"Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 232 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 14 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 77 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 17.02.2017 № 77 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 232 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға қосымшада:

      Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:

Сағынтаев
Бақытжан Әбдірұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға

Әбсаттаров
Қайрат Бектайұлы

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

Әбдірайымов
Бақытжан Жарылқасымұлы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары

Әзімова
Эльвира Әбілқасымқызы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары

Иманғалиев
Есенғазы Нұртөлеуұлы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

Исаева
Гүлмира Сұлтанбайқызы

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

Құрманғалиева
Жанна Дулатқызы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы

Аманбаев
Саламат Ермұханұлы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы

Ошақбаев
Рахым Сәкенұлы

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша);


      көрсетілген құрамнан: Қайрат Нематұлы Келімбетов, Зәуреш Хамитқызы Баймолдина, Асқар Исмайылұлы Бөрібаев, Сергей Николаевич Громов, Ерғали Қуандықұлы Егемберді, Марат Еркінұлы Толыбаев, Мұрат Абдуламитұлы Әбенов шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады