"Өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарларын, жұмыстарын, қызметтерін қылмыстық-атқару жүйесінің органдары сатып алатын түзеу мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесін, сондай-ақ оларды өндіретін, орындайтын, көрсететін түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындарынан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі мен көлемін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қазандағы № 1002 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 шілдедегі № 811 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 79 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.02.2016 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарларын, жұмыстарын, қызметтерін қылмыстық-атқару жүйесінің органдары сатып алатын түзеу мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесін, сондай-ақ оларды өндіретін, орындайтын, көрсететін түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындарынан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі мен көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қазандағы № 1002 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары өндіретін, орындайтын, көрсететін, олардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі мен көлемінде:
      нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

8

Сүт, сүт өнімдері

тонна

900

                                                        »;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 276, 277, 278-жолдармен толықтырылсын:
      «

276

Дезинфекциялау құралдары

литр

600000

277

Шырындардың ассортименті

литр

200000

278

Кеңсе қағазы

кг

100000

                                                        ».

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады