"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі Техникалық ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 желтоқсандағы № 1337 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметініің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 840 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі Техникалық ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 желтоқсандағы № 1337 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановқа Бiрлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы шеңберiнде Жыл сайынғы техникалық ынтымақтастық бағдарламалары мен әкiмшiлiк қаржы сметаларын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан бекiтуге өкiлеттiк берiлсiн.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады