"Байқоңыр" кешенінің аумағында радиожиілік спектрін пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1113 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 839 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Байқоңыр» кешенінің аумағында радиожиілік спектрін пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1113 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы Асқар Қуанышұлы Жұмағалиевке «Байқоңыр» кешенінің аумағында радиожиілік спектрін пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.»;
      көрсетілген қаулымен мақұлданған «Байқоңыр» кешенінің аумағында радиожиілік спектрін пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы келісімнің жобасында:
      3-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Тарапынан – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі;».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады