"Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2015 жылға арналған жоспарлары бойынша қорытындыны бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 1399 қаулысы

      1999 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары бойынша қорытындыны (келісуді) ұсыну және алу тәртібі туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса беріліп отырған «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2015 жылға арналған жоспарлары бойынша қорытынды (бұдан әрі – қорытынды) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2014 жылғы  30 желтоқсанға дейін қорытындыны дипломатиялық арналар арқылы Ресей Тарапына жіберсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2014 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1399 қаулысымен    
бекітілген        

«Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және
зымырандарды сынақтық ұшырудың 2015 жылға арналған
жоспарлары бойынша қорытынды

      1999 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары бойынша қорытындыны (келісуді) ұсыну және алу тәртібі туралы келісімнің 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Ресей тарапы ұсынған (Ресей Федерациясы СІМ 2014 жылғы 21 қарашадағы шығ. № 19262/3дснг):
      1) 2006 – 2015 жылдарға арналған Ресейдің Федералдық ғарыш бағдарламасы, «2012 – 2020 жылдарға арналған ГЛОНАСС жүйесін қолдау, дамыту және пайдалану» федералдық нысаналы бағдарламасы, халықаралық ынтымақтастық бағдарламалары мен коммерциялық жобалары шеңберінде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың 2015 жылға арналған жоспарымен;
      2) «Байқоңыр» ғарыш айлағынан әскери мақсаттағы ғарыш аппараттарын ұшырудың 2015 жылға арналған жоспарымен;
      3) «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымырандарды сынақтық ұшырудың 2015 жылға арналған жоспарымен келіседі.
      Бұл ретте:
      1) «Союз» үлгісіндегі зымыран-тасығыштардан бөлінетін бөлшектердің жаңа құлау ауданын пайдалануды көздейтін ғарыш аппараттарын ұшыру тиісті халықаралық шартқа қол қойылып, ол күшіне енгеннен кейін жүзеге асырылуы мүмкін;
      2) «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымыранды сынақтық ұшыру Ресей Тарапы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану саласындағы заңнамасын сақтаған жағдайда жүзеге асырылуға тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады