Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне 2014 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен Ресей Федерациясына ресми ізгілік көмек көрсету үшін конвертацияланатын күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы бойынша ресей рублінде 379 300 000 (үш жүз жетпіс тоғыз миллион үш жүз мың) теңге сомасында қаражат бөлсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен көрсетілген қаражатты арнайы банк шотына аударуды қамтамасыз етсін:
ССН 2801123618
ҚСК 280101001
Алушы: Амур облысы бойынша ФҚБ (АО Қаржымині 04232003600 д/ш)
40101810000000010003 е/ш
Банк: Амур облысы бойынша Ресей Банкі ББ МЕКО, Благовещенск қ.
БСК 041012001
АМҚБЖ 10701000
БЖК 015 2 07 02030 02 0000 180.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов