2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік жеке кодының және (немесе) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартының болмауына байланысты тұрған жері белгісіз бұрынғы қызметкерлердің табыстарынан агенттер ұстап қалған және аудармаған міндетті зейнетақы жарналарын аудару қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 қазандағы № 1058 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 528 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік жеке кодының және (немесе) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартының болмауына байланысты тұрған жері белгісіз бұрынғы қызметкерлердің табыстарынан агенттер ұстап қалған және аудармаған міндетті зейнетақы жарналарын аудару қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 5 қазандағы
№ 1058 қаулысымен
бекітілген

2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік жеке кодының
және (немесе) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің және (немесе)
жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасалған зейнетақымен
қамсыздандыру туралы шартының болмауына байланысты тұрған жері
белгісіз бұрынғы қызметкерлердің табыстарынан агенттер ұстап
қалған және аудармаған міндетті зейнетақы жарналарын аудару
қағидалары

      1. Осы 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік жеке кодының және (немесе) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартының болмауына байланысты тұрған жері белгісіз бұрынғы қызметкерлердің табыстарынан агенттер ұстап қалған және аудармаған міндетті зейнетақы жарналарын аудару қағидалары "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік жеке кодының (бұдан әрі – ӘЖК) және (немесе) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің (бұдан әрі – СТН) және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартының болмауына байланысты тұрған жері белгісіз бұрынғы қызметкерлердің табыстарынан агенттер ұстап қалған және аудармаған міндетті зейнетақы жарналарын аудару тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген бұрынғы қызметкерлерге міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегі бар агент бұрынғы қызметкерлер бөлінісінде негізгі төлемді және 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын уақтылы аудармағаны үшін өсімпұлды, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бұрынғы қызметкерлердің қорытынды берешек сомаларын көрсете отырып, 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік жеке кодының және (немесе) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартының болмауына байланысты тұрған жері белгісіз бұрынғы қызметкерлер бойынша мәліметтер жасайды және оларды 2013 жылғы 24 желтоқсанға дейін агенттің тұратын жері (тұрғылықты жері) бойынша салық органына ұсынады.

      3. Агенттің тұратын жері (тұрғылықты жері) бойынша салық органы бұрынғы қызметкерлер бойынша мәліметтерді алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде бұрынғы қызметкерлер бойынша міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегі бар агенттердің атауын және БИН, сондай-ақ салық органының атауын және БИН көрсете отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бұрынғы қызметкерлер бойынша берешегі бар агенттердің тізілімін (бұдан әрі – тізілім) толтырады және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне (бұдан әрі – Салық комитеті) электронды түрде жолдайды.

      Салық комитеті салық органынан тізілімді алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде агенттің тұратын жері (тұрғылықты жері) бойынша алған тізілімді Орталыққа электронды түрде жолдайды.

      4. Агенттің тұратын жері (тұрғылықты жері) бойынша салық органы агент бұрынғы қызметкерлер бойынша мәліметтерді берген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығымен бекітілген Жеке шоттарды жүргізу ережелеріне сәйкес міндетті зейнетақы жарналары бойынша агенттің жеке шотына тиісті жазбалар жүргізеді және 206108 "Республикалық бюджетке түсетін өзге де салық емес түсімдері" бюджеттік сыныптама коды бойынша жеке шот ашады.

      5. Агенттер бұрынғы қызметкерлер бойынша мәліметтерді тұратын жері (тұрғылықты жері) бойынша салық органына берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек және 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген өсімпұл сомасын аударады.

      6. 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек және өсімпұл сомаларын республикалық бюджетке аудару кезінде агенттер банктерге және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз жеткізгіште төлем тапсырмасын үш данада және бұрынғы қызметкерлер бойынша мәліметтерді екі данада ұсынады. Төлем тапсырмасының бірінші данасы мен бұрынғы қызметкерлер бойынша мәліметтердің бірінші данасы банкте және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда қалады, төлем тапсырмаларының екінші және үшінші данасы және бұрынғы қызметкерлер бойынша мәліметтердің бір данасы қабылданғаны туралы банктің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның белгісімен агентке қайтарылады.

      7. Бұрынғы қызметкерлер бойынша мәліметтер әрбір жеке тұлға бойынша: жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), туған күні, жарна сомасы мен міндетті зейнетақы жарналары және өсімпұл аударылатын кезеңді (айы, жылы) қамтуға тиіс.

      Туған күні, ЖСН анықталмаған бұрынғы қызметкерлер бойынша тиісті жолда:

      Туған күні – "19000101";

      ЖСН – "000000000000" қойылады.

      8. Бұрынғы қызметкерлер бойынша міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын аударған кезде төлем тапсырмасында "төлемнің тағайындалуы" деген бағанда "Тұратын жері анықталмаған бұрынғы қызметкерлер бойынша міндетті зейнетақы жарналары", "төлемді тағайындау коды" деген бағанда "089" көрсетіледі.

      2005 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген өсімпұл төлеу кезінде төлем тапсырмасында "төлемнің тағайындалуы" деген бағанда "Тұратын жері анықталмаған бұрынғы қызметкерлер бойынша 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген міндетті зейнетақы жарналарын уақытылы аудармағаны үшін өсімпұл", "төлемді тағайындау коды" деген бағанда "098" көрсетіледі.

      9. Банктер және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар агенттер төлем тапсырмасын көрсеткен кезде бұрынғы қызметкерлер бойынша мәліметтердің 2-қосымшасымен, МТ-102 форматындағы электронды төлем тапсырмаларымен Орталықтың банк шотына бұрынғы қызметкерлердің табыстарынан ұсталған және аударылмаған міндетті зейнетақы жарналары мен 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген өсімпұлдың сомаларын аударуды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізеді.

      9-1. Орталық агенттер бұрынғы қызметкерлердің табыстарынан ұстап қалған және аудармаған міндетті зейнетақы жарналары мен 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген өсімпұл бойынша берешек сомаларды ағымдағы шотқа келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде бұрынғы қызметкерлер бойынша мәліметтерді Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміндегі деректермен мына деректемелер: тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), ЖСН, туған күні бойынша, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімімен салыстырып тексеруді жүргізеді.

      Орталық бұрынғы қызметкердің мәліметтерін сәйкестендірген кезде үш жұмыс күні ішінде агенттер бұрынғы қызметкерлердің табыстарынан ұстап қалған және аудармаған міндетті зейнетақы жарналары мен 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген өсімпұл бойынша берешек сомаларын агенттің шотына қайтаруды жүзеге асырады.

      Агент сәйкестендірілген бұрынғы қызметкерлер бойынша берешек сомалары қайтарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде 010 – "міндетті зейнетақы жарналары" төлем тағайындау коды және 090 – "міндетті зейнетақы жарналары уақтылы аударылмағаны үшін өсімпұл" төлем тағайындау коды бойынша оларды Орталыққа аударады.

      Ескерту. Қағидалар 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 20.03.2014 N 250 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

      9-2. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес зейнеткерлік жасқа жеткен бұрынғы қызметкер жүгінген жағдайда, міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасы қызметкердің алдындағы еңбекақы төлеу жөніндегі берешек болып табылады және ол бұрынғы қызметкердің жинақ шотына немесе карт-шотына ақша аудару жолымен төленуге тиіс.

      Ескерту. Қағидалар 9-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 20.03.2014 N 250 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

      10. Орталық агенттер бұрынғы қызметкерлердің табыстарынан ұстап қалған және аудармаған міндетті зейнетақы жарналары мен 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген өсімпұл бойынша берешек сомаларды ағымдағы шотқа келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген төлемдерді тағайындау кодтарын көрсете отырып, МТ-100 форматындағы электронды төлем тапсырмаларымен 206108 "Республикалық бюджетке түсетін өзге де салық түсімдері" бюджеттік сыныптама кодына агенттің тұратын (тұрғылықты) жері бойынша салық органына аударады.

      11. Агент бұрынғы қызметкерлердің табыстарынан ұсталған және аударылмаған міндетті зейнетақы жарналары мен 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген өсімпұл бойынша берешек сомаларын аударғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде тұратын жері (тұрғылықты жері) бойынша салық органдарына негізгі төлемдер бойынша аударылған берешекті және өсімпұл туралы мәліметтерді ұсынады, сондай-ақ салық органымен 206108 "Республикалық бюджетке түсетін өзге де салық емес түсімдері" бюджеттік сыныптама коды бойынша есептерді салыстырып тексеруді жүргізеді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.03.2014 N 250 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

      12. Бұрынғы қызметкерлердің осы Қағидаларға сәйкес республикалық бюджетке аударылған, агенттер олардың табыстарынан ұстап қалған және аудармаған міндетті зейнетақы жарналары мен 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген өсімпұл сомалары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қалпына келтіруге жатады.

      13. Бұрынғы қызметкерлердің табыстарынан агенттер ұстап қалған және аудармаған міндетті зейнетақы жарналары мен 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген өсімпұл бойынша берешек сомаларын өтегеннен кейін 206108 "Республикалық бюджетке түсетін өзге де салық емес түсімдері" бюджеттік сыныптама коды бойынша жеке шоты толық көлемде жабылады.

      14. 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бұрынғы қызметкерлердің табыстарынан агенттер ұстап қалған және аудармаған міндетті зейнетақы жарналары мен 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген өсімпұл бойынша берешек сомалары 2014 жылғы 1 сәуірге дейін өтелмеген не толық өтелмеген жағдайда агенттің тұратын жері (тұрғылықты жері) бойынша салық органы он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығымен бекітілген Жеке шоттарды жүргізу ережелеріне сәйкес 206108 "Республикалық бюджетке түсетін өзге де салық емес түсімдері" бюджеттік сыныптама коды бойынша агенттің жеке шотына тиісті жазбалар жүргізеді.

      2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша

      әлеуметтік жеке кодының және (немесе)

      салық төлеушінің тіркеу нөмірінің және

      (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен

      жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы

      шартының болмауына байланысты тұрған жері

      белгісіз бұрынғы қызметкерлердің табыстарынан

      агенттер ұстап қалған және аудармаған міндетті

      зейнетақы жарналарын аудару қағидаларына

  1-қосымша

2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік жеке кодының
және (немесе) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің және (немесе)
жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақымен қамсыздандыру
шартының болмауына байланысты тұрған жері белгісіз бұрынғы
қызметкерлер бойынша мәліметтер

Р/с

Агенттің ЖСН-і

Агенттің атауы

Бұрынғы қызметкерлер бойынша мәліметтер


Тегі

Аты

Әкесінің аты

Туған күні

Туған жері

Жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі, оны берген мемлекеттік орган туралы мәліметтер, берілген күні

Бұрынғы қызметкердің мекенжайы, тұрғылықты жері

СТН

Берешек сомасы (негізгі төлем), теңге

Берешек сомасы (өсімақы), теңге

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14


      Басшы (орынбасары) ____________________________________________

      Бас бухгалтер _________________________________________________

      МО

      2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша

      әлеуметтік жеке кодының және (немесе)

      салық төлеушінің тіркеу нөмірінің және

      (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен

      жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы

      шартының болмауына байланысты тұрған жері

      белгісіз бұрынғы қызметкерлердің табыстарынан

      агенттер ұстап қалған және аудармаған міндетті

      зейнетақы жарналарын аудару қағидаларына

  2-қосымша

Бұрынғы қызметкерлер бойынша берешегі бар
агенттердің тізілімі

Агенттің атауы

Агенттің БСН-і

Салық органының атауы

Салық органының БСН-і






      Салық органы

      басшысының (орынбасарының)

      қолы _____________________________________

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 5 қазандағы
№ 1058 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

      1. "Агенттер тұратын жері белгісіз бұрынғы қызметкерлердің кірістерінен ұстап қалған және аудармаған міндетті зейнетақы жарналарын бюджетке аудару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 660 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 27, 339-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 3 тамыздағы № 736 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 29, 311-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы.

      3. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 300 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 18, 160-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағы.

      4. "Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1009 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 53, 510-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 10-тармағы.

      5. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 551 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады