Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 551 қаулысы

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 мамырдағы
№ 551 қаулысына баспасөз хабарламасы

      «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 551 қаулысы (бұдан әрі - Қаулы) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы №52-ө өкімімен бекітілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Нормативтік құқықтық және құқықтық актілер тізбесінің 1-тармағына сәйкес әзірленді.
      Қаулы Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді:
      1) «Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы №245 қаулысы.
      Көрсетілген қаулы:
      - 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап арнайы салық режимін алып тастау бөлігінде Қазақстан Республикасы Салық кодексіне;
      - банктердің және (немесе) арнайы банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың кінәсінен жіберілген агенттер тарапынан заңсыз әрекеттерді болдырмау үшін қателерді түзету тәртібін нақтылау қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарды нақтылы сомасында қайтару мақсатында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 22-4 бабына;
      «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 3-тармағына сәйкестікке келтіріледі.
      2) «Жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы  жарналарының, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидасын және Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 шілдедегі № 661 қаулысы.
      Көрсетілген қаулы зейнетақы төлемдерін алушылардың жылдық сомаларды күнтізбелік жылына бір реттен артық алуын болдырмау мақсатында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-3 -бабына сәйкестікке келтіріледі
      3) «2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік жеке коды және (немесе) салық төлеушінің тіркеу нөмірі және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақы шарты жоқ бұрынғы қызметкерлердің (Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп танылған) кірістерінен ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын аудару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы №660 қаулысы.
      Көрсетілген қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік жеке коды және (немесе) салық төлеушінің тіркеу нөмірі және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақы шарты жоқ тұратын жері анықталмаған бұрынғы қызметкерлердің міндетті зейнетақы жарналары мен өсімпұл бойынша алынбаған берешекті өтеу проблемасын шешу, бұрынғы қызметкерлердің міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын қайта қалыпына келтіру тәртібін айқындау мақсатында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 22-бабы 7-тармағына сәйкестікке келтіріледі.
      4)«Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру қағидасын және Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәліметтерді ұсыну қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 ақпандағы № 111 қаулысы.
      Көрсетілген қаулы редакцияны нақтылау бөлігінде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестікке келтіріледі.
      5) «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеуді жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылға 25 тамыздағы № 819 қаулысы.
      Аталған қаулы:
      - «Байқоңыр» кешенінің ресейлік кәсіпорындарда жұмыс істеген адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру мәселесін шешу мақсатында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 2-1 -тармағына;
      - кейінгі айларға қажеттілік қалыптастырылғаннан кейін пайда болған сомаларды қосуды нормативтік бекіту мақсатында;
      - «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының № 223 Заңына сәйкестікке келтіріледі.
      6) «Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1241 қаулысы.
      Көрсетілген қаулы жүктілік және босану бойынша еңбекке жарамсыздық парағын рәсімдеу бөлігінде «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-1-бабы 2-тармағына сәйкестікке келтіріледі.
      7) «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы № 926 қаулысы.
      Көрсетілген қаулы:
      - «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК-ның міндетті әлеуметтік сақтандыру аясындағы функцияларын кеңейту бөлігінде бекітілді «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына;
      - «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 15-бабына сәйкестікке келтіріледі.

      Қазақстан Республикасы Еңбек
      және халықты әлеуметтік
      қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз