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін – ішкі істер органдары жол полициясы комитетінің төрағасы, басқармаларының, бөлімдерінің, бөлімшелерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;
      7) осы Кодекстің 175 (екінші бөлігінде) (көлік құралдарының иелері және автомобиль көлігімен және қалалық электр көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 247, 447-1 (екінші бөлігінде), 447-3, 461 (бірінші, екінші, төртінші - жетінші бөліктерінде), 461-1 (бірінші және екінші бөліктерінде), 462 (бірінші және екінші бөліктерінде), 463 (бірінші бөлігінде), 463-1 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 463-2 (бірінші – төртінші бөліктерінде), 463-3 (бірінші және екінші бөліктерінде), 463-4 (бірінші – алтыншы бөліктерінде), 463-5 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 463-6 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 463-7 (бірінші және екінші бөліктерінде), 463-8 (бірінші және екінші бөліктерінде), 464 (бірінші және екінші бөліктерінде), 466 (бірінші бөлігінде), 467-1 (бірінші бөлігінде), 469 (бірінші бөлігінде), 470 (бірінші, үшінші бөліктерінде), 473 (бірінші және екінші бөліктерінде), 476, 485 (бірінші бөлігінде) (жеке тұлғаларға қатысты)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін – жол полициясының арнаулы атағы бар қызметкерлері;»;
      2) 548-бапта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Көлiктік бақылау органдары осы Кодекстiң 246 (бірінші бөлігінде), 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 439, 440, 440-1, 441, 447, 447-1 (бірінші бөлігінде), 447-2, 447-4, 447-5, 448, 449, 450, 451, 452, 453 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 454 (төртiншi, бесiншi бөлiктерiнде), 455, 456, 457, 458, 459, 460 (әуе көлігі кемелеріндегі бұзушылықтардан басқа), 461 (6-1-бөлiгiнде), 463 (бiрiншi бөлiгiнде, бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктердi тасымалдау ережелерiн бұзу болып табылатын кезде, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 467-1, 473-1, 477 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 479 – 481 (әуе көлігі кемелеріндегі бұзушылықтардан басқа), 483, 486 (бiрiншi бөлiгiнде), 490-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      екiншi бөлiктiң үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «357-2 (бірінші бөлігінде), 440, 440-1, 441, 447, 447-1, 447-2, 447-4, 447-5, 452, 454 (төртінші бөлігінде), 455, 456, 459 – 460 (әуе көлігі кемелеріндегі бұзушылықтардан басқа), 461 (6-1-бөлігінде), 463 (бірінші бөлігінде, бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзу болып табылатын кезде, екінші және үшінші бөліктерінде), 467-1, 473-1, 477 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 479, 480, 481 (әуе көлігі кемелеріндегі бұзушылықтардан басқа), 483, 486 (бірінші бөлігінде), 490-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша – көліктік бақылау органдарының осыған уәкілетті лауазымды адамдары құқылы.
      3) 560-1-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «560-1-бап. Астық нарығын реттеу саласындағы уәкілетті орган»;
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Астық нарығын реттеу саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық органдары осы Кодекстің 186, 309-1 (екінші, үшінші, төртінші бөліктерінде), 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.»;
      4) 576-4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «576-4-бап. Жергілікті атқарушы органдар
      1. Облыстың жергілікті атқарушы органы осы Кодекстің 309-1 (бесінші, алтыншы, тоғызыншы, оныншы бөліктерінде), 309-2 (бірінші – үшінші бөліктерінде), 309-4 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші бөліктерінде), 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы осы Кодекстің 309-1 (бесінші, алтыншы, тоғызыншы бөліктерінде), 309-4 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші бөліктерінде), 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі мен оның орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.»;
      3) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
      он сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «астық нарығын реттеу саласындағы органдардың (356-бап (үшінші бөлігі);»;
      жиырма сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «көлiк бақылау органдарының (356, 357-2 (екiншi бөлiгi), 453 (екiншi бөлiгi), 454 (бiрiншi-үшiншi бөлiктерi), 471 (1-1-бөлігі), 484-баптар);»
      елу алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының (127 (екінші бөлігі), 163-6, 165, 237-1, 309-1 (жетiншi, сегiзiншi бөлiктерi), 309-2 (төртінші бөлігі), 309-4 (сегiзiншi, тоғызыншы бөлiктерi), 309-5 (екінші бөлігі), 342, 342-1 (бірінші, үшінші бөліктері, бесінші бөліктің екінші, үшінші абзацтары), 343, 357-1, 357-2 (екiншi бөлiгi), 346 – 352, 374-1, 375-баптар);»;
      «діни қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның (374-1, 375-баптар)» деген алпысыншы абзац алып тасталсын.
      3. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1,4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат):
      1) 8-баптың 2-тармағының екінші абзацы алып тасталсын;
      2) 14-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-1) жерді аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) негізінде жердің нысаналы мақсатының сыныптауышын бекіту;»;
      2-тармақта:
      2) тармақша алып тасталсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы, сондай-ақ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органы ұсынған ақпарат негізінде аудан шекаралары, қала шекаралары (шегі) шебіндегі және аумақтағы пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан анықталған жерлер туралы істерді қарау;»;
      3) 14-1-бапта:
      1-тармақтың 14) тармақшасындағы «дайындау жатады.» деген сөздер «дайындау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «14-1) аталған бұзушылықтар бойынша ақпаратты облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдарына бере отырып, пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерлерді анықтау жатады.»;
      2-тармақтың 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «20) аталған бұзушылықтар бойынша ақпаратты облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдарына бере отырып, пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан, сондай-ақ мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау;»;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «18-1) аталған бұзушылықтар бойынша ақпаратты облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдарына бере отырып, пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерлерді анықтау;»;
      4) 16-бапта:
      1-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) жер ресурстарын пайдалану мен қорғау бөлігінде аудандық, қалалық (облыстық маңызы бар) атқарушы органдардың қызметiн үйлестiру және оған басшылық ету;»;
      2-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын;
      5) 17-баптың 9) тармақшасы алып тасталсын;
      6) 18-баптың 9) тармақшасы алып тасталсын.
      4. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 27-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат):
      13-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы және 2-тармағының 10) тармақшасы алып тасталсын.
      5. 2003 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Су кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат):
      1) 1-баптың 16) тармақшасы алып тасталсын;
      2) 37-баптың 1-тармағының 24) тармақшасы алып тасталсын;
      3) 95-баптың 7-тармағы алып тасталсын;
      4) 95-1-баптың 1-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
      5) 120-баптың 7-тармағы алып тасталсын;
      6) 135-бапта:
      1-тармақтың 8) тармақшасы алып тасталсын;
      2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау, суармалы жерлерді гидромелиорациялау, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігі жөніндегі инвестициялық саясаттың негiзгi қағидаттары:».
      6. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат):
      1) 17-бап мынадай мазмұндағы 1-2), 1-3), 1-4), 1-5), 1-6) тармақшалармен толықтырылсын:
      «1-2) коммуналдық тұрмыстық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясатты және салааралық үйлестіруді қалыптастырады және жүргізеді;
      1-3) өз құзыреті шегінде коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді;
      1-4) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      1-5) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді ұйымдастырады;
      1-6) коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын әзірлейді;»;
      2) 17-1-бап алып тасталсын;
      3) 20-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) қоршаған ортаны қорғау саласында келiсiмдер мен меморандумдар жасасады;».
      7. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат; № 13,
91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 3, 41-құжат):
      1) 1-баптың 1-тармағының 23) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «23) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы өкілеттіктерді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;»;
      2) 12-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Егер жұмыс берушінің шығарылған актісінде қызметкерлердің осы Кодексте, еңбек шартында, ұжымдық шартта, келісімдерде көзделген құқықтары мен кепілдіктерін бұзатын не нашарлататын ережелер болған жағдайда, оған еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға не сотқа шағым жасауға болады.»;
      3) 16-бапта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның қызметін үйлестіреді және қызметін тексеруді жүзеге асырады;»;
      мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «3-1) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдардан еңбек қатынастары мәселелері бойынша қажетті ақпаратты сұратады;
      3-2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік еңбек инспекторын тағайындауды келіседі;»;
      мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «21-1) үш адамнан бес адамға дейін қаза тапқан кезде топтық жазатайым оқиғаларды тексеру үшін комиссия құрады;»;
      25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «25) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін әзірлейді және бекітеді;»;
      4) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «17-бап. Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның құзыреті
      Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган:
      1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      2) жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге асырады;
      3) өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланулардың себептеріне талдау жүргізеді және олардың профилактикасы жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
      4) өндірістегі жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тексереді;
      5) басшы қызметкерлердің және жұмыс берушілерде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін тексеруді жүргізеді;
      6) өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясының құрамына қатысады;
      7) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өкілетті өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайды;
      8) қызметкерлердің, жұмыс берушілердің және олардың өкілдерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарайды;
      9) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мониторингін жүзеге асырады;
      10) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер жүргiзудiң жартыжылдық жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;
      11) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi органға ол белгілеген нысандар бойынша кезеңдік есептерді, сондай-ақ еңбекті қорғау және қауiпсiздiк жөніндегі ақпараттық жүйе базасында қауiпсiздiгі мен еңбектi қорғау жай-күйінің мониторингін ұсынады;
      12) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбек қатынастары бойынша қажетті ақпаратты береді.»;
      5) 22-баптың 1-тармағының 21) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «21) еңбек инспекциясы жөніндегі уәкілетті органға және (немесе) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайларын тексеру туралы өтініш жасауға, сондай-ақ еңбек жағдайларын, қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды жақсартуға байланысты мәселелерді тексеру мен қарауға өкілдікпен қатысуға;»;
      6) 23-баптың 2-тармағының 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «22) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi органның және еңбек инспекциясы бойынша жергілікті органның лауазымды адамдарын, қызметкерлер өкiлдерiн, еңбектi қорғау жөнiндегi қоғамдық инспекторларды ұйымдардағы еңбек қауiпсiздiгiнiң, еңбек жағдайы және еңбектi қорғаудың жай-күйiн және Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңнамасының сақталуын, сондай-ақ өндiрiстегi жазатайым оқиға мен кәсiптiк ауруларды тексеру үшiн кедергiсiз жiберуге;»;
      7) 147-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жұмыс беруші жергілікті тұрғындар болып табылмайтын адамдарды жұмысқа қабылдағаны туралы және (немесе) ол адамдармен еңбек қатынастарын тоқтатқаны ақпаратты уәкілетті ішкі істер органына бір ай ішінде береді. Ақпаратты беру тәртібі мен нысанын уәкілетті ішкі істер органы айқындайды.».
      8) 307-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «307-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару, бақылау және қадағалау
      Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды, бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдар өз құзыретіне сәйкес жүзеге асырады.»;
      9) 282-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Жұмыс берушi тараптар қол қойған ұжымдық шартты қол қойылған күнiнен бастап бiр ай мерзiм iшiнде еңбек инспекциясы бойынша жергілікті органға мониторинг үшiн ұсынуға мiндеттi.»;
      10) 309-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «309-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мониторинг пен тәуекелдерді бағалау
      Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган мен еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын кешенді бағалау, өндірістік жарақаттануды азайту және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мониторинг пен тәуекелдерді бағалауды ұйымдастырады.»;
      11) 314-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға және (немесе) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға өз жұмыс орнындағы еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауға тексеру жүргізу туралы өтініш білдіруге;»;
      12) 317-баптың 1-тармағында:
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) өндiрiстiк объектiлердi ұйымдардағы еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау туралы ақпаратты қоса алғанда, еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға және еңбек инспекциясы бойынша жергілікті органға, қызметкерлердiң өкiлдерiне олардың жазбаша сұрауы бойынша еңбек жағдайлары, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғаудың жай-күйi туралы қажеттi ақпарат беруге;»;
      10-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «10-1) бiр ай мерзiмде қағаз және электрондық жеткiзгiштерде өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның тиiстi аумақтық бөлiмшесiне ұсынуға;»;
      12) 322-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Зардап шеккен адам немесе куәгер жұмыс берушіге немесе жұмыстарды ұйымдастырушыға әрбір жазатайым оқиға туралы дереу хабарлауға міндетті. Денсаулық сақтау ұйымдарының жауапты лауазымды адамдары қызметкерлердің өндірісте жарақат алуына немесе денсаулығына өзге де зақым келуіне байланысты бастапқы өтініш жасауының әрбір жағдайы туралы жұмыс берушіні және еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органды, сондай-ақ жіті кәсіптік ауру (улану) жағдайлары туралы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органды екі жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге тиіс.»;
      13) 323-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға;»;
      14) 325-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеруді еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган мынадай құрамда құратын комиссия жүргізеді:
      төраға – мемлекеттік еңбек инспекторы;
      мүшелері – жұмыс беруші және қызметкерлердің өкілі.»;
      15) 328-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттік еңбек инспекторларына:
      1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы – еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамы;
      2) бас мемлекеттік еңбек инспекторлары – еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамдары;
      3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік еңбек инспекторы – облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органының басшысы;
      4) мемлекеттік еңбек инспекторлары – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органының лауазымды адамдары жатады.»;
      16) 335-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік еңбек инспекторы жеке және (немесе) заңды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) өтініш (шағым) бойынша шешім немесе актілер шығарылғанға дейін төмен тұрған мемлекеттік еңбек инспекторының актілерін орындауды тоқтата тұруға немесе кері қайтаруға құқылы.».
      8. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 263-құжат):
      1) 3-бапта:
      14-1) тармақша алып тасталсын;
      55) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «55) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган – стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау, бюджет саясатын тұжырымдау мен қалыптастыру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
      2) 26-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Бірыңғай бюджеттік сыныптама мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары негізінде жасалады.
      4. Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.»;
      3) 30-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің құрылымын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.»;
      4) 31-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері болып табылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ішкі істер органдары мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органының аумақтық органдарын қоспағанда, мемлекеттік органдардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелері бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бола алмайды.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымы негізге алына отырып айқындалады.»;
      5) 32-бапта:
      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жоспарлы кезеңге арналған жоспарланатын бюджет қаражатының көлемдері, нәтижелілік және тиімділік көрсеткіштері бар мемлекеттік бағдарламаларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен әзірлейді.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу тәртібін және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
      6) 39-1-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстарды жоспарлау мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес бюджеттік өтінім жасау арқылы жүзеге асырылады.»;
      7) 41-1-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың тізбесі мен көлемін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган қалыптастырады, Республикалық бюджет комиссиясы қарайды және олар әлеуметтік-экономикалық даму болжамының құрамында мақұлданады. Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетте мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әкімшілік жасайтын, жеке бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша көзделеді.»;
      8) 46-баптың 12-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «12-1. Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасының әкімшісі Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап алты ай ішінде осы Кодекстің 154 және 156-баптарының талаптарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға құжаттама ұсынылғанға дейін осы Кодекстің 79-бабы 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көрсетілген аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған нысаналы даму трансферттері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органмен жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім жасаспайды.»;
      9) 53-баптың 1-тармағында:
      2) тармақшаның он жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «көшi-қон іс-шараларын іске асыру;»;
      6) тармақша мынадай мазмұндағы он төртінші абзацпен толықтырылсын:
      «көші-қон саясатын жүргізу;»;
      7) тармақшада:
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «мәдениет және мемлекеттік жастар саясаты саласында республикалық және халықаралық маңызы бар әлеуметтік маңызды іс-шараларды өткізу;»;
      мынадай мазмұндағы он бесінші абзацпен толықтырылсын:
      «республикалық деңгейде мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау;»;
      10) 54-баптың 1-тармағында:
      5) тармақша мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      «жергілікті деңгейде көші-қон іс-шараларын іске асыру;»;
      7) тармақша мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      «мәдениет саласындағы жергілікті маңызы бар әлеуметтік маңызды іс-шараларды өткізу;»;
      11) тармақша мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      «индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау;»;
      11) 55-баптың 1-тармағында:
      5) тармақша мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:
      «жергілікті деңгейде көші-қон іс-шараларын іске асыру;»;
      7) тармақша мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
      «мәдениет саласындағы жергілікті маңызы бар әлеуметтік маңызды іс-шараларды өткізу;»;
      11) тармақша мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      «индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау;»;
      12) 56-баптың 5-тармағында:
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру;»;
      мынадай мазмұндағы 16) және 17) тармақшалармен толықтырылсын:
      «16) жергілікті деңгейде халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;
      17) жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және спорт іс-шараларын өткізу»;
      13) 59-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар тиісінше бюджет комиссияларының жұмыс органдары болып табылады.»;
      14) 60-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау бойынша әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жүйелерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді.»;
      15) 61-бапта:
      5, 6, 7 және 7-1-тармақтар алып тасталсын;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеудің тәртібін және мерзімін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
      16) 64-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Республикалық бюджетті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді.»;
      17) 65-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың санаттары, сыныптары мен кіші сыныптары бойынша мемлекеттік және республикалық бюджеттерге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдерді болжауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып жүзеге асырады.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Бюджет түсімдерін болжау әдістемесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.»;
      18) 66-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдарға ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді ұсынады.
      2. Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.»;
      19) 67-бапта:
      6-тармақта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша өз билік етулерінде қалатын, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының болжамы;»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар сұрататын басқа да қажетті ақпарат кіреді.»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Бюджеттік өтінім жасалуы мен ұсынылуы бойынша Қазақстан Республикасы бюджеттік заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдар оны қарамастан бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне қайтарады.»;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
      20) 68-бапта:
      1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдау нәтижелерін ескере отырып:
      1) стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын олардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан;
      2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттiк өтiнiмдерiн олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтiк-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы заттай нормаларға және стратегиялық жоспарлардың жобаларына немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларына сәйкестігі тұрғысынан;
      3) стратегиялық жоспарлар жобаларының немесе стратегиялық жоспарларға өзгерiстер мен толықтырулар жобаларының құрамында ұсынылған бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштерін олардың стратегиялық мақсаттармен, стратегиялық бағыттардың міндеттерімен өзара байланысы тұрғысынан;
      4) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларында ұсынылған нәтижелілік пен тиімділік көрсеткіштерін олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
      2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік өтінімдерді, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындылары бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстары бойынша қорытындыны қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына жібереді.
      3. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдар арасындағы келіспеушіліктерді тиісті бюджет комиссиясы қарайды.
      Тиісті бюджет комиссиясы осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген материалдарды қарайды және олар бойынша ұсыныстар әзірлейді.»;
      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға пысықталған стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді ұсынады.
      6. Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға бюджеттік бағдарламалардың пысықталған жобаларын және бюджеттік өтінімдерді ұсынады.»;
      21) 71-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет жобасын жасайды және оны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ағымдағы қаржы жылының 15 тамызынан кешіктірмей ұсынады.»;
      22) 74-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Егер Қазақстан Республикасының Парламенті ағымдағы жылдың
1 желтоқсанына дейін республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаса, Қазақстан Республикасының Президенті кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлық шығаруға құқылы, ол Қазақстан Республикасының Парламенті республикалық бюджет туралы заңды бекіткенге дейін қолданылады. Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлығының жобасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің оны іске асыру туралы қаулысының жобасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді.»;
      23) 79-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджет туралы заңды іске асыру және жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы қаулыларының жобаларын тиісінше мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар әзірлейді.»;
      24) 80-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Төтенше мемлекеттік бюджетті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және ол Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітіледі.»;
      25) 81-бапта:
      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының Президенті төтенше немесе соғыс жағдайын енгізген кезде тиісті мемлекеттік органдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға төтенше немесе соғыс жағдайының қолданылуы кезеңінде жүзеге асырылатын іс-шараларды қаржыландыру жөніндегі бюджеттік өтінімдерді енгізеді.
      3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган төтенше немесе соғыс жағдайының іс-шараларын қаржыландыруға арналған бюджеттік бағдарламалардың тізбесі мен көлемдерін жасайды және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.»;
      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Республикалық бюджет комиссиясы осы баптың 3-тармағында көрсетілген бюджеттік бағдарламалардың тізбелері мен көлемдерін мақұлдағаннан кейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше мемлекеттік бюджет туралы жарлығының жобасын жасайды. Төтенше мемлекеттік бюджет туралы Қазақстан Республикасының Президенті жарлығының жобасына:»;
      26) 92-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Түсімдерді бөлу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін бюджеттердің деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты арасында бюджеттің түсімдерін бөлу кестесі, облыстық мәслихаттың шешімімен белгіленетін облыстық бюджет пен оның аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасында кірістерді бөлу нормативтері, сондай-ақ мұнай секторы ұйымдарының тізбесі негізінде жүзеге асырылады.»;
      27) 96-бапта:
      1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік мекеме Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күнінен бастап алты ай ішінде осы Кодекстің 154-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға құжаттама ұсынылғанға дейін осы Кодекстің 79-бабы 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көрсетілген тізбеге енгізілген бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша міндеттеме қабылдамайды.»;
      5-тармақтың бесінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Кодекстің 79-бабы 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көрсетілген тізбеге енгізілген бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күнінен бастап алты ай ішінде осы Кодекстің 154-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға құжаттама ұсынылғаннан кейін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік мекеме Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күнінен бастап алты ай ішінде осы Кодекстің 156-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға құжаттама ұсынылғанға дейін осы Кодекстің 79-бабы 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көрсетілген тізбеге енгізілген заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін төлеу бойынша міндеттеме қабылдамайды.»;
      28) 107-бапта:
      4 және 4-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Республикалық бюджет комиссиясының ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы ұсынысын ескере отырып, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бес жұмыс күні ішінде әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталатын шығыстардың жаңа бастамалары бойынша ұсыныстарды, оның ішінде басым бюджеттік инвестициялардың тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарды, стратегиялық жоспарға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын, өзгерістер енгізу көзделетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.
      4-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы баптың 4-тармағында көрсетілген тиісті құжаттарды республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынғаннан кейін он жұмыс күні ішінде оларды қарайды, олар бойынша қорытындылар дайындайды және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.»;
      5-тармақ алып тасталсын;
      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Республикалық бюджет комиссиясының ұсынысын ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде нақтыланған республикалық бюджеттің жобасын жасайды және оны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      7. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республикалық бюджет комиссиясының нақтыланған республикалық бюджет жобасы бойынша ұсынысы негізінде он жұмыс күні ішінде республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңның жобасын жасайды және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсынады.»;
      29) 112-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Бюджеттік мониторингтің нәтижелері бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар тоқсан сайын және жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне, жергілікті атқарушы органдарға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы талдамалық есепті, сондай-ақ ай сайын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданбаған міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының уақтылы орындалмағаны туралы ескертпе-ақпарат жібереді.»;
      30) 151-баптың 8-тармағында:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұл ретте бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күнінен бастап алты ай ішінде осы Кодекстің 154 және 156-баптарында көрсетілген тиісті құжаттаманы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынуға міндетті.»;
      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған республикалық бюджеттік инвестициялар бойынша осы Кодекстің 154, 156-баптарында көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан кейін олардың құны тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген сомадан аз болған жағдайда, онда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган қалған соманы бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ұсынысы бойынша бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісінің бір бюджеттік бағдарламасы шегінде түзету жолымен бюджеттік инвестициялар арасында қайта бөлуге не бюджетті нақтылау кезінде алып тастауға құқылы.»;
      31) 156-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру туралы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстарын және олардың қаржылық-экономикалық негіздемелерін стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, заңды тұлғаның қаржы шығындары мен кірістерін бағалауды жүзеге асырады және кейіннен тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін олар бойынша экономикалық қорытындылар дайындайды.»;
      32) 157-баптың 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу мониторингін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жаңа объектілер құру (салу), жұмыс істеп тұрғандарын реконструкциялау кезеңінде жүзеге асырады.
      Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу мониторингін жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.
      Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу мониторингін жүргізу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
      Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.
      Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүргізу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
      33) 159-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылу мониторингін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
      Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылу мониторингін жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.
      Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылу мониторингін жүргізу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
      Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалауды жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.
      Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалауды жүргізу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
      34) 187-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «187-бап. Бюджеттік кредит беру туралы шешім қабылдау
      Бюджеттік кредит беру туралы шешім қабылдау:
      1) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ұсыныстарын ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен бюджеттік кредиттеудің орындылығын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның айқындауын;
      2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджеттік кредиттеу арқылы іске асыруды ұсынатын бюджеттік бағдарламаларды олардың бюджеттік кредиттеу критерийлеріне сәйкестігі тұрғысынан қарауын;
      3) бюджеттік өтінімді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның қорытындысын бюджет комиссиясының қарауын;
      4) бюджет комиссиясының бюджеттік бағдарламаны бюджет жобасына қосу жөнінде ұсыныс әзірлеуін қамтиды.».
      9. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат, № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125 құжат; 2013 ж., № 1, 3, 88-құжаттар; № 2, 139, 231-құжаттар; 2013 жылғы 14 наурызда «Казахстанская правда» және «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бәсекелестiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 541-баптың 25) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «25) ішкі істер органдары – шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберуге байланысты мәселелер бойынша өтініш берген кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.»;
      2) 557-баптың 3-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) салық құпиясын құрайтын міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы (болуы) туралы мәліметтер бөлігінде заңды тұлғаларды, құрылымдық бөлімшелерді мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді және таратуды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға, сондай-ақ ішкі істер органдарына береді.»;
      2) 598-бапта:
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) ішкі істер органдарына – мұндай органның сұрау салуы бойынша;»;
      6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) ішкі істер органдарының сұрау салуы бойынша – сұрау салу келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалады.».
      10. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1,3-құжат):
      1) 7-баптың 1-тармағында:
      29) тармақша алып тасталсын;
      49) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «49) медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу стандарттарының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;»;
      2) 9-баптың 2-тармағында:
      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес медициналық және фармацевтикалық қызметті, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады;»;
      мынадай мазмұндағы 18-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «18-2) медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет түрлері бойынша лицензиялау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;».
      11. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 231-құжат):
      1) 114-баптың 2-тармағының 2), 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органына филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы ұсынуға;
      3) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органын өз қызметінің басталуы туралы бес күндік мерзімде хабардар етуге;»;
      2) 120-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттік органдардың және ұйымдардың кәмелетке толмағандарға қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі қызметін үйлестіруді және өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы жүзеге асырады.».
      12. «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1991 ж., № 52, 636-құжат; 1995 ж., № 19, 117-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 10, 101-құжат; 2004 ж., № 19, 115-құжат; № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат):
      34-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сыртқы iстер министрлiгi және уәкілетті ішкі істер органы Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрақты тұратын әрбір арыз берушіні Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың немесе оны қалпына келтірудің дұрыстығы туралы, соның ішінде оны Қазақстан Республикасында еңбекке, тұрғын үйге және өзге де орналастыру мүмкіндігі туралы Қазақстан Республикасының Президентіне дәлелді қорытынды береді.».
      13. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы
21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 92, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат):
      25-баптың 17) тармақшасы алып тасталсын.
      14. «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 2001 ж.,№ 8, 50, 54-құжаттар; № 21-22, 285-құжат; 2006 ж., № 5-6, 31-құжат; 2007 ж., № 3, 23-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 122-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2013 ж., № 1, 60-құжат):
      28-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберу туралы сот шешімін орындауды жүзеге асыратын ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам аумағына адам шығарып жiберiлетiн шет мемлекет билігінің өкiлiне көрсетілген адамды ресми түрде беру үшін шығарып жіберілетін шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының Шекара қызметi органдарына береді.».
      15. «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы»
1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар):
      10-баптың 1-тармағының 25-1), 25-2), 25-3) және 25-4) тармақшалары алып тасталсын.
      16. «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» 1996 жылғы 5 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 11-12, 263-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 145-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; 2004 ж., № 11-12, 67-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат):
      1) 13-баптың үшінші бөлігінде:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «- табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарымен бірлесіп, жергiлiктi ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi, оның ішінде «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүлікті реквизициялау жөніндегі іс-шараларды орындауды ұйымдастырады;»;
      мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:
      «- төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияларды құрып, олардың құрамын айқындайды. Жергілікті атқарушы органдардың басшылары төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялардың төрағалары болып табылады, ал уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары комиссия төрағаларының орынбасарлары болып табылады;
      - бюджет қаражаты болған жағдайда, уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес уәкілетті органның аумақтық органдарын, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерін материалдық-техникалық жарақтауда, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстарды салуда, реконструкциялауда және жөндеуде уәкілетті органға жәрдем көрсетуге құқылы;»;
      20-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөнiндегі бiрiншi кезектегі iс-қимылдарды бұрын бекiтiлген жоспарларға сәйкес төтенше жағдай аймағында орналасқан авариялық-құтқару қызметтерiнiң күштерi мен құралдарын тарта отырып, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарымен бірлесіп жергiлiктi атқарушы органдар және ұйымдардың басшылары ұйымдастырады.».
      17. «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 273-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 13-14, 54-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат):
      1) 7-1-баптың 6) тармақшасы алып тасталсын;
      2) 8-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      «- халықаралық техникалық байқау сертификаттарын беру;»;
      3) 19-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «19-1-бап. Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру
      1. Халықаралық техникалық байқау сертификатын алу үшін механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің иесі жергілікті атқарушы органдарға өтінішпен жүгінеді және мынадай құжаттарды:
      1) халықаралық техникалық байқау сертификаты берілгені үшін мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртекті;
      2) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген тәртіппен ағымдағы күнтізбелік жылға көлік құралдарына салынатын салықты төлегенін немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттарды;
      3) мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәліктің көшірмесін қоса береді.
      2. Жергілікті атқарушы органдар механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің иесіне құжаттар қоса берілген өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде халықаралық техникалық байқау сертификатын береді.
      3. Осы баптың 1-тармағында санамаланған құжаттар болмаған жағдайда, жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің иесіне бас тарту себебін көрсете отырып, халықаралық техникалық байқау сертификатын беруден жазбаша дәлелді бас тартуды жібереді.
      4. Халықаралық техникалық байқау сертификаты Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес беріледі.
      5. Халықаралық техникалық байқау сертификаты жоғалған немесе бүлінген кезде көлік құралы иесінің халықаралық техникалық байқау сертификатының телнұсқасын алуға құқығы бар.
      Халықаралық техникалық байқау сертификатының телнұсқасын алу үшін көлік құралының иесі жергілікті атқарушы органдарға өтінішпен және халықаралық техникалық байқау сертификатының телнұсқасын беру үшін мемлекеттік баж төлегені туралы түбіртекті ұсына отырып жүгінеді.
      Халықаралық техникалық байқау сертификатының жоғалған немесе бүлінген бланкісі жергілікті атқарушы органдарға жоғалғаны немесе бүлінгені туралы өтініш берілген күнінен бастап жарамсыз деп танылады.
      6. Жергілікті атқарушы органдар өтініш берілген күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және үстіңгі оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазбасы бар халықаралық техникалық байқау сертификатының телнұсқасын береді.
      7. Көлік құралының иесі халықаралық техникалық байқау сертификаты телнұсқасының берілгені үшін мемлекеттік баж төлегені туралы түбіртек ұсынбай өтініш берген жағдайда, жергілікті атқарушы органдар осы баптың 6-тармағында көрсетілген мерзімде халықаралық техникалық байқау сертификатының телнұсқасын беруден жазбаша нысанда бас тартады.
      8. Халықаралық техникалық байқау сертификаты міндетті немесе мемлекеттік техникалық байқаудан өткені туралы куәлікте көрсетілген мерзімге сәйкес келетін мерзімге беріледі.»;
      4) 19-3-баптың 2-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) жергілікті атқарушы органдардың келісімімен қызмет өңірі шегінде міндетті техникалық байқауды өткізу кестесін жасауға;».
      18. «Өрт қауiпсiздiгi туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 18, 368-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 20, 728-құжат; № 23, 931-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; № 24, 177-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 13, 67-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат):
      1) 6-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) тұрғын халықты және ұйымдарды өрт қауіпсіздігі саласындағы шаралар туралы хабардар етеді;»;
      2) 8-баптың 1) тармақшасы алып тасталсын.
      19. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат):
      1) 10-2-бап мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-1) Қазақстан Республикасында тұрғын үй көмегін көрсетудің мониторингі;»;
      2) 10-3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) коммуналдық сектор кәсіпорындарында басқарудың қазіргі заманғы әдістерін енгізуді әдістемелік қамтамасыз ету;».
      20. «Азаматтық қорғаныс туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 9, 93-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 104-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат):
      22-баптың екінші бөлігінде:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарымен бірлесіп, ведомстволық бағынысты аумақта орналасқан ұйымдардың Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындауын ұйымдастырады;».
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарымен бірлесіп, кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді, эвакуациялық іс-шаралардың жүргізілуін қамтамасыз етеді;».
      21. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж. № 16, 220-құжат; 2001 ж., № 23, 318-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат):
      13-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын.
      22. «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 2-3, 34-құжат; № 23, 931-құжат; 2002 ж., № 4, 30-құжат; 2003 ж., № 15, 121-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат;
2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат):
      7-бапта:
      4) тармақша алып тасталсын;
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) өсімдіктер карантині жөніндегі iс-шараларды жүзеге асырудың тәртiбi мен тәсiлдерiн регламенттейтiн әдiстердi, әдiстемелердi, ұсынымдарды бекітеді;».
      23. «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 12-құжат; № 15-16, 232-құжат; 2003 ж., № 19-20, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 89-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат):
      6-1-баптың 1-тармағының 3) және 5) тармақшалары алып тасталсын.
      24. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар):
      1) 6-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымдары негізінде қалыптастырылған әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын әкімнің ұсынысы бойынша бекіту;»;
      2) 29-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымдары негізінде қалыптастырылған әкiмшiлiк-аумақтық бірлікті басқару схемасын тиістi мәслихаттардың бекiтуiне енгiзедi;»;
      3) 31-баптың 1-тармағында:
      24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «24) Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтетін үлгілік қағидалар негізінде әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын әзірлейді;»;
      мынадай мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын:
      «25) дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.»;
      4) 33-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымдары негізінде қалыптастырылған әкiмшілiк-аумақтық бірлікті басқару схемаларын тиiстi мәслихаттардың бекiтуiне енгiзедi;»;
      5) 35-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 12-2), 12-3), 12-4), 12-5), 12-6), 12-7) тармақшалармен толықтырылсын:
      «12-2) мүгедектерге көмек ұйымдастырады;
      12-3) жастар практикасын ұйымдастырады;
      12-4) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шараларды өткiзудi ұйымдастырады;
      12-5) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;
      12-6) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетiлуiн үйлестiредi;
      12-7) халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсіз топтарына қайырымдылық көмекті үйлестіреді және көрсетеді, сондай-ақ ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;».
      25. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат):
      1) 7-бап мынадай мазмұндағы 5-8) және 5-9) тармақшалармен толықтырылсын:
      «5-8) еңбек ресурстарына қажеттілікті қалыптастыру;
      5-9) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелердi қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсету;»;
      2) 20-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдарда жергiлiктi атқарушы органдар ұйымдастырады және олар бюджет қаражатының және жұмыс берушiлердiң өтiнiмi бойынша солардың қаражаты есебінен қаржыландырылады.»;
      3) 22-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бақылауды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.».
      26. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат):
      20-бапта:
      2) тармақша алып тасталсын.
      мынадай мазмұндағы 11-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «11-2) жобаларға сараптаманы (мемлекеттік сараптаманы қоса алғанда) жүргізетін жеке және заңды тұлғалардың сараптамалық комиссия құру тәртібін әзірлеу және бекіту не сараптамаға қатысу үшін сарапшыларды тарту;».
      27. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 15, 125-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат):
      1-баптың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «19) жол органдары – жалпыға ортақ пайдаланылатын мемлекеттiк автомобиль жолдарын басқаруды жүзеге асыратын автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган;».
      28. «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 140-құжат; 2004 ж., № 17, 98-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат):
      1) 9 баптың 2), 3) және 5) тармақшалары алып тасталсын;
      2) 14-1-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Өңірлерде арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) орналастырудың орындылығын және олардың санын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдар қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келiсу арқылы айқындайды.».
      29. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат):
      1) 1-бапта:
      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «18) ветеринариялық-санитариялық сараптама – жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының
ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін Қазақстан Республикасы Үкіметі белгiлеген тәртiппен органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық және радиологиялық зерттеулер кешенi арқылы айқындау;»;
      33) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «33) жануарлардың энзоотиялық аурулары - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, жергілікті атқарушы органдар айқындайтын, белгілі бір жерде тұрақты немесе жиі қайталануымен, әлеуметтік-экономикалық залалмен сипатталатын жануарлардың аурулары;»;
      2) 5-баптың 17) тармақшасы алып тасталсын;
      3) 8-бапта:
      5) және 15) тармақшалар алып тасталсын;
      34) және 35) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «34) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамасын іріктеу қағидаларын бекіту;
      35) ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі ұсынымдар мен әдістемелік нұсқауларды бекіту;»;
      4) 10-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 17-2) және 17-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «17-2) жануарлар өсіруді, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асырушы өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу;
      17-3) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту;».
      30. «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 16, 152-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат):
      1) 7-баптың 8) тармақшасы алып тасталсын;
      2) 16-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен және мөлшерде, мүгедектер қатарындағы кемтар балаларын жеке оқыту жоспарына сәйкес үйде оқытуға жұмсаған шығындарының өтемiн алуға құқығы бар.».
      31. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 17, 154-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; № 17, 81-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 173-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат):
      1) 7-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен міндетті түрде жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді жүзеге асыру;»;
      2) 47-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Баланың тұрып жатқан жерiндегі қорғаншы және қамқоршы органдар, босқындар мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерi ата-анасының не өзге де заңды өкілдерiнiң бар-жоғы және олардың тұратын жерi туралы мәлiметтер алуда жәрдемдеседi, қажет болған жағдайда баланы емдеу-профилактикалық немесе бала құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға орналастырады.».
      32. «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 16-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат):
      1) 1-баптың 34) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «34) тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор – жергілікті атқарушы органның тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамы;»;
      2) 6-бапта:
      3), 8), 9), 17), 22), 23) және 24) тармақшалар алып тасталсын;
      20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «20) жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша:
      тұқым шаруашылығы саласында аттестатталған әрбір субъект үшін – бірегей тұқымдар бойынша;
      әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік үшін – элиталық тұқым бойынша жыл сайынғы квоталарды айқындайды;»;
      3) 6-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «6-1-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
      Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары:
      1) тұқым шаруашылығын дамытудың тиісті бағдарламаларын әзірлейді және жергілікті өкілді органдарға бекітуге ұсынады, сондай-ақ олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
      2) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      3) уәкілетті органның қарауына элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының элиталық тұқымдарды шығаруының және өткізуінің көлемі жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      4) тұқым шаруашылығы субъектілеріне (тұқым сапасын сараптау жөніндегі зертханаларды қоспағанда) тиісті куәлік бере отырып, аттестаттауды жүргізеді;
      5) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметінің басталғаны туралы хабарлаған байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын есепке алуды жүзеге асырады;
      6) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) бойынша тұқымдар балансын жасайды;
      7) ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласында қажетті ақпарат беруді қамтамасыз етеді;
      8) өз құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тұқымдардың сақтық және ауыспалы қорларын қалыптастыруына жәрдемдеседі;
      9) тұқым шаруашылығы саласында субсидиялау бағдарламаларын іске асырады;
      10) бастапқы, элиталық тұқым шаруашылығын жүргізу және ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын жаппай көбейту схемалары мен әдістері бойынша ұсыныстар енгізеді;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес тұқым шаруашылығы саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;
      12) сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сорттық егiстердi байқаудан өткiзу, жерге егiп бағалау, зертханада сорттық сынау, тұқым сапасын сараптау тәртібінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
      13) осы тармақтың 14) тармақшасына сәйкес айқындалатын квоталар шегінде субсидиялауға жататын тұқымды өткізудің шекті бағасын белгілейді;
      14) субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша:
      тұқым шаруашылығы саласында аттестатталған әрбір субъект үшін – бірегей тұқымдар бойынша;
      әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік үшін элиталық тұқымдар бойынша жыл сайынғы квоталарды келіседі;
      15) субсидияланған бiрегей және элиталық тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылайды;
      16) тұқым шаруашылығы саласында ғылыми кадрларды даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын әзiрлейдi және iске асырады, байқаудан өткiзушiлер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
      17) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi тұқымдарының сорттық және егу сапасына сараптама жүргiзу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      18) тиісті куәлік бере отырып, тұқым сапасын сараптау жөніндегі зертханаларға аттестаттау жүргізеді;
      19) тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспектордың ұсынысы негізінде:
      субъектiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәліктің қолданылуын;
      тұқымдардың сорттық және егу сапасына сараптама жүргiзу жөніндегі қызметті тоқтата тұрады;
      20) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
      4) 8-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8-бап. Жергілікті атқарушы органдардың тұқым
      шаруашылығы жөніндегі мемлекеттiк инспекторлары және олардың өкiлеттiктерi»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жергілікті атқарушы органның басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердің тиiстi лауазымдарына «Тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспектор» деген қосымша арнаулы атау беруге құқылы.»;
      2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жергілікті атқарушы органның тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттiк инспекторларының:»;
      2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына:
      субъектiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәліктің қолданылуын;
      тұқымдардың сорттық және егу сапасына сараптама жүргiзу жөніндегі қызметті тоқтата тұру туралы ұсыныстар енгiзуге;»;
      5) 9-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылауды тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар жүзеге асырады және ол Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының, тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттар мен өзге де нормативтiк құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.»;
      6) 19-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
      7) 22-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Өткізілуге тиiс тұқым партияларынан сынамалар iрiктеп алуды тұқым өндiрушi өкiлiнiң қатысуымен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары жүргiзедi.».
      33. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат):
      1) 9-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Жеке немесе заңды тұлғалар тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастамас бұрын «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдарға белгіленген нысанда хабарлама жіберуге міндетті.»;
      2) 13-баптың 7) және 20) тармақшалары алып тасталсын;
      3) 14-баптың 2-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтің жүзеге асырыла басталғаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;»;
      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «10-1) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес қызметтiң лицензиялауға жататын жекелеген түрлерiн лицензиялауды жүзеге асырады;»;
      4) 19-7-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы баптың бірінші бөлігінің 2), 4), 8), 9), 10) тармақшаларында көзделген бақылау функцияларын тосқауыл қою жүйесінің тұрақты бақылау бекеттерінде Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгi саласындағы уәкілетті органы жүзеге асырады.»;
      5) 26-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Дара кәсiпкерлер немесе заңды тұлғалар жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастамас бұрын «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органға қызметтің басталғаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.».
      34. «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 18, 107-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат):
      1) 8-баптың 14-1) тармақшасы алып тасталсын;
      2) 9-бапта:
      30) және 48) тармақшалар алып тасталсын;
      51-11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «51-11) су қоймаларына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылығы мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      3) 20-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын жерсіндіру мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған биологиялық негіздеменің негізінде жүргізіледі.»;
      4) 40-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Конкурсқа бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру мен паспорттау негiзiнде аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізуге перспективті деп танылатын резервтік қордың аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері қойылады. Пайдаланушы аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беруге конкурсқа қатысқан кезде қабылдаған міндеттемелер аңшылық және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттың міндетті талаптары болып табылады.».
      35. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 105-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 22, 130-құжат, № 24, 149-құжат, № 24, 152-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат):
      1) 8-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған кәмелетке толмағандарды, ата-аналарының немесе оларды алмастырушы адамдардың қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандарды заңда белгіленген тәртіппен Бейімдеу орталықтарында ұстайды;»;
      2) 12-баптың 8) тармақшасы алып тасталсын.
      36. «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 7-8, 18-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат):
      1) 7-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы алып тасталсын;
      2) 10-баптың 2-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;»;
      3) 25-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қабылдау жөнiндегi мемлекеттiк қабылдау комиссиясының құрамында мүгедектердiң қоғамдық бірлестіктерінің өкiлi болмаса, тұрғын үй-азаматтық және коммуналдық мақсаттағы объектiлердi пайдалануға тапсыруға жол берiлмейдi.».
      37. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж, № 17, 82-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат):
      1) 1-бапта:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган – балық шаруашылығын дамытуды қоспағанда, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»;
      мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «25-1) мелиорацияланған жерлер – мелиорациялық іс-шаралар жүргізілген жерлер;»;
      2) 3-баптың 2-тармағының 12) тармақшасындағы мынадай «дамыту принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.» деген сөздер «дамыту;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
      «13) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйінің мониторингі және оны бағалау жөніндегі шығындарды қаржыландыру қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      3) 6-баптың 1-тармағында:
      7), 9), 12), 14), 16), 19), 20) тармақшалар алып тасталсын;
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) мыналардың:
      агроөнеркәсiптiк кешендi дамытудың және осы саладағы мемлекеттiк және салалық бағдарламаларды iске асырудың;
      азық-түлік тауарларының бағалары мен нарықтарының;
      азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингін жүргізу;»;
      мынадай мазмұндағы 25-1) және 25-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «25-1) мамандандырылған мемлекеттiк мекемелердiң суармалы жерлердiң мелиорациялық жай-күйiнің мониторингi мен оны бағалауды жүргiзуiн ұйымдастырады;
      25-2) мелиорацияланған жерлерде дренаждық жүйелерді салу және пайдалану кезiнде жер асты суларын арнайы cу пайдалануға рұқсат бередi;»;
      4) 7-бапта:
      2-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мемлекеттiк техникалық инспекцияны жүзеге асыру;»;
      3) және 4) тармақшалар алып тасталсын;
      5-тармақтың 1) және 2) тармақшалары алып тасталсын.
      38. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 16, 96-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж, № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 114-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат):
      1) 8-баптың 5-2) тармақшасы алып тасталсын;
      2) 10-баптың 2-тармағының 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды таратады және олардың аумақтарын азайтады;».
      39. «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 24, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 49-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат):
      1) 7-бапта:
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәдениет және өнер қайраткерлеріне құрметті атақтар мен мемлекеттік наградалар беру, Қазақстан Республикасының шығармашылық ұжымдарын марапаттау туралы ұсыныстар енгізеді;»;
      10-1) және 13) тармақшалар алып тасталсын;
      26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «26) дарынды жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;»;
      2) 8-бапта:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптама комиссиясын құрады және ол туралы Ережені бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «14-1) дарынды жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралары кешенін жүзеге асырады;»;
      мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
      «16) мәдениет саласында әлеуметтік мәнді іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;».
      40. «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 138-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
      1) 1-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган - белгіленген өкілеттіктер шегінде ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»;
      2) 4-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын;
      3) 5-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне:
      1) ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру;
      2) ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;
      3) ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;
      4) қатерлерді бағалау бағдарламасын әзірлеу;
      5) ойыншықтардың қауіпсіздігі бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен гигиеналық нормативтер әзірлеу;
      6) адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіпті ойыншықтарды сатуға жол бермеу жөніндегі шараларды анықтау және әзірлеу мақсатында тұтыну нарығына бақылауды және мониторингті жүзеге асыру;
      7) ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді келісу;
      8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.»;
      3-тармақ алып тасталсын.
      41. «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 130-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат):
      1) 7, 8-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «7-бап. Уәкілетті органның құзыреті
      Уәкілетті органның құзыретіне:
      1) мақта саласын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз ету;
      2) мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру мен басқаруды қамтамасыз ету және олардың сандық-сапалық жай-күйін бақылау;
      3) мақта нарығына мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу;
      4) мақта қолхатының нысаны (үлгісі) мен сипаттамасын әзірлеу және бекіту;
      5) мыналарға:
      мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке;
      сарапшы ұйымға қойылатын біліктілік талаптарының жобаларын әзірлеу;
      6) мыналарды:
      шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру тәртібін;
      шитті мақтаның сапасы туралы куәліктің нысанын (үлгісін);
      мақта талшығының сапасы паспортының нысанын (үлгісін) әзірлеу;
      7) мақта нарығының мониторингін жүргізу;
      8) техникалық регламенттерді әзірлеу, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға өзекті сипат беру және оларды біріздендіру туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дайындау және енгізу;
      9) мақта саласын дамыту саласындағы мемлекеттік инспектор туралы ережені әзірлеу және бекіту;
      10) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын сақтау мәселелері бойынша есептілік құжаттарының тізбесі мен нысандарын, ұсыну мерзімдерін әзірлеу;
      11) мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды енгізу туралы шешім қабылдау;
      12) сақтау және өңдеу шарттарының үлгілік нысандарын әзірлеу;
      13) мыналардың:
      мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығы сапасының паспортын беру қағидаларының;
      мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының қызметі мен таратылу қағидаларының;
      мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысуы қағидаларының;
      мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының кепілдік алуы қағидаларының;
      мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының міндеттемелерін өтеу қағидаларының;
      мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларының;
      мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларының;
      мақта өңдеу ұйымдарына қабылдап алу кезінде шитті мақтаның сапасын сараптауды субсидиялау қағидаларының;
      шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеудің технологиялық процесін ұйымдастыру қағидаларының;
      мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, оларды жою және өтеу қағидаларының;
      мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүргізу қағидаларының жобаларын әзірлеу;
      14) мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, оларды жою және өтеу қағидаларын сақтауын бақылау;
      15) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;
      16) сарапшы ұйымның мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидаларын сақтауын жыл сайын бақылау;
      17) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
      8-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар
      қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының
      құзыреті
      Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне:
      1) мақта саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;
      2) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау;
      3) уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес мақта нарығы мониторингін жүргізуге қатысу;
      4) мақта егілетін аймақтарда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің мамандандырылған ауыспалы мақта егістерін сақтауына мониторинг жүргізу;
      5) мақта өңдеу ұйымдарын:
      мақта иелерінің мүдделерін қорғау мақсатында бекітілген кестелер негізінде мақта өңдеу ұйымын біліктілік талаптарына сәйкестігі және шитті мақтаның жаңа өнімін қабылдауға әзірлігі нысанасына жыл сайын жоспарлы тексеруді;
      мақта өңдеу ұйымдарын тексеру актілерін ресімдеуді қамтитын лицензиялық бақылау;
      6) уәкілетті органға:
      мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды енгізу туралы ұсынымдар;
      мақта өңдеу ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сотқа талап-арыз беру туралы ұсыныстар;
      стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды, мақта саласын дамыту саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
      7) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданысын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен тоқтата тұру, сондай-ақ мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру туралы сотқа талап-арыз беру;
      8) шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізуді ұйымдастыру;
      9) мыналарды:
      мақтаның қауіпсіздігі мен сапасын;
      аккредиттелген сынақ зертханаларының (орталықтарының) қызметін;
      сарапшы ұйымның қызметін бақылау;
      10) мақта өңдеу ұйымдарының қызметін инспекциялауды (тексеруді) жүзеге асыру;
      11) анықталған Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасын бұзушылықтарды нұсқамада белгіленген мерзімде жою туралы орындалуға міндетті жазбаша нұсқамалар беру;
      12) сотқа мақта өңдеу ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы талап қою;
      13) осы Заңның 32-бабының 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде мақтаны беруге уақытша тыйым салу;
      14) мақта өңдеу ұйымдарының:
      мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу;
      мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын сақтауын бақылау;
      15) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.»;
      2) 9-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы мемлекеттік бақылауды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде жүзеге асырады және Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының мақтаның қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.»;
      3) 29-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «29-бап. Мақта саласындағы мемлекеттік инспектор»
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жергілікті атқарушы органның басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметшілердің тиісті лауазымына «мақта саласындағы мемлекеттік инспектор» деген қосымша арнаулы атау беруге құқылы.».
      42. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 88-құжат):
      6-бапта:
      2-тармақта:
      5-1) тармақша алып тасталсын;
      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «18) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз етуді белгіленген тәртіппен жүзеге асырады;»;
      24-5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «24-5) әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;»;
      3-тармақтың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «19) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз етуді белгіленген тәртіппен жүзеге асырады;»;
      4-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «8-1) мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекiтедi;
      8-2) аудандық әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;»;
      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «19) аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің бірінші басшыларын тағайындайды;».
      43. «Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 13-14, 61-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат):
      1) 1-бапта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) уәкілетті орган – жаңартылатын энергия көздерін дамыту саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»;
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) жаңартылатын энергия көздерін дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – жаңартылатын энергия көздерін дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»;
      2) 6-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;»;
      9) тармақша алып тасталсын;
      3) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
      «6-1-бап. Жаңартылатын энергия көздерін дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және бақылау жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
      Жаңартылатын энергия көздерін дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және бақылау жөніндегі уәкілетті орган:
      1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      2) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінің энергия беруші ұйымдардың электр немесе жылу желілеріне қосылуын бақылауды жүзеге асырады;
      3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
      44. «Босқындар туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 23, 116-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 1, 60-құжат; № 2, 231-құжат):
      10-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде – адам көші-қон бақылауы пунктіне, ал мұндай пункт болмаған жағдайда шекара қызметiнің бөлімшесіне жазбаша өтінішхат береді.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункті болмаған кезде адам Мемлекеттік шекараны мәжбүрлі түрде заңсыз кесіп өткен жағдайда, ол бір тәулік ішінде босқындар мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жүгінуге тиіс.».
      45. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 60-құжат):
      33-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Көрсетілген қаулының көшірмелері борышкерге назарға алу үшін және Қазақстан Республикасының шекара қызметi органдарына орындау үшін жіберіледі.».
      46. «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» 2010 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 8, 40-құжат; № 24, 149-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат):
      7-баптың 1-1) тармақшасы алып тасталсын.
      47. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 97-құжат; № 3, 21-құжат; № 23-24, 125-құжат):
      1) 25-баптың 8-1) тармақшасы алып тасталсын;
      2) 27-баптың 19) тармақшасы алып тасталсын;
      3) 35-баптың 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, темiржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезiнде пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларға арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісім бойынша жергiлiктi атқарушы органның жазбаша рұқсаты негізінде жүзеге асырылады.»;
      4) 113-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Елді мекендерді, өндірістік кешендерді және басқа шаруашылық объектілерді жобалауға және салуға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті аумағының жергілікті атқарушы органының болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ екені немесе оның маңыздылығының аз екені туралы қорытындыларын алғаннан кейін ғана рұқсат беріледі.».
      48. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 88-құжат):
      көрсетілген Заңға қосымшаның 1-тармағында:
      105) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «105) ұйымдардың, әскери міндеттілердің және әскерге шақырылушылардың әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын сақтауына;»;
      мынадай мазмұндағы 106) тармақшамен толықтырылсын:
      «106) діни қызмет және діни бірлестіктер саласында жүзеге асырылады.».
      49. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат, № 15, 97-құжат):
      1) 1-бапта:
      16) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «20-1) халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы саясатты қалыптастыруды жүзеге асырушы мемлекеттік орган;»;
      2) 8-баптың 5) тармақшасы алып тасталсын;
      3) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:
      «8-1-бап. Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
      Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:
      1) көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;
      2) өз құзыреті шегінде шет мемлекеттердің уәкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен көші-қон процестерін реттеу саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;»;
      4) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «9-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті
      Ішкі істер органдары:
      1) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      2) ұлттық қауіпсіздік органымен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, көшіп келушілердің паспорттарын тіркеу, олардың орын ауыстыру, сондай-ақ шетелдіктердің болуы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) келу тәртібін, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру тәртібін айқындайды;
      3) шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың келуі мен кетуін есепке алудың бірыңғай деректер базасын қалыптастырады, мәліметтердің жүйелі жаңартылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен және ұлттық қауіпсіздік органымен уақтылы ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
      4) Қазақстан Республикасының аумағындағы көшіп келушілерге Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге визалар береді;
      5) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алуды және тіркеуді жүзеге асырады;
      6) көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келу, Қазақстан Республикасынан кету, Қазақстан Республикасында болу және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүрудің белгіленген қағидаларын сақтауын бақылайды;
      7) заңсыз көшіп келудің жолын кесу жөнінде шаралар қабылдайды;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында болу мерзімін қысқарту туралы шешімдер қабылдайды;
      9) көшіп келушілерге шекара аймағына келу құқығын беретін құжаттарды ресімдейді;
      10) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсат беру тәртібін айқындайды және рұқсат береді;
      11) босқын мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды;
      12) Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдейді;
      13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге рұқсат беруден бас тарту туралы шешімдер қабылдайды;
      14) Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алуды және тіркеуді жүзеге асырады;
      15) Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеуді және тіркеуден шығаруды жүзеге асырады;
      16) уақытша тұрғылықты жерге келген Қазақстан Республикасының азаматтарын уақытша тұратын жерінде есепке қоюды жүзеге асырады;
      17) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
      5) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «11-бап. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
      Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:
      1) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі қызметін ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;
      3) ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квоталарын қалыптастыру, шетелдік жұмыс күшін тарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;
      4) ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аударуына, шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квоталарды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың арасында бөледі;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшіп қонушыларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді;
      6) көші-қон процестері мониторингін жүзеге асырады;
      7) көші-қон процестерін реттеу және мониторингілеу саласындағы шаралар жүйесін әзірлейді;
      8) оралман мәртебесін беру тәртібін айқындайды;
      9) оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары, уақытша орналастыру орталықтары қызметінің тәртібін айқындайды;
      10) еңбекші көшіп-қонушылардың және этникалық көшіп келушілердің бірыңғай дерекқорын қалыптастырады және ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органының, Сыртқы істер министрлігінің тиісті ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді;
      11) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны туралы заңнамасының сақталуын бақылайды;
      12) өз құзыреті шегінде шет мемлекеттердің уәкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен көші-қон процестерін реттеу саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      13) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
      6) 13-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын;
      7) 15-баптың 1-тармағында:
      3) тармақша алып тасталсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) еңбек ресурстарының қажеттілігін ескере отырып, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға шетелдік жұмыс күшін тарту, оралмандардың көшіп келу, ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квоталарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;»;
      мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2), 4-3), 4-4), 4-5), 4-6) және 4-7) тармақшалармен толықтырылсын:
      «4-1) оралмандар мен еңбекші көшіп-қонушыларды есепке алуды және тіркеуді жүзеге асырады;
      4-2) этникалық қазақтардан оралман мәртебесін беруге оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуге қажетті құжаттары қоса берілген өтініш қабылдайды;
      4-3) Қазақстан Республикасының азаматтары қоныс аударушы мәртебесін беруге және ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квотасына енгізуге қажетті құжаттары қоса берілген өтініш қабылдайды;
      4-4) оралман, қоныс аударушы мәртебесін беру және оралмандар мен ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квотасына енгізілген қоныс аударушыларға біржолғы жәрдемақы, тұрғын үй сатып алуға қаражат тағайындау туралы шешімдер қабылдайды;
      4-5) оралман куәлігін береді;
      4-6) оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарының, уақытша орналастыру орталықтарының қызметін ұйымдастырады;
      4-7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшіп қонушылардың балаларының білім алу құқығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;»;
      8) 16, 17-баптар алып тасталсын;
      9) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «18-бап. Оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуге өтініш берудің тәртібі
      1. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген және Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұруға рұқсат алған этникалық қазақтар жергілікті атқарушы органдарға оралман мәртебесін беру туралы өтініш береді.
      2. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын этникалық қазақтар Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне оралман мәртебесін беру туралы өтініш береді.
      3. Өтініште Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын барлық отбасы мүшелері көрсетіледі:
      1) жұбайы (зайыбы);
      2) өтініш берушінің және жұбайының (зайыбының) ата-аналары;
      3) балалары (оның ішінде асырап алған балалары) және олардың отбасы мүшелері;
      4) некеде тұрмайтын, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары) көрсетіледі.»;
      10) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «20-бап Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейін бұл туралы өтініш берген этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беру
      1. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері оралмандар мәртебесін алуға үміткерлердің өтініштері мен құжаттарын қабылдап алады және олар тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде оларды халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
      2. Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейін оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өтініш беруші үміткердің ұлты жеке басын куәландыратын құжаттарындағы жазба негізінде белгіленеді. Мұндай жазба болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жіберілетін құжаттарға үміткердің ұлтын растайтын басқа да құжаттардың көшірмелерін қоса береді.
      3. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттары келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларға оралман мәртебесін беру келісімі туралы қорытынды дайындау үшін үміткерлер тұруға таңдап алған әкімшілік-аумақтық бірліктердегі жергілікті атқарушы органдарға жібереді.
      Жергілікті атқарушы органдар этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттары келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды үміткердің Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстар немесе құқық бұзушылықтар жасағаны туралы беделін түсіретін мәліметтер мен оның экстремистік ұйымдарға тиесілігі туралы өзге де ақпараттың бары не жоғы туралы қорытынды дайындау үшін ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, прокуратура органдарының үміткерлер тұруға таңдаған өңірлердегі аумақтық бөлімшелеріне жібереді.
      Ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, прокуратура органдарының аумақтық бөлімшелері этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттары тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде этникалық қазақты қабылдауға осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген кедергі болатын негіздердің жоқ екені не себептерін дәлелді негіздей отырып, оны қабылдаудан бас тартуы туралы қорытынды шығарады және оны жергілікті атқарушы органға жібереді.
      4. Жергілікті атқарушы органдар ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, прокуратура органдарының аумақтық бөлімшелерінің қорытындыларын ескере отырып, үш жұмыс күнінен кешіктірмей оралман мәртебесін беруге не бас тарту себептерін дәлелді негіздей отырып, оралман мәртебесін беруден бас тарту туралы қорытынды дайындайды.
      5. Үміткер осы Заңның 1-бабы 13) тармақшасында белгіленген шарттарға сай болған кезде оралман мәртебесін беруге келісім беріледі.
      6. Жергілікті атқарушы орган оралман мәртебесін беруге келісім не бас тарту себептерін дәлелді негіздей отырып, оралман мәртебесін беруден бас тарту туралы шешімін екі жұмыс күні ішінде халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жібереді. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бұл шешімді өтініш берушіге жеткізу үшін Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне жібереді.
      7. Этникалық қазақтардың оралман мәртебесін беру туралы өтінішін қараудың жалпы мерзімі оның халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап үш айдан аспауға тиіс.
      8. Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері оралман мәртебесін беруге келісім беру туралы шешімді алғаннан кейін оны бір ай ішінде этникалық қазаққа жібереді және Қазақстан Республикасына қоныс аударуына жәрдем көрсетеді не оралман мәртебесін беруден бас тартылғаны туралы хабарлайды.
      9. Этникалық қазақ Қазақстан Республикасындағы тұратын жеріне келгеннен кейін, жергілікті атқарушы органға оралман мәртебесін алуға өтініш береді.
      10. Жергілікті атқарушы орган бұдан бұрын қабылдаған шешімін ескере отырып, өтініш жасаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш беруші мен оның отбасы мүшелеріне оралман мәртебесін береді, оралман куәлігін тапсырады.
      11. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің өздері өтініш жасаған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде тұрақты тұруға рұқсат алуға және тұрғылықты жері бойынша тіркелуге құқығы бар.»;
      11) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «21-бап. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген және сонда жүрген этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беру және (немесе) оларды оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу
      1. Жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген және тұрақты тұруға рұқсат алған этникалық
қазақтардың оралман мәртебесін беру туралы өтініштерін олар тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде қарайды және шешімдер қабылдайды.
      Оралман мәртебесін беру үміткер осы Заңның 1-бабы 13) тармақшасында белгіленген шарттарға сай болған кезде жүзеге асырылады.
      Оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылданған жағдайда, жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген этникалық қазаққа және оның отбасы мүшелеріне оралман куәлігін береді.
      2. Оралман мәртебесін алуға үміткердің ұлты жеке басын
куәландыратын құжаттарындағы жазбаға сәйкес расталады. Мұндай жазба болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының шетелдегі
мекемелері халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша үміткердің ұлтын растайтын басқа құжаттардың көшірмелерін жібереді.»;
      12) 22-бап алып тасталсын;
      13) 26-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға олардың оралман мәртебесін беру туралы өтініштерін қарауға қажетті дәйекті мәліметтерді ұсынуға;»;
      14) 52-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квотасына енгізу және қоныс аударушы мәртебесін беру кәмелетке толған отбасы мүшелерінің біреуінің Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жергілікті атқарушы органға берген өтінішінің негізінде жүзеге асырылады.».
      50. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 17, 135-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат):
     1) 4, 5-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-бап. Уәкілетті органның құзыреті
      Уәкілетті орган:
      1) дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын қалыптастыруға және iске асыруға қатысады;
      2) Қазақстан Республикасының аумағында құрылған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiн зерделеп, оған талдау жүргiзедi;3) өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
      4) өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-насихат iс-шараларын жүзеге асырады;
      5) дiнтану сараптамаларын жүргізуді қамтамасыз етедi;
      6) шет мемлекеттердiң діни қызмет саласындағы уәкілетті органдарымен ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;
     7) республика аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметіне, шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауына келісім береді;
      8) діни қызмет және дiни бiрлестiктермен өзара іс-қимыл
мәселелері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының қызметiн үйлестiредi және бақылайды;
      9) діни қызмет және діни бірлестіктер саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
      10) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық
материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы
тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен
(ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге
арналған үй-жайлардың орналасатын жерін айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
      11) дінтану сараптамасын жүргізу үшін сарапшыларды іріктеу тәртібін бекітеді;
      12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      5-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және
      астананың жергілікті атқарушы органдарының діни қызмет
      және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша
      құзыреті
      Діни қызмет және дiни бiрлестiктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары:
      1) өңірдегі діни ахуалға зерделеу және талдау жүргізеді;
      2) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнінде ұсыныстар енгiзедi;
      3) Қазақстан Республикасының діни қызмет саласындағы
заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың, оның iшiнде дiни бiрлестiктердiң қызметiне тыйым салу жөнiнде құқық қорғау органдарына ұсыныстар енгiзедi;
      4) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты өтініштерін қарайды;
      5) жергілікті деңгейде өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi;
      6) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекітеді, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келіседі;
      7) ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін анықтау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешімдер қабылдайды;
      8) діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтардың тізімдерін тексеруді қамтамасыз етедi;
      9) миссионерлiк қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді
жүргізеді;
      10) заңнамада белгіленген жағдайларда және тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасайды;
      11) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың діни қызмет және діни бірлестіктер саласындағы заңнаманы сақтау мәніне тексеру нысанында және өзге де нысандарда мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      12) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
      3) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «8-бап. Миссионерлік қызмет
      1. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдар миссионерлiк қызметтi тiркеуден өткеннен кейiн жүзеге асырады.
      2. Миссионерлiк қызметті жүзеге асыратын адамдарды
тiркеудi облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және
астананың жергiлiктi атқарушы органдары құжаттар ұсынылған
күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде жүргізеді.
Миссионер ұсынған материалдар бойынша қорытынды алу
үшін дінтану сараптамасын жүргізу кезінде тіркеу мерзімі тоқтатыла
тұрады.
      3. Қазақстан Республикасының аумағындағы миссионерлер облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарында жыл сайын қайта тiркеуден өтуге мiндеттi.
      4. Миссионерлер тіркелу үшін жергілікті атқарушы органдарға мынадай құжаттар мен материалдарды:
      1) паспортының немесе жеке куәлігінің көшірмесін;
      2) миссионерлiк қызмет аумағы мен мерзiмi көрсетiлген өтiнiшті;
      3) дiни бiрлестiктің атынан миссионерлiк қызметті жүзеге асыру құқығына дiни бiрлестiк берген құжатты;
      4) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы
анықтаманы және өкiлi миссионер болып табылатын дiни бiрлестiк жарғысының көшiрмесiн;
      5) миссионерлік қызметке арналған діни әдебиетті, дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды ұсынады.
      Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар миссионер ретінде тіркелу үшін жергiлiктi атқарушы органдарға мынадай құжаттарды:
      1) миссионер оның атынан өкілдiк ететін дiни бiрлестiктің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша ресми тiркелгендiгiн куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжатты;
      2) Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктің шақыруын қосымша ұсынады.
      Шет мемлекеттер берген құжаттардың қазақ және орыс
тілдеріне аудармасының дұрыстығы Қазақстан Республикасында нотариат куәландырған және аударманы жүзеге асырған аудармашы қолының түпнұсқалығы Қазақстан Республикасында нотариат куәландырған түрінде табыс етіледі.
      5. Миссионер ретінде тіркеуден өту үшін құжаттар ұсынған
Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы
жоқ адамдарды дінтану сараптамасының теріс қорытындысы негізінде,
сондай-ақ, егер оның миссионерлік қызметі конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпке, адамның құқықтары мен бостандығына, халықтың денсаулығы мен имандылығына қатер төндіретін болса, тіркеуден бас тартылады.
      6. Миссионерлердің діни мазмұндағы материалдарды және діни мақсаттағы заттарды пайдалануына дінтану сараптамасының оң қорытындысын алғаннан кейін ғана жол беріледі.
      7. Миссионерлік қызметті тіркеусіз жүзеге асыруға, Қазақстанда тіркелмеген діни бірлестіктердің атынан және осы Заңның 7-бабы
3-тармағында көрсетілген орындарында діни ілімдерді таратуға тыйым салынады.»;
      4) 9-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық
материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тек қана ғибадат
үйлерінде (ғимараттарында), діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары арнайы белгілеген тұрақты үй-жайларда таратуға жол беріледі.»;
      5) 12-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Кемінде екі облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және астанадан өкілдік ететін, олардың әрқайсысынан Қазақстан Республикасының кемінде екі жүз елу азаматы бар екі және одан да көп жергілікті діни бірлестіктердің қатысушылары (мүшелері) болып табылатын, Қазақстан Республикасының кемінде бес жүз азаматының бастамасы бойынша құрылған діни бірлестік өңірлік діни бірлестік болып танылады.»;
      6) 15-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Тіркеуші орган мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) мерзіміне үзіліс жасау туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға дінтану сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру үшін қажетті құжаттардың көшірмелерін және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарына тексеру үшін діни бірлестіктер құруға бастамашы азаматтар тізімдерінің көшірмелерін жібереді.»;
      7) 24-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Көрсетілген мерзім өткен соң өздерінің құрылтай құжаттарын осы Заңның талаптарына сәйкес келтірмеген заңды тұлғалар облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының өтініші бойынша сот тәртібімен таратылады.».

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады