Табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 86 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 727 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2015 № 727 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 245 бұйрығын қараңыз.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      2) «Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1132 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 68, 994-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1132 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 ақпандағы № 130 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 16, 276-құжат).
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2014 жылғы 13 ақпандағы
№ 86 қаулысымен   
бекiтiлген      

«Магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi
құбырларын пайдалану жөніндегі қызметке лицензиялар беру, қайта
ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану жөніндегі қызметке лицензиялар беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
      1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетiнің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – ХҚО) халыққа қызмет көрсету орталықтары;
      2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы немесе www.elicence.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап (өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді), сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні;
      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 10 (он) жұмыс күні;
      лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні;
      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын ХҚО-ға тапсыру үшін күтудің ең ұзақ уақыты – 15 минут;
      3) ХҚО-да көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – лицензия және лицензияға қосымша, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасы және (немесе) лицензияға қосымша немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы электрондық нысандағы уәжделген жауап болып табылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және басшысының қолымен расталады.
      7. Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым алынады, ол «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес:
      1) лицензияны беру үшін – 10 айлық есептік көрсеткішті;
      2) лицензияның телнұсқасын беру үшін – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын;
      3) лицензияны қайта ресімдеу үшін – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды, бірақ 4 айлық есептік көрсеткіштен аспайды.
      Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысандарда жүзеге асырылады.
      Магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану жөніндегі қызметке лицензия алуға, қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын беруге арналған электрондық сұрау салу портал арқылы берілген жағдайда, ақы төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) ХҚО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (жексенбі) және мереке күндерінен басқа, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9-00–ден 20-00-ге дейін;
      Қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібімен операциялық залда «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      ХҚО-ға:
      1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген заңды немесе жеке тұлға үшін белгіленген нысандағы өтініш;
      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, осы қызметпен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
      мыналардың белгiленген тәртiппен бекiтiлген:
      қоршаған ортаны қорғау, қауiпсiздiк техникасы жөнiндегi бағдарламалар мен iс-шаралардың;
      қазіргі заманғы жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып жұмыс істейтін өндiрiстiк объектiлердi реконструкциялау, жаңғырту жөнiндегi бағдарламалардың;
      жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларының (бағдарламаларының);
      аварияларды жою жоспарының көшірмелері;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетілген мәліметтер нысандары;
      2) лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу үшiн:

      3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
      ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу туралы еркін нысандағы өтініш;
      қызметпен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжатты ХҚО-ның қызметкері сканерден өткізеді және электрондық сұрау салуға қоса тіркейді (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);
      4) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін:
      лицензия жоғалған, бүлiнген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетінде» лицензияның электрондық көшірмесін алуға мүмкіндігі бар;
      лицензия жоғалған, бүлiнген жағдайда, порталдағы «жеке кабинеті» болмаған кезде көрсетілетін қызметті алушының мынадай құжаттарды ұсына отырып, лицензияның телнұсқасын ХҚО-дан алуға құқығы бар:
      1) ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған еркін нысандағы өтініш;
      2) қызметпен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжатты ХҚО-ның қызметкері сканерден өткізеді және электрондық сұрау салуға қоса тіркейді (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);
      порталға:
      1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      осы қызметпен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның бюджетке төленгенi туралы мәліметтер не құжаттың электрондық көшірмесі нысанында төленгені туралы түбіртек қоса тіркеледі;
      қоршаған ортаны қорғау, қауiпсiздiк техникасы жөнiндегi бағдарламалар мен iс-шаралар (тиісті бекітілгені туралы мәліметтерді көрсете отырып, электрондық құжат түрінде);
      қазіргі заманғы жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып жұмыс істейтін өндiрiстiк объектiлердi реконструкциялау, жаңғырту жөнiндегi бағдарламалар (тиісті бекітілгені туралы мәліметтерді көрсете отырып, электрондық құжат түрінде);
      орындалған жөндеу жұмыстарының жоспарлары (бағдарламалары) (тиісті бекітілгені туралы мәліметтерді көрсете отырып, электрондық құжат түрінде);
      аварияларды жою жоспары (құжаттың электрондық көшірмесі);
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетілген мәліметтер нысандары;
      2) лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу үшiн:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      қоршаған ортаны қорғау, қауiпсiздiк техникасы жөнiндегi бағдарламалар мен iс-шаралар (тиісті бекітілгені туралы мәліметтерді көрсете отырып, электрондық құжат түрінде);
      қазіргі заманғы жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып жұмыс істейтін өндiрiстiк объектiлердi реконструкциялау, жаңғырту жөнiндегi бағдарламалар (тиісті бекітілгені туралы мәліметтерді көрсете отырып, электрондық құжат түрінде);
      жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларының (бағдарламаларының) (тиісті бекітілгені туралы мәліметтерді көрсете отырып, электрондық құжат түрінде);
      аварияларды жою жоспары (құжаттың электрондық көшірмесі);
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетілген мәліметтер нысандары;
      3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      қызметпен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның бюджетке төленгенi туралы мәліметтер не құжаттың электрондық көшірмесі түрінде төленгені туралы түбіртек қоса тіркеледі;
      лицензия және лицензияға қосымша (лицензия электрондық құжат нысанында болған жағдайда) туралы деректер не электрондық сұрау салуға (лицензия қағаз жеткізгіште болған жағдайда) қоса тіркелетін сканерден өткізілген электрондық көшірмелер түріндегі лицензия немесе лицензияға қосымша.
      Құжаттарды қабылдаған кезде ХҚО-ның қызметкері құжаттар көшірмелерінің төлнұсқалығын түпнұсқаларымен салыстырып тексереді.
      Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметтерді алушылардан талап етуге жол берілмейді.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы, лицензия туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ХҚО ұсынған нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
      Қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға:
      сұрау салуды қабылдау нөмірі мен күні;
      сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
      мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру күні (уақыты) және орны;
      құжаттарды ресімдеуге арналған өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде);
      өтініш берушінің немесе оның уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде) және олардың байланыс телефондары көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
      Портал арқылы жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті алушыға порталдағы «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
      ХҚО-да дайын құжаттарды беруді ХҚО-ның қызметкері жеке куәлікті және (немесе) сенімхатты ұсынған жағдайда, қолхаттың негізінде жүзеге асырады.
      Егер көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызмет нәтижесін алуға келмеген жағдайда, ХҚО оны бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін тапсырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы бір ай мерзім өткен соң дайын құжаттарды алуға ХҚО-ға жүгінген жағдайда, ХҚО бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге сұрау салады. Көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды ХҚО-ға жолдайды, одан кейін ХҚО дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға береді.
      10. Мыналар:
      1) субъектiлердің осы санаты үшiн қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынуы;
      2) қызмет түрiне лицензия беруге өтiнiш берiлген жағдайда жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның енгiзiлмеуі;
      3) көрсетілетін қызметті алушының бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеуі;
      4) келiсушi мемлекеттiк органмен көрсетілетін қызметті алушыға лицензия берілуінің келiсілмеуі;
      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты жекелеген қызмет түрiмен айналысуына тыйым салатын заңды күшiне енген сот үкiмiнің болуы;
      6) сот орындаушысының ұсынысы негiзiнде соттың көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салуы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚО құжаттарды қабылдаудан бас тартады. ХҚО қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес қолхат береді.

3. Орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетілетін
қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды
адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және
(немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету
мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      11. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 13-кіреберіс, телефон: 8 (7172) 74-11-98, факс 8 (7172) 74-11-97 мекенжайы бойынша Агенттік басшысының атына беріледі.
      Шағым Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес,  демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден – 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
      Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің кеңсесінде оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.
      ХҚО қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша тікелей ХҚО-ның басшысына ХҚО-ның интернет-ресурсында: www.con.gov.kz көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы өтініш беру жолымен жіберіледі.
      Қолма–қол да, сол сияқты пошта арқылы да түскен шағымды ХҚО-ның кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында – оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы;
      2) заңды тұлғаның шағымында – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі, өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
      Портал арқылы жүгінген жағдайда, шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Электрондық өтінішті портал арқылы жіберген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
      Агенттіктің, көрсетілетін қызметті берушінің, ХҚО-ның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және
халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету
ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Денсаулық жағдайына байланысты ХҚО-ға жеке өздерінің келуіне мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдауды ХҚО-ның қызметкерлері көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне барып (қағаз жеткізгіште толтырылған жағдайда) жүргізеді.
      14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің – www.arem.gov.kz, «Агенттік туралы» бөлім;
      2) ХҚО-ның – www.con.gov.kz.
      15. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, ЭЦҚ-ның болуы талап етіледі.
      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинет» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      17. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтің байланыс телефоны: бірыңғай байланыс-орталығының: 1414 не Агенттіктің телефоны: 74-12-14.

«Магистральдық газ құбырларын, мұнай
құбырларын, мұнай өнiмдерi    
құбырларын пайдалану жөніндегі  
қызметке лицензиялар беру, қайта 
ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын
беру» мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет стандартына        
1-қосымша             

Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
алуға арналған өтiнiші

_____________________________________________________________________
                     (лицензиардың толық атауы)

      (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрі(-лері) көрсетiлсiн)

жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз
жеткізгіште _________________________________________________________
            (лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда Х
                                белгісін қою керек)
беруiңiздi сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________________
                          (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы,
                              елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
                                 (стационарлық үй-жай) нөмірі)
Электрондық пошта ___________________________________________________
Телефондары _________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банк шоты ___________________________________________________________
               (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы (лары) ______________________________
                                   (пошталық индексі, облысы, қаласы,
                                    ауданы, елді мекені, көше атауы,
                                    үй/ғимарат (стационарлық үй-жай)
                                                 нөмірі)
      ________________ парақ қоса беріліп отыр
      Осымен:
      1) көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып
табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға
қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген
ақпаратты жіберуге болатындығы;
      2) өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және
(немесе) кіші түрімен айналысуға сотпен тыйым салынбағандығы;
      3) қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні
және жарамды болып табылатындығы расталады.

      Басшы _________   _____________________________________________
              (қолы)     (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Мөр орны          Толтыру күні: 20__ жылғы «___» ______________

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін

_________________       20__ жылғы «___» ____________________________
      (қолы)

«Магистральдық газ құбырларын, мұнай
құбырларын, мұнай өнiмдерi    
құбырларын пайдалану жөніндегі  
қызметке лицензиялар беру, қайта 
ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын
беру» мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет стандартына        
2-қосымша             

Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
алуға арналған өтiнiші

_____________________________________________________________________
                      (лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
   (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке
                         сәйкестендіру нөмірі)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрі(-лері) көрсетiлсiн)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз
жеткізгіште _________________________________________________________
            (лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда Х
                                белгісін қою керек)
беруiңiздi сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы __________________________

(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
             үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)
Электрондық пошта ___________________________________________________
Телефондары _________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банк шоты ___________________________________________________________
               (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы(лары) _______________________________
                                   (пошталық индексі, облысы, қаласы,
                                    ауданы, елді мекені, көше атауы,
                                    үй/ғимарат (стационарлық үй-жай)
                                                 нөмірі)

      _____________ парақ қоса беріліп отыр

      Жеке тұлға ______   ___________________________________________
                   лы)    (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Мөр орны            Толтыру күні: 20__ жылғы «___» ____________

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін

_________________         20__ жылғы «___» __________________________
     (қолы)

«Магистральдық газ құбырларын, мұнай
құбырларын, мұнай өнiмдерi    
құбырларын пайдалану жөніндегі  
қызметке лицензиялар беру, қайта 
ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын
беру» мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет стандартына        
3-қосымша             

Магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi
құбырларын пайдалану жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға
лицензия алу үшін мәліметтер нысаны

      1) меншiгiнде немесе өзге де заңды негiздерде магистральдық газ
құбырларының, мұнай құбырларының, мұнай өнiмдерi құбырларының болуы
туралы ақпарат ___________________________________ (магистральдық газ
құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын,
диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптарын, сондай-ақ негізгі
жабдықтардың техникалық сипаттамалары бойынша ақпаратты көрсете
отырып, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай
өнiмдерi құбырларын пайдалануды қамтамасыз ететiн құралдарды,
жабдықты, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң балансындағы өндiрiстiк
активтердiң тiзбесiн көрсету);
      2) қызметтердi құру туралы бұйрықтардың болуы туралы ақпарат:
      қызметті құру туралы бұйрықтың нөмірі ________________________;
      бұйрықтың қол қойылған күні __________________________________;
      жауапты адамның Т.А.Ә. _______________________________________;
      3) тиiстi бiлiм деңгейiне (басшылар үшiн – мұнай-газ
саласындағы жоғары бiлiм, мамандар үшiн – мұнай-газ саласындағы
арнайы орта бiлiм) жауап беретiн және осы саладағы мамандығы бойынша
кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі бар бiлiктi техникалық басшылар мен
мамандар (өндiрiстiк персоналдың жалпы санының кемінде 70 %-ы) құрамы
туралы штат кестесі бойынша ақпарат:
      қызметкердің Т.А.Ә. __________________________________________;
      бiлiмi бойынша мамандығы _____________________________________;
      лауазымы _____________________________________________________;
      осы саладағы мамандығы бойынша жұмыс өтiлi ___________________.

«Магистральдық газ құбырларын, мұнай
құбырларын, мұнай өнiмдерi    
құбырларын пайдалану жөніндегі  
қызметке лицензиялар беру, қайта 
ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын
беру» мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет стандартына        
4-қосымша             

(көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. немесе ұйымының атауы)
_____________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)         

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15
cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2) тармақшасын
басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК
филиалының № _________ бөлімі (мекенжайды көрсету) мемлекеттік қызмет
көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсету) құжаттарды
қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен
көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға
байланысты бас тартады, атап айтқанда:
      Жоқ құжаттардың атауы:
      1) ___________________________________________________________;
      2) ___________________________________________________________;
      3) ....
      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

      Т.А.Ә. (ХҚО қызметкері)                                  (қолы)

Орындаушы Т.А.Ә. ____________________________________________________
Тел. ________________________________________________________________
Алдым Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы

20__ жылғы «___» _____________

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2014 жылғы 13 ақпандағы
№ 86 қаулысымен   
бекiтiлген      

«Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу
жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
      1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетiнің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – ХҚО) халыққа қызмет көрсету орталықтары;
      2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы немесе www.elicence.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап (өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді), сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
      лицензияны беру кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні;
      лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 10 (он) жұмыс күні;
      лицензияның телнұсқаларын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні;
      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын ХҚО-ға тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;
      3) ХҚО-да көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – лицензия, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап болып табылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және басшысының қолымен расталады.
      7. Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым алынады, ол «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес:
      1) лицензияны беру үшін – 10 айлық есептік көрсеткішті;
      2) лицензияның телнұсқасын беру үшін – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын;
      3) лицензияны қайта ресімдеу үшін – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды, бірақ 4 айлық есептік көрсеткіштен аспайды.
      Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысандарда жүзеге асырылады.
      Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға, қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын беруге арналған электрондық сұрау салу портал арқылы берілген жағдайда, ақы төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) ХҚО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (жексенбі) және мереке күндерінен басқа, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9-00–ден 20-00-ге дейін;
      Қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібімен операциялық залда «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы жүзеге асырылады, портал арқылы электронды кезекті брондауға болады;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      ХҚО-ға:
      1) лицензияны алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген заңды немесе жеке тұлға үшін белгіленген нысандағы өтініш;
      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, осы қызметпен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
      тұтынушылармен жұмыс істеуді қамтамасыз ететін абоненттік қызметті (персоналды) құру туралы бұйрықтың көшірмесі;
      жедел диспетчерлiк қызметтi (персоналды) құру туралы бұйрықтың көшірмесі не диспетчерлiк қызметтер көрсетуге құқылы диспетчерлiк орталықпен шарт (ниет хаттамасы);
      кемiнде 10000 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айналым қаражатының болуы туралы банкіден анықтама;
      өтініш беруші мен энергия өндiрушi және энергия берушi ұйымдардың арасында электр энергиясын, оның iшiнде авариялар болған жағдайларда резервтен орнын толтыру шартымен өңірден тыс жерлерге жеткiзуге және беруге және (немесе) таратуға арналған шарт немесе ниет хаттамасы;
      меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде тұтынушылармен жұмыс iстеуге және абоненттiк қызметтердi орналастыруға арналған ғимараттар немесе үй-жайларға құқық белгiлейтiн құжаттардың көшiрмелерi;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетілген мәліметтер нысандары;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған лицензияны қайта ресімдеу туралы еркін нысандағы өтініш;
      қызметпен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжатты ХҚО-ның қызметкері сканерден өткізеді және электрондық сұрау салуға қоса тіркейді (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);
      3) лицензияның телнұсқасын алу үшін:
      лицензия жоғалған, бүлiнген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы порталдың «жеке кабинетінде» лицензияның электрондық көшірмесін алуға мүмкіндігі бар;
      лицензия жоғалған, бүлiнген жағдайда, порталдағы «жеке кабинеті» болмаған кезде, көрсетілетін қызметті алушының мынадай құжаттарды ұсына отырып, лицензияның телнұсқасын ХҚО-дан алуға құқығы бар:
      1) ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған еркін нысандағы өтініш;
      2) қызметпен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжатты ХҚО-ның қызметкері сканерден өткізеді және электрондық сұрау салуға қоса тіркейді (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда).
      Порталға:
      1) лицензияны алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      осы қызмет түрімен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның бюджетке төленгенi туралы мәліметтер не құжаттың электрондық көшірмесі нысанында төленгені туралы түбіртек қоса тіркеледі;
      тұтынушылармен жұмыс істеуді қамтамасыз ететін абоненттік қызметті (персоналды) құру туралы бұйрықтың көшірмесі;
      жедел диспетчерлiк қызметтi (персоналды) құру туралы бұйрықтың көшірмесі не диспетчерлiк қызметтер көрсетуге құқылы диспетчерлiк орталықпен шарт (ниет хаттамасы);
      кемiнде 10000 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айналым қаражатының болуы туралы банкіден анықтама;
      өтініш беруші мен энергия өндiрушi және энергия берушi ұйымдардың арасында электр энергиясын, оның iшiнде авариялар болған жағдайларда резервтен орнын толтыру шартымен өңірден тыс жерлерге жеткiзуге және беруге және (немесе) таратуға арналған шарт немесе ниет хаттамасы;
      меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде тұтынушылармен жұмыс iстеуге және абоненттiк қызметтердi орналастыруға арналған ғимараттар немесе үй-жайларға құқық белгiлейтiн құжаттардың көшiрмелерi;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетілген мәліметтер нысандары;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      осы қызмет түрімен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның бюджетке төленгенi туралы мәліметтер не құжаттың электрондық көшірмесі нысанында төленгені туралы түбіртек қоса тіркеледі;
      лицензия және лицензияға қосымша туралы деректер (лицензия электрондық құжат нысанында болған жағдайда) не электрондық сұрау салуға қоса тіркелетін сканерден өткізілген электрондық көшірмелер түрінде лицензия және лицензияға қосымша (лицензия қағаз жеткізгіште болған жағдайда).
      Құжаттарды қабылдау кезінде ХҚО-ның қызметкері құжаттар көшірмелерінің төлнұсқалығын түпнұсқаларымен салыстырып тексереді.
      Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы, лицензия туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ХҚО ұсынған нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
      Қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға:
      1) сұрау салуды қабылдау нөмірі мен күні;
      2) сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;
      3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
      4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру күні (уақыты) және орны;
      5) құжаттарды ресімдеуге алған өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде);
      6) өтініш берушінің немесе оның уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде) және олардың байланыс телефондары көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға порталдағы «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
      ХҚО-да дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беруді ХҚО-ның қызметкері жеке куәлікті және (немесе) сенімхатты ұсынған жағдайда, қолхаттың негізінде жүзеге асырады.
      Егер көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызмет нәтижесін алуға келмеген жағдайда, ХҚО оны бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін тапсырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы бір ай мерзім өткен соң дайын құжаттарды алуға ХҚО-ға жүгінген жағдайда, ХҚО бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге сұрау салады. Көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды ХҚО-ға жолдайды, одан кейін ХҚО дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға береді.
      10. Мыналар:
      1) субъектiлердің осы санаты үшiн қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынуы;
      2) қызмет түрiне лицензия беруге өтiнiш берiлген жағдайда жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның енгiзiлмеуі;
      3) көрсетілетін қызметті алушының бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеуі;
      4) келiсушi мемлекеттiк органмен көрсетілетін қызметті алушыға лицензия берілуінің келiсілмеуі;
      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты жекелеген қызмет түрiмен айналысуына тыйым салатын заңды күшiне енген сот үкiмiнің болуы;
      6) сот орындаушысының ұсынысы негiзiнде соттың көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салуы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚО құжаттарды қабылдаудан бас тартады. ХҚО қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес қолхат береді.

3. Орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетілетін
қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды
адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және
(немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету
мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      11. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 13-кіреберіс, телефон: 8 (7172) 74-11-98, факс 8 (7172) 74-11-97 мекенжайы бойынша Агенттік басшысының атына беріледі.
      Шағым Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден – 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электрондық нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
      Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Агенттіктің кеңсесінде оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.
      ХҚО қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша тікелей ХҚО-ның басшысына ХҚО-ның интернет-ресурсында: www.con.gov.kz көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы өтініш беру жолымен жіберіледі.
      Қолма–қол да, сол сияқты пошта арқылы да түскен шағымды ХҚО-ның кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында – оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы;
      2) заңды тұлғаның шағымында – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі, өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
      Портал арқылы жүгінген жағдайда, шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Электрондық өтінішті портал арқылы жіберген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
      Агенттіктің, көрсетілетін қызметті берушінің, ХҚО-ның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және
халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету
ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Денсаулық жағдайына байланысты ХҚО-ға жеке өздерінің келуіне мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдауды ХҚО-ның қызметкерлері көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне барып (қағаз жеткізгіште толтырылған жағдайда) жүргізеді.
      14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің – www.arem.gov.kz, «Агенттік туралы» бөлім;
      2) ХҚО-ның – www.con.gov.kz.
      15. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, ЭЦҚ-ның болуы талап етіледі.
      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинет» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      17. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтамалық байланыс телефоны: бірыңғай байланыс-орталығының: 1414 не Агенттіктің телефоны: 74-12-14.

«Энергиямен жабдықтау мақсатында   
электр энергиясын сатып алу жөніндегі
қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»    
мемлекеттік көрсетілетін        
қызмет стандартына           
1-қосымша               

Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
алуға арналған өтiнiші

_____________________________________________________________________
                      (лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
      (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрі(-лері) көрсетiлсiн)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз
жеткізгіште _________________________________________________________
            (лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда Х
                               белгісін қою керек)
беруiңiздi сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________________
                          (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы,
                             елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
                               (стационарлық үй-жай) нөмірі)
Электрондық пошта ___________________________________________________
Телефондары _________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банк шоты ___________________________________________________________
               (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы(лары) _______________________________
                                   (пошталық индексі, облысы, қаласы,
                                    ауданы, елді мекені, көше атауы,
                                    үй/ғимарат (стационарлық үй-жай)
                                                  нөмірі)
      ___________ парақ қоса беріліп отыр
      Осымен:
      1) көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып
табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға
қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген
ақпаратты жіберуге болатындығы;
      2) өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және
(немесе) кіші түрімен айналысуға сотпен тыйым салынбағандығы;
      3) қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні
және жарамды болып табылатындығы расталады.

      Басшы _________   _____________________________________________
              (қолы)      (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Мөр орны          Толтыру күні: 20__ жылғы «___» ______________

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін

_________________       20__ жылғы «___» ____________________________
     (қолы)

«Энергиямен жабдықтау мақсатында   
электр энергиясын сатып алу жөніндегі
қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»    
мемлекеттік көрсетілетін        
қызмет стандартына           
2-қосымша               

Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
алуға арналған өтiнiші

_____________________________________________________________________
                       (лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
     (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке
                          сәйкестендіру нөмірі)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрі(-лері) көрсетiлсiн)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
жүзеге асыруға лицензия және (немесе)лицензияға қосымшаны қағаз
жеткізгіште _________________________________________________________
            (лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда Х
                              белгісін қою керек)
беруiңiздi сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы __________________________
_____________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
              үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)
Электрондық пошта ___________________________________________________
Телефондары _________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банк шоты ___________________________________________________________
              (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы(лары) _______________________________
                                   (пошталық индексі, облысы, қаласы,
                                    ауданы, елді мекені, көше атауы,
                                    үй/ғимарат (стационарлық үй-жай)
                                                 нөмірі)
      ______________ парақ қоса беріліп отыр
      Осымен:
      1) көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып
табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға
қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген
ақпаратты жіберуге болатындығы;
      2) өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және
(немесе) кіші түрімен айналысуға сотпен тыйым салынбағандығы;
      3) қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні
және жарамды болып табылатындығы расталады.

      Жеке тұлға ________ ___________________________________________
                  (қолы)   (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Мөр орны            Толтыру күні: 20__ жылғы «___» ____________

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін

_________________         20__ жылғы «___» __________________________
     (қолы)

«Энергиямен жабдықтау мақсатында   
электр энергиясын сатып алу жөніндегі
қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»    
мемлекеттік көрсетілетін        
қызмет стандартына           
3-қосымша               

Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу
жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия алу үшін
мәліметтер нысаны

      1) осы саладағы мамандығы бойынша жоғары немесе орта арнайы
білімі және осы саладағы мамандығы бойынша кемінде жарты жыл жұмыс
тәжірибесі бар бiлiктi басшылар мен мамандар құрамы туралы ақпарат:
      қызметкердің Т.А.Ә. __________________________________________;
      бiлiмi бойынша мамандығы _____________________________________;
      лауазымы _____________________________________________________;
      осы саладағы жұмыс өтiлi _____________________________________.

«Энергиямен жабдықтау мақсатында   
электр энергиясын сатып алу жөніндегі
қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»    
мемлекеттік көрсетілетін        
қызмет стандартына           
4-қосымша               

(көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. немесе ұйымының атауы)
_____________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)        

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15
cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2) тармақшасын
басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК
филиалының № _________ бөлімі (мекенжайды көрсету) мемлекеттік қызмет
көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсету) құжаттарды
қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен
көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға
байланысты бас тартады, атап айтқанда:
      Жоқ құжаттардың атауы:
      1) ___________________________________________________________;
      2) ___________________________________________________________;
      3) ....
      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

      Т.А.Ә. (ХҚО қызметкері)                                  (қолы)

Орындаушы Т.А.Ә. ____________________________________________________
Тел. ________________________________________________________________
Алдым Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы

20__ жылғы «___» ___________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады