"Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2014 - 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 908 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 818 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 10.12.2018 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 184-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2014 - 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 5 тамыздағы
№ 908 қаулысымен
бекітілген

"Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық
компаниясы" акционерлік қоғамының 2014 - 2023 жылдарға арналған
даму стратегиясы

      "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - ӘКК) 2014 - 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы (бұдан әрі - Стратегия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1236 қаулысымен бекітілген Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлтттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидаларына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1382 қаулысымен мақұлданған Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасына (бұдан әрі - Тұжырымдама) сәйкес әзірленген.

      Стратегия кейінгі бағдарламалық құжаттарды, орта мерзімді даму жоспарларын, болжамды қаржы модельдерін, сондай-ақ ӘКК бюджетін әзірлеу үшін негіз болып табылады.

      Осы Стратегия таяудағы 10 жылға арналған миссияны, пайымды, стратегиялық бағыттарды, мақсаттарды, міндеттерді, іс-шараларды, оларды іске асыру тетіктері мен қызмет нәтижелерінің көрсеткіштерін айқындайды және мыналардың:

      1) Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан-2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының;

      2) "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығының;

      3) "Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығының;

      4) "Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 4 маусымдағы № 579 Жарлығының;

      5) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі

      туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы

      № 827 Жарлығының;

      6) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығының;

      7) "Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық

      дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығының (бұдан әрі - ҮИИДМБ);

      8) "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасын мақұлдау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1382 қаулысының;

      9) "Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1308 қаулысының;

      10) "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысының;

      11) "Өнімділік 2020" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысының;

      12) "Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1145 қаулысының негізгі бағыттарын ескере отырып әзірленген.

      ӘКК құру кезінде экономикалық даму үшін өңірлік локомотивтер қалыптастыру идеясы айқындалды. ӘКК-ге қызметі өңір тұрғындарының әлеуметтік, экономикалық және мәдени мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған орнықты бизнес-құрылымның рөлі белгіленді.

      Стратегияны әзірлеу мыналармен негізделеді:

      1) негізгі басымдықтар, оларды іске асыру көздері мен тетіктері туралы нақты түсінігі бар ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық дамудың нысаналы бағдарларының болу қажеттігі;

      2) өңірдің әлеуметтік саласын үйлесімді дамыту қажеттігі;

      3) ӘКК әлеуетін іске асыру үшін басым болып табылатын бағыттар мен қызмет салаларын айқындау;

      4) ӘКК дамыту саясаты мен оның жұмыс істеу моделін қалыптастыру;

      5) өңірлік даму институты ретінде ӘКК одан әрі қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін әзірлеу.

1. Ағымдағы жағдайды талдау

      Сыртқы ортаны талдау

      ӘКК өз қызметін маңызды өндірістік-экономикалық әлеуеті бар аса ірі аграрлық-индустриялық өңір - Қазақстан Республикасының Алматы облысында (бұдан әрі - облыс) жүзеге асырады.

      Алматы облысында барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша өсім байқалып отыр. Тұтастай алғанда, 2013 жылы жалпы өңірлік өнім (бұдан әрі — ЖӨӨ) 1,468 млрд. теңгеге жетті.

      Облыс ЖӨӨ-сінде ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің үлесі шамамен бірдей. Республиканың ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 14 %-ын қамтамасыз ететін аграрлық сектор жетекші рөл атқарады.

      Облыстың географиялық жағынан қолайлы табиғи-климаттық аймақта орналасуы, құнарлы жерлер мен су ресурстарының болуы, оның аумағы арқылы көлік дәліздерінің өтуі, сондай-ақ басқа елдердің аумағына жақын орналасуы облыстың ағымдағы мамандануын айқындайды.

      Ауыл шаруашылығының әлеуеті облыс пен Алматы қаласының азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және экологиялық таза өнімдерді сыртқы нарықтарға шығаруға мүмкіндік береді.

      Шикізат базасының ауқымды болуы жеміс-көкөніс және сүт кластерлерін, Алматы қаласының айналасынан азық-түлік белдеуін қалыптастыруға ықпал етеді.

      Минералдық-шикізат ресурстары мен өндірістік қуаттардың болуы "Құрылыс материалдары" кластерін дамытуға септігін тигізбек.

      Жүздеген тау өзені түрінде Қазақстанның гидроресурстарының жартысы осы облыста, мұнда гидроэлектр станцияларын салуға болады. Жел энергиясының әлеуеті жоғары, әсіресе, Жоңғар қақпасы мен Шелек дәлізі ауданында.

      Табиғи-рекреациялық ресурстар (Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауының ландшафты, Алакөл, Балқаш көлдері, Қапшағай су қоймасы, таудағы көлдер, өзендер, минералды су мен емдік балшық көздері және басқалары) туризмді дамыту үшін қолайлы жағдай жасайды.

      Көлік маршруттарын, көліктік-логистикалық көрсетілетін қызметтерді және шекара маңындағы сауда орталықтарының инфрақұрылымын дамыту жолымен халықаралық экономикалық ынтымақтастықтың аса маңызды аймақтары ретінде өңірдің транзиттік әлеуетін дамыту мен шекара маңындағы аумақтардың рөлін күшейту жағымды тұстарының бірі болып табылады.

      Экономикалық реформалар мен аумақтық құрылысты қарқынды дамыту облыстың экономикалық белсенді тұрғындары санының өсуіне ықпал етті. 2013 жылы облыста 19687 жұмыс орны құрылды, оның 12248-і (62,2 %-ы) - ірі, орта және шағын кәсіпорындарда және 7439-ы (37,8 %-ы) - дара кәсіпкерлік пен шаруа қожалықтарында. 2013 жылы ірі және орта кәсіпорындардағы орташа айлық атаулы жалақы 81088 теңгені құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 4,8 %-ға өсті. Білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет объектілерінің материалдық-техникалық жағдайы айтарлықтай жақсарды.

      Өнеркәсіп

      Облыста 128 ірі және орта өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді. 2013 жылы өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 579,3 млрд. теңгені құрады.

      41 өнеркәсіптік жаңа объекті пайдалануға берілді, жұмыс істеп тұрған 28 өндіріс кеңейтілді, қосымша 2549 жұмыс орны құрылды.

      Кен өндіру өнеркәсібі және карьер қазу

      Кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлер өнімі облыс өндірісінің жалпы көлемінің 1,5 %-ын және өңдеуші өнеркәсіптің 82,8 %-ын алады.

      Салада 12 ірі және орта кәсіпорын жұмыс істейді. Цемент пен одан жасалатын бұйымдар өндірісі үшін аса бай шикізат қоры бар. Қаптау тасының, габброның, мәрмәрдің, әктастың, минералды тұздардың және басқаларының ірі кен орындары бар.

      Өңдеуші өнеркәсіп

      Тамақ өнімдерінің өндірісі 18,3 %-ды, химия өнеркәсібі - 1,1 %-ды, машина жасау - 2,3 %-ды, фармацевтикалық өнімдер - 0,1 %-ды, сусындар - 15,3 %-ды, темекі өнімдері - 19 %-ды, тоқыма бұйымдары - 0,5 %-ды, киім мен былғары бұйымдары — 0,5 %-ды, қағаз және қағаз өнімдері - 1,9 %-ды, нан-тоқаш пен ұннан жасалатын өнімдер - 23,5 %-ды, ет өнімдері - 15,2 %-ды, пластмасса бұйымдары - 2,3 %-ды алады.

      Өңір экономикасының аграрлық бағытын мынадан көруге болады: өңдеуші өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемінің 45,4 %-ын тамақ өнімдерінің өндірісі құрайды.

      Облыс республика бойынша қызылмияның, электр аккумуляторларының, гипсокартон бұйымдарының, жоғары вольтты электр беру желілеріне арналған темірбетон және металл тіреулердің, өртке қарсы гидранттардың, силикон мен синтепонның, ыстықтай мырыш жалатылған металл конструкциялардың жалғыз өндірушісі болып табылады.

      Түйінді кәсіпорындардың әртараптандырылуы облыс өнеркәсібінің ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу секторына мамандануын айқындап берді, өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі оның үлесі 60 %-ға жетті.

      Мыналар өнеркәсіпті дамытудың негізгі проблемалары болып табылады:

      1) технологиялық жабдықпен жарақтандырудың төмен болуы,

      кәсіпорындардың басым бөлігінің өндірістік қорларының айтарлықтай ескіруі;

      2) қолда бар өндірістік қуаттардың толық жүктелмеуі;

      3) салаға құйылатын инвестициялардың тұрақты сипатта болмауы;

      4) кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің төмен деңгейі;

      5) өңірлік кластерлерді қалыптастыруда жетіспейтін буындардың болуы;

      6) индустриялық аймақтар (бұдан әрі - ИА) құру бойынша нақты тетіктің болмауы.

      Индустриялық-инновациялық даму

      Өңірдің инновациялық белсенділігін жоғарылату және инновациялық жобаларды сәтті іске асыру мақсатында Қапшағай қаласында "Арна" ИА, Талдықорған қаласында "Талдықорған" ИА, Іле ауданында "Боралдай" ИА құрылды.

      Сондай-ақ "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы ғылым, материалдарды қайта өңдеу, био-, нано-, аэроғарыш және басқа технологиялар сияқты бірқатар перспективалы бағыттарды дамыту мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 303 қаулысымен бекітілген 2010 - 2014 жылдарға арналған Республикалық индустрияландыру картасына сәйкес 1,7 трлн. теңгеге 5 ірі инвестициялық жоба іске асырылуда, 33,4 мың жұмыс орны құрылмақ.

      Алматы облысының өңірлік индустрияландыру картасына 338,4 млрд. теңгеден астам сомаға 52 жоба енгізілді, бұларда құрылыс кезеңінде 10536 жұмыс орны және пайдалану кезеңінде 7493 жұмыс орны құрылмақ.

      Өңірлік индустрияландыру картасының шеңберінде 4 жыл ішінде жалпы сомасы 244,7 млрд. теңге болатын 45 жоба пайдалануға беріліп, 6481 тұрақты жұмыс орны құрылды.

      Бұдан басқа, "Жетіген-Қорғас" теміржол желісін салу ("Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы), Мойнақ гидроэлектр станциясын беру схемасы ("КЕGОС"), Шарын өзенінде Мойнақ гидроэлектр станциясын салу ("Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамы) және Қапшағай қаласында қуаты 2 МВт болатын күн электр станциясын салу ("Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамы) сияқты республикалық бірқатар ірі жобалар бар, жалпы құны 200 млрд. теңге, бұларда 2240 жұмыс орны құрылған.

      2013 жылы 9,4 млрд. теңге сомасына 10 жоба пайдалануға беріліп,

      1339 жұмыс орны құрылды.

      2014 - 2015 жылдарға арналған өңірлік индустрияландыру картасына жалпы сомасы 93,7 млрд. теңгеге 7 жоба енгізілген, 1012 жұмыс орны құрылмақ.

      Мыналар индустриялық-инновациялық дамудағы негізгі проблемалар болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында болмауына байланысты

      шикізат пен материалдардың бір бөлігін, жүйе түзуші кәсіпорындар көрсететін қызметтерді шет елдерден сатып алу;

      2) отандық кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің төмен деңгейі;

      3) айналым қаражатының жеткіліксіз болуы және пайыздық мөлшерлемесі төмен ұзын кредиттердің қолжетімді болмауы.

      Агроөнеркәсіптік кешен

      Облыста 48,6 мың ауыл шаруашылығы құрылымдары мен тұрғындардың 333 мың жеке қосалқы шаруашылықтары жұмыс істейді, республиканың ауыл шаруашылығы өнімдерінің 14 %-ға жуығы өндіріледі.

      Қант қызылшасын, астыққа арналған жүгері, қытайбұршақ, темекі, картоп, ет, жұмыртқа мен жүн өндіру жағынан облыс елімізде алдыңғы орындарды иеленеді, ал көкөніс, жемістер мен жидектер, жүзім мен сүт бойынша екінші орында.

      2013 жылы облыстағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 381,75 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі - 102,6 %.

      Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптары 889,6 мың гектарды құрады. Дәнді дақылдар өндірісі өсімдік шаруашылығындағы негізгі мамандану болып табылады, олар облыстың бүкіл егіс алқабының 50 %-дан астамын алып жатыр.

      Жүгері, күріш, техникалық дақылдар, картоп, көкөніс-бақша дақылдары өсіріледі, жеміс өсіру дамытылуда.

      Агроөнеркәсіптік кешенде (бұдан әрі - АӨК) экспортқа бағдарланған астық, майлы дақылдар, қант, көкөніс пен жеміс, ет, сүт, құс шаруашылығының өнімдерін, балық пен жүн өндіру және өңдеу басым бағыттар болып табылады.

      Саланың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, өңдеуші саланың жүйе түзуші кәсіпорындарын техникалық және технологиялық қайта жарақтандыру, агрокешендердің өнімділігін қамтамасыз ететін инновацияларды енгізу және инвестициялар тарту есебінен ішкі нарықтың отандық өндірістің азық-түлік тауарларына деген қажеттілігін толық қанағаттандыру АӨК дамытудың мақсаты болып табылады.

      Мыналар ауыл шаруашылығын дамытудың негізгі проблемалары болып табылады:

      1) өсімдік шаруашылығындағы қожалықтардың шашыраңқы орналасуы және жер бөліністері мөлшерінің шағын болуы, бұлар ғылыми негізделген егістік айналымын сақтауға және заманауи технологияларды кеңінен пайдалануға мүмкіндік бермейді;

      2) суарылатын егістік алқабын ұтымсыз пайдалану және суару

      жүйелерінің техникалық жай-күйінің нашарлауы есебінен ауыл шаруашылығы дақылдары шығымдылығының төмендеуі;

      3) ауыл шаруашылығы техникасының тозу дәрежесінің жоғары болуы, ол 80 %-дан асады;

      4) жайылым айналымының болмауына байланысты жайылым

      алқаптарының шығымсыз болуы және жұтаңдығы;

      5) мал шаруашылығында орташа және ірі тауарлы өндірістердің

      жеткіліксіз дамуы, мұның өзі ірі ауқымды селекциялық асыл тұқымдандыру жұмысын жүргізуге кедергі келтіреді;

      6) ауыл шаруашылығы жануарларын құнарсыз азықтандыру және қолда

      бар жайылымдарды ұтымсыз пайдалану;

      7) өнім өндіру процестерін механикаландыру және автоматтандыру

      деңгейінің темен болуы;

      6) ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындардың технологиялық жабдығының тозу дәрежесінің жоғары болуы және дайындау-өткізу желісінің нашар дамуы.

      Құрылыс индустриясы

      Облыста құрылыс қызметін 1190 ұйым жүзеге асырады. Құрылыс жұмыстары көлемінің ең қомақты үлесі Еңбекшіқазақ ауданы мен Талдықорған қаласына тиесілі. Тұрғын үйлерді пайдалануға енгізу құрылысты дамытудың негізгі көрсеткіші болып табылады, мұндағы тұрғын үй құрылысының негізгі көлемі жеке құрылыс салушылардың есебінен қамтамасыз етілген. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің қомақты көлемі Алматы қаласына іргелес жатқан аудандарға тиесілі, мұнда Қарасай, Талғар, Іле және Еңбекшіқазақ коттедж қалашықтарын салу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, Ұйғыр, Балқаш аудандары мен Текелі қаласында құрылыс көлемінің төмендегені байқалып отыр. Жас отбасылардың, бюджет саласы қызметкерлерінің, жалғызбасты аналардың және басқа да әлеуметтік топтардың тұрғын үйге, оның ішінде жалға берілетін тұрғын үйге қол жеткізе алмау проблемасы сақталып отыр.

      Тұрғын үй объектілерінің құрылысы

2011 - 2013 жылдары қаржыландырудың өсу қарқынын, салынған және пайдалануға берілген тұрғын үйдің көлемін талдау

Бағыттың атауы

оның ішінде:

%-бен өсу қарқыны, мына

жылдармен салыстырғанда

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2011 жылмен

2012 жылмен

Объектілерді қаржыландыру, млн. теңге.

2 285,5

4 280,8

4 695,2

205

110

Тұрғын үй объектілерін салу, мың шаршы метр

702,1

849,5

866,6

123

102


      Білім беру саласындағы объектілердің құрылысы

2011 - 2013 жылдар кезеңінде қаржыландырудың өсу қарқынын, салынған

және пайдалануға берілген білім беру саласындағы объектілердің көлемін талдау

Бағыттың атауы

оның ішінде:

%-бен өсу қарқыны,

мына жылдармен

салыстырғанда

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2011 жылмен

2012 жылмен

Объектілерді

қаржыландыру, млн.

теңге

4 433,9

9 626,0

12 365,2

279

128

Объектілерді салу, бірлік

35

45

47

134

104

Объектілерді

пайдалануға беру,

бірлік

16

20

29

181

145


      Денсаулық сақтау саласындағы объектілердің құрылысы

2011 - 2013 жылдар кезеңінде қаржыландырудың өсу қарқынын, салынған және пайдалануға берілген денсаулық сақтау саласындағы объектілердің көлемін талдау

Бағыттың атауы

оның ішінде:

%-бен өсу қарқыны,

мына жылдармен

салыстырғанда

2011 жыл

2012 жыл


2011 жыл

2012 жыл

Объектілерді

қаржыландыру, млн.

теңге

2 169

1 645

7 085,5

327

431

Объектілерді салу, бірлік

25

18

26

104

144

Объектілерді

пайдалануға беру,

бірлік

18

12

18

100

150


      Облыс кәсіпорындары құрылыста пайдаланылатын өнімдердің мол ассортимент шығарады - гипсокартон, металл конструкциялары, электр желілік құрылыс мұқтаждарына арналған құрылыс конструкциялары, керамикалық кірпіш, керамзит кірпіш, құм, ұсақтас, құрылыс мақсаттарына аналған бетоннан жасалған бұйымдар, тауарлық бетон, есік, терезе, сэндвич-панельдер, құбырлар мен басқа да бұйымдар.

      2013 жылы дайын металл бұйымдарының өндірісі 16126 млн. теңгені құрады, 2012 жылмен салыстырғанда өсу - 27 %.

      Өзге де бейметалл минералды өнімдер өндірісі 2013 жылы 42255 млн. теңгені құрады, 2012 жылмен салыстырғанда өсу - 18 %.

      Келтірілген деректер өндірілетін өнімдердің өсу қарқыны ойдағыдай екенін, алайда құрылыс индустриясының шығарылатын өнімдерінің тізбесі мейлінше шектеулі екенін айғақтайды.

      Ағымдағы жағдайды талдау облыста және Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын дамыту мен құрылыс материалдарын шығаруда жалпы мынадай проблемалар анықталғанын көрсетіп берді:

      1) облыста құрылыс материалдарын шығаруда кейбір түрлеріне

      қажеттіліктің қанағаттанғысыз болуы және соның салдарынан олардың

      қомақты бөлігінің импорты және құрылыстың қымбаттауы;

      2) құрылыс жұмыстары сапасының жеткіліксіз деңгейі;

      3) жұмысшы кәсіптерінің білікті кадрлары мен инженерлік құрамның жетіспеуі;

      4) жылына бір адамға шаққанда тұрғын үйді пайдалануға беру деңгейінің төмен болуы;

      5) сала кәсіпорындарының техникалық деңгейінің төмен болуы;

      6) технологиялық жабдықтардың тым тозуы, негізгі қорларды жаңарту жылдамдығының төмен болуы.

      Шағын және орта кәсіпкерлік

      Шағын және орта кәсіпкерлік (бұдан әрі — ШОК) салыстырмалы түрде жоғары қарқынмен дамуда, 2012 жылы ШОК субъектілерінің саны 103,1 мың бірлікті құрады.

      Шағын кәсіпкерлікте негізінен, шаруа (фермер) қожалықтары әрекет етеді, оларға ШОК субъектілерінің жалпы санының 49,7 %-ы тиесілі. Дара кәсіпкерлердің үлесіне ШОК субъектілерінің жалпы санының 46,2 %-ы, шағын бизнес кәсіпорындарына ШОК субъектілерінің жалпы санының - 4,1 %-ы тиесілі.

      Шаруа қожалықтарын ескермегенде шағын кәсіпкерліктің салалық құрылымындағы өнеркәсіптің үлесі 3,8 %-ды, құрылыс - 3,4 %-ды, сауда - 38,3 %-ды құрайды.

      ШОК, негізінен, нарықтық және өндірістік инфрақұрылымы дамыған өнеркәсіптік және коммерциялық ірі орталықтарда шоғырлаған.

      2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілері өндірген өнімнің көлемі 60 %-ға ұлғайды. Өнім өндірісінің ең қомақты үлесі Іле, Еңбекшіқазақ және Қарасай аудандарына (50 %-ға дейін), ең аз үлес - Балқаш ауданына (0,1 %) тиесілі.

      2013 жылы ШОК-та жұмыспен қамтылған адамдар санының ұлғайғаны байқалды, 2012 жылмен салыстырғанда ол 262,5 мың адамды немесе экономикалық белсенді халықтың 25,7 %-ын құрады. ШОК-та жұмыспен қамтылғандардың ең қомақты үлесі Қарасай, Еңбекшіқазақ және Іле аудандарына тиесілі. Жұмыспен қамтылған халыққа шаққанда ШОК-та жұмыспен қамтылғандардың үлесі 2012 жылғы 22,5 %-дан 2013 жылы 25,7 %-ға дейін өсті.

      Мыналар ШОК дамытудың проблемалары болып табылады:

      1) кәсіпкерлердің қызметі үшін әкімшілік кедергілердің болуы;

      2) жер учаскесін алуда, бизнес объектілерін салуға рұқсат алуда және тұрғын үй-жайларды бизнес объектілері етіп қайта жоспарлауда проблемалардың болуы;

      3) айналым қаражатының жеткіліксіз болуы және пайыздық мөлшерлемесі төмен кредиттердің қолжетімді болмауы;

      4) шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының нашар дамуы;

      5) алынатын кредиттік ресурстарға қатысты кепілдікті қамтамасыз етуді қабылдау кезінде екінші деңгейдегі банктердің қатаң талап қоюы.

      Инвестициялар

      2013 жылы кәсіпорындардың, ұйымдар мен тұрғындардың меншікті қаражаты есебінен игерілген инвестициялар көлемі 162,2 млрд. теңгені немесе инвестициялардың жалпы көлемінің 37,6 %-ын құрады. Республикалық бюджеттен 69,5 млрд. теңге немесе инвестициялардың жалпы көлемінің 16,1 %-ы, жергілікті бюджеттен 38,3 млрд. теңге немесе инвестициялардың жалпы көлемінің 8,9 %-ы бөлінді. Шетелдік инвесторлардың қаражаты 1,7 млрд. теңгені немесе инвестициялардың жалпы көлемінің 0,4 %-ын, басқа қарыз қаражаты 159,4 млрд. теңгені немесе инвестициялардың жалпы көлемінің 37,0 %-ын құрады.

      Туризм

      Мониторинг деректері бойынша 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста туристерді қабылдайтын 528 объект бар, оның ішінде 143 қонақ үй, 113 мейманхана және аңшылық үйлері, 44 демалыс үйлері, санаторийлер, 17 сауықтыру лагерьлері мен орталықтары, 205 демалыс аймақтары мен базалары және басқа 6 объект. 2013 жылы туристік инфрақұрылымның 21 объектісі пайдалануға берілді, олардың құрылысына 1,7 млрд. теңге инвестициялар тартылды. 2012 жылғы деңгеймен салыстырғанда туристік объектілер санының өсуі 4,1 %-ға ұлғайды.

      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес 2013 жылдың қорытындысы бойынша сырттан келетін туризм бойынша келушілер саны 2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 15,5 есе, сыртқа шығатын туризм бойынша - 4,5 есе ұлғайды. Облыста 118 туристік маршрут әзірленді, мемлекеттік тізілімге 103 туристік фирма енгізілген.

      Мыналар өңірде туризм индустриясын дамытудың негізгі мақсаттары болып табылады:

      1) өңір халқының тұрмыс деңгейін өсіру және туристік саланың мемлекет экономикасына қосатын үлесін ұлғайту;

      2) өңірде туризм индустриясын өсірудің қомақты әлеуетін ескере отырып, экономикалық өсу мен инвестицияларды ынталандыру;

      3) туризм индустриясында және экономиканың сабақтас салаларында

      жұмыс орындарын құру, жалпы ішкі өнім мен экспортты өсіру;

      4) экономиканың аралас салаларында кәсіпкерлікті, оның ішінде ШОК-ты және тұтас ел бойынша әрі ауылдық аудандарды қоса алғанда, өңірлерде адами әлеуетті дамыту;

      5) "жасыл экономика" қағидаттарын ескере отырып, қазақстандық

      қоғамды ауқымды әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуға жәрдемдесу.

      Туризм саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру және саланы экономиканың басым секторларының бірі ретінде дамыту шарттарын қамтамасыз ету үшін қазақстандық туризмді әлемдік туризм нарығына ықпалдастыруға бағытталған тиімділігі жоғары әрі бәсекеге қабілетті туристік кешендер құру қажет.

      Алматы облысының өкілі ретінде ӘКК туризмді дамытуға ықпал ететін болады. Туристік-сауықтыру орталықтары, туристік маршруттар, сондай-ақ шаңғы базалары бар, перспективада өңірдің жағымды туристік имиджін қалыптастыру жоспарланған.

      Сыртқы орта факторларының ықпалы

      Соңғы жылдары өзекті міндетке айналған кәсіпорындардың қызметіне сыртқы ортаның әрқилы факторларының ықпалын барынша азайту міндетін шешу үшін олардың жұмысына ықпал ететін негізгі факторларды анықтау және жүйелендіру талап етіледі. Сыртқы орта факторларының ықпалы салдарынан туындауы мүмкін келеңсіз салдарды еңсеру жөніндегі шараларды осының негізінде ғана әзірлеуге болады.

      Экономикалық дағдарыстардың туындау себептерін зерттеу көрсеткендей олардың ішінен ең басты біреуін бөліп көрсету мүмкін емес. Экономикалық дағдарыстар ішкі сипаттағы да, сыртқы сипаттағы да көптеген мән-жайлардан туындайды. Мұндай себептердің неғұрлым толық жиынтығын былайша көрсетуге болады. Сыртқы факторлардың қатарына мыналарды жатқызуға болады: құқықтық, саяси, шаруашылық, демографиялық, технологиялық және экологиялық факторлар.

      Саяси және құқықтық факторлар

      Қазақстан Республикасында ӘКК құру өңірге назар аудара отырып, мемлекет экономикасының шикізат емес секторларын дамытудың жаңа құралдарын іздеу қажеттігінен туындады. Бүгінде ӘКК қызметі кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға, өндірістердің жаңаларын құруға және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғыртуға, инвестициялар тартуға, үкіметтік бастамаларды іске асыруға бағытталған.

      Бұл ретте компанияның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге саяси факторлар айтарлықтай ықпал етеді. Дағдарыс салдарынан әлемдік экономикада Қазақстан экономикасын дамыту перспективаларына ықпал ететін жаһандық өзгерістер болып жатыр.

      Сонымен қатар, орнықты, ішкі саяси жағдайлар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық қатынасындағы көп бағыттылық облыс экономикасының қарқынды әрі серпінді дамуына ықпал етеді. Мемлекет экономиканың әрқилы салалары мен ӘКК дамытуға қолайы ықпалын тигізетін шаралар кешенін қабылдауда.

      Шаруашылық факторлар

      ӘКК ықтимал шаруашылық тәуекелдерді ескеруі қажет. Экономиканың нақты секторына инвестицияланған мемлекет қаражатын кайтару мерзімдерінің ұзақтығын ескерсек, өнімді өндіру мен өткізудің әлеуетті көлемін, материалдық шығындардың құны мен жүкқұжат шығасыларын, өнім бағасын, шикізат пен материалдардың қолжетімділігін, жалпы нарық конъюнктурасындағы өзгерістерді аса мұқият салмақтап, бағалаған жөн.

      Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кірген және аграрлық саясаттың әрқилы шараларын қолдану бойынша, оның ішінде ауыл шаруашылығын ішкі қолдау, тарифтік квоталау және кедендік баждардың деңгейі бойынша шектеулер күшейген жағдайда, азық-түлік нарығындағы бәсекелестіктің ұлғаюы ӘКК тиімді жұмыс істеуіне ықпал етуге қабілетті факторға айналуы мүмкін.

      Демографиялық факторлар

      Өңір тұрғындарының демографиялық өсуі және азық-түлікке деген қажеттіліктің артуы ӘКК-нің әлеуметтік қолдау және тұрғындарды бірінші қажеттілік өнімдерімен нарық бағаларынан төмен бағалармен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұзақ мерзімді негізде іске асыруына мүмкіндік береді.

      Экономикалық факторлар

      Мыналар ӘКК қызметіне ықпал ететін негізгі факторлар болып табылады:

      1) аса ірі өнім импорттаушыларға (Қытай Халық Республикасы, Орталық Азия елдері) жақын орналасуы;

      2) ШОК жобаларын іске асыруға қатысуға деген сұраныс;

      3) өңірде мемлекеттік минералдық-шикізат ресурстарының мемлекеттік қорларының болуы;

      4) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың негізінде қосылған құны жоғары жаңа өндірістер құрудың әлеуетті мүмкіндігі;

      5) ең алдымен, аралас салалар тарапынан ішкі сұраныстың өсуі;

      6) өңір экономикасының жыл сайын өсуі.

      Технологиялық факторлар

      Негізгі технологиялық факторларға ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді дамыту үрдісі мен оларға түрлі көздерден жұмсалатын шығындар, зияткерлік меншікті қорғаудың қолданыстағы жүйесі, ғылыми-техникалық прогресс саласындағы мемлекеттік саясат, жаңа технологиялардың пайда болуы, жаңа өнімдер (жаңарту жылдамдығы, идеялар көздері), жаңа патенттер жатады.

      Технологиялық факторлардың ӘКК қызметіне теріс ықпал етуі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелердің даму қарқынының төмендеуінен көрінуі мүмкін, бұл өнім сапасы деңгейінің төмендеуіне, нарықтың өсіп бара жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз етудің мүмкін еместігіне және нәтижесінде ӘКК қызметі тиімділігінің төмендеуіне әкеп соғады.

      ӘКК қызметінде аталған факторларды есепке алуды уақтылы қамтамасыз ету өңір экономикасының қолда бар бәсекелік артықшылықтарын дамытуға және сақтауға мүмкіндік береді.

      Экологиялық факторлар

      Облыста тазарту құрылыстарының тиімсіз жұмыс істеуіне немесе облыс аудандарының басым бөлігінде мұндайлардың болмауына байланысты шиеленісті экологиялық ахуал сақталуда, сонымен қатар рециркуляция және қалдықтарды жою проблемасы да аса өткір күйінде тұр. Мұндай факторлар өз қызметін облыс аумағында жүзеге асырып жатқан кәсіпорындар мен ұйымдар қызметінің тиімділігіне ықпал етуі мүмкін.

      Ауыл шаруашылығы саласының кәсіпорындары үшін экологиялық проблемалар астықтың шықпай қалуына, малдың қырылуына әкеп соғуы мүмкін. Өңдеуші кәсіпорындар үшін жабдықтың істен шығу тәуекелі артады, құрылыс саласы, кен өндіру өнеркәсібі мен көліктік-коммуникациялық кешен үшін жабдықтар мен механизмдердің істен шығу, құрылыстардың, көліктік-коммуникациялық инфрақұрылымның қирау тәуекелі артады. Бұл мән-жайлар облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының орнықтылығына ықпалын тигізуі мүмкін.

      Ішкі ортаны талдау

      Алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін ӘКК-ге мемлекеттік активтер (акционерлік қоғамдар, мемлекеттің қатысу үлесі бар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, жылжымайтын мүлік объектілері, жер учаскелері мен ақша қаражаты) берілген. Осы активтердің базасында ӘКК жобаларды жеке бизнеспен әріптесе отырып іске асырады.

      ӘКК алдына қойылған міндеттерге қол жеткізу инфрақұрылым, бизнес-орта құру, өңірдегі іскерлік белсенділікті арттыру үшін жағдайлар жасау және инвестициялар тарту, сондай-ақ өңірде орын алып отырған әлеуметтік проблемалар мен міндеттерді шешуге жәрдемдесу арқылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсартуға мүмкіндік береді.

      Ұйымдық қалыптасу

      ӘКК "Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 320 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 мамырдағы № 376 қаулысына сәйкес құрылған.

      "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 266 қаулысына сәйкес ӘКК Алматы облысының әкімдігіне берілді, "Алматы облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің тұлғасында ол ӘКК-нің жалғыз акционері болып табылады.

      "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2009 жылғы 28 шілдеде ӘКК-ні әділет органдарында мемлекеттік тіркеу жүргізілді.

      Қаржылық көрсеткіштер

      2013 жылы ӘКК активтерінің теңгерімдік құны 11819,7 млн. теңгені құрады, оның ішінде:

      1) қысқа мерзімді активтер - 2553,3 млн. теңге;

      2) ұзақ мерзімді активтер - 9266,4 млн. теңге.

      2013 жылы ӘКК пассивтерінің теңгерімдік құны 11819,7 млн. теңгені құрады, оның ішінде:

      1) қысқа мерзімді міндеттемелер - 3898,3 млн. теңге;

      2) ұзақ мерзімді міндеттемелер - 2786,4 млн. теңге;

      3) капитал - 5135,0 млн. теңге.

      Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері бойынша ӘКК 2013 жылы 979,6 млн. теңге мөлшерінде таза шығынға шықты. 2012 жылы шығын 1355,3 млн. теңгені құрады.

      ӘКК негізгі қаржылық нәтижелерін талдау қазіргі уақытта ӘКК-нің қалыптасу және мемлекеттен берілген активтерді айналымға тарту кезеңінде тұрғанын көрсетіп отыр. Активтердің құрылымы, негізінен, қомақты инвестицияларды талап ететін және ұзақ мерзімді перспективада кіріс түсіретін активтер болып табылатындықтан, бұл активтерден түсетін пайда инвестициялаудың 7-10 жылдық кезеңі өткеннен кейін ғана шоғырлана бастайды деп межеленіп отыр.

      Есепті кезеңде ӘКК қызметін қаржыландырудың жалғыз көзі - жарғылық капиталды толықтыруға және белгілі бір инвестициялық жобаларды қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет қаражаты.

      ӘКК-нің шығынсыздық деңгейіне шығуының болжамды мерзімі - 2016 жыл.

      Осыған байланысты ӘКК мынадай іс-шараларды іске асыруды көздеп отыр:

      1) басқарушылық қызметті түзету, оның ішінде әкімшілік-басқарушылық шығыстарды қайта құрылымдау, қысқарту, корпоративтік басқару жүйесін енгізу және персоналды дамыту;

      2) кейіннен орнықты экономикалық дамыта отырып, ӘКК-ні қаржылай

      сауықтыру стратегиясын әзірлеу, оның ішінде:

      тиімсіз шығыстарды азайту;

      ӘКК активтерін оңтайландыру;

      еншілес және тәуелді ұйымдардың, ең алдымен, ӘКК-нің еншілес ұйымы - "ЖетісуАгроСауда" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кірістілігін ұлғайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу (сауда желісін кеңейту);

      Алматы қаласының маңынан көліктік-логистикалық инфрақұрылымы бар 3 сауда-өндірістік орталық салу;

      сервистік-дайындау орталықтарының (бұдан әрі - СДО) шеңберінде ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру;

      СДО негізінде кластерлердің негізін қалыптастыру (олардың қызметінің саласын ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту мен қайта өңдеу жағына қарай кеңейту);

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі - МЖӘ) негізінде жобаларды іске асыру үшін бизнес-әріптестер базасын кеңейту;

      3) қаржылай сауықтыру және дамыту үшін инвестициялық жобалауды қолдану, оның ішінде СДО базасында кластерлердің негізін қалыптастыру жолымен интеграциялық өсу және олардың "ЖетісуАгроСауда" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыру;

      4) ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын ұлғайту үшін СДО ауыл шаруашылығы өндірісінің шеңберінде диқаншылықтың инновациялық технологияларын енгізу (микробиотыңайтқыштар, топырақты мейлінше аз өңдеу);

      5) өзін өзі жылдам ақтайтын жобаларға басымдық бере отырып, 2020 жылға дейінгі инвестициялық бағдарламаны түзету және ШОК кәсіпорындарының қатысуымен кластерлер құру, жеке инвесторлардың қаржы ресурстарын, екінші деңгейдегі банктердің кредиттерін тарту;

      6) іске асырылуы кәсіпорынның қаржылық дағдарыстан шығуына ықпал ететін инвестициялық жобаларға кепілдік беру жолымен қолда бар активтерді жандандыру.

      Корпоративтік басқару

      ӘКК корпоративтік басқаруды өз қызметінің тиімділігін жоғарылату, өзінің беделін нығайту құралы ретінде қарастырады.

      Мыналар ӘКК-нің басқару органдары болып табылады:

      1) жоғары орган - Алматы облысының әкімдігі тұлғасындағы жалғыз акционер;

      2) басқарушы орган - директорлар кеңесі;

      3) атқарушы орган - басқарма;

      4) өзара іс-қимыл жасау органы - корпоративтік хатшы;

      5) бақылаушы орган - ішкі аудит қызметі.

      Бұл органдардың арасындағы өзара байланыс "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және ӘКК жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

      ӘКК басқарудың қолданыстағы моделі, ең алдымен, оның ұйымдық-құқықтық нысанына және оның негізгі қызметінің ерекшелігіне негізделген.

      Тиімді корпоративтік басқаруды жүзеге асыру мақсатында ӘКК-де Корпоративтік басқару кодексі, сондай-ақ жалпы ӘКК қызметін де, еншілес және тәуелді ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау мәселелерін де регламенттейтін басқа да нормативтік құжаттар әзірленген және қолданылады.

      Басқарудың тиімді моделін құру және ӘКК қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес келетін заманауи корпоративтік басқару стандарттары зерделеніп жатыр, сондай-ақ Корпоративтік басқаруды жетілдіру жөнінде жоспар әзірленуде.

      Тиімді менеджмент жүйесі енгізілуде әрі жетілдірілуде, ӘКК-нің нарық жағдайларында жұмыс істеуіне байланысты барлық тәуекелдерді анықтауға бағытталған ішкі бақылау және мониторинг тетіктері жақсартылуда.

      Корпоративтік басқарудың тиімділігін бағалау екі-үш жылда бір рет өткізілетін корпоративтік басқару рейтингінің қорытындылары бойынша жүзеге асырылатын болады. 2015, 2017, 2019 және 2021 жылдары тәуелсіз консалтингтік фирманы шақыра отырып, ӘКК-дегі корпоративтік басқару деңгейін бағалауды жүргізу жоспарланып отыр. Бұл ретте 2021 жылы ӘКК-дегі корпоративтік басқару деңгейін бағалау нәтижесі республиканың әр өңірінің әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларына берілген корпоративтік басқарудың орташа рейтингінен төмен болмауға тиіс.

      Кадр саясаты

      Халықаралық еңбек ұйымының конвенцияларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін басшылыққа ала отырып, ӘКК жалақы төлеу, жұмыс күнінің ұзақтығы, еңбек жағдайларын сақтау, қызметкерлерге еңбегі үшін сыйлықақы беру, әлеуметтік сақтандыру, ақысы төленетін демалыс беру, еңбекті қорғау және басқа да мәселелер бойынша халықаралық стандарттарды сақтайды.

      Нарықтық экономика жағдайларында жоғары кадр әлеуетін қамтамасыз ету кәсіпорынның тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігінің шешуші факторларының бірі болып табылады. ӘКК-нің стратегиялық бағдарланған саясатының құрамдас бөлігі болып табылатын кадр саясатын әзірлеу және іске асыру бұған қол жеткізудің неғұрлым өнімді тәсілі болып табылады.

      ӘКК-нің кадр саясатының мақсаты командалық рухы бір, адами ресурстардың әлеуетін барынша іске асыру және корпоративтік өзара іс-қимыл жасау тетіктерінің пәрменділігі арқылы ӘКК алдында тұрған міндеттерді сапалы әрі жедел шешуге қабілетті, кәсіпқойлығы жоғары еңбек ұжымын қалыптастыру болып табылады.

      Жұмыскерлерді ынталандыру ӘКК алдына қойылған міндеттерді іске асырудағы маңызды фактор болып табылады. ӘКК жұмыскерлерін ынталандыру мақсатында білікті персоналды тартуға және ұстап қалуға, жұмыскерлердің еңбек нәтижесіне деген мүдделілігін арттыруға бағытталған әрі қызметкерлерді көтермелеудің материалдық және материалдық емес мынадай нысандарын қамтитын жүйе енгізіледі:

      1) сендіру, адал еңбегі үшін көтермелеу әдістерімен, сондай-ақ

      жұмыскерлердің тәртіптік оқыс әрекет жасағаны үшін тәртіптік жаза қолдану арқылы жеке және ұжымдық еңбек ету, жұмыскерлердің еңбекке деген саналы көзқарасы үшін қажетті ұйымдастырушылық және экономикалық жағдайлар жасау жолымен еңбек тәртібін қамтамасыз ету;

      2) қызметкерлерге медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;

      3) қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтандыру.

      Бұдан басқа, кадр саясаты қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарын ұдайы өткізіп тұруды көздейді. Бұл шара қолда бар әлеуеттің тиімділігін ұлғайтуға және ӘКК барлық қызметкерлерінің одан әрі кәсіптік өсуіне бағытталған.

      Активтерді басқару

      ӘКК қызметінің негізгі мақсаты активтердің құнын ұлғайту болып табылады, оған қолда бар активтерді тиімді басқару және жаңа жобаларға, құрылатын активтерге инвестициялардың өсуін қамтамасыз ету арқылы қол жеткізіледі. ӘКК активтерін басқару оларды қалыптастыру, қолдау және тиімді пайдалану процесін басқаруды көздейді.

      Өз кезегінде активтердің тиімді басқарылуын ұйымдастыру қарыздық және меншікті капиталдың оңтайлы арақатынасын қамтамасыз етуге және қызмет нәтижелері бойынша табыстың ең жоғары мәнін алуға мүмкіндік береді. Ол үшін ӘКК инвестициялық жобаларға, қарыздарға, уақытша бос қаражатты орналастыруға қойылатын талаптар бойынша ішкі нормативтік актілерді әзірледі, ИСО сапа стандарттарын, бюджеттеу мәселелері бойынша ішкі нормативтік актілерді әзірлеу мен енгізу жоспарлануда.

      2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ӘКК-нің ұйымдық құрылымына 3 еншілес және 18 бірлескен кәсіпорын кірді.

      Еншілес және тәуелді кәсіпорындардың қызметін ағымдағы талдау олардың басым бөлігінің теріс қаржылық нәтижемен жұмыс істегенін көрсетті, кейбір кәсіпорындарда жобалар іске асыру сатысында, кейбір кәсіпорындар қызмет еткен жоқ.

      ӘКК шығынды еншілес және тәуелді ұйымдарды қаржылай сауықтыру және қайта құрылымдау жөнінде бағдарлама мен іс-шаралар жоспарын әзірледі. Бұдан басқа, жергілікті атқарушы орган беретін мемлекеттік активтерді шығынсыздық деңгейіне шығару бойынша іс-шаралар әзірлеу жоспарлануда, олардың негізінде бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құрылмақ.

      "Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 18 желтоқсандағы № 449 Жарлығына сәйкес "Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен ӘКК-ге мемлекеттік активтерді басқару жүйесін жаңғырту және активтерді басқару практикасын жетілдіру міндеті қойылды.

      Осыған байланысты, ӘКК мынадай іс-шараларды жүргізуді жоспарлап отыр:

      1) активтерді басқару мәселелері бойынша ӘКК-нің ішкі нормативтік құжаттарының қолданыстағыларын өзектілендіру және жаңаларын әзірлеу;

      2) бірқатар еншілес және тәуелді ұйымдарды оңалту, оларды сауықтыру жөніндегі өндірістік бағдарламаларды әзірлеу, менеджментті жаңарту;

      3) еншілес және тәуелді кәсіпорындарға сапа менеджментінің

      халықаралық стандарттары енгізу жөніндегі жұмыс;

      4) қолда бар пайдаланылмайтын шаруашылық активтерді айналымға тарту;

      5) активтерді қайта құрылымдау бойынша шаралар әзірлеу және қабылдау;

      6) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің, өңдеудің және өткізудің аяқталған циклі болатын агроөнеркәсіптік кешен қалыптастыру;

      7) жер қойнауын пайдалану саласында рентабельді жобаларды іске асыру үшін стратегиялық әріптестерден минералдық шикізат ресурстарын өнеркәсіптік игерудің қазіргі заманғы әрі қолайлы технологияларының болуын талап ету;

      8) кен орындарын игерудің оңтайлы жүйелерін қалыптастыру және минералдық шикізат өнімдерін өндірудің ресурс үнемдейтін әрі экологиялы технологияларын енгізу үшін ғылыми-зерттеу ұйымдары мен жобалау-зерттеу ұйымдарын тарту;

      9) активтерді басқару жүйесін жетілдіру, ӘКК тобына кіретін

      кәсіпорындарда жоспарлаудың бірыңғай жүйесін енгізу;

      10) еншілес ұйымдардың шаруашылық қызметін ай сайын мониторингтеудің тұрақты жұмыс істейтін жүйесін қамтитын басқарушылық есептің тиімді жүйесін енгізу.

      ӘКК-нің инвестициялық қызметі

      Инвестициялық қызмет ӘКК-нің қаржы саясатының құрамдас бөлігі болып табылады, ол мемлекеттік инвестициялық саясат пен жеке бизнес арасындағы байланыстырушы буын болып табыла отырып, әлеуметтік және экологиялық мәселелермен байланысты міндеттерді шешудің тірек нүктесі болады.

      Инвестициялық қызмет үшін қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыру, инвестициялық белсенділіктің құлдырауына жол бермеу және капитал салымдарының тиімділігін жоғарылату ӘКК-нің инвестициялық саясатының негізгі мақсаттары болып табылады.

      ӘКК-нің инвестициялық саясаты инвестициялық қызметті меншікті қаражатының есебінен жүзеге асыратын, әсіресе, индустриялық-инновациялық технологияларды дамытуды көздейтін жеке инвесторлар мен кәсіпорындар үшін қолайлы инвестициялық ахуал жасауға бағытталған.

      Инвестициялық жобаларды қаржыландырудағы басымдықтарды айқындауды ӘКК мынадай екі өлшем бойынша жүзеге асырады:

      1) жергілікті және республикалық нысаналы және инновациялық

      бағдарламаларды іске асыру;

      2) МЖӘ шеңберінде жеке секторды тарта отырып, өңірлік нарықта бос орындарды иелену.

      2013 жылы 431,1 млрд. теңге инвестиция тартылды, нақты көлем индексі 107,8 %-ды құрады.

      Инновациялық даму

      Елдің инновациялық саясаты - болашақтағы ұлттық сәйкестіктің, бәсекеге қабілеттіліктің, азаматтардың әл-ауқатының және экономикалық тіршілік қабілетінің іргетасы.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 4 маусымдағы № 579 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасына сәйкес елде экономиканың шикізаттық түрінен инновациялық үлгісіне көшуді қамтамасыз ету үшін жаңа жоғары технологиялар мен көрсетілетін қызметтерді дамыту жоспарланып отыр, ол үшін аса маңызды міндеттер тобы айқындалды.

      Сондықтан, ғылымды қажет ететін салалардың зияткерлік және кадрлық әлеуетін сақтау және ұлғайту, ӘКК-нің барлық бөліктерінде инновациялық процестерді қалыптастыру, жалпыұлттық ауқымдағы перспективалы жобаларды тиімді іске асыруға ұмтылу қажет.

      Экономиканың шикізаттық түрінен инновациялық үлгісіне көшуді қамтамасыз ету үшін жаңа жоғары технологиялар мен көрсетілетін қызметтерді дамыту негізінде Қазақстанның әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына кіруіне жәрдемдесу мақсатында ӘКК қызметін мынадай бағыттарда жүргізуді жоспарлап отыр:

      1) ӘКК базасында Research&Development орталық құру, онда қазақстандық жобалар бойынша жаңа технологияларды зерттеу, талдамалық сүйемелдеу және пысықтау бойынша жұмыс жүргізіледі. Мұндай орталық ашу энергия ресурстарын тұтынуды оңтайландыруға мүмкіндік беріп, олардың негізгі қорлары мен активтерін басқаруды жеңілдетеді;

      2) ӘКК базасында инжинирингтік және жобалық компания құру, ол инновациялық шешімдерді қолдана отырып, кешенді әрі технологиялық күрделі жобаларды іске асыратын болады. Компанияның негізгі міндеті отандық әзірлемелерді енгізу және ел ішінде инновацияларға деген сұранысты ұлғайту болады;

      3) инновациялық идеялардың туындауы мен шоғырлануы үшін жағдай жасауда қазақстандық ғылымға қолдау көрсету. ӘКК отандық жобалар бойынша сапалы зерттеулер жүргізу, нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеу және инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде инновациялық әзірлемелерді енгізу үшін ғылыми-зерттеу институттарымен және ұйымдарымен ынтымақтастық етуді жоспарлап отыр. Ынтымақтастықтың алғашқы қадамы негізгі инновациялық кластерлер - Назарбаев Университетімен және бірқатар отандық және шетелдік университеттермен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасу болмақ;

      4 )электр энергиясының жаңартылатын көздерінің орталығын құру. Энергия тиімді немесе энергия үнемдейтін технологияларды пайдаланатын бизнес жобалар санын дамыту баламалы "жасыл" энергетикалық технологияларды дамытуға ықпал етуге мүмкіндік береді.

      ӘКК өзінің айналасынан және өзі арқылы ірі жобалар мен индустриялық-инновациялық құрылымдар қалыптастырылуға тиіс өзекке айналуы керек.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1145 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру шеңберінде ӘКК құрылымында Инвесторларға қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - ИҚО) құрылды.

      ИҚО негізгі міндеттері:

      1) өңірге инвестициялар тарту үшін инвесторлар іздеу;

      2) инвесторлардың жобаларын өңірлік деңгейде сервистік қолдау және сүйемелдеу.

      ИҚО функциялары:

      1) өңір үшін отандық және шетелдік инвесторларды, қазақстандық және шетелдік тараптар арасында бірлескен кәсіпорындар құру үшін әлеуетті әріптестерді іздеу;

      2) әлеуетті инвесторлар үшін өңірде "бірінші терезе" функцияларын жүзеге асыру;

      3) инвесторлар үшін өңірлік деңгейде мемлекеттік қолдау құралдарын іске асыруға жәрдемдесу;

      4) әлеуетті инвесторлар үшін перспективалы және қолданыстағы жобалар бойынша өңірлік дерекқорды қалыптастыру және енгізу;

      5) ИҚО құзыретінің шегінде облыс аумағында инвестициялық

      жобалардың іске асырылуын мониторингтеу;

      6) жеке инвестор мен мемлекет, қазақстандық және шетелдік бизнес өкілдері арасында диалог алаңқайын құру;

      7) инвесторлардың проблемалы мәселелерін өңірлік деңгейде шешуге қатысу, инвесторлардың мүддесін қорғау;

      8) инвесторларды, уәкілетті мемлекеттік органдарды, жұмылдырылған даму институттарын және өзге де мүдделі ұйымдарды ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

      9) жергілікті кәсіпкерлер үшін инвестициялар тартуға және оларды тиімді пайдалануға қатысты оқыту семинарларын өткізу;

      10) инвесторлардың уәкілетті мемлекеттік органдармен, даму

      институттарымен келіссөздерін, кездесулерін, "дөңгелек үстелдерін"

      ұйымдастыру;

      11) қазақстандық және шетелдік тараптардың қатысуымен

      инвестициялық форумдар/көрмелер ұйымдастыру;

      12) халықаралық инвестициялық іс-шараларда өңір мүддесін білдіру;

      13) ИҚО құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар, жергілікті

      кәсіпорындар мен инвесторлар арасында шарттарға, меморандумдарға,

      келісімдерге қол қоюға жәрдемдесу;

      14) инвесторларды сервистік қолдау шеңберінде өзге де қызметтер

      көрсету.

      Бұдан басқа, ШОК секторын дамыту үшін ӘКК өз қызметінің шеңберінде бизнеске қаржылай емес қолдау көрсететін болады. Көмектің бұл түрі бәсекеге қабілетті заманауи өндірістер мен инновациялық қызметті ұйымдастыру мәселелерінде ШОК субъектілерінің қызметін сүйемелдеуді, бизнес-қоғамдастыққа ақпараттық-талдамалық қолдау көрсетуді, бизнестің, холдингтердің және шетелдік компаниялардың өкілдерімен өзекті мәселелер бойынша дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізуді және басқаларын қамтиды.

      Экономиканың ӘКК үшін басым секторлары

      Экономиканың ӘКК үшін басым секторларын айқындау облыстың қалыптасқан экономикалық мамандануын және ҮИИДМБ-да баяндалған мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясаттың негізгі бағыттары мен технологияларды дамыту жоспарын ескере отырып жүзеге асырылды.

      Инвестициялық жобаларды іске асыруға бизнеспен бірге қатысу, шетелдік инвесторларды тарту, ИА-ны, технопарктерді, бизнес-инкубаторларды дамытуды үйлестіру, желілік жобаларды дамыту және тарату жолымен ӘКК күш-жігері мен ресурстарын облыс экономикасын индустриялық дамытудың басым секторларын дамыту шеңберінде шоғырландыруды жоспарлап отыр, оларға мыналар жатады:

      Жасыл экономика

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" кешуі жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес ӘКК іске асырылып жатқан жобалардың бәрін "жасыл экономика" бағытына ауыстыру мақсатында жүйелі терең өзгерістер үшін негіз қалауды жоспарлап отыр, мұның өзі қоршаған ортаға түсетін жүктемені және табиғи ресурстардың тозуын мейлінше азайта отырып, өңір халқының әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын жоғарылатуға ықпал етеді.

      Мыналар "жасыл экономикаға" көшуді іске асыру шеңберіндегі негізгі міндеттер болып табылады:

      1) ресурстарды (су, жер, биологиялық және басқа) пайдалану мен оларды басқару тиімділігін жоғарылату;

      2) инфрақұрылымның қолданыстағысын жаңғырту және жаңаларын салу;

      3) қоршаған ортаға қысымды жұмсартудың рентабельді жолдары арқылы халықтың әл-ауқатын жақсарту;

      4) ұлттық қауіпсіздікті, оның ішінде су қауіпсіздігін жоғарылату.

      Ресурстарды пайдалануды оңтайландыру және табиғат қорғау қызметінің тиімділігін жоғарылату, сондай-ақ "жасыл экономика" инфрақұрылымын құру ӘКК-нің негізгі басымдығы болады. "Жасыл экономиканың" қалыптасқан инфрақұрылымының базасында ӘКК-нің суды ұқыпты пайдалануға бағдарланған барлық жобаларын өзгерту, жаңартылатын энергетика технологияларын дамытуды және кеңінен пайдалануды көтермелеу, ынталандыру, сондай-ақ энергия тиімділігінің жоғары стандарттарының базасында құрылыстар салу басталады.

      АӨК және ауыл шаруашылығы тауарларын өңдеу

      Аграрлық секторды және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамыту ӘКК үшін күш-жігері мен ресурстарын жұмсаудың ұзақ мерзімді перспективаға арналған басым бағыты болып табылады.

      АӨК-ті сапалы дамытуға ӘКК агроөнеркәсіптік кешенді техникалық және технологиялық қайта жарақтандыру, нарықты отандық өндірістің азық-түлік өнімдерімен молықтыру, шаруашылық жүргізу жағдайларын жақсарту, ауыл шаруашылығы өндірісін ірілендіру есебінен тауарлық өнімді өсіру үшін ынталандыру, АӨК кәсіпорындары мен жеңіл өнеркәсіп саласын қажетті шикізатпен қамтамасыз ету үшін СДО желісін құру және дамыту есебінен ықпал етуді жоспарлап отыр. Құс шаруашылығын, астық пен оның терең өңделген өнімдерін, ет пен ет өнімдерін, майлы дақылдарды, жеміс-көкөніс өнімдерін, сүт пен сүт өнімдерін, жүн мен оның терең өңделген өнімдерін өндіру мен экспорттауды дамыту АӨК секторындағы басты бағыттардың біріне айналмақ.

      Келешекте АӨК субъектілерінің қарыздарына кепілдік беру және оларды сақтандыру жөніндегі іс-шараларды өткізуге қатысу және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге кепілдіктер беру жоспарланып отыр.

      Энергетика саласы

      Энергия тапшылығының орын алуы энергияны өндірістік тұтынудың өсуін тежейтін факторлардың бірі болып табылады, мұның өзі, тиісінше, экономика салалары мен халықтың тұрмыс деңгейін дамытуды шектеуге әкеп соқтырады.

      Энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуінің деңгейі жоғары технологияларды іздеуге және тартуға, электр энергиясын арзандату және баламалы энергия көздерін өндіру жөніндегі жобаларға, энергетикалық кешен құру үшін жеке компанияларды іздеуге ӘКК белсенді түрде қатысатын болады.

      Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндірісі

      Жалпы республиканың және атап айтқанда, облыстың құрылыс индустриясының өнеркәсіптік базасы құрылыс саласының қажеттілігін көлемі бойынша да, шығарылатын өнімінің номенклатурасы бойынша да толығымен қанағаттандырмайды. Құрылыс индустриясын және құрылыс материалдарының өндірісін дамытуда ӘКК-нің негізгі міндеті бәсекеге қабілетті, энергия үнемдейтін құрылыс материалдарының, қосылған құны жоғары бұйымдар мен конструкциялардың өндірісін дамыту болмақ. Сондай-ақ, құрылыс секторының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін меншікті өндірістік базаның жеткіліксіз дамуы немесе мүлдем болмауы жөніндегі проблемаларды шешуге де күш-жігер жұмсалады: қазіргі заманғы цемент зауыттары, табақ шыны, әрлеу материалдарының, темір-бетон және керамика бұйымдарының өндірісі. Бұдан басқа, Талдықорған қаласындағы коттедж қалашығында тұрғын үйді жобалау және салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.

      ӘКК-ні SWOT-талдау

Сыртқы орта

Ішкі орта

Мүмкіндіктер

Артықшылықтар

Қазақстан Республикасында өндірістік тауарлардың бағасын тұрақтандыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру;

республиканың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаларды іске асыру;

ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді мемлекеттік қолдау шараларын ұлғайту;

ауыл шаруашылығының жеткілікті алқаптарының болуы;

облыста ауыл шаруашылығының кадрлық әлеуетінің болуы;

ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеушілер үшін салықтық преференциялар;

жақындап келе жатқан азық-түлік дағдарысының перспективалары және әлемдік өндірісте өзіндік орын алу мүмкіндігі;

қомақты гидро- және жел әлеуеті;

"Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Заң;

орналасуының қолайлылығы тұрғысынан облыстың тартымды болуы (Қтай Халық Республикасы мен Еуропалық одақтың арасында);

Еуропалық одақ пен Оңтүстік-Шығыс Азия арасындағы орасан зор тауар айналымы (жылына 6 млн. астам контейнер)

сервистік-дайындау орталықтарының бағдарламаларын іске асыру үшін бюджеттік инвестициялардың болуы;

ауыл шаруашылығы өндірісі ұйымдастырудағы кластерлік тәсіл;

диқаншылықтың отандық инновациялық технологияларының болуы;

"ЖетісуАгроСауда" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сауда-өткізу инфрақұрылымының болуы;

жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу үшін шикізат базасының болуы;

өнеркәсіптің және ауыл шаруашылығы бизнес-жобаларын іске асыру үшін әріптестердің болуы;

жел электр станцияларын салу үшін Шелек дәлізі мен Жоңғар қақпасында жер учаскелерінің болуы;

көліктік-логистикалық орталықтардың жобаларын іске асыру үшін әлеуетті инвесторлардың болуы;

Талдықорған қаласындағы коттедж қалашығының салынған инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының болуы.


Қауіптер

Кемшіліктер

ішкі тұтынушылық нарықтың шектеулі болуы;

облыстың экспорттық әлеуетінің нашар болуы;

өңірде электр энергиясының тапшы болуы;

жел электр станцияларын салу үшін перспективалы учаскелердің маңында жоғары вольтты (110, 220 КВт) магистральдық желілердің болмауы;

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру қарсаңында тұруы;

келешекте даму үшін әлеуеті жоқ шағын тауарлы ауылшаруашылығы өндірістері мен шаруа қожалықтарының көп болуы;

импорттық өнімдермен салыстырғанда отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігінің төмен болуы;

Қазақстан Республикасының қайта өңдеуші өнеркәсібінің өндірістік-техникалық базасының нашар болуы;

қазіргі заманғы жабдықтар мен ауыл шаруашылығы техникасының қымбат болуы;

ауыл шаруашылығы техникасының тозуы - 90 %.

бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібінде ірі корпорациялар (кластерлер) құру қажеттігі;

әртараптандырылған корпорацияларды басқару тәжірибесінің болмауы;

бәсекелесу тәжірибесінің болмауы;

корпоративтік басқару, ілгерілету және өткізу саласында даярланған мамандардың тапшы болуы;

шығарылатын өнімнің Дүниежүзілік сауда ұйымының сапа стандарттарына сәйкес келмеуі;

өндірістік және қосалқы инфрақұрылымдардың негізгі және қосалқы жабдығының тым тозуы;

жердің жұтаңдануы мен ауыл шаруашылығы техникасының тозуы салдарынан ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі өнімдерінің өзіндік құнының жоғары болуы.


      SWОТ-талдау матрицасын негізге ала отырып, сыртқы орта мүмкіндіктерін пайдалану, артықшылықтарды ұлғайту, қауіптерді бейтараптандыру және кемшіліктерді жою мақсатында ӘКК-нің инвестициялық саясатының шеңберінде басты назар облыстың базалық және басым салаларына, персоналдың біліктілігін жоғарылатуға, корпоративтік басқару жүйесін енгізуге және бизнес-процестерді оңтайландыруға аударылуға тиіс.

      ӘКК-нің функционалдық мүмкіндіктері және ықтимал тәуекелдер

      Өз қызметінің процесінде ӘКК бірқатар тәуекелдердің орын алуымен бетпе-бет келуі мүмкін. Тәуекелдердің түріне және кезіне байланысты оларды басқару үшін стандартты және ахуалдық арнайы шаралар іске асырылатын болады.

      ӘКК-нің функционалдық мүмкіндіктері және ықтимал тәуекелдер

Тәуекелдің атауы

Арнайы ден қою шаралары қабылданбаған

жағдайдағы ықтимал салдар

Тәуекелдерді басқару тетігі

1

2

3

еншілес және тәуелді ұйымдармен өзара іс-қимыл жасаудың және оларды бақылаудың тиімсіз жүйесі

рентабельді емес және шығынды активтердің болуы

еншілес және тәуелді ұйымдармен жұмыс істеу және оларды бақылау бойынша бағдарлама жасау. Оларды бақылау үшін жауапты менеджерлерді бекіту

ӘКК-дегі тиімсіз жобалық менеджмент,

бұл жобалық тәуекелдерді арттырады


инвестициялық

жобаларды әзірлеу кезіндегі іркілістер және мерзімдердің

созылуы

инвестициялық жобаларды әзірлеуге және іске асыруға қабілетті команда қалыптастыру және әрбір жеке жоба үшін жауапты менеджерлерді тағайындау


ӘКК өткізетін өнімнің өзіндік құнының ұлғаюы


өндіру және сату көлемінің азаюы

өнімнің өзіндік құнын төмендету және бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету бойынша шаралар жүргізілетін болады

бұрын басталған жобалар

бойынша өтініш берілген

қаражаттың тоқтатылуы

немесе толық алынбауы

жобалар қызметінің тоқтап

тұруы

жобаларды қаржыландырудың баламалы көздерін іздеу

еншілес және тәуелді

ұйымдарда сапа

стандарттарының

болмауы

өндірілетін өнімнің нарықтағы бәсекеге қабілетсіз болуы

халықаралық сапа стандарттарын әзірлеу және енгізу үшін қаржылық және консалтингтік көмек көрсету


2. ӘКК миссиясы мен пайымы

      ӘКК миссиясы - мемлекет пен бизнестің әріптестігі қағидаттарында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу.

      ӘКК пайымы - активтерді тиімді басқаратын, өңірдің өсу нүктелерінде экономикалық белсенділікті, оның ішінде инвестициялар тарту арқылы ынталандыратын және бәсекеге қабілетті орнықты өндірістерді қалыптастырудың катализаторы ретінде әрекет ететін өңірлік даму институты.

      ӘКК мақсаты - активтердің құнын ұлғайту.

      ӘКК негізгі міндеттері:

      1) өңір экономикасының басым секторларында (өсу нүктелерінде)

      бәсекеге қабілетті өндірістердің жаңаларын құру және жұмыс істеп

      тұрғандарын жаңғырту;

      2) мемлекеттік активтердің іскери айналымға тартылуын қамтамасыз ету, проблемалы активтерді сауықтыру және олардың базасында бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту;

      3) өндірістік және басқарушылық озық технологиялар мен стандарттарды енгізу;

      4) активтердің құнын ұлғайту;

      5) жаңадан басталған бизнесті қолдау инфрақұрылымын дамыту (бизнес-инкубаторлар, технопарктер, индустриялық аймақтар);

      6) басым салаларда кластерлерді дамыту, сондай-ақ өңірлердің жүйе түзуші және ірі компанияларының айналасынан ШОК дамыту жөніндегі әріптестік бағдарламаларын үйлестіру арқылы өңірлердегі бизнес-бастамаларды қолдау;

      7) ӘКК қызметінің шеңберінде бизнеске қаржылай емес қолдау көрсету;

      8) бизнес-жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік даму институттарымен ынтымақтастықты өрістету;

      9) қоржынды компаниялар арасындағы коммуникация мен дағды алмасуды дамыту;

      10) өнімді ішкі және сыртқы нарықтарда неғұрлым белсенді ілгерілету үшін өнім брендингіне жәрдемдесу;

      11) перспективалы жобаларды іске асыру үшін өңірлерге отандық және шетелдік инвесторларды тарту, оның ішінде МЖӘ қағидаттарында тарту;

      12) үлестік қаржыландыру, активтер түрінде қатысу арқылы

      инвесторларға жобаларды іске асыруда, сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде қаржы алуда жәрдем көрсету;

      13) өңірлердің негізгі мамандануын ескере отырып, өңірлік даму

      карталарын әзірлеу және инвесторлар тарту үшін перспективалы әрі бәсекеге қабілетті жобалардың тізбесін қалыптастыру.

      ӘКК негізгі функциялары

      Меншікті жобаларды басқару процестерін, бірлескен жобаларды іске асыру шеңберінде өзара іс-қимыл жасау процестерін оңтайландыру мақсатында мынадай функциялар айқындалған:

      1) ұйымдастырушылық функция - берілген активтерді басқару және одан әрі дамыту, жобалар мен инвесторларды консультативтік сүйемелдеу;

      2) инвестициялық функция - меншікті қаражат есебінен инвестициялық қызмет, инвестициялар тарту жөніндегі жұмыс.

      ӘКК-нің қызметі тиісті аумақтарды дамыту бағдарламаларында айқындалған экономиканың басым салаларында өз өңірі үшін перспективалы, тіршілікке бейім, бәсекеге қабілетті және инновациялық жобаларды іске асыруға бағытталған.

      ӘКК ҮИИДМБ, Индустрияландыру картасы, "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысымен бекітілген "Өнімділік 2020" бағдарламасы және басқалары шеңберінде өңірлік жобаларды іске асыруға жәрдем көрсетеді.

      Даму стратегиясын іске асыру кезеңдері

      1-кезең - 2014 - 2015 жылдар

      Бірінші кезеңде мықты тұстар мен мүмкіндіктерді барынша пайдалану жолымен ӘКК осал тұстарын күшейту және ықтимал қауіптерді нивелирлеу бойынша белсенді жұмыс жүргізілетін болады, мұның өзі ӘКК-нің осы стратегияны іске асырудың екінші кезеңіне шығуына мүмкіндік береді, бұл кезең айналымды ұлғайтуға ғана байланысты. Аталған кезеңде мынадай нәтижелерге қол жеткізу көзделеді:

      1) дебиторлық берешекті жабу;

      2) қызметі шығынды еншілес компанияларды сауықтыру;

      3) авариялық күйдегі жылымайтын мүлік объектілерін қалпына келтіру;

      4) имиджді жоғарылату бойынша белсенді жұмыс;

      5) инвестициялық климатты жақсарту.

      2-кезең - 2016 - 2023 жылдар

      Екінші кезеңде алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу бойынша кең ауқымды тиімді жұмыс жүзеге асырылмақ, оларды іске асыру мынадай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:

      1) бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру;

      2) өңірдегі жұмыс орындарының санын ұлғайту;

      3) экспортқа бағдарланған, қосылған құны жоғары отандық өнімді өткізу, кәсіпкерлік субъектілері өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

      4) берілген компаниялардың нәтижелілігін басқару жүйесін жақсартуды, олардың қызметінің тиімділігін арттыру үшін корпоративтік басқару стандарттарын енгізуді қамтамасыз ету - активтерді қайта құрылымдау және ӘКК құрамына кіретін еншілес және тәуелді кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігінің сапалы жаңа деңгейіне көтерілу;

      5) ӘКК еншілес кәсіпорындарының қор нарықтарына шығуы, сондай-ақ ӘКК-нің өзінің бастапқы орналастыруға (ІРО) дайындығын қамтамасыз ету;

      6) ӘКК инвестициялық қоржыны көлемінің өсуін қамтамасыз ету.

3. Қызметтің стратегиялық бағыттары (бұдан әрі - ҚСБ), мақсаттары, қызметтің түйінді көрсеткіштері және олар бойынша межеленген нәтижелер

      1-ҚСБ. Инвесторлар тарту және өңірдің өсу нүктелерінде жаңа өндірістер құру.

      1-мақсат. Инвестициялық ахуалды және өңірдің тартымдылығын жоғарылату.

      Міндет:

      1) перспективалы жобаларды іске асыру үшін, оның ішінде МЖӘ қағидаттарында облысқа отандық және шетелдік инвесторларды тарту.

      Іс-шаралар:

      1) облыс әлеуеті мен ӘКК мүмкіндіктері туралы ақпараттық жұмысты күшейту;

      2) әртүрлі деңгейде инвестициялық форумдар өткізуге белсенді түрде қатысу;

      3) облыстың инвестициялық тартымдылығын жария ету бойынша PR-акциялар өткізу.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) өңірге тартылған шетелдік инвесторлардың (жыл сайын кемінде 2, оның ішінде "Global - 2000" тізімінен тартылғандарының (2023 жылға дейін кемінде 3) саны;

      2) қарауға келіп түскен бизнес-өтінімдердің саны, оның ішінде жыл сайын іске қосылатын, оның ішінде шетелдік капитал қатысатын инвестициялық жобалардың саны (жыл сайын кемінде 5);

      3) өңдеуші өнеркәсіпке құйылатын шетелдік инвестициялар көлемінің өсуі (кемінде 15 %-ға).

      Межеленген нәтижелер:

      1) тартылған шетелдік инвесторлардың саны 2023 жылға қарай 15 бірлікті құрайды;

      2) "Globаl-2000" тізімінен тартылған компаниялардың саны 2023 жылға қарай 3 бірлікті құрайды;

      3) қарауға келіп түскен бизнес-өтінімдердің саны 2023 жылға қарай 100 бірлікті құрайды;

      4) жыл сайын іске қосылатын, оның ішінде шетелдік капитал қатысатын инвестициялық жобалардың саны жыл сайын кемінде 5 жобаны құрайды;

      5) өңдеуші өнеркәсіпке құйылатын шетелдік инвестициялар көлемінің өсуі кемінде 15 % болады.

      2-мақсат. Перспективалы инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру.

      Міндеттер:

      1) өңір экономикасының басым секторларында (өсу нүктелерінде)

      бәсекеге қабілетті өндірістердің жаңаларын құру және жұмыс істеп

      тұрғандарын жаңғырту;

      2) мемлекеттік активтердің іскери айналымға тартылуын қамтамасыз ету, проблемалы активтерді сауықтыру және олардың базасында бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту;

      3) үлестік қаржыландыру, активтер түрінде қатысу арқылы инвесторларға жобаларды іске асыруда, сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде қаржы алуда жәрдем көрсету.

      Іс-шаралар:

      1) әлеуетті инвесторлармен "жалғыз терезе" қағидаты бойынша өзара іс-қимыл жасауды жолға қою, атап айтқанда облыс бойынша қажетті ақпарат алуда, инвестициялық жобаларды оңтайлы орналастыру жөнінде ұсыныстар қалыптастыруда, жұмыс істеп тұрған ИА туралы ақпарат алуда және басқа да ақпараттық қызметтерде жәрдем көрсету;

      2) қолайлы орта қалыптастыруға, инвестициялық әлеуетті және кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларды инвестициялау бойынша белсенділігін дамытуға қатысу;

      3) шағын, орта және ірі кәсіпкерлік саласында жыл сайын шикізаттық емес бағыттағы кемінде 2 жобаны қаржыландыру;

      4) кейіннен бәсекелі ортаға бере отырып, шығынды еншілес

      кәсіпорындарды оңалту жөніндегі жұмысты жалғастыру;

      5) проблемалы активтерді оңалту үшін инвесторлар іздеу;

      6) жер қойнауын пайдалану саласындағы жобаларды іске асыру.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру;

      2) оңалтылған (сауықтырылған) кәсіпорындар саны;

      3) жеке инвесторлардың қаражатын тартудың ӘКК салынған қаражатына арақатынасы.

      Межеленген нәтижелер:

      1) бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру;

      2) оңалтылған (сауықтырылған) кәсіпорындардың санын ұлғайту;

      3) қаржыландырудың әртүрлі көздерінен инвестициялар тарту бойынша қолайлы орта жасау үшін ірі жобаларды "Қазақстан даму банкі" акционерлік қоғамымен, екінші деңгейдегі банктермен, "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамымен, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамымен және шетелдік даму институттарымен (Еуропа қайта құру және даму банкі, Ислам даму банкі) бірлесіп қаржыландыру, нақты инвестициялық жобалар бойынша ӘКК-нің және шетелдік қаржы құрылымдарының кепілдігімен қарыз қаражатын тарту, қаржылық лизинг құралын дамыту және қолжетімді басқа қаржы құралдарымен құрылымдау сияқты қаржы құралдарын араластыру жөнінде жұмыс жүргізілетін болады.

      3-мақсат. Облыс АӨК-інің орнықты өсуін қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

      Міндеттер:

      1) АӨК-те бәсекеге қабілетті өндірістердің жаңаларын құру және

      қолданыстағыларын жаңғырту;

      2) АӨК өнімдерінің өндірісін тұрақты өсіру есебінен облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      3) ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі өндірістерді дамыту.

      Іс-шаралар:

      1) АӨК-ке және оның терең өңделген өнімдеріне инвестициялар тарту;

      2) жайылым ресурстарының өнімділігін қалпына келтіру;

      3) тауарлық сүт фермаларын салу;

      4) жылыжай шаруашылығы объектілерін ұлғайту;

      5) асыл тұқымды және өнімділігі жоғары мал басын және бордақылау алаңдарын ұлғайту жөніндегі жобаларды іске асыру;

      6) қосылған құны жоғары өнімдер шығара отырып, жеңіл өнеркәсіпті, ең алдымен, өңір АӨК-інің өнімдерін қайта өңдеу саласында дамытуға жәрдемдесу (оның ішінде, тері-былғары шикізаты, жүнді қайта өңдеу).

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) АӨК саласындағы жобаларды әзірлеу және іске асыру;

      2) АӨК-те еңбек өнімділігін өсіру;

      3) АӨК саласына инвестициялар тарту.

      Межеленген нәтижелер:

      1) АӨК саласында 2018 жылға қарай 9 жоба, 2023 жылға қарай - 24 жоба іске асарылады;

      2) АӨК-тегі еңбек өнімділігі 2018 жылға қарай бір адамға шаққанда 1200 мың теңгені, 2023 жылға қарай - 1500 мың теңгені құрайды;

      3) АӨК саласында тартылған жиынтық инвестициялар 2018 жылға қарай 450 млн. теңгені, 2023 жылға қарай - 1200 млн. теңгені құрамақ.

      2-ҚСБ. Бизнес-ортаның экономикалық белсенділігін ынталандыру үшін жағдайлар жасау.

      1-мақсат. Бизнесті дамытуды қолдау инфрақұрылымының әлеуетін пайдалану.

      Міндеттер:

      1) жаңадан басталған бизнесті қолдау инфрақұрылымын дамыту (бизнес-инкубаторлар, технопарктер, ИА);

      2) басым салаларда кластерлерді дамыту;

      3) өңірлердің жүйе түзуші және ірі компанияларының айналасынан ШОК дамыту жөніндегі әріптестік бағдарламаларын үйлестіру;

      4) ИА-ға шикізаттық емес бағыттағы жобаларды тарту жөніндегі

      жұмысты жандандыру.

      Іс-шаралар:

      1) облыстағы бизнес-инкубаторларға, технопарктер мен ИА-ға

      ақпараттық-талдамалық қолдау көрсету;

      2) жергілікті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына ӘКК

      интернет-ресурстарының сілтемесін қосу;

      3) өңірлік және халықаралық көрмелерде, конференцияларда, форумдарда облыс ИА-ның мүмкіндіктері мен әлеуеті туралы "road-show" өткізу;

      4) бизнесті дамыту инфрақұрылымы жұмыс істеуінің шетелдік оң

      тәжірибесін зерделеу және енгізу;

      5) ірі бизнес пен өңірлік ИА және технопарктер арасында өзара іс-қимыл туралы меморандумдарға қол қоюға жәрдемдесу;

      6) өңірлік технопарктер мен ИА-ның республикалық даму институттарымен арасындағы жұмысты жақсартуға жәрдем көрсету;

      7) кейіннен қаржыландыру үшін технопарктер мен бизнес-инкубаторлардың жобаларын үнемі талдауды және іріктеуді жүргізу.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) инновациялық инфрақұрылымның құрылған элементтерінің саны;

      2) инновациялық жаңа стартап жобалардың саны;

      3) инвестициялық қоржын көлемінің өсуі.

      Межеленген нәтижелер:

      1) облыстағы бизнесті дамытуды қолдау инфрақұрылымының объектілеріне ақпараттық-талдамалық қолдау көрсету;

      2) өңірлік және халықаралық көрмелерде, конференцияларда, форумдарда облыс ИА-ның мүмкіндіктері мен әлеуеті туралы "road-show" өткізу жөніндегі жұмысты жалғастыру;

      3) бизнесті дамытуды қолдау инфрақұрылымы жұмыс істеуінің шетелдік оң тәжірибесін зерделеу және енгізу;

      4) ірі бизнес пен өңірлік ИА және технопарктер арасында өзара іс-қимыл туралы меморандумдарға қол қоюға жәрдемдесу;

      5) өңірлік технопарктер мен ИА-ның республикалық даму институттарымен арасындағы жұмысын жолға қою;

      6) кейіннен қаржыландыру үшін технопарктер мен бизнес-инкубаторлардың жобаларын үнемі талдауды және іріктеуді жүргізу.

      2-мақсат. Бизнес-қоғамдастықтың өзара ынтымақтастыққа мүдделілігін арттыру.

      Міндеттер:

      1) бизнес-жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік даму институттарымен ынтымақтастықты өрістету;

      2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілерге қолдау көрсету;

      3) ӘКК қызметінің шеңберінде бизнеске қаржылай емес қолдау көрсету.

      Іс-шаралар:

      1) мемлекеттік қолдау құралдарын ұсыну жолымен бизнес-қоғамдастықты мемлекеттік даму институттарымен ынтымақтастыққа тарту;

      2) мемлекеттік даму институттарымен келешектегі бірлескен қызмет туралы меморандумдар жасасу;

      3) кәсіпкерлердің өзара ынтымақтастыққа мүдделілігін арттыруға

      бағытталған форумдарға, конференциялар мен семинарларға қатысу;

      4) бизнесті дамыту мәселелері бойынша кәсіпкерлерге тегін

      консультациялар беру.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) ӘКК интернет-ресурсына кірушілер;

      2) өңір кәсіпкерлерінің қанағаттану коэффициенті;

      3) форумдарға, конференциялар мен семинарларға қатысу.

      Межеленген нәтижелер және есептеу әдістемесі:

      1) бизнес-қоғамдастық мүдделілігінің деңгейін көрсететін ӘКК интернет-ресурсына кірушілер көрсеткіші (www.spk-zhetisu.kz) жыл сайын 50 %-ға ұлғаятын болады;

      2) ӘКК қызметінің шеңберінде консультативтік және сервистік қызметтер алған, сауалнама жүргізілген кәсіпкерлер саны 2014 жылғы 100-ден 2023 жылы 300-ге дейін ұлғаятын болады;

      3) ынтымақтастықтың әртүрлі салалары бойынша форумдарға,

      конференциялар мен семинарларға қатысу.

      3-ҚСБ. Корпоративтік басқарудың және ӘКК қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыру.

      1-мақсат. Корпоративтік басқаруды және ӘКК қызметінің ашықтығын жетілдіру.

      Міндеттер:

      1) корпоративтік басқарудың қазіргі заманғы стандарттарын енгізу;

      2) жұмыскерлердің біліктілігін жоғарылату.

      Іс-шаралар:

      1) Корпоративтік басқару кодексін жетілдіру;

      2) қазіргі заманғы КРІ стандарттарын (тиімділіктің түйінді

      көрсеткіштері), СМЖ (сапа менеджменті жүйесі), HR (кадр қызметі) енгізу;

      3) стратегиялық жоспарлау, мониторинг, есептілік, ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру;

      4) әлеуетті пайдаланушылар мен әріптестерге ӘКК туралы, оның ішінде оның қаржылық жағдайы, экономикалық көрсеткіштері, меншік және басқару құрылымы туралы ақпаратты уақтылы ашуды қамтамасыз ету;

      5) персоналды тиімді басқаруды және дамытуды жоғарылату;

      6) хабардар ету және жедел өзектілендіру бөлігінде ӘКК интернет-ресурсының жұмысын жаңғырту;

      7) тәуелсіз агенттіктен корпоративтік басқару рейтингін алу.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) корпоративтік басқару рейтингінің көрсеткіші;

      2) кадрлардың тұрақтамау коэффициенті;

      3) оқумен қамтылған қызметкерлер коэффициенті.

      Межеленген нәтижелер:

      1) стратегиялық жоспарлау, мониторинг, есептілік, ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру;

      2) әлеуетті пайдаланушылар мен әріптестерге ӘКК туралы, оның ішінде оның қаржылық жағдайы, экономикалық көрсеткіштері, меншік және басқару құрылымы туралы ақпаратты уақтылы ашуды қамтамасыз ету;

      3) HR Management жүйесін енгізу;

      4) хабардар ету және жедел өзектілендіру бөлігінде ӘКК интернет-ресурсының жұмысын жаңғырту жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жүргізу;

      5) тәуелсіз агенттіктен корпоративтік басқару рейтингін алу (жыл сайын жақсарта отырып).

      2-мақсат. ӘКК қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігін жоғарылату.

      Міндеттер:

      1) өндірістік және басқарушылық озық технологиялар мен стандарттарды енгізу;

      2) кірістілікті ұлғайту;

      3) мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу.

      Іс-шаралар:

      1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ӘКК-нің қолданыстағы ішкі нормативтік құқықтық актілерін өзектілендіру;

      2) қажет болған жағдайда, ӘКК-нің нормативтік жаңа үлгі құжаттарын әзірлеу: ішкі бақылау қағидалары, жанжалдарды басқару жөніндегі ереже, тәуекелдерді басқару саясаты, ӘКК Директорлар кеңесінің комитеттері туралы ережелер, корпоративтік басқаруды бағалау тәртібі туралы ереже және басқалары;

      3) өнім өндірген кезде алдыңғы қатарлы және инновациялық өндірістік технологияларды, жаңашыл идеяларды енгізу;

      4) іске асырылатын инновациялық жобалардың санын ұлғайту.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) негізгі қызметтен түсетін таза пайда;

      2) бір қызметкерге шаққандағы таза пайда;

      3) активтердің рентабельділігі.

      Межеленген нәтижелер:

      1) 2016 жылға қарай шығынсыздық нүктесіне шығу және таза пайда алу;

      2) жаңа өндірістер құру және жұмыс істеп тұрған өндірістердің көлемін ұлғайту, бұл өңір кәсіпорындарының орташа өнімділігін арттыруға ықпал етеді;

      3) республикалық және өңірлік салалық бағдарламаларды іске асыру жүйелі шаралар мен бизнесті мемлекеттік қолдау құралдары арқылы қамтамасыз етілетін болады.

      Стратегияны іске асыру облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына тиімді әсерін тигізеді. ӘКК қызметі өңірдің серпінді экономикалық өсуіне, бірыңғай экономикалық нарық құруға, мемлекеттік активтерді неғұрлым тиімді әрі нысаналы пайдалануға септігін тигізеді.

      Стратегияны іске асыру нәтижесінде бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру, өңірдегі жұмыс орындарының санын ұлғайту, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өнімділігін жоғарылату, қосылған құны жоғары, экспортқа бағдарланған отандық өнімдерді сату, рентабельді емес мемлекеттік кәсіпорындар санын қысқарту, кәсіпкерлік субъектілері өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, облыстың әлеуметтік және экономикалық проблемаларын шешу межеленіп отыр.

      Алдыңғы қатарлы өндірістік және басқарушылық технологиялар мен стандарттарды енгізу арқылы ӘКК құнды тәжірибе жинақтап, проблемалы мәселелерді шешу мен үздік практикаларды ұсыну жолдарын үйренеді.

      Стратегияда алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру ӘКК-ні тиімді корпоративтік басқару есебінен қамтамасыз етілмек. Стратегияны іске асыру нәтижелері бойынша ӘКК қызметін бағалау жоспарланып отыр.

  "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік
корпорациясы" ұлттық компаниясы"
акционерлік қоғамының
2014 - 2023 жылдарға арналған
даму стратегиясына
қосымша

"Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының стратегиялық даму қызметінің 2014 - 2023 жылдарға арналған туйінді көрсеткіштері (бұдан әрі - ҚТК)

      1-ҚСБ. Инвесторлар тарту және өңірдің өсу нүктелерінде жаңа өндірістер құру.

      1-мақсат. Инвестициялық ахуалды және өңірдің тартымдылығын жоғарылату.

ҚТК атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

1-ҚТК. Өңірге тартылған шетелдік инвесторлардың (жыл сайын кемінде 2) саны, бірлік, оның ішінде

0

2

2

2

1

2

1

2

1

1

"Globаl - 2000" тізімінен тартылғандарының (2023 жылға дейін кемінде 3) саны, бірлік

-

-

-

-

1

-

1

-

-

1

2-ҚТК. Қарауға келіп түскен бизнес-өтінімдердің саны, бірлік

15

20

25

50

60

70

80

90

95

100

оның ішінде жыл сайын іске қосылатын, оның ішінде шетелдік капитал қатысатын инвестициялық жобалардың саны (жыл сайын кемінде 5), бірлік

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

3-ҚТК. Өңдеуші өнеркәсіпке құйылатын шетелдік инвестициялар көлемінің өсуі (кемінде 15 %-ға), %

1,7

3,4

4,9

6,8

7,5

9,2

10,9

12,6

15

15


      2-мақсат. Перспективалы инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру.

ҚТК атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

1-ҚТК. Бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру, бірлік

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2-ҚТК. Оңалтылған (сауықтырылған) кәсіпорындар саны, бірлік

0

0

1

1

1

1

1

1

1

1

3-ҚТК. Жеке инвесторлардың қаражатын тартудың ӘКК салынған қаражатына арақатынасы, %

15

20

25

30

40

50

60

70

80

80


      3-мақсат. Облыс АӨК-інің орнықты өсуін қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

ҚТК атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

1-ҚТК. АӨК саласындағы жобаларды әзірлеу және іске асыру, бірлік

1

2

2

2

2

3

3

3

3

3

2-ҚТК. АӨК-те еңбек өнімділігін өсіру, мың теңге/адам.

1000

1200

1200

1200

1200

1500

1500

1500

1500

1500

3-ҚТК. АӨК саласына инвестициялар тарту, млн. теңге

50

100

100

100

100

150

150

150

150

150


      2-ҚСБ. Бизнес-ортаның экономикалық белсенділігін ынталандыру үшін жағдайлар жасау.

      1-мақсат. Бизнесті дамытуды қолдау инфрақұрылымының әлеуетін пайдалану.

ҚТК атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

1-ҚТК. Инновациялық инфрақұрылымның құрылған элементтерінің саны, бірлік

-

1

-

1

2

-

-

-

2

-

2-ҚТК. Инновациялық жаңа стартап жобалардың саны, бірлік

2

3

5

5

5

10

10

10

13

13

3-ҚТК. Инвестициялық қоржын көлемінің өсуі, %

105

110

115

120

125

130

135

140

150

150


      2-мақсат. Бизнес-қоғамдастықтың өзара ынтымақтастыққа мүдделілігін арттыру.

ҚТК атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

1-ҚТК. ӘКК интернет-ресурсына кірушілер, бірлік

150

200

250

300

350

400

500

600

700

700

2-ҚТК. Өңір кәсіпкерлерінің қанағаттану коэффициенті, %

50

60

70

75

80

85

88

90

90

900

3-ҚТК. Форумдарға, конференциялар мен семинарларға қатысу, бірлік

4

5

6

7

8

9

10

10

10

10


      3-ҚСБ. Корпоративтік басқарудың және ӘКК қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыру.

      1-мақсат. Корпоративтік басқаруды және ӘКК қызметінің ашықтығын жетілдіру.

ҚТК атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

1-ҚТК. Корпоративтік басқару рейтингінің көрсеткіші, шәкіл

-

3

-

4

-

5

-

6

-

-

2-ҚТК. Кадрлардың тұрақтамау коэффициенті, %

20

20

15

15

10

10

10

10

10

10

3-ҚТК. Оқумен қамтылған қызметкерлер коэффициенті, %

10

15

15

15

20

20

20

20

20

20


      2-мақсат. ӘКК қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігін жоғарылату.

ҚТК атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

1-ҚТК. Негізгі қызметтен түсетін таза пайда, млн. теңге

-

-

20

25

50

70

100

150

180

180

2-ҚТК. Бір қызметкерге шаққандағы таза пайда, млн. теңге

-

-

0,33

0,41

0,83

1,16

1,66

2,5

3

3

3-ҚТК. Активтердің рентабельділігі, %

-

-

0,8

1,1

2

3

3,5

3,7

4

4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады