"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 311 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124 құжат; 2013 ж., № 1, 60, 88-құжаттар, № 2, 231-құжат; 2013 жылғы 14 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 541-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мамандандырылған аудандық және соларға теңестірілген әкімшілік соттардың судьялары, осы баптың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 79-1, 79-3, 79-4, 79-5, 79-6, 80 - 84, 85 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 85-1 (екінші бөлігінде), 85-2 (екінші бөлігінде), 85-3, 86, 86-1, 87-2, 87-3, 87-4, 87-5, 95 - 110-1, 124 (бірінші бөлігінде), 127, 129, 130, 135-1, 136 - 136-2, 140 (екінші бөлігінде), 141-1, 143, 143-1, 143-2, 144-1, 145, 146-1, 147, 147-1 (екінші бөлігінде), 147-6 (2-1-бөлігінде), 147-10 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші бөліктерінде), 147-11, 147-12, 147-13 (үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 151, 151-1, 153, 154, 154-1, 155, 155-1 (төртінші бөлігінде), 155-2, 156, 157, 157-1, 158, 158-3, 158-4, 158-5, 159, 161 (бірінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 162, 163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктерінде), 163-2, 163-3, 163-4, 163-6, 167-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 168-1, 168-3, 168-5, 168-8, 175 (екінші бөлігінде) (жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, аудиторлар және аудиторлық ұйымдар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 176 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 177-3, 177-4, 177-5, 179 (бірінші және екінші бөліктерінде), 179-1, 183, 184, 184-1, 185, 187, 188 (екінші бөлігінде), 190, 192, 200, 202, 203, 208-1, 209, 213 (төртінші - алтыншы бөліктерінде), 214, 218-1 (жетінші бөлігінде), 219-6, 219-8 (екінші және үшінші бөліктерінде), 222 - 226, 228 - 229, 230-1, 230-2, 231 (екінші бөлігінде), 232, 233, 234-1, 235 (екінші бөлігінде), 235-1 (төртінші бөлігінде), 237, 237-1, 240-2, 246 (екінші бөлігінде), 275-1, 278 (бірінші бөлігінде), 283 (бірінші, үшінші бөліктерінде), 298 (екінші, үшінші бөліктерінде), 298-1 (екінші бөлігінде), 302 (үшінші бөлігінде), 303 (екінші бөлігінде), 304 (екінші бөлігінде), 305 (екінші бөлігінде), 306 (екінші бөлігінде), 306-1 (үшінші бөлігінде), 306-2, 306-3 (екінші және үшінші бөліктерінде), 308, 309-1 (жетінші, сегізінші бөліктерінде), 309-2 (төртінші бөлігінде), 309-4 (сегізінші, тоғызыншы бөліктерінде), 309-5, 310-1 (1-1 және екінші бөліктерінде), 311-1 (жетінші бөлігінде), 312-1, 314, 315, 316, 317 (екінші және үшінші бөліктерінде), 317-1, 317-2, 317-4 (екінші және үшінші бөліктерінде), 318, 319, 319-1, 320 (бірінші және 1-1-бөліктерінде), 321, 322 (үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 323 (екінші бөлігінде), 324 (екінші және үшінші бөліктерінде), 324-1, 324-2, 326, 327 (бірінші бөлігінде), 328, 330, 330-1 (екінші бөлігінде), 332 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 335, 336 (үшінші бөлігінде), 336-1 (үшінші бөлігінде), 336-2 (үшінші бөлігінде), 338 (бірінші бөлігінде), 338-1, 339, 340, 342 - 344, 346 - 357, 357-1, 357-2 (екінші бөлігінде), 357-3, 357-4, 357-5, 357-6, 357-7 (екінші бөлігінде), 359, 361, 362, 362-1, 363, 365, 366, 367, 368, 368-1, 369 (екінші бөлігінде), 370 (екінші бөлігінде), 371 (екінші бөлігінде), 372 - 376, 380 (екінші бөлігінде), 380-2, 381-1, 386 (үшінші бөлігінде), 388, 389-1, 390 (екінші бөлігінде), 391 (екінші бөлігінде), 391-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 393, 394 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 394-1, 396 (төртінші бөлігінде), 400-1, 400-2, 405 (бірінші бөлігінде), 409, 410, 413, 413-1, 413-2, 414, 415, 417, 417-1, 418, 421, 423, 424, 425-1, 426 - 430, 433, 442, 443 (бесінші бөлігінде), 445, 446 (екінші бөлігінде), 446-1, 453 (екінші бөлігінде), 454 (бірінші - үшінші бөліктерінде), 461 (3-1-бөлігінде), 463-3 (бесінші бөлігінде), 464-1 (бірінші және екінші бөліктерінде), 465 (екінші бөлігінде), 466 (екінші бөлігінде), 467, 468 (бірінші және екінші бөліктерінде), 468-1, 468-2, 469, 471 (1-1, 1-2 және екінші бөліктерінде), 473 (үшінші бөлігінде), 474-1, 477 (үшінші бөлігінде), 484, 492 (екінші бөлігінде), 494 (екінші бөлігінде), 494-1 (үшінші және бесінші бөліктерінде), 496 (екінші бөлігінде), 501, 512-1 - 512-5, 513 - 518, 520 - 537-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.»;
      2) 543-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ішкі істер органдары осы Кодекстің 131, 144, 160 (бірінші және екінші бөліктерінде), 163-1, 165, 175 (екінші бөлігінде) (көлік құралдарының иелері, автомобиль көлігімен және қалалық электр көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 247, 277, 281-1, 298 (бірінші бөлігінде), 298-1 (бірінші бөлігінде), 300, 305 (бірінші бөлігінде), 306 (бірінші бөлігінде), 311, 330-1 (бірінші бөлігінде), 328-1, 333, 334 (бірінші және екінші бөліктерінде), 336 (бірінші және екінші бөліктерінде), 336-1 (бірінші және екінші бөліктерінде), 336-2 (бірінші және екінші бөліктерінде), 336-3 (бірінші бөлігінде), 336-4 (бірінші бөлігінде), 338 (екінші бөлігінде), 341 (бірінші бөлігінде), 357-2 (бірінші бөлігінде), 357-7 (бірінші бөлігінде), 364, 369 (бірінші бөлігінде), 370 (бірінші бөлігінде), 371 (бірінші бөлігінде), 377, 378, 379, 380 (бірінші бөлігінде), 380-1, 387, 389, 390 (бірінші бөлігінде), 391 (бірінші бөлігінде), 391-1 (бірінші бөлігінде), 392, 394 (бірінші бөлігінде), 395, 396 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 439 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 440, 441, 443 (төртінші бөлігінде), 446 (бірінші бөлігінде), 459, 461 (бірінші - үшінші, төртінші - сегізінші бөліктерінде), 461-1, 462, 463 (бірінші және төртінші бөліктерінде), 463-1, 463-2, 463-3 (бірінші - төртінші бөліктерінде) - 463-8, 464, 464-1 (үшінші бөлігінде), 465 (бірінші бөлігінде), 466 (бірінші бөлігінде), 468 (үшінші бөлігінде), 470, 471 (бірінші бөлігінде), 472, 473 (бірінші және екінші бөліктерінде), 474-476, 477 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 478, 480, 481 (автомобиль көлігіндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 482, 485-487, 500 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.»;
      3) 576-4-бап мынадай мазмұнындағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «4. Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және осы Кодекстің 165, 300, 311, 387-баптарында көзделген аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің аумағында жасалған бұзушылықтар үшін әкімшілік жаза қолдануға құқылы.».
      4) 636-баптың бірінші бөлігіндегі «165» сандар алып тасталсын.
      2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджеткодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125 құжат; 2013 ж., № 2, 263-құжат):
      1) 50-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) сыртқы (көрнекі) жарнаманы ауылдардағы, ауылдық округтердегі, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістіктегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілеріне орналастырғаны үшін төлемақыны қоспағанда, облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі, облыстық маңызы бар елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістіктегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде және облыстық маңызы бар уәкілетті мемлекеттік орган тіркеген көлік құралдарында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы;»;
      2) 51-баптың 1-тармағының 23) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «23) қалалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістіктегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде және республикалық маңызы бар қаланың, астананың уәкілетті мемлекеттік органы тіркеген көлік құралдарында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы болып табылады;»;
      3) 52-бапта:
      1-тармақтың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «17) сыртқы (көрнекі) жарнаманы ауылдардағы, ауылдық округтерден, кенттердегі, аудандық маңызы бар қалалардағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістіктен жарнаманы тұрақты орналастыру объектілеріне орналастырғаны үшін төлемақыны қоспағанда, аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі және аудандық маңызы бар елді мекендердегі (облыстық маңызы бар қала) үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістіктегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде және аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті мемлекеттік орган тіркеген көлік құралдарында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы;»;
      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) ауылдардың, ауылдық округтердің, кенттердің, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері салатын айыппұлдарды, өсімпұлдарды, санкцияларды, өндіріп алуды қоспағанда, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алу;»;
      4) 53-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының төртінші абзацы мынадай
редакцияда жазылсын:
      «облыстық бюджеттен қаржыландырылатын сайлауларды қоспағанда, сайлаулар өткізу;»;
      5) 54-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      «аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, ауылдардың, кенттердің әкімдерін сайлауды қамтамасыз ету және өткізу;»;
      6) 62-баптың 4-тармағының төртінші, бесінші бөліктері мынадай
редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің стратегиялық жоспарлары Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен бекітіледі.
      «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы, Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметі, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиялары, мәслихаттардың аппараттары және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар стратегиялық жоспарлар әзірлемейді.»;
      7) 83-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «83-бап. Қазақстан Республикасының кейбір заңдары мен Президенті актілерінің ерекшеліктерін ескере отырып, бюджеттің атқарылуы
      Осы Кодекстің бюджеттің атқарылуын реттейтін ережелері мемлекеттік құпиялар, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, ауылдардың, кенттердің әкімдерін, мәслихаттардың депутаттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру, елдің сыртқы саяси қызметін, қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.»;
      8) 88-бапта:
      1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) қаржылық ұйымдардың жарғылық капиталдарын ұлғайту жағдайларын қоспағанда, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең төменгі мөлшерде қалыптастыру кезінде республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын ұлғайтуға көзделген ақшаны есепке жатқызумен және оны инвестициялық жобаларды іске асыруға пайдаланумен (бұдан әрі - квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоты);»;
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      «8) жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамада көзделген түсімдерді есепке жатқызумен және аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдардың, ауылдық округтің әкімдері жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға (жергілікті өзін-өзі басқару шоты) бағытталған шығыстарды жүргізуге байланысты операцияларды есепке алуға арналады.»;
      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, нысаналы қаржыландырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттары мен шетел валютасындағы шоттар бойынша түсімдер мен жүргізілген төлемдер бойынша операциялар мемлекеттік мекемелердің кодтарына сәйкес ескеріледі.»;
      9) 98-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Инкассолық өкімдерді ұсыну мемлекеттік мекеменің кодына, ақылы қызметтер көрсету, демеушілік, қайырымдылық көмек, жергілікті өзін-өзі басқару шоттарына, сондай-ақ республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарына жүзеге асырылуы мүмкін.»;
      10) мынадай мазмұндағы 102-1-баппен толықтырылсын:
      «102-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, кент ауыл, ауылдық округ әкімінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақша бойынша атқару
      1. Аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың ауылдық округтің әкімдері жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамада көзделген түсімдерден алынатын қаражатты пайдалану үшін жыл сайын аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағыттайтын ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарын жасайды.
      2. Аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың ауылдық округтің әкімі жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағыттаған ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарын тиісті ауылдың, кенттің, аудандық маңызы бар қаланың әкімі бекітеді және жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келісіледі.
      Аудандық маңызы бар қаланың, кенттің ауылдың, ауылдық округтің әкімі жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағыттаған ақша түсімдері мен шығыстарының бекітілген жоспарының қолданысы ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанында тоқтатылады.
      3. Қаржы жылының ішінде аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі жергілікті өзін-өзі басқару Функцияларын іске асыруға бағыттаған ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарында көзделген сомалардан артық түскен кірістер аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағыттаған ақша түсімдері мен шығыстарының жоспары ағымдағы қаржы жылының аяғына дейін нақтыланған жағдайда ағымдағы қаржы жылында жұмсалуы мүмкін.
      4. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамада көзделген түсімдерден алынатын ақша есебінен төлемдер төлеуге арналған шот негізінде жүзеге асырылады және жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы қалдықтар шегінде жүргізіледі.
      5. Жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімі бойынша аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің ведомстволық бағыныстан мемлекеттік мекемелер үшін жергілікті өзін-өзі басқару қаражаты есебінен тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) сатып алуға құқығы бар.
      6. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамада көзделген түсімдер қаражатының жергілікті өзін-өзі басқару шотында есепті қаржы жылының соңына қарай пайдаланылмай қалған қалдықтары түсімдер мен шығыстар жоспарын нақтылау арқылы ағымдағы жылдың шығыстарын қаржыландыруға бағытталуы мүмкін.».
      3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат;
№ 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат, № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 88-құжат; № 2, 139, 231-құжаттар):
      1) 528-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен белгiлi бiр мерзiмге автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi – жол органы) беретiн құжат негiзiнде жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде жарнама объектілерін орналастыру кезінде, ал тиісінше облыстың жергілікті атқарушы органы беретiн құжат негiзiнде облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде жарнама объектiлерiн орналастыру кезiнде;»;
      2) 530-баптың 3-тармағының 1), 2) тармақшалары кестесінің 5-бағаны алып тасталсын.
      4. «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 773-құжат; 2001 ж., № 13-14, 170-құжат; 2003 ж., № 4, 24-құжат; № 18, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 61-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2009 ж., № 24, 122-құжат; 126; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 5, 36-құжат; № 13, 91-құжат, № 21-22, 123 құжат):
      1) 1-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      1) «А» корпусы – Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын кадр резервіне іріктеудің, конкурстық іріктеудің, мемлекеттік қызметті өткеру мен оны тоқтатудың ерекше тәртібі, сондай-ақ арнайы біліктілік талаптары көзделген басқарушылық деңгейдегі мемлекеттік әкімшілік лауазымдар;»;
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшi – заңдарда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда өзінің қызметін тұрақты кәсіби негізде жүзеге асыратын мемлекеттiк қызметшi;»;
      2) 4-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Осы Заңның күші заңдарда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде реттелмеген жағдайларда жергілікті өкілді органдар тарапынан тағайындалатын немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сайланатын мемлекеттiк қызметшiлерге қолданылады.»;
      3) 12-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Заңда көзделген жағдайларды, сондай-ақ жергілікті өкілді органдардың тағайындау немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сайлау жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу конкурстық негізде жүзеге асырылады.»;
      4) 13-баптың 5-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарын Қазақстан Республикасының Президентi бекітеді;»;
      5) 27-баптың 1-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «2-1) заңдарда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген олардың өкілеттіктері мерзімдерінің өтуі;
      2-2) олардың атқаратын лауазымдары саяси лауазымдарға немесе азаматтарды жергілікті өкілді органдар тағайындайтын немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сайланатын лауазымдарға өзгеруі;»;
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де негiздемелер негiз болып табылады.».
      5. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 15-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар):
      1) 1-бапта:
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орталық атқарушы органның функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;»;
      мынадай мазмұндағы 16), 17) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:
      «16) жергілікті қоғамдастық жиыны – тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) осы Заңда айқындалған шекте және тәртіппен жергілікті мәні бар неғұрлым маңызды мәселелерді шешуге тікелей қатысуы;
      17) жергілікті қоғамдастық жиналысы – жиын өкілеттік берген жергілікті қоғамдастық өкілдерінің осы Заңда айқындалған шекте және тәртіппен жергілікті мәні бар ағымдағы мәселелерді шешуге қатысуы.»;
      18) жергілікті қоғамдастықтың қызмет ету түрі осы Заңда көзделген жергілікті қоғамдастықтың ерекшеліктеріне тән жиын және жиналыстар болып табылады.».
      2) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-бап. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару қызметiнiң экономикалық және қаржылық негiзi
      Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару қызметiнiң экономикалық және қаржылық негiзiн:
      1) жергiлiктi бюджет;
      2) коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiлген мүлiк;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммуналдық меншiктегi өзге де мүлiк құрайды.
      Кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтің, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін қалыптастыруға құқылы.
      Жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздері мынадай түсімдерден:
      1) кент, ауыл, ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала әкімдерінің иелігіндегі меншікті жалға беруден түсетін кірістерден;
      2) ерікті алымдардан;
      3) қайырымдылық қорлары мен демеушілер жарналарынан;
      4) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, Қазақстан Республикасының аумағындағы кенттерде, ауылдарда, ауылдық округте, аудандық маңызы бар қалаларда үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақылардан;
      5) абаттандыру қағидаларын бұзғаны, инфрақұрылым объектілері мен жасыл желектерге зиян келтіргені, белгіленбеген орындарда сауда жасағаны үшін, жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау қағидаларын бұзғаны үшін, иттер мен мысықтарды күтіп ұстау қағидаларын бұзғаны үшін айыппұлдардан;
      6) заңнамаға қайшы келмейтін өзге де көздерден қалыптастырылады.
      Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде жарнаманы стационарлық орналастыру объектілерінде, Қазақстан Республикасының аумағындағы кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде, аудандық маңызы бар қалаларда үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен және мөлшерлемелер бойынша алынады.»;
      3) 6-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Мәслихаттар жылына кемінде бір рет мәслихаттың атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы халық алдында есеп береді. Маслихат депутаттары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес халық алдында жауапты болады.»;
      4) 9-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Мәслихаттардың үлгі регламентін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.»;
      5) 21-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «21-бап. Депутаттың өз өкілеттігін жүзеге асыруы кезіндегі құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі»;
      мынадай мазмұндағы 4, 5-тармақтармен толықтырылсын:
      «4. Мәслихат депутатына осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген өз міндеттерін орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін мынадай жазалау шаралары қолданылуы мүмкін:
      1) мін тағу;
      2) көпшiлiк алдында кешiрiм сұрауға мәжбүр ету.
      5. Жаза:
      1) тиісті аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен мәслихат сессиясында қолданылады;
      2) белгілі бір теріс қылық үшін жаза қайталап қолданыла алмайды;
      3) қолдануы туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.»;
      6) мынадай мазмұндағы 23-1-баппен толықтырылсын:
      «23-1-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен тәртіпке сәйкес мәслихаттармен кандидаттарды келісуді қажет ететін әкімдерді лауазымына тағайындауды мәслихатпен келісу тәртібі
      1. Әкімді тағайындайтын тұлға не оған өкілеттік берілген тұлға әкім лауазымына тағайындау туралы ұсынысты мәслихаттың қарауына енгізеді.
      2. Әкім лауазымына тағайындау туралы ұсыныста өмірбаян деректері, еңбек қызметі, мемлекеттік наградалар туралы ақпарат және әкім лауазымына кандидат туралы өзге де ақпарат көрсетіледі.
      3. Әкім лауазымына тағайындау туралы ұсынысты қарау мәслихаттың кезекті және кезектен тыс сессиясында жүзеге асырылады.
      Әкім лауазымына тағайындау туралы ұсынысты қарау жөніндегі мәслихаттың кезектен тыс сессиясына әкім лауазымына кандидаттың қатысуы міндетті.
      Әкім лауазымына тағайындау туралы ұсынысты қарау жөніндегі мәслихаттың кезектен тыс сессиясының барысында мәслихат депутаттары әкім лауазымына кандидатқа сұрақтар қоюға, тағайындалатын кандидатура бойынша талқылау жүргізуге құқылы.
      Талқылау аяқталғаннан кейін дауыс беру өткізіледі.
      Егер әкім лауазымына кандидат мәслихат депутаттарының жалпы санының көпшілік даусын алмаған жағдайда, әкімді тағайындайтын тұлға не оған өкілеттік берілген тұлға мәслихат сессиясының шешiмін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мәслихаттың қарауына әкім лауазымына басқа кандидатураны тағайындау туралы ұсынысты қайтадан жібереді.
      4. Әкімді тағайындайтын тұлға не оған өкілеттік берілген тұлға әкім лауазымына кандидатураны қатарынан үш реттен артық енгізе алмайды.
      Кандидатқа маслихат үшінші рет келісім бермеген жағдайда:
      1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не астананың әкiмi лауазымына кандидатураға келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Президенті тиісті мәслихаттың өкілеттігін мерзiмiнен бұрын тоқтатуға құқылы;
      2) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі лауазымына кандидатураға келіспеген жағдайда, облыс әкімі Қазақстан Республикасының Президентіне жазбаша хабарлайды және тиісті мәслихаттың өкілеттігін мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы мәселе қояды.
      Бұл жағдайда Президент не жоғары тұрған әкім кандидатурасы жаңадан құрылған мәслихатпен келісілуге тиіс тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі тағайындалғанға дейін әкімнің міндетін уақытша атқарушыны тағайындайды.»;
      7) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «24-бап. Мәслихаттың әкімге сенімсіздік білдіру өкілеттігі
      1. Мәслихат депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселе қойылуы мүмкін. Мұндай жағдайда мәслихат өз депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен әкімге сенімсіздік білдіруге және тиісінше Қазақстан Республикасы Президентінің не жоғары тұрған әкімнің алдына оны қызметінен босату туралы мәселе қоюға құқылы.
      2. Әкім ұсынған аумақты дамыту жоспарларының, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының орындалуы, жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептерді мәслихаттың екі рет бекітпеуі мәслихаттың әкімге сенімсіздік білдіруі туралы мәселені қарауы үшін негіз болып табылады.
      3. Әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселеге бастамашылық жасау мәслихат депутаттарының қолдарын жинау арқылы жүзеге асырылады. Қолдарды жинауды мәслихаттың бастамашы депутаттары ұйымдастырады және қол қою парақтарымен ресімделеді.
      4. Қол қою парақтарын жинау мәслихаттың бастамашы депутаттары жазбаша өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Толтырылған қол қою парақтары мәслихат хатшысына тапсырылады, ол бес жұмыс күні ішінде жиналған қолдардың төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады. Тексеру нәтижелері бойынша мәслихаттың бастамашы депутаттары қолдарының төлнұсқалығы туралы хаттама жасалады.
      5. Мәслихаттың әкімге сенімсіздік білдіру жөніндегі сессиясы мәслихаттың бастамашы депутаттары қолдарының төлнұсқалығы туралы
хаттама ресімделген күннен бастап бір ай ішінде өткізіледі.
      Мәслихаттың әкімге сенімсіздік білдіру жөніндегі сессиясы барысында әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселеге бастамашы болған себептер талқыланады, дауыс беру өткізіледі.
      Әкімге сенімсіздік білдіру, егер бұл шешімге мәслихат депутаттарының жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, өтті деп есептеледі. Әкімге сенімсіздік білдіру бойынша мәслихат сессиясы мәслихат сессиясының шешімімен ресімделеді.
      6. Әкімге сенімсіздік білдірілген жағдайда, мәслихат сессиясының шешімі Қазақстан Республикасының Президентіне не жоғары тұрған әкімге шұғыл тәртіппен жолданады.
      7. Қазақстан Республикасының Президентi не жоғары тұрған әкiм сенімсіздік білдіру туралы мәслихат сессиясының шешiмін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде әкімнің өкілеттігін тоқтату туралы мәселенi қарайды не оған өз мiндеттерiн одан әрi жүзеге асыруды тапсырады.
      8. Егер Қазақстан Республикасының Президенті не жоғары тұрған әкім сенімсіздік білдіруді қабылдамаған жағдайда, мәслихат депутаттары депуттардың жалпы санының көпшілік даусымен алғаш рет сенімсіздік білдірілген күннен бастап алты ай өткеннен кейін Қазақстан Республикасының Президенті не жоғары тұрған әкім алдында сенімсіздікті қайтадан білдіруге құқылы. Мұндай жағдайда әкімді Қазақстан Республикасының Президенті не жоғары тұрған әкім қызметінен босатады.»;
      8) 28-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмiн облыс, республикалық маңызы бар қала және астана мәслихатының келісімімен Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмiн тағайындауды мәслихатпен келісу тәртібі осы Заңда айқындалады.»;
      9) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдеріне берілетін аудандық коммуналдық меншіктің тізбесін айқындайды.»;
      10) 32-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын тәртiппен қызметке тағайындалады немесе сайланады. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi лауазымына тағайындауды мәслихатпен келісу тәртібі осы Заңда айқындалады.»;
      11) 35-бапта:
      1-тармақтың 4-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-1) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығаруға құқылы;»;
      1-тармақтың 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «22) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;»;
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:
      «23) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
      мынадай мазмұндағы 1-3-тармақпен толықтырылсын:
      «1-3. Ауыл, ауылдық округ, кент, аудандық маңызы бар қала әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
      1) берілген аудандық коммуналдық меншікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалдауға (жалға алуға) береді;
      2) берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;
      3) берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
      4) берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;
      5) берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаның жылдық қаржылық есептілігін бекітеді;
      6) берілген аудандық коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсететін қызметтердің) бағасын белгілейді;
      7) берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;
      8) кіріс көздерін қалыптастырады;
      9) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімнің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақшаны есепке жатқызуға арналған бақылау шотының болуын қамтамасыз етеді;
      10) жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамада көзделген бюджет қаражатын үнемдеу және (немесе) түсімдер есебінен жеке еңбек шарты бойынша қызметкерлерді тартады;
      11) жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келісілгеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша түсімдері мен шығыстары жоспарын бекітеді;
      12) бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсететін қызметтерді) өткізуден түсетін олардың билігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді»;
      12) 36-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «36-бап. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiн қызметке тағайындау және сайлау, қызметiнен босату және өкiлеттiгiн тоқтату тәртiбi
      13) 38-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Әкiмнiң өкiлеттiгiн тоқтатуына, жаңа әкiмнiң тағайындалуына немесе сайлануына байланысты әкiм аппаратының мемлекеттiк қызметшiлерi қызметiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.»;
      14) 39-3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «39-3-бап. Жергілікті қоғамдастықтың жиындары мен жиналыстары
      1. Ауылдардың, кенттердің, аудандық маңызы бар қалалардың аумағында жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін жергілікті қоғамдастықтың жиналыстары не жиындары өткізіледі.
      Жергілікті қоғамдастықтың жиналыстарына, жиындарына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың қатысуға құқығы жоқ.
      2. Жиын жергілікті мәні бар неғұрлым маңызды:
      1) әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі есептерін тыңдау және талқылау;
      2) халықтың жекелеген топтарының (ардагерлердің, отбасы және әйелдер ісі жөніндегі, жастар, ақсақалдар, үй, көше және кварталдық комитеттер ісі жөніндегі және басқаларының) мүдделерін білдіретін жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамын анықтау және қатысушыларын жіберу;
      3) жергілікті маңызы бар мәселелер бойынша мәслихаттарға, ауылдық округ, ауыл, кент, аудандық маңызы бар қалалар әкiмдеріне, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына ұсыныстар енгізу мәселелері;
      4) жергілікті қоғамдастықтың жиыны белгілеген жергілікті маңызы бар өзге де мәселелер бойынша өткізіледі.
      3. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер бойынша өткізіледі:
      1) бюджеттік бағдарламаларды талқылау;
      2) өз кірістерінің көздерін қалыптастыру және пайдалану мәселелерін талқылау;
      3) жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға мониторинг жүргізуге қатысу;
      4) жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджеттік қаражаттарды пайдалануға қоғамдық бақылау және мониторинг жүргізу мақсатында жиналысқа қатысушылардан комиссия құру;
      5) жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері.
      4. Жергілікті қоғамдастықтың жиынын тиісті ауыл, кент, аудандық маңызы бар қала әкiмінің өзі шақыруы мүмкін не осы аумақта тұратын және оған қатысуға құқығы бар және тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) және тұратын жерін көрсете отырып, оны шақыру қажеттігі туралы өтінішке қол қойған жергілікті қоғамдастық мүшелерінің кемінде он пайызының бастамасы бойынша шақырылуы мүмкін.
      Жергілікті қоғамдастықтың жиналысын тиісті ауыл, кент, аудандық маңызы бар қала әкiмінің өзі шақыруы мүмкін не жергілікті қоғамдастықтың жиыны жіберген оның жиналысы мүшелерінің кемінде он пайызының бастамасы бойынша шақырылуы мүмкін.
      Жергілікті қоғамдастықтың жиынын, жиналысын өткізуді тиісті ауыл, кент, аудандық маңызы бар қала әкiмі ұйымдастырады.
      Жергілікті қоғамдастықтың жиынын, жиналысын өткізу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқы алдын ала жергілікті қауымдастық жиынының шешімімен анықталған аудан аумағында шығарылатын және таратылатын бұқаралық ақпарат құралдары және жазбаша шақырулар арқылы, бірақ оның өткізілу күнінен он күннен кешіктірмей хабардар етіледі.
      5. Жергілікті қоғамдастықтың жиыны оған қатысуға құқығы бар ауыл, кент, аудандық маңызы бар қала тұрғындарының кемінде жиырма бес пайызы қатысқан кезде өткізілген болып есептеледі.
      Жергілікті қоғамдастықтың жиналысы жергілікті қоғамдастықтың жиыны жіберген мүшелердің кемінде жартысы қатысқан кезде заңды болып есептеледі.
      6. Жергілікті қоғамдастықтың жиынын не жиналысын ауыл, кент, аудандық маңызы бар қаланың әкімі немесе оған өкілеттік берілген тұлға ашады.
      Жергілікті қоғамдастықтың жиынын немесе жиналысын жүргізу үшін ашық дауыс беру арқылы жиналыстың төрағасы және хатшысы сайланады. Күн тәртібін жергілікті қоғамдастықтың жиыны не жиналысы бекітеді.
      Жергілікті қоғамдастықтың жиынында немесе жиналысында хаттама жүргізіліп, онда:
      1) жиналысты (жиынды) өткізу уақыты мен орны;
      2) тиісті аумақта тұратын жергілікті қоғамдастық мүшелерінің және жергілікті қоғамдастықтың жиынына не жиналысына қатысуға құқығы бар адамдардың жалпы саны;
      3) қатысушылардың саны;
      4) жергілікті қоғамдастықтың жиыны не жиналысы төрағасының және хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);
      5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.
      Хаттамаға жергілікті қоғамдастық жиынының, жиналысының төрағасы және хатшысы қол қояды және тиісті ауылдың (селоның), кенттің, аудандық маңызы бар қаланың әкіміне беріледі.
      7. Жергілікті қоғамдастық жиынының не жиналысының шешімі оған жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жиналысына қатысушылардың жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданған болып есептеледі. Ауылдың, кенттің, аудандық маңызы бар қаланың әкімдері жергілікті қоғамдастық жиынының не жиналысының шешімімен келіспейтінін білдіруге құқылы, ол осындай келіспеушілік туғызған мәселені қайта талқылау арқылы шешіледі.
      Ауылдың, кенттің, аудандық маңызы бар қала әкімінің келіспеушілігін туғызған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған әкім тиісті аудан, қала мәслихатының отырысында алдын ала талқылағаннан кейін шешеді.
      8. Жергілікті қоғамдастық жиынында не жиналысында қабылданған шешімдер ауылдың, кенттің, аудандық маңызы бар қаланың тиісті аумағы әкімінің міндетті түрде қарауына жатады.
      9. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары өз құзыреті шегінде жергілікті қоғамдастықтың жиынында не жиналысында қабылданған және тиісті аумақ әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді.
      10. Жергілікті қоғамдастық жиынында не жиналысында қабылданған шешімдер жергілікті қауымдастық жиынының шешімімен анықталған аудан аумағында шығарылатын және таратылатын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ресми жариялануға (халықты хабардар етуге) жатады. Қажет болған жағдайда жергілікті қоғамдастық жиынында не жиналысында қабылданған шешімдердің қорытындылары бойынша тиісті ауыл, кент, аудандық маңызы бар қала әкімі шешім шығарады.».
      6. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 35-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 2, 263-құжат):
      1) 11-бап мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «15-1) аудандық маңызы бар қала, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімінің басқаруына берілетін аудандық коммуналдық мүліктің үлгілік тізбесін бекітеді;»;
      2) 18-бапта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға береді;»;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;»;
      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «16) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, мүліктік жалдауға (жалға алуға), өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды.»;
      3) 122-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқару аудандардың облыстық маңызы бар, қалалардың жергілікті атқарушы органының шешімімен аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне беріледі.».
      7. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 174-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 14, 92-құжат):
      11-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Сыртқы (көрнекi) жарнаманы республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар аудандарда және қалаларда орналастырғаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртiппен және мөлшерде төлемақы алынады.
      Сыртқы (көрнекi) жарнаманы аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, ауылдық округтерде және кенттерде орналастырғаны үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртiппен және мөлшерде төлемақы алынады.».
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Осы баптың 2-тармағында айқындалған уәкiлеттi органдар Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар аудандарда және қалаларда сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін орналастыруға берілген рұқсат құжаттары туралы мәлiметтердi салық қызметi органдарына ұсынуға мiндеттi.».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады