"Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2014 - 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 6 мамырдағы № 461 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 818 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 10.12.2018 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 184-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 6 мамырдағы
№ 461 қаулысымен
бекітілген

"Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 184-бабына сәйкес ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялар он жылдық кезеңге арналған даму стратегиясын әзірлейді.

      Жоғарыда жазылғанға байланысты "Ертіс" ӘКК" ҰК" АҚ басқарушы компания ретінде 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын (бұдан әрі – Стратегия) әзірледі.

      Стратегиялық жоспарлау процесі нақты компания мен нарыққа, Шығыс Қазақстан облысының бизнес ортасы ретінде – компанияның "жауапкершілік" аймағына қолданылған.

      Аталған құжат он жылдық кезеңге арналған негізгі стратегиялық бағыттарды, даму мақсаттары мен міндеттерді айқындайды.

      Стратегияда қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру ӘКК еншілес ұйымдарының тиімді басқаруы есебінен қамтамасыз етіледі. Стратегияны іске асыру нәтижелері бойынша ӘКК қызметін бағалау жоспарлануда.

      ӘКК және оның еншілес ұйымдарының барлық бағдарламалық және жоспарлау құжаттары аталған Стратегия ережелерін ескере отырып әзірленеді немесе оған сәйкестендіріледі.

      Стратегияны іске асыру Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 4 маусымдағы № 579 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасының, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1382 қаулысымен мақұлданған Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасының негізгі бағыттарына негізделген.

Ағымдағы жағдайды талдау
1. Сыртқы ортаны талдау
Шығыс Қазақстан облысының жалпы сипаттамасы

      Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан, 1932 жылғы 20 ақпанда құрылған. Қазіргі уақытта облыстың әкімшілік орталығы Өскемен қаласы болып табылады.

      Өңір тиімді географиялық жағдайда орналасқан: Ресей Федерациясымен, ҚХР-мен, сонымен қатар Қазақстанның үш облысымен шекаралас жатыр.

      ҚХР-ның Шыңжан-Ұйғыр автономдық ауданы, Алтай өңірі және Алтай Республикасы, Қазақстан Республикасының Алматы, Қарағанды және Павлодар облыстары сияқты әлеуеті кең нарықтардың тікелей жақын орналасуы агроөнеркәсіптік кешен мен тау-кен өнеркәсібі өнімдерін өткізу үшін бәсекелестік артықшылықты қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, ҚХР-мен көршілес шекараластық экспортқа бағытталған өндіріс пен шекара маңындағы сауданы дамыту мүмкіндігін береді.

      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес 2013 жылғы 1 қаңтарға Шығыс Қазақстан облысының халық саны 1 394 114 адамды құрады. Осылайша, облыс бойынша орташа халық тығыздығы 1 шаршы метрге 4,9 адамды құрады.

Облыстың табиғи-ресурстық әлеуетін бағалау

      Шығыс Қазақстан табиғи-климаттық жағдайы ерекше өңір болып табылады. Онда дала, шөл дала және таулы-тайга ландшафттары көршілес жатыр.

      Облыс аумағы су ресурстарына бай, мұнда 800-ден астам өзен бар, олардың жалпы ұзындығы 10 мың километрден асады. Басты су артериясы өзінің көптеген су арналары – Үлбі, Оба, Қарақаба, Қалжыр, Күршім, Нарым, Бұқтырма таулы өзендерімен және тағы басқалармен жалғасып жатқан Ертіс өзені болып табылады. Өңірде Зайсан, Марқакөл, Алакөл, Сасықкөл ірі көлдері орналасқан. Бұдан басқа, көптеген шағын көлдер, су қоймалары бар, олардың ішіндегі ең ірісі – Бұқтырма болып табылады.

      Облыс климаты шұғыл континентальді, ауа температурасының тәуліктік, маусымдық және орташа жылдық өзгеру амплитудасы жоғары.

      Өңір аумағының 30 %-ы орманды алқап, онда Қазақстан Республикасының іскер ағашының 70 % қоры шоғырланған.

      Облыста едәуір минералды-шикізат ресурстары орналасқан және оның басты байлығы – полиметалл кендері, онда мырыш, қорғасын, мыс, сирек кездесетін және асыл металдар бар, тас көмір кен орындары орналасқан, сонымен қатар едәуір алтын, сирек және сирек кездесетін жер металдары, цемент өндіруге арналған шикізат, әйнек шлактары, жанартас пен цеолит сілемдерінің қоры орналасқан.

      Пайдалы қазбаларға бай кен орындарының орналасуы облыс экономикасының өсуіне жағдай жасап отыр. Экономиканың базалық саласы түсті металлургия болып табылады, оның үлесіне облыстың өнеркәсіптік әлеуетінің 60 %-ға жуығы жатады. Металлургиялық кәсіпорындар шығаратын номенклатурада ерекше үлеске қорғасын, мырыш, алтын, күміс, титан және магний ие болып отыр. Жалпыреспубликалық көлемде облыста өндірілетін қорғасынның үлес салмағы 98,4 %-ды, мырыш – 96,6 %-ды, аффинирленген алтын – 56,1 %-ды, аффинирленген күміс – 15,7 %-ды, атом электр станциялары үшін титан, магний, тантал, берилий және отын – 100 %-ды құрайды.

      Өңірде машина жасау мен металл өңдеу, орман және ағаш өңдеу, жеңіл, тамақ өнеркәсібі де дамыған.

      Энергетикалық кешен үш гидроэнергетикалық (Өскемен, Бұқтырма, Шүлбі және ГЭС Лениногор каскады) және төрт жылу станциясынан (Өскемен, Семей, Лениногор, Согра ЖЭО) тұрады.

      Облыстың көліктік кешені қатынастың барлық түрлерін қамтиды: автомобиль, теміржол, су және әуе. Өңір Қазақстан Республикасындағы ең ұзын жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары желісіне ие – 11 841,8 километр. Қатты жамылғысы бар ішкі автомобиль жолдарының үлесі олардың жалпы ұзындығынан 90,9 %-ды құрайды. Өңір аумағы бойынша екі магистральдық автокөлік дәлізі өтеді: Омбы – Майқапшағай және Алматы – Риддер – Ресей Федерациясы шекарасы.

      Өңірде жеткілікті таралған теміржол желісі бар: Защита ст. – Алматы, Алматы – Аягөз – Шар – Семей – Локоть (Ресей Федерациясы), Шар – Өскемен – Шемонаиха – Локоть (Ресей Федерациясы), Өскемен – Риддер, Өскемен – Зырян, Семей – Курчатов – Ақсу – Павлодар.

      Өзен су қатынасы жолдарымен жолаушылар мен жүк тасымалдауды су көлігінің үш кәсіпорны жүзеге асырады, екі жүк порты жұмыс істейді.

Облыстың экономикалық жағдайын бағалау

      Өңірдің экономикалық даму жағдайы дамудың оң серпінімен сипатталады.

      Жалпы өңірлік өнім көлемі 2006 жылдан 2013 жылға дейін 3,1 есеге ұлғайды. 2013 жылы жалпы өңірлік өнім 2012 жылғы деңгейге шаққанда 6,8 %-ға өсіп, 1 761 млрд. теңгені құрады (1-қосымша, 1-диаграмма).

      Өнеркәсіптік өнім өндірісі көлемі 2012 жылға қарай 6,8 %-ға өсу арқылы 1 007,3 миллиард теңгені құрады (2-диаграмма).

      Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2012 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 25 %-ға өсу арқылы 2013 жылы 296,3 миллиард теңгені құрады.

      Негізгі капиталға инвестиция көлемі 301,1 миллиард теңгені құрады, 2012 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 14,3 %-ға артты.

      Қаржыландыру көзі бойынша үлкен үлесін кәсіпорындардың меншікті қаражаты – 193,9 миллиард теңгені, республикалық бюджет қаражаты – 53,2 миллиард теңгені, қарыз қаражаты – 29 миллиард теңгені, жергілікті бюджет – 16 миллиард теңгені, шетел инвестициялары – 9 миллиард теңгені құрады.

      2013 жылы тұрғын үйді пайдалануға енгізу 2012 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 19,4 %-ға артты және жалпы ауданы 291,3 мың шаршы метрді құрады.

      Нақты сектордың өсу қарқынының артуы бюджет көлеміне қолайлы әсер етті. 2013 жылы мемлекеттік бюджетке түсім 183,6 миллиард теңгені құрады, олардың ішінде облыс бюджетіне 70,2 миллиард теңге сомаға кіріс түсті.

      Әлеуметтік салада 2012 жылмен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі 2013 жылы сақталып, 5,1 %-ды құрады.

      Шағын және орта бизнестің белсенді субъектілерінің саны (жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарын есепке ала отырып) 75 776 бірлікті құрады (негізгі үлесін жеке кәсіпкерлер құрады – 75 %, шаруа қожалықтары – 17,3 %, заңды тұлғалар – 7,7 %), бұл 2012 жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 10 %-ға артты (1-қосымша, 1-кесте).

      Бұл салада жұмыспен қамтылғандар 0,2 %-ға өсті және 231,2 мың адамды құрады. Шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар үлесі облыстың жалпы экономикалық белсенді халық санынан 30,8 %-ды құрады, бұл алдыңғы жылдан 0,4 %-ға артық.

      Шағын және орта бизнес субъектілерінің өнімдерді (тауарларды, көрсетілетін қызметтерді) шығаруы 464,3 млрд. теңгені құрады немесе

      2011 жылға шаққанда 106,2%. Өнімді шығару индексі орташа республикалық көрсеткіш – 100,2 % болғанда 101,1 %-ды құрады.

      Ауылда бизнесті дамыту мақсатында ӘКК микрокредиттеуді ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген ұйым ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасын іске асыруға қатысты.

      "Жұмыспен қамту – 2020" бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде халыққа микрокредиттерді ұсыну мақсатында 3,1 миллиард теңге бөлінген. 2013 жылы ӘКК-ге микрокредиттеу үшін 6 миллиард теңге бөлінген. ӘКК 200 кредиттік серіктестікке және 1 микрокредиттік ұйымға кредит берді, олар өз кезегінде 3997 қарыз алушыға кредит берді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 683 қаулысымен бекітілген Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2013 жылы ӘКК, моноқалалардың әкімдіктері мен моноқалалардың кәсіпкерлік бөлімдері арасында жалпы сомасы 211,2 млн. теңгеге кредиттік шарттар жасалды, оның ішінде: Курчатов қ. – 48,89 млн. теңге, Риддер қ. – 50 млн. теңге, Зырян ауданы (Зырян қ., Серебрянск қ.) – 112,35 млн. теңге.

      Бағдарламаға қатысушыларды кейіннен микрокредит беру үшін шағын қаржылық ұйымдарды іріктеу бойынша өткізілген конкурс нәтижелері бойынша 6 кредит серіктестігімен жалпы сомасы 211,24 млн. теңгеге кредит ұсыну туралы шарттар жасалды.

      Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны 2013 жылы – 74 қарыз алушы құрады, оның ішінде: Курчатов қ. – 17 қарыз алушы, Риддер қ. – 17 қарыз алушы, Зырян қ. және Серебрянск қ. – 40 қарыз алушы.

      Өнеркәсіп саласында шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында Семей және Өскемен қалаларында индустриялық аймақтар құрылды. Бүгінгі күні кәсіпкерлердің металл конструкцияларын, құрылыс материалдарын, полиэфир қара майларын және композиттік материалдарды, теміржол қозғалыс құрамы үшін тежеуіш қалыптарын, жүнді кешенді өңдеу және т.б. шығару бойынша өндірістерді ашу жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыруға өтінімдері берілді.

      Бұдан басқа, ӘКК өз қызметі аясында шағын және орта кәсіпкерлік секторын дамыту үшін бизнеске қаржылық емес қолдау көрсетеді. Мұндай көмек түріне заманауи бәсекеге қабілетті өндірістер мен инновациялық қызметті ұйымдастыру мәселелерінде шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің қызметін сүйемелдеу; бизнес қоғамдастықтарға ақпараттық-талдау қолдауын көрсету; өзекті мәселелер бойынша бизнес, холдингтер мен шетел компаниялары өкілдерімен дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізу және басқасы жатады.

      Жоғарыда жазылғанның негізінде, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының оң серпіні (1-қосымша, 2-кесте), табиғи әлеуеті, сонымен қатар шағын және орта бизнес саласының әлеуеті ӘКК үшін өңірдің экономикасын дамытуда объективті мүмкіндіктер ашады.

      Облыстың ӘКК қатысумен одан әрі әлеуметтік-экономикалық өсуі ірі, орта және шағын бизнес және "өсу нүктелерінде" тиісті инфрақұрылымды дамыту үшін жағдай жасау арқылы болуы мүмкін.

Облыстың басым салаларының жай-күйін талдау

      Тау-кен өндірісі өнеркәсібінің негізін қолданыстағы 62 кәсіпорын құрайды, оның ішінде 47 шағын, 11 орта және 4 ірі кәсіпорын, олар сондай-ақ жалпы таралған пайдалы қазбаларды шығарумен айналысады.

      Тау-кен өнеркәсібінің өнеркәсіптік өндірістегі жалпы көлемінің үлесі шамамен 18 %-ды құрайды.

      Тау-кен өнеркәсібінде тауар өнімдерінің өндіріс серпіні соңғы 5 жылда тұрақты өсуді көрсетіп отыр, алайда шығару көлемі әлемдік қор биржаларындағы металл құнының серпініне байланысты.

      Өнеркәсіптік өндірісті әртараптандырудың негізі болып табылатын өңдеу өнеркәсібі мынадай кіші салалардан тұрады: металлургия өнеркәсібі және дайын металл бұйымдарының өндірісі (саладағы жалпы үлесі 57,2 %), машина жасау (13,7 %), өзге металл емес минералды өнімдердің өндірісі (7,2 %), резеңке және пластмасса бұйымдары (1 %), химиялық өнеркәсіп (2,5 %), целлюлоза-қағаз өнеркәсібі және баспа ісі (0,8 %), ағаш өңдеу және ағаш бұйымдарының өндірісі (0,4 %), текстиль және тігін өнеркәсібі (0,4 %). Өңдеу өнеркәсібінде 798 кәсіпорын қызмет етеді, оның ішінде 103-і ірі және орта.

      Өңдеу өнеркәсібінің облыстың жалпы өнеркәсіптік көлеміндегі үлесі 72 %-ды құрайды.

      Өңдеу өнеркәсібі саласында ӘКК мен "Теньши" ЖШС бірлесіп, 2009 жылдан бастап өңірде күйдірілмеген кесек әк шығару бойынша кәсіпорын құру жобасын іске асыруда.

      Бүгінгі күні ӘКК жалпы инвестициялар көлемі шамамен 35 млрд. теңге, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен оның инфрақұрылымына жалпы сома аударымдары – жыл сайын 736 млн. теңге болатын 49 объекті бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасау үшін Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен тікелей келіссөздер жүргізді.

      Негізгі жұмыстар кен орындарын барлаумен байланысты. Бүгінгі күні ӘКК жер қойнауын пайдалануға 13 келісімшарт жасасты, инвестиция сомасы 8,028 млрд. теңге, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен оның инфрақұрылымына жыл сайынғы аударымдар – 30,35 млн. теңге. Оның ішінде 2013 жылға – 10 келісімшарт, инвестиция сомасы – 6,4 млрд. теңге, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен оның инфрақұрылымына жыл сайынғы аударымдар – 23,75 млн. теңге (2012 жылы 3 келісімшарт жасалды). 10 объекті бойынша (инвестициялар 16,7 млрд. теңге) жобалық құжаттар пайдалы қазбаларды барлау және өндіру жөніндегі орталық комиссиядан келісуден өтті, 26 объекті бойынша (инвестициялар – 10,1 млрд. теңге) жобалық құжаттаманы әзірлеу және келісу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

      Машина жасау кешені өңірде серпінді түрде дамып келе жатқандардың бірі болып табылады. Облыста машина жасау өнімдерін шығаратын 130-дан астам шаруашылық субъектілері белсенді қызмет атқаруда. Барлық типтегі өнеркәсіптік өндіріс құрылымындағы кәсіпорындардың едәуір үлес салмағын 18 ірі және шағын кәсіпорындар құрайды, олардың машина жасау көлеміндегі үлесі 80 %-ды құрайды.

      Машина жасау саласын дамыту үшін ӘКК "АВТОВАЗ" ААҚ тұлғасында ірі кәсіпорынды тарта отырып, 2010 – 2014 жылдарға республикалық индустрияландыру картасына енгізілген "Өскемен қаласында толық циклді автозауыт және автобөлшектердің өндірісі бойынша технопарк құрылысы" ірі ауқымды жобасын іске асыруды бастады.

      Жобаны 2015 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Жобалық қуаты – жылына 120 мың автомобильді құрайды.

      Жоба толық қуатына шыққан жағдайда, автозауытта жұмыс істейтіндер саны 4 мың адамды құрайды, сабақтас өндірісті есепке алғанда жұмыс орындарының саны 12 мың адамнан асады. Бұл өңірлік көрсеткішті ғана емес, сондай-ақ жалпы алғанда сала бойынша ең жақсы көрсеткіштерден де асып түседі. Бұдан басқа, жоба өңірдегі жұмыссыздық деңгейін айтарлықтай төмендетеді (ШҚО-да жұмыспен қамтылмаған жалпы саны 38,2 мың адам құрайды).

      Жоспарланған әлеуетіне шығып, технопарктегі автоқұрамдауыштар шығаруды іске қосу кезінде қазақстандық қамту үлесі 50 %-дан асады. Бұл ретте, Кеден одағы тауарларының түпкі өнімдегі қамту үлесі 90 %-дан астам құрайды.

      Экономиканың тарихи тұрғыда қалыптасқан индустриялық сипатына қарамастан, өңірде моноқалалардағы ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының толық немесе ішінара тоқтау проблемасы бар.

      Айталық, "Серебрянск бейорганикалық өндіріс зауыты" ЖШС (СБӨЗ-ЖШС) өндіріс 2012 жылдың басында тоқтатылды, бұл ШҚО Зырян ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайына теріс әсерін тигізді.

      Аталған проблеманы шешу үшін облыс әкімдігі ӘКК бірлесіп, ӘКК 100 % қатысатын бірлескен кәсіпорын – "Ертіс СБӨЗ" ЖШС құрды.

      "СБӨЗ" ЖШС қызметін толық қайта жаңғырту үшін облыстық бюджеттен 100 миллион теңге мөлшерінде сома бөлінген.

      "СБӨЗ" ЖШС және "Ертіс СБӨЗ" ЖШС арасында жұмыс алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу шартына негізделген болған. "Ертіс СБӨЗ" ЖШС 70 миллион теңге сомасына шикізат сатып алды, сондай-ақ оны қайта өндеу бойынша "СБӨЗ" ЖШС көрсетілетін қызметтерін 40 миллион теңгеге сатып алды.

      2012 – 2013 жылдары 130 миллион теңгенің өнімі өндірілді, шикізатты қайта өңдеу кезеңінде 300-ден аса адам жұмысқа орналастырылды.

      Қазіргі кезде "Ертіс СБӨЗ" ЖШС қызметі кәсіпорын қоймаларында жинақталған дайын өнімді сатудан тұрады. Дайын өнімді сатуды "Ертіс СБӨЗ" ЖШС жүзеге асырады, ол өз кезегінде оны облыстың ірі өнеркәсіп кәсіпорындарымен жасалған шарттар бойынша міндеттемелерді орындау үшін пайдалануда.

      Облыс экономикасын дамытудағы маңызды рөл агроөнеркәсіптік кешенге жатады, онда едәуір экономикалық әлеует шоғырланған. Оны дамыту шешуші деңгейде облыс пен республиканың азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін және облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайын айқындайды. АӨК үлесіне жалпыоблыстық жалпы ішкі өнімнің 8 – 10 %-ы тиесілі.

      Өз мамандануы бойынша облыстың ауыл шаруашылығы өсімдік шаруашылығы дамыған мал шаруашылығы бағытында. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім құрылымында мал шаруашылығы 60 %-ды құрайды.

      2013 жылы ӘКК 2 бірлескен жобаны іске асыруды бастады:

      "Средигорненский" ЖШС Зырян ауданы Шірікқайың ауылында 600 сиырға арналған сау залының құрылысы", құны 426,8 млн. теңге, оның ішінде ӘКК салымы 41,7 млн. теңге немесе жобаның жалпы құнының 9,8 %-ы, ЖШС салымы – 385,1 млн. теңге немесе 90,2%. Объекті 2013 жылғы 20 желтоқсанда пайдалануға берілді, "ҚазАгроҚаржы" АҚ қаржыландыруы арқылы құрал-жабдық сатып алынды. Сондай-ақ облыстық мәслихат сессиясы шешімінің негізінде "Средигорненский" ЖШС сүт-тауарлық ферма бойынша құрылыс-жинақтау жұмыстары шығындарын арзандатуға 20,0 млн. теңге сомасында субсидиялар алды.

      "Дерикар" ЖШС майсыздандыру және суды қосымша пайдалану арқылы жүнді қалдықсыз қайта өңдеуді ұйымдастыру" - құны 67,1 млн. теңге, оның ішінде ӘКК салымы 25,0 млн. теңге немесе жобаның жалпы құнының

      37,3 %-ы "Дерикар" ЖШС базасында 70 адамнан тұратын "Дерикар

      Ертіс" ЖШС бірлескен кәсіпорны құрылды. Қазіргі уақытта 1 кг үшін

      1,1 шартты бірлік бағасы бойынша 4 млн. теңгеге Көкшетау қаласындағы киіз фабрикасына 25,5 тонна жуылған жүн сатылды. Жоба 2013 жылғы 25 қыркүйекте іске қосылды. Сонымен қатар Ресей Федерациясынан (Нижегород облысы Бор фабрикасы ЖБӨ, Мәскеу жүн иіру фабрикасы, Мәскеу қ.) және ҚХР ықтимал өнімді сатып алушылармен келіссөздер жүргізілуде.

      Облыс мал шаруашылығының айрықша ерекшеліктері оның көп салалы сипаты болып табылады. Табиғи-климаттық және шаруашылық қызметке байланысты облыста сүт және ет мал шаруашылығы, биязы жүнді және қылшықты жүнді қой шаруашылығы, шошқа шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, құс шаруашылығы, марал шаруашылығы және бұғы шаруашылығы, ара шаруашылығы, түйе шаруашылығы сәтті дамуда. Марал шаруашылығын, бұғы шаруашылығын және бұғы мүйізін өндіру бойынша облыс Қазақстан Республикасындағы монополист болып табылады.

      Соңғы бес жылда облыстағы қой мен ешкі саны 6,8 %-ға, жылқы 20 %-ға, шошқа 8,2 %-ға, ара ұялары 40 %-ға өсті.

      Бірақ проблемалар да бар. Айталық осы кезеңде облыстағы ірі қара мал басының саны 4 %-ға қысқарды. Азаюдың басты себебінің бірі апатты жағдайлар (қалың қар, көктемгі су тасқыны) және аурулар болып табылады.

      Мал басын қалпына келтіру үшін ӘКК Шығыс Қазақстан облысындағы көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға жеңілдікті кредит беру бағдарламасын іске асыруда. Барлығы зардап шеккен аудандардан 423 қарыз алушыға 350 млн. теңге сомаға кредит берілді.

      Бұдан басқа, ӘКК өңірдегі мал шаруашылығын дамытуға және ұсақ мал басын өсіру мен сату үшін ауыл тұрғындарына саулық қой беру жолымен жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға бағытталған өзінің "Жайлау" өңірлік бағдарламасын іске асыруда. Бағдарламаның әрекет ету кезеңінде 14,9 мың ұсақ мал басы түрінде 547,7 млн. теңге берілді, бағдарламаға қатысушылардың саны 149 адамды құрады. Бүгінгі күні төлді ескере отырып, ұсақ мал басының жалпы саны 35 мың басты құрап отыр.

      Агроөнеркәсіптік кешеннің өзге проблемаларына ауыл шаруашылығы техникасының физикалық және моральдық тозуын; ауылдық тұтыну кооперативтері мен сервистік-дайындау орталықтарының жеткілікті дамымаған желісін; ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің кредиттік ресурстарға төмен қолжетімділігін жатқызуға болады.

      Аталған проблемаларды шешу үшін 2009 жылы ӘКК 2 сервистік-дайындау орталығын құрды: "Абай" СДО" ЖШС, "Үржар" СДО" ЖШС. Жерді өңдеу, егінді жинау, мал сою үшін қажетті техника сатып алынды.

      2012 жылы "Семей былғары-тері комбинаты" ЖШС шикізатпен қамтамасыз ету үшін ӘКК үлесі 49 % "Семей" СДО" ЖШС құрылды, 200 млн. теңге бөлінді.

      2012 жылы "Семей СДО" ЖШС орталық қоймасына шамамен 65 млн. теңгеге ірі қара малдың 400 тоннадан астам терісі дайындалып жеткізілді, оның ішінде ірі қара малдың терісін қайта өңдеу өндірісінің тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз ету үшін "Семей былғары-тері комбинаты" ЖШС 60 млн. теңгеге жуық сомаға 312 тонна тапсырылды.

      Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау үшін ӘКК "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ бірлесіп, 2012 жылы көктемгі-дала жұмыстарын жүргізуге кредиттер алу үшін жалпы сомасы 103 млн. теңгеге әртүрлі аудандардың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 32 кепілдік берді. Шаруа қожалықтары кредиттік қаражатты толық алып, игерді және "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ қайтарды. 2013 жылы жалпы сомасы 261,6 млн. теңгеге ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 44 кепілдік берілді.

      Бүгінгі күні шаруалардың көпшілігінде өтімді кепіл мүліктері жоқ екенін ескерсек, онда ӘКК кепілдік беру тетігі көктемгі-дала және жинау жұмыстары кезеңінде кредиттік ресурстарды тарту бойынша шаруалар үшін жалғыз қолайлы жол болып табылады.

      Осыған байланысты, ӘКК өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін кепілдендіру және жалпы алғанда агроөнеркәсіптік кешен жобаларын дамыту бойынша жұмысты одан әрі жалғастыруды жоспарлауда.

      Облыстың өсімдік шаруашылығы саласының үлесіне ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемінің 40 %-ы тиесілі. Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 6 егіншілік аймақта жүзеге асырылуда.

      Облыстағы өсімдік шаруашылығын дамыту проблемаларының бірі ирригациялық инфрақұрылымның, жылыжайлар мен көкөністерді сақтау қоймаларының физикалық тозуы болып табылады.

      2011 жылы ӘКК "Екімбаев Т.К." ШҚ бірлесіп, қолданыстағы ғимарат базасында Өскемен қаласы ауданында кешенді реконструкциялау және жалпы көлемі 5000 тонна жаңа жаңғыртылған көкөніс қоймасын құру бойынша бірлескен жобаны іске асыруды бастады.

      Құрылыс жұмыстарын орындауға арналған шығындардың жалпы сомасы 161,43 млн. теңгені құрайды, оның ішінде құрал-жабдықтарды алуға – 102,3 млн. теңге.

      Қазіргі уақытта объектінің құрылысы аяқталған, пайдалануға беру актісіне қол қойылып, қуаттылығын толық іске қосу қамтамасыз етілген.

      Өңірдегі АӨК тағы бір проблемасы "Семейқұс" ЖШС жұмыртқа бағытынан ет бағытына ауысуына, сондай-ақ "Черемшанка құс фабрикасы" банкрот болуына байланысты, тауарлық жұмыртқа өндірісінің жоқтығы болып табылады. Барлық тауарлық жұмыртқа облысқа негізінен Ресей Федерациясынан әкелінеді.

      2011 жылдың соңында ӘКК "Семей қ. ауданы, Малая Актюба ауылындағы құс фабрикасын реконструкциялау" жобасын инвестициялады. ӘКК салымы 49 %-ды құрады (147 млн. теңге), бастамашы салымы – 51 % (153 млн. теңге). "КазАгроҚаржы" АҚ-пен 200 млн. теңге сомаға лизинг шартына қол қойылды, құрал-жабдықтарды жеткізу және монтаждау қамтамасыз етілді.

      2013 жылғы желтоқсанда пайдалануға беру қамтамасыз етілді, жұмыртқаның жоспарланған ай сайынғы өндіріс көлемі 750 мың дананы құрайды. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 25 млн. дана жұмыртқаны құрайды.

      Өңірдің инфрақұрылымдық кешені электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, су бөлу, жол саласы, көлік, телекоммуникация, почта байланысы және абаттандыру салаларынан тұрады.

      Бүгінгі күні облыста үш индустриялық аймақ құрылған: Өскемен қаласындағы "Өркен", Машиностроителей көшесі бойында және Семей қаласындағы "Өндіріс", олар ӘКК-ның басқаруына берілген.

      Аталған аймақтардың әрқайсысы инфрақұрылымының әзірлік деңгейі әр түрлі. Атап айтқанда, "Өркен" аймағына кернеуі 100 киловольт қуат кабелі жүргізілген; қуаты 7 мегаватт қуат тарату пункті орналастырылған.

      Машиностроителей көшесі бойындағы даму аймағына: жүк түсіру алаңдары бар теміржол тұйығы, белгіленген қуаты 2000 киловатт кіші тарату станциясы, нөсерлік ағын суларды тазалау құрылыстары, тазаланған ағынды су резервуары, жоғарылататын сорғы станциясы, жылу сорғы станциясы, кіреберіс жолдар, диаметрі 200 мм айналмалы су құбыры жүйесі, шаруашылық-тұрмыстық кәріз, нөсерлік кәріз жүргізілген.

      "Өндіріс" аймағына: қуаты 10 киловольт электр тарату желісі, ұзындығы 1260 метр сумен жабдықтау желісі мен кәріз жүйесі, сондай-ақ ауданы 1256 шаршы метр әкімшілік корпус жүргізілген.

      Бүгінгі күні "Өндіріс" индустриялық аймағында теміржол қозғалыс құрамы үшін тежеуіш қалыптарын шығару бойынша зауыт, теміржол вагондары үшін қосалқы бөлшектер өндірісі бойынша зауыт жұмыс істейді.

      Мына жобаларды іске асыру жалғасуда:

      1) автомобиль шиналарын кәдеге жарату және бастапқы қайта өңдеу бойынша зауыт;

      2) медициналық материалдарды кәдеге жарату бойынша зауыт;

      3) тозған көлік шиналарын кәдеге жарату және резеңке қоқымдарына қайта өңдеу бойынша зауыт.

      Сондай-ақ мынадай өндірістер жоспарлануда:

      1) жылыжай кешені;

      2) үлкен диаметрлі оқшауланған құбырлар өндірісі бойынша зауыт;

      3) теріні бастапқы қайта өңдеу зауыты.

      Облыстағы маңызды мәселелердің бірі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық желісі жүйесінің тозуы болып табылады. Жылу жүйелерінің тозуы 70 %-дан 90 %-ға дейін, өңір бойынша жылу жүйелеріндегі жылу энергиясының шығындары Қазақстан бойынша ең жоғары шығындардың бірі. Апаттардың саны жылына 31-ден 180-ге дейін құрайды. Жыл сайын апаттардың салдарын жөндеу мен жылумен жабдықтауды қалпына келтіру үшін жергілікті бюджеттен 3 млрд. теңгеден артық қаржы жіберіледі.

      Аталған проблеманы шешу үшін ӘКК Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 473 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2011 – 2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасын іске асыруда, ол коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға, тұрғын үй қатынастарының қолайлы моделін құруға, тұрғындарға ұсынылатын тұрғын үй-коммуналдық қызметтер сапасын арттыруға, сондай-ақ арнайы қаржыландыру тетіктерін құру арқылы, терможаңғыртуды қоса алғанда, кондоминимумдар объектілерінің жалпы мүлкін жөндеуді жүргізуге бағытталған.

      ТҮШ жаңғырту бағдарламасын іске асыру үшін 2011 жылы ӘКК 240,0 млн. теңге бөлді. Жылжымайтын мүліктің 14 объектісі бойынша шарттар жасалып, жөндеу жұмыстары орындалды. 2012 жылы 312,5 млн. теңге бөлінді. Жобада облыс бойынша 309,9 млн. теңге сомаға 32 объекті қатысуда. 26 объекті бойынша жалпы сомасы 219,7 млн. теңгеге жөндеу жұмыстары аяқталды. 6 объекті бойынша жөндеу жұмыстары 2014 жылғы 2-тоқсанда аяқталатын болады (жұмыстардың маусымдық сипатта болуына байланысты).

      ӘКК Директорлар кеңесінің 2013 жылғы 21 маусымдағы шешімінің негізінде "ШҚО тұрғын үй-пайдалану басқармасы" ЖШС-мен құқықтар мен міндеттерді беру шарты жасалды. Шарт бойынша табыстау сомасы 552,5 млн. теңгені құрайды. 2013 жылғы 11 қаңтардағы жағдай бойынша барлық құжаттаманы тапсыру жүргізілді (4 жақты шарттар, сметалық құжаттамалар, сараптамалар, тұрғын үй иелерінің жалпы жиналыс хаттамалары), сондай-ақ "ТҮПБ" ЖШС шотына 30,660 млн. теңге көлемінде ТҮШ жаңғырту бағдарламасы бойынша бос ақша қаражатының бір бөлігі аударылған (аударуға арналған қалдық 39,7 млн. теңгені құрайды).

      Дамытуға барлық алғышарттары бар салалардың бірі туристік сала болуы мүмкін. Шығыс Қазақстанның бай табиғи ресурстары оған көп мүмкіндіктер туғызады.

      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес облыс аумағында 88 туристік фирма мен 25 кәсіпкер, сондай-ақ келушілерді орналастырумен айналысатын 245 объекті туристік қызметтер көрсетеді. 2012 жылы қызмет көрсетілген келушілер саны 403396 мың адамды құрады, бұл 2011 жылғы көрсеткіштен 7 %-ға жоғары. Оның ішінде туристік фирмалар 24 931 мың адамға, орналастыру объектілері 188 417 мың адамға қызмет көрсетті.

      2012 жылы туристік салада көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 7,4 %-ға артқан және 3 181,6 мың теңгені құрады.

      Шығыс Қазақстан облысының туристік саласының ағымдағы жай-күйіне жасалған талдау аталған саланың соңғы жылдары серпінді дамып келе жатқанын көрсетіп отыр. Айталық, курорттық өңірлерде, сондай-ақ Өскемен, Семей қалаларында шағын қонақ үйлер саны жылдан жылға артып келеді.

      Бүгінгі күні тұтастай алғанда облыста туристік инфрақұрылымды одан әрі дамыту үшін туристік тартымдылықты арттыруды, облыстың мәдени-тарихи және табиғи әлеуетін сақтау мен үйлесімді пайдалану, аталған салаға инвестициялар тартуды талап ететін бірқатар іс-шаралар жүргізілуде.

      ӘКК өз кезегінде, туристік саланы дамыту және туристік бағыттағы жобаларды қаржыландыру үшін инвестиция тартуды жоспарлауда.

Сыртқы орта факторларының әсері
Саяси

      Қолайлы - жергілікті ӘКК-ге ұлттық компаниялар мәртебесі берілген;

      - елдегі және Ресей Федерациясы мен ҚХР шекара маңы

      аудандарындағы тұрақтылық;

      Қолайсыз - кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте саяси тұрақсыздық

      белгілерінің пайда болу үдерісі;

      - ӘКК рөлін қайта қарастыру мүмкіндігі және аталған

      "институттың" жабылуы.

Экономикалық

      Қолайлы - өңірде минералдық-шикізат ресурстарының мемлекеттік

      қорының болуы;

      - жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар негізінде қосылған құны

      жоғары жаңа өндірістерді құру бойынша әлеуетті

      мүмкіндіктер бар;

      - бірінші кезекте сабақтас салалар тарапынан ішкі сұраныстың

      өсуі;

      - ірі өнім импорттаушы нарықтарға жақындығы (Ресей

      Федерациясы, ҚХР);

      - өңір экономикасының жыл сайынғы өсуі;

      - Ертіс трансшекаралық өзенінің әлеуеті;

      - ландшафттың, өзендердің, көлдердің, флора мен фаунаның

      табиғи әртүрлілігі;

      - пайдалы қазбалардың жаңа кен орындарын барлау

      қажеттілігі;

      - шағын және орта бизнес жобаларын іске асыруға қатысу

      сұранысы.

      Қолайсыз - технологиялық құрал-жабдықтардың жоғары тозуы (70 %-ға

      дейін), негізгі қорлардың баяу жаңаруы;

      - кәсіпорындардың өндірістерді жаңғырту мен техникалық қайта

      жарақтандыру үшін айналым қаражаты мен салымдардың

      жеткіліксіздігі;

      - облыстық орталықтың көліктік "тұйықта" орналасуы;

      - ішкі нарықтың салыстырмалы аз көлемі;

      - еңбек өнімділігінің төмен деңгейі.

Әлеуметтік

      Қолайлы - өңірдің білікті кадрлық әлеуеті;

      - өңірде ірі білім беру, қаржы, техникалық

      университеттердің, институттар мен колледждердің болуы;

      - жұмыс орындарына қажеттілік.

      Қолайсыз - күрделі экологиялық жағдай;

      - бұрынғы Семей ядролық полигонымен көршілес жату;

      - жеке бизнестің мемлекеттік әріптестікке сенімсіздігі.

Технологиялық

      Қолайлы - өңірде стратегиялық өнеркәсіптік кәсіпорындардың болуы;

      - шикізатты терең және кешенді қайта өңдеу бойынша өндірісті

      ұйымдастыру үшін отандық ғылыми-техникалық әзірлемелердің

      болуы;

      - интернеттегі көптеген өндірістік технологиялар ақпаратына

      қолжетімділік;

      - заманауи коммуникацияларды дамыту;

      - жобалық қаржыландыру әдіснамаларының ашықтығы.

      Қолайсыз - өңірдегі энергетикалық қуаттардың тапшылығы.

2. Ішкі ортаны талдау
Корпоративтік басқару жүйесі

      ӘКК 2011 жылғы маусымда бұрынғы "Ертіс" ӘКК-ні "Ертіс" ӘКК және "Павлодар" ӘКК екі қоғамына қайта ұйымдастыру жолымен құрылды.

      Қоғам өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша саясатты мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін іске асыру, әлеуметтік құрамдауышты қолдау, еншілес және тәуелді ұйымдарда корпоративтік мәдениетті дамыту арқылы мемлекеттік активтердің тиімді басқарылуын қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырады.

      Екінші деңгейдегі банктермен салыстырғанда ӘКК жеке инвесторлармен әріптестік бастамада, яғни бірлескен кәсіпорын құру жолымен ынтымақтасады (инвестицияларды белсенді басқару қағидаты).

      Бұл ретте, ӘКК икемді саясатқа ие бола отырып, жеке сектор жеткілікті игермеген секторда жұмыс істеп, оны дамыту үшін жағдайлар жасай алады (жеке сектормен әріптестік қағидаты).

      ӘКК-нің өзге коммерциялық саладан тағы бір ерекшелігі әлеуметтік жауапкершілік ұстанымын іске асыруға негізделеді, яғни ӘКК таза табысының бір бөлігі дивиденд саясаты шеңберінде акционерлер шешімі бойынша жергілікті бюджетке бағытталады.

      Тұтастай алғанда, ӘКК қызметі бәсекеге қабілетті бизнес құруға, рентабельді емес кәсіпорындар базасында жаңа өндірістер ұйымдастыруға, мемлекеттік меншікті тиімді пайдалануға бағытталған.

      ӘКК өңірлік даму институты ретінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберіндегі жобаларды іске асыру жөніндегі уәкілетті орган болып табылады. Даму институтының мәртебесі коммерциялық жобаларда мемлекеттің мүдделерін тепе-тең іске асыруға мүмкіндік береді (басқа қатысушылармен әріптестік қағидаты).

      Бұдан басқа, ӘКК-ға ұлттық компания мәртебесі берілген, ол жер қойнауын пайдалану бойынша конкурс өткізбей, тікелей келіссөздер негізінде барлау және (немесе) игеру операцияларын жүргізуге арналған келісімшарттар жасасу мүмкіндігін береді.

      ӘКК ішкі корпоративтік жүйесі 1-қосымшада, 1-суретте ұсынылған.

      Бүгінгі күні ӘКК-де мынадай органдар қалыптастырылған:

      1) Жоғарғы орган – акционерлердің жалпы жиналысы;

      2) Басқару органы – директорлар кеңесі;

      3) Атқарушы орган – басқарма;

      4) Қаржы-шаруашылық қызметті бақылауды жүзеге асыратын орган – ішкі аудит қызметі.

      ӘКК басқару органдарының, мамандандырылған еншілес және тәуелді ұйымдар мен компаниялардың өзара қарым-қатынас деңгейін жоғарылату және оларды жаңа сапалы дамыту деңгейіне шығару мақсатында еншілес және тәуелді ұйымдар мен компаниялардағы корпоративтік басқаруды енгізу мен жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ӘКК жүргізуде. Аталған шаралар бизнес-жобаларды іске асыру тиімділігін арттыруға және компаниялар құнының өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      ӘКК менеджмент шешімдерінің барынша жоғарғы айқындылығы мен негізділігін қамтамасыз ету мақсатында ӘКК интернет-ресурсында көрсетілетін өз қызметі туралы ақпараттың қолжетімділігі мен сапасын жақсарту саясатын ұстанады.

      "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-та корпоративтік басқарудың ең үздік стандарттарын енгізудің оң тәжірибесі бар екенін атап өткен жөн, осыған байланысты ӘКК компаниялар тобындағы корпоративтік басқару деңгейін арттыруға қойылатын құрылымдалған және жүйелі көзқараспен алмасу үшін ӘКК "Самұрық-Қазына" корпоративтік университетімен тығыз өзара іс-қимыл жасауды жоспарлап отыр.

      Корпоративтік басқару рейтингісіне ие болу мақсатында ӘКК-дегі корпоративтік басқаруды бағалау жүргізілген жоқ. Осыған байланысты рейтингтің ағымдағы мәні айқындалмаған, рейтингті алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу 2015 жылға жоспарланған.

      Қазіргі уақытта ӘКК жалпы корпоративтік құрылымына экономиканың әр түрлі салаларында мамандандырылған 9 еншілес және 3 тәуелді ұйым кіреді.

Еншілес ұйымдар

Тәуелді ұйымдар

"Өскемен әуежайы" АҚ (акциялар пакетінің 100% ӘКК-да)

"Семей құс фабрикасы" ЖШС (ӘКК үлесі 49%)

"Семейавиа" АҚ (акциялар пакетінің 90 %-ы ӘКК-де)

"Семей" СДО" ЖШС (ӘКК үлесі 49%)

"Семей халықаралық әуежайы" ЖШС (ӘКК үлесі 100%)

"Горархитектура" ЖШС (ӘКК үлесі 49%)

"Жәрдем" ШҚИО" ЖШС (ӘКК үлесі 100%)


"Шығыс-Самғау" ЖШС (ӘКК үлесі 100%)


"Ертiс" СБӨЗ" ЖШС (ӘКК үлесі 100%)


"Ертiс" ШНҰ" ЖШС (ӘКК үлесі 100%)


"IT Park Altay" ЖШС (ӘКК үлесі 100%)


"ОблDORкомхоз" ЖШС (ӘКК үлесі 100%)



      Еншілес және тәуелді компаниялар тобындағы корпоративтік басқаруды дамыту үшін ӘКК акционердің ұсыным берілген саясатын ұстанады. Бұл салада:

      1) айдың, тоқсанның, жартыжылдықтың, жылдың қорытындылары бойынша ӘКК қызметінің қорытындылары туралы акционер алдында есеп беруге;

      2) жылдық бюджетті уақтылы әзірлеуге және бекітуге;

      3) жыл сайынғы аудиторлық есептіліктің жүргізілуіне;

      4) жобаларды қаржыландыру жоспарларын келісуге;

      5) еншілес компаниялардың стратегиялық құжаттары мен даму жоспарларын әзірлеуге ерекше назар аударылады.

      ӘКК компаниялар тобындағы корпоративтік басқарудың өзара қарым-қатынастарын құру бірқатар проблемаларды шешуге байланысты: басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету, жұмыс істеуде синергетикалық әсер жасау; тұтастай алғанда ӘКК-ні және оған кіретін әрбір кәсіпорынды дамытудың интеграцияланған стратегиясын әзірлеу.

2013 жылғы қаржылық-экономикалық қызметті бағалау

      2013 жылғы бағалауға сәйкес ӘКК-нің 2 681 983 мың теңге көлемінде кіріс алуы күтілуде. Шығыстар 3 019 502 мың теңге мөлшерінде күтілуде. Шоғырландырылған шығын (- 345 068) мың теңге мөлшерінде күтілуде.

      Еншілес және тәуелді кәсіпорындар бөлінісінде 2013 жыл бойынша күтілетін қаржылық нәтиже мына кестеде ұсынылған:

Кәсіпорынның атауы

2013 жылғы бағалау, мың теңге

Кіріс

Шығыс

Пайда, салық салғанға дейінгі шығын

КТС

Таза пайда, шығын

"Ертiс" ӘКК" ҰК" АҚ

716 024

785 265

-69 241


-69 241

Еншілес/тәуелді компаниялар






"Өскемен әуежайы" АҚ (100%)

693 698

683 743

9 955

4549

5 406

"Семейавиа" АҚ (90%)

7 488

39 858

-32 370

-

-32 370

"Семей халықаралық әуежайы" ЖШС (100%)

157 906

216 547

-58 641

-

-58 641

"Жәрдем" ШҚИО ЖШС(100%)

54 000

49 435

4 565

1 000

3 565

"Шығыс-Самғау" ЖШС (100%)

556 721

662 242

-105 521

-

-105 521

"Ертiс" СБӨЗ" ЖШС (100%)

63 864

62 787

1 077

215

862

"Ертiс" ШНҰ" ЖШС (100%)

7 000

7 010

-10

-

-10

"IT Парк Altay" ЖШС (100%)

-

-

-

-

-

"ОблDORкомхоз" ЖШС (100%)

198 693

237 723

-39 030

-

-39 030

"Семей СДО" ЖШС (49%)

121 357

131 728

-10 371

-

-10 371

"Семей құс фабрикасы" ЖШС(49%)

65 151

108 862

-43 711

-

-43 711

"Горархитектура" ЖШС(49%)

40 081

34 302

5 779

1785

3 994

Барлығы

2 681 983

3 019 502

-337 519

7549

-345 068

Пайда барлығы, ӘКК шығыны





-345 068


      ӘКК қолданыстағы шығындарын оңтайландыру үшін 2013 жылғы

      12 тамызда акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен Қаржылық сауықтыру бағдарламасы қабылданып, бекітілді.

ӘКК инвестициялық саясаты

      Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген кредиттердің шамамен

      62 %-ы ірі заңды тұлғаларға тиесілі.

      ШОБ субъектілері үшін ЕДБ орташа кредит беру мөлшерлемесі

      13,2 – 14,8 %-ды құрайды, ал кепілдеме базасына қойылатын қатал талаптар бизнесті ісін жаңа бастап жатқан бизнес үшін орындалмайтын дерлік болып табылады.

      Сондай-ақ, инвестициялық саясатты іске асыру үшін ӘКК кең ауқымды азық-түлік желісін пайдаланатынын атап өткен жөн: ол жер, жер қойнауын пайдалану құқығы, бірлескен жобалар, бірлескен қаржылық құралдар, қаржылай емес құралдар және өзге актив сияқты құралдарды қамтиды.

      Бұдан басқа, өз жұмысында ӘКК бірлескен жұмысты ұйымдастыру үшін еліміздің даму институттарымен, шетел университеттерімен, шет елдердің экспорттық шағын және орта бизнес ұйымдарымен белсенді түрде ынтымақтастық жасайды.

      "Назарбаев университеті" дербес білім беру ұйымымен және Инновациялық технологиялар паркімен ынтымақтастық жасау арқылы кластерлік бастамаларды дамытуға маңызды орын беріледі.

      ЕДБ-ға қарағанда ӘКК қызметін қарыздық қаржыландыру ғана білдірмейді, қызметінің инвестициялық сипаты бар және әріптестік жағдайларында бизнесті қолдауға бағытталуында.

      Жобаларды қарау кезінде ӘКК олардың экономикалық тиімділігіне ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік маңыздылығына да ерекше назар аударады. Сондай-ақ шикізаттық емес секторды дамыту, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту үлесін арттыру, ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялық өнімдердің жаңа түрлерін шығару бойынша өндірістерді құру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған өндірістерді құру өлшемдері және т.б. ескеріледі.

      Жобаларды инвестициялау кезінде ӘКК консалтингтік және басқарушылық сипаттағы қызметтерді көрсетеді.

      ӘКК іске асыратын барлық жобаларды шартты түрде 3 блокқа бөлуге болады (1-қосымша, 2-сурет).

      Қызметінің негізгі бағыттарының бірі жер қойнауын пайдалану саласындағы жобаларды іске асыруға қатысу болып табылады.

      ӘКК ұлттық компания мәртебесіне ие және жер қойнауын пайдалану саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасай алады.

      ӘКК мұндай жобаларға кәсіпорынның жарғылық капиталына жер қойнауын пайдалану құқығын енгізу жолымен қатысады. Жобаны барлық қаржыландыру әріптестің есебінен жүзеге асырылады. Әлеуетті инвестордың өтініші кезінде ӘКК әріптестікті таңдау бойынша конкурс өткізеді және жеңімпазбен бірлескен қызмет туралы шартқа қол қойылады. Бұл ретте, жер қойнауын пайдаланушылардың ҒЗКӘ-ге 1 % бойынша міндеттемелерді орындауын ескеру және оны технопарктер, коммерциялау орталықтарының жұмысына, басқа да бірлескен бастамаларды іске асыруға бағыттау жоспарлануда.

      Жер қойнауын пайдалану саласындағы жобаларды іске асыруда ӘКК қатысуының процесі сызба түрінде 1-қосымшада, 3-суретте көрсетілген.

      Бизнес жобаларды қаржыландыру кезінде ӘКК инвестициялық қызметі ӘКК-нің қолданыстағы кәсіпорынның немесе құрылатын БК жарғылық капиталына кіру жолымен жүзеге асырылады. Бұл ретте ӘКК тарапынан қатысу үлесі шектелмейді, алайда бірлескен жобаны бақылау жоба бастамашысының қарауында болу үшін ұсыным берілетін үлес 50 %-дан аспайды.

      Инвестициялық жобаға қатысу кезінде ӘКК бірлескен кәсіпорынның шоттары бойынша барлық транзакцияларға қол қою құқығы болуының міндетті шартымен ӘКК өкілін қаржы директорының лауазымына (немесе оған теңестірілген лауазымға) енгізу жолымен ақшалай қаражаттың мақсатты орындалуына, сондай-ақ балансқа алынған бірлескен кәсіпорынның барлық активтеріне бақылау жасауды қамтамасыз етуге мүдделі.

      Бизнес-жобаларды іске асыруда ӘКК қатысу процесі сызба түрінде

      1-қосымшада, 4-суретте ұсынылған.

      Жобаға қатысушылар инвестициялық жобаны іске асыру кезінде ӘКК-ның БК-ден шығу шарттары айтылады, ол мыналарға саяды:

      1. ӘКК тиісті шартпен жобаға қатысу мерзімін білдіреді, одан кейін қолданыстағы заңнамаға сәйкес ӘКК бірлескен кәсіпорынның қатысушыларына өз үлесін өткізуге, олар бас тартқан жағдайда, туындаған нарық конъюктурасын ескере отырып, өз үлесін нарық бағасы бойынша үшінші тұлғаларға сатуға құқығы бар.

      2. Қажет болған жағдайда және қатысу мерзімі жобада ескерілмеген жағдайда, ӘКК-нің өзіне алынған міндеттемелерге сәйкес акцияларын немесе жарғылық капиталдағы немесе ӘКК меншігіндегі өзге де құнды қағаздарды біржолғы немесе қадамдық сату жолымен жобадан кез келген сатыда шығып кету құқығы бар.

      ӘКК инвестициялық саясатын дамытудың негізгі құралдарының бірі Инвесторларға қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – ИҚО) болып табылады, ол компанияның ішіндегі бөлім ретінде құрылған, ИҚО-ның негізгі міндеттері:

      1) шетелдік және отандық тараптар арасында бірлескен кәсіпорындар құру;

      2) шетелдік және отандық инвесторлармен жұмыстағы процестерді бақылау және нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету;

      3) ӘКК инвесторлармен байланысын оңтайландыру, дамыту және кеңейту болып табылады.

      ИҚО функцияларына:

      1) шетелдік және отандық инвесторларды іздеу, оларды сервистік қолдау және ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету, өңір деңгейінде мемлекеттік қолдау құралдарының интеграциясы;

      2) әлеуетті шетел инвесторларын тарту бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу;

      3) қазақстандық және шетелдік тараптардың қатысуымен инвестициялық форумдарды, семинарларды, көрмелер мен өзге іс-шараларды өткізу, халықаралық инвестициялық іс-шараларға қатысу;

      4) инвесторларға қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша консультация, қазақстандық және шет мемлекеттің бизнес өкілдері арасында диалогтық алаң құру;

      5) қазақстандық және шет мемлекеттің тараптары арасында бірлескен кәсіпорындар құру үшін әлеуетті әріптестер іздеу; өңірлік деңгейде инвестициялық климатты жақсарту бойынша шаралар әзірлеу мен іске асыру;

      6) халықаралық инвестициялық іс-шараларда мүдделерді білдіру;

      7) өңірде инвестициялық әлеуеті бар жобаларды іздеу;

      8) әлеуетті инвесторлар базасын әзірлеу;

      9) ИҚО-ға жүктелеген өзге міндеттер кіреді.

3. SWOT талдау

Мықты тұстары

Ұлттық компания мәртебесі;

Корпоративтік басқару жүйесі енгізілген;

Білікті кадрлық құрам;

Жобаларды келісудің пысықталған процесі;

Акционерді жыл сайын капиталдандыру арқылы айналымдағы капиталды толықтыру;

Жобаларды қаржыландыру кезінде ӘКК кең мүмкіндіктері;

Өңірдегі тікелей жобалық қаржыландыруда бәсекелестердің болмауы;

Даму институттарының қаражатын ӘКК қатысатын жобаларға тарту мүмкіндігі

Әлсіз жақтары

Іс жүзіндегі қаржыландыруға дейін жобаларды қарау мерзімдерінің ұзақтығы;

Жер қойнауын пайдалану құқығын алу мерзімдерінің ұзақтығы;

ӘКК иелігіне берілген еншілес компаниялар шығынды (және ұзақ жылдар бойы шығынды болып келген);

ӘКК операциялық шығыстарды жабусыз мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыруға қатысуы;

Қоғам мен бизнес қоғамдастықтың ӘКК қызметі мен мүмкіндіктері туралы әлсіз ақпараттандырылуы

Қолайлы

Өңірде бос мемлекеттік кен орындарының болуы;

Бизнестің жобаларды қоса қаржыландыруға мүдделілігі;

Инвесторлардың Шығыс Қазақстан облысына бизнесті дамыту үшін болашағы зор өңір ретінде қызығушылығы;

Өңірдің технологияларды дамыту мен тартуға қажеттілігі;

ШОБ қолдауға арналған ӘКК мақсатты капиталдандырылуы;

Үлесті/акцияларды іске асыру жолымен шығынды еншілес компаниялардан шығу мүмкіндігі

Қолайсыз

Қазақстан нарығында қалыптасқан ӘКК қолайсыз имиджі;

"Таукен-Самұрық" ҰК" АҚ-ға жер қойнауын пайдалану құқығын алудағы басымдықтың заңнамалық берілуі;

Жеке бизнестің мемлекеттік-жекешелік әріптестікке сенімінің нашарлауы;

ЖАО-мен жұмыс істеу кезінде әкімшілік рәсімдердің созылуы;

Шығынды еншілес кәсіпорындарды қолдауға арналған қаржыны аудару қажеттілігі

2. Миссиясы мен пайымы

      ӘКК миссиясы – мемлекет пен бизнес әріптестігінің қағидаттарында Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу.

      ӘКК пайымы – активтерді тиімді басқаратын, өңірдің өсу нүктелерінде экономикалық белсенділікті, оның ішінде инвестицияларды тарту арқылы ынталандыратын және бәсекеге қабілетті тұрақты өндірістерді қалыптастыруда катализатор болатын өңірлік даму институты.

      ӘКК мақсаты – өңірдің өсу нүктелерінде бизнес-бастамаларды қолдау және экономикалық белсенділікті ынталандыру.

3. Қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері,
іс-шаралары, түйінді көрсеткіштері, күтілетін нәтижелер

      1.1. Инвесторларды тарту және өңірдің өсу нүктелерінде жаңа өндірістер құру

      1-мақсат. Өңір экономикасының басым секторларына отандық және тікелей шетел инвестицияларын тарту бойынша жұмысты жандандыру.

      Міндеттер:

      1) өңір экономикасының басым секторларында (өсу нүктелерінде) жұмыс істеп тұрған бәсекеге қабілетті өндірістердің жаңасын құру және жаңғырту;

      2) перспективалық жобаларды іске асыру үшін өңірлерге отандық және шетел инвесторларын, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттары негізінде тарту;

      3) инвесторларға үлестік қаржыландыру, активтермен қатысу, сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберіндегі қаржыландыруды алу арқылы жобаларды іске асыруға жәрдемдесу.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері Стратегияға 2-қосымшада ұсынылған.

      Күтілетін нәтижелер:

      1) өңір әлеуетін байланыстыра отырып, ӘКК интернет-ресурсын жаңғырту;

      2) жыл сайын іске қосылатын инвестициялық жобалардың саны, оның ішінде шетел капиталының қатысуымен жалпы алғанда 75 бірлікті құрайды;

      3) шамамен 34,4 млрд. теңге тарту (жер қойнауын пайдалану жобаларын есепке ала отырып);

      4) "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі" АҚ 2010 – 2014 жылдарға арналған инвестицияларды тарту, Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және эспорттауды ынталандыру бағдарламасының шеңберінде инвестициялық жобалар мен инвесторлардың www.baseinvest.kz ұлттық дерекқорын толтыруды қамтамасыз ету;

      5) ИҚО қатысуымен өңірге ТШИ тарту, бәсекеге қабілеттілікті арттыру, тең емес мүмкіндіктерді жою, облыс әлеуетін көрсету мен саяси кедергілерді жоюдың негіздемелік тұжырымдамасы әзірленетін болады;

      6) "Азия Авто" ААҚ және "АвтоВаз" АҚ бірлесіп, жылына қуаты 120 мың автомобиль толық циклді автокөлік зауытын салу жөніндегі ірі жобаны іске асыру;

      7) жер қойнауын пайдалану саласындағы жобаларды іске асыру;

      8) инвестициялық әлеуетті және кәсіпкерлік объектілерін дамыту үшін қолайлы орта қалыптастыру;

      9) қайта өңдеу өнеркәсібіне тікелей шетел инвестициялар көлемінің кемінде 22 %-ға өсуін қамтамасыз ету.

      2-мақсат. Өңірге жаңа (инновациялық) технологияларды тарту және Қазақстан ғылымына қолдау көрсету

      Міндеттер:

      1) озық өндірістік және басқарушылық технологиялар мен стандарттарды енгізу;

      2) портфельдік компаниялар арасында коммуникацияларды дамыту және дағдылармен алмасу;

      3) кластерлік бастамаларды дамыту.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері Стратегияға 2-қосымшада ұсынылған.

      Күтілетін нәтижелер:

      1) жаңа технологиялар саласындағы әлемдік тәжірибені зерделеу және енгізу;

      2) ӘКК жанынан өңір үшін әлеуетті қолданылатын жаңа технологиялар мен жобалар базасын құру;

      3) жаңа технологиялар саласындағы республикалық және халықаралық бизнес-форумдарға тұрақты түрде қатысуды қамтамасыз ету;

      4) ең жаңа технологиялар мәселелері бойынша ірі бизнес, холдингтер мен шетел компанияларының өкілдерімен дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізу;

      5) еліміздің даму институттарымен, "Назарбаев университетімен", ғылыми-зерттеу институттары мен орталық және жергілікті атқарушы органдармен жұмысты жолға қою;

      6) ӘКК кадрлық құрамына инженерлік білімі мен инновациялық ойлау қабілеті бар адамдар тартылады;

      7) заманауи жоғары технологиялық, ғылымды көп қажет ететін өндірістер мен инновациялық қызметті ұйымдастыру мәселелерінде ШОБ субъектілеріне қолдау көрсету;

      8) жаңа инновациялық жобаларды іздеу және қаржыландыру бойынша республиканың технопарктерімен жұмысты жандандыру, сондай-ақ өңірдің жұмыс істеп тұрған индустриялық-инновациялық инфрақұрылымының элементтеріне қолдау көрсету;

      9) облыс үшін инновациялық технологиялар трансфертімен 6 инвестициялық жобаны іске асыру;

      10) технопарктердің шамамен 7 идеясын коммерцияландыру.

      3-мақсат. Өңірлік деңгейде қазақстандық қамтуды дамыту

      Міндеттер:

      1) сыртқы және ішкі нарықтарда өнімдерді неғұрлым белсенді ілгерілету үшін өнімдерді брендтеуге қолдау көрсету;

      2) еншілес/тәуелді ұйымдарға, шағын және орта бизнес субъектілеріне тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды дамыту бөлігінде сервистік және ақпараттық қолдау көрсету;

      3) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды мониторингтеу мен талдаудың пәрменді жүйесін құру.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері Стратегияға 2-қосымшада ұсынылған.

      Күтілетін нәтижелер:

      1) ӘКК ішінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу өңірлік тауар өндірушілер, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері, ұйымдар арасында жүргізілетін болады;

      2) облыс тауар өндірушілерінің тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін қолдануға қатысты өңірлік салалық қауымдастықтармен жұмысты жолға қою;

      3) сыртқы презентациялар үшін дайындалған ӘКК ақпараттық материалдарында облыстың экспортқа бағдарланған тауар өндірушілері туралы ақпарат жеткілікті болады;

      4) өңірлік өнім берушілер мен тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндірушілер туралы ӘКК еншілес және тәуелді ұйымдарын ақпараттық қамтамасыз етуді жақсаруы;

      5) ӘКК, ЖАО, жергілікті тауар өндірушілердің бірлескен жұмысын жергілікті өнімдерді, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді әлеуетті сатып алушылар ортасын кеңейту тұрғысынан ұйымдастыру;

      6) жергілікті тауар өндірушілер мен сервистік компаниялардың нарықтың ағымдағы қажеттіліктері туралы уақтылы хабардар етілуі;

      7) Шығыс Қазақстан облысының ірі кәсіпорындары мен тауар өндірушілері арасындағы меморандумдарға қол қоюға қолдау көрсету;

      8) Шығыс Қазақстан облысының өнімдерін республиканың басқа да өңірлеріне ілгерілету бөлігінде басқа да ӘКК-мен өзара іс-қимылды жолға қою;

      9) 2023 жылға қарай тауарларды сатып алу кезінде қазақстандық қамту үшін 65 %-ға дейін, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді – 90 %-ға дейін өседі;

      10) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды жөнінде өткізілген семинарлар саны 24 бірлікті құрайды;

      11) индустриялық-инновациялық дамыту шеңберінде мемлекеттік қолдау құралдарын түсіндіру жөнінде 22 семинар өткізу.

      1.2. Өсу нүктелерінде экономикалық белсенділікті ынталандыру үшін жағдайлар жасау

      1-мақсат. Бизнесті дамытуды қолдау инфрақұрылымының әлеуетін пайдалану

      Міндеттер:

      1) ісін жаңа бастаған бизнесті қолдау инфрақұрылымын дамыту (бизнес-инкубаторлар, технопарктер, индустриялық аймақтар);

      2) басым салаларда кластерлерді дамыту;

      3) өңірдің жүйеқұраушы және ірі компаниялары айналасында ШОБ дамыту жөніндегі әріптестік бағдарламаларды үйлестіру;

      4) ИА-ға шикізаттық емес бағыттағы жобаларды тарту бойынша жұмысты жандандыру.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері Стратегияға 2-қосымшада ұсынылған.

      Күтілетін нәтижелер:

      1) облыстағы бизнесті дамытуды қолдау инфрақұрылымының объектілеріне ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу көрсету;

      2) облыстың ИА мүмкіндіктері мен әлеуеті туралы өңірлік және халықаралық көрмелерде, конференцияларда, форумдарда road-show өткізу;

      3) бизнесті дамыту инфрақұрылымы жұмыс істеуінің оң шетелдік тәжірибесін зерделеу және енгізу;

      4) ірі бизнес пен өңірлік ИА және технопарктер арасындағы өзара іс-қимыл жасау туралы меморандумдарға қол қоюға қолдау көрсету;

      5) өңірдегі ИА-ның жеткіліксіз инфрақұрылымын құруға қаражат инвестициялау;

      6) өңірлік технопарктер мен ИА-ның республикалық даму институттары арасындағы жұмысын жолға қою;

      7) технопарктер мен бизнес-инкубаторлардың жобаларын одан әрі қаржыландыру үшін оларға талдау және іріктеу жүргізіледі;

      8) автоқұрамдауыштардың өндірісі бойынша технопарк салу;

      9) 64 road-show өткізу;

      10) ИА-ға шикізаттық емес сектордың 9 инвестициялық жобасы тартылады;

      11) ісін жаңа бастаған бизнесті қолдау инфрақұрылымы объектілерінің (бизнес-инкубаторлар, технопарктер, индустриялық аймақтар) саны 5 бірлікке жетеді.

      2-мақсат. Баламалы қаржыландыру көздерін пайдалану мүмкіндіктері

      Міндеттер:

      1) баламалы қаржыландыру көздері саласында жұмыс істеуді жоспарлаған ШОБ субъектілеріне консультациялық және ұйымдастырушылық қолдауды ұсыну;

      2) ӘКК қызметі аясында бизнес-бастамаларға консалтингтік қызметтер көрсету;

      3) бизнес-жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік даму институттарымен ынтымақтастықты кеңейту;

      4) ірі компаниялармен әріптестік бағдарламалардың мүмкіндіктерін пайдалану;

      5) өңірге шетел инвесторларының қаражатын тарту.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері Стратегияға 2-қосымшада ұсынылған.

      Күтілетін нәтижелер:

      1) ӘКК-нің республикалық даму институттарымен өзара іс-қимыл жасау жүйесін жолға қою;

      2) ӘКК бизнес құрылымдарының өкілдері мен әлеуетті әріптестері арасында даму институттарының қаражатын тарту мүмкіндіктері туралы толық ақпараттық үгіт-насихатын жүргізу;

      3) даму институттарымен қаралатын жобалар бойынша ақпарат алмасу туралы меморандумдарға қол қою;

      4) "ТДҰА" АҚ-пен бірлесіп венчурлық қор құру;

      5) ӘКК интернет-ресурсында бизнесті мемлекеттік қолдау құралдары туралы ақпарат орналастырылады;

      6) қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар аясында әлеуетті қатысушыларды ақпараттандыру бойынша "ҚИДИ" АҚ-мен жұмысты жалғастыру;

      7) "Қазагро" ҰБХ" АҚ лизингтік бағдарламаларын пайдалана отырып, АӨК саласындағы жобаларды іске асыру;

      8) жер қойнауын пайдалану саласындағы жобаларды шетел және отандық инвесторлар қаражатының қатысуымен іске асыру. ӘКК жобаларға жер қойнауын пайдалану құқығымен қатысатын болады, ал барлық қаржыландыру инвесторлар есебінен жүзеге асырылады;

      9) ірі жобалар операторларымен әріптестік бағдарламаларын әзірлеу. Мысалы, "Қазақмыс" ЖШС-мен "Анисимов ключ" кен орнында полиметалл кендерін өндіру бойынша ӘКК жобасы. Тікелей өндіруден басқа, жобада келісімшарттың қолданысы кезеңінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен оның инфрақұрылымын дамытуға 355 мың АҚШ доллары мөлшерінде аударымдар жүргізу, сондай-ақ ӘКК қоры арқылы өңірдегі әлеуметтік жобаларды 180 мың АҚШ доллары сомасына қаржыландыру болжанып отыр. "АЗИЯ АВТО Қазақстан" АҚ-мен де әріптестік бағдарлама әзірленеді, оның аясында ӘКК іскери байланыстарды орнатуда, ұзақ мерзімді келісімшарттарды жасасуда, дайын өнімге квота алуда, автоқұрамдауыштарды жеңілдікті шарттармен жеткізуді қалыптастыруда оператормен өзара іс-қимыл жасау бойынша шағын және орта бизнес кәсіпорындарына қолдау көрсететін болады;

      10) даму институттарының қаражаты қатысатын жобалар саны 25 бірлікке жетеді;

      11) тартылған шетел инвесторларының саны 16 бірлікті құрайды (оның ішінде үшеуі Global-2000 тізімінен);

      12) жеке инвесторлардың тартылған қаражатының ӘКК салынған қаражатына арақатынасы 2023 жылға қарай 0,3-ті құрайды.

      1.3. ӘКК құнын ұлғайту және корпоративтік басқару деңгейін арттыру

      1-мақсат. ӘКК корпоративтік басқаруды және қызметінің ашықтығын жетілдіру

      Міндеттер:

      1) барлық еншілес және бірлескен кәсіпорындарда корпоративтік басқару қағидаттарын жақсарту;

      2) ӘКК ішінде есептілік жүйесін жетілдіру;

      3) ӘКК интернет-ресурсының жұмысын мен ақпараттық қамтамасыз етілуін жақсарту.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері Стратегияға 2-қосымшада ұсынылған.

      Күтілетін нәтижелер:

      1) стратегиялық жоспарлау, мониторингтеу, есеп беру, ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру;

      2) әлеуетті пайдаланушылар мен әріптестерге ӘКК туралы, оның ішінде, оның қаржылық жағдайы, экономикалық көрсеткіштері, меншік құрылымы мен басқару туралы ақпаратты уақтылы жария етуді қамтамасыз ету;

      3) HR Management жүйесіне енгізу;

      4) ӘКК интернет-ресурсын жұмысын ақпараттандыру мен жедел өзектендіру бөлігінде жаңғырту бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі;

      5) тәуелсіз агенттіктен корпоративтік басқару рейтингін алу;

      6) 2023 жылы интернет-ресурсқа кіру жылына 4000 кіруді құрайды.

      7) ӘКК-ге жыл ішінде қарауға түскен бизнес-өтінімдердің саны 2023 жылы 20 бірлікті құрайды.

      2-мақсат. ӘКК кірістілігін ұлғайту

      Міндеттер:

      1) активтер құнын арттыру;

      2) ӘКК және еншілес ұйымдардың рентабельділігі мен таза кірісін арттыру;

      3) кірістерді алу көздерін кеңейту.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері Стратегияға 2-қосымшада ұсынылған.

      Күтілетін нәтижелер:

      1) инвестициялық портфельде өтімділік кезеңі аз жобалар басым болады;

      2) жобалар бойынша дивиденттік саясат пен міндеттемелерге бақылауды қатаңдату;

      3) дебиторлық қарызды барынша азайту;

      4) мемлекеттік бағдарламаларды өзге мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорындардың басқаруына беруді жүзеге асыру;

      5) бірқатар еншілес кәсіпорындарда ӘКК үлесін іске асыру;

      6) ӘКК мен еншілес кәсіпорындардың әкімшілік шығыстар құрылымын оңтайландыру;

      7) 2023 жылға қарай ROA көрсеткіші 1,85% деңгейіне жетеді;

      8) 2023 жылға қарай инвестициялардың рентабельділігі 0,91 %-ға жетеді;

      9) 2023 жылға қарай негізгі қызметтен таза кіріс деңгейі 50,5 млн. теңгеге жетеді;

      10) 2023 жылға қарай негізгі қызметтен түсетін бір қызметкерге таза кіріс деңгейі 1,07 млн. теңгеге жетеді.

      1.4. ЖАО әлеуметтік саясатын іске асыруға қолдау көрсету

      1-мақсат. ӘКК әлеуметтік саясатын жақсарту

      Міндеттер:

      1) ӘКК үшін басым бағыттардағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларға қатысу;

      2) меншікті әлеуметтік бағдарламаларды құру;

      3) мемлекеттік активтерді іскері айналымға тартуды қамтамасыз ету, проблемалы активтерді сауықтыру және олардың базасында бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері Стратегияға 2-қосымшада ұсынылған.

      Күтілетін нәтижелер:

      1) ӘКК қаражаты іске асырылуы жұмыс орындарының едәуір санын ашуды көздейтін жобаларға инвестицияланады;

      2) "Жайлау" меншікті әлеуметтік бағдарламасын іске асыру;

      3) "Семейавиа" АҚ қызметі мен басқа да рентабельді емес активтерді оңалту үшін ивесторлар тарту;

      4) 17 мыңнан астам жұмыс орындарын ашу;

      5) 2023 жылға қарай оңалтудан өткен активтер саны 7 бірлікті құрайды;

      6) "Жайлау" бағдарламасына қатысушылардың жалпы саны шамамен 1350 адамға дейін артады.

      2-мақсат. ӘКК қызметіндегі әлеуметтік құрамдасты ұлғайту

      Міндеттер:

      1) ӘКК іске асыратын әлеуметтік жобалардың тиімділігін жақсарту;

      2) әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру үшін ӘКК ішінде капиталдандырылуы шамамен 200 млн. теңге болатын қор құру.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері Стратегияға 2-қосымшада ұсынылған.

      Күтілетін нәтижелер:

      1) жер қойнауын пайдалану саласындағы инвестициялық жобаларда әлеуметтік бағдарламаларды дамытуға арналған баптар көзделеді;

      2) әлеуметтік жобаларды іске асыруға бизнес-құрылымдар тартылады;

      3) өңір үшін қажетті әлеуметтік жобалар базасын қалыптастыру;

      4) әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру үшін ӘКК ішкі қорын қалыптастыру;

      5) ӘКК іске асырған әлеуметтік жобалардың жалпы саны 10 жылда 8 бірлікке жетеді.

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ШҚО

Шығыс Қазақстан облысы

ӘКК

"Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

АӨК

агроөнеркәсіптік кешен

ЕДБ

екінші деңгейдегі банктер

ЖАО

жергілікті атқарушы органдар

МКҰ

микрокредиттік ұйымдар

ШОБ

шағын және орта бизнес

СДО

сервистік-дайындау орталығы

ИА

индустриялық аймақтар

ШҚ

шаруа қожалығы

ИКАО

ағылш. ICAO – International Civil Aviation Organization Азаматтық авиацияның халықаралық нормаларын белгілейтін Халықаралық азаматтық авиация ұйымы

ТШИ

тікелей шетел инвестициялары

БК

бірлескен кәсіпорын

ТДҰА

"Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" акционерлік қоғамы

ҚИДИ

"Қазақстандық индустрияны дамыту институты" акционерлік қоғамы

ИҚО

Инвесторларға қызмет көрсету орталығы

ҰБХ

ұлттық басқарушы холдинг

ҒЗКӘ

ғылыми-зерттеу және конструкторлық әзірлемелер

ҚТК

қызметтің түйінді көрсеткіші

ҚХР

Қытай Халық Республикасы

  "Ертіс" ӘКК" ҰҚ" АҚ
2014 – 2023 жылдарға арналған
даму стратегиясына
1-қосымша

      1-диаграмма.

Облыстың жалпы өңірлік өнімінің серпіні, млрд. теңге


      2-диаграмма.

Облыстың өнеркәсіптік өндірісі көлемінің серпіні, млрд. теңге



      1-кесте.

Облыстың шағын және орта бизнес субъектілерінің негізгі даму көрсеткіштері

Өңір

Белсенді шағын және орта бизнес субъектілерінің саны, мың бірл.

Өсу қарқыны, %

Олардағы еңбекпен қамтылғандар саны, мың адам

Өсу қарқыны, %

Өнім шығару млн. теңге

Өсу қарқыны, %

2011 ж.

2012 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2011 ж.

2012 ж.

ШҚО

75683

69442

91,8

230,8

231,2

100,2

437,0

464,3

106,2


      2-кесте.

Облыстың 2003 – 2013 жж. аралығындағы экономикалық даму қорытындылары

Негізгі көрсеткіштер атауы

Жылдар

2003 ж.

2004 ж.

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

Жалпы өңірлік өнім, млрд. теңге

334,3

392

467,5

615,1

800,5

890,0

983,1

1244,1

1624,3

1771,5

1929,2 бағалау

Өнеркәсіптік өндіріс көлемі, млрд. теңге

182,0

222,8

260,2

410,1

481,1

470,2

484,0

641,3

820,6

943,2

1 007,3

Ауыл шаруашылығының жалпы көлемі, млрд. теңге

58,2

70

75,1

80,3

98,5

110,2

165

153,1

202,2

237,2

296,3

Сыртқы сауда айналымы, млн. АҚШ долл.

872,9

1292

1609,1

2536

3385

3140

2700

2988

3685,5

4869,9

3406,7

Негізгі капиталға инвестициялар, млрд. теңге

44,8

50,7

82,2

116,1

126,5

161,4

139,2

144,7

241,6

263,4

301,1

Тіркелген кәсіпорындар саны, бірл.

8905

9569

10199

10668

11232

11786

12006

12096

12285

12834

13380

Қолданыстағы кәсіпорындар саны, бірл.

6308

6838

7429

7662

7891

6998

7482

7308

6421

6079

6210

Меншікті кіріс түсімдерінің көлемі, млрд. теңге

23,6

25,1

27

34,2

43,4

42,5

42,2

45,4

52,9

61,5

70,0

Орташа айлық еңбекақы, теңге

20099

23846

27688

33101

42138

48293

53496

61388

73677

84 111

88653

Жалпы жұмыссыздық деңгейі, %

7,3

7,2

7,1

6,9

6,6

6,4

6,4

5,7

5,2

5,1

5,0 3-тоқсан

Тұтынушылық бағалар индексі, %

106,2

107,3

107,8

107,5

116,1

110,5

105,7

108,1

107,1

106,1

104,5


      1-сурет.

"Ертic" ӘКК" ҰК" АҚ ішкі корпоративтік жүйесі



      2-сурет.

"Ертic" ӘКК" ҰК" АҚ іске асыратын жобалар құрылымы



      3-сурет.

"Ертic" ӘКК" ҰК" АҚ жер қойнауын пайдалану саласындағы жобаларды іске асыруға қатысу процесі



      4-сурет.

"Ертic" ӘКК" ҰК" АҚ бизнес-жобаларды іске асыруға қатысу процесі



  "Ертіс" ӘКК" ҰҚ" АҚ
2014 – 2023 жылдарға арналған
даму стратегиясына
2-қосымша

ӘКК қызметінің түйінді көрсеткіштері (бұдан әрі – ҚТК)

      1-стратегиялық бағыт. Инвесторларды тарту және өңірдің өсу нүктелерінде жаңа өндірістер құру

      1-мақсат. Өңір экономикасының басым секторларына отандық және тікелей шетел инвестицияларын тарту бойынша жұмысты жандандыру (өсу нүктелері)

ҚТК атауы

2013 ж. нақты

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

2021 ж.

2022 ж.

2023 ж.

1-ҚТК. Тартылған инвестиция көлемі (инвестициялық портфель), млн. теңге (жер қойнауын пайдалану жобаларын ескере отырып)

400

500

1000

9000

5000

3500

3500

3500

2800

2800

2800

2-ҚТК. Жыл сайын іске қосылатын инвестициялық жобалардың саны, оның ішінде шетел капиталының қатысуымен (жыл сайын бесеуден кем емес), бірл.

оның ішінде ауыл шаруашылығы саласында, бірл.:

өнеркәсіптік шошқа кешендерін ашу, бірл.

өнеркәсіптік сүт-тауар фермаларын ашу, бірл.

экспортқа бағдарланған жемдеу алаңдарын ашу, бірл.

құрама-жем зауытының құрылысы

3

-

2

-

-

5

-

1

-

-

6

-

-

-

-

6

1

1

-

-

7

-

-

1

-

7

-

1

-

-

7

-

-

1

-

8

1

1

-

1

9

-

-

1

-

10

-

1

1

-

10

-

2

1

-

3-ҚТК. Өңдеу өнеркәсібіне тікелей шетел инвестициялары көлемінің өсімі 20 %-дан кем емес (2023 жылға қарай), %.

101

102

104

105

108

111

114

116

118

120

122


      2-мақсат. Өңірге жаңа (инновациялық) технологияларды тарту және Қазақстан ғылымына қолдау көрсету

ҚТК атауы

2013 ж. нақты

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

2021 ж.

2022 ж.

2023 ж.

1-ҚТК. Облыс үшін жаңа технологиялар трансферті бар инвестициялық жобалар саны, бірл.

-

-

-

1

1

-

1

-

2

-

1

2-ҚТК. Технопарктердің коммерцияланған идеяларының саны, бірл.

-

1

-

1

-

1

1

1

-

1

1


      3-мақсат. Өңірлік деңгейде қазақстандық қамтуды дамыту

ҚТК атауы

2013 ж. нақты

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

2021 ж.

2022 ж.

2023 ж.

1-ҚТК. ШҚО бойынша өңірлік өндірушілердің есебінен қазақстандық қамтудың үлесі, %-бен:

тауарларды сатып алу кезінде – 60 %-ға дейін;

жұмыстарды/көрсетіле тін қызметтерді – 90 %-ға дейін

30

60

32

63

34

65

35

70

36

75

40

80

50

85

55

87

57

88

60

90

65

90

2-ҚТК. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды дамыту бойынша өткізілген семинарлар саны, бірл.

1

1

2

2

2

2

3

3

3

3

3

3-ҚТК. Индустриялық-инновациялық дамыту аясында мемлекеттік қолдау құралдарын түсіндіру бойынша өткізілген семинарлар саны, бірл.

1

1

1

3

2

2

3

2

2

3

3

2-стратегиялық бағыт. Өсу нүктелерінде экономикалық белсенділікті ынталандыру үшін жағдайлар жасау

      1-мақсат. Бизнесті дамытуды қолдау инфрақұрылымының әлеуетін пайдалану

ҚТК атауы

2013 ж. нақты

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

2021 ж.

2022 ж.

2023 ж.

1-ҚТК. Өткізілген road-show саны, бірл.

5

4

4

5

5

7

7

8

8

8

8

2-ҚТК. ИА-ға тартылған шикізаттық емес инвестициялық жобалар саны, бірл.

1

-

2

-

2

-

-

2

-

1

2

3-ҚТК. Ісін жаңа бастаған бизнесті қолдау инфрақұрылымы объектілерінің (бизнес-инкубаторлар, технопарктер, индустриялық аймақтар) саны, бірл.

1

-

1

-

1

-

1

-

-

1

1


      2-мақсат. Баламалы қаржыландыру көздерінің мүмкіндіктерін пайдалану

ҚТК атауы

2013 ж. нақты

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

2021 ж.

2022 ж.

2023 ж.

1-ҚТК. Даму институттарының қаражаты қатысатын жобалар саны, бірл.

-

2

1

2

2

3

3

3

3

3

3

2-ҚТК. Өңірге тартылған шетел инвесторларының саны (жыл сайын екеуден кем емес), оның ішінде Global-2000 тізімінен (2023 жылға дейін үшеуден кем емес ), бірл.

-

-

2

-

2

-

2

-

2

-

1

1

2

-

1

1

2

-

1

1

1

1

3-ҚТК. Жеке инвесторлардың тартылған қаражатының ӘКК салған қаражатына арақатынасы, коэффициент

-

0,9

0,7

0,6

0,4

0,4

0,3

0,3

0,3

0,3

0,3

3-стратегиялық бағыт. ӘКК құнын ұлғайту және корпоративтік басқару деңгейін арттыру

      1-мақсат. ӘКК корпоративтік басқаруды және қызметінің ашықтығын жетілдіру

ҚТК атауы

2013 ж. нақты

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

2021 ж.

2022 ж.

2023 ж.

1-ҚТК. Ұлттық компанияны басқару сапасының рейтингі (ҰК БСР), балл (ӘКК)

-

-

3

-

5

-

8

-

10

-

10

2-ҚТК. Интернет-ресурсқа кіру, жылына кіру саны

500

550

600

700

1000

1500

2000

2500

3000

3500

4000

3-КТК. Жыл ішінде ӘКК қарауына түскен бизнес-жобалардың саны, дана

9

12

12

15

15

17

17

19

20

20

20


      2-мақсат. ӘКК кірістілігін ұлғайту

ҚТК атауы

2013 ж. нақты

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

2021 ж.

2022 ж.

2023 ж.

1-ҚТК. ROA көрсеткіші, %

0,61

0,72

0,82

0,88

0,87

1,43

1,74

1,53

1,43

1,79

1,85

2-ҚТК. Инвестициялардың рентабельділігі, %

-21,9

0,26

0,18

0,16

0,39

0,48

0,59

0,7

0,81

0,91

0,91

3-ҚТК. Таза кіріс деңгейі, млн.теңге

оның ішінде

бір қызметкерге таза табыс, млн. теңге

-69,2

-1,47

7,2


0,15

10,5


0,23

14,5


0,32

19,7


0,43

24,0


0,53

29,5


0,65

35,0


0,65

40,5


0,78

45,5


1,01

50,5


1,07

4-стратегиялық бағыт. ЖАО әлеуметтік саясатын іске асыруға қолдау көрсету

      1-мақсат. ӘКК әлеуметтік саясатын жақсарту

ҚТК атауы

2013 ж. нақты

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

2021 ж.

2022 ж.

2023 ж.

1-ҚТК. ӘКК қатысатын жобаларда ашылған жұмыс орындарының саны, бірл.

107

150

200

250

2000

4000

8000

500

600

800

800

2-ҚТК. Оңалтудан өткен кәсіпорындар саны (мұндай активтерді ӘКК теңгеріміне беру мүмкіндігін ескере отырып), бірл.

-

-

1

-

1

-

2

-

2

-

1

3-ҚТК. Өңірдің мал шаруашылығын дамыту жөніндегі "Жайлау" әлеуметтік бағдарламасына қатысушылар саны, адам

24

90

100

110

120

130

140

150

160

170

180

      2-мақсат. ӘКК қызметіндегі әлеуметтік құрамдасты ұлғайту

ҚТК атауы

2013 ж. нақты

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

2021 ж.

2022 ж.

2023 ж.

1-ҚТК. Іске асырылған әлеуметтік жобалар саны, бірл.

3

2

1

1

-

1

-

1

-

1

1

2-ҚТК. ӘКК қорын капиталдандыру, млн. теңге.

-

-

-

10

20

30

50

60

70

100

200


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады