Қазақстан Республикасында құрылымдық реформаларды іске асыру жөніндегі 2014 - 2015 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1012 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және кәсіпкерлік ахуалды жақсарту мақсатында қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында құрылымдық реформаларды іске асыру жөніндегі 2014 – 2015 жылдарға арналған жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) бекітілсін.
      2. Орталық мемлекеттік органдар, сондай-ақ Жол картасының орындалуына жауапты мүдделі ұйымдар:
      1) Жол картасы іс-шараларының тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
      2) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне Жол картасының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жол картасының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      4. Жол картасы іс-шараларының тиісінше және уақтылы орындалуына дербес жауапкершілік орталық мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдардың бірінші басшыларына жүктелсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаевқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің          
2014 жылғы 24 қыркүйектегі 
№ 1012 қаулысымен      
бекітіліген         

Қазақстан Республикасында құрылымдық реформаларды іске асыру
жөніндегі 2014 – 2015 жылдарға арналған жол картасы

Р/с

Іс-шаралар

Аяқталу нысаны

Жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Барлық инвесторлар үшін 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап «бір терезе» қағидатын енгізуді көздейтін заң жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

ИДМ, ҰЭМ

2015 жылғы ақпан

2.

Мыналарды:
2015 жылғы 1 қаңтарға дейін басым инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық келісімшарт жасасқан инвесторлар үшін «бір терезе» қағидатын толық енгізуді;
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап объектілер құрылысының ТЭН-і мен ЖСҚ-сына салалық сараптамаларды алу кезінде «бір терезе» қағидатын енгізуді;
акционерлік қоғамдарды қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу мерзімін жұмыс күнінің 1 сағатына дейін қысқартуды;
шағын кәсіпкерлік субьектісі болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің 100 теңгеге дейінгі ең төменгі жарғылық капиталының мөлшеріне қойылатын формалды талапты жоюды;
2014 жылдың соңына дейін көліктік-логистикалық орталықтарды жайластыруға қойылатын үлгі талаптарды әзірлеу және бекіту бойынша нормаларды бекітуді;
кедендік бақылауды кедендік тазарту кезеңінен тауарды шығарудан кейінгі кезеңге көшіруді, сауда қауіпсіздігінің халықаралық стандарттарына сәйкес келу мақсатында уәкілетті экономикалық операторлар институтын жетілдіруді, сондай-ақ 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке пайдалануға арналған тауарлар бойынша критерийлерді белгілеуді;
тауарларды импорттау кезінде ҚҚС-ны әкімшілендіру тетігін өзгертуді;
мәмілелерді нотариалдық куәландыру кезінде туындайтын жылжымайтын мүлікке құқықтарды міндетті электрондық тіркеуді енгізуді;
банкроттық рәсімдерін жүргізу кезінде банкроттықты басқарушыға көрсетілетін қызметтердің тіркелген төлемін белгілеуді;
кредиторлар жиналысына өз шешімімен баланста тұрған, бірақ іс жүзінде жоқ, іске асыруға жарамсыз (моральдық және физикалық тұрғыдан тозған) мүлікті іздестіруді тоқтату құқығын беруді;
заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер мемлекеттік тіркелген сәттен бастап қызметкерді міндетті сақтандыру шартын жасасу мерзімін 10 жұмыс күнінен 30 жұмыс күніне дейін ұзартуды;
шағын бизнес субъектілерінің заңды тұлғалары үшін мөрінің болуын міндетті түрде талап етуді жоюды;
жеке сот орындаушылары институтын жетілдіруді;
еңбек инспекторларының салынып жатқан, техникалық жағынан күрделі емес объектілерді қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша тексеруі кезіндегі мерзімдерді бір күн ішінде 4 сағатқа дейін қысқартуды;
үлгілік және қайталап қолданылатын жобаларға арналған ЖСҚ-ның құрылыс сараптамасы шеңберінде салалық сараптамалар (экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік қауіпсіздік, энергиямен жабдықтау) жүргізуді алып тастауды;
жұмыс және мемлекеттік қабылдау комиссиясын таратуды және олардың функцияларын 2015 жылғы 1 шілдеден бастап дербес жауапкершілік жүктелетін тәуелсіз сарапшыларға беруді;
елді мекендер үшін кейіннен жер учаскелерінің функционалдық мақсаттағы 3 типін (тұрғын-үй, әлеуметтік және коммерциялық) енгізе отырып, жер учаскелерінің нысаналы мақсаттағы 46 түрі бойынша жіктеуішті толығымен жоюды, сондай-ақ бас жоспарға сәйкес елді мекендердің жерлерін кеңейту және мемлекеттің мұқтаждықтары үшін алып қою жағдайларын қоспағанда, ауыл шаруашылығы мақсатындағы арналған жерлерді басқа санатқа ауыстыруға тыйым салуды енгізуді;
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап санэпидқадағалау саласында жаңа тәуекелдерді бағалау жүйелеріне көшіре отырып, кәсіпкерлерге қатысты жоспарлы тексерулерді жоюды:
1-кезең (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап): бақылау объектілерінің санын 60 %-ға қысқарту; жоғары эпидемиологиялық маңыздылығын тексеруді - 3 есе және орташаны - 2 есе қысқарту;
2-кезең (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап): камералды бақылауды, аудитті немесе сақтандыруды енгізу және HASSP қағидаты бойынша тексерулердің баламасы ретінде өндірістік бақылауды енгізуді;
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап тексерулердің баламасы ретінде Қазақстан Республикасының бақылау және қадағалау саласындағы заңнамасында көзделген негіздерде жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, тәуекел дәрежесі болмашы объектілерге тексеру жүргізуді тоқтату жөніндегі нормаларды енгізе отырып, өртке қарсы қызметтің бақылау қызметін қайта ұйымдастыруды, ал тәуекел дәрежесі жоғары және орта объектілер үшін аудит немесе сақтандыруды қолдануды көздейтін заң жобасын Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізу

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

ҰЭМ, ИДМ

ҰЭМ, Энергетикамині, ИДМ, ДСӘДМ, мүдделі мемлекеттік органдар

ҰЭМ,
Әділетмині, ИДМ

ҰЭМ,
Әділетмині,ИДМ

ҰЭМ,
Қаржымині,
АШМ

ҰЭМ,
Қаржымині

ҰЭМ,
Қаржымині

ҰЭМ,
Әділетмині

ҰЭМ,
Қаржымині

ҰЭМ,
Қаржымині

ҰЭМ, ИДМ,
ДСӘДМ

ҰЭМ,
Әділетмині,
ҰБ (келісім
бойынша)

ҰЭМ,
Әділетмині

ҰЭМ, ДСӘДМ

ҰЭМ,
Энергетикамині, ИДМ

ҰЭМ

ҰЭМ

ҰЭМ

ҰЭМ, ІІМ

2014 жылғы қыркүйек

3.

2017 жылға қарай мемлекеттік сараптама қызметтерінің 50 %-ын бәсекелес ортаға бере отырып, жобаларға құрылыс сараптамасын жүргізу нарығын ырықтандыруды жүргізуді реттейтін заң жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құрылыс объектілерін жобалау саласындағы сараптамалық қызметті реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

ҰЭМ

2015 жылғы мамыр

4.

Жартыжылдық негізде нақты нәтижелер туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат енгізе отырып, 2017 жылға дейін мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жақсарту мақсатында «электронды үкімет» тұғырнамасында қолданыстағы барлық мемлекеттік жүйелер мен дерекқорларды ықпалдастыруды қамтамасыз ету

ҰЭМ-не ақпарат

ИДМ, Әділетмині, АШМ, ІІМ, Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

жартыжылдық негізде

5.

Барлық рұқсаттарға elicense.kz функционалын 2014 жылдың соңына дейін кеңейту

ҰЭМ-не ақпарат

ИДМ, ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2014 жылғы желтоқсан

6.

Қазақстан Республикасының Үкіметіне:
1) бәсекелестікті кеңейту мақсатында нормаларды, бизнес-қоғамдастықтың рөлін арттыруды және бір көзден сатып алу мүмкіндігін шектеуді;
2) жергілікті өзін-өзі басқару органдарының 10 млн. теңгеге дейінгі сатып алуларын мемлекеттік сатып алу рәсімдерінен шығаруды;
3) кәсіпкерлерді өздерінің біліктілігін растайтын құжаттарды үнемі тапсырудан босатуды;
4) жылдық айналымы 8 млн. теңгеден аспайтын тауарлардың кішігірім топтамасын сату мақсатында микробизнес үшін электронды дүкен жасауды көздейтін «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң жобасын енгізу

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар

2014 жылғы қазан

7.

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосылатын электронды декларациялау және е-лицензиялау ақпараттық жүйелерімен ықпалдастыру арқылы экспорттық-импорттық операциялар бойынша «бір терезе» қағидатын енгізу

НҚА жобасы

Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар

2015 жылғы желтоқсан

8.

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап кедендік декларациялаудан кейін тауарларды сертификаттау қағидатын енгізуге өту:
1) кедендік рәсімдер, сертификаттау және сертификатталмаған тауарларды әкелгені және өткізгені үшін СЭҚ қатысушыларының жауапкершілігін қатаңдату мәселелерін реттейтін заң жобасын Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізу;
2) сертификаттаудан өтуден жалтарған импорттаушыларды анықтау үшін кедендік бақылау органдарының СЭҚ қатысушылары туралы дерекқормен және техникалық реттеу органдары берген сертификаттар мен декларациялар тізілімімен ықпалдастырылған тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесін 2015 жылғы 1 шілдеге дейін әзірлеу және құру және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап кедендік декларациялаудан кейін тауарларды сертификаттауға толық өту

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
ҰЭМ-не ақпарат

ҰЭМ, ИДМ, Қаржымині

ҰЭМ, ИДМ, Қаржымині

2014 жылғы қыркүйек

2015 жылғы маусым

9.

Екінші деңгейдегі банктердің аккредитив ашу кезінде талап етілетін құжаттар тізбесін қысқартуды және аккредитивтерді ашуы үшін өтініштерді қарау мерзімдерін белгілеуді көздейтін нормативтік құқықтық актіні қабылдау

НҚА жобалары

ҰБ (келісім бойынша)

2014 жылғы желтоқсан

10.

2014 жылдың соңына дейін ҰКП беретін шығу тегі сертификаттарын алу құнын КО мемлекеттеріндегі құн деңгейіне дейін төмендету бойынша шаралар қабылдау

ҰЭМ-не ақпарат

ҰКП (келісім бойынша), ҰЭМ

2014 жылғы желтоқсан

11.

2014 жылдың соңына дейін жүк тасымалдау құнын төмендету бойынша шаралар әзірлеу

ҰЭМ-не ақпарат

ИДМ, ҰЭМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), ҰҚП (келісім бойынша)

2014 жылғы желтоқсан

12.

Кедендік және салық қызметтерінің объектілерін энергиямен қамтамасыз етудің бірінші санатына ауыстыру

ҰЭМ-не ақпарат

ҰЭМ, Қаржымині

2014 жылғы желтоқсан

13.

2014 жылдың соңына дейін жүктерді кедендік рәсімдеудің нақты мерзімдерін белгілеу және олардың сақталуын бақылау бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

НҚА жобасы

Қаржымині

2014 жылғы желтоқсан

14.

Атқару әрекеттерін орындау саласында электрондық құжат айналымын құру мәселесін пысықтау

ҰЭМ-не ақпарат

Әділетмині

2014 жылғы желтоқсан

15.

Ұйымдық-құқықтық нысаны – қазыналық кәсіпорындарды тарата отырып, мемлекеттік кәсіпорындарды оңтайландыруды көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік меншіктің құрылымын реформалау бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу

ВАК хаттамасы

ҰЭМ, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар, «Самұрық- Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

2014 жылғы желтоқсан

16.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өңірлік құрылымдық ведомстволары базасындағы жобаны іске асыру қорытындысы бойынша кейін оларды күтіп-ұстау бойынша функцияларды жеке кәсіпкерлік субъектілеріне бере отырып, құқық қорғау органдарын қоспағанда, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелеріне бекітілген ғимараттар мен автокөлік құралдарының бірыңғай теңгерім ұстаушылары ретінде ММЖК-нің аумақтық бөлімшелерін айқындау бойынша мәселені пысықтау

ҰЭМ-не ақпарат

Қаржымині

2015 жылғы желтоқсан

17.

Қазақстан Республикасының Үкіметіне «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын енгізу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2014 жылғы қараша

18.

2016 жылғы 1 қаңтарға дейін хабарландыру тәртібіне ауыстыру арқылы рұқсаттар санын одан әрі 50 % қысқартуға және өзін-өзі реттеуді қолдануға бағытталған заң жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2015 жылғы наурыз

19.

Заңнамаға құжаттардың түпнұсқасын және жай көшірмесін ұсына отырып, олардың көшірмесін міндетті нотариалды куәландыруды барынша алып тастауды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу

НҚА жобалары

Әділетмині, мүдделі мемлекеттік органдар

2014 жылғы желтоқсан

20.

Заңнамаға мыналарды:
1) 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін құрылысқа рұқсат алу кезінде рәсімдердің (құжаттардың) мерзімі мен санын 34 күнге және 10 рәсімге дейін (18-орындағы Оңтүстік Кореяның деңгейіне дейін) қысқартуды, оның ішінде:
ШОБ объектілерін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау жүйелеріне қосуға техникалық шарттар беруді 5 жұмыс күніне дейін, сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне - 2 жұмыс күніне дейін;
техникалық тұрғыдан күрделі емес, өндірістік мақсаттағы әлеуетті түрде қауіпті емес объектілерге жеке құрылыс сараптамасын жүргізуді - күнтізбелік 7 күнге дейін;
алғашқы тексеріп қарау күрделілігі бірінші санатқа жататын жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорт дайындау кезінде – 20-дан 5 жұмыс күніне дейін және мемлекеттік тіркеу кезінде - 5-тен 2 жұмыс күніне дейін қысқартуды
2) IV санаттағы (ШОБ обьектілері) қоршаған ортаға эмиссиялар жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу туралы талапты алып тастау бөлігінде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің талаптарын іске асыруды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу

«Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 107 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасы
«Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техникалық-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасы
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1586 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасы
НҚА жобасы

ҰЭМ, Энергетикамині

ҰЭМ

Әділетмині, ҰЭМ

Энергетикамині, ҰЭМ

2014 жылғы қараша

2014 жылғы қыркүйек

2014 жылғы желтоқсан

2014 жылғы қазан

21.

Кеден одағының Халықаралық сәйкестік сертификаттарын тану тұрғысынан техникалық реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісіміне өзгерістер енгізуге бастама жасау

ҰЭМ-не ақпарат

ИДМ, ҰЭМ

2014 жылғы қараша

22.

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одақта тиісті фармацевтикалық практика стандарттарына сәйкес келетін дәрілік заттардың ортақ нарығын қалыптастыру шеңберінде халықаралық сертификаттар сәйкестігін тану

ҰЭМ-не ақпарат

ДСӘДМ

2015 жылғы желтоқсан

23.

Пайдалану мерзімі 7 жылға дейін, коммерциялық емес мақсатта пайдаланылатын жеке автокөлікті техникалық қарап тексеруді алып тастауды, сондай-ақ көлік құралдарын жүргізуге сенімхатты жоюды көздейтін заң жобасын Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

ҰЭМ, ІІМ, ИДМ, ҰБ (келісім бойынша)

2014 жылғы қыркүйек

24.

Мыналарға:
1) салықтық тексерулерге балама ретінде аудиторлық қорытынды ала отырып, аудиторлық тексерулер енгізуге;
2) ҚҚС төлемейтін ДК-ні оңайлатылған түрде таратуды енгізуге;
3) аудиторлық ұйымдардың қорытындылары негізінде салық төлеушілерді ерікті түрде таратудың (тарату салықтық тексеруін жүргізбей) оңайлатылған тәртібін енгізуге;
4) салықтық және кедендік әкімшілендіру кезінде тәуекелдерді басқару жүйесінің келісілген әдіснамасын енгізуге бағытталған заң жобасын Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізу және 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін ұйымдастыру шараларын өткізу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
НҚА жобасы

ҰЭМ, Қаржымині

Қаржымині

2014 жылғы қыркүйек

2014 жылғы желтоқсан

25.

ХҚО арқылы салықтық өтініштерді қабылдауды қамтамасыз ету, бұл ретте құжаттарды өңдеуді салық органдарына қалдыру

ҰЭМ-не ақпарат

Қаржымині, ИДМ

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап

26.

Кепіл құқығын болашақ түсімдер мен аталған кепілден туынды өнімдерге аудару мәселесін пысықтау

ҰЭМ-не ақпарат

ҰБ (келісім бойынша), Әділетмині, ҰЭМ

2014 жылғы желтоқсан

27.

2025 жылға дейінгі жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізу

Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы

МҚІСҚА (келісім бойынша), ҰЭМ

2014 жылғы қараша

28.

2020 жылға дейін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттер тобына (ЖКМГ) кіруі және Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік пен сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы конвенцияға қосылу мәселесін пысықтау

ҰЭМ-не ақпарат

МҚІСҚА

жартыжылдық негізде

29.

2017 жылғы 1 қаңтардан бастап халықтың кірістері мен шығыстарын жалпыға бірдей декларациялауға көшуді көздейтін заң жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Қаржымині, ҰЭМ

2015 жылғы қыркүйек

30.

Мыналар:
1) сыбайлас жемқорлық профилактикасы және оның алдын алу;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жәрдемдесетін адамдарға қол сұғылмаушылық пен қауіпсіздік кепілдігін қамтамасыз ету тетігін енгізу басымдығы болатын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

МҚІСҚА (келісім бойынша)

2015 жылғы желтоқсан

31.

Мыналарды:
1) бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз етуді және жол жүрісін қолмен реттеуді және жедел-іздестіру іс-шараларын қоспағанда, кейін кезең-кезеңмен автопатрульдеу әдісіне көше отырып жол-патрульдік полицияны техникалық жарақтауды;
2) 2017 жылдан бастап таяқшаларды қолданудан толық бас тартуды көздейтін нормативтік құқықтық актіні әзірлеу

НҚА жобасы

ІІМ, Қаржымині

2014 жылғы желтоқсан

32.

ІІМ жүйесінде, кеден қызметі органдарының және шекара қызметінің шекаралық бақылау бөлімшелерінде бейне жазбаны өз бетінше қосуды және өшіруді болдырмайтын техникалық сипаттамаларды көздей отырып, қызмет атқару кезінде бейнетіркегіштерді пайдалануды енгізуге бағыталған нормативтік құқықтық актіні әзірлеу

НҚА жобасы

ІІМ, Қаржымині, ҰҚК (келісім бойынша)

2014 жылғы желтоқсан

33.

ІІМ-ді бейнебақылау құралдарымен техникалық жарақтандыру бағдарламасының кеңеюіне байланысты әкімшілік полиция санын қысқарту

ҰЭМ-не ақпарат

ІІМ, ҰЭМ, МҚІСҚА (келісім бойынша)

2015 жылғы желтоқсан

34.

ТЖМ функцияларының ІІМ-ге берілуіне байланысты азаматтар үшін ден қоюдың бірыңғай қызметін құруды (АҚШ-тағы 911 қызметіне ұқсас) көздейтін нормативтік құқықтық актіні әзірлеу

НҚА жобасы

ІІМ, ДСӘДМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2015 жылғы қазан

35.

Заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жүргізіліп жатқан реформалар бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын қабылдау

ҰЭМ-не ақпарат

ИДМ, ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2014 жылғы желтоқсан

36.

Мемлекеттік емес ұйымдарды қоғамдық пікірді зерделеу және «кері байланыс» орнату үшін тарту

ҰЭМ-не ақпарат

МСМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2014 жылғы желтоқсан

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ҰЭМ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

ИДМ

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Әділетмині

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

Қаржымині

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

Энергетикамині

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

ДСӘДМ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

АШМ

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

МСМ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

ТЖМ

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

ІІМ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

МҚІСҚА

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

ЖС

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

ҰБ

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

ҰҚК

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

ММЖК

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті

ҰКП

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

СЭҚ

сыртқы экономикалық қызмет

ТЭН

техникалық-экономикалық негiздеме

ЖСҚ

жобалау-сметалық құжаттама

ҚҚС

қосылған құн салығы

КО

Кеден одағы

НҚА

нормативтік құқықтық акті

ХҚО

халыққа қызмет көрсету орталығы

ВАК

заң жобалау қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссия

ДК

дара кәсіпкер

ШОБ

шағын және орта бизнес

АҚШ

Америка Құрама Штаттары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады