2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 мамырдағы № 552 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі мен арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі
Ұзақбай Сүлейменұлы Қарабалинге 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2014 жылғы 27 мамырдағы
№ 552 қаулысымен  
мақұлданған    

      Жоба 

2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi
мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Қазақстан
Республикасына мұнай және мұнай өнiмдерiн жеткiзу саласындағы
сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы
келiсiмге өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi,
      2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы шартты басшылыққа ала отырып,
      2012 жылғы 19 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы және 2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы назарға ала отырып,
      2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 8-бабына сәйкес,
      Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын құрайтын Кеден одағына мүше мемлекеттердің өзге халықаралық шарттарын ескере отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      1. Келісімнің 8-бабының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Келісім 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады, егер Тараптардың ешқайсысы оның қолданылуын тоқтату ниеті туралы оның бастапқы қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 6 ай бұрын екінші Тарапты жазбаша хабардар етпесе, осы мерзім аяқталғаннан кейін ол 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін автоматты түрде ұзартылады.».

2-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді.
      2014 жылғы «__» _______ қаласында қазақ және орыс тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды, олардың әрқайсысының заңды күші бірдей.

      Қазақстан Республикасының           Ресей Федерациясының
            Үкіметі үшін                        Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады