"Қазақстан Республикасы Президентінің "Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы" 2004 жылғы 1 қарашадағы № 1466 және "Концессияға беруге жатпайтын объектiлердiң тiзбесi туралы" 2007 жылғы 5 наурыздағы № 294 жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 6 маусымдағы № 619 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің «Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы» 2004 жылғы 1 қарашадағы № 1466 және «Концессияға беруге жатпайтын объектiлердiң тiзбесi туралы» 2007 жылғы 5 наурыздағы № 294 жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің «Ерекше стратегиялық
маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тiзбесi туралы» 2004
жылғы 1 қарашадағы № 1466 және «Концессияға беруге жатпайтын
обьектілердің тізбесі  туралы» 2007 жылғы 5 наурыздағы № 294
жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) «Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 1 қарашадағы № 1466 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 44, 543-құжат):
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға беруге болатын су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса берiлiп отырған ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға беруге болатын су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі бекітілсін.»;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесінде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға беруге болатын су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі»;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Осы Жарлықтың 3-тармағында аталған су шаруашылығы құрылыстары (cу тарту құрылыстары, сорғы станциялары, тазартқыш су құбыры құрылыстары) жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін.»;
      2) «Концессияға беруге жатпайтын обьектілердің тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 наурыздағы № 294 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 7, 80-құжат; 2012 ж., № 60, 819-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген концессияға беруге жатпайтын объектілердің тізбесінде:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Мына қалаларды сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін су шаруашылығы құрылыстарын (cу тарту құрылыстары, сорғы станциялары, тазартқыш су құбыры құрылыстары) қоспағанда, ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары (бөгеттер, гидротораптар, басқа да гидротехникалық құрылыстар):
      1) Астана;
      2) Алматы;
      3) Ақтау;
      4) Ақтөбе;
      5) Атырау;
      6) Қарағанды;
      7) Көкшетау;
      8) Қостанай;
      9) Қызылорда;
      10) Павлодар;
      11) Петропавл;
      12) Талдықорған;
      13) Тараз;
      14) Орал;
      15) Өскемен;
      16) Шымкент;
      17) Семей;
      18) Түркістан;
      19) Теміртау;
      20) Екібастұз;
      21) Рудный;
      22) Жезқазған;
      23) Кентау;
      24) Балқаш;
      25) Жаңаөзен;
      26) Сәтпаев;
      27) Ақсу;
      28) Риддер;
      29) Арыс;
      30) Степногорск;
      31) Шахтинск;
      32) Саран;
      33) Қапшағай;
      34) Арқалық;
      35) Лисаковск;
      36) Приозерск.».
      3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледi.

      Қазақстан Республикасының
            Президенті                                    Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады