"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 1051 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
 
 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

К.Мәсімов

      Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 78, 81-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат, № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 11, 67-құжат, 2014 жылғы 9 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы, 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 140-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Жұмыс берушілер білім туралы заңнамаға сәйкес практикадан өту базасы ретінде білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен өндірістік практикадан өту үшін орындар береді және қауіпсіз жағдайлар жасайды.»;
      2. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж. № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат, № 10, 52-құжат; 2014 жылғы 9 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-бапта:
      1) тармақша алынып тасталсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) бакалавр - жоғары білімнің тиісті кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін дәреже;»;
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) бакалавриат - кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары тиісті мамандық бойынша «бакалавр» дәрежесі беріле отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары білім;»;
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) Дуальді оқыту - оқу орнында оқытуды жұмыс беруші мен оқу орнының екіжақты жауапкершілігі арқылы кәсіпорында өндірістік оқыту мен практиканың міндетті кезеңдерімен үйлестіруді көздейтін кадрлар даярлау нысаны;»;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) «Болашақ» халықаралық стипендиясы - Қазақстан Республикасы азаматтарының күндізгі оқу нысаны бойынша шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында оқуы немесе Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия айқындайтын қызметкерлердің шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын стипендия;»;
      17-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «17-1) жоғары оқу орындарының ерекше мәртебесі - білім беру мазмұны және білім беру қызметін ұйымдастыру саласында осы Заңда көзделген құқықтарды беретін білім беру ұйымының жұмыс істеуінің ерекше режимі;»;
      18-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «18-4) докторантура - кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі беріле отырып, ғылыми және педагог кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейі;»;
      мынадай мазмұндағы 21-4) тармақшамен толықтырылсын:
      «21-4) әскери, арнаулы оқу орындары - арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына, қорғаныс саласындағы және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдарға ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары;»;
      41) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «41) магистр - магистратураның кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін дәреже;»;
      41-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «41-2) магистратура - кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары тиісті мамандық бойынша «магистр» дәрежесі беріле отырып, ғылыми, педагог, кәсіби кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейі;»;
      47) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «47) оқу жоспары - білім берудің тиісті деңгейін оқытатын оқу пәндердің (модульдерінің), практиканың, білім алушылардың өзге де оқу қызметі түрлерінің тізбесі мен көлемін (еңбек қажеттілігін), оларды зерделеу тәртібі мен бақылау нысандарын регламенттейтін құжат;»;
      мынадай мазмұндағы 53-3) және 53-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      «53-3) кадет - әскери, арнаулы оқу орнында техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша білім алушы адам;
      53-4) тыңдаушы - (қосымша білім және дайындық бөлімдерінде білім беру бағдарламалары бойынша білім беру ұйымында білім алушы адам;»;
      57) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «57) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор - тиісті мамандықтар бойынша докторантураның кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін дәреже;»;
      2) 4-бапта:
      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) Қазақстан Республикасының Президентіне адам тәрбиесіне, оқуына және кәсіптік қалыптасуына аса зор үлес қосқан жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы ұсыныс енгізеді және Жоғары оқу орындарының ерекше мәртебесі туралы ережені бекітеді;»;
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісу бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясын беру үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекітеді және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындайды;»;
      мынадай мазмұндағы 29-12) тармақшамен толықтырылсын:
      «29-1) шетелде кадрлар даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының («Болашақ» стипендиясының әкімшісі) халықаралық бағдарламалары бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын ұйымды айқындайды;
      3) 5-бапта:
      2-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-1) мамандықтар бөлінісінде жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуді бекітеді;»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) білім берудің тиісті деңгейлерінің жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу мекемелерінің үлгілік оқу бағдарламаларын және үлгілік оқу жоспарларын қоспағанда, білім берудің барлық деңгейінің үлгілік білім беру бағдарламаларын және үлгілік оқу жоспарларын бекітеді;»;
      6-1) тармақша алынып тасталсын;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мыналарды:
      мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің;
      арнайы және мамандандырылған білім берудің;
      техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің;
      жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің (медициналық және фармацевтік білім беруді қоспағанда) білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізеді;»;
      мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «21-1) білім беру туралы құжаттарды (түпнұсқаларды) апостильдеу рәсімін жүзеге асырады;»;
      25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «25) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылықты жүзеге асырады және жүргізуді үйлестіреді, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың және жүзеге асырудың қағидаларын, оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидаларын және қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 29-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «29-2) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар (ғылыми жарыстар) конкурстарына қатысушылар құрамын қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 36-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «36-2) ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылған басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;»;
      46-9) тармақша алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 46-10), 46-11), 46-12) тармақшалармен толықтырылсын:
      «46-10) Экстернат нысанында оқыту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      46-11) кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базасы ретінде ұйымды айқындау тәртібін бекітеді;»;
      46-12) мүдделі мемлекеттік органдармен бірге Дуальді оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы баптың 11), 14), 20), 34) тармақшаларында көзделген білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті әскери, арнаулы оқу орындарына қолданылмайды.»;
      4) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:
      «5-1-бап. Өздеріне ведомстволық бағынысты әскери, арнаулы оқу орындарына қатысты мемлекеттік басқару функцияларын атқаратын мемлекеттік органдардың құзыреті
      Өздеріне ведомстволық бағынысты әскери, арнаулы оқу орындарына қатысты мемлекеттік басқару функцияларын атқаратын мемлекеттік органдар мынадай өкілеттіліктерді жүзеге асырады:
      1) ведомстоволық бағынысты білім беру ұйымдары қызметінің қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      2) білім беру саласындағы құзыретті органмен келісу бойынша ведомстоволық бағынысты білім беру.ұйымдарындағы білім беру қызметін ұйымдастырудың қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      3) ведомстоволық бағынысты білім беру ұйымдарында оқу жылының басталу және аяқталу мерзімін айқындайды;
      4) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша үлгілік оқу жоспарларын және үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді;
      5) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті деңгейдің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ведомстоволық бағынысты білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      6) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ведомстоволық бағынысты білім беру ұйымдарының білім алушыларының практикадан, тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру және олардан өтуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      7) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ведомстоволық бағынысты білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген адамдары лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын әзірлейді және бекітеді;
      8) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және техникалық еңбектің тиісті мамандықтары мен біліктіліктері бойынша біліктілік беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      9) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ведомстоволық бағынысты білім беру ұйымдарының профессорлар-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерін лауазымға тағайындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      10) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді.»;
      5) 6-бапта:
      24-5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «24-5) облыстық деңгейдегі әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;»;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін білім беру бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған және арнаулы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;»;
      25-8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «25-8 әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;»;
      4-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;»;
      4-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;»;
      6) 8-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекет Қазақстан Республикасы азаматтарының тегін мектепалды, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, түлектерге жұмыс біліктілігінің белгіленген және жоғарылатылған деңгейін бере отырып, техникалық және кәсіптік білім алуын, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың оқу орындарын және құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарын қоспағанда, егер азамат осы деңгейлердің әрқайсысында бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуын қамтамасыз етеді.»;
      4-тармақтың екінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) кәмелетке толмаған бейімдеу орталықтарындағы балалар;»;
      7) 14-баптың 7-тармағы алынып тасталсын;
      8) 16-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігі алынып тасталсын;
      2-тармақтың бесінші бөлігі алынып тасталсын;
      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бейіндік оқытуды енгізе отырып, білім беру мазмұнын саралау, интеграциялау және кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленеді.»;
      9) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «21-бап. Жоғары білім берудің білім беретін бағдарламалары
      1. Жоғары білім берудің білім беретін бағдарламалары біліктілік және (немесе) «бакалавр» дәрежесін бере отырып мамандар даярлауға, олардың кәсіптік даярлығының деңгейін дәйектілікпен арттыруға бағытталған.
      «Бакалавр» дәрежесі беріліп, жоғары білім берудің білім беретін бағдарламасы бойынша оқу бітірген адамдар біліктілік талаптарында жоғары білімі болуы көзделген лауазымдарды атқара алады.
      2. Жоғары білім берудің білім беретін бағдарламаларының мазмұны жалпы білім беретін пәндер циклын, базалық пәндер циклын, бейіндеуші пәндер циклын зерделеуді, сондай-ақ тиісті мамандықтар бойынша кәсіптік практикадан өтуді көздейді.
      Жоғары білім берудің білім беретін бағдарламалары міндетті құрамдас бөліктен және таңдау бойынша құрамдас бөліктен тұратын пәндерді қамтиды. Білім алушының таңдауы бойынша құрамдас бөліктен тұратын пәндер әрбір циклде міндетті құрамдас білікті пәндерді мазмұндық толықтыруы тиіс.
      3. Жоғары білім берудің білім беретін бағдарламаларын игеру мерзімі мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандартымен айқындалады және кемінде 4 жыл болуға тиіс.
      4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар азаматтар үшін жоғары оқу орындары оқыту мерзімін қысқартуды көздейтін білім беретін бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады.
      5. Интернатураның кәсіптік білім беру бағдарламасын игеру денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган тізбесін бекітетін клиникалық мамандықтар бойынша жоғары медициналық білім алған азаматтарды клиникалық практикаға жіберудің міндетті шарты болып табылады.
      Интернатура туралы ережені денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
      10) 22-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беретін бағдарламалары жоғары білікті ғылыми және педагог кадрлар даярлауға, олардың ғылыми және педагогтік даярлық деңгейін дәйектілікпен арттыруға бағытталған.
      2. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік білім беретін бағдарламаларының мазмұны: базалық және бейіндік пәндерді қамтитын теориялық оқытуды; пракиканы; диссертация жаза отырып ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді көздейді.
      11) 26-бапта:
      5-тармақтың 3) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздарының, сондай-ақ өздері таңдаған мамандықтары олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәніне сәйкес келген жағдайда, жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы оқу жылында Президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстары (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздарының басым құқығы бар.»;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Оқуға түскен адамдармен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үлгі нысанын білім беру саласындағы (әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда) уәкілетті орган бекітетін шарт жасасады.»;
      12) 28-бапта:
      2-тармақтың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау оқу-тәрбие процесінің оқу жылына арналған графигі мен теориялық және практикалық сабақтардың кестесін бекіту арқылы жүзеге асырылады.
      Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы оқу және тәрбие жұмыстарының есебі теориялық және өндірістік оқытудың есепке алу журналдарын және оқу бағдарламаларының оқу сағаттарында орындалуын есепке алу табельдерін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.»;
      мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Жоғары оқу орындарында оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жылына арналған академиялық күнтізбені және оқу сабақтары кестесін бекіту жолымен жүзеге асырылады.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Білім беру ұйымдары білім алушылардың білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруін бақылау мақсатында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды және оларды аралық аттестаттауды жүзеге асырады.
      Білім беру ұйымдары білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды және оларды аралық аттестаттауды жүргізу нысандарын, тәртібін және мерзімділігін таңдауда дербес болады.»;
      13) 29-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылық жасау:
      жалпы орта білім беру ұйымдарында - облыстық, республикалық маңызы бар қалалық және астаналық әдістемелік кабинеттерге және аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттеріне;
      техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында облыстық, республикалық маңызы бар және астананың білім беру басқармасы органдарының әдістемелік кабинеттеріне жүктеледі.»;
      14) 31-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. 1-сыныпқа оқуға оқу жылының басында алты жасқа толған балалар қабылданады.»;
      15) 32-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардағы оқу процесі оқу-өндірістік шеберханаларында, оқу шаруашылықтары мен оқу полигондарында өндірістік оқыту шеберінің басшылығымен орындалатын, сондай-ақ тікелей өндірістегі және тиісті бейіндегі ұйымдардағы теориялық сабақтарды және өндірістік оқытуды қамтиды.»;
      16) 33-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламалары негізгі түрі колледж, жоғары техникалық мектеп болып табылатын білім беру ұйымдарында іске асырылады.»;
      17) 36-бапта:
      2-тармақтың екінші бөлігі алынып тасталсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Кадрларды магистратурада даярлау жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары негізінде:
      1) екі жылдық оқу мерзімімен ғылыми және педагогтік;
      2) кемінде бір жыл оқыту мерзімімен бейіндік болып екі бағытта жүзеге асырылады.»;
      18) 37-бапта:
      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ересектерге білім беруді білім беру ұйымдары, сондай-ақ қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар жүзеге асырады, ал арнаулы мемлекеттік органдарға алынуға үміткер адамдарды оқыту арнаулы органдарға ведомстволық бағынысты оқу орындарында жүзеге асырылады.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында, ғылыми ұйымдарда, біліктілікті арттыру институттарында, өндірісте және «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдамадан өту кезінде жүзеге асырылады.»;
      19) 38-бап мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
      «6. Білім алушылардың өндірістік практикасы жоғары білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқудың екінші курсынан бастап өтуі міндетті кәсіптік практиканың құрамдас бөлігі болып табылады.
      7. Осы баптың талаптары, егер ведомстволық бағынысты әскери, арнаулы оқу ұйымдарына қатысты мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдары басшыларының нормативтік құқықтық актілерінде өзгеше көзделмесе, әскери, арнаулы оқу ұйымдарына қолданылады.»;
      20) 39-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беретін оқу бағдарламаларының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында мамандандырылған аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары азаматтарға аккредиттелген білім беретін оқу бағдарламалары (мамандықтар) бойынша білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарды береді.»;
      21) 40-баптың 4-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары;»;
      22) мынадай мазмұндағы 40-1-баппен толықтырылсын:
      «40-1-бап. Жоғары оқу орнының ерекше мәртебесі
      1. Ерекше мәртебесі бар білім беру ұйымы:
      1) бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларын өз бетінше әзірлеуге және іске асыруға;
      2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес ағымдағы, аралық және қорытынды аттестаттау қағидаларын өз бетінше айқындауға;
      3) профессорлар-оқытушылар құрамына білім алушылардың арақатынасын осы Заңның 52-бабының 8-тармағында белгіленген нормалар шегінде өз бетінше белгілеуге;
      4) PhD докторы/бейіні бойынша доктор дәрежесі мен атақтар беруге;
      5) профессорлар-оқытушылар құрамның біліктілік сипаттамаларын өз бетінше белгілеуге;
      6) білім беру қызметтерін көрсету шартының нысанын өз бетінше бекітуге;
      7) өз бетінше әзірлеген оқу жүктемесінің нормалары, еңбекақы төлеу нысандары мен мөлшерінің негізінде білім беру қызметін жүзеге асыруға құқылы.»;
      23) 43-бапта:
      3-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;»;
      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «17) жоғары оқу орындарында білім алушыларға «бакалавр» және «магистр» дәрежелерін беру;»;
      24) 45-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Әскери, арнаулы оқу ұйымдарының басшылары мен профессорлар-оқытушылар құрамын лауазымға тағайындау тәртібін және олардың еңбек жағдайларын оларға ведомстволық бағынысты әскери, арнаулы оқу орындарына қатысты мемлекеттік басқару функцияларын орындайтын мемлекеттік органдар айқындайды.»;
      25) 45-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Кәсіптік білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік білім беру жүйесінің қызметі нәтижелерінің барабарлығын арттыруға, экономика салалары мен жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне кадрларды даярлау деңгейін жақындатуға, дуальді оқыту негізінде оқытудың өндіріспен байланысын нығайтуға, қаржыландырудың қосымша көздерін, оның ішінде жұмыс берушілердің қаражаты есебінен тартуға бағытталған.»;
      26) 47-бапта:
      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Білім алушыларға оқушылар, кадеттер, курсанттар, тыңдаушылар, студенттер, магистранттар, интерндер және докторанттар жатады.»;
      6-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6-2. Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) соңғы үш жылдағы жеңімпаздары (жалпы орта білім туралы үздік аттестат және жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер түлектерді қоспағанда) білім беру саласындағы уәкілетті орган қорытынды бағаларды сертификаттар балына ауыстыру негізінде берген ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері туралы сертификаттар алады. Білім алушының жылдық бағаларын сертификаттар балына ауыстыруға арналған шәкілді білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
      17-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жұбайы (зайыбы) бос орынды ұсынған елді мекенде тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өткеретін адамдар;»;
      17-2 тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жұбайы (зайыбы) тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өткеретін елді мекенде бос орын болмаған жағдайдағы адамдарға;»;
      27) 50-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері әскери, арнаулы оқу орындарының азаматтық қызметшілер, әскери және арнаулы атақтары бар әскери қызметшілерін қоспағанда, азаматтық қызметшілер болып табылады.»;
      28) 52-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Мемлекеттік білім беру тапсырысын айқындау кезінде мемлекеттік жоғары оқу орындары профессорлар-оқытушылар құрамының жалпы саны мынадай орташа арақатынасты негізге ала отырып есептеледі:
      1) студенттер мен оқытушылар (бір оқытушыға шаққандағы студенттердің орташа саны) тиісінше:
      күндізгі оқу нысаны үшін - 8:1 (медициналық жоғары оқу орындары үшін - 6:1);
      кешкі оқу нысаны үшін - 16:1;
      сырттай оқу нысаны үшін - 32:1;
      2) магистранттар және оқытушылар - 4:1;
      3) докторанттар және оқытушылар - 3:1.
      Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген нормалар әскери және арнаулы оқу орындарына қолданылмайды.»;
      29) 55-бапта:
      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Оқу жетістіктерін сырттай бағалау білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және білім алушылардың жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген оқу пәндерінің көлемін меңгеру деңгейін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Оқу жетістіктерін сырттай бағалау бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және жоғары білім беру ұйымдарында:
      1) бастауыш мектепте (4-сынып) - оқу жетістіктерін мониторингілеу мақсатында іріктеліп;
      2) негізгі мектепте (9 (10) сынып) - оқу жетістіктерін мониторингілеу және оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау мақсатында іріктеліп;
      3) жалпы орта (бейінді) мектепте - оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау мақсатында;
      4) жоғары білім беруде-оқыту бағыты бойынша оқу бағдарламаларын меңгеруді мониторингілеу мақсатында іріктеліп жүргізіледі.»;
      30) 56-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) оқу мерзімі»;
      31) 59-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау мемлекеттің білім алуға деген құқықты қамтамасыз етуге және білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың өздері жүзеге асыратын білім беру қызметінің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы және лицензиялау туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін сақтауға бағытталған және оны білім беру саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.»;
      4-тармақтың үшінші бөлігі алынып тасталсын;
      32) 60-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) білім беру ұйымына тексеру нәтижелері туралы актіні оны аяқтаған күні беруге;»;
      33) 61-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) демеушілік және қайырымдылық көмек, өтемсіз аударымдар мен қайырмалдықтар, гранттар, құрылтайшылардың нысаналы салымдары, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер.»;
      34) 62-баптың 5-1-тармағы алынып тасталсын.
      3. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 31-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; 2014 жылғы 9 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы, 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-бапта:
      1) тармақша алынып тасталсын.
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) курсант - арнаулы (әскери), оның ішінде шет мемлекеттердің оқу орындарында жоғары білім берудің білім беретін бағдарламалары бойынша білім алатын қызметкерлер;»;
      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «13-1) магистранттар және докторанттар - арнаулы (әскери) оқу орындарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын қызметкерлер;»;
      2) 6-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері қызметін осы Заңның 7, 12, 15 - 19, 22, 24, 29 - 37-баптарында, 5, 6, 7 және 9-тарауларында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының әскери қызмет туралы заңнамасына сәйкес өткереді.»;
      3) 10-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға түсуге:
      1) жоғары білім берудің білім беретін бағдарламалары бойынша:
      әскери қызмет өткермеген, оқуға түсетін жылы он жеті жасқа толған, бірақ жиырма бір жастан аспаған азаматтардың;
      оқуға түсетін жылы жиырма төрт жасқа толмаған, әскери қызмет не арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген азаматтардың және шақыру бойынша мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтардың;
      оқуға түсетін жылы жиырма бес жасқа толмаған, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілердің не арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеріп жүрген қызметкерлердің;
      2) оқу мерзімі қысқартылған жоғары білім берудің білім беретін бағдарламалары бойынша әскери, арнаулы атағы, офицерлік құрамның дәрежелі шені бар адамдарды қоспағанда, оқуға түсетін жылы кемінде жиырма екі жасқа толған жоғары білімі бар азаматтардың;
      3) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша офицерлік құрам қатарынан, жоғары білімі бар қызметкерлер мен әскери қызметшілердің құқығы бар.
      2. Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын арнаулы (әскери) оқу орындарына қабылдау тәртібін, егер арнаулы мемлекеттік органдар туралы заңнамада өзгеше айқындалмаса, арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары негізінде белгілейді.»;
      4) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «12-бап. Қызметкерлерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру
      1. Қызметкерлерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру арнаулы мемлекеттік органдардың арнаулы (әскери) оқу орындарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің басқа да білім беру ұйымдары мен мекемелерінде жүзеге асырылады.
      2. Білім алушылардың контингентін қалыптастыру, қызметкерлерді қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру және өткізу тәртібін арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайды.»;
      5) 17-баптың 1-тармағында:
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен қайта даярлықтан өтуіне және біліктілігін арттыруына;»;
      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-1) арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен тағылымдамадан өтуіне;»;
      6) 27-бапта:
      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) офицерлік құрамның арнаулы атағы жоқ, жоғары білім берудің білім беретін бағдарламалары бойынша арнаулы (әскери) оқу орнын бітірген немесе оқыту мерзімі кемінде алты ай қосымша білім берудің білім беретін бағдарламалары бойынша оқу бітірген қызметкерге;»;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Кезекті арнаулы атақтар ағымдағы арнаулы атақтарда болудың белгіленген мерзімі өткеннен кейін және берілетін атақ мемлекеттік қызметшілерді даярлау жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің арнаулы (әскери) оқу орындарында, білім беру ұйымдарында оқыған қызметкер оқуға түсу алдында атқарған лауазымы бойынша арнаулы атаққа сәйкес болған кезде беріледі.»;
      7) 30-бапта:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Офицерлік құрамының атағы бар, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша арнаулы (әскери) оқу орнына білім алуға қабылданған қызметкер бұрынғы атқарған лауазымынан босатылады және магистрант немесе докторант лауазымына тағайындалады.
      Офицер құрамының атағы жоқ, арнаулы (әскери) оқу орнына қабылданған қызметкер бұрынғы атқарған лауазымынан босатылады және көрсетілген оқу орнында білім алушы адамдар үшін көзделген курсант лауазымына тағайындалады.
      Арнаулы (әскери) оқу орнына қабылданған азамат көрсетілген оқу орнында білім алушы адамдар үшін көзделген курсант лауазымына тағайындалады.»;
      7-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша арнаулы (әскери) оқу орындарын немесе мемлекеттік қызметшілерді даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарын бітірген қызметкерлер оқуды аяқтағаннан кейін бұрын атқарған лауазымынан төмен емес лауазымға тағайындалады.»;
      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «8-1. Профессорлар-оқытушылар құрамының және ғылыми қызметкерлердің штаттық лауазымдарына тиісті құрамның қызметкерлерін тағайындау мүмкін болмаған жағдайда олардың орнына қызметкерлер арасынан, оның ішінде уақытша уәкілетті органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен тағайындалуы мүмкін. Бұл ретте қызметкердің лауазымдық айлықақысы профессорлар-оқытушылар құрамы және ғылыми қызметкерлер атқаратын штаттық лауазым бойынша бекітіледі.
      Профессорлар-оқытушылар құрамының және ғылыми қызметкерлердің штаттық лауазымдарына уақытша тағайындалған қызметкерлер осы лауазымға тағайындалған кезде басқа штаттық лауазымға тағайындалады, ал көрсетілген лауазымға тағайындау мүмкін болмаған жағдайда белгіленген тәртіппен лауазымынан босатылады.»;
      8) 33-баптың 4-тармағының 6) тармақшасындағы «резервте болу жағдайларында штаттық емес лауазымдарда қызмет өткеруі мүмкін.» деген сөздер «резервте болу;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «7) Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында мемлекеттік қызметшілерді жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламлары бойынша даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқу үшін оқу демалысының берілуіне байланысты оқу жоспарында айқындалған мерзімге уәкілетті басшының қарамағында болу жағдайларында штаттық емес лауазымдарда қызмет өткеруі мүмкін.»;
      9) 45-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік қызметшілерді даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға түскен қызметкерлерге ақшалай үлесі сақталмайтын оқу демалысы беріледі және атқарып жүрген лауазымынан босатылып, уәкілетті басшының қарамағына есепке алынады.»;
      10) 56-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Арнаулы мемлекеттік органның басшысы және оның орынбасарлары аттестатталуға жатпайды.
      Жүктілігі мен босануы бойынша демалыстағы және 3 жасқа жеткенге дейінгі бала күтімі бойынша демалыстағы, Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік қызметшілерді даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде арнаулы (әскери) оқу орындарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беретін бағдарламалары бойынша оқу кезеңінде қызметкерлер аттестатталуға жатпайды. Олар қызметке шыққаннан кейін кемінде алты айдан соң және бір жылдан кешіктірілмей аттестатталады.
      Кемінде күнтізбелік 20 жыл үздіксіз қызмет өтілі бар қызметкерлер аттестаттық тестілеуден өтпейді.».
      2-бап. Осы Заң, 2019 жылы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағы 6) тармақшасының үшінші бөлігін қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады