"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1420 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

      Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 148-баптың 3-тармағында:
      «немесе» деген шылау «және» деген шылаумен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылау жасауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың әрекеттерiне (шешiмдерiне) және әрекеттiң жасалуына (шешiмдердiң қабылдануына) негiз болған ақпаратқа арыз сотқа ол жөнінде жоғары тұрған лауазымды адамға шағым жасалғаннан кейін беріледі.»;
      2. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат, № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 116-баптың 5-тармағында «немесе» деген шылау «және» деген шылаумен ауыстырылсын;
      2) 126-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды
      адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан
      Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген тәртiппен
      жоғары тұрған мемлекеттiк органға және (немесе) лауазымды
      адамға және сотқа шағым жасалуы мүмкін.
      Мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) арыз сотқа ол жөнінде жоғары тұрған мемлекеттік органға немесе лауазымды адамға шағымданғаннан кейін беріледі.»;
      3) 167-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Экологиялық ақпарат беруден бас тартуға, оны бермеуге, толық емес немесе дұрыс емес ақпарат беруге, сондай-ақ жалпыға қолжетiмдi экологиялық ақпаратты қолжетімділігі шектеулi ақпаратқа заңсыз жатқызуға жоғары тұрған мемлекеттiк органға және (немесе) лауазымды адамға және сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
      Экологиялық ақпарат беруден бас тартуға, оны бермеуге, толық емес немесе дұрыс емес ақпарат беруге, сондай-ақ жалпыға қолжетiмдi экологиялық ақпаратты қолжетімділігі шектеулi ақпаратқа заңсыз жатқызуға арыз сотқа ол жөнінде жоғары тұрған мемлекеттік органға немесе лауазымды адамға шағым жасалғаннан кейін беріледі.».
      3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I,22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7,10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16,90-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 19 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 535-баптың 1-тармағында:
      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) кассациялық шағымдардан және сот ұйғарымдарына, шешімдеріне және қаулыларына сот актілерін қадағалау тәртібімен қайта қарау туралы өтінішхаттардан – мүліктік емес сипаттағы талап арызды беру кезінде алынатын мемлекеттік баж мөлшерінің 50 пайызы, ал мүліктік сипаттағы даулар бойынша – арыз иесі дауласатын сома негізге алына отырып есептелетін мемлекет баж мөлшерінде;»;
      мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
      «15) абыройы мен қадір-қасиетін, іскерлік беделін қорғау туралы талап арыздардан:
      жеке тұлғалар үшін – талап қою сомасынан 1 пайыз;
      заңды тұлғалар үшін – талап қою сомасынан 3 пайыз.»;
      2) 536-бап мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «22-1) атқарушылық жазбалар жасағаны үшін – 50 пайыз;»;
      3) 541-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «8-1) өтініш берушілер – азаматтардың және қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарының, азаматтардың және қоғамдық бірлестіктердің республикалық референдумға қатысу құқықтарының бұзылуы туралы өтініштері бойынша;»;
      4) 547-баптың 2-тармағының 1) тармақшасында «105-1-бабында» деген сөздер «106-бабының үшінші бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 548-баптың 1-тармағында:
      1-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-2) істің бірінші және апелляциялық сатылары соттарында тараптардың бітімгершілік келісімімен, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімімен немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібінде реттеу туралы келісімімен аяқталған жағдайда – толық мөлшерде, кассациялық сатысы сотында – бірінші және кассациялық сатылары соттарына жүгінген кезде төленген сомадан 50 пайыз мөлшерде, қадағалау сатысы сотында – бірінші, кассациялық және қадағалау сатылары соттарына жүгінген кезде төленген сомадан 50 пайыз мөлшерде;»;
      1-3) алып тасталсын.
      4. «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 174-баптың 2-тармағында «хабарламаға» деген сөзден кейін «осы баптың 1-тармағында көзделген талаптарды сақтағаннан кейін» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 180-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Шағымды қарау мерзімі мемлекеттік органдарға, сондай-ақ мұндай органдардың құзыретіндегі мәселелер бойынша шет мемлекеттердің тиісті органдарына және басқа ұйымдарға сауалдар жіберілген жағдайда – жауаптарды алған күнге дейін тоқтатыла тұрады.»;
      3) 182-бапта:
      баптың атауында «және (немесе)» деген шылаулар «немесе» деген шылаулармен ауыстырылсын;
      1-тармақта «және (немесе)» деген шылаулар «немесе» деген шылаулармен ауыстырылсын.
      5. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 6, 28-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 19 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 70-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Баланың тәрбиесі мен білім алуына қатысты барлық мәселелерді баланың мүдделерін негізге алып және оның пікірін ескере отырып, өзара келісу арқылы ата-аналар шешеді.
      Ата-аналардың арасында келіспеушіліктер болған кезде, бұл келіспеушіліктерді шешу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға, ал оның шешімімен келіспейтін жағдайда сотқа жүгінуге құқылы.»;
      2) 88-баптың екінші абзацындағы «күн» деген сөз «жұмыс күні» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 131-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қамқорлыққа алынушының мүддесіне орай оның тұрғылықты жері  бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органда және сотта қорғаншылардың немесе қамқоршылардың іс-әрекеттеріне шағым жасалуы мүмкін.
      Қорғаншылардың немесе қамқоршылардың іс-әрекеттеріне арыз сотқа ол жөнінде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға шағым жасалғаннан кейін беріледі.».
      6. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 237-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 75-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 49-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған авторлық және сабақтас құқықтардың субъектісі осы құқықтарды бұзушыға кінә қою арқылы немесе келісімде көзделген басқа тәртіппен жүгінгеннен кейін талап сотқа ұсынылады.».
      7. «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 22, 328-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; 2003 ж., № 11, 65-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 130-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-бап «жәрдемдесуге» деген сөзден кейін «, сондай-ақ дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесуге» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 4-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      «9) бітістіру рәсімдерін жүргізеді.»;
      3) 5-баптың тақырыбында «шығыстарды» деген сөз «, сондай-ақ бітістіру рәсімдерін жүргізу шығыстарын» деген сөздермен ауыстырылып, 1-тармақтың бірінші абзацында, 4) тармақшасында, 3-тармақта «етуге» деген сөзден кейін «, сондай-ақ бітістіру рәсімдерін жүргізуге» деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 14-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «9-1) бітістіру рәсімдерін жүргізуге;».
      8. «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 655-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2009 ж., № 24, 129-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 16-құжаттар; № 14, 95-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 23-бап мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
      «2. Осы Заңның 22-1-бабының 2-тармағында көрсетілген лауазымды адамдардың немесе мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне (шешімдеріне) арыз сотқа ол жөнінде апелляциялық кеңеске шағым жасалғаннан кейін беріледі.».
      9. «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 718-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2009 ж., № 15-16, 75-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 14, 95-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 33-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Осы Заңның 32-бабының 2-тармағында көрсетілген лауазымды адамдардың немесе мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне (шешімдеріне) арыздар сотқа ол жөнінде апелляциялық кеңеске шағымдағаннан кейін беріледі.».
      10. «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы» 1999 жылғы 26 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 21, 776-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат):
      1) 42-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Осы Заңның 41-бабының 2-тармағында көрсетілген лауазымды адамдардың немесе мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне (шешімдеріне) арыздар сотқа ол жөнінде апелляциялық кеңеске шағымдағаннан кейін беріледі.».
      11. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат, № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 17-бап мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      «8) бітістіру рәсімдерін жүргізуге құқылы.»;
      2) 34-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
      «15) атқарушылық жазбаларды жасайды.»;
      3) мынадай мазмұндағы 14-1-тараумен толықтырылсын:
      «14-1-тарау. Атқарушылық жазбаларды жасау
      92-1-бап. Борышкерден ақшалай соманы өндіріп алу немесе мүлікті
                талап ету
      1. Борышкерден ақшалай соманы өндіріп алу немесе мүлікті талап ету үшін нотариус берешекті белгілейтін құжатта атқарушылық жазбаны жасайды.
      2. Атқарушылық жазбалар негізінде берешекті өндіріп алу даусыз жүргізілетін талаптар тізбесі Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 135-бабының 1) – 4), 10), 11), 17) тармақшаларында белгіленеді.
      92-2-бап. Атқарушылық жазбаны жасау шарттары
      1. Атқарушылық жазба:
      1) егер табыс етілген құжаттар берешектің немесе борышкердің өндіріп алушы алдындағы өзге де жауапкершілігінің даусыз екенін растаса;
      2) егер талап қою (арыз) құқығы туындаған күннен бастап үш жылдан астам уақыт өтпесе, жасалады.
      2. Егер атқарушылық жазба берілетін талап үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында мерзім өтуінің өзге кезеңі белгіленсе, атқарушылық жазба сол мерзім шегінде беріледі.
      92-3-бап. Атқарушылық жазбаның мазмұны
      Атқарушылық жазбада:
      1) атқарушылық жазбаны жасаған нотариустың тегі және аты-жөні, лауазымы;
      2) өндіріп алушының атауы, оның туған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері немесе болып жатқан жері, жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның деректемелері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      3) борышкердің атауы, оның туған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері немесе болып жатқан жері, жеке сәйкестендіру нөмірі (егер ол өтініш берушіге белгілі болса), заңды тұлғаның деректемелері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      4) өндіріп алу жүргізіліп отырған мерзімнің көрсетілуі;
      5) өндіріліп алынуға жататын соманың немесе талап етілуге жататын заттардың, оның ішінде егер өсімпұлдар, пайыздар тиесілі болса, олардың көрсетілуі;
      6) өндіріп алушы төлеген немесе борышкерден өндірілуге жататын мемлекеттік баж немесе жекеше нотариустың нотариаттық іс-әрекеттеріне төленген сомасының көрсетілуі;
      7) атқарушылық жазба жасалған жыл, ай, күн;
      8) атқарушылық жазбаның тізілімде тіркелген нөмірі;
      9) атқарушылық жазбаны жасаған нотариустың қолы мен мөрі қамтылуға тиіс.
      92-4-бап. Атқарушылық жазба бойынша өндіріп алу тәртібі
      Атқарушылық жазба бойынша өндіріп алу атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
      92-5-бап. Атқарушылық жазбаны ұсыну мерзімдері
      1. Атқарушылық жазба, егер заңнамада өзге мерзімдер белгіленбесе, ол жасалған күннен бастап үш жыл ішінде мәжбүрлеп орындауға ұсынылуы мүмкін.
      2. Атқарушылық жазбаны ұсыну үшін өткізіліп алған мерзімді қалпына келтіру Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
      92-6-бап. Борышкерге атқарушылық жазбаның көшірмесін жіберу
      1. Атқарушылық жазбаны жасағаннан кейін нотариус оның көшірмесін тапсыру туралы хабарламамен дереу борышкерге жібереді.
      2. Борышкер атқарушылық жазбаның көшірмесін алған күннен бастап он күн мерзімде байланыстың кез келген құралдарын пайдалана отырып, мәлімделген талапқа келіспеген қарсылығын атқарушылық жазбаны жасаған нотариусқа жіберуге құқылы.
      92-7-бап. Өндіріп алушыға атқарушылық жазбаны беру
      1. Борышкерге атқарушылық жазбаны беру туралы хабарлама келіп түскен кезде және егер белгіленген мерзімде борышкерден нотариусқа қарсылық келіп түспесе, нотариус өндіріп алушыға орындауға көрсету үшін атқарушылық жазбаны береді.
      2. Өндіріп алушыға берілген атқарушылық жазбаның көшірмесі нотариус жүргізетін істе қалады.
      92-8-бап. Атқарушылық жазбаға дауласу
      Егер нотариус борышкердің қарсылығы бойынша атқарушылық жазбаның күшін жоймаса, атқарушылық жазбаға дауласу сот тәртібімен жүзеге асырылады.».
      12. «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 4-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 6, 46-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «14-1) ірі инвестор – Қазақстан Республикасында екі миллион еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде инвестицияны жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;»;
      2) 9-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Инвестициялық даулар келiссөздер арқылы, оның iшiнде сарапшыларды тарта отырып не дауларды шешудiң тараптар бұрын келiскен рәсiмiне сәйкес немесе мемлекеттік кіріс органдарының шешімдеріне және іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) дауласу жөніндегі дауларды қоспағанда, инвестициялық омбудсменге жүгіну арқылы шешiледі.».
      13. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 105-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 22, 130-құжат, № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 3, 21-құжат):
      1) 13-баптың 2-тармағында «Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның» деген сөздер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның» деген сөздермен ауыстырылып, «шешімді сот» деген сөздерден кейін «, ішкі істер органдары» деген сөздермен толықтырылсын.
      14. «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 13-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 14-баптың 5-тармағының 4) тармақшасындағы «мәліметтерді қамтитын мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарға қолжеткізуді шектеуге болмайды.» деген сөздер «мәліметтерді;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) соттың іс жүргізуіндегі азаматтық істер бойынша сотқа келіп түскен өтініштер туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 18-бабында, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 29-бабында және Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 21-бабында белгіленген шектеулер ескеріліп, заңды күшіне енген сот актілері туралы ақпаратты қамтитын мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізуді шектеуге болмайды.».
      15. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
      «11) атқарушылық жазба.»;
      2) 11-бапта:
      1-тармақтың 5) тармақшасындағы «ішінде берілуі мүмкін.» деген сөздер «ішінде;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) атқарушылық жазбалар – үш жыл ішінде берілуі мүмкін.»;
      2-тармақтың 1) тармақшасында «ол шығарылғаннан кейiнгi күннен бастап» деген сөздер «шешім шығарылғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 63-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды орындау кезінде сот орындаушы қойылып отырған талаптарға орай, мүліктің барлығына немесе қойылған талаптың мөлшеріне сәйкес келетін бөлігіне тыйым салады.».
      16. «Медиация туралы» 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 2, 27-құжат; 2012 ж., № 6, 44-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 14, 84-құжат):
      1) 5-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Тараптар өзара қолайлы келісім нұсқаларын талқылау үшін заңда көзделген де, тараптар мен үшінші тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін бұзбайтын, заңда көзделмеген де мәселелерді таңдауда еркін болады.»;
      2) 10-баптың 3-тармағындағы «сақтауға» деген сөзден кейін «, сондай-ақ медиаторлар ұйымы белгілеген талаптар бойынша атқарылған жұмыс туралы ай сайынғы есеп беруге» деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 20-баптың 9-тармағындағы «алпыс» деген сөз «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;
      4) 27-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
      «9. Келісімді орындаудан жалтарған жағдайда мүдделі тарап келісім бойынша міндеттерді оңайлатылған жазбаша іс жүргізу тәртібімен орындау туралы арызбен сотқа жүгінуге құқылы.».
      2-бап. Осы Заң 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады