Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 686 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 546 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Yкiметiнiң 29.09.2016 № 546 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия (бұдан әрі — Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 19 маусымдағы
№ 686 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, хатшы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Бас прокуроры (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 19 маусымдағы
№ 686 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл
жөніндегі комиссия туралы
ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия (бұдан әрі — Комиссия) елдегі көлеңкелі экономиканың деңгейін қысқарту және экономика субъектілерінің көлеңкеге кетуіне түрткі болатын себептерді жою мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылды.

      2. Комиссия Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, осы Ережені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

2. Комиссияның негізгі міндеттері

      4. Комиссияның негізгі міндеттері:

      1) салықтар мен кедендік төлемдерді төлеуден жалтаруға қарсы күрес;

      2) қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту;

      3) мемлекеттік қаржыны тиімді басқару;

      4) бизнес-ортаны жетілдіру;

      5) көлеңкелі экономиканы бағалауды жетілдіру;

      6) экономика салаларында көлеңкелі өндірісті қысқарту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

3. Комиссияның құқықтары

      5. Комиссия өз құзыреті шегінде:

      1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы Ереженің 4-тармағында көзделген мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажет болған кезде проблемалық мәселелерді талдау мен зерделеу үшін мамандарды, сарапшылар мен ғалымдарды тартуға, сондай-ақ жұмыс топтарын ұйымдастыруға;

      3) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпарат сұратуға және алуға;

      4) Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      6. Комиссияны оның төрағасы басқарады.

      Комиссия төрағасы:

      1) оның қызметіне басшылық жасайды, Комиссия отырыстарына төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызмет, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіру мен Комиссия әзірлейтін шешімдер үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес дербес жауапты болады;

      2) Комиссия отырыстарының күн тәртібін, сондай-ақ өткізілетін орны мен уақытын айқындайды.

      Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары атқарады.

      7. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      Жұмыс органы Комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар Комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні бұрын хаттама жобасымен қоса Комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.

       8. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берген кезде қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі - Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру арқылы өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқықтары бар, оны білдірген жағдайда ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделгендей Комиссияның есеп-хатында қоса берілуі қажет.

      Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде хатшы үш жұмыс күні ішінде хаттаманы жасайды, оған төраға және хатшы қол қояды.

      Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, Комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын Комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.

      Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып келіспеу туралы жауап жібереді.

      9. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жартыжылдықта кемінде бір рет өткізіледі және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса, заңды болып саналады.

      10. Комиссияның дауыс беру парақтарымен бірге материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.

5. Комиссияның қызметін тоқтату

      11. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Комиссияның қызметін тоқтатуға негіз болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады