Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 871 қаулысы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 19-бабына, «2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне аудару үшін 2014 жылғы 29 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында өтетін «Невада-Семей» халықаралық ядролық сынаққа қарсы қозғалысының 25 жылдығына арналған халықаралық конференцияны дайындауға және оны өткізуге 2014 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ағымдағы нысаналы трансферт түрінде 69520133 (алпыс тоғыз миллион бес жүз жиырма мың бір жүз отыз үш) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2014.11.28 № 1257 қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Шығыс Қазақстан облысының әкімі 2014 жылғы 1 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуы жөнінде есеп берсін.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2014.11.28 № 1257 қаулысымен.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады