"Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 345 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен

   

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына өзгерістер
енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 345 Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысына баспасөз-релиз

      «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылгы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 345 Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысы (бұдан әрі қаулы)«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік органдардың құзыретін заңнамалық және (немесе) заңға тәуелді деңгейде бекіту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 28 қаңтардағы № 5-ө өкіміне сәйкес әзірленген.
      Қаулы қол қойылған күннен бастап колданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
      Қаулыны қабылдаудың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі туралы ережені «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік органдардың құзыретін заңнамалық және (немесе) заңға тәуелді деңгейде бекіту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасының «Атом энергиясын пайдалану туралы»,«Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы», «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы», «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы», «Экспорттық бақылау туралы», «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы», «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы»,«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» және «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» заңдарына енгізілген түзетулерге сәйкес.
      Қаулы республикалық бюджеттен қаржылық шығындар және әлеуметтік-экономикалық, әрі құқықтық жағымсыз салдарды болжамдамайды.
      Тиімділік болжамы: мемлекеттік органдардың құзыретін заңнамалық және (немесе) заңға тәуелді деңгейде бекіту.

      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және жаңа
      технологиялар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз