Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдай жасау және 2014 жылғы мамырдағы жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Демалыс күндері:
2014 жылғы жексенбі 4 мамырдан – 2014 жылғы жұма 2 мамырға;
2014 жылғы жексенбі 11 мамырдан – 2014 жылғы бейсенбі 8 мамырға ауыстырылсын.
2. Қажетті өнім шығару, қаржылықты қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылыс объектілерін іске қосу үшін еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 2014 жылғы 2 және 8 мамырда жұмыс жүргізуге құқық берілсін.
Көрсетілген күнгі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледі.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер Министрі К.Мәсімов