Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.04.2016 № 215 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 2-тармағының 8) және 10) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Толық маусым ішіндегі жұмыс жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін бір жылғы жұмыс өтіліне есепке алынатын өнеркәсiптiң маусымдық салаларының тiзiмi;
2) Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін бір жарым есе мөлшерде тағайындауға еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу үшін сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тізбесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.04.2016 № 215 қаулысымен.2. "Өнеркәсiптiк толық маусым iшiндегi жұмысы жыл бойғы жұмыс үшiн зейнетақы тағайындауға арналған стажға есептелетiн маусымдық салаларының тiзiмi мен Орындалу уақыты денсаулық сақтау мекемелерi медициналық қызметкерлерiнiң жекелеген санаттарына зейнетақы тағайындауға арналған еңбек стажының бiр жарым мөлшерiне есептелетiн жұмыстардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 3 желтоқсандағы № 1679 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрi | С.Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 27 тамыздағы № 865 қаулысымен бекiтiлген |
Толық маусым ішіндегі жұмыс жасына байланысты зейнетақы
төлемдерін тағайындау үшін бір жылғы жұмыс өтіліне есепке
алынатын өнеркәсiптiң маусымдық салаларының тiзiмi
Ескерту. Тізімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.04.2016 № 215 қаулысымен.
1. Ағаш дайындау және ағаш ағызу.
2. Ет және сүт өнеркәсiбi.
3. Балық өнеркәсiбi.
4. Өнеркәсiптiң қант және консервi салалары.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 27 тамыздағы № 865 қаулысымен бекiтiлген |
Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін бiр жарым есе мөлшерде тағайындауға өтілін жеңілдікпен есептеу үшін сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.04.2016 № 215 қаулысымен.
Жұмыстардың атауы | Лауазымы |
Республикалық, облыстық және қалалық патологиялық-анатомиялық бюролар, орталықтандырылған патологиялық-анатомиялық бөлімшелер және денсаулық сақтау ұйымдарының патологиялық-анатомиялық бөлімшелері | |
Мәйiттердi патологиялық-анатомиялық ашу және операция мен биопсиялар кезiнде алынған мәйiт материалын, органдар мен тіндерді гистологиялық зерттеу | Патологоанатом дәрігерлер |
Патологиялық-анатомиялық ашуларды жүргiзуге қатысу Мәйiттiк, операциялық және биопсиялық материалды өңдеу | Орта медициналық персонал Кіші медициналық персонал |
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, аумақтық филиалдары, аудандық және ауданаралық бөлімшелері | |
Мәйiттерге және мәйiт материалына сот-медициналық сараптамалар | Дәрігерлер және мамандар, сот-медициналық сарапшылар |
Мәйіттердің сот-медициналық сараптамаларын жүргізуге, мәйiт материалын өңдеуге қатысу | Орта медициналық персонал Кiшi медициналық персонал |