ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастығы және Өнеркәсіптік саясат жөнінде кеңес құру туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 қыркүйектегі № 937 қаулысы

«ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің өнеркәсіп саласындағы
ынтымақтастығы және Өнеркәсіптік саясат жөнінде кеңес құру
туралы келісімді бекіту туралы» 2013 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 937 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына
БАСПАСӨЗ релизі

      «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастығы және Өнеркәсіптік саясат жөнінде кеңес құру туралы келісімді бекіту туралы» 2013 жылғы 6 қыркүйектегі № 937 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы № 54 Заңының 15-бабына сәйкес сәйкес құрастырылған.
      Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.
      Қаулының мақсаты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үйлестірілген өнеркәсіптік саясатын жүргізу болып табылады.
      Қаулы республикалық бюджеттен қаржы шығындарын қарастырмайды жәнетеріс әлеуметтік-экономикалық пен құқықтық салдарларға алып келмейді.

      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және жаңа
      технологиялар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз