"Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 725 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 912 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2017 жылғы 9 маусымдағы № 357 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.06.2017 № 357 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 725 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

      Қарабалин - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ

      Ұзақбай Сүлейменұлы министрі, төрағаның орынбасары;

      Дүйсенова - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты

      Тамара Босымбекқызы әлеуметтік қорғау министрі;

      мына:

      "Мыңбаев - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ

      Сауат Мұхаметбайұлы министрі, төрағаның орынбасары"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мыңбаев - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы"

      Сауат Мұхаметбайұлы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы

       (келісім бойынша)";

      көрсетілген құрамнан Серік Сақбалдыұлы Әбденов, Ләззат Кетебайұлы Қиынов шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С.Ахметов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады