"Су шаруашылығы жүйелерi саласындағы реттелетiн қызметтердi жеке тұлғалардың тұтыну көлемiнiң негiзделген шамасын айқындау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 521 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 шілдедегі № 690 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 727 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2015 № 727 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Су шаруашылығы жүйелерi саласындағы реттелетiн қызметтердi жеке тұлғалардың тұтыну көлемiнiң негiзделген шамасын айқындау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 521 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 36, 305-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сумен жабдықтау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтердi жеке тұлғалардың тұтыну көлемiнiң негiзделген шамасын айқындау ережесiн бекiту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса берiлiп отырған Сумен жабдықтау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтердi жеке тұлғалардың тұтыну көлемiнiң негiзделген шамасын айқындау ережесi бекiтiлсiн.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Су шаруашылығы жүйелерi саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтердi жеке тұлғалардың тұтыну көлемiнiң негiзделген шамасын айқындау ережесiнде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сумен жабдықтау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтердi жеке тұлғалардың тұтыну көлемiнiң негiзделген шамасын айқындау ережесi»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Сумен жабдықтау жүйелерi саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтердi жеке тұлғалардың тұтыну көлемiнiң негiзделген шамасын айқындау ережесi (бұдан әрi — Ереже) «Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және сумен тұтынушылардың қаражатын үнемдеу мақсатында сумен жабдықтау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтердi жеке тұлғалардың тұтыну көлемiнiң негiзделген шамасын айқындау тәртiбiн белгiлейдi.»;
      2-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Сумен жабдықтау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтердi жеке тұлғалардың тұтыну көлемiнiң негiзделген шамасын айқындау тәртiбi»;
      көрсетілген Ережеге қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сумен жабдықтау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтердi жеке тұлғалардың тұтыну көлемiнiң негiзделген шамасын айқындау ережесiне қосымша».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады