Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы N 300 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 904 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 904 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті және Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру комитеті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетіне қосылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. "Халыққа қызмет көрсету орталықтары" мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағынан осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің қарамағына берілсін.

      3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін.

      4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістердің 7-тармағының екінші абзацын, 9-тармағын қоспағанда, осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 28 наурыздағы
N 300 қаулысына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағынан
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі
және құқықтық көмек көрсету комитетінің қарамағына
берілетін "Халыққа қызмет көрсету орталықтары" мемлекеттік
мекемелерінің тізбесі

      1. Астана қаласы Алматы ауданының N 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы

      2. Астана қаласы Алматы ауданының N 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы

      3. Астана қаласы Сарыарқа ауданының N 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы

      4. Астана қаласы Сарыарқа ауданының N 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы

      5. Алматы қаласы Алмалы ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы

      6. Алматы қаласы Түріксіб ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы

      7. Алматы қаласы Әуезов ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы

      8. Алматы қаласы Жетісу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы

      9. Алматы қаласы Бостандық ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы

      10. Алматы қаласы Медеу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы

      11. Көкшетау қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы

      12. Ақтөбе қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы

      13. Талдықорған қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы

      14. Атырау қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы

      15. Орал қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы

      16. Тараз қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы

      17. Қарағанды қаласының N 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы

      18. Қарағанды қаласының N 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы

      19. Қарағанды қаласының N 3 Халыққа қызмет көрсету орталығы

      20. Қарағанды қаласының N 4 Халыққа қызмет көрсету орталығы

      21. Қостанай қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы

      22. Қызылорда қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы

      23. Ақтау қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы

      24. Шымкент қаласының N 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы

      25. Шымкент қаласының N 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы

      26. Павлодар қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы

      27. Петропавл қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы

      28. Өскемен қаласының N 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы

      29. Өскемен қаласының N 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы

      30. Өскемен қаласының N 3 Халыққа қызмет көрсету орталығы

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 28 наурыздағы
N 300 қаулысына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      3. "Адвокаттық және нотариалдық қызметпен айналысу құқығына арналған мемлекеттік лицензиялардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 1325 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 49, 446-құжат):

      1) көрсетілген қаулымен бекітілген адвокаттық қызметпен айналысу құқығына арналған мемлекеттік лицензияның нысанында:

      "Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру" деген сөздер "Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген нотариалдық қызметпен айналысу құқығына арналған мемлекеттік лицензияның нысанында:

      "Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру" деген сөздер "Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.07.2015 № 591 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.05.22 № 653 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      6. Ескерту. 6-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      7. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 532-құжат):

      2-тармақ, 4-тармақтың 1), 2), 4), 6) тармақшалары, 5-тармақ алынып тасталсын;

      4-тармақтың 5) тармақшасында "қызметі" деген сөзден кейін "және құқықтық көмек көрсету" деген сөздермен толықтырылсын;

      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ереже осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      реттік нөмірі 2-жолда "жабық акционерлік қоғамы" деген сөздер "жауапкершілігі шектеулі серіктестігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 4, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36-жолдар алынып тасталсын.

      8. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.10.2013 № 1058 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Діни істер комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 желтоқсандағы N 1319 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 50, 648-құжат):

      2, 3-тармақтар алынып тасталсын.

      10. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.02.2013 № 81 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      11. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.11.19 № 1460 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 28 наурыздағы
N 300 қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1120 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) өз құзыреті шегінде мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

      Министрліктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, аудандарда, қалаларда және қалалардағы аудандарда аумақтық органдары және ведомстволары бар: Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті, Зияткерлік меншік құқығы комитеті, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, Діни істер комитеті.

      Ведомстволардың құзыреті мен өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылының тәртібін Министр айқындайды.

      2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Министрліктің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан түсуге құқығы бар.

      6. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бұйрықтармен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі аумақтық органдардың және ведомстволық бағынысты мекемелердің санын ескере отырып, бекітеді. Министрліктің, оның ведомстволарының, сондай-ақ аумақтық бөлімшелерінің құрылымы мен штат санын Министрмен келіскеннен кейін жауапты хатшы бекітеді.

      8. Министрліктің заңды мекен-жайы:

      010000, Астана қаласы, 35-көше, 8-үй.

      9. Министрліктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Министрлік қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Министрліктің міндеттері мен функциялары

      13. Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

      1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін, қазақстандық қоғам мен мемлекетті тұрақты әрі біртіндеп дамытуды жалпымемлекеттік даму стратегиясын әзірлеуге және іске асыруға, заң жобалау жұмыстарын жүргізуге, заңнаманы талдауға, жетілдіруге, жүйелеуге, нормативтік құқықтық актілер жобаларына заңдық сараптама жүргізуге қатысу арқылы қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыруға қатысу;

      2) оның ұлттық мүдделерін қорғау және әлемдік қоғамдастықта Республиканың беделін нығайту мақсатында Қазақстанның халықаралық аренадағы қызметін, соның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындау және жасау арқылы құқықтық қамтамасыз ету;

      3) заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді, жылжымалы мүліктің жекелеген түрлеріне кепілдіктерді, орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік есепке алуды және оларды бақылауды жүзеге асыру;

      4) құқықтық көмек пен заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру және құқықтық насихатты қамтамасыз ету;

      5) сот-сараптама қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      6) қылмыстық жазаларды орындау, Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесіндегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету;

      7) зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

      8) Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыру және оларға жеке куәліктер мен паспорттар беруді, азаматтарды Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын тәртіппен есепке алуды және тіркеуді жүзеге асыру;

      9) сотталғандардың түзелуін ұйымдастыру;

      10) әділет органдарының құзыретіне жататын қылмыстар туралы істер және заңға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу бойынша анықтауды жүзеге асыру;

      11) күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталғандардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесіндегі азаматтардың құқықтары мен заңдық мүдделерін қамтамасыз ету.

      14. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      адамның және азаматтың, ұйымдар мен мемлекеттің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау және қорғау;

      ұлттық заңнаманы дамыту;

      заң жобалау жұмысы, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;

      нормативтік құқықтық актілердің жобаларына заңдық сараптама;

      мемлекеттік органдар мен ұйымдардың заңнама саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестіру;

      стратегиялар мен бағдарламаларды іске асыруды үйлестіру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасын өз қызметінің аясында қолдану тәжірибесін талдау әрі жинақтау және оны жетілдіру, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша тиісті ұсыныстар енгізу;

      әділет органдары жүйесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

      әділет органдарының ақпараттық қауіпсіздікті сақтауын бақылау;

      заң жобалау, сараптамалық, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру және консультация беру үшін осы мақсатта бюджет және өзге қаражаттарды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, соның ішінде шет елдерден мамандар мен сарапшылар тарту;

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша және өз бастамасы бойынша Үкіметтің нормативтік құқықтық актілеріне ресми түсінік беру;

      азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қабылдау, қарау және өтініш берушілерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде қабылданған шешімдер туралы хабарлау;

      нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік есебін жүргізу;

      құқықтық ақпараттандыру, заңнаманы жүйелеу, нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкін жүргізу, Қазақстанда құқықтық ақпараттың бірыңғай компьютерлік жүйесін жүргізу;

      нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін жариялауға құқық беру;

      орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу, мәслихаттардың, әкімдіктер мен әкімдердің нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу;

      орталық мемлекеттік органдарда, сондай-ақ мәслихаттарда және әкімдіктерде мемлекеттік тіркелуге тиіс нормативтік құқықтық актілерді тексеруді жүзеге асыру;

      нормативтік құқықтық актілердің мәтінін кейіннен жариялауды жүзеге асыратын адамдардың қызметін нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәніне тексеруді жүзеге асыру;

      мемлекеттік органдардың әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын, бірақ одан өтпеген нормативтік құқықтық актілеріне қатысты заңның бұзылуын жою туралы ұсыныс енгізу;

      орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың олар қолданатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес жариялануға міндетті, бірақ белгіленген тәртіппен жарияланбаған нормативтік құқықтық актілеріне қатысты заңның бұзылуын жою туралы ұсыныс енгізу;

      мемлекеттік органдардың әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін нормативтік құқықтық актілеріне қатысты заңның бұзылуын жою туралы ұсыныс енгізу;

      шет мемлекеттердің тиісті ұйымдарымен халықаралық байланыстар орнату және қолдау;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шет мемлекеттермен құқықтық көмек және құқықтық ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар жасасуды дайындау, ұйымдастыру;

      Қазақстан Республикасының кепілдігімен жасалған қарыз шарттарын заңдық сараптау;

      Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің заңнамасын үйлестіру, біріздендіру, сондай-ақ Қазақстан таныған Қазақстан Республикасының заңнамасындағы халықаралық нормаларды имплементациялау мәселелері бойынша талдау жүргізу;

      халықаралық төреліктер мен шетелдік соттарда мемлекеттің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;

      мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау;

      халықаралық шарттар жобаларын заңдық сараптау;

      мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестіру;

      орталық атқарушы органдардың заң қызметтерінің қызметін үйлестіру және әдістемелік басқару, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері аппараттарының заң қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау;

      басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдар берген, мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді, сондай-ақ олар құпияландырған мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету;

      мемлекеттік органдарға өз құзыретінің шегінде ғылыми-әдістемелік және құқықтық көмек көрсету;

      Премьер-Министрдің, оның орынбасарының немесе Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдарға сот талқылауларында құқықтық және консультациялық көмек көрсету;

      халықаралық шарттардың талаптарын іске асыруды қамтамасыз ету;

      мемлекеттік органдардың тіркелген нормативтік құқықтық актілерінің тізбесін көпшіліктің назарына ұсыну үшін жариялау;

      шарттық негізде эталондық заңнамалық актілерді және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, ақпараттық және анықтамалық-әдістемелік материалдарды, соның ішінде автоматтандырылған құқықтық ақпараттық жүйені пайдалана отырып ұсыну;

      ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;

      Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып электрондық қызметтер көрсету;

      халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердің сот тапсырмалары мен өтініштерін орындау;

      сотта азаматтың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Азаматтық іс-жүргізу кодексінің 56-бабында белгіленген тәртіппен қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғауда талап-арызбен жүгіну;

      мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастыру;

      баспа қызметін жүзеге асыру;

      әділет органдары көрсететін және қамтамасыз ететін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының сақталуын бақылау;

      өз құзыретінің шегінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыру саласында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін қабылдау;

      заңнамаға түсінік беруге қатысу;

      бақылау және қадағалау функциялары берілген мемлекеттік органдардың сауалдары бойынша ақпарат ұсыну;

      белгіленген тәртіппен зияткерлік меншік құқықтарын өзара қорғау туралы халықаралық шарттар дайындауға және жасасуға, мұндай шарттарға қол қоюға қатысу;

      авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;

      зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту;

      селекциялық жетістіктер саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту;

      зияткерлік меншікті қорғау саласындағы заңнаманы қолданудың практикасын қорыту, сондай-ақ осы саладағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      өнер туындылары, пайдалы модельдер, өнеркәсіп үлгілері саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту;

      тауар белгілерін, қызмет көрсету таңбаларын, тауарлардың шыққан жерлерінің атауларын қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту;

      интегралды микросхемалар топологиясын құқықтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту;

      Интегралды микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізіліміне топологияларды енгізу;

      тіркелген топологияға айрықша құқық беру туралы шартты, тіркелген топологияларды пайдалануға лицензиялық және сублицензиялық шарттарды тіркеуді жүзеге асыру;

      патенттік сенім білдірілгендерге қойылатын біліктілік талаптарын, оларды аттестаттау, тіркеу және патенттік сенім білдірілгенді тіркеу туралы куәлік беру тәртібін айқындау;

      өзінің құзыреті шегінде стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар бекіткен бағалар стандарттарын әзірлеуге қатысу, сондай-ақ келісу;

      тіркелген топологиялар туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялау;

      зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиялар беру;

      селекциялық жетістіктерге патенттер беру;

      лицензиаттың басқа адамға (сублицензиатқа) селекциялық жетістікті пайдалану құқығына айрықша емес лицензия беру туралы лицензиялық және сублицензиялық шарттарды тіркеу;

      өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге қорғау құжаттарын беру;

      көрсетілген лицензияны алуға тілек білдірген адаммен патент иесінің төлемдері туралы шартты тіркеу;

      қорғау құжаттарын беру туралы шарттарды тіркеу;

      өнертабысты, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні пайдалануға лицензиялық шартты және сублицензиялық шартты тіркеу;

      зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау және пайдалану саласында ғылыми-зерттеу және басқа да жұмыстардың ұйымдастырылуы мен өткізілуін қамтамасыз ету;

      зияткерлік меншікке құқықтарды қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық шарттардың және келісімдердің нормалары мен ережелерін іске асыру;

      туындыларды пайдалануға құқықтардың импорты мен экспортын ұйымдастыруға жәрдемдесу;

      тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, тауар шығарылған жердің атауына қорғау құжаттарын беру;

      өнеркәсіптік меншік объектілеріне, селекциялық, жетістіктерге, интегралды микросхемалар топологияларына қорғау құжаттарын беруге өтініштерді тіркеуді қамтамасыз ету;

      топологияларды тіркеуге өтініштерді қарауға қабылдау, оларды қарау және топологияларды тіркеуді жүзеге асыру;

      мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру;

      заң әдебиеттеріне, құқықтық насихат проблемалары жөніндегі әдебиеттерге тапсырыс;

      селекциялық жетістіктерді пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылау;

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне , " Әділет органдары туралы ", " Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы ", " Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы ", " Патент заңы " туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау және істерді қарау, әкімшілік жаза беру;

      өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылау;

      тауар белгілерін, тауар шығарылған жерлердің атауларын, қызмет көрсету белгілерін пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылау;

      ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқаратын ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асыру;

      авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы заңнамасын сақтау мәніне жеке және заңды тұлғаларды тексеруді жүзеге асыру;

      патенттік іс саласындағы сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдардың қызметін бақылау;

      діни сенім бостандығына құқықтарды қамтамасыз ету және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл саласындағы саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту;

      Қазақстан Республикасының азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының діни бірлестіктермен қарым-қатынастарын реттеу саласындағы қызметін үйлестіру;

      Қазақстан Республикасының аумағында құрылған діни бірлестіктердің, миссионерлердің және заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтардың қызметін зерделеу және талдау;

      Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін діни бірлестіктер туралы ақпараттық дерекқорды қалыптастыру;

      республиканың екі немесе одан да көп облыстарының аумағында жұмыс істейтін діни басқармаларды (орталықтарды), сондай-ақ олар құратын діни оқу орындарын, монастырьлар мен басқа да бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу;

      азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы ақпараттық-насихаттық іс-шараларды жүзеге асыру;

      діни сенім бостандығына құқықтарды қамтамасыз ету және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл саласындағы саясатты іске асыру;

      азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясат мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу;

      дінтану сараптамаларын жүргізуді қамтамасыз ету;

      құлшылық ету ғимараттарын (құрылыстарын) салуға келісу;

      Қазақстан Республикасының діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзуға қатысты мәселелерді қарау;

      құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың, соның ішінде діни бірлестіктердің қызметіне тыйым салу жөнінде ұсыныстар енгізу;

      сот органдарына діни бірлестіктің және діни бірлестіктер құрған заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы талап арыздар ұсыну;

      мемлекеттік органдардың, діни бірлестіктердің, өзге де заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы заңнаманы сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

      нотариат мәселелері бойынша әдістемелік, нұсқамалық және түсіндірме материалдар әзірлеу;

      құқықтық насихатты ұйымдастыруды ведомствоаралық үйлестіру;

      нотариат мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;

      нотариаттық палатамен бірлесіп жекеше нотариустың бос орнына орналасу үшін конкурстық іріктеу өткізу;

      мемлекеттік нотариаттың кадрларын іріктеу, аттестаттау және орналастыру;

      мемлекеттік нотариаттық кеңселердің қызметіне басшылық жасау, жеке нотариатты дамытуға жәрдемдесу;

      уәкілетті органның бөлімшелері мен нотариаттық палаталардың ұсынымдары негізінде әрбір нотариаттық округ бойынша нотариустар санын бекіту;

      нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған адамдардың резервін қалыптастыру;

      нотариустардың халыққа құқықтық қызмет көрсету саласындағы басшылығы мен үйлестіруін жүзеге асыру;

      аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкімдері аппараттарының нотариаттық қызметтерді жасауға уәкілетті лауазымды адамдарын аттестаттауды жүргізу;

      нотариаттық палатамен бірлесіп, нотариаттық қызметті жүзеге асыратын жекеше нотариустарды аттестаттауды жүргізу;

      "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда мемлекеттік нотариатты оңтайландыру шараларын жүзеге асыру;

      нотариаттық палатамен бірлесіп, нотариаттық тәжірибені қорыту;

      мемлекеттік нотариаттық кеңселерді ашу және тарату;

      Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың мемлекеттік тізілімін жүргізу, сондай-ақ ведомстволық баспа басылымында лицензиялар берілген адамдар туралы мәліметтерді және нотариустардың лицензияларының қолданылуын тоқтата тұру, қалпына келтіру, айыру және тоқтату туралы мәліметтерді жариялау;

      нотариаттық палатамен бірлесіп, нотариаттық округтегі жекеше нотариустардың қызмет ету аумағын айқындау;

      нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялар (нотариустың лицензиялары) беру;

      сот сараптама қызметімен айналысу құқығына лицензиялар беру;

      жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік нотариустардың қызметтік іс-әрекеттеріне шағымдарын қарау;

      нотариаттық палатамен бірлесіп азаматтар мен заңды тұлғалардың жекеше нотариустардың іс-әрекеттеріне шағымдарын қарау;

      нотариустардың жеке мөрлерін дайындауға тапсырысты жүзеге асыру және оларды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес беру;

      нотариаттық округте нотариустар уақытша болмаған кезде нотариаттық палатамен бірлесіп, нотариаттық іс-әрекеттердің жасалуын ұйымдастыру;

      нотариаттық палатамен бірлесіп, нотариустарға әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

      аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері аппаратының нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын лауазымды адамдарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

      халықты мемлекеттік және жекеше нотариустардың қызмет ету аумағы туралы ұдайы хабардар ету;

      нотариаттық кеңселердің, азаматтық хал актілерін, адвокатура жазу органдарының жеке және заңды тұлғаларға көрсететін заңгерлік қызмет көрсету сапасын бақылау;

      мемлекеттік және жекеше нотариустар жасайтын нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығын және іс қағаздарын жүргізу ережелерін сақтауын бақылау;

      келу сипатындағы жекеше нотариустарды есептік тіркеуді жүргізу;

      нотариустардың халыққа құқықтық қызмет көрсету саласында бақылауды жүзеге асыру;

      нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату туралы шешім қабылдау, сондай-ақ нотариустардың лицензияларынан айыру туралы талап-арыздарға бастамашылық ету;

      нотариаттық палатамен бірлесіп, тиісті нотариаттық округте өз қызметін тоқтатқан нотариустың жеке мөрін жою және басқа нотариусқа немесе жекеше нотариаттық мұрағатқа беру жөнінде, сондай-ақ егер нотариуста лицензияның қолданылуы тоқтаған жағдайда оны лицензиарға беру үшін лицензиясын алып қою жөнінде шара қабылдау;

      нотариаттық палатаға жекеше нотариусты жауапкершілікке тарту туралы ұсыным енгізу;

      жекеше нотариустардың "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының талаптарын сақтауын бақылауды ұйымдастыру және өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасаудан жалтарған және Қазақстан Республикасының жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңнамасының өзге де талаптарын бұзатын жекеше нотариустарға шара қолдану;

      мемлекеттік нотариустар және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері аппараттарының лауазымды адамдары жасаған нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығын және олардың іс қағаздарын жүргізу жай-күйін бақылауды жүзеге асыру;

      нотариустардың халыққа құқықтық қызмет көрсету саласында заңдылықты ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық әділет органдарының қызметіне басшылықты, үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру;

      азаматтық хал актілерін жазу, құжаттандыру органдарының кадрларын аттестаттау, іріктеу және орналастыру, олардың қызметінде бірыңғай құқық қолдану тәжірибесін қамтамасыз ету;

      азаматтық хал актілерін жазу, құжаттандыру органдарын әдістемелік басқару;

      Республиканың азаматтық хал актілерін жазу органдарының қызметін қамтамасыз ету және азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша аумақтық бөлімшелерге әдістемелік көмек көрсету;

      адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялар (адвокаттың лицензиялары) беру;

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі бекітетін ол туралы ережеге сәйкес Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың мемлекеттік тізілімін жүргізу және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында адвокаттарға лицензиялар беру, лицензияларының қолданылуын тоқтата тұру, қалпына келтіру, айыру және тоқтату туралы мәліметтерді жариялау;

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту;

      сәйкестендіру нөмірін қалыптастыруды орталықтан жүзеге асыру және тіркеуші және басқа мемлекеттік органдарға және өзге де мемлекеттік мекемелерге ақпарат беру;

      жеке және заңды тұлғалардың сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізу;

      Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу, сондай-ақ заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімін және филиалдар мен өкілдіктердің тізілімін жүргізу;

      азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыру, сәйкестендіру нөмірлері бар жеке куәліктер мен паспорттарды әзірлеу және оны беру, азаматтарды есепке алуды және тіркеуді қамтамасыз ету;

      азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер беру;

      әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою;

      ресми тізілімдерде авторлық құқықты тіркеу;

      ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқаратын ұйымдар мен пайдаланушылардың арасындағы туындыларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланудың тиісті тәсілдеріне жасалған лицензиялық шарттарды тіркеу, мемлекеттік тіркеу куәліктерін беру;

      бағалау қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілер әзірлеу, бекіту;

      Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасын қолдану тәжірибесін қорыту;

      өз құзыреті шегінде сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жасау, енгізу және пайдалану жөнінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу бойынша қызметке әдістемелік басқару;

      жіктелімді және сәйкестендіру деректері анықтамалықтарын жүргізу тәртібін, олардың құрылымының құрамы мен форматын белгілеу;

      бағалау қызметі субъектілеріне бағалау қызметіне байланысты мәселелерде консультациялық көмек көрсету;

      жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік техникалық тексеру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және қызметті мемлекеттік реттеу;

      барлық бағалау қызметінің субъектілері үшін тең жағдай жасау жолымен мүлікті бағалау жөніндегі қызмет көрсету нарығында бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу;

      лицензиаттардың олардың лицензиялық талаптарды сақтау қызметін бақылау;

      бағалау қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау;

      сотталғандарға қатысты сот үкімдерін, қаулыларын және ұйғарымдарын орындау;

      соттардың үкімдеріне, қаулыларына және ұйғарымдарына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандардың орналасуын ұйымдастыру;

      қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерін қорғау, олардағы шұғыл жағдайды бақылау, қызметшілердің, күдіктілердің, сезіктілердің және сотталғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларды айдап жүру;

      қылмыстық-атқару жүйесіндегі органдарда және мекемелерде заңдылықты және құқық тәртібін қамтамасыз ету;

      рақымшылық және кешірім жасау актілерінің орындалуын ұйымдастыру;

      сотталғандарға түзету ықпалын, оның ішінде психологиялық-педагогикалық әдістерді қолдана отырып жүзеге асыруды ұйымдастыру;

      Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері мен органдарындағы құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы арыздарын қарау, оларды есепке алу мен тіркеуді жүзеге асыру;

      сотталғандарды босатуға дайындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз ету, рақымшылық және кешірім жасау актілерін орындау, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері мен органдарының басқа да құқық қорғау органдарымен, мемлекеттік басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен сотталғандарды түзеудің нәтижелерін бекітіп беруді, оларды еңбекке және тұрмыста орналастыру жөніндегі өзара іс-қимылы; сотталғандарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру;

      сотталғандардың жалпы орта, бастауыш кәсіптік білім алуын немесе кәсіби даярлығын ұйымдастыру;

      қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдардың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету;

      қызметшілердің кәсіби даярлығын, құқықтық және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету;

      қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру және ұйымдастыру, оны жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау, қылмыстарды анықтауда, олардың алдын алуда, жолын кесуде және ашуда өзге де органдардың тиісті қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау;

      жедел-іздестіру қызметті және анықтауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастыру мен жүзеге асыру;

      сезіктілер мен айыпталушыларды қарап-ұстау;

      қылмыстық-атқару жүйесін дамыту, нығайту мен жетілдіру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;

      мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қылмыстық-атқару қызметі саласындағы ғылыми зерттеулерін үйлестіру;

      сотталғандардың жалпы білім алуы мен кәсіби оқуын ұйымдастыру;

      қылмыстық жазасын өтеген адамдардың әлеуметтік бейімделуі мен оңалуын ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      қоғамдық және діни бірлестіктерді қылмыстық-атқару жүйесінің қызметіне тарту;

      басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдар қылмыстық-атқару жүйесі органдарына (мекемелеріне) берген мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді, сондай-ақ олар құпияландырған мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасын қылмыстық-атқару қызметі саласында қолдану практикасын талдау мен қорытуды және оны жетілдіру, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде тиісті ұсыныстар енгізу.

      15. Министрліктің өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен:

      өзінің құзыреті шегінде орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға;

      заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;

      қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру

      16. Министрлік, оның ведомстволары, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бірыңғай жүйесін құрайды.

      17. Министрді Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Министрдің орынбасарлары (вице-министрлері) болады. Министрдің ұсынымы бойынша вице-министрлерді қызметке тағайындауды және қызметтен босатуды Қазақстан Республикасының Президенті жүзеге асырады.

      18. Министр Министрлікке басшылық етуді жүзеге асырады және өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына және олардың өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      19. Министр осы мақсаттарда:

      1) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттігін айқындайды;

      2) заңнамаға сәйкес еңбек қатынастары мәселелері оның құзыретіне жатқызылған Министрлік қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды өзінің құзыретіне жатқызылған еңбек қатынастары мәселелерін шешеді;

      4) бұйрықтарға қол қояды;

      5) барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Министрлікті білдіреді;

      6) Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді.

      20. Министрлік қабылдаған шешім Министрдің немесе оны алмастыратын адамның бұйрықтарымен ресімделеді.

      21. Министрліктің аппаратына басшылықты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы жүзеге асырады.

      22. Үкіметтің, Министрдің отставкасы жауапты хатшының өкілеттіктерін тоқтатуға әкелмейді.

      23. Жауапты хатшы өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Президентіне, Премьер-Министрге, Министрге есеп береді.

      24. Жауапты хатшы:

      1) Министр қалыптастыратын саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді, оның актілері мен тапсырмаларын орындайды;

      2) Министрліктің аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

      3) Министрліктің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      4) Министрмен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен орталық атқарушы органның штат санының лимиті шегінде органның, ведомстволардың, сондай-ақ аумақтық органдардың құрылымын және штат санын бекітеді;

      5) Министрмен келіскеннен кейін органның құрылымдық бөлімшелері және оның аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссиясының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымының ұйымдастырылуын бақылайды;

      7) Министрліктің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастырады;

      8) Министрмен келіскеннен кейін орталық атқарушы органның департамент және басқарма басшыларын, органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      9) ведомстволардың басшылары етіп тағайындау үшін ұсынылған ведомстволар басшыларының орынбасарларын тағайындауды Министрмен келіседі;

      10) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрліктің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      11) Министрмен келісім бойынша орталық атқарушы органның қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйақы беру мәселелерін шешеді;

      12) Министрмен келісім бойынша еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, орталық атқарушы орган қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;

      13) Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі және Министр бекітетін орталық атқарушы органның стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

      14) органның жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есептің әзірленуін қамтамасыз етеді және Министрге бекітуге ұсынады;

      15) Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды, Республикалық бюджет комиссиясының қарауына оны енгізетін орталық атқарушы органның басшысына бюджеттік өтінімді ұсынуды, сондай-ақ бюджеттік процестің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;

      16) Министрмен келіскеннен кейін мемлекеттік органның қаржыландыру жоспарларын және қаржылық есебін әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітеді;

      17) мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;

      18) тиісті орталық атқарушы органның құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;

      19) орталық атқарушы органға келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;

      20) өз өкілеттігі шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынаста мемлекеттік органды білдіреді;

      21) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Республика Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      25. Жауапты хатшы өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді орындау үшін:

      1) Министрлік аппаратының қызметкерлеріне орындалуы міндетті тапсырмалар беруге;

      2) өзге де мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін қажетті құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;

      3) жеке қолданылатын құқықтық актілерді қабылдауға құқылы.

      26. Министрліктің Министрдің жанында консультациялық-кеңесші орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын Министр Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының ішінен бекітеді.

      27. Министрліктің қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, оның қызметін қамтамасыз ететін лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері, құрылымдық бөлімшелердің құзыреттері мен өкілеттіктері Министрліктің регламентімен және құрылымдық бөлімшелер туралы ережелермен белгіленеді.

4. Министрліктің мүлкі

      28. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

      Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады, әрі негізгі және айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен қалыптасады.

      29. Министрлікке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      30. Министрліктің өзіне бекітіліп берілген мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

      Министрлікке заңда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке иелік ету құқығы берілуі мүмкін.

5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату

      31. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады