Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдайлар жасау және 2013 жылғы желтоқсан мен 2014 жылғы қаңтарда жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Демалыс күнi 2013 жылғы сенбi 28 желтоқсаннан - жұма 2014 жылғы 3 қаңтарға ауыстырылсын.
2. Қажетті өнім шығару, қаржылықты қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылыс объектілерін іске қосу үшін еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 2014 жылғы 3 қаңтарда жұмыс жүргізуге құқық берілсін.
Көрсетілген күнгі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледі.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов