Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары (бұдан әрi – Жалпыұлттық жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауының ережелері бойынша ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүйелi негiзде жүргiзудi қамтамасыз етсiн;
2) жыл сайын, жартыжылдық және жыл қорытындылары бойынша 25 қаңтарға және 25 шілдеге қарай Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы қарашадағы
№ Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол –
болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске
асыру жөніндегі
ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЖОСПАРЫ
Р/с № | Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Жауапты орындаушылар | Орындалу мерзімі |
---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. |
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 500 миллиард теңге мөлшеріндегі екінші траншты мына мақсаттарға: |
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес хаттамасының жобасы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы |
Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық банк |
2014 жылғы 17 қараша 2014 жылғы 17 қараша |
2. |
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан мына мақсаттарға: |
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес хаттамасының жобасы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы |
Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық Банк |
2014 жылғы 17 қараша 2014 жылғы 17 қараша |
3. |
2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферттерді көздеу |
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
Қаржымині, ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар |
2014 жылғы қараша |
4. |
Қазақстанның «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты шеңберінде мыналарды: |
Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы |
ҰЭМ, ИДМ, ЭМ, БҒМ, ДСӘДМ, Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша) |
2014 жылғы 30 желтоқсан |
5. |
2014 – 2016 жылдары жыл сайын 100 млрд. теңге мөлшерінде тамақ, химия өнеркәсібіндегі, машина жасаудағы, сондай-ақ көрсетілетін қызметтер саласындағы жобаларды қоса алғанда, өңдеуші өнеркәсіптегі ШОБ және ірі кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуді қамтамасыз ету және «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне ақпарат Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ҰЭМ, ИДМ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша) ҰЭМ, ИДМ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша) |
2017 жылға дейін жыл сайын, 10 қаңтарға және 10 шілдеге қарай 2015 жылғы қаңтар |
6. |
Банк секторын сауықтыру және «нашар» кредиттерді сатып алу үшін Проблемалық кредиттер қорын 250 млрд. теңге мөлшерінде қосымша капиталдандыруды қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне ақпарат |
Қаржымині, Ұлттық Банк, ҰЭМ |
2015 жылғы мамыр |
7. |
Жұмыс істеп тұрған арнайы экономикалық аймақтарды индустриялық жобалармен толықтыру бойынша шаралар қабылдай отырып, олардың инфрақұрылымын қалыптастыруды аяқтау |
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне ақпарат |
ИДМ, ҰЭМ, Қаржымині, ЭМ, Астана және Алматы қалаларының, Ақмола, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының әкімдері, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), «ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша) |
2020 жылға дейін жыл сайын, желтоқсан |
8. |
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрме аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің және сауда-ойын сауық орталығының құрылысын қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне ақпарат |
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), «ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша) |
2016 жылға дейін жыл сайын, желтоқсан |
9. |
Астана қаласы әуежайының жаңа терминалының құрылысын және ұшу-қону жолағын реконструкциялауды қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне ақпарат |
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісім бойынша), ИДМ, Астана қаласының әкімі |
2017 жылға дейін жыл сайын, желтоқсан |
10. |
Батыс Қытай – Батыс Еуропа; Астана – Алматы; Астана – Өскемен; Астана – Ақтөбе – Атырау; Алматы – Өскемен; Қарағанды – Жезқазған – Қызылорда; Атырау – Астрахань автожол магистральдарының жол учаскелерін салуды қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне ақпарат |
ИДМ, Қаржымині, ҰЭМ, Астана және Алматы қалаларының, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдері, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша) |
2020 жылға дейін жыл сайын, желтоқсан |
11. |
Құрық портында паромдық өткелді және Боржақты – Ерсай теміржол желісін салуды аяқтау |
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне ақпарат |
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ (келісім бойынша), ИДМ |
2016 жылға дейін жыл сайын, желтоқсан |
12. |
Қытайдың, Иранның, Ресейдің және ЕО елдерінің құрлық және теңіз порттарында терминал қуаттарын салу немесе жалға алу бойынша ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне ұсыныстар |
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), ИДМ, «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша) |
2015 жылғы наурыз |
13. |
Өңірлерде ШОБ өндірістерін дамытуға және қосымша инвестицияларды тартуға бағытталған жаңа индустриялық аймақтарды салу бойынша ұсыныстар әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне ұсыныстар |
ИДМ, ҰЭМ, Қаржымині, ЭМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҰКП (келісім бойынша) |
2015 жылғы маусым |
14. |
Туристік объектілердің көліктік қолжетімділігін және инженерлік инфрақұрылымын қамтамасыз етудің, сондай-ақ оларды ішкі және сыртқы нарықта ілгерілету жоспарын әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне ақпарат |
ИДМ, Қаржымині, ҰЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҰКП (келісім бойынша) |
2015 жылғы маусым |
15. |
Іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалардағы салалар, өңірлер, кәсіптер (мамандықтар) бөлінісінде кадрларға қажеттілікті айқындау |
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне ақпарат |
ДСӘДМ, ИДМ, ЭМ, АШМ, ҰЭМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҰКП (келісім бойынша) |
2015 жылғы наурыз |
16. |
Мына: |
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне ақпарат |
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «KEGOC» АҚ (келісім бойынша), ЭМ, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының және Алматы қаласының әкімдері |
2018 жылға дейін жыл сайын, желтоқсан |
17. |
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан жыл сайын осы мақсаттарға 100 млрд. теңге көздей отырып, жылумен және сумен жабдықтау желілерін жаңғырту жөніндегі жобаларды қоса қаржыландыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарын тарта отырып, жылумен және сумен жабдықтау желілерін жаңғырту қарқынын жеделдету |
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне ақпарат |
ҰЭМ, Қаржымині, ЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2016 жылға дейін жыл сайын, желтоқсан |
18. |
2015 – 2016 жылдар ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан осы мақсаттарға 180 млрд. теңге көздей отырып, халықтың әртүрлі санаттарына төмен пайызбен сатып алу құқығымен және сатып алу құқығынсыз халыққа делдалдарсыз ұзақ мерзімді жалға беру мақсатында жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысы көлемін ұлғайту |
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне ақпарат |
ҰЭМ, Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша) |
2016 жылға дейін жыл сайын, желтоқсан |
19. |
Жалға берілетін тұрғын үй құрылысының, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары мен жеке инвесторларды тарта отырып, жылумен және сумен жабдықтау желілерін жаңғыртудың жаңа тетіктерін көздей отырып, Өңірлерді дамыту бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ҰЭМ, Қаржымині, ЭМ, ИДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша) |
2015 жылғы ақпан |
20. |
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан осы мақсаттарға 70 млрд. теңге көздей отырып, 2017 жылға дейін авариялық мектептерді және үш ауысымдық оқытуды толық жоюды қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне ақпарат |
БҒМ, Қаржымині, ҰЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2017 жылға дейін жыл сайын, желтоқсан |
21. |
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан осы мақсаттарға 20 млрд. теңге көздей отырып, сондай-ақ жеке секторды тарту жолымен 2017 жылға дейін мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығын түбегейлі қысқартуды қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне ақпарат |
БҒМ, Қаржымині, ҰЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2017 жылға дейін жыл сайын, желтоқсан |
22. |
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан осы мақсаттарға 10 млрд. теңге көздей отырып, мемлекеттік индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасы үшін базалық жоғары оқу орындары ретінде айқындалған жоғары оқу орындарының инфрақұрылымын және материалдық-техникалық базасын дамытуды қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне ақпарат |
БҒМ, ИДМ, Қаржымині, ҰЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2017 жылға дейін жыл сайын, желтоқсан |
23. |
Шағын және орта бизнесті қолдау үшін халықаралық қаржы ұйымдарынан 2015 – 2017 жылдар ішінде жалпы сомасы 155 млрд. теңге несие желілерін тартуды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету |
АДБ-мен, ЕҚДБ-мен, Дүниежүзілік Банкпен келісімдер, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне несие желілерін тарту туралы ақпарат |
ҰЭМ, Қаржымині, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), «ДАМУ» КДҚ» АҚ (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша) |
2017 жылға дейін жыл сайын, желтоқсан |
24. |
Жастарды «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын іске асыруға тартуды қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне ақпарат |
БҒМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2017 жылға дейін жыл сайын, желтоқсан |
25. |
Қоғам санасында «Мәңгілік Ел» идеясын бекіту, кинематография, документалистика, публицистика мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ұлттық тарихты зерделеу, жастар отрасында тарихшылармен кездесулерді ұйымдастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне ақпарат |
МСМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2017 жылға дейін жыл сайын, желтоқсан |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БҒМ |
– Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлiгi |
ДСӘДМ |
– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі |
ИДМ |
– Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі |
МСМ |
– Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі |
Қаржымині |
– Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
ҰЭМ |
– Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі |
ЭМ |
– Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі |
Ұлттық Банк ҰКП |
– Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі – Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы |
«ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ |
– «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамы |
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ |
– «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы |
«ДАМУ» КДҚ» АҚ |
– «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы |
«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ |
– «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы |
«ҚТЖ» ҰК» АҚ |
– «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамы |
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ |
– «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы |
«KEGOC» АҚ |
– «KEGOC» акционерлік қоғамы |
мүдделі мемлекеттік органдар |
– іс-шараны орындау барысына тартылған мүдделі мемлекеттік органдар – орталық мемлекеттік органдар |
АДБ |
– Азия Даму банкі |
ЕҚДБ |
– Еуропа Қайта құру және Даму банкі |
ЕО |
– Еуропалық Одақ |