"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 871 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 1257 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 871 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне аудару үшін 2014 жылғы 29 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында өтетін «Невада-Семей» халықаралық ядролық сынаққа қарсы қозғалысының 25 жылдығына арналған халықаралық конференцияны дайындауға және оны өткізуге 2014 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ағымдағы нысаналы трансферт түрінде 69520133 (алпыс тоғыз миллион бес жүз жиырма мың бір жүз отыз үш) теңге сомасында қаражат бөлінсін.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шығыс Қазақстан облысының әкімі 2014 жылғы 1 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуы жөнінде есеп берсін.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады