"Реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде шығындары ескерілетін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1467 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 47 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 727 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2015 № 727 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде шығындары ескерілетін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1467 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 6, 124-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде шығындары ескерілетін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алу қағидаларында:
      5-тармақта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) газ тапшылығы болған кезде оның импортын жүзеге асыратын ұйымдардан газ сатып алу;»;
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес электр энергиясын сатып алу жағдайларын қоспағанда, стратегиялық тауар өндірушілерден тікелей сатып алуды жүзеге асырады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады