"Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2014 - 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 шілдедегі № 814 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 818 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 10.12.2018 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 184-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 21 шілдедегі
№ 814 қаулысымен
бекітілген

"Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы"
акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму
стратегиясы

      Осы "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы (бұдан әрі – Стратегия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1236 қаулысымен бекітілген Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидаларына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1382 қаулысымен мақұлданған Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасына (бұдан әрі – Тұжырымдама) сәйкес әзірленген.

      Стратегия "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ӘКК) 2014 – 2023 жылдарға арналған миссиясын, пайымын, негізгі стратегиялық бағыттарын, мақсатын, міндеттерін, іс-шараларды және қызметінің түйінді көрсеткіштерін айқындайды.

      Стратегияның тұжырымдамалық сипаты бар және Стратегия келісіліп, бекітілгеннен кейін әзірленетін ұйымдастырушылық іс-шаралар мен құжаттамалық рәсімдердің сипатын қамтымайды.

      Стратегия кейінгі бағдарламалық құжаттарды, орта мерзімді даму жоспарларын, болжамды қаржы модельдерін, сондай-ақ ӘКК бюджетін әзірлеу үшін негіз болып табылады.

      Стратегия мақсаттар мен бағыттардың негізгі стратегиялық құжаттарда айқындалған республикалық және өңірлік даму басымдықтарына сәйкестігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарының нормаларына сәйкестігі қағидатын пайдалана отырып әзірленген:

      1) Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан-2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдау;

      2) "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығы;

      3) "Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы;

      4) "Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 4 маусымдағы № 579 Жарлығы;

      5) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығы;

      6) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы;

      7) "Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы;

      8) "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасын мақұлдау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1382 қаулысы;

      9) "Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1308 қаулысы;

      10) "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысы;

      11) "Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1145 қаулысы;

      12) Қостанай облысы мәслихатының 2011 жылғы 12 қаңтардағы № 368 шешімімен бекітілген Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі – АДБ).

      1. Ағымдағы жағдайды талдау

      Сыртқы ортаны талдау

      ӘКК қызметінің аумағы – Қазақстан Республикасының Қостанай облысында (бұдан әрі – облыс). 2013 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша облыс халқының жалпы саны 880,6 мың адамды құрады (оның ішінде 51,3 %-ы қала және 48,7 %-ы ауыл тұрғындары) немесе Қазақстан Республикасы тұрғындарының жалпы санының 5,2 %-ын құрайды. Облыс аумағының ауданы – 196 000 шаршы км (Қазақстан Республикасының жалпы аумағының – 7,2 %).

      Облыс географиялық жағынан қолайлы орналасқан. Астана қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары сияқты әлеуетті сыйымды нарықтардың тікелей жақын орналасуы агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі – АӨК), кен өндіру өнеркәсібі және машина жасау саласы өнімдерін өткізу үшін облыстың бәсекелестік артықшылықтарын қамтамасыз етеді. Облыстың Ресей Федерациясының үш облысымен (Қорған, Орынбор, Челябі) шекаралас көрші болуы экспортқа бағдарланған өндіріс пен шекара маңындағы сауданы дамытуға мүмкіндік береді.

      Облыстың табиғи-ресурстық әлеуетін бағалау

      Облыс жерінің жалпы ауданы 19 600 мың га құрайды. Ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы – 18 123,4 мың га, оның ішінде 5 659,3 мың га немесе ауыл шаруашылығы алқаптарының 31,2 %-ын егістік, 12 068 мың га (66,6 %) жайылым алып жатыр.

      Ауа-райының қолайлы болуы және құнарлы топырақ пен жайылым алқаптарының мол болуы облыста ауыл шаруашылығы (өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы) өнімдерінің өндірісін басымдықпен дамытуға негіз болды. Ауыл шаруашылығының өндірістік мамандануы жағынан облыс астық-бидай өндірісі дамыған, тауарлық ірі мал шаруашылығы дамып келе жатқан аймаққа жатады.

      Облыстың жер қойнауы пайдалы қазбалардың барлық дерлік түріне бай, әсіресе, темір кені мол (магнетит кені – Қостанай темір кені бассейні: Соколов, Сарыбай, Қашар кен орындары, солитті қоңыр теміртас – Аят темір кені бассейні, Лисаковск кен орны). Магнетит кені мен қоңыр теміртастың жиынтық қоры 15,7 млрд. тоннаны құрайды.

      Тұтастай алғанда, бай табиғи ресурстарын, қолайлы ауа-райы жағдайларын және географиялық жағынан ыңғайлы орналасқанын ескерсек, бәсекеге қабілетті әлеуетті (әсіресе, ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу жөнінде, машина жасау өнімдерін шығару және құрылыс материалдарының өндірісін кеңейту жөнінде) өндірістер құру жағынан облыс әлеуетінің мол екені туралы тұжырым жасауға болады.

      Облыстағы экономикалық ахуалды бағалау

      Облыстың жалпы өңірлік өнімі (бұдан әрі – ЖӨӨ) 2010 – 2013 жылдары оң өсу үрдісінде болды: 2010 жыл – 856,7 млрд. теңге; 2011 жыл – 1 135,6 млрд. теңге; 2012 жыл – 1 156,2 млрд. теңге; 2013 жыл – 881,9 млрд. теңге. Бұл ретте, тау-кен металлургиясы өнеркәсібінің өндіріс көлемінің қысқаруы есебінен 2012 жылғы көрсеткішке қатысты 2013 жылы ЖӨӨ мәні 25,9 %-ға азайды.

      Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өнімінің (бұдан әрі – ЖІӨ) құрылымындағы ЖӨӨ үлесі орта есеппен 4 % болады. Белгілі бір дәрежеде бұл тренд ЖӨӨ құрылымымен және көлемімен айқындалады.

      ЖІӨ-дегі облыс үлесінің азаюы, негізінен, өнеркәсіп, сауда, көлік және байланыс секторларының үлес салмағының қысқаруы есебінен орын алып отыр. Бұл ретте, ЖӨӨ қалыптастыруға облыстың ауыл шаруашылығының үлесі айтарлықтай өсті.

      Облыс экономикасының құрылымын талдау

      Облыс экономикасының құрылымында пайдалы қазбаларды өндіру мен астық экспорты басым ресурстық бағдарлану айқын көрінеді. Өңдеуші өнеркәсіптің үлесі әлі де мейлінше төмен.

      Облыс дамуының ағымдағы кезеңінде ЖӨӨ негізгі көлемін қамтамасыз ететін экономикалық қызметтің басым түрі ауыл шаруашылығы болды, оның үлесіне 2010 – 2013 жылдары өндірілген ЖӨӨ-нің басым бөлігі тиесілі. Алайда, бұл саладағы басқару тиімділігінің төмен болуы ауыл шаруашылығының өзіндік бірегей әлеуетін толыққанды пайдалануға мүмкіндік бермейді. Еңбекті қажет ету деңгейінің жоғары болуы, негізгі құралдардың тозу дәрежесінің қомақты болуы, заманауи жаңа технологияларды енгізу деңгейінің жеткіліксіз болуы және қаржыландырудың тапшылығы облысты сыртқы сұранысқа байланысты маңызды тәуекелдерге ұшырауға бейім өнеркәсіптік өндіріс қызметінің нәтижелеріне тікелей тәуелді етеді.

      2013 жылғы қаңтар-тамыз кезеңіндегі облыс өнеркәсібінің құрылымын мынадай салалармен көрсетуге болады: кен өндіру, энергетика, сумен жабдықтау және өңдеуші өнеркәсіп салалары – тамақ өнеркәсібі, машина жасау және металл өңдеу, химия өнеркәсібі және құрылыс материалдарының өндірісі. Облыс өнеркәсібінің құрылымында кен өндіру өнеркәсібінің үлес салмағы 53 %-ды, өңдеуші өнеркәсіп – 41 %-ды, электрмен жабдықтау, газ, бу беру мен ауа баптау – 5 %-ды, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылау – 1 %-ды құрайды.

      Облыс экономикасының басым салаларының жай-күйін бағалау

      АӨК

      2010 – 2013 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасының жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлеміндегі облыстың ауыл шаруашылығы өнімінің үлес салмағы орта есеппен 10 %-ды құрады.

      Облыстың ауыл шаруашылығы өнімінің (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы шығарылымы мынаны құрады: 2010 жылы – 213 млрд. теңге; 2011 жылы – 394 млрд. теңге; 2012 жылы – 179 млрд. теңге; 2013 жылы – 266 млрд. теңге. Көрсеткіштердің мәні облыс экономикасының қаралып отырған секторының орнықты өскенін көрсетеді.

      2012 жылы дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жалпы жинаудың 19,6 %-ы, ет өндірісінің 13 %-ы, сүт өндірісінің республикалық көлемінің 6,8 %-ы, жұмыртқа өндірісінің жалпы көлемінің 14,3 %-ы облыс үлесіне тиесілі болды.

      2013 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша облыстың ауыл шаруашылығы секторында ауыл шаруашылығы өнімінің 6 390 өндірушісі, оның ішінде 865 ауыл шаруашылығы кәсіпорны мен 5 525 шаруа (фермер) қожалығы болды.

      Соңғы жылдары облыстың ауыл шаруашылығы саласы құрылымының 57,2 %-ын өсімдік шаруашылығы және 42,8 %-ын мал шаруашылығы иеленді.

      Өсімдік шаруашылығы

      Қазақстан Республикасының бүкіл егістік алқабының 24,3 %-ға жуығы облыс үлесіне тиесілі. Астық өнімдеріне жиынтық сұраныстың өсуі есебінен соңғы 4 жылда (2010 – 2013 жылдар) егістік алқаптары 5,4 %-ға ұлғайды.

      Дәнді, бұршақты және майлы дақылдардың егістік алқабы облыстың егістік алқабының 88,6 %-ын құрайды.

      2013 жылғы деректер бойынша облыстың егістік алқабының құрылымында: дәнді, бұршақты және майлы дақылдар 4 628,3 мың гектарды (88,6 %); көкөніс пен бақша дақылдары, тамыр жемістілер мен түйнек жемістілер 13,7 мың гектарды (0,3 %); жем-шөп дақылдары 580 мың гектарды (11,1 %), өзге дақылдар 0,2 мың гектарды алып жатыр.

      Қазақстан Республикасының дәнді және бұршақты дақылдарының (астыққа) жалпы құрылымында облыстың үлесі шамамен 25 %.

      1-кесте. Дәнді және бұршақты дақылдарды (астыққа) жалпы жинау, мың тонна

Атауы

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Қазақстан Республикасы

12 185,2

26 960,5

12 864,8

18 231,1

Қостанай облысы

3 039,9

7 912,7

2 459,9

4 267,5

Облыстың үлесі

25 %

29,3 %

19,1 %

23,4 %


      Соңғы жылдары дәнді дақылдардың құрылымында бидайдың үлес салмағының өсуімен қатар дәнді-бұршақты, жарма, мал жемі дақылдарына арналған егістік алқаптарының азаюы орын алды.

      Облысты қауіпті диқаншылық аймағына жатқызуға негіз болған ауа райы-климат жағдайларының күрделі болуы ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің ғылыми тәсілдері мен практиктердің бай тәжірибесіне, қажетті амалдар мен құралдарды икемді пайдалану дағдысына негізделген заманауи технологияларды игеру қажеттігін айқындап берді.

      Мал шаруашылығы

      Ет және сүт өндірісі облыстағы мал шаруашылығын дамытудың негізгі бағыттары болып табылады.

      2013 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша елдің ірі қара мал басының (бұдан әрі – ІҚМ) санындағы облыс үлесі 6 %-ды, қой-ешкі – 1,9 %-ды, шошқа – 18,3 %-ды, құс – 9,9 %-ды, жылқы – 4,7 %-ды, түйе – 0,1 %-ды құрады.

      2010 жылдан бастап 2012 жыл аралығындағы кезеңде ІҚМ мен шошқа санының азайғаны байқалып отыр, бұл тренд бүкіл республика бойынша орын алған және қыс мезгіліндегі жем-шөп тапшылығымен негізделген. Бұл ретте, 2013 жылы құс санының үлес салмағы неғұрлым жоғары (76 %) болған, мал басы мен құстың жалпы санының 6,3 %-ын қой-ешкі құрайды.

      2-кесте. Облыстағы мал басы мен құс саны, мың бас

Атауы

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Ірі қара мал

570,70

376,4

394,4

413,7

Шошқа

310,3

254,8

181,2

223

Қой-ешкі

349,8

360,2

357,5

413,2

Жылқы

86,5

85

84,8

89,2

Құс

4 909,2

4933,8

4 632,8

3 644,2

Түйе

0,3

0,2

0,2

0,2

БАРЛЫҒЫ:

6 226,8

6 010,4

650,9

4 783,5


      Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының ет өндірісі құрылымындағы облыс үлесінің біршама азайғанын атап өткен жөн. Бұл, іске асырылып жатқан азық-түлік бағдарламаларына байланысты басқа облыстардағы серпінді өсу қарқынымен негізделген.

      Облыс бойынша жұмыртқа, сүт және жүн өндірісінің барлық түрінің саябырлауын да осы себептермен түсіндіруге болады.

      3-кесте. Мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерінің өндірісі

Атауы

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2011 жыл

%

2012 жыл

%

2013 жыл

%

Қазақстан Республикасы

Қостанай облысы

Ет (сойылған салмақта),

мың тонна

939,4

934,1

1 648,5

152,1

16,2

121,2

13

169,5

10

Сүт, мың тонна

5 232,5

4 851,6

4 888

579,2

11,1

330,9

6,8

338,5

6,9

Жұмыртқа, млн. дана

3 718,5

3 673,4

3 884,4

552,5

14,8

526,9

14,3

463,6

11,9


      2010 – 2013 жылдардағы кезеңде облыс бойынша мал шаруашылығында малдың барлық түрі мен құс санының артуына, сиыр мен құстың өнімділігін жоғарылатуға, мал шаруашылығы өнімі мен шикізат көлемінің ұлғаюына қол жеткізілді. 2011 – 2012 жылдардағы кезеңде мал басы мен құс санының көрсеткіштері жем-шөп өндірісіндегі көлемнің жеткіліксіз болуына әкеп соқтырған ауа райы жағдайларының қолайсыз болуы есебінен азаю жағына қарай айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Ет, құс, сүт пен жұмыртқа өндірісінде облыстың мүмкіндігі анағұрлым жоғары.

      Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, негізінен, астық өндірісінің үлесі жоғары өсімдік шаруашылығының өнімдеріне маманданады, ал жем-шөп дақылдарына арналған аздаған алқап мал шаруашылығын дәйекті дамытуды қамтамасыз ете алмайды. Мұның өзі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында мал басын жинау деңгейінің төмен болуына, кейбір жағдайларда олардың мүлдем болмауына негіз болады.

      Қазіргі уақытта мал шаруашылығының асыл тұқымды зауыттары, асыл тұқымды аталықтары мен асыл тұқымды шаруашылықтары бар асыл тұқымды базасын қалпына келтіру жүзеге асырылуда.

      Облыс ауыл шаруашылығының негізгі проблемалары, оларды шешу мемлекет пен ауыл шаруашылығы субъектілерінің келешекте бірлескен күш-жігер жұмсауын талап етеді:

      1) материалдық-техникалық базаның қанағаттанғысыз жай-күйі, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу технологиясының төмен деңгейі, бұл әлемдік нарықтың қажеттіліктері мен стандарттарына сәйкес келетін дайын өнім шығаруға мүмкіндік бермейді;

      2) шикізат дайындау және шалғайдағы жерлерден кейіннен шикізат өңделетін жерлерге оларды тасымалдау кезінде шығындардың көп болуы;

      3) ауыл шаруашылығының өнімдерін терең өңдеудің өндірістік процестерінің дамымауы;

      4) өндірістерді іске қосу және шикізат сатып алу үшін айналым қаражатының үнемі жетіспеуі, қаржы ресурстарына қолжетімділіктің шектеулі болуы, банктердің кепілдікпен қамтамасыз етуге қоятын талаптарының қатаң болуы;

      5) ауылдағы жұмыс жағдайларының тартымсыз болуына байланысты халықтың кетуімен негізделген кадр әлеуетінің төмен деңгейі.

      Машина жасау саласы

      2009 – 2012 жылдар кезеңінде облыстың өнеркәсіптік өнімі көлемінің құрылымындағы машина жасау саласы үлесінің даму серпіні мынадай түрде: 2009 жылы – 4,5 % 2010 жылы – 3 %; 2011 жылы – 3,2 %, 2012 жылы – 6,4 %, 2013 жылғы қаңтар-тамыз аралығындағы кезеңде – 7,4 %.

      Көрсеткіштерді талдау облыс өнеркәсібінің құрылымындағы саланың үлесі талданып отырған кезеңде өндірілген өнім көлемінің өсуі есебінен ұлғайғанын куәландырады.

      Облыста машина жасау өнімдерінің өндірісі көлемінің айтарлықтай өсуі, негізінен, автомобиль жасаудың дамуына байланысты. Автокөлік құралдары өндірісінің көлемі 2012 жылғы қаңтар-тамыз аралығындағы кезеңдегі 4 424,8 млн. теңгеден 2013 жылдың осындай кезеңінде 12 242 млн. теңгеге дейін ұлғайды.

      Облыстың машина жасау саласының негізін "Агромашхолдинг" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "Агромашхолдинг" АҚ), "СарыарқаАвтоПром" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – "СарыарқаАвтоПром" ЖШС), "Агротехмаш" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – "Агротехмаш" ЖШС), "Дормаш" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "Болашақ А" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "Дон Мар" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сияқты кәсіпорындар және басқалары құрайды.

      Негізінен, ауыл шаруашылығының топырақ өңдеу техникасына, жабдықтарға, қосалқы бөлшектерге, тораптар мен агрегаттарға қажеттілігін қамтамасыз етуге бағдарланған машина жасау кәсіпорындары 2013 жылдың талдау жасалып отырған кезеңінде 4-кестеге сәйкес 26 445 млн. теңге сомаға өнім шығарған немесе 2012 жылғы мәнге қатысты 130 %.

      Серпіннің оң болуын "Агромашхолдинг" АҚ мен "Агротехмаш" ЖШС сияқты ірі кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы техникасы мен автомобиль шығару көлемін ұлғайтуымен түсіндіруге болады.

      4-кесте. Облыстың машина жасау өндірісінің көлемі, млн. теңге

Атауы

2012 жылғы қаңтар-тамыз

2013 жылғы қаңтар-тамыз

Электр жабдығының өндірісі

8

16

Компьютерлер, электронды және оптикалық өнім өндірісі

Басқа санаттарға қосылмаған машиналар мен жабдықтар өндірісі

10 020

7 966

Автокөлік құралдарының, трейлерлер мен жартылай тіркемелердің өндірісі

4 414

12 238

Өзге де көлік құралдарының өндірісі

10

3

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

5 798

6 222

ЖИЫНЫ

20 250

26 445


      Саланың қолайлы дамуымен бірге шешілмеген бірқатар проблемалар бар:

      1) қолда бар өндірістік қуаттардың толық пайдаланылмауы;

      2) саланың инвестициялық тартымдылығының төмен болуы және кәсіпорындарда айналым қаражатының үнемі тапшы болуы;

      3) ғылымды қажет ететін, жоғары технологиялы, қосылған құны жоғары өнімдердің өндірістегі үлесінің төмен болуы;

      4) өндірісті дамытуға алынатын қаржының пайыздық мөлшерлемелерінің жоғары болуы.

      Тау-кен металлургиясы өнеркәсібі

      Тау-кен металлургиясы өнеркәсібі – облыстың және тұтастай Қазақстанның неғұрлым серпінді дамып келе жатқан секторы. Облыстың өнеркәсіптік өндірісі көлемінің құрылымындағы тау-кен металлургиясы өнеркәсібінің үлесі 2010 – 2013 жылдардағы кезеңде мынадай түрде болды: 2010 жылы – 62,1 %, 2011 жылы – 65,2 %, 2012 жылы – 56,3 %, 2013 жылы – 51 %. 2013 жылы металл кенін өндіру көлемінің төмендеуі салдарынан саланың өнеркәсіптік өндірістің жалпы құрылымындағы үлесі азайды.

      Тау-кен металлургиясы өнеркәсібінің негізін "Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі" акционерлік қоғамы, "Варваринское" акционерлік қоғамы, "Қостанай минералдары" акционерлік қоғамы, "Метал Трэйдинг" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "Өркен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "Қазақстан алюминийі" акционерлік қоғамының филиалы сияқты кәсіпорындар мен басқалары құрайды.

      Тау-кен металлургиясы өнеркәсібі облыс экономикасының жалпы жай-күйін айқындайды және облыстың өнеркәсіптік өндірісінің құрылымындағы үлестің айтарлықтай қомақты – 50 %-дан астам болуын қамтамасыз етеді, тау-кен металлургиясы өнеркәсібінің өнімдері – облыс экспортының негізгі бабы әрі валюталық түсімдердің басты көзі.

      5-кесте. Тау-кен металлургиясы өнеркәсібінің өндіріс көлемі, млн. теңге

Атауы

жылдар

2010

2011

2012

2013

Кен өндіру өнеркәсібі өнімдерінің көлемі, оның ішінде

279 936

368 070

271 849

280 034

Көмір мен лигнит өндіру

118

74

60

6

Металл кенін өндіру

270 181

355 855

256 289

264 157

Кен өндіру өнеркәсібінің өзге салалары

9 637

11 122

13 590

13 383

Мұнай мен табиғи газ өндіру саласындағы техникалық қызметтер

1 019

1 910

2 487

Металлургия өнеркәсібі өнімдерінің көлемі

18 466

24 247

27 122

Кен өндіру өнеркәсібінің нақты индексінің көлемі, өткен жылға %-бен

115,8

100,1

98,5

103,0

Металлургия өнеркәсібінің нақты индексінің көлемі, өткен жылға %-бен

111,1

102,7

118,7


      Тау-кен металлургиясы өнеркәсібінің өнім өндірісінің нақты индексінің көлемін талдаудаму серпінінің орнықсыз екенін көрсетеді. Негізгі экспорттық тауарларға (темір кені, жентек, асбест, мыс концентраты) әлемдік сұраныстың төмендеуіне байланысты өнімге деген сұраныстың саябырлауының әсерінен 2010 жылдан бері кен өндіру өнеркәсібінің өндіріс көлемінің заттай көрсеткіштерінің құлдырағаны байқалып отыр. Тау-кен металлургиясы өнеркәсібі өнімдерінің құрылымында металл кенін өндірудің үлесі неғұрлым жоғары. 2010 – 2013 жылдар аралығындағы кезеңде темір кенін өндірудің құндық мәндегі көлемі 6 024 млн. теңгеге азайды.

      Тұтастай алғанда, тау-кен металлургиясы өнеркәсібінің өндіріс көлемінің серпінін талдау кен өндірудің, концентраттар мен бастапқы металдар өндірісінің үлесі едәуір жоғары болғанымен, қосылған құны жоғары шығарылатын өнім тізбесінің өте шектеулі екенін көрсетіп отыр.

      Саланың қазіргі қалыптасып отырған құрылымында тау-кен металлургиясы өнеркәсібінің өнімдері өндірісінің көлемін металл кенінің жаңа кен орындарын игеру есебінен ұлғайтуға болады. Шикізат базасы сарқылған, пайдаланылатын шикізаттың кешенділігі төмен, негізгі өндірістік құралдардың тозу дәрежесі жоғары, қоршаған ортаның ластану деңгейі жоғары және технологиялық артта қалған, өндіруден бастап тауарлық әзірлік дәрежесі жоғары өнім шығарғанға дейінгі толық өндіріс циклі бар ықпалдастырылған кешендер жоқ, ішкі нарық сыйымдылығы шағын әрі бытыраңқы, өнім энергияны, еңбекті және материалдарды көп қажет ететін жағдайларда, дамудың бұл түрі Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі міндеттердің жүзеге асырылуын қиындатады.

      Осылайша, тау-кен металлургиясы өнеркәсібін технологиялық дамытудың перспективалы мүмкіндіктеріне мыналар жатады:

      1) қара металлургияда – металл кенінің шикізаттық базасын кеңейту, болат алу үшін сапасы жоғары шикізат шығару, өндірілетін өнімнің ішкі нарыққа жеткізілуін ынталандыру;

      2) түсті металлургияда – таза металдар мен олардан жасалған бұйымдар өндірісі.

      Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндірісі

      Облыстағы құрылыс индустриясында құрылыс материалдарын шығаратын 125 кәсіпорын жұмыс істейді, олардың жартысынан астамы Қостанай қаласында орналасқан, оның ішінде: 9-ы – ірі, 12-сі – орта, 74-і – шағын, 30-ы – қосалқы кәсіпорындар. Кәсіпорындардың бәрі, негізінен, 7-кестеде көрсетілген құрылыс өнімдерінің өндірісіне бағдарланған.

      Облыстағы құрылыс индустриясы өнімдердің мынадай түрлерінің өндірісін қамтиды: табиғи құм; ағаш материалдары; ағаш шпалдар; терезелер мен оның жақтаулары; ағаш есіктер мен олардың жақтаулары; тұсқағаздар; құбырлар; түтікшелер; түтіктер; шлангілер және олардың пластмассадан жасалған фитингтері; есіктер; терезелер; жапқыштар; жалюзи; керамикалық кірпіш; бетон және бетоннан жасалған бұйымдар; бетоннан жасалған құрылыс конструкциялары; өңделген тас; металдан жасалған құрастырмалы құрылыс конструкциялары және басқалары.

      2013 жылғы қаңтар-сәуірде құрылыс материалдары өндірісінің көлемі 6 176,8 млн. теңгені құрады.

      2013 жылдың осындай кезеңіне қатысты талданып отырған кезеңде мынадай өндірістердің көлемі ұлғайды: резеңке және пластмасса бұйымдары 1610,3 млн. теңге деңгейінде қалыптасты, нақты көлем индексі (бұдан әрі – НКИ) – 155,1 %; өзге де бейметалл минералды өнім 2957,7 млн. теңгені құрады, НКИ – 128,1 %; жиһаз өндірісі 682,2 млн. теңге деңгейінде қалыптасты, НКИ – 113,4 %; жиһаздан басқа, ағаш және тоз бұйымдарының өндірісі, сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдардың өндірісі 196,9 млн. теңгені құрады, НКИ – 106,2 %.

      2013 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша отқа төзімді бұйымдар өндірісінің көлемі 2,7 есе, металдан жасалған құрастырмалы құрылыс конструкциялары – 2,5 есе, пластмассадан жасалған есіктер мен ұқсас бұйымдардың өндірісі – 2,2 есе, құрылыс мақсаттары үшін бетоннан жасалған бұйымдар – 2 есе, беті жалатылған болат табақтан жасалған терезелер, сэндвич-панельдер өндірісі 53,9 %-ға, бетоннан жасалған құрылыс конструкциялары 37,4 %-ға, тауарлық бетон 0,4 %-ға ұлғайды.

      Келтірілген деректер өндірілетін өнімнің өсу қарқынының қалыпты екенін, алайда құрылыс индустриясының шығарылатын өнімдері тізбесінің біршама шектеулі екенін айғақтайды.

      Ағымдағы жағдайды талдау облыстағы және Қазақстан Республикасындағы құрылыс индустриясы мен құрылыс материалдары өндірісінің дамуында жалпы мынадай проблемалар айқындалғанын көрсетті:

      1) өндірістерді жарақтандырудың техникалық деңгейінің төмен болуы;

      2) технологиялық жабдықтың тозу дәрежесінің жоғары болуы, негізгі қорлардың баяу жаңартылуы;

      3) кәсіпорындардың айналым қаражатының және өндірістерді жаңғырту мен техникалық қайта жарақтандыруға арналған жинақтардың жеткіліксіз болуы;

      4) энергия мен ресурсты көп қажет ету, соның салдарынан өнім өндірісінің өзіндік құнының жоғары болуы;

      5) импорт алмастыратын және экспортқа бағдарланған жаңа өндірістерді дамыту үшін инвестициялардың жеткіліксіз болуы.

      Жеңіл өнеркәсіп

      Облыстың жеңіл өнеркәсібінде тоқыма, тігін, трикотаж және аяқ киім өнімдерін шығаратын кәсіпорындар жұмыс істейді.

      Облыста жеңіл өнеркәсіпке жататын 22 кәсіпорын жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсібі кәсіпорындарының 6 %-ы облысқа тиесілі.

      Облыстың өңдеуші өнеркәсіп өндірісі көлемінің құрылымында жеңіл өнеркәсіптің алатын үлесі мардымсыз және 2010 жылғы 2,63 %-дан 2013 жылы 2,09 %-ға дейін төмендегені анықталып отыр.

      "Большевичка" тігін фабрикасы" акционерлік қоғамы, "Алпамыс" аяқ киім фабрикасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "Қостанай киізден жасалған аяқ киім фабрикасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "Қостанай иіру-тоқыма фабрикасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңіл өнеркәсіптегі неғұрлым ірі кәсіпорындар болып табылады.

      6-кесте. Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің өндірісі көлемінің серпіні

Атауы

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Барлығы, млн. теңге, оның ішінде

3 446

3 841

3 514

4 703

тоқыма бұйымдарының өндірісі, млн. теңге

1 430

1 753

1 630

2 454

тоқыма бұйымдары өндірісінің нақты көлем индексі, өткен жылға %-бен

106,1

99,0

106,7

150,5

киім өндірісі, млн. теңге

1 190

1 328

1 336

1 719

киім өндірісінің нақты көлем индексі, өткен жылға %-бен

108,4

98,1

76,2

128,7

былғары мен оған жататын өнімдер өндірісі, млн. теңге

826

760

548

530

былғары мен оған жататын өнімдер өндірісінің нақты көлем индексі, өткен жылға %-бен

105,8

86,4

73,0

96,7


      Жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі бойынша 2010 жылдан бастап 2013 жыл арасы кезеңіндегі көрсеткіштерді талдау кезінде 2010 жылғы 3 446 млн. теңгеден 2013 жылы 4 703 млн. теңгеге дейін немесе 36,5 %-ға ұлғайғаны айқындалды. Көрсеткіштердің келтіріліп отырған серпіні өнім өндіру көлемінің өсу қарқыны мардымсыз екенін айғақтайды, бұл өңдеуші өнеркәсіп өнімдерін өндірудің жалпы құрылымындағы жеңіл өнеркәсіп үлесінің өсуін тежейді. Бұл саланың дамуына облысқа импортталатын осыған ұқсас өнімдермен салыстырғанда өнімдердің бағасы жағына бәсекеге қабілеттілігінің төмен болуы айтарлықтай дәрежеде тежеу болып отыр.

      2013 жылғы қаңтар-тамызда облыстың жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қолданыстағы бағамен 3 068,4 млн. теңгеге өнім өндірді, оның ішінде: тоқыма бұйымдарын шығару бойынша – 1 571,4 млн. теңге, киім өндірісі бойынша 1 071,2 млн. теңге, былғары және оған жататын өнімдер өндірісі бойынша – 425,8 млн. теңге. Осылайша, 2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы өнім өндіру көлемінің орташа айлық көрсеткішінің 30,1 %-ға ұлғайғаны байқалды.

      Мыналар жеңіл өнеркәсіптің даму проблемаларына жатады:

      1) кәсіпорындардың негізгі қорларының қомақты бөлігінің техникалық тозуы, бұл саладағы еңбек өнімділігінің деңгейін төмендетеді;

      2) шикізатты бастапқы өңдеуді жүзеге асыратын кәсіпорындардың болмауы, бұл импорттық шикізатты пайдалануға және өнімнің өзіндік құнының ұлғаюына әкеп соқтырады;

      3) шикізат өңдеудің және өнім өндірудің заманауи технологияларының болмауы;

      4) бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қаржы қаражатының жеткіліксіз болуы.

      Экономиканың басым салаларының даму болжамы және олардың облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына әсері

      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2013 жылғы қаңтар-желтоқсан кезеңіндегі ЖӨӨ өсу қарқыны 106,0 пайызды құрады. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің 2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасына қорытындысының деректері бойынша 2013 жылы нақты ЖІӨ өсуі 6,5 %-ды, 2014 жылы 7,1 %-ды құрайды.

      ЖІӨ-нің өсуі ішінара ЖӨӨ-нің өсуімен қамтамасыз етіледі. Осы салалардың ЖӨӨ-дегі үлесінің ұлғаюы кірістердің жоғарылауына және экономикалық белсенді тұрғындардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге ықпал етіп, азық-түлік қауіпсіздігін жоғарылатуға септігін тигізбек. Өндіріс көлемдерінің ұлғаюы бюджетке түсетін түсімдерді жоғарылатады, бұл мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін қаржыландырудың өсуіне алып келеді. Осылайша, көрсетілген салаларды дамыту экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен облыс халқының тұрмыс деңгейін жоғарылатуға ықпалын тигізеді.

      Облыстың экспорттық әлеуетін бағалау

      Қазіргі уақытта облыс экспорты мейлінше шектеулі. Экспорттың негізгі баптары шикізат бағытындағы тауарларға тиесілі: темір кені өнімдері, асбест, астық және ұн. Ал импорт құрылымында жабдықтардың, көлік құралдарының, қара металдың және одан жасалған бұйымдардың, минералды отынның алатын үлесі неғұрлым жоғары.

      Сонымен қатар, астық экспорты бойынша ғана емес, өнім өндірісін кеңейту, оны облыс шегінен тыс экспорттау бойынша да облыс әлеуеті мейлінше жоғары.

      Жоғарыда келтірілгенді назарға алсақ, Қазақстан Республикасының басқа өңірлерімен қатар, Ресей Федерациясы (бұдан әрі – РФ) мен Қытайдың жақын орналасқан өңірлерінің көлемді нарықтары да АӨК өнімдерін өткізу нарығы бола алады.

      Облыстағы инвестициялық ахуалды бағалау

      2009 – 2012 жылдар кезеңіндегі инвестициялар көлемі серпінінің өсу үрдісі – оң. 2012 жылы облыстың негізгі капиталына 161,4 млрд. теңге инвестицияланды, бұл 2009 жылғы көрсеткіштен (122,2 млрд. теңге) 32,1 %-ға жоғары. Бұл ретте қорландыру көздері мен инвестицияларды талдау 2012 жылы мемлекеттік инвестициялар 32,1 млрд. теңгені (2011 жылы – 30,3 млрд. теңге), кәсіпорындар мен тұрғындардың меншікті қаражаты – 117,5 млрд. теңгені (2011 жылы – 114,2 млрд. теңге), қарыз қаражаты – 11,8 млрд. теңгені (2011 жылы – 6,2 млрд. теңге) құрағанын көрсетіп отыр. 2012 жылы шетелдік инвесторлар тарапынан негізгі капиталға инвестициялар жүзеге асырылған жоқ, ал 2011 жылы бұл мән 1 млн. теңгені құраған болатын.

      2013 жылғы қаңтар-тамыз кезеңінде негізгі капиталға инвестициялар 105,6 млрд. теңгені құрады. Тартылған шетелдік инвестициялар сомасы 21,3 млн. теңгені құрады.

      Тұтастай алғанда, инвестициялар көлемінің өсу қарқынының жеткіліксіз болуы Қазақстан Республикасының экспорттық өнімдерін өткізудің негізгі нарықтарындағы сыртқы ахуалдың қолайсыз болуына, сырттан қарыз алу көздерінің жабылуы салдарынан екінші деңгейдегі банктердің кредиттік белсенділігінің төмендеуіне байланысты.

      Бұл ретте, соңғы жылдардағы ЖӨӨ-ге жиынтық инвестициялардың ағымдағы үлесі орта есеппен 20-25 %-ды құрайды. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, облыстың орнықты экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін ЖӨӨ-ге инвестициялардың үлесі 30-40 % шегінде болуға тиіс.

      Салалық құрылымы жағынан 2013 жылғы қаңтар-тамыз аралығындағы кезеңдегі инвестициялардың қомақты бөлігі, негізінен, кен өндіру секторына, ауыл шаруашылығына, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар секторына, өңдеуші өнеркәсіпке жіберілді.

      7-кесте. Облыс капиталына құйылған инвестициялардың негізгі бағыттары, млн. теңге

Экономика саласы

2013 жылғы қаңтар-тамыз

Ауыл шаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығы

10 945

Өнеркәсіп

63 364

Құрылыс

1 070

Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу

1 807

Қонақүйлер мен мейрамханалар

145

Көлік және байланыс

11 626

Қаржы және сақтандыру қызметі

366

Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар

11 112

Мемлекеттік басқару

190

Білім беру

1 797

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер көрсету

582

Коммуналдық, әлеуметтік және коммуналдық қызметтер көрсету

778


      Осылайша, өңдеуші өнеркәсіп саласына инвестицияларды қарқынды тартуға жәрдемдесу және экономиканың саудаланбайтын секторын (байланыс қызметтері, көліктік инфрақұрылым, құрылыс) дамыту арқылы облыс экономикасына инвестициялардың құйылу құрылымын оңтайландыру мемлекеттік билік органдары мен даму институттарының облыстың инвестициялық әлеуетінің сапасын жақсарту бөлігіндегі басым міндетіне айналуға тиіс.

      Жоғарыда баяндалғанды ескерсек, ұлттық экономикаға инвестициялар тартуға, облыс аумағына инвестициялық ресурстардың құйылуының өсуін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік даму институттарының рөлі айтарлықтай өсе түседі.

      Экспортқа бағдарланған және жоғары технологиялы шикізаттық өндірістерге тікелей инвестициялар үшін тартымды жағдайлар жасау мақсатында 2012 жылғы сәуірден бері ӘКК ұйымдық құрылымында Инвестициялар тарту және инновацияларды қолдау орталығы (бұдан әрі – Орталық) жұмыс істейді. Инвестициялар тарту бөлігінде Орталықтың негізгі міндеттері:

      1) өңірге инвестициялар тарту үшін инвесторлар іздеу;

      2) инвесторлардың жобаларын өңірлік деңгейде сервистік қолдау және сүйемелдеу.

      Орталықтың функциялары:

      1) өңір үшін отандық және шетелдік инвесторларды, қазақстандық және шетелдік тараптар арасында бірлескен кәсіпорындар құру үшін әлеуетті әріптестерді іздеу;

      2) әлеуетті инвесторлар үшін өңірде "бірінші терезе" функцияларын жүзеге асыру;

      3) инвесторлар үшін өңірлік деңгейде мемлекеттік қолдау құралдарын іске асыруға жәрдемдесу;

      4) әлеуетті инвесторлар үшін перспективалы және қолданыстағы жобалар бойынша өңірлік дерекқорды қалыптастыру және енгізу;

      5) Орталық құзыретінің шегінде облыс аумағында инвестициялық жобалардың іске асырылуын мониторингтеу;

      6) жеке инвестор мен мемлекет, қазақстандық және шетелдік бизнес өкілдері арасында диалог алаңқайын құру;

      7) инвесторлардың проблемалы мәселелерін өңірлік деңгейде шешуге қатысу, инвесторлардың мүддесін қорғау;

      8) инвесторларды, уәкілетті мемлекеттік органдарды, жұмылдырылған даму институттарын және өзге де мүдделі ұйымдарды ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

      9) жергілікті кәсіпкерлер үшін инвестициялар тартуға және оларды тиімді пайдалануға қатысты оқыту семинарларын өткізу;

      10) инвесторлардың уәкілетті мемлекеттік органдармен, даму институттарымен келіссөздерін, кездесулерін, "дөңгелек үстелдерін" ұйымдастыру;

      11) қазақстандық және шетелдік тараптардың қатысуымен инвестициялық форумдар/көрмелер ұйымдастыру;

      12) халықаралық инвестициялық іс-шараларда өңір мүддесін білдіру;

      13) қазақстандық және шетелдік тараптар арасында бірлескен кәсіпорындар құру үшін әлеуетті әріптестер іздеу;

      14) Орталық құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар, жергілікті кәсіпорындар мен инвесторлар арасында шарттарға, меморандумдарға, келісімдерге қол қоюға жәрдемдесу;

      15) инвесторларды сервистік қолдау шеңберінде өзге де қызметтер көрсету.

      Облыстың инвестициялық әлеуетін дамытудың негізгі проблемаларына мыналар жатады:

      1) өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері туралы хабардар болудың жеткіліксіздігі салдарынан стратегиялық инвесторлар белсенділігінің төмен болуы;

      2) кредиттік ресурстарға және ұзақ мерзімді қаржыландырудың басқа құралдарына қолжетімділіктің шектеулі болуы;

      3) перспективалы жобаларды қорландыруды өңірлік үйлестіру орталығының болмауы.

      Негізгі тұжырымдар:

      1) дәстүрлі көздерден инвестициялар тарта отырып, жалпы экономикалық ахуалдың нашарлауына байланысты облыс кәсіпорындарының инвестициялық қызметті, оның ішінде мемлекеттік ресурстар есебінен қаржыландырудың баламалы нұсқаларын іздеуге деген қажеттілігі айтарлықтай ұлғайды;

      2) дәйекті экономикалық дамуды қамтамасыз ету үшін облысқа құйылатын инвестициялар өсімінің жоғары қарқынын қалпына келтіру қажет, бұл экономиканың нақты секторының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге және кеңейтілген өндіріс үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік береді;

      3) негізгі капиталға құйылатын инвестициялардың ағымдағы құрылымы облыс экономикасын дамытуда шикізаттық секторға қарай теңгерімсіздік сақталып отырғанын көрсетеді. Ал облыс экономикасын қалпына келтіру және орнықты экономикалық өсудің сапасын қамтамасыз ету үшін экономиканың басым салаларында шикізатты терең қайта өңдеу жөніндегі өндірістерді артықшылықпен дамыту талап етіледі.

      Облыстағы инновациялық белсенділікті бағалау

      Қазіргі уақытта облыс аумағында 2010 – 2014 жылдарға арналған Индустрияландыру картасының шеңберінде 83 инвестициялық жоба іске асырылуда, инвестицияларының жалпы көлемі 393,9 млрд. теңге, бұлар жоғары технологиялы жаңа өндірістер құру немесе жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту есебінен ЖӨӨ өсуін қамтамасыз етуге арналған.

      Ауыл шаруашылығы ғылымдары, техникалық ғылымдар, қоғамдық ғылымдар және жаратылыстану ғылымдары саласындағы зерттеулер облыстың ғылыми ұйымдарының ғылыми-техникалық қызметінің басым бағыттары болып табылады.

      Өнімдік және процестік инновациялар бойынша облыс кәсіпорындарының инновациялық белсенділігі 2011 жылы 4,8 % болса, 2012 жылы 7,1 % болды. 2011 жылмен салыстырғанда инновациялық өнім көлемі 2,4 есе ұлғайып, 29 769,7 млн. теңгені құрады. Инновациялық сипатта 576,6 млн. теңгеге қызметтер көрсетілген.

      Өнеркәсіптік кәсіпорындардың инновациялық өнімі толығымен инновациялық технологияларды пайдалануға негізделген.

      Өңірлік инновациялық жүйенің қызметін үйлестіру мақсатында 2012 жылғы сәуірде ӘКК-нің ұйымдық құрылымында инвестициялар тарту және инновацияларды қолдау орталығы (өңірлік инновациялар кеңсесі) құрылды. Құрылымдық бөлімше инновациялық процестердің интеграторы болып табылады, сондай-ақ облыстағы инновациялық инфрақұрылымның қызметін және перспективалық инновациялық жобаларды қолдауды жүзеге асырады.

      Облыстағы инновациялық қызметтің дамуын тежейтін негізгі факторлар ретінде мыналарды атап өтуге болады: кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің төмен болуы және инновацияларға сұраныстың болмауы, инновациялық ортаның дамымауы, инновациялық өнім мен инновациялық қызметтер көрсету көлемінің төмен болуы, инновациялық инфрақұрылымның дамымауы, инновациялық өнім үлесінің төмен болуы, инновациялық шағын компанияларды қаржыландыру үшін венчурлік капитал нарығының дамымауы, кәсіпорындардың бастапқы технологиялық және басқарушылық деңгейінің төмен болуы, инновацияларды енгізу арқылы еңбек өнімділігін жоғарылату мүмкіндіктері туралы хабардар болудың жеткіліксіздігі, ғылым мен өндіріс арасында алшақтықтың қалыптасуы, бизнес өкілдерінің ғылыми қоғамдастықпен өзара іс-қимыл жасауының тиімді тетігінің болмауы.

      Сыртқы орта факторларының ықпалы

      Саяси-құқықтық факторлар

      Орнықты ішкі саяси жағдайлар, сондай-ақ сырттан төнетін қауіптің болмауы және Қазақстан Республикасының халықаралық қатынасындағы көп бағыттылық облыс экономикасының қарқынды әрі серпінді дамуына ықпал етеді. Бұдан басқа, мемлекет халық шаруашылығының салаларын, оның ішінде АӨК-ті, машина жасау саласы мен құрылыс индустриясын дамытуға қолайлы ықпалын тигізетін шаралар кешенін қабылдауда. ӘКК өз қызметінде 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің және 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің, "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Акционерлік қоғамдар туралы" Заң) құқықтық нормаларын басшылыққа алады, мұның өзі қызметтің құқықтық негізін қамтамасыз етеді.

      Шаруашылық факторлар

      Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына сәйкес 2010 жылдан бастап ЖІӨ-нің өсу қарқыны мен ұлттық экономикаға құйылатын инвестицияларды біртіндеп ұлғайту жоспарланып, бұл экономиканың басым салаларын дамытуға ықпал ететін белсенді инвестициялық саясат жүргізуге мүмкіндік бермек.

      Дәйекті экономикалық өзгерістер Қазақстанның, оның ішінде Қостанай облысының экономикасын серпінді дамытуға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, Қостанай облысының серпінді дамуы әлемдік қаржы нарығында болжанбаған қолайсыз оқиғалар болмаған жағдайда, ӘКК қызметіне оң әсерін тигізеді.

      Демографиялық факторлар

      Әлемдік демографияда басты екі үрдіс бар – өмір сүру ұзақтығын жалпы ұлғайту және өлім деңгейін төмендету. Осылайша, халық санының жалпы өскені байқалып отыр, оның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін азық-түлік өндірісін перманентті ұлғайту және тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамыту талап етіледі. Осының нәтижесінде инвестициялық қаражат іздестіру қажеттілігі туындайды. Осыған байланысты ӘКК облыстың экономикалық әлеуетін және әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі мемлекет міндеттерін шешу үшін өзінің тұрақты қызметін қамтамасыз етуге қабілетті.

      Технологиялық факторлар

      Өндірістің тиімділігі және техникалық жаңарту, өнімдердің жаңа түрлерінің өндірісін игеру жылдамдығы мен ең жаңа технологияларды тарту облыс экономикасының технологиялық дамуына ықпал ететін негізгі факторлар болып табылады. Облыста жаңа технологияларды енгізудің ағымдағы жай-күйі қажетті деңгейге сәйкес келмейді және ЖӨӨ орнықты өсуін, жаңа тауарларды әзірлеуді және енгізуді, оларды бәсекеге қабілеттіліктің неғұрлым жоғары деңгейіне шығаруды қамтамасыз етпейді.

      Осыған байланысты, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар қызметінің негізгі міндеті ретінде жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту арқылы облыстың өнеркәсіптік өндірісінің технологиялылығының деңгейін жоғарылату өндірілетін өнімге сұранысты ұлғайтатыны және оның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылататыны сөзсіз.

      Экологиялық факторлар

      Климаттық жағдайлардың қатаң болуы облыста жұмыс істейтін компаниялардың қызметі тиімділігінің төмендеуіне ықпалын тигізуі мүмкін. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы бағытындағы кәсіпорындар үшін өнімнің шықпай қалу, ауыл шаруашылығы малдарының қырылу ықтималдығы артады, машина жасау кәсіпорындары үшін технологиялық жабдықтың істен шығу қаупі артады, құрылыс саласы, тау-кен металлургиясы өнеркәсібі мен көлік-коммуникация кешені үшін ғимараттардың, құрылыстардың, жабдықтар мен көлік-коммуникациясы инфрақұрылымының тозу деңгейі жоғарылайды. Көрсетілген мән-жайлар облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының орнықтылығына ықпалын тигізуі мүмкін.

      Ішкі ортаны талдау

      ӘКК дамуының негізгі кезеңдері

      Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың құрылуы

      ӘКК "Каспий", "Тобыл" және "Батыс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы

      17 қыркүйектегі № 407 Жарлығына сәйкес 2007 жылғы 8 қазанда құрылған.

      ӘКК әрекет еткен жылдары ӘКК қалыптасуының ұйымдастырушылық кезеңі, негізінен, аяқталды:

      1) ӘКК-де құрылған корпоративтік басқару жүйесі ӘКК қызметін регламенттейтін заңнамалық және өзге де құқықтық актілерде баяндалған ережелер мен талаптарға толық сәйкес келеді;

      2) ұйымдық құрылымы мен еңбекақы төлеу жүйесі қалыптастырылды;

      3) ӘКК қызметін регламенттейтін нормативтік құжаттар пакеті әзірленді;

      4) жарғылық қызметті жүргізуге арналған бастапқы ресурстар қалыптастырылды (қаржы активтері, жер, жер қойнауы, мүлік, акциялардың мемлекеттік пакеттері және мемлекеттің жекелеген кәсіпорындарға қатысу үлестері).

      Елді экономикалық дамытудың қазіргі заманғы мемлекеттік саясатындағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың рөлі

      2010 жылғы 29 қаңтарда "Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауында Президент әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды жергілікті атқарушы органдардың қарамағына беру туралы тапсырма берді.

      "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 266 қаулысына сәйкес әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар акцияларының мемлекеттік пакеттері 50 пайыздық тең үлестермен Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының коммуналдық меншіктеріне берілді.

      Мемлекет басшысының өңірлердегі кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында 2010 жылғы 1 сәуірде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар облыс әкімдіктерінің қарамағына берілді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі бірыңғай бюджеттік мемлекеттік бағдарламаны (бұдан әрі – Бизнестің жол картасы 2020) елдің әрбір өңірінде жеке-жеке практикалық іске асыруды қамтамасыз етуге бағдарланған.

      2010 жылғы 1 қазанда акционерлер "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамын (бұдан әрі – "Тобыл" ӘКК" ҰК" АҚ) ӘКК-ге және "Солтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына бөлу жолымен ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдады.

      ӘКК 2010 жылғы 31 желтоқсанда тіркелді, оның жалғыз акционері мемлекеттің атынан Қостанай облысының әкімдігі болып табылады.

      Тұтастай алғанда, корпорациялардың дамуындағы жаңа кезең Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің дамуын жандандыру жөніндегі жоспарларды іске асыруға қатысуға байланысты.

      Сондай-ақ, ӘКК мынадай мемлекеттік бағдарламалар мен нысаналы мемлекеттік іс-шараларды іске асыруға қатысады:

      1) салалық бағдарламаларды қоса алғанда, ҮИИДМБ;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 473 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі – ТКЖ жаңғырту бағдарламасы);

      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасы (бұдан әрі – Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы);

      4) Бизнестің жол картасы 2020;

      5) Моноқалаларды дамыту бағдарламасы;

      6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 303 қаулысымен бекітілген 2010 – 2014 жылдарға арналған Қазақстанды индустрияландыру картасы (бұдан әрі – Индустрияландыру картасы);

      7) азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі шаралар кешені;

      8) сервистік-дайындау орталықтарын құруға және дамытуға бағытталған шаралар кешені;

      9) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қостанай облысының әкімдігі мен "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы арасындағы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру жөніндегі бірлескен қызмет туралы меморандум шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің міндеттемелерін орындау үшін "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының пайдасына төлем кепілдіктерін беру.

      Тиісінше, стратегиялық перспективада ӘКК қызметі бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату және экономиканы әртараптандыруды қамтамасыз ету бөлігінде мемлекет бастамаларын іске асыруға, сондай-ақ облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысуға бағдарланатын болады.

      ӘКК корпоративтік басқару жүйесін талдау

      ӘКК ұйымдық құрылымы ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

      Ішкі ұйымдық құрылым – ӘКК құрылымдық бөлімшелерінің және олардың өзара байланысының жиынтығы, ӘКК қызметінің стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне тиімді қол жеткізуге арналған.

      ӘКК құрылымы мынадай:

      1) жоғары орган – жалғыз акционер (бұдан әрі – акционер);

      2) басқару органы – директорлар кеңесі;

      3) алқалы атқарушы орган – басқарма;

      4) қоғамның қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыратын орган – ішкі аудит қызметі.

      Директорлар кеңесі ӘКК қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады.

      Басқарма ӘКК-нің ағымдағы қызметін жедел басқару бойынша шешімдер қабылдайды, акционердің және директорлар кеңесінің шешімдерін орындайды.

      Ішкі аудит қызметі ӘКК қаржы-шаруашылық қызметін және ішкі бақылау жүйесінің жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асыру, ішкі аудит жүргізу және жай-күйіне объективті бағалау жүргізіп, оны жетілдіру жөнінде ұсынымдар беру мақсатында құрылған.

      ӘКК-дегі корпоративтік басқару жүйесі, бір жағынан, құрамына акционердің өкілдері мен тәуелсіз директорлар кіретін директорлар кеңесі арқылы, екінші жағынан, басқару органдарына қатысу жолымен ӘКК-нің қатысуы арқылы құрылатын мамандандырылған еншілес компанияларды және қоржынды компанияларды басқару арқылы іске асырылады.

      Сыртқы ұйымдық құрылым – оларға қатысты ӘКК құқық иеленуші не қоржынды инвестор болып табылатын, стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге тиімді қол жеткізу мақсатында құрылған және жұмыс істейтін мамандандырылған еншілес компаниялар мен қоржынды компаниялар жиынтығы.

      ӘКК бизнес-жобаларды іске асыру үшін өз қызметін әріптестермен бірге жүзеге асыратын 21 қоржынды компанияның қатысушысы болып табылады.

      Мамандандырылған еншілес ұйымдарды ӘКК экономиканың тиісті салаларындағы бизнес-жобалардың практикалық тұрғыдан іске асырылуын басқару үшін ӘКК-нің инвестициялық қызметінің қағидаттары мен басымдықтарын ескере отырып құрады. Қазіргі уақытта ӘКК құрылымында мамандандырылған еншілес ұйымдар жоқ.

      ӘКК басқару органдарының, мамандандырылған еншілес ұйымдардың және қоржынды компаниялардың өзара іс-қимыл жасау деңгейін жоғарылату әрі оларды дамудың сапалы жаңа деңгейіне шығару мақсатында ӘКК мамандандырылған еншілес ұйымдарда (құрылған жағдайда) және қоржынды компанияларда корпоративтік басқарудың ең үздік практикаларын енгізу және жетілдіру жөнінде жұмыс жүргізеді. Бұл шаралар бизнес-жобалары іске асыру тиімділігін жоғарылатуға және қоржынды компаниялар құнының өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      Корпоративтік басқару рейтингін беру мақсатында ӘКК-дегі корпоративтік басқару практикасына бағалау жүргізілген жоқ. Тиісінше, аталған рейтингтің ағымдағы мәні айқындалмаған.

      Корпоративтік басқару жүйесін дамыту Корпоративтік басқару кодексінде, Жарғыда және ӘКК-нің ішкі нормативтік құжаттарында регламенттелген.

      Менеджмент шешімдерінің барынша ашықтығын және негізділігін қамтамасыз ету мақсатында ӘКК өз қызметі туралы ӘКК-нің интернет-ресурсында (www.spk-tobol.kz) көрініс табатын ақпараттың қолжетімділігі мен сапасын жақсарту саясатын ұстанады. Бұл ретте, ӘКК-нің интернет-ресурсы 2012 жылы 22 529 рет қаралған, 2011 жылғы осыған ұқсас көрсеткіштен 2 955 рет артық қаралған (2011 жылы – 19 574 рет қаралған). Корпоративтік сайтты пайдаланушылар тарапынан барынша жоғары қызығушылық 2009 жылы байқалған – 36 203 рет қаралған, 2010 жылы олардың саны 21 012 дейін төмендеген. 2013 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша қараушылар саны 12 382-ні құрайды.

      2009 – 2012 жылдар аралығындағы кезеңде облыстың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің тарапынан бірлескен ынтымақтастық жөнінде 113 бірлік көлемінде өтінім келіп түсті, оның ішінде: 2009 жылы – 9, 2010 жылы – 56, 2011 жылы – 9, 2012 жылы – 39 өтінім. Осылайша, өтінімдер санының өсу үрдісінің оң қарқыны байқалмайды. Көрсетілген қызметтердің сапасы туралы өңір кәсіпкерлеріне сауалнама жүргізілген жоқ.

      Сыртқы тараптармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі көрсеткіштерді талдау ӘКК қызметіне өңірдің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қызығушылығы жеткіліксіз екенін көрсетті.

      Жыл сайын ӘКК-де аудиторлық компаниялар қаржы-шаруашылық қызметке аудит жүргізеді.

      ӘКК дивидендтік саясаты "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңға, Қазақстан Республикасының мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыру мәселелерін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілеріне және ӘКК Жарғысына сәйкес әзірленген.

      2008 – 2009 жылдары "Тобыл" ӘКК" ҰК" АҚ қызметіне ИСО 9001: 2008 халықаралық сапа стандарттарын енгізу жөнінде жұмыс жүргізілді, соның нәтижесінде сапа менеджменті жүйесі (бұдан әрі – СМЖ) жолға қойылды. "Тобыл" ӘКК" ҰК" АҚ қайта ұйымдастыру нәтижесінде 2011 жылы ӘКК сертификаттық аудит өткізіп, СМЖ халықаралық сәйкестік сертификатын алды.

      2010 жылғы қаңтар – 2013 жылғы қыркүйек аралығындағы кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындыларын талдау

      ӘКК-нің 2012 жылғы қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері бойынша таза пайда 160 млн. теңгені құрады (2011 жылы – 133 млн. теңге, 2010 жылы – 24 млн. теңге). 2012 жылы бір қызметкерге шаққандағы ӘКК-нің таза пайдасы 3,4 млн. теңгені құрады (2011 жылы – 3,0 млн. теңге, 2010 жылы – 0,8 млн. теңге). Бұл ретте активтер рентабельділігінің көрсеткіші (ROA) 2,3 %-ға тең (2011 жылы – 3,2 %, 2010 жылы – 0,5 %), ал инвестициялар рентабельділігі көрсеткішінің мәні – 3,2 % (2011 жылы – 5,6 %, 2010 жылы – 2,4 %).

      2012 жылы таза пайда мәні, оның ішінде бір қызметкерге шаққандағы ӘКК-нің таза пайдасы 2010 жылдың осыған ұқсас көрсеткішіне қатысты 6 еседен астам өсті, бұған жобалық қуатқа шығу және қаржыландырылған бірқатар бизнес-жобалардан алғашқы пайда алу септігін тигізді. Өз кезегінде, активтер рентабельділігі және инвестициялар рентабельділігі көрсеткіштерінің де мәні оң және өсу серпіні көрсетіп отыр, сол арқылы ӘКК-нің қаржылық, материалдық емес және еңбек ресурстарын пайдаланудың тиімділік дәрежесін кешенді түрде көрсетеді.

      2013 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ӘКК теңгерімінің валютасы 7 003 млн. теңгені құрады.

      ӘКК активтерінің 63 %-ын инвестициялар алады, оның ішінде 693 млн. теңгесін немесе 9,89 %-ын қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар құрайды.

      Жарғылық капитал 5 340 млн. теңгені құрады.

      2013 жылдың 9 айында қаржы-шаруашылық қызмет қорытындылары бойынша 244,2 млн. теңге мөлшерінде пайда алынды.

      ӘКК-нің негізгі қаржылық нәтижелерін талдау қазіргі уақытта ӘКК қалыптасу және мемлекеттен берілген активтерді айналымға қабылдау кезеңінен өтіп жатқанын көрсетеді. Активтердің құрылымы қомақты инвестицияларды талап ететін активтер болып табылады. Берілген активтерден түсетін пайда инвестициялаудың 1 – 10 жылдық кезеңі өткеннен кейін ғана шоғырлана бастайды.

      Есепті кезеңде ӘКК қызметін қаржыландырудың жалғыз көзі – жарғылық капиталды толықтыруға және белгілі бір инвестициялық жобаларды қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет қаражаты.

      ӘКК инвестициялық қызметінің қағидаттары

      ӘКК инвестициялық қызметі ӘКК ішкі құжаттарымен және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен реттеледі.

      Инвестициялық қызметті жүзеге асырудың негізгі нысаны бизнес-әріптестермен бірлескен кәсіпорындар құру/жұмыс істеп тұрған заңды тұлғадан акцияларды/қатысу үлестерін сатып алу болып табылады.

      Негізгі қаржы құралымен қатар ӘКК мынадай нысандардағы инвестициялық қызметті жүзеге асыра алады:

      1) бизнес-әріптестерге қарыздар беру;

      2) ӘКК активін бизнес-әріптестерге қаржылық лизингке беру;

      3) ӘКК активін сенімгерлікпен басқаруға, жалға, кейіннен сатып алатын жалға алу (иелену, құру) және (немесе) беру, сондай-ақ ӘКК активін сату.

      ӘКК-нің бизнес-жобада болу мерзімі 10 (он) жылдан, қаржылық лизинг нысанындағы бизнес-жоба бойынша – 12 (он екі) жылдан, активті кейіннен сатып алатын жалға беру бойынша – 15 (он бес) жылдан аспауға тиіс. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі бизнес-жобалар бұған кірмейді, ӘКК-нің оларға қатысу мерзімі жеке белгіленеді.

      ӘКК жобаларды тартылған ақша қаражатын пайдалана отырып қаржыландырған не іске асыру үшін ӘКК-ге республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаражат бөлінетін нысаналы сипаттағы жобалар қаржыландырылған жағдайда, негізгі шарттар өзгертілуі мүмкін.

      Қарыз берген кезде қарыз алушыға қойылатын талаптардың ең жоғары жалпы мөлшері ӘКК-нің меншікті капиталы мөлшерінің 25 %-ынан (қоржынды компаниялар үшін – 50 %-ынан) аспауға тиіс.

      Бірлескен кәсіпорындар құрған немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорындағы қатысу үлесін сатып алған кезде ӘКК үлесі 49 %-дан аспауға тиіс. ӘКК бизнес-жобаға ақша қаражатымен қатысқан жағдайда, бизнес-әріптестің активтерден басқа, ӘКК-нің қатысу мөлшерінің 15 %-нан кем болмайтындай ақша қаражатымен қатысуы міндетті шарт болып табылады.

      Жоспарланып отырған бизнес-жоба ӘКК инвестициялық қызметінің негізгі бағыттарына сәйкес келуге тиіс, оның үстіне, жоспарланып отырған бизнес-жобаның рентабельділігі өндіріс салалары бөлінісінде ӘКК-нің ішкі құжаттарында айқындалған рентабельділіктің жобалық деңгейіне сәйкес келуге тиіс.

      Бизнес-жобаларды оларға ӘКК-нің қатысуы тұрғысынан қараған кезде инвестициялық салымдардың тиімділігін бағалау үшін халықаралық практикада жалпыға бірдей қабылданған көрсеткіштер пайдаланылады.

      Сондай-ақ, инвестициялық жобаларды оларға қатысу тұрғысынан қараған кезде ӘКК еңбек өнімділігінің, энергия тиімділігінің және экспортқа бағдарлануының мәні неғұрлым жоғары жобаларға басымдық беруге ұмтылатын болады.

      Тиімсіз бизнес-жобаларға қарсы әрекет ету және инвестициялық қоржынның сапасын жақсарту/қолдау мақсатында ӘКК-де тәуекелдерді басқару жүйесі ойдағыдай жұмыс істейді.

      ӘКК инвестициялық қоржынының құрылымын талдау

      Инвестициялық қоржынның өсу қарқыны ӘКК инвестициялық қызметінің дәрежесін сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады, талданып отырған кезеңде (2008 – 2012 жылдар) ол мынаны құрады:

      8-кесте. ӘКК инвестициялық қоржыны көлемінің өзгеруі

Атауы

01.01.2009 жыл

01.01.2010 жыл

01.01.2011 жыл

01.01.2012 жыл

01.01.2013 жыл

Инвестициялық қоржын көлемі, млн. теңге

140,1

756,0

1 283,9

3 474,3

4 960

Инвестициялық қоржын өсімі, өткен жылға %-бен

440

70

170

43


      Келтірілген деректерден мынаны көруге болады, 2008 жылға қатысты 2009 жылы инвестициялық қоржынның өсімі 440 %-ды құраған, өсу 2008 жылдың соңында және 2009 жылы капиталдандырылған нысаналы қаражатты игеру есебінен орын алды. 2009 жылға қатысты 2010 жылы инвестициялар көлемінің аз ғана ұлғаюы активтердің жаңадан құрылған "Солтүстік" ӘКК" АҚ-ға берілуімен негізделген. 2010 жылға қатысты

      2011 жылы инвестициялық қоржынның 170 % мөлшерінде айтарлықтай өсуін ӘКК-нің 2 360 млн. теңге сомасына республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен капиталдандырылған "Қостанай қаласында автомобильдер өндірісі" ең ірі әрі капиталды қажет ететін инвестициялық жобаны іске асыра бастауымен түсіндіруге болады. Соңғы жылы инвестициялық қоржынның өсу қарқыны оңтайлы мәнге ие болды.

      Бұл ретте инвестициялар арақатынасының көрсеткіші 2009 жылы – 1,73 теңгені, 2010 жылы – 3,50 теңгені, 2011 жылы – 0,15 теңгені, 2012 жылы – 5,45 теңгені құрады. 2011 жылы көрсеткіштің 0,15 теңгеге дейін төмендеуі "Қостанай қаласында автомобильдер өндірісі" жобасын іске асырудың бастапқы кезеңінде ӘКК-нің қомақты қаражатының пайдаланылуына байланысты.

      ӘКК инвестициялық қоржыны әртараптандырылған және активтердің бірнеше санаты бойынша бөлінген, оның ішінде мемлекеттік меншіктен берілген компания активтерін басқаруға қатысу:

      1) "Қостанай ұн тарту комбинаты" акционерлік қоғамы;

      2) "Жаркөл элеваторы" акционерлік қоғамы.

      2013 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ӘКК инвестициялық қоржыны 4 470 млн. теңгені құрайды, ол іске асырылып жатқан 47 бизнес-жобадан тұрады, жалпы құны 313,1 млрд. теңгеге жуық.

      Жер қойнауын пайдалану саласында 19 бизнес-жоба. Бизнес-жобалардың жалпы құны – 296 438,1 млн. теңге;

      АӨК-дегі 15 бизнес-жоба. Бизнес-жобалардың жалпы құны – 1 105,78 млн. теңге;

      Өнеркәсіп саласында 10 бизнес-жоба. Бизнес-жобалардың жалпы құны – 14 827,4 млн. теңге;

      Тұрғын үй құрылысы саласында 2 бизнес-жоба. Бизнес-жобалардың жалпы құны – 638,7 млн. теңге;

      Микрокредит ұйымдарын дамыту саласында 1 бизнес-жоба. Бизнес-жобаның жалпы құны – 120,4 млн. теңге.

      Бизнес-жобаларды іске асыру үшін қаржыландырудың (активтерді берудің) мынадай құралдары пайдаланылды: бірлескен кәсіпорындар құру – 29 бизнес-жоба, оның ішінде 5 бизнес-жоба аралас қаржыландырылады (бірлескен кәсіпорындар құру және қарыз беру) және 8 бизнес-жоба жер қойнауын пайдалану саласында бірлескен кәсіпорындар құру сатысында, қарыз беру – 14, қаржылық лизинг – 3, жалға беру – 1.

      Он бір бизнес-жоба (5-еуі АӨК-те, 2-еуі жер қойнауын пайдалану саласында, 3-еуі – өнеркәсіп саласында және 1-еуі тұрғын үй құрылысы саласында) іске асырылды және өзіндік қызмет сатысына өтті.

      Жер қойнауын пайдалану саласында ӘКК жалпы сомасы 296,4 млрд. теңге 19 жобаны іске асыруда, оның ішінде 10 жоба іске асыру сатысында (ӘКК қатысу үлесі 25 %-дан аспайтын бірлескен кәсіпорындар құрылды, оларға жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар берілді) және 9 жоба 65,7 млрд. теңге жалпы сомаға жер қойнауын пайдалану құқығын алу сатысында. Жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалар, негізінен, қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын барлау және өндіру саласында іске асырылады.

      Машина жасау саласындағы қоржынды компания – "СарыарқаАвтоПром" ЖШС ӘКК-нің ең ірі бизнес-жобасы – "Қостанай қаласында автомобильдер өндірісі" жобасын іске асыруда. Өндірістік қуаты жылына 25 000 автомобильді құрайды. Бизнес-жобаның құны 13 511,4 млн. теңгені құрайды. 2011 жылы ӘКК бизнес-жобаны іске асыруға 2 360 млн. теңге инвестициялады. 1 949 млн. теңге мөлшерінде қарыздар түрінде инвестицияланған қаражатты қайтару 2018 жылы жүзеге асырылады, ал құны 411 млн. теңге болатын жобалық компанияға ӘКК-нің қатысу үлесін сату көзделмеген.

      ӘКК картон және жұмыртқаға арналған науа шығару жөніндегі бірлескен кәсіпорын құру жолымен өңірдің дамуына жәрдем көрсетеді. Картонның меншікті өндірісі гофраланатын өнімнің өзіндік құнын 30 %-ға төмендетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ гофроыдыс өндірісін айына 500 мың шаршы м дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. 2010 жылы жобаны іске асыру басталған кезден бері ӘКК инвестициялары 212,6 млн. теңгеден асты, оның ішінде 15 млн. теңгесі (жарғылық капиталға ӘКК қатысу үлесінің 25 %-ы) бірлескен кәсіпорынның жарғылық капиталына салым ретінде енгізілді, қарыз түрінде жаңа жабдық сатып алуға және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғыртуға 197,6 млн. теңге бөлінді. Шағын қалаларды дамыту бағдарламасы шеңберіндегі бұл жоба Лисаков қаласын дамытудың кешенді жоспарына сәйкес "зәкірлік" инвестициялық жобалардың қатарына қосылған.

      АӨК секторын дамыту мақсатында ӘКК 2011 жылы "Ұзынкөл ауданының Ершовка ауылында қуаты жылына 1 миллион дана тауарлық жұмыртқа болатын құс фабрикасын ұйымдастыру" бизнес-жобасын қаржыландырды. 10 млн. теңге сомасындағы ақша қаражатын ӘКК қарыз түрінде берді. Бизнес-әріптес – дара кәсіпкер И.В. Горбатенков 3 000 мекиен тауық сатып алды.

      Шошқа өсіру кешендерінің желісін салуға және оларды жаңғыртуға жалпы сомасы 74 млн. теңге қаражат инвестицияланды. Шошқа еті өндірісінің жылдық көлемі 368 тоннаға жуық.

      "Итсары–2005" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – "Итсары–2005" ЖШС) асыл тұқымды мал басын сатып алуы үшін 50 млн. теңге мөлшеріндегі қаражат инвестицияланды, ӘКК-нің қарыз қаражатының есебінен "Итсары–2005" ЖШС Әулиекөл тұқымының 92 баса ІҚМ сатып алды, кәсіпорын мал басын молықтырып, ет сатуды жоспарлап отыр. 2013 – 2020 жылдар аралығындағы кезеңде 573 бас ІҚМ өткізу көзделген.

      "Энергосила Казахстан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірге Қостанай қаласында майлы дақылдардың тұқымынан май өндіру жөніндегі бірлескен кәсіпорын құрылды. Оның жоспарланып отырған өндірістік қуаты – жылына 2 609 тонна май. Бизнес-жобаның құны – 111 млн. теңге. 2011 жылы ӘКК бірлескен кәсіпорынның жарғылық капиталына 5,7 млн. теңге сомасында салым құйды (жарғылық капиталға ӘКК қатысуының 19 %-ы), сондай-ақ 81 млн. теңге сомасында қаражат бөлініп, өндірістік жабдықтарды сатып алуға жұмсалды.

      2010 – 2014 жылдарға арналған өңірлік индустрияландыру картасына ӘКК қатысуымен іске асырылатын инвестициялық жобалар қосылған:

      1) "Қостанай қаласында автомобильдер өндірісі", өндірістік қуаты – жылына 25 000 автомобиль, іске асыру құны – 13 511,4 млн. теңге ("СарыарқаАвтоПром" ЖШС);

      2) Лисаков қаласында қуаты тәулігіне 28 тонна картон өндірісін және қуаты тәулігіне 20 мың дана жұмыртқаға арналған науа өндірісін ұйымдастыру ("Лисаков карто-қағаз кешені" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі);

      3) Федоров ауданы Федоров ауылында жылына 1 296 тонна өсімдік майы мен жылына 3 024 тонна зығыр ұнын шығаратын зауыт салу ("Жаркөл 007" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі);

      4) Ұзынкөл ауданының Ершовка ауылында қуаты жылына 1 миллион дана тауарлық жұмыртқа болатын құс фабрикасын салу (дара кәсіпкер "Горбатенков И.В.");

      5) Қостанай қаласында қуаты жылына 2 609 тонна болатын күнбағыс майы өндірісін ұйымдастыру ("Қостанай май зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі);

      6) А.И. Лисовпен бірге Денисов ауданында 1 500 басқа арналған шошқа өсіру кешенін құру ("Лига–2010" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі);

      7) 500 бас ІҚМ арналған сүт-тауар фермасын құру ("Сорочинское–2030" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).

      Облыстың сервистік-дайындау орталықтарының желісі құрылуда, олар облыстың ұсақ ауыл шаруашылығы құрылымдарын біріктіріп, олардың жаңа даму деңгейіне шығуына мүмкіндік береді.

      ӘКК қаражатының есебінен Қостанай қаласында көп пәтерлі үш тұрғын үй салынып, 15 328,6 шаршы метр тұрғын үй немесе 219 пәтер пайдалануға берілді. ӘКК инвестицияларының жалпы құны бір миллиард теңгеден асты.

      Сондай-ақ, ӘКК инвестициялық қоржыны оңалтуға (сауықтыруға) арналған, республикалық және коммуналдық меншіктен берілген мынадай активтерді қамтиды:

      1) "Жоғары Тобыл балық питомнигі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны" мүліктік кешені. Жоғары Тобыл және Қаратомар су қоймаларында балық өсіруге арналған мемлекеттік тапсырыс тоқтаған жағдайларда, 2009 жылы ӘКК бірлескен кәсіпорынның жарғылық капиталына құны 18,7 млн. теңге болатын өндірістік активтер түрінде үлес құюды жүзеге асырды, бұл жарғылық капиталдың 49 %-ын құрады. Бизнес-әріптеспен бірге құрылған бірлескен кәсіпорынға 95,1 млн. теңге инвестицияланды, мұның өзі облыстағы жалғыз балық питомнигінің қызметін сақтап қалуға мүмкіндік берді;

      2) құрылысы аяқталмаған объекті – Арқалық қаласындағы 500 тонналық көкөніс сақтау қоймасы. Құрылысы 2006 жылы басталып, бюджеттен қаржыландырудың болмауына байланысты тоқтап тұрған бұл объект жарғылық капиталға жарна түрінде 2010 жылы ӘКК-ге берілді. Құрылысты аяқтау үшін ӘКК 24 млн. теңге инвестициялады. 2011 жылы көкөніс сақтау қоймасы пайдалануға беріліп, "Арқалық азық-түлік компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне сенімгерлікпен басқаруға берілді.

      ТКШ жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберінде ӘКК 2011 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 692 қаулысының негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 120 млн. теңге сомасында, ал 2012 жылы Қостанай облысы әкімдігінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 185 қаулысының негізінде 312,5 млн. теңге сомасында нысаналы трансферт алды. Бөлінген қаражат есебінен Қостанай қаласында және облыс қалаларында шатыр жөндеу, қасбетті жылылау, жертөле үй-жайларының таратушы инженерлік желілерін жөндеу, көп пәтерлі тұрғын үйлердің кіреберістерін жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

      Облыста 2011 – 2012 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасы 2020 бағдарламасының екінші бағытын іске асыру мақсатында ӘКК уәкілетті өңірлік ұйым болып айқындалған. Облыс әкімдігі 2011 жылы ӘКК-ге 2 млн. теңге мөлшерінде, 2012 жылы 174 млн. теңге мөлшерінде бюджеттік кредит берді, оларды ӘКК өз кезегінде микрокредит ұйымдарын айқындау жөніндегі конкурстың жеңімпаздары – тиісінше "Амангелді–қаржы" кредиттік серіктестігіне және "Союз–Кредит" микрокредит ұйымы" (133,5 млн. теңге), "Солтүстік Қазақстан микрокредит беру қоры" (28,5 млн. теңге), "Сенім" микрокредит ұйымы" (12 млн. теңге) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне берді.

      Азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру шеңберінде ӘКК (қарыз алушы) "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамымен 200 млн. теңге сомаға қарыз шартын жасасты, оның нысаналы мақсаты азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру, сақтау және пайдалану болып табылады. 2012 – 2015 жылдар аралығындағы кезеңде тұрақтандыру қорын қалыптастыруға "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтерді сатып алу туралы 2012 жылғы 18 қазандағы № 110 шартқа қол қою арқылы 705,8 млн. теңге жіберілді.

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қостанай облысының әкімдігі және "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы арасында жасалған көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру жөніндегі бірлескен қызмет туралы меморандумға сәйкес ӘКК 2011 жылы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің міндеттемелерін орындау үшін "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының пайдасына 6 719,6 млн. теңге сомаға, 2012 жылы 4 522,6 млн. теңге сомаға төлем кепілдіктерін берді, 2013 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 4 128,1 млн. теңге берілген.

      Облыс экономикасының дамуына жәрдемдесумен қатар ӘКК әлеуметтік-экономикалық саланы дамытуға және әлеуметтік проблемаларды шешуге қатысады, атап айтқанда ӘКК қызметінің кезеңінде:

      1) бизнес-жобаларды іске асыру арқылы 242 жұмыс орны құрылды (бизнес-жобалардың өндірістік қуатқа шығу шамасына қарай қосымша шамамен 2 814 жұмыс орны құрылмақ);

      2) жер қойнауын пайдалану саласындағы бизнес-жобаларды іске асырудан облыс бюджетіне әлеуметтік жобаларды қаржыландыру үшін

      73,2 млн. теңге аударылды;

      3) 93,4 млн. теңге мөлшерінде облыс халқының әлеуметтік қорғалмаған топтарына көмек көрсетілді;

      4) 15 328,6 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

      Бұдан басқа, ӘКК қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері бойынша бір жылдағы таза пайданың кемінде 10 %-ы облыстың әлеуметтік проблемаларын шешу үшін ӘКК-нің дивидендтік саясатының шеңберінде акционерге дивиденд төлеуге жұмсалатын болады. Сонымен қатар, жер қойнауын пайдалану саласындағы бизнес-жобаларды іске асыру есебінен ӘКК қоржынды компаниялардың келісімшарттық қызметі бойынша жылдық жиынтық табыстың кемінде бір пайызы мөлшерінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, қазақстандық өнім берушілер өндіретін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қаржыландыруды жүзеге асыратын болады.

      ӘКК SWOT-талдау

      9-кесте. SWOT-талдау

Бағалау параметрлері

Мықты тұстары

Осал тұстары

1

2

3

Ұйымдастыру

1. Ұлттық компания мәртебесі.

2. Минералдық-шикізат базасын және мемлекеттік активтерді шаруашылық айналымға тарту мүмкіндігі.

3. ИСО 9001: 2008 (СМЖ) халықаралық стандарттарына сәйкес келетін сапа менеджменті жүйесінің болуы.

1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін іске асыру шарттарында жұмыс істеу тәжірибесінің аз болуы.

2. Коммерциялық және коммерциялық емес мақсаттардың араласып кетуі, бұл ӘКК алдындағы басымдықты айқындауға мүмкіндік бермейді.

3. Басқа даму институттарымен өзара іс-қимыл жасаудың жеткіліксіздігі.

Негізгі операциялық қызмет

1. ӘКК бизнес-жобаларының қоржыны қалыптастырылған.

2. Маркетингтік зерттеулер базасы қалыптастырылған.

3. Бизнес-жобалардың техникалық- экономикалық негіздемесі мен техникалық- экономикалық қорытындысы әзірленген.

1. Жеке меншік капиталды тарту тәжірибесі мен тетігінің болмауы.

2. Инновациялық, технологиялық және инженерлік сипаттағы инвестициялық салымдар үлесінің төмен болуы.

3. Қоржында ұзақ мерзімді бизнес-жобалар үлесінің қомақты болуы, осыған байланысты қазіргі кезеңде инвестициялық қызметтен әлеуметтік әсер алу қиын.

Қаржы

1. Қызмет тиімділігінің оң көрсеткіштері.

2. Операциялық және қаржылық қызметтен түсетін оң ақша ағындары.

1. АӨК, құрылыс индустриясы және машина жасау жобаларына инвестицияларды жүзеге асыру кезінде қаржылық тәуекелдің жоғары болуы.

2. Жобалық компаниялардың қаржылық қызметін модельдеуде тәжірибенің болмауы.

Маркетинг

Отандық, шетелдік компаниялармен ынтымақтастық жолға қойылған және дамытылуда.

ӘКК-нің іске асырылатын және жоспарланатын бизнес-жобаларына қатысу мүмкіндігіне қатысты әлеуетті инвесторлардың қызығушылық танытпауы.

Бәсекелестік

ӘКК әрқилы мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларды іске асырудың бірыңғай үйлестірушісі әрі интеграторы ретінде әрекет ете алады, бүгінде олардың операторы ретінде әртүрлі институттар мен ведомстволар әрекет етеді.

1. Көрсетілетін қызметтер нарығында қызмет түрі ұқсас басқа қатысушылардың болуы.

2. Ұзақ мерзімді қаржыландыру нарығының дамымауы.

Сұраныс

1. Инвестициялар тартуға сұраныстың жоғары болуы.

2. Ауыл шаруашылығының тиімділігін жоғарылату есебінен тамақ өнімдеріне деген ішкі сұранысты қанағаттандыру мүмкіндігі.

Облыс экономикасы салаларының өнімдеріне деген сұраныстың төмендеуіне байланысты жұмыссыздық деңгейінің өсуі нәтижесінде төлемге қабілетті сұраныстың төмендеу тәуекелі.

Өткізу

МЖӘ ынтымақтастық нысандарын кеңейту мүмкіндіктері.

1. Өндіруші салалар өнімдері бағасының өсуі, бұл тұтынушылық қабілеттің құлдырауына әкеп соқтыруы мүмкін.

2. Қаржы нарықтарындағы ахуалдың тұрақсыз болуына байланысты инвестицияларды ұсынудың төмендеуі.

Экономикалық құрамдас

1. Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптарын айналымға тарту есебінен жаңа өндірістер құру мүмкіндігі.

2. Пайдалы қазбаларды өндіру көлемін ұлғайтудағы және құрылыс материалдары өнеркәсібін дамытудағы болжанып отырған мүмкіндіктер.

1. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік саясатты қатаңдатуы.

2. Облыстың қызметтің екі түріне мамандануы оның экономикасын тым болмаса бір саладағы құлдырауға байланысты ауқымды экономикалық құлдырау тәуекеліне бейім етеді.

Саяси және құқықтық

Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу арқылы ӘКК-нің басқа даму институттарымен өзара іс-қимыл жасауы саласындағы заңнамалық базаны жетілдіруге қатысу.

Заңнаманың және реттеуші салалардың өзгеру ықпалына ұшырау тәуекелінің жоғары болуы.

Ғылыми-техникалық

Өндіріс пен басқарудың инновациялық технологияларын енгізу жолымен ғылыми-техникалық әлеуетті жоғарылату.

Мамандану салаларының қажетті техникалық жарақтандырылуының артта қалуы және болмауы.

Әлеуметтік-мәдени

Таза пайданың бір бөлігін облыстың әлеуметтік проблемаларын шешуге жіберу, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін жоғарылату мақсатында бизнеске қаржылай емес қолдау көрсету.

1. Кәсіпкерлік қызметте халық белсенділігінің төмен болуы.

2. Еңбек нарығының теңгерімсіздігі.


      Стратегиялық дамудағы шектеулер мен мүмкіндіктер

      Мықты және осал тұстарды, мүмкіндіктер мен қауіптерді құрылымдалған талдау ӘКК дамуындағы негізгі шектеулерді анықтауға мүмкіндік берді:

      1) облыстың инвестициялық әлеуетінің даму деңгейінің төмен болуы;

      2) халықтың кәсіпкерлік белсенділігінің төмен деңгейі;

      3) облыс экономикасы құрылымында шикізаттық құрамдастың үстем болуы;

      4) демографиялық ахуалдың қолайсыз болуы;

      5) нысаналы аудитория тарапынан мемлекеттік даму институттары қызметінің кәсіпқойлығы мен тиімділігіне сенімсіздік.

      ӘКК одан әрі дамуы үшін неғұрлым қолайлы мүмкіндіктерге мыналар жатады:

      1) мемлекеттен берілген өкілдіктердің және қызметтік мемлекеттік қолдаудың болуы;

      2) дәнді дақылдарды, ет-сүт өнімдерін терең өңдеу өнімдерін әлемдік және ішкі тұтынудың ұзақ мерзімді өсу үрдісі;

      3) стратегиялық инвесторлар тарапынан облысқа азық-түлік ресурстарының жеткізушісі ретінде қызығушылықтың өсуі;

      4) облысты капиталдандырудың өсуіне ықпал ететін "серпінді" инвестициялық жобалардың, өңіраралық жобалардың және ірі бизнесті дамытудың өңірлік стратегияларының іске асырылуы;

      5) азық-түлік және құрылыс өнімдерін өткізудің әлеуетті сыйымды нарықтарының жақын орналасуы;

      6) облыстың көлік жүйесінің жаһандық көлік-логистика желісіне ықпалдасуы;

      7) экспортқа бағдарланған өндірістердің дамуы және экспорттың әртараптандырылуы.

      ӘКК-нің бірқатар сөзсіз мықты тұстары бар, оларды одан әрі өсу мен даму үшін тірек нүктелері ретінде пайдалануға болады және пайдаланылуға тиіс. Орын алып отырған осал тұстарын да жоюға болады.

      Келешектегі қызмет ӘКК-нің мықты тұстарын мүмкіндіктерді іске асыру, ӘКК-нің осал тұстарымен жұмыс істеу жөніндегі шараларға бастамашылық ету және қауіптерді нивелирлеу үшін пайдалануға бағытталатын болады.

      Мыналар ӘКК-ні одан әрі дамытудың аса маңызды қозғаушы күштері болып табылады: облыстың экономикалық базасын дамыту және әртараптандыру, сыртқы орта өзгерістерін есепке алу және оған бейімделу, ӘКК қызметінің тиімділігін жоғарылату.

      ӘКК үшін басым экономика секторлары

      ӘКК үшін басым экономика секторларын айқындау облыста қалыптасқан экономикалық мамандануды және ҮИИДМБ мен АДБ жазылған мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясаттың негізгі бағыттарын ескере отырып жүзеге асырылды.

      ӘКК бизнеспен бірге инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысу, шетелдік инвесторларды тарту, индустриялық аймақтарды, технопарктерді, бизнес-инкубаторларды дамытуды үйлестіру, желілік жобаларды көбейту және дамыту арқылы күш-жігері мен ресурстарын облыс экономикасын индустриялық дамытудың басым секторларын дамыту шеңберінде шоғырландыруды жоспарлап отыр, оған мыналар жатады:

      АӨК және ауыл шаруашылығы тауарларын өңдеу

      Аграрлық секторды және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамыту АӨК үшін күш-жігері мен ресурстарын жұмсайтын ұзақ мерзімді перспективаға арналған басым бағыт болып табылады.

      ӘКК агроөнеркәсіптік кешенді техникалық және технологиялық қайта жарақтандыру, нарықты отандық өндірістің отандық азық-түлік өнімдерімен молықтыру, шаруашылық жүргізу жағдайларын жақсарту және ауыл шаруашылығы өндірісін ірілендіру есебінен тауарлық өнімнің өсуі үшін ынталандыру, АӨК кәсіпорындары мен жеңіл өнеркәсіп саласын қажетті шикізатпен қамтамасыз ету үшін сервистік-дайындау орталықтарының (оның ішінде, ет-сүт бағытындағы және жүн жинайтын) желісін құру және кеңейту арқылы АӨК сапалы дамытуға ықпал етуді жоспарлап отыр. Астық пен оның терең өңделген өнімдерінің, ет пен ет өнімдерінің, майлы дақылдардың, жеміс-көкөніс өнімдерінің, сүт пен сүт өнімдерінің, жүн мен оның терең өңделген өнімдерінің өндірісі мен экспортын дамыту, құс шаруашылығын дамыту АӨК секторындағы басты бағыттардың біріне айналмақ.

      Машина жасау

      АӨК-ті, тау-кен металлургиясы өнеркәсібін және құрылыс индустриясын дамыту кезінде ауыл шаруашылығы саласын, өңдеуші өнеркәсіпті және құрылыс материалдары өндірісін тиісті техникамен және жабдықтармен жарақтандыру қажеттігі туындайды. Кластерлік тәсіл негізінде бірыңғай экономикалық нарық құруға ұмтылу жағдайларында машина жасау саласын дамыту ішкі нарықтың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыруды және қосылған құны жоғары соңғы өнім өндірісін ұлғайту есебінен экспортты кеңейтуді қамтамасыз етуге тиіс.

      ӘКК күш-жігері көліктік және ауыл шаруашылығы машинасын жасауда номенклатура мен шығарылатын өнім өндірісінің көлемін ұлғайтуды қамтамасыз етуге, жұмыс істеп тұрған автоқұрастыру өндірістерінің оқшауландырылу деңгейін жоғарылатуға, машина жасау өнімдерінің қосылған құнын ұлғайтуға және еңбек өнімділігін арттыруға бағытталатын болады.

      Тау-кен металлургиясы өнеркәсібі

      Сонымен қатар, ӘКК-нің күш-жігері облыс мамандануының дәстүрлі саласы – тау-кен металлургиясы өнеркәсібін дамытуға да шоғырландырылатын болады. Бұл сала облыс экономикасының жалпы жай-күйіне ықпалын тигізеді және облыстағы жалпы салықтық емес түсімдердің қомақты үлесін қамтамасыз етеді. Тау-кен металлургиясы өнеркәсібі – облыс экспортының басты бабы және валюталық түсімдердің негізгі көзі. Тау-кен металлургиясы өнеркәсібін дамыту үшін ӘКК-нің негізгі күш-жігері металл кендерін өндіру үшін шикізат базасын кеңейтуге, кейіннен қайта өңделетін металлургия өндірістерін құруға, шағын және орта бизнес кәсіпорындарының базалық металдар негізінде жоғары дәрежеде өңделетін соңғы өнімдер өндірісін ұйымдастыруына бағытталатын болады.

      Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндірісі

      Жалпы Қазақстан Республикасының және атап айтқанда, облыстың құрылыс индустриясының өнеркәсіптік базасы өнімнің көлемі мен номенклатурасы бойынша құрылыс саласының қажеттіліктерін қанағаттандырмайды. Құрылыс индустриясы мен құрылыс материалдарының өндірісін дамытудағы ӘКК-нің негізгі міндеті бәсекеге қабілетті, энергия үнемдеуші құрылыс материалдарының, қосылған құны жоғары бұйымдар мен конструкциялардың өндірістерін дамыту болмақ. Сондай-ақ күш-жігер құрылыс секторының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін меншікті өндірістік базаның: заманауи цемент зауыттарының, табақ шыны, әрлеу материалдарының, темір-бетон және керамикалық бұйымдар өндірісінің жеткіліксіз дамуы немесе болмауы жөніндегі проблемаларды шешуге бағытталатын болады.

      Жеңіл өнеркәсіп

      Облыстың жеңіл өнеркәсібінің өңдеуші өнеркәсіптің өндіріс көлемінің құрылымында алатын үлесі мардымсыз, алайда бұл саланың экспорттық әлеуеті қомақты, сондай-ақ АӨК саласында өндірілетін өнімнің жалпы қосылған құнының ұлғаюына ықпал етеді. Технологиялық тұрғыдан жеңіл өнеркәсіп АӨК-пен неғұрлым байланысты екенін ескерсек, оның дамуы облыстың ауыл шаруашылығы өндірісінің аса маңызды бағыттарын қалпына келтіруге және дамытуға белгілі бір дәрежеде ықпал етпек, соның арқасында өңір ішіндегі төлемге қабілеттілік жоғарылайды.

      Осылайша, жеңіл өнеркәсіп саласын дамытудағы АӨК негізгі міндеті шикізатты қайта өңдеу, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың технологиялық жабдығын қайта жаңғырту, қосылған құны жоғары және сыртқы нарықтарға шығу перспективасы бар өнім өндіру есебінен ішкі нарықтың жеңіл өнеркәсіп өнімдеріне деген қажеттілігін қанағаттандыру үшін жағдайлар жасау болып табылады.

      Экономиканың басым салаларында жүргізілетін инвестициялық қызметпен қатар, ӘКК басым салалар қатарына қосылмаған, бірақ облыстың әлеуемттік-экономикалық дамуы үшін зор маңызы бар экономика салаларындағы бизнес-жобаларды іске асыруға қатысатын болады.

      2. Миссиясы мен пайымы.

      ӘКК миссиясы – мемлекет пен бизнестің әріптестігі қағидаттарында Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу.

      ӘКК пайымы – активтерді тиімді басқаратын, өңірдің өсу нүктелерінде экономикалық белсенділікті, оның ішінде инвестициялар тарту арқылы ынталандыратын және бәсекеге қабілетті орнықты өндірістерді қалыптастырудың катализаторы ретінде әрекет ететін өңірлік даму институты.

      ӘКК мақсаты – өңірдің өсу нүктелерінде бизнес-бастамаларды қолдау және экономикалық белсенділікті ынталандыру болып табылады.

      ӘКК негізгі міндеттері:

      1) өңір экономикасының басым секторларында (өсу нүктелерінде) бәсекеге қабілетті өндірістердің жаңаларын құру және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту;

      2) мемлекеттік активтердің іскери айналымға тартылуын қамтамасыз ету, проблемалы активтерді сауықтыру және олардың базасында бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту;

      3) өндірістік және басқарушылық озық технологиялар мен стандарттарды енгізу;

      4) активтердің құнын ұлғайту;

      5) жаңадан басталған бизнесті қолдау инфрақұрылымын дамыту (бизнес-инкубаторлар, технопарктер, индустриялық аймақтар);

      6) басым салаларда кластерлерді дамыту, сондай-ақ өңірлердің жүйе түзуші және ірі компанияларының айналасынан ШОБ дамыту жөніндегі әріптестік бағдарламаларын үйлестіру арқылы өңірлердегі бизнес-бастамаларды қолдау;

      7) ӘКК қызметінің шеңберінде бизнеске қаржылай емес қолдау көрсету;

      8) бизнес-жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік даму институттарымен ынтымақтастықты өрістету;

      9) қоржынды компаниялар арасындағы коммуникация мен дағды алмасуды дамыту;

      10) өнімді ішкі және сыртқы нарықтарда неғұрлым белсенді ілгерілету үшін өнім брендингіне жәрдемдесу;

      11) перспективалы жобаларды іске асыру үшін өңірлерге отандық және шетелдік инвесторларды тарту, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттарында тарту;

      12) үлестік қаржыландыру, активтер түрінде қатысу арқылы инвесторларға жобаларды іске асыруда, сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде қаржы алуда жәрдем көрсету;

      13) өңірлердің негізгі мамандануын ескере отырып, өңірлік даму карталарын әзірлеу және инвесторлар тарту үшін перспективалы әрі бәсекеге қабілетті жобалардың тізбесін қалыптастыру.

      ӘКК негізгі функциялары

      Меншікті жобаларды басқару процестерін, бірлескен жобаларды іске асыру шеңберінде өзара іс-қимыл жасау процестерін оңтайландыру мақсатында мынадай функциялар айқындалған:

      1) ұйымдастырушылық функция – берілген активтерді басқару және одан әрі дамыту, жобалар мен инвесторларды консультативтік сүйемелдеу;

      2) инвестициялық функция – меншікті қаражат есебінен инвестициялық қызмет, инвестициялар тарту жөніндегі жұмыс;

      ӘКК-нің қызметі тиісті аумақтарды дамыту бағдарламаларында айқындалған экономиканың басым салаларында өз өңірі үшін перспективалы, тіршілікке бейім, бәсекеге қабілетті және инновациялық жобаларды іске асыруға бағытталған.

      Жекелеген мемлекеттік бағдарламаларды іске асырушы – ҮИИДМБ, Индустрияландыру картасы, "БЖК 2020" бағдарламасы және т.б. шеңберінде өңірлік жобаларды іске асыруға жәрдемдесу.

      3. Қызметтің стратегиялық бағыттары (бұдан әрі – ҚСБ), мақсаттары, қызметтің түйінді көрсеткіштері және олар бойынша межеленген нәтижелер.

      ӘКК алдында қойылған міндеттер шеңберінде мынадай қызметтің басым бағыттары айқындалды:

      1) коммерциялық қызметтің тиімділігін жоғарылату;

      2) өңірлік инновациялық жүйені дамыту және облысқа инвестициялардың құйылуын ынталандыру;

      3) ӘКК тиімді қызметін қамтамасыз ететін ішкі ортаны дамыту.

      1-ҚСБ. "Коммерциялық қызметтің тиімділігін жоғарылату"

      1-мақсат. Тиімділігі жоғары бизнес-жобаларға құйылатын инвестицияларды ұлғайту.

      Міндеттер:

      1) тиімділік дәрежесі жоғары жаңадан құрылған және жаңғыртылған өндірістер санын ұлғайту.

      Бұл міндетті шешу үшін жобалық қуатқа шыққан пайдалы бизнес-жобалардың санын ұлғайту қажет, олар облыстағы өндіріс көлемі мен еңбек өнімділігін ұлғайтуға жәрдем көрсетеді;

      2) инвестициялық көлемін ұлғайту.

      Іс-шаралар:

      1) бизнес-жобаларға құйылатын инвестициялар көлемін ұлғайту;

      2) мемлекеттік активтердің іскерлік айналымға тартылуын қамтамасыз ету;

      3) ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған қаржыландыру сомасының өсуін қамтамасыз ету үшін жер қойнауын пайдалану саласындағы бизнес-жобалардың санын ұлғайту;

      4) бизнес-жобаларды іске асыру үшін бюджеттен тыс инвестицияларды тартуды қамтамасыз ету;

      5) бизнес-жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік даму институттарымен ынтымақтастықты кеңейту;

      6) ӘКК іске асыратын бизнес-жобалар санын ұлғайту;

      7) ӘКК бастамашылық ететін бизнес-жобалар санын ұлғайту;

      8) облыс аумағында экономиканың басым секторларында ірі бизнес-жобалардың бастамашыларымен өзара іс-қимыл жасауды жолға қою;

      9) экономиканың басым секторларында кластерлерді дамыту, сондай-ақ өңірдің жүйе түзуші және ірі компанияларының айналасынан шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі әріптестік бағдарламаларды үйлестіру;

      10) мемлекет қолдайтын өңірлік бизнес-жобаларды және жекелеген мемлекеттік бағдарламалар мен нысаналы мемлекеттік іс-шараларды іске асыруға жәрдемдесу;

      11) инвестициялық қоржынды қалыптастыруды қамтамасыз ететін ресурстық базаны ұлғайту;

      12) қайта инвестицияланатын пайда көлемін ұлғайту;

      13) ӘКК бизнес-жобаларын қаржыландыруға республикалық бюджет қаражатын тартудың тиімді тетіктерін енгізу;

      14) капитал нарықтарында ӘКК-нің орта және ұзақ мерзімді қарыз алу бағдарламаларын іске асыру (бағалы қағаздар шығаруды қоса алғанда).

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) ӘКК инвестициялық қоржынының бір жылдағы көлемі;

      2) инвестициялар арақатынасының көрсеткіші;

      3) инвестициялардың рентабельділігі.

      Межеленген нәтижелер:

      Тиімділігі жоғары бизнес-жобаларға құйылатын инвестицияларды ұлғайту жөніндегі мақсатқа қол жеткізу нәтижесінде ӘКК инвестициялық қоржынының көлемі 2018 жылы 5 510 млн. теңгеге дейін, 2023 жылы 6 920 млн. теңгеге дейін ұлғаяды, бұл экономиканың шикізат емес секторларына құйылатын отандық және шетелдік инвестицияларды 2014 жылы кемінде 15 %-ға және 2020 жылға қарай кемінде 30 %-ға ұлғайту жөніндегі мемлекеттік міндеттерді орындауға қатысуға ықпал етеді. Бизнес-жобаларды іске асыру ӘКК-ге жаңа өндірістер құруға және жұмыс істеп тұрған өндірістердің көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді, мұның өзі 2011 жылғы көрсеткішке қатысты бизнес-жобалардағы еңбек өнімділігін 2015 жылға қарай 1,5 есе, ал 2020 жылға қарай 2 есе ұлғайтуға мүмкіндік бермек. Бизнес-жобаларды іске асыру үшін бизнес-әріптестер тарапынан ӘКК салған әрбір 1 теңгеге қатысты 2018 жылы кемінде 1,1 теңге, ал 2023 жылы кемінде 1,2 теңге қаражат тартылады. ӘКК инвестицияларының рентабельділігі 2018 жылы 4,3 %-ға дейін, 2023 жылы 6,7 %-ға дейін ұлғайтылмақ. Инвестициялық пакет құрылымындағы жер қойнауын пайдалану саласындағы бизнес-жобалар санының өсуі ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруға жұмсалатын жыл сайынғы ақша аударымдарының мөлшерін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бизнес-жобаларды іске асыру есебінен жұмыс орындары құрылып, ішкі нарықты отандық тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен молықтыру жүргізіледі, бюджетке түсетін салықтық түсімдер ұлғайтылады. Сол арқылы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдем көрсетілмек. Көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткізу ЖӨӨ-нің өсуіне мультипликативтік әсерін тигізеді.

      2-мақсат. ӘКК кірістілігін ұлғайту

      Міндеттер:

      1) кірістілікті ұлғайту;

      2) ӘКК қызметінің рентабельділігін ұлғайту.

      Іс-шаралар:

      1) инвестициялық қоржынның кірістілігін ұлғайту;

      2) ӘКК уақытша бос ақша қаражатын орналастырудың кірістілігі мен сенімділігінің оңтайлы арақатынасын қамтамасыз ету;

      3) кіріс алу көздерін кеңейту;

      4) ӘКК әкімшілік шығыстарының құрылымын оңтайландыру;

      5) қарыз алудың арзан көздерін іздеу.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) жыл қорытындысы бойынша ӘКК таза пайдасы, млн. теңге;

      2) жыл қорытындысы бойынша бір қызметкерге шаққандағы таза пайда, млн. теңге;

      3) ӘКК активтерінің рентабельділігі (ROA), %.

      Межеленген нәтижелер:

      ӘКК қызметінің кірістілігін ұлғайту жөніндегі мақсатқа қол жеткізу нәтижесінде ӘКК таза пайдасының мөлшері 2018 жылы 235 млн. теңгені, 2023 жылы 450 млн. теңгені құрап, 2011 жылдың мәніне қатысты тиісінше 76,7 %-ға және 238 %-ға ұлғаяды. ӘКК активтерінің рентабельділігі (ROA) 2018 жылы 2,9 %-ға дейін, 2023 жылы 4 %-ға дейін өседі. Қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерінің өсуі есебінен ӘКК алынған пайданы қайта инвестициялау жолымен инвестициялық қоржынның өсуін қамтамасыз ететін болады. Таза пайданың өсуі ӘКК-нің акционерге жыл сайынғы дивидендтерді төлеуі арқылы облыстың әлеуметтік проблемаларын шешуге жұмсалатын қаржыландыру сомасын 2018 жылы 24 млн. теңгеге дейін, ал 2023 жылы 45 млн. теңгеге дейін ұлғайтуына мүмкіндік береді.

      3-мақсат. Мемлекеттен берілетін активтерді оңалту.

      Міндеттер:

      1) оңалту (сауықтыру) жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін мемлекеттік активтерді (кәсіпорындарды) іздеу.

      Бұл міндетті шешу үшін коммерциялық бағдарланған, оңалтуды (сауықтыруды) талап ететін проблемалы мемлекеттік активтерді (кәсіпорындарды) анықтау тұрғысынан ӘКК-нің орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасауы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қажет, оңалту (сауықтыру) бойынша әзірленген жоспар мен оларды бастапқыда қаржыландыруға бюджеттен бөлінген қаражаттың болуы міндетті;

      2) берілген мемлекеттік активтерді (кәсіпорындарды) қаржылай сауықтыру бойынша даму перспективаларына талдау жүргізу.

      Іс-шаралар:

      1) қаржылай сауықтыру (оңалту), қайта құрылымдау және олардың негізінде жаңа өндірістерді дамыту бойынша іс-шараларды жүргізудің орындылығы тұрғысынан қаржы-шаруашылық қызметті талдау/берілетін кәсіпорынға/активке кешенді талдау;

      2) берілетін кәсіпорынды қаржылай сауықтыру жоспарын талдау және/немесе сауықтыру (оңалту), қайта құрылымдау және берілетін активті дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын талдау;

      3) берілетін кәсіпорын/актив үшін бизнес-жоспарлар, ТЖН, ТЭҚ, маркетингтік зерттеулер әзірлеу;

      4) кейіннен бәсекелі ортаға беру үшін мемлекеттік активтерді (кәсіпорындарды) оңалтуға (сауықтыруға) қатысу мүмкіндігі мақсатында инвесторлар іздеу;

      5) қаржылай сауықтыру, қайта құрылымдау және берілген мемлекеттік активтердің (кәсіпорындардың) негізінде бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді дамыту бойынша іс-шараларды жүзеге асыру.

      Қызметтің түйінді көрсеткіші:

      1) оңалтылған (сауықтырылған) кәсіпорындар саны, бірлік.

      Межеленген нәтижелер:

      Берілген кәсіпорындардың немесе проблемалы активтер берілген кәсіпорындардың орнықты қаржылық жағдайына қол жеткізу және соның нәтижесінде ӘКК-нің жобадан шығуы кәсіпорындарды оңалтудың (сауықтырудың) нәтижесі болып табылады. Бұл активтерден түсетін пайда инвестициялаудың 5-7 жылдық кезеңі өткеннен кейін ғана шоғырлана бастайды. Осылайша, оңалтылған (сауықтырылған) кәсіпорындар саны 2023 жылы 2 бірлікке жетеді.

      2-ҚСБ. "Өңірлік инновациялық жүйені дамыту және облысқа инвестициялардың құйылуын ынталандыру"

      1-мақсат. Өңірлік инновациялық жүйе қалыптастыру.

      Міндеттер:

      1) өңірлік инновациялық жүйені дамыту;

      2) инновациялық белсенділікті ынталандыру.

      Іс-шаралар:

      1) инновациялық инфрақұрылымның жай-күйі мен дамуын зерттеу;

      2) индустриялық-инновациялық инфрақұрылым субъектілеріне, индустриялық-инновациялық жүйе субъектілеріне, оның ішінде халықаралық ынтымақтастықта әдістемелік, консультациялық, практикалық және өзге де көмек көрсету;

      3) арнайы экономикалық аймақтар, индустриялық аймақтар, технопарктер, бизнес-инкубаторлар, конструкторлық бюролар, коммерцияландыру кеңселерін, тәуекелді инвестициялаудың инвестициялық қорларын, R&D орталықтар, зертханалар, инжинирингтік және жобалық компаниялар құру және дамыту;

      4) технологияларды коммерцияландыруда индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне жәрдем көрсету;

      5) инновацияларды тиімді енгізуді және жоғары технологиялы өндірістерді дамытуды қолдау;

      6) зертханаларды құру мен жаңғыртуды, оның ішінде шекара маңындағы сауда орталықтарын салу шеңберінде, сондай-ақ инвестициялық жобалар шеңберінде қолдау;

      7) инновациялық бизнес-идеялар мен жобаларды іздеу, талдау және сүйемелдеу;

      8) инновациялық бизнес-идеялар мен жобалар қорын қалыптастыру;

      9) кейіннен коммерцияландыру мүмкіндігінің мақсатында неғұрлым перспективалы инновациялық әзірлемелер мен өнертапқыштық ұсыныстарды іріктеу;

      10) құрылатын және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың энергия тиімділігін жоғарылатуға және энергияны қажет етуін төмендетуге жәрдем көрсету;

      11) инновациялық процестерді ауқымды ақпараттық-насихаттық қолдау;

      12) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің облыс атынан республикалық конкурстарға қатысуын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) облыстағы инновациялық инфрақұрылым элементтерінің және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің саны, бірлік;

      2) уәкілетті орган іске асыру үшін іріктеп алған инновациялық бизнес-идеялардың саны, бірлік жылына;

      3) энергия тиімді және (немесе) энергия үнемдеуші технологияларды пайдаланатын бизнес-жобалар саны, бірлік.

      Межеленген нәтижелер:

      Өңірлік инновациялық жүйе қалыптастыру жөніндегі мақсатқа қол жеткізу нәтижесінде облыстық инновациялық процестердің интеграторы ретінде ӘКК инновациялық инфрақұрылым қалыптастыратын болады, онда 2018 жылы 1 элемент (арнайы экономикалық аймақтар, индустриялық аймақтар, технопарктер, бизнес-инкубаторлар, конструкторлық бюролар, коммерцияландыру кеңселері, тәуекелді инвестициялаудың инвестициялық қорлары, R&D орталықтар, зертханалар, инжинирингтік және жобалық компаниялар), ал 2023 жылы 3 элемент болады.

      Уәкілетті орган іске асыру үшін іріктеп алған инновациялық бизнес-идеялардың санын ұлғайту есебінен 2018 жылы 11 бірлікке, ал 2023 жылы 34 бірлікке жетеді, ӘКК ЖӨӨ-нің жалпы көлеміндегі инновациялық өнімнің үлесін 2015 жылға қарай 1 %-ға дейін, ал 2020 жылға қарай 1,5 %-ға дейін ұлғайтуға ықпал етеді. Энергия тиімді және (немесе) энергия үнемдеуші технологияларды пайдаланып іске асырылатын бизнес-жобалар санын 2018 жылға қарай 3 бірлікке дейін, ал 2023 жылға қарай 13 бірлікке дейін өсіру есебінен ӘКК ЖІӨ-нің энергия тұтынуы мен энергияны қажет етуін 2030 жылға дейін 35 %-ға азайтуға жәрдемдеспек. Энергия тиімді және (немесе) энергия үнемдеуші технологияларды пайдаланатын бизнес-жобалар санын ұлғайту осы өнімге деген сұранысты ұлғайтады, бұл өз кезегінде, баламалы "жасыл" энергетикалық технологияларды дамытуға септігін тигізеді.

      2-мақсат. Облысқа инвестициялардың құйылуын ынталандыру.

      Міндет:

      1) облыс аумағына инвестициялардың құйылуын ұлғайту.

      Іс-шаралар:

      1) әлеуетті нысаналы инвесторларды іздеу және айқындау;

      2) Қазақстанда бизнес ашуға және жүргізуге байланысты қажетті формальдылықтарды жүзеге асыруда жәрдемдесу;

      3) инвестициялық жобаны әзірлеу сатысында да, оны іске асыру сатысында да консультациялық қызметтер көрсету;

      4) ақпараттық-презентациялық іс-шараларға қатысу (жарияланымдар, көрмелер, ресми кездесулер, форумдар, баспа, телевизиялық және электронды бұқаралық ақпарат құралдары, интернет-ресурстар);

      5) инвесторларға әріптестер іздеуде, іскери байланыстар орнатуда жәрдем көрсету, қажетті ақпарат беру;

      6) үлестік қаржыландыру, активтер түрінде қатысу арқылы инвесторларға жобаларды іске асыруда, сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде қаржы алуда жәрдем көрсету;

      7) перспективалы жобаларды, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттарында іске асыру үшін өңірге отандық және шетелдік инвесторларды тарту;

      8) инвесторлардың дерекқорын қалыптастыру.

      Қызметтің түйінді көрсеткіші:

      1) 2013 жылғы көрсеткіштің мәніне қатысты өңдеуші өнеркәсіпке шетелдік инвестициялар көлемінің өсу қарқыны, %;

      2) облысқа, оның ішінде Global–2000 тізімінен тартылған шетелдік инвесторлар саны, бірлік жылына;

      3) жыл сайын іске қосылатын, оның ішінде шетелдік капитал қатысатын инвестициялық жобалар саны, бірлік жылына.

      Межеленген нәтижелер:

      Инвесторларға қызмет көрсету орталығы бола отырып әрі инвесторларға толық сервистік қолдау көрсету жөніндегі іс-шараларды орындай отырып, ӘКК осы мақсатқа қол жеткізу нәтижесінде облыстың өңдеуші өнеркәсібіне құйылатын шетелдік инвестициялар көлемін 2013 жылғы көрсеткіштің мәніне қатысты 2023 жылға қарай 15 %-ға ұлғайтуға ықпал етеді.Облысқа жыл сайын тартылған шетелдік инвесторлар саны 2018, 2020, 2023 жылдары кемінде 2 бірлікті, оның ішінде Global-2000 тізімінен кемінде 1 бірлікті құрайды. Жыл сайын іске қосылатын, оның ішінде шетелдік капитал қатысатын инвестициялық жобалар саны 2018 жылы кемінде 25 жобаны, ал 2023 жылы кемінде 50 жобаны құрамақ.

      3-ҚСБ. "ӘКК тиімді қызметін қамтамасыз ететін ішкі ортаны дамыту"

      1-мақсат. Корпоративтік басқарудың, негізгі және қосалқы бизнес-процестердің сапасын жоғарылату.

      Міндеттер:

      1) корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру;

      2) сапа менеджменті жүйесін енгізу тиімділігін жоғарылату.

      Іс-шаралар:

      1) корпоративтік басқару кодексін практикаға енгізу;

      2) Директорлар кеңесінің кәсіпқой құрамын қалыптастыру;

      3) ӘКК-ге ұлттық немесе халықаралық деңгейдегі корпоративтік басқару рейтингін беру жөнінде жұмыс жүргізу;

      4) акционерлердің құқықтарын іске асырудың тиімді жүйесін қалыптастыру;

      5) ақпарат ашу және қызметтің ашықтығы жүйесін қалыптастыру;

      6) өндірістік және басқарушылық озық технологиялар мен стандарттарды енгізу;

      7) ӘКК-дегі корпоративтік басқаруды регламенттейтін ішкі құжаттар жүйесін жетілдіру;

      8) процестік тәсілді жетілдіру;

      9) жаңа процестерді игеруге жұмсалатын уақытты қысқарту;

      10) процестердің өнімділігін жоғарылату.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) корпоративтік басқару рейтингін алу;

      2) СМЖ стандарттарының талаптарына сәйкестікті растау.

      Межеленген нәтижелер:

      Корпоративтік басқарудың, негізгі және қосалқы бизнес-процестердің сапасын жоғарылату жөніндегі мақсатқа қол жеткізу нәтижесінде ӘКК корпоративтік басқару рейтингін алады, бұл корпоративтік басқаруды дамытуды қамтамасыз етеді және ұйым қызметінің тиімділігін айтарлықтай жоғарылатуға мүмкіндік береді, сондай-ақ басқару жүйесінің қоржынды компаниялар мен ӘКК-нің мамандандырылған еншілес ұйымдарында қолдануға әзір ашық моделіне айналады. СМЖ стандарттарының талаптарына сәйкестікті растау есебінен жыл сайын негізгі және қосалқы бизнес-процестердің сапасы жоғарылайды.

      2-мақсат. Сыртқы тараптармен өзара іс-қимыл жасауды дамыту.

      Міндеттер:

      1) ӘКК қызметінің шеңберінде қаржылай емес қолдау көрсету;

      2) барынша ашықтықты қамтамасыз ету, сондай-ақ ӘКК қызметі туралы ақпараттық қолжетімділігі мен сапасын жақсарту;

      3) ӘКК өнімдері желісін жетілдіру;

      4) көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту.

      Іс-шаралар:

      1) қоржынды компаниялар арасындағы коммуникация мен дағды алмасуды дамыту;

      2) нарықтарда өнімді белсендірек ілгерілету үшін өнімді брендтеуге жәрдемдесу;

      3) ынтымақтастық шарттарын және бәсекелестер компаниялары ұсынатын өнімдерді талдау;

      4) тұтынушылар нарығын және ұсынылатын өнімнің қасиетіне байланысты олардың үміттерін талдау;

      5) компаниялардың инвестициялық қызмет саласындағы озық тәжірибесін зерделеу;

      6) бәсекелес-компаниялардың шарттарын, тұтынушылар нарығының үміттерін талдау негізінде ӘКК-мен ынтымақтастық шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

      7) ӘКК-нің тұтынушымен кері байланысын жолға қою, кездесулер, форумдар, презентациялар өткізу;

      8) тұтынушылардың ескертулерін жою ықтималдығы мақсатында өңір кәсіпкерлеріне сауалнама жүргізу.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) ӘКК интернет-ресурсын қараушылар саны, мың кіру;

      2) қарауға келіп түскен бизнес-өтінімдер саны;

      3) облыс кәсіпкерлерінің көрсетілген қызметтердің сапасына қанағаттану %-ы.

      Межеленген нәтижелер:

      Сыртқы тараптармен өзара іс-қимыл жасауды дамыту жөніндегі мақсаттың қол жеткізілген нәтижелері облыстың бизнес-қоғамдастығының қаржы құралдарына, сондай-ақ бизнесті қолдаудың ӘКК ұсынатын қаржылай емес құралдарына қызығушылық танытуын ұлғайтуға ықпал етеді.

      Стратегияны ойдағыдай іске асыру стратегиялық басқарудың баламалы жүйесін құрып, басқарушылық шешімдер мен іс-қимылды түзету тетігімен бірге алға қойылған стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу дәрежесін үнемі бақылауды және бағалауды талап етеді.

      Стратегияны іске асырудың сәтті болуына ықпал ететін түйінді факторлар:

      1) Стратегия, орта мерзімді даму жоспарлары, жыл сайынғы бюджеттер мен инвестициялық бағдарламалар арасында тығыз байланыстың болуы;

      2) тиімділіктің нысаналы индикаторларын бағалау мен мониторингтеу жүйесін енгізу;

      3) стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге бағытталған персоналды ынталандыру жүйесін әзірлеу және енгізу;

      4) стратегиялық бағыттарды түзету мен түрлендірудің, стратегиялық жаңа мүмкіндіктерді іздеудің тетіктерін енгізу;

      5) сыртқы ортаның жай-күйі мен өзгерістерін мониторингтеу нәтижелерін және қол жеткізілген жұмыс нәтижелерін ескере отырып, басқарушылық шешімдер мен іс-қимылды ұдайы түзетіп отыру.

      Мыналар Стратегияны тиімді іске асыруды қамтамасыз ету құралдары бола алады:

      1) Стратегияны орындау үшін іске асырылуы қажет бастамалар мен іс-шаралардың бәрін біріктіретін іс-шаралар жоспары;

      2) ӘКК-нің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуді оның жедел жоспарлануымен байланыстыратын ӘКК бөлімшелері мен менеджменті жұмысының теңгерімделген тиімділік көрсеткіштерінің жүйесі;

      3) ӘКК стратегиялық бюджеті және іс-шаралар жоспарының негізінде ағымдағы жылдық бюджеттерді жоспарлау, стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ету;

      4) ӘКК-нің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін персоналды ынталандыру және оқыту жүйесі;

      5) тиімді жоспар-фактілік талдау және стратегияның іске асырылуын, тиімділік көрсеткіштерін және ӘКК даму стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын мониторингтеу үшін қажетті барлық бизнес-процестерді автоматтандыру.

      Стратегияның жүзеге асырылуын бақылауды қамтамасыз ету үшін бірқатар сандық және сапалық индикаторлар әзірленді. Олар ӘКК-нің жаңа миссиясы мен пайымын енгізудің, болжамды инвестициялық қоржынды қалыптастырудың (қайта құрылымдау мен әзірлеуді қоса алғанда) және ішкі ұйымдық өзгерістерді жүргізудің ортақ процесін қамтиды.

      ӘКК аталған индикаторларға қатысты өзінің нәтижелерін қадағалап отырады және нысаналы мәндерге қол жеткізу үшін барлық қажетті ресурстары мен күш-жігерін жұмсайтын болады.

      Сондай-ақ, Стратегияны іске асыру мақсатында ӘКК-нің бес жылға арналған әрі Стратегияны іске асыру шеңберінде ұзақ мерзімді кезеңдер ішінде жүзеге асырылатын іс-шараларды нақтылайтын даму жоспары әзірленеді.

      Қажет болған жағдайда, Стратегияны түзету және/немесе нақтылау бойынша тиісті ұсыныстар енгізіледі.

  "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік
корпорациясы" ұлттық компаниясы"
акционерлік қоғамының 2014 – 2023
жылдарға арналған даму стратегиясына
қосымша

"Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы"
акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған
стратегиялық даму қызметінің түйінді көрсеткіштері
(бұдан әрі – ҚТК)

      1-ҚСБ. Коммерциялық қызметтің тиімділігін жоғарылату

      1-мақсат. Тиімділігі жоғары бизнес-жобаларға құйылатын инвестицияларды ұлғайту

ҚТК атауы

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2021

2022

2023

1-ҚТК. ӘКК инвестициялық қоржынының бір жылдағы көлемі, млн. теңге

4 900

5 050

5 200

5 350

5 510

5 730

5 960

6 260

6 575

6 920

2-ҚТК. Инвестициялар арақатынасының көрсеткіші

1,1

1,1

1,1

1,1

1,1

1,15

1,15

1,15

1,20

1,20

3-ҚТК. Инвестициялардың рентабельділігі, %

3,4

3,6

3,8

4

4,3

4,8

5,3

5,8

6,4

6,7


      2-мақсат. ӘКК кірістілігін ұлғайту

ҚТК атауы

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2021

2022

2023

1-ҚТК. ӘКК таза пайдасы, млн. теңге

165

180

195

215

235

270

310

355

410

450

2-ҚТК. 1 қызметкерге шаққандағы таза пайда, млн. теңге

3,2

3,3

3,5

3,6

3,7

4,1

4,6

5

5,4

5,7

3-ҚТК. ӘКК активтерінің рентабельділігі (ROA), %

2,4

2,5

2,6

2,7

2,9

3

3,2

3,4

3,7

4


      3-мақсат. Мемлекеттен берілетін активтерді оңалту

ҚТК атауы

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2021

2022

2023

1-ҚТК. Оңалтылған (сауықтырылған) кәсіпорындар саны, бірлік

2


      2-ҚСБ. Өңірлік инновациялық жүйені дамыту және облысқа инвестициялардың құйылуын ынталандыру

      1-мақсат. Өңірлік инновациялық жүйе қалыптастыру

ҚТК атауы

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2021

2022

2023

1-ҚТК. Облыстағы инновациялық инфрақұрылым элементтерінің және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің саны, бірлік

1

2

3

2-ҚТК. Уәкілетті орган іске асыру үшін іріктеп алған инновациялық бизнес-идеялардың саны, бірлік жылына

1

2

2

3

3

4

4

5

5

5

3-ҚТК. Энергия тиімді және (немесе) энергия үнемдеуші технологияларды пайдаланатын бизнес-жобалар саны, бірлік.

1

2

2

3

4

6

8

10

13


      2-мақсат. Облысқа инвестициялардың құйылуын ынталандыру

ҚТК атауы

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2021

2022

2023

1-ҚТК. 2013 жылғы көрсеткіштің мәніне қатысты өңдеуші өнеркәсіпке шетелдік инвестициялар көлемінің өсу қарқыны, %.

101

102

103

104

105

107

109

111

113

115

2-ҚТК. Облысқа, оның ішінде Global–2000 тізімінен тартылған шетелдік инвесторлар саны, бірлік жылына

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

1


1


1

3-ҚТК. Жыл сайын іске қосылатын, оның ішінде шетелдік капитал қатысатын инвестициялық жобалар саны, бірлік жылына

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5


      3-ҚСБ. ӘКК тиімді қызметін қамтамасыз ететін ішкі ортаны дамыту

      1-мақсат. Корпоративтік басқарудың, негізгі және қосалқы бизнес-процестердің сапасын жоғарылату

ҚТК атауы

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2021

2022

2023

1-ҚТК. Корпоративтік басқару рейтингін алу

+

2-ҚТК. СМЖ стандарттарының талаптарына сәйкестікті растау

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+


      2-мақсат. Сыртқы тараптармен өзара іс-қимыл жасауды дамыту

ҚТК атауы

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2021

2022

2023

1-ҚТК. ӘКК интерне-ресурсын қараушылар саны, мың кіру

23

24

25

26

28

30

32

34

36

40

2-ҚТК. Қарауға келіп түскен бизнес-өтінімдер саны

40

45

50

55

60

70

80

90

100

120

3-ҚТК. Облыс кәсіпкерлерінің көрсетілген қызметтердің сапасына қанағаттану %-ы

65

68

71

75

78

82

85

87

90

93


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады