Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Индонезия Республикасының Үкіметі арасындағы Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссия құру туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 901 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Индонезия Республикасының Үкіметі арасындағы Экономикалық
ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссия құру туралы өзара түсіністік туралы меморандумның жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Асқарбекұлы Досаевқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Индонезия Республикасының Үкіметі арасындағы Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссия құру туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қою өкілеттігі берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С.Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 29 тамыздағы
№ 901 қаулысымен  
мақұлданған    

Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Индонезия Республикасының Үкіметі арасындағы Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссия құру туралы өзара түсіністік туралы меморандум

      Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Индонезия Республикасының Үкіметі
      екіжақты экономикалық қатынастардың табысты дамуын көрсете отырып,
      теңдік пен өзара пайда негізінде екі ел арасындағы экономикалық қатынастарды нығайтуға үлес қосуға ниет білдіре отырып,
      1995 жылғы 7 сәуірде Алматыда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Индонезия Республикасының Үкіметі арасындағы Экономикалық және техникалық ынтымақтастық туралы келісімнің 5-бабына сәйкес
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Өзара түсіністік туралы осы меморандумның мақсаты Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Индонезия Республикасының Үкіметі арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссия (бұдан әрі - комиссия деп аталады) құру болып табылады, ол Қазақстан Республикасы мен Индонезия Республикасы арасындағы екіжақты экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, кеңейтуге және нығайтуға ықпал етуге арналған.

2-бап

      1. Комиссия Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Индонезия Республикасының Үкіметі өкілдерінен тепе-теңдік негізде құрылады.
      Тараптардың әрқайсысы комиссияның тең төрағасын және мүшелерін айқындайды.
      2. Комиссия жұмыс топтарын құра алады.
      Комиссияның және жұмыс топтарының отырыстары кезекпен Қазақстан Республикасында және Индонезия Республикасында бір жылда кемінде бір рет өткізілуге тиіс. Комиссия және жұмыс тобы отырысының өткізілетін орнын, күні мен күн тәртібін Тараптар дипломатиялық арналар бойынша келіседі.

3-бап

      1. Комиссияның негізгі міндеттері:
      экономикалық және техникалық ынтымақтастық саласындағы халықаралық шарттарды жасасуда және іске асыруда жәрдемдесу;
      - өнеркәсіптік және инвестициялық ынтымақтастықты қамтитын екіжақты экономикалық қатынастарды дамыту, кеңейту және әртараптандыру, сондай-ақ осындай ынтымақтастықтың жаңа салаларын зерттеу, қарау және айқындау;
      - екіжақты экономикалық және техникалық ынтымақтастықты жетілдіру және одан әрі дамыту жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
      - экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған ұсынымдар беру болып табылады.
      Комиссия Тараптардың өзара келісіміне негізделе отырып, жоғарыда аталған мәселелерге қатысты Тараптарға ұсынымдар береді.
      2. Комиссияның ұсынымдары комиссияның тең төрағалары қол қоятын келісу хаттамасында ресімделеді. Келісу хаттамалары ағылшын тілінде жасалады.

4-бап

      Егер Тараптар өзгеше келіспесе, Тараптар барлық іссапар шығыстарын, оның ішінде тұру шығыстарын өз мойнына алады.
      Комиссияның отырыстарын өткізуге жұмсалған шығыстарды қабылдаушы Тарап мойнына алады.

5-бап

      Өзара түсіністік туралы осы меморандумның ережелерін түсіндіру немесе қолдану бойынша туындайтын кез келген келіспеушіліктер Тараптар арасында келіссөздер мен консультациялар жүргізу арқылы реттелуге тиіс.

6-бап

      Тараптардың өзара келісімі бойынша Өзара түсіністік туралы осы меморандумға оның ажырамас бөліктері болып табылатын және жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

7-бап

      1. Өзара түсіністік туралы осы меморандум қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
      2. Өзара түсіністік туралы осы меморандумның қолданылу мерзімі 5 (бес) жылды құрайды және осы мерзім аяқталған соң, егер Тараптардың бірде біреуі Өзара түсіністік туралы осы меморандумды оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 6 (алты) ай бұрын өзінің қолданылуын тоқтату ниеті туралы дипломатиялық арналар арқылы хабардар етпеген жағдайда, тағы да 5 (бес) жылға ұзартылуы мүмкін.
      3. Тараптардың әрқайсысы кез келген уақытта Өзара түсіністік туралы осы меморандумның қолданысын басқа Тарапқа Өзара түсіністік туралы осы меморандумның қолданысын тоқтатудың болжамды күніне дейін кемінде 6 (алты) ай бұрын дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабарлама жіберу жолымен тоқтата алады.
      2013 жылғы «__» _______ _________ қаласында әрқайсысы қазақ, Индонезия, орыс және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей. Өзара түсіністік туралы осы меморандумды түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтін басым күшке ие болады.

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ       ИНДОНЕЗИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
            ҮКІМЕТІ ҮШІН                    ҮКІМЕТІ ҮШІН

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады