"Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1072 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 370 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1072 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдар есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігіне жылдың қорытындылары бойынша Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі есепті жылдан кейінгі жылдың 10 наурызынан кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жылдың қорытындылары бойынша Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламада:
      «Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
      «Міндеттері» деген жолдағы «қосылған құны жоғары мұнай-химия өнімін экспорттау көлемін ұлғайту» деген жол алынып тасталсын;
      «Мақсатты индикаторлар» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мақсатты индикаторлар
      1) 2014 жылы мұнай өндіру көлемін ұлғайту 83,0 млн. тоннаны құрайды (2009 жылмен салыстырғанда 108,4 %);
      2) 2014 жылы шикі газ өндіру көлемін ұлғайту 41,0 млрд. текше м құрайды (2009 жылмен салыстырғанда 113,8 %);
      3) 2014 жылы құрғақ газ экспортының көлемін 7,3 млрд. текше м ұлғайту (2009 жылмен салыстырғанда 104,2 %);
      4) Каспий теңізінің қазақстандық секторының жағадағы инфрақұрылымының басым объектілерінің тізбесіне сәйкес жағадағы инфрақұрылым объектілерін салу;
      5) 2014 жылы қазақстандық үш мұнай өңдеу зауытында мұнай өңдеу көлемін 15 млн. тоннаға дейін ұлғайтылады;
      6) отандық мұнай өнімдерінің сапасын К4, К5 экологиялық класс стандарттарына дейін жеткізу;
      7) мұнай өнімдерін тұтыну құрылымының болжамды өзгеруін қанағаттандыруға бағытталып шығарылатын өнім түрлерін оңтайландыру және ұлғайту;
      8) 2014 жылы газ тасымалдау көлемін жылына 121,4 млрд. текше м дейін, оның ішінде «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры бойынша 2014 жылы 2,5 млрд. текше м дейін ұлғайту;
      9) 2014 жылға қарай мұнай құбырларының өткізу қабілетін ұлғайту: Каспий Құбыр Консорциумы (бұдан әрі – КҚК) – жылына 61,2 млн. тоннаға дейін, оның ішінде қазақстандық учаскеде – жылына 49,3 млн. тоннаға, Қазақстан-Қытай – жылына 20 млн. тоннаға дейін құрайды;
      10) халықаралық газ транзитінің көлемін жылына 100 млрд. текше м дейін ұлғайту;
      11) 2013 жылдан бастап мұнай жол битумын жылына 200 мың тонна көлемінде өндіруді қамтамасыз ету;
      12) 2014 жылы хош иісті көмірсутектерді (бензол, параксилол) жылына 188,7 мың тоннаға дейін өндіруді қамтамасыз ету;
      13) 2015 жылдан бастап базалық мұнай-химия өнімінің өндірісін жылына 800 мың тонна полиэтилен және жылына 500 мың тонна полипропилен көлемінде өндіруді қамтамасыз ету;
      14) мұнай-газ саласын техникалық реттеу саласындағы техникалық регламенттер, стандарттар және өзге де құжаттар әзірлеуді қамтамасыз ету;
      15) 2014 жылдың қорытындысы бойынша мұнай-газ компанияларының сатып алуындағы жергілікті қамту деңгейін тауарлар бойынша 16 %-ға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша 72,5 %-ға жеткізу;
      16) мұнай-газ саласында қажетті мамандар даярлау;
      17) 2012 жылы ілеспе газдың (технологиялық еріксіз жағылатын газ көлемін қоспағанда) кемінде 95 %-ын кәдеге жарату.»;
      «Қаржыландыру көздері мен көлемдері» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Қаржыландыру көздері мен көлемдері

Бағдарламаны іске асыруға арналған қаржы ресурстарының жалпы көлемі 7102159,8 млн. теңгені құрайды, оның ішінде қаржыландыру көздері бойынша:
1) республикалық бюджет – 143304,5 млн. теңге;
2) қарыз қаражаты – 738304,6 млн. теңге;
3) меншікті қаражат – 4145860,2 млн. теңге;
4) меншікті және қарыз қаражаты – 2074690,5 млн. теңге. »;

      «Ағымдағы жағдайды талдау» деген 3-бөлімде:
      «Мұнай мен газды өндіру» деген 3.1-кіші бөлімнің он төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Республика аумағындағы көмірсутек шикізатының құрлықта игеріліп жатқан кен орындарының көпшілігі жылдық өндірудің ең жоғары деңгейіне жетті. Құрлықтағы өндірістің одан әрі өсуі бірінші кезекте Теңіз және Қарашығанақ кен орындарының қарқынды игерілуіне байланысты. 2013 жылы Қашаған кен орнында коммерциялық өндіруді бастау жоспарлануда.»;
      «Саланың мықты және осал жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін талдау SWOT – мұнай-газ саласының талдауы» деген 3.2-кіші бөлімде:
      «Осал жақтары» деген бағанда:
      «Каспий теңізінің қазақстандық секторы (бұдан әрі – КТҚС) үшін инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы.» деген жол алынып тасталсын;
      «Қауіптері» деген бағанда:
      «Өңірлер бойынша енгізілетін мұнай-химия өндірістері санының ұлғаюы бәсекелестіктің өсуін тудырады.» деген жол алынып тасталсын;
      «Саланы дамытудың негізгі проблемалары, үрдістері мен алғышарттары» деген 3.3-кіші бөлімде;
      «2014 жылға дейінгі мұнай және газ конденсатын өндіру көлемінің өсу үрдісі» деген 4-кесте мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-кесте «2014 жылға дейін мұнай және газ конденсатын өндіру көлемінің өсу үрдісі»

Көрсеткіштің атауы

2009 ж. (нақты)

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

мұнай және газ конденсаты, млн. тонна

76,5

80,0

81,0

83,0

82,0

83,0

                                                                  »;

      жиырма үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Болжам бойынша 2010 жылы республикадағы газ өндіру деңгейі шамамен 37,0 млрд. текше м, ал 2014 жылға қарай шамамен 41,0 млрд. текше м құрайтын болады.»;
      «2014 жылға дейінгі тауарлық газды өндіру мен шығарудың перспективалық балансы» деген 5-кесте мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-кесте «2014 жылға дейін тауарлық газды өндіру және өндірісінің перспективалық балансы»
                                                      млрд. текше м

Р/с №

Атауы

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

1

Шикі газды өндіру, барлығы

36,0

37,0

43,6

44,8

40,5

41,0

2

Шикі газды пайдалану

16,3

14,5

16,4

15,9

17,9

14,4


оның ішінде:







1)

өзінің технологиялық қажеттіліктеріне, оның ішінде газды жағу

7,5

6,1

6,0

5,5

6,7

2,9

2)

қабатқа қайта айдау

8,8

8,4

10,4

10,4

11,2

11,5

3

Тауарлық газ өндірісі, оның ішінде

19,7

23,3

27,2

28,9

22,6

26,6


таратылатын тауарлық құрғақ газ

15,6

20,0

23,6

25,3

18,2

21,4

                                                              »;

      «2009 жылдан 2014 жылға дейінгі кезеңде мұнай өнімдерін өндіру және тұтыну серпіні» деген 6-кесте мынадай редакцияда жазылсын:
      «6-кесте «2010 – 2014 ж.ж. кезеңіне арналған мұнай өңдеу, мұнай өнімдерінің негізгі түрлерін өндіруі болжамы және Қазақстан Республикасының мұнай өнімдері ішкі нарығының өз өндірісі есебінен қамтамасыз ету деңгейі»

мың тонна

Атауы

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Мұнай өңдеу, оның ішінде:

13099,4

13100

13300

13 867

14650

Атырау МӨЗ

4 300

4 471

4 423

4 429

4800

Павлодар МӨЗ

4 800

4 649

5 037

4 800

5000

Шымкент МӨЗ

4 583

4 605

4 753

4 638

4800

Автобензин

2 894

2 785

2 854

2 693

2823

Дизель отыны

4 028

4 132

4 129

3 971

4117

Авиакеросин

491

387

421

420

422

Мазут

3 771

3 660

3 573

3 180

3000

Ішкі нарықтың өз өндірісі есебінен мұнай өнімдерімен қамтамасыз етілу деңгейі

Автобензин

78 %

75 %

74 %

62 %

61 %

Дизель отыны

98 %

93 %

91 %

80 %

82 %

Авиакеросин

94 %

77 %

56 %

72 %

72 %

                                                               »;

      «2009 жылғы сұйытылған газ өндірісінің үрдісі және 2014 жылға дейінгі болжамы» деген 8-кесте мынадай редакцияда жазылсын:
      «8-кесте «2009 жылғы сұйытылған газ өндірісінің үрдісі және 2014 жылға дейінгі болжамы, мың тонна»

Атауы

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

ҚР ГӨЗ

1443

1636

1662

1737

1935

1986

Теңізшевройл ГӨЗ

1157,3

1256

1282

1247

1260

1280

Жаңажол ГӨЗ

129,0

150

180

250

270

300

ҚазГӨЗ

92,3

100

100

100

120

120

Қазгермұнай ГКДҚ

55,3

80

100

140

100

100

Торғай-Петролеум ГКДҚ

8,8

50

80

80

80

80

АГӨЗ

-

5

6

5

5

6

Жайықмұнай

-

-

14,5

90,2

100

100

ҚР МӨЗ

382

409

404

413

365

364

ПМХЗ

237,0

254

254

263

210

196

ПКОП

137,0

142

142

141

139

144

АМӨЗ

8,0

13

8

9

16

24

Сұйытылған газ өндірісінің барлығы

1825

2045

2066

2150

2300

2350

Сұйытылған газды ішкі нарыққа жеткізу

520

520

520

550

690

700

                                                                 »;

      «Мұнай мен газды тасымалдау, инфрақұрылымды дамытуда» деген екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мұнай-газ ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан көліктік шығындарды ықшамдаған жағдайда қазақстандық көмірсутекті тасымалдау бойынша ең тартымды нарықтарға өткізу жобаларын іздестіру мен іске асыруды жалғастыруға тиіс. Мұнай мен газды экспорттау қуаттары мен бағыттарын дамыту өнімнің перспективалық көлемі мен ішкі тұтынуға, транзиттік елдермен ұзақ мерзімді уағдаластықтардың болуына, сұраныс деңгейіне және әлемдік тұтыну нарықтарындағы ахуалға сәйкес келуге тиіс.»;
      «2014 жылға дейін мұнай тасымалдаудың негізгі үрдістері» деген 9-кесте мынадай редакцияда жазылсын:
      «9-кесте «2014 жылға дейін мұнай тасымалдаудың негізгі үрдістері»

Жыл

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

өндіру

80,0

81,0

83,0

82,0

83,0

Мұнай тасымалдау, оның ішінде

87

88,5

91

88,6

90

импорт

7

7,5

8

7

0

транзит

0

0

0

0

7

МӨЗ-ге жеткізу*

13,1

13,1

13,3

13,9

14,65

экспорт****

71,2

72

70

70,8

66,3

толлинг

0

0

0

0,3

1**

қарсы жеткізу

0

0

0

0

1,5***

      Ескертпе:
      * - шағын МӨЗ-ді, өткізу пункттерін есепке алмағанда;
      ** - мұнай өнімдері құбырын пайдалануға тапсыру мерзіміне байланысты;
      *** - мұнай қабылдайтын ресейлік мұнай-газ өндіретін ұйымдарға байланысты;
      **** - ішкі нарықты қамтамасыз еткен соң қалдықты қағидат бойынша қалыптастырылады, өйткені ішкі нарықты қамтамасыз ету бойынша міндеттемеге қарағанда заңнамада Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігіне шикізат экспортын қамтамасыз етуді жүктейтін норма жоқ.»;
      төртінші бөлік алынып тасталсын;
      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан арқылы халықаралық газ транзитін дамытуға жеке назар аудару қажет, оның көлемі болжамды деректер бойынша 2014 жылы 102,7 млрд. текше м дейін ұлғаяды.»;
      он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Облыс әкімдіктерінің деректері бойынша болжамды газ тұтыну көлемі 2014 жылы 14,1 млрд. текше м құрайды, бұл 2009 жылғыдан 1,6 есе көп.
      Каспий теңізінің қазақстандық секторының (КТҚС) жағадағы инфрақұрылымын дамыту 2 бағыт бойынша жүзеге асырылады:
      1) өндіру сатысындағы Солтүстік Каспий жобасының кен орындары үшін (оператор – НКОК, оператор агенті – Аджип ККО);
      2) геологиялық барлау жұмыстары және коммерциялық қорларды растау сатысындағы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жобаларының кен орындары үшін.
      Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі кен орындарын игеру мерзімдеріне сәйкес КТҚС үшін қажетті жағадағы инфрақұрылымның барлық объектілерін екі бағыт бойынша талап етілетін қуаттарға жүйелі талдау жүргізді. Жағадағы инфрақұрылым объектілерінің үш тобы белгіленді: кен орындарын игеру үшін сыни қажетті; мұнай мен газды экспорттау үшін; индустриялық жобалар.
      КТҚС кен орындарын игеру үшін 6 сыни қажетті жағадағы инфрақұрылым объектісінің 4-нің қуаты жеткілікті (теңіз мұнай операцияларын қолдау базалары, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды қайта өндеу және кәдеге жарату полигондары, теңіз кемелеріне жанармай құю станциялары, бұрғылау ерітінділерін өндіру зауыттары). КТҚС Оңтүстік бөлігіне қызмет көрсету үшін экологиялық ден қою базасын салу (2020 ж.) және кеме жөндейтін верфьтер (2014 – 2017 жж., ТЭН әзірлеу аяқталды) бойынша шараларды жүзеге асыру қажет.
      Темір жолмен тасымалдау бойынша жоғары бәсекелес бағаны ескере отырып, мұнай мен газды экспорттау үшін жеткілікті қуат бар.
      Индустриялық жобалар бойынша қолданыстағы қуаттар жеткілікті және темір конструкцияларға қажеттілік ұлғайған жағдайда, қолданыстағы зауыттар қажетті қуаттарды арттыруы мүмкін.»;
      «Қазіргі бар нормативтік құқықтық базаның, қолданыстағы практиканың және дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асыру нәтижелерінің сипаттамасын қоса алғанда, саланы дамытудың қолданыстағы мемлекеттік реттеу саясатын талдау» деген 3.4-кіші бөлімде:
      «Табиғи және сұйытылған газдың ішкі нарықтағы перспективасы» деген 8) тармақшаның бірінші, екінші, үшінші, төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ішкі газ жабдықтау инфрақұрылымын дамыту мақсатында мынадай инвестициялық жобалар жүзеге асырылатын болады:
      «Оңтүстік Қазақстан облысының газ тарату жүйесін жаңғырту – 1-кезең Шымкент қ.» ҚҚС-сыз 33,194 млрд. теңге (2010 – 2016 жж.);
      «Тараз қаласының газ тарату желілерін жаңғырту» ҚҚС-сыз 18,404 млрд. теңге (2011 – 2019 жж.);
      «Алматы қаласын және қала маңы аймағын газдандыру» ҚҚС-сыз 16,569 млрд. теңге (2011 – 2013 жж.)»;
      мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:
      «Осы инвестициялық бағдарламаларды іске асыру газ тарату құбырларының өткізу қабілетін ұлғайтуға, газбен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттыруға, газ құбырларының апатсыз және үздіксіз пайдалануын қамтамасыз етуге, нормативтік және нормативтен тыс шығындарды төмендетуге бағытталған. Аталған инвестициялық жобаларды іске асырумен байланысты экономикалық әсер халықтың жұмыспен қамтылуының өсуі, көрсетілетін қызметтер көлемінің ұлғаюы, техногендік сипаттағы апаттардың пайда болу тәуекелдерінің төмендеуі, сондай-ақ авариялардың жалпы деңгейінің және тиісінше авариялар салдарларын жоюға байланысты шығындардың қысқаруы сияқты көрсеткіштерді қамтиды.»;
      «Техникалық реттеу» деген 11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) техникалық реттеу
      2010 жылғы 18 қарашада қол қойылған және 2011 жылғы 27 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Беларусь Республикасындағы, Қазақстан Республикасындағы және Ресей Федерациясындағы техникалық реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге сәйкес Кеден одағының шеңберінде міндетті талаптар белгіленетін бірыңғай өнім тізбесі (бұдан әрі – Бірыңғай тізбе) қалыптастырылды.
      Мұнай-газ саласында Бірыңғай тізбе мынадай ұстанымдарды қамтиды:
      бензиндер, дизель және кеме отыны, реактивті қозғалтқыш отыны және отын мазуты;
      жағар материалдар, майлар және арнайы сұйықтықтар;
      мұнайды, оның өңделген өнімдерін есепке алу құралдары мен жүйелері;
      отын ретінде пайдаланылатын сұйытылған көмірсутек газдары;
      тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнай;
      тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған жанғыш табиғи газ;
      сұйық және газ тәрізді көмірсутектерді тасымалдауға арналған магистральдық құбырлар.
      Аталған ұстанымдарға қатысты техникалық регламенттерді қабылдау мүдделі мемлекеттермен өзара саудада техникалық кедергілерді едәуір қысқартуға, өнімге бірыңғай міндетті қауіпсіздік талаптарын және бағалау мен сәйкестікті растау рәсімдерін қолдану есебінен ішкі нарықты қауіпсіз емес өнімнен қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
      Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі Тараптың әзірлеуге жауапты органы ретінде «Автомобиль мен авиация бензиніне, дизель және кеме отынына, реактивті қозғалтқыш отыны мен мазутқа қойылатын талаптар туралы» Кеден одағының техникалық регламентін әзірледі (Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы № 826 шешімімен бекітілген) және қоса әзірлеуші ретінде «Жағар материалдарға, майларға және арнайы сұйықтықтарға қойылатын талаптар туралы» Кеден одағының техникалық регламентін әзірлеуге қатысты (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 59 шешімімен бекітілген).
      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 103 шешімімен бекітілген 2012 – 2013 жылдарға арналған Кеден одағының техникалық регламенттерін әзірлеу жоспарында Кеден одағының «Мұнайдың және оның қайта өңделген өнімдерінің көрсеткіштерін өлшеу құралдарына қойылатын талаптар», «Отын ретінде қолдануға арналған сұйытылған көмірсутек газдарына қойылатын талаптар» техникалық регламенттерін әзірлеу көзделген. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі Тараптың осы техникалық регламенттерді әзірлеуге қатысушы органы болып табылады.
      Кейіннен Бірыңғай тізбенің басқа да ұстанымдары – тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнай, тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған жанғыш табиғи газ, сұйық және газ тәрізді көмірсутектерді тасымалдауға арналған магистральдық құбырларға қатысты техникалық регламенттерді әзірлеу жоспарлануда.
      Техникалық реттеудің басқа маңызды құралы стандарттау болып табылады.
      Кеден одағы техникалық регламенттерінің талаптарын орындау үшін дәлелді база халықаралық және мемлекетаралық стандарттар, олар қабылданбаған жағдайда, халықаралық талаптарға сәйкес келетін ұлттық стандарттар болып табылады.
      Кеден одағының «Автомобиль мен авиация бензиніне, дизель және кеме отынына, реактивті қозғалтқыш отыны мен мазутқа қойылатын талаптар туралы», «Майлайтын материалдарға, майларға және арнайы сұйықтықтарға қойылатын талаптар туралы» техникалық регламенттерін қолдау үшін 006 «Мұнай, газ және мұнай-химия өнеркәсібінің нормативтік-техникалық базасын жетілдіру» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі 2012 жылы – 17, 2013 жылы – 15 мемлекетаралық стандарт әзірлеуді ұйымдастырды.
      Бұдан басқа, 2011 жылы 006 «Мұнай, газ және мұнай-химия өнеркәсібінің нормативтік-техникалық базасын жетілдіру» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде газ саласындағы 15 мемлекеттік стандарт, мұнай және мұнай-химия салаларында 5 мемлекетаралық стандарт әзірленді.»;
      «экологиялық талаптарды күшейту» деген 15) тармақшаның он бірінші және он екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін бензин К2 экологиялық класына сәйкес келеді.
      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы № 826 шешімімен бекітілген «Автомобиль мен авиация бензиніне, дизель және кеме отынына, реактивті қозғалтқыш отыны мен мазутқа қойылатын талаптар туралы» Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында:
      2014 жылғы 1 қаңтардан бастап К2 экологиялық класындағы автомобиль бензині мен дизель отынын айналымға шығаруға және оның айналымына тыйым салу күшіне енеді;
      К3 экологиялық класындағы автомобиль бензині мен дизель отынын айналымға шығару және оның айналымына 2015 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін рұқсат етіледі;
      К4 және К5 экологиялық класындағы автомобиль бензині мен дизель отынын айналымға шығару және оның айналымына көшу 2016 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей жүзеге асырылады.»;
      «Бағдарламаны іске асыру мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері» деген 4-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Бағдарламаны іске асыру мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері
      Мақсаты: Мұнай-газ саласын теңгерімді және тиімді дамыту
      Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін мұнай және газ өндіру саласында мынадай міндеттерді шешу көзделеді:
      1) мұнай және газ конденсатын өндіру және оның экспорты жөнінде белгіленген көрсеткіштерді орындау;
      2) ішкі нарықтың мұнай өнімдері мен газға қажеттілігін қамтамасыз ету;
      3) көмірсутектің барланған қорларының өсімін қамтамасыз ету және өндіру деңгейін тұрақты жоғары деңгейге жеткізу;
      4) саланы техникалық реттеу нормаларын үйлестіру;
      5) мұнай-газ компанияларында жергілікті қамту деңгейін ұлғайту;
      6) еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоршаған ортаға теріс әсерді төмендету.
      Қойылған мақсатты іске асыру 2014 жылы мынадай мақсатты индикаторларға қол жеткізуге мүмкіндік береді:
      1) 2014 жылы мұнай өндіру көлемін ұлғайту 83,0 млн. тоннаны құрайды (2009 жылмен салыстырғанда 108,4 %);
      2) 2014 жылы шикі газ өндіру көлемін ұлғайту 41,0 млрд. текше м құрайды (2009 жылмен салыстырғанда 113,8 %);
      3) 2014 жылы құрғақ газ экспортының көлемін 7,3 млрд. текше м ұлғайту (2009 жылмен салыстырғанда 104,2 %);
      4) мұнай-газ саласын техникалық реттеу саласындағы техникалық регламенттер, стандарттар және өзге де құжаттар әзірлеуді қамтамасыз ету;
      5) 2012 жылы ілеспе газдың (технологиялық еріксіз жағылатын газ көлемін қоспағанда) кемінде 95 %-ын кәдеге жарату.
      Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері:
      1) 2014 жылы мұнай өндіру көлемі 83,0 млн. тоннаны және шикі газ өндіру көлемі 41,0 млрд. текше м құрайды;
      2) 2010 – 2011 жылдары жалпы ауданы 115 000 шаршы км ҚТҚС аумағында масштабы 1:100000 гравимагниттік түсірілім жүргізу;
      3) 2010 – 2012 жылдары КТҚС солтүстік бөлігінің және шектес жағалық аймақтың шегінде (№ 1–5 бейіндер) және КТҚС оңтүстік бөлігінің шегінде (№ 6 бейін) көлемі 4000 қума км аэромагниттік тірек бейіндердің 6 тобын пысықтау, 174 мың шаршы км ауданда далалық аудандық аэромагнитті метрикалық зерттеулер (216 мың қума км көлемде);
      4) 2014 жылы келісімшарттар бойынша қаржылық міндеттемелердің орындалуын кемінде 70 % деңгейіне дейін жеткізу.
      2011 – 2012 жылдары Кеден одағының 2 техникалық регламенті әзірленіп бекітілді:
      1) «Автомобиль мен авиация бензиніне, дизель және кеме отынына, реактивті қозғалтқыш отыны мен мазутқа қойылатын талаптар туралы»;
      2) «Жағар материалдарға, майларға және арнайы сұйықтықтарға қойылатын талаптар туралы».
      Қазіргі уақытта Кеден одағының 2 техникалық регламенті әзірленуде, олар 2014 жылы бекітілетін болады:
      1) «Мұнайдың және оның қайта өңделген өнімдерінің көрсеткіштерін өлшеу құралдарына қойылатын талаптар»;
      2) «Отын ретінде қолдануға арналған сұйытылған көмірсутек газдарына қойылатын талаптар».
      «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда жазылған жергілікті қамту бөлігінде мұнай-газ компанияларының міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізілетін болады. Жер қойнауын пайдаланушылармен сандық көрсеткіштерді көрсете отырып, тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге жергілікті қамту бойынша келісімшарттарға қосымша келісімдер жасасу және/немесе қайта қарау жоспарланып отыр.
      2015 жылға қарай мұнай-газ компанияларының сатып алуындағы жергілікті қамту деңгейін тауарлар бойынша 16 %-ға дейін, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша 72,5 %-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр, кадрларда мынадай көрсеткіштерге қол жеткізу жоспарланып отыр: басшылық құрам – 87 %-дан кем емес, жоғары және орта кәсіптік білімі бар мамандар – 96 %-дан кем емес, білікті жұмысшылар – 98 %-дан кем емес.
      11-кесте «2010 жылдан бастап 2014 жылды қоса алғанға дейін мұнай-газ компанияларының сатып алуларындағы жергілікті қамтудың болжамды үлесі (НКОК, ТШО, КПО-ны есепке алмағанда) (%-да)» 


2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Тауарлар

5,0

8,0

11,0

13,0

16,0

Жұмыстар мен қызметтер

79,7

81,1

82,4

70

72,5

      «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының жаңа Заңын іске асыру үшін 68-ден астам нормативтік құқықтық акті әзірленеді.
      Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін өңдеу өндірістерін дамыту саласында мынадай міндеттерді шешу көзделіп отыр:
      1) отандық көмірсутек шикізатын өңдеудің тереңділігі мен көлемін ұлғайту (мұнай/газ);
      2) мұнай-газ саласының жаңа өндірістері үшін барлық деңгейдегі мамандар даярлау.
      Қойылған мақсаттарды іске асыру 2014 жылы мынадай мақсатты индикаторларға қол жеткізуге мүмкіндік береді:
      1) қазақстандық үш МӨЗ-де мұнай өңдеу көлемін ұлғайту 15 млн. тоннаға дейін құрайды;
      2) отандық мұнай өнімдерінің сапасын К4, К5 экологиялық класс стандарттарына дейін жеткізу;
      3) мұнай өнімдерін тұтыну құрылымының болжамды өзгертуін қанағаттандыруға бағытталып шығарылатын өнім түрлерін оңтайландыру және ұлғайту;
      4) 2013 жылдан бастап мұнай жол битумын жылына 200 мың тонна көлемінде өндіруді қамтамасыз ету;
      5) 2014 жылы хош иісті көмірсутектерді (бензол, параксилол) жылына 188,7 мың тоннаға дейін өндіруді қамтамасыз ету;
      6) 2015 жылдан бастап базалық мұнай-химия өнімінің өндірісін жылына 800 мың тонна полиэтилен және жылына 500 мың тонна полипропилен көлемінде өндіруді қамтамасыз ету;
      7) мұнай-газ саласында қажетті мамандар даярлау.
      Мынадай инвестициялық жобаларды іске асыру көзделеді:
      1) АМӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту, мұнай өңдеу қуатын жылына 5,5 млн. тоннаға дейін жеткізе отырып, мұнай өнімдерінің сапасын К4, К5 экологиялық класына дейін жақсарту:
      1-кезең: «Хош иісті көмірсутектерді өндіру кешенінің құрылысы», іске асыру мерзімі – 2010 – 2014 жылдар;
      2-кезең: «Мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысы», іске асыру мерзімі – 2011 – 2016 жылдар;
      2) ЭЛОУ-АВТ-3 қондырғысының және АМӨЗ баяу кокстау қондырғысының вакуумдық блогын реконструкциялау, вакуумдық блоктың қуатын жылына 1800 мың тоннаға дейін және баяу кокстау қондырғысының қуатын жылына 1 000 мың тоннаға дейін жеткізу мұнайдың бастапқы өңдеу көлемін ұлғайтуды, оны фракцияларға бөлуді және оларды жақсартуды қамтамасыз етеді, кешенді түрде бұл мұнай өңдеу тереңдігін арттыруды қамтамасыз етеді. Жобаны іске асыру мерзімі – 2010 жыл;
      3) ПКОП-ты реконструкциялау және жаңғырту, мұнай өңдеу қуатын жылына 6,0 млн. тоннаға жеткізе отырып, мұнай өнімдерінің сапасын К4, К5 экологиялық класына дейін жақсарту. Жобаны іске асыру мерзімі – 2011 – 2016 жылдар;
      4) ПМХЗ-ді реконструкциялау және жаңғырту, мұнай өңдеу қуатын жылына 7,5 млн. тоннаға жеткізе отырып, мұнай өнімдерінің сапасын К4, К5 экологиялық класына дейін жақсарту. Жобаны іске асыру мерзімі – 2011 – 2016 жылдар;
      5) Қазақстанда Ақтау пластикалық массалар зауытының базасында жол битумын өндіру;
      Шикізат – Қаражанбас кен орнының мұнайы. Өндіріс қуаты – жылына 400 мың тонна жол битумы. Жобаны іске асыру мерзімі – 2013 жыл.
      Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасында жағар май өндірісін ұйымдастыру мүмкіндігі зерделенуде.
      Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету.
      Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін мұнай және газ тасымалдаудың экспорттық бағыттарын әртараптандыру арқылы тасымалдау және инфрақұрылымды дамыту бойынша міндетті шешу көзделеді.
      Қойылған мақсатты іске асыру 2014 жылы мынадай мақсатты индикаторларға қол жеткізуге мүмкіндік береді:
      1) халықаралық транзитті қоса алғанда, магистральдық газ құбырларымен газ тасымалдау көлемінің ұлғаюы 2014 жылы жылына 121,4 млрд. текше м құрайды, оның ішінде «Қазақстан-Қытай» газ құбыры бойынша жылына 30 млрд. текше м.;
      2) халықаралық газ транзитінің көлемін жылына 100 млрд. текше м дейін ұлғайту;
      3) 2014 жылға қарай мұнай құбырларының өткізу қабілетін арттыру: КҚК – жылына 61,2 млн. тоннаға дейін, оның ішінде қазақстандық учаскеде – жылына 49,3 млн тонна, Қазақстан – Қытай бойынша – жылына 20 млн. тоннаға дейін құрайды.
      Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
      КҚК кеңейтуді үш кезең бойынша жүргізу жоспарлануда:
      1-кезең (2013 ж., жылына 40,6 млн. тонна, оның ішінде қазақстандық учаскеде – жылына 33,5 млн. тонна);
      2-кезең (2014 ж., жылына 61,2 млн. тонна, оның ішінде қазақстандық учаскеде – жылына 49,3 млн. тонна);
      3-кезең (2015 жыл, жылына 67 млн. тонна, оның ішінде қазақстандық учаскеде – жылына 52,5 млн. тонна);
      Қазақстан – Қытай мұнай құбырының өткізу қабілетін жылына 20 млн. тоннаға дейін ұлғайту.
      Жобаның кезеңдерін іске асырудың мерзімді кезеңі Қазақстан – Қытай мұнай құбыры жүктемесінің қамтамасыз етілуін белгілеуге сәйкес айқындалады.
      Қазақстан – Қытай магистральдық газ құбырын кеңейту
      Қазақстан – Қытай газ құбыры екі учаскеден тұрады: бірінші – «Түрікменстан – Өзбекстан – Қазақстан – Қытай» газ құбыры, екінші – «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбыры.
      «Қазақстан – Қытай» магистральдық газ құбырының өткізу қабілетін қамтамасыз ету 2014 жылы жылына 30 млрд. текше м және кейіннен Түрікменстанда шығарылған газдың транзиті мен Қазақстанда шығарылған газдың тасымалы үшін ықтимал кеңейту жылына 40 млрд. текше м дейін құрайды.
      Қазақстан – Қытай газ құбырының «С» желісін салу жобасы жылына қосымша 25 млрд. текше м тасымалдауға мүмкіндік алу үшін қолданыстағы Қазақстан – Қытай газ құбырының «А» және «В» желілерінің бір техникалық дәлізінде «С» желісін салуды көздейді.
      Сондай-ақ газ құбырының өткізу қабілетін жылына 10 млрд. текше м дейін жеткізе отырып, «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырын кезең-кезеңімен пайдалануға беру жоспарланып отыр.
      2014 жылға дейін КТҚС жағадағы инфрақұрылымының 8 объектісін іске қосу күтілуде.
      Мақсаттарға, мақсатты индикаторларға, міндеттерге, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жауапты мемлекеттік және өзге де органдар.
      Бағдарламаны іске асыру үшін мынадай мемлекеттік органдар мен ұйымдардың: Индустрия және жаңа технологиялар, Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Қоршаған орта және су ресурстары, Төтенше жағдайлар, Білім және ғылым, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Өңірлік даму министрліктерінің, облыс әкімдіктерінің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-тың, «Қазақстан даму банкі» АҚ-тың қолдауы қажет.»;
      «Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» деген 5-бөлімде:
      «Тасымалдау және инфрақұрылымды дамыту жөнінде.» деген 3-тармақтың екінші, үшінші және төртінші бөліктері алынып тасталсын;
      «Саланы техникалық реттеу» деген 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Саланы техникалық реттеу
      Техникалық реттеу саласында мұнай-газ саласының алдында зор міндеттер тұр.
      Кеден одағының «Автомобиль мен авиация бензиніне, дизель және кеме отынына, реактивті қозғалтқыш отыны мен мазутқа қойылатын талаптар туралы», «Жағар материалдарға, майларға және арнайы сұйықтықтарға қойылатын талаптар туралы» техникалық регламенттерін бекітумен бұл құжаттар бойынша жұмыс аяқталмайды. Осы техникалық регламенттерді іске асыруға қажетті іс-шаралар жоспарларының, мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу бойынша бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету қажет, оларды ерікті негізде қолдану нәтижесінде техникалық регламенттер, сондай-ақ зерттеулер (сынаулар) мен өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде техникалық регламенттер талаптарын қолдану мен орындау және өнімнің сәйкестігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттар талаптарының сақталуы қамтамасыз етіледі.
      Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі Кеден одағының «Мұнайдың және оның қайта өңделген өнімдерінің көрсеткіштерін өлшеу құралдарына қойылатын талаптар туралы», «Отын ретінде қолдануға арналған сұйытылған көмірсутек газдарға қойылатын талаптар» туралы техникалық регламенттерін, сондай-ақ олардың ілеспе құжаттарын (оларды іске асыру үшін қажетті іс-шаралар жоспарлары мен бағдарламаларды) әзірлеуге қатысады.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1100 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында техникалық реттеу және сапа инфрақұрылымын құру жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігіне бекітілген іс-шараларды жүзеге асыру жалғастырылады.»;
      «Қажетті ресурстар» деген 6-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Қажетті ресурстар
      Бағдарламаны іске асыруға арналған қаржы ресурстарының жалпы көлемі 7102159,8 млн. теңгені құрайды, оның ішінде қаржыландыру көздері бойынша:
      1) республикалық бюджет – 143304,5 млн. теңге;
      2) қарыз қаражаты – 738304,6 млн. теңге;
      3) меншікті қаражат – 4145860,2 млн. теңге;
      4) меншікті және қарыз қаражаты – 2074690,5 млн. теңге.»;
      «Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 7-бөлім осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаға 1-қосымшаның реттік нөмірі 7-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

«

7

«Темірат» теңіз мұнай-газ жабдықтарын өндіру зауытын салу

Алаңы: 49 га.
Негіздеме құжат:
кадастр № 13-199-001-2431 Түпқараған ауданы
Ақшүкір ауылы әкімінің 12.12.08 ж. № 1749 шешімі;
кадастр № 13-199-001-2430, Түпқараған ауданы Ақшүкір ауылы әкімінің 12.12.08 ж. № 1751 шешімі

Қарыз қаражаты

11 550

2010 – 2014 желтоқсан

«Қазақстан Каспиан Оффшор Индастриз» (Rosetti) ЖШС

                                                                  ».

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
      Үкіметінің      
2014 жылғы 17 сәуірдегі
№ 370 қаулысына   
қосымша        

7. Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту
жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру
жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с №

Іс-шара

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

Есепті беру мерзімдері

Болжамды шығыстар (млн. теңге)

Қаржыландыру көздері

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1. Мұнай мен газ өндіру, жер қойнауын пайдалану

1

Тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру (ТӨИ) шеңберінде Қашаған кен орнын игеру

ЭБЖМ-ге ақпарат

МГМ, «ҚМГ» ҰК» АҚ (келісім бойынша), «Қашаған BV» (келісім бойынша), NCOC (келісім бойынша)

2015 ж. наурызға дейін

1041889,0

965005,0

720420,0

718666,0

474435,0

3920415,0

меншікті қаражат

2

Амангелді газ кен орны тобының Анабай, Жарқұм, Айрақты, Барханная (Сұлтанқұдық), Қосқұдық (шығыс Құмырлы) кен орындарын қосымша барлауға және игеруге бағытталған іс-шараларды дайындау

ЭБЖМ-ге ақпарат

МГМ, «ҚМГ» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

жыл сайын наурыз

378,0

138,0

1447,6

5709,4

4987,1

12660,1

меншікті қаражат

3

Ірі кен орындары бойынша кеңейту жобаларын талдау және оған қатысты ұсынымдар әзірлеу

ЭБЖМ-ге ақпарат

МГМ

2014 ж. маусым







талап етілмейді

4

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне газ тасымалдау жүйесін дамытуға нысаналы трансферттер

Қаржыминіне есеп

МГМ, әкімдіктер (келісім бойынша)

жыл сайын желтоқсан

12121,0

14180,0

13508,5

15583,5

15272,6

70665,6

республикалық бюджет

5

Ескі, рентабельді емес кен орындарында өндіруді ынталандыру

ЭБЖМ-ге ақпарат

МГМ

2014 ж. желтоқсан







талап етілмейді

6

«ҚМГ» ҰК» АҚ даму стратегиясын талдау, дамудың перспективалық бағыттарын, негізгі активтерді басқару тиімділігін бағалау

ЭБЖМ-ге ақпарат

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «ҚМГ» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

жыл сайын, ақпан







талап етілмейді

7

«ҚР жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» интеграцияланған ақпараттық жүйесін (ҚР ЖП ББМЖ БАЖ) құру, енгізу және дамыту

ЭБЖМ-ге ақпарат

МГМ, Қаржымині, ККМ

2011 ж. желтоқсан 2014 ж. наурыз

70,0

-

-

313,2

-

383,2

республикалық бюджет

8

Газды кәдеге жарату бойынша есеп

ЭБЖМ-ге ақпарат

МГМ

2012 ж. желтоқсан







талап етілмейді

9

Жер қойнауын ұтымды пайдалануды реттеу және бақылау жүйесінің тиімділігін жақсарту, арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін ОБК жұмысына талдау жүргізу

ЭБЖМ-ге ақпарат

МГМ

2010 ж. қараша







талап етілмейді

2. Мұнай өңдеу және мұнай-химия

10

Атырау МӨЗ-інде мұнайды терең өңдеу кешенін салу

ЭБЖМ-ге ақпарат

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «ҚМГ» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

2016 ж.*

1412,0

4051,0

584,0

8201,0

8993,0

23241,0

меншікті қаражат

-

-

-

11214,0

115511,0

126725,0

қарыз қаражаты

11

ЭЛОУ-АВТ қондырғысының вакуумдық блогын және баяу кокстау қондырғысын реконструкциялау

ЭБЖМ-ге ақпарат

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «ҚМГ» ҰК» АҚ (келісім ойынша)

2010 ж. желтоқсан

9810,0

3079,0

393,0

882,0

-

14164,0

меншікті қаражат

12

Атырау МӨЗ базасында хош иісті көмірсутектер өндірісі кешенін салу

ЭБЖМ-ге ақпарат

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «ҚМГ» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

2015 ж.

5308,0

8 718,0

47640,0

101710,0

*****

163376,0

меншікті және қарыз қаражаты

13

Шымкент МӨЗ-ін («ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС) реконструкциялау және жаңғырту

ЭБЖМ-ге ақпарат

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «ҚМГ» ҰК» АҚ (келісім бойынша), CNPC (келісім бойынша)

2016 ж.*

98,0

551,0

4050,0

4762,6

***

9461,6

қарыз қаражаты

14

Павлодар МХЗ-ын реконструкциялау және жаңғырту

ЭБЖМ-ге ақпарат

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «ҚМГ» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

2016 ж.*

-

-

5596,0

5410,0

3000,0******

14006,0

меншікті қаражат

-

-

-

18360,0

52177,0******

70537,0

қарыз қаражаты

15

Атырау облысындағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылымымен қамтамасыз ету:
- 2013 – 2014 жылдары АЭА ТЭН-ін түзету;
- АЭА ЖСҚ әзірлеуді бастау (бірінші кезең – белгіленген тәртіппен бекітуге жататын жоба)

ЭБЖМ-ге ақпарат

МГМ, «ҰИМТ» АЭА» АҚ

жыл сайын, 10 наурызға дейін

329,0

6,5

3,2

0

300,2

638,9

республикалық бюджет

16

Атырау облысында интеграцияланған
газ-химия кешенін салу
I сатыны іске асыру (Полипропилен)
II сатыны іске асыру (Полиэтилен)

ЭБЖМ-ге ақпарат

МГМ, Атырау облысының әкімдігі (келісім бойынша), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), ҚДБ (келісім бойынша), «БХК» ЖШС (келісім бойынша), «КРІ» ЖШС (жоба операторы, келісім бойынша)

2010 ж. қазан- 2015 ж. маусым*
2010 ж. қазан
2014 ж. желтоқсан
2015 ж.
маусым*

85010,0
 

85010,0

357150,0
 
 

51000,0 
 
 

306150,0

165450,0 
 

52500,0
 

112950,0

164010,0
 
 

51060,0 
 
 

112950,0

334010,0 
 
 

221060,0 
 
 

112950,0

1105630,0
 

460630,0 
 

645000,0

меншікті және қарыз қаражаты

17

Ақтау пластикалық массалар зауытында жол битумы өндірісін салу

ЭБЖМ-ге ақпарат

МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «ҚМГ» ҰК» АҚ (келісім бойынша), «Caspi Bitum» БК» ЖШС

2010 ж. маусым – 2012 ж. қазан 2014 ж. желтоқсан

631,0****

5527,0****

19686,0****

15969,0****

-

41813,0****

меншікті және қарыз қаражаты

18

Қазақстанда синтетикалық каучук өндіру мүмкіндіктерін зерделеу жөніндегі алдын ала талдауды дайындау

ЭБЖМ-ге ақпарат

МГМ, ИЖТМ, «ҚМГ» ҰК» АҚ (келісім бойынша), «БХК» ЖШС (келісім бойынша)

2015ж. наурыз







талап етілмейді

3. Көліктік және жағадағы инфрақұрылым

19

Баутино кентінің ауданында өндірістік алаң салу

МГМ-ге ақпарат

«ТеңізСервис» ЖШС (келісім бойынша)

2010 ж. желтоқсан

4390,0

10,0

-

-

-

4400,0

қарыз қаражаты

20

Баутино кентінің ауданында бұрғылау ерітінділерін өндіру зауытын салу

МГМ-ге ақпарат

«MI SWACO» (келісім бойынша)

2011 ж. желтоқсан

819,0

748,0

-

-

-

1567,0

қарыз қаражаты

21

«Темір ат» теңіз мұнай-газ жабдықтарын өндіру зауытын салу

МГМ-ге ақпарат

«Қазақстан Каспиан Оффшор Индастриз» (Rosetti) ЖШС (келісім бойынша)

2015 ж. ақпан

2300,0

3800,0

860,0

1000,0

2100,0

10060,0

қарыз қаражаты

22

«Сарытас» шығанағында теңіз операцияларын қолдаудың жаңа жағалық базасын құру

МГМ-ге ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі (келісім бойынша), «Сартас Теңіз порты» АҚ (келісім бойынша)

2014 ж. желтоқсан

-

-

-

2267,0

3929,0

6196,0

меншікті және қарыз қаражаты

23

Қолданыстағы газ тасымалдау жүйесін реконструкциялау және жаңғырту

ЭБЖМ-ге ақпарат

МГМ, «ҚМГ» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

жыл сайын, қаңтар

42,0

19,0

22,0

20,0

20,0

123,0

меншікті қаражат

24

«Оңтүстік Қазақстан облысының газ тарату жүйесін жаңғырту» жобасын іске асыру

МГМ-ге ақпарат

«ҚМГ» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

жыл сайын, қаңтар

2850,0

4795,0

3146,0

2907,0

3254,0

16952,0

меншікті қаражат (2010 – 2013 жж.) қарыз қаражаты (2014 ж.)

25

«Алматы қаласы мен Алматы облысының газ құбырларын реконструкциялау» жобасын іске асыру

МГМ-ге ақпарат

«ҚМГ» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

жыл сайын, қаңтар

531,0

245,0

-

-

-

776,0

меншікті қаражат

26

«Мақат КС-тегі № 4 турбокомпрессорлық цехын дамыту» жобасын іске асыру

МГМ-ге ақпарат

«ҚМГ» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

жыл сайын, қаңтар

-

16448,0

12084,0

8710,0

-

37242,0

меншікті қаражат

27

«Бейнеу – Шымкент» газ құбырын салу

ЭБЖМ-ге ақпарат

МГМ, ЭБЖМ, Қаржымині, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «ҚМГ» ҰК» АҚ (келісім бойынша)


-

-

72715,0

-

-

72715,0

меншікті қаражат

2011 ж. желтоқсан

49500,0

12135,0


8916,9

-

70551,9

республикалық бюджет

2014 ж. наурыз

-

-

52588,0

158314,0

84153,0

295055,0

қарыз қаражаты

28

«Қазақстан – Қытай» газ құбырын салу

ЭБЖМ-ге ақпарат

МГМ, «ҚМГ» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

2010 ж. қыркүйек

89694,0

80793,0

47537,0

2475,0

***

220499,0

қарыз қаражаты

29

КҚК мұнай құбырының мұнай өткізу қабілетін жылына 67,0 млн. тоннаға, оның ішінде қазақстандық мұнайды жылына 52,5 млн. тоннаға дейін ұлғайту жөніндегі жұмыстарды жүргізу

ЭБЖМ-ге ақпарат

МГМ, «ҚМГ» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

2015 ж.*

16576,0

112332,0

201300,0

225000,0

187500,0

742708,0

меншікті қаражат, қарыз қаражаты (қажет болған жағдайда) **

30

Қазақстан – Қытай: Атасу – Алашанькоу, Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбырларының өткізу қуатын ұлғайту, Кеңқияқ – Атырау реверсі және өткізу қуатын ұлғайту, Құмкөл – Атасуды реконструкциялау

ЭБЖМ-ге ақпарат

МГМ, «ҚМГ» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

жыл сайын, желтоқсан

6663,0

4283,0

4553,0

20269,0

-

35768,0

2010 – 2013 жж. – меншікті қаражат, Кеңқияк – Атырау және Кеңқияк – Құмкөл учаскелерін кеңейту басталуы мүмкін.

4. Нормативтік құқықтық актілер және саланы техникалық реттеу

31

«Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу

ВАК отырысына тұжырымдаманы енгізу

МГМ, ТМРА, БҚА, ҚОСРМ, «ҚМГ» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

2010 ж. желтоқсан







талап етілмейді

32

«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

МГМ, ЭБЖМ, ИЖТМ, ТЖМ, ККМ, БҚА, Қаржымині, ТМРА, ҚОСРМ, ӨДМ

2010 ж. желтоқсан







талап етілмейді

33

Мемлекеттік стандарттау бойынша жұмыстар жоспарына сәйкес Кеден одағының техникалық регламенттерін қолдау үшін ұлттық стандарттар мен мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу

Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның бұйрығы

МГМ, ИЖТМ

2011 – 2013 жылдар

-

45,0

42,5

109,1

-

196,6

республикалық бюджет

34

«Отын ретінде қолдануға арналған сұйытылған көмірсутек газдарына қойылатын талаптар» туралы Кеден одағының техникалық регламентін әзірлеуге қатысу

Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімі

МГМ

2012 – 2013 жылдар







талап етілмейді

35

«Мұнайдың және оның қайта өңдеу өнімдерінің көрсеткіштерін өлшеу құралдарына қойылатын талаптар» туралы Кеден одағының техникалық регламентін әзірлеуге қатысу

Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімі

МГМ

2012 – 2013 жылдар







талап етілмейді

5. Жергілікті қамтуды дамыту

36

Көмірсутек шикізаты бөлігінде жер қойнауын пайдалануды иелену құқығына арналған конкурс шарттарына енгізу үшін тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі және кадрлардағы жергілікті қамту бойынша конкурсқа қатысушыларға ұсыныстарды әзірлеу

Конкурс шарттары

МГМ, ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

жыл сайын, желтоқсан







талап етілмейді

37

Техникалық сипаттамаларды, санын көрсете отырып, мұнай-газ саласы үшін машина жасаудың неғұрлым талап етілетін өнімдерінің тізбесін айқындау

ИЖТМ-ге ақпарат

МГМ, «ҚМГ» ҰК» АҚ (келісім бойынша), «АТО» АҚ (келісім бойынша), «PSA» ЖШС (келісім бойынша)

жыл сайын, ақпан







талап етілмейді

38

Жер қойнауын пайдаланудың мұнай-газ саласында талап етілетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді айқындау (ҚР Үкіметінің 2010 ж. 20 қыркүйектегі № 965 қаулысына сәйкес)

ИЖТМ-ге ақпарат

МГМ, «ҚМГ» ҰҚ» АҚ (келісім бойынша), «АТО» АҚ (келісім бойынша), «PSA» ЖШС (келісім бойынша)

2010 ж. желтоқсан







талап етілмейді

6. Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету

39

Мұнай-газ кешені үшін қазақстандық мамандарды даярлау және қайта даярлау

МГМ-ге ақпарат

БҒМ, Маңғыстау (келісім бойынша) және Атырау (келісім бойынша) облыстарының әкімдіктері

жыл сайын, желтоқсан







талап етілмейді

40

Жағадағы инфрақұрылым кәсіпорындары үшін кадрлар даярлау

МГМ-ге ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі (келісім бойынша), БҒМ

2010 ж. желтоқсан







талап етілмейді

41

Материалдық-техникалық базаны нығайта отырып, отандық жоғары оқу орындарының, оның ішінде Ш. Есенов атындағы Каспий инженерлік-техникалық университетінің рөлін күшейту

БҒМ-ге, МГМ-ге ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі (келісім бойынша)

жыл сайын, қаңтар

750,0

105,3

-

-

-

855,3

республикалық бюджетБҒМ

-

535,6

207,8

308,7

-

1052,1

меншікті қаражат

7. Қоршаған ортаны қорғау

42

Атырау облысы Дамба кентінің ауданында Солтүстік Каспий мұнайдың төгілуіне ден қою экологиялық базасын салу

МГМ-ге ақпарат

«ТеңізСервис» ЖШС (келісім бойынша)

2012 ж. желтоқсан

77,5

2698,0

8938,0

***

***

11713,0

меншікті және қарыз қаражат

43

Теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында мұнай төгілуінің алдын алу және оған ден қою жөніндегі зерттеу жұмыстарын жүргізу

ЭБЖМ-ге ақпарат

МГМ, ҚОСРМ, ТЖМ, «ҚМГ» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

2012 ж. қаңтар

-

13,0

-

-

-

13,0

республикалық бюджет

44

Теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында мұнай төгілуінің алдын алу және оған ден қою жөніндегі ұлттық жоспардың жаңа редакциясын әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

МГМ, «ҚМГ» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

2011 ж. желтоқсан







талап етілмейді

45

Энергия үнемдеу бойынша шаралар әзірлеу

ИЖТМ-ге ақпарат

МГМ, «ҚМГ» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

2010 ж. желтоқсан







талап етілмейді

8. Мұнай-газ саласындағы ғылым мен инжинирингті дамыту

46

Мұнай-газ саласындағы ғылыми-зерттеу және инжинирингтік әзірлемелердің деңгейін арттыру

МГМ-ге ақпарат

«ҚМГ» ҰК» АҚ (келісім бойынша), «ҚМГИ» АҚ (келісім бойынша)

жыл сайын, ақпан







талап етілмейді

47

Мынадай бағыттарды жедел дамыту жөніндегі іс-шараларды жүргізу:
мұнай өңдеу және мұнай-химия;
оффшорлық жобалау;
энергия үнемдеу және дәстүрлі емес энергия көздері;
газды, қалдықтарды және мұнай-газ өндірісінің ілеспе өнімдерін кәдеге жарату әдістерін жетілдіру

МГМ-ге ақпарат

«ҚМГ» ҰК» АҚ (келісім бойынша), «ҚМГИ» АҚ (келісім бойынша)

жыл сайын, ақпан







талап етілмейді

48

«ҚМГ» ҰК» АҚ кен орындарының мысалында соңғы игеру сатысындағы кен орындарында қабаттардың мұнай қайырымын арттыру технологияларын дамыту

ИЖТМ-ге ақпарат

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚМГИ» АҚ (келісім бойынша)

жыл сайын, ақпан







меншікті қаражаты

      * Кейбір инвестициялық жобаларды іске асыру мерзімі осы Бағдарлама мерзімінің шегінен шығады.
      ** Қаражатты қаржыландыру көлемі «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізуге, сондай-ақ компаниялардың меншікті және қарыз қаражаты өздері тартқан ивестицияларға тәуелді болуына байланысты түзетілуі мүмкін.
      *** Қаржыландыру көлемі Жобалау-сметалық құжаттама әзірлегеннен кейін белгіленеді.
      **** Болжамды шығыстар ҚҚС-сыз көрсетілген.
      ***** Жобаны іске асыру мерзімінің 2014 жылға ауыстырылуына байланысты 2013 жылы игерілмеген шығыстар 2014 жылы игеріледі.

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ҚРҮ             – Қазақстан Республикасының Үкіметі
МГМ             – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
ИЖТМ            – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
                  технологиялар министрлігі
ҚОСРМ           – Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су
                  ресурстары министрлігі
ЭБЖМ            – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
                  жоспарлау министрлігі
Қаржымині       – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
БҒМ             – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ТЖМ             – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
ТМРА            – Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу                    агенттігі
БҚА             – Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау
                  агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)
«Самұрық-Қазына» – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік
ҰӘҚ» АҚ            қоғамы
«ҚМГИ» АҚ       – «Қазақстан мұнай және газ институты» акционерлік
                  қоғамы
«ҚМГ» ҰК» АҚ    – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік
                  қоғамы
«БХК» ЖШС       – «Бірлескен химия компаниясы» жауапкершілігі
                  шектеулі серіктестігі
«ҰИМТ» АЭА» АҚ  – «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы
                  экономикалық аймағы» акционерлік қоғамы
«АТО» АҚ        – «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы»
                  акционерлік қоғамы
NCOC            – North Caspian Operating Company
«PSA» ЖШС       – «Product Sharing Agreement» жауапкершілігі шектеулі
                  серіктестігі
CNPC            – Chinese National Petroleum Corporation
«KPI» ЖШС       – «Kazakhstan Petrochemical Indastries»
                  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«KPI» АҚ        – «Kazakhstan Petrochemical Indastries» акционерлік
                  қоғамы
«Caspi Bitum»   – «Caspi Bitum» бірлескен кәсіпорны» жауапкершілігі
БК» ЖШС           шектеулі серіктестігі
«ТШО» ЖШС       – «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«ТеңізСервис»   – «ТеңізСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
ЖШС

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады