Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
ЖОБА
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК КОДЕКСІ МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ 1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-ТАРАУ. КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІ МЕН МЕМЛЕКЕТТІҢ ӨЗАРА
ІС-ҚИМЫЛЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1-бап. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасы
2-бап. Кәсіпкерлік ұғымы және оны құқықтық реттеудің шектері
3-бап. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылының мақсаттары мен қағидаттары
4-бап. Заңдылық қағидаты
5-бап. Жеке кәсіпкерлік еркіндігінің қағидаты
6-бап. Кәсіпкерлік субъектілері теңдігінің қағидаты
7-бап. Меншікке қол сұғылмаушылық қағидаты
8-бап. Жосықсыз бәсекелестікті жүзеге асыруға жол бермеу қағидаты
9-бап. Тұтынушылардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және мемлекет мүдделерінің теңгерімі
10-бап. Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және ақпаратқа қолжетімділік
11-бап. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізділігі, тиімділігі және нысандары мен құралдарының жеткілікті болуы
12-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің өзінің заңды құқықтарын өз бетінше қорғау қабілетілігін арттыру
13-бап. Құқық бұзушылықты алдын алудың басымдығы
14-бап. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі
15-бап. Сыбайлас жемқорлықтан тыс болу
16-бап. Кәсіпкерлік қызметті ынталандыру қағидаты және оны қорғау мен жан-жақты қолдауды қамтамасыз ету
17-бап. Отандық тауарлар өндірушілерді, жұмыс орындаушыларын, қызмет көрсетушілерді қолдау қағидаты
18-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің істеріне мемлекеттің заңсыз араласуына жол бермеу қағидаты
19-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің норма шығармашылығына қатысу қағидаты
20-бап. Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін ынталандыру қағидаты
21-бап. Кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің шектеулі қатысуының қағидаты
22-бап. Кәсіпкерлік қызметте өзін-өзі реттеушілікті дамыту Қағидаты
2-тарау. КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ ШАРТТАРЫ § 1. Кәсіпкерлік субъектілері туралы жалпы ережелер
23-бап. Кәсіпкерлік субъектілері
24-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары
25-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі
26-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары
27-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттері
28-бап. Коммерциялық құпия қамтылған ақпаратты қорғау
29-бап. Статистикалық және әкімшілік бастапқы деректер
30-бап. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасауының тәртібі
§ 2. Дара кәсіпкерлік субъектілері
31-бап. Дара кәсіпкерліктің ұғымы және түрлері
32-бап. Өзіндік кәсіпкерлік
33-бап. Бірлескен кәсіпкерлік
34-бап. Дара кәсіпкерлікті өз атынан жүзеге асыру
35-бап. Дара кәсіпкерлікті әлеуметтік қорғау
36-бап. Дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу
37-бап. Дара кәсіпкерлерді мемлекеттiк тiркеудің тәртібі
38-бап. Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
39-бап. Дара кәсiпкер қызметiнің тоқтатылуы
40-бап. Дара кәсiпкердiң банкроттығы
41-бап. Дара кәсіпкердің борыштары бойынша олардың мүлкінен өндіріп алу
42-бап. Шаруа немесе фермерлік қожалығы ұғымы және нысандары
43-бап. Шаруа немесе фермерлік қожалығының басшысы және мүшелері
44-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен мүшелерінің құқықтары және міндеттері
45-бап. Шаруа немесе фермер қожалығын құру ерекшеліктері
46-бап. Шаруашылық жүргiзу нысаны ретiндегi шаруа немесе фермер қожалығы
47-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының меншiгi
48-бап. Шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскесiн беру
49-бап. Шаруа немесе фермер қожалығы қызметiнiң шарттары
50-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының қызметiн тоқтатудың ерекшеліктерi
§ 3. Заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі
51-бап. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі
52-бап. Мемлекеттік заңды тұлғалардың (мемлекеттік кәсіпорындардың) кәсіпкерлігі
53-бап. Кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу
54-бап. Кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің тәртібі
55-бап. Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеудің хабарлама тәртібі
56-бап. Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаны қайта құру және тарату
57-бап. Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылуын мемлекеттік тiркеу
§ 4. Кәсіпкерлік субъектісінің қызметіндегі корпоративтік басқару
58-бап. Корпоративтік басқару ұғымы
59-бап. Корпоративтік басқарудың негізгі көздері
60-бап. Акционерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау
61-бап. Акционерлер құқықтарының теңдігі
62-бап. Акционерлік қоғамның басқару органы қызметінің құқықтық негіздері
63-бап. Корпоративтік басқару және ақпараттық ашықтық
64-бап. Корпоративтік басқару саласындағы әдеп талаптары
65-бап. Акционерлік қоғамдардағы дау-жанжалдарды шешу
66-бап. Корпоративтік басқарудағы жауапкершілік
2-БӨЛІМ. КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ БІРЛЕСТІКТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
ЖҰМЫС ІСТЕУІНІҢ ШАРТТАРЫ 3-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ § 1. Жалпы ережелер
67-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұғымы
68-бап. Ұлттық палатаның мақсаты мен міндеттері
69-бап. Ұлттық палатаның жүйесі
70-бап Ұлттық палата қызметінің негіздері
71-бап. Ұлттық палатаның мүшелері
72-бап. Міндетті мүшелік жарналар
73-бап. Ұлттық палатаның құзыреті
§ 2. Қазақстан Республикасының Үкіметімен, мемлекеттік
органдарымен, қауымдастықтармен (одақтармен), Ұлттық
кәсіпкерлер палатасы құрылтайшы ретінде қатысатын заңды
тұлғалармен өзара іс-қимыл
74-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметімен, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл
75-бап. Ұлттық палатаның қауымдастықтармен (одақтармен) өзара іс-қимыл жасауы
76-бап. Ұлттық палата құрылтайшы ретінде қатысатын заңды тұлғалармен Ұлттық палатаның өзара іс-қимылы
§ 3. Ұлттық палатаны құру, қайта ұйымдастыру және тарату
77-бап. Ұлттық палатаны құрудың ерекшеліктері
78-бап. Ұлттық палатаның мүлкі
79-бап. Ұлттық палатаны қайта ұйымдастыру және тарату
80-бап. Ұлттық палатаның, өңірлік палаталардың және өңірлік палаталар филиалдарының басқару органдары
4-тарау. КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ӨЗГЕ БІРЛЕСТІКТЕРІ
81-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері
82-бап. Кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктері қызметінің негіздері
5-тарау. КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗІН-ӨЗІ РЕТТЕУ
83-бап. Кәсіпкерлік саласындағы өзін-өзі реттеу
84-бап. Кәсіпкерлердің өзін-өзі реттеу ұйымдары ұғымы
85-бап. Кәсіпкерлердің өзін-өзі реттеу ұйымдарына қойылатын талаптар
86-бап. Кәсіпкерлердің өзін-өзі реттеу ұйымының стандарттары мен ережелері
87-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіпкерлердің өзін-өзі реттеу ұйымында мүшелігі
3-БӨЛІМ. КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІ МЕН МЕМЛЕКЕТТІҢ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫ 6-тарау. КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ НОРМА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА ҚАТЫСУЫ
88-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу
89-бап. Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңестер
90-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердi әзірлеу және қабылдау ерекшеліктерi
91-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша сараптамалық қорытындылар
92-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау (тарату)
93-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізу тәртібі
94-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын халықаралық шарттар жасасудың ерекшеліктерi
7-тарау. КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТАПСЫРЫС
95-бап. Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік тапсырыс ұғымы
96-бап. Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік тапсырыстың негіздері
97-бап. Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік тапсырыстың қатысушылары
98-бап. Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік тапсырыстың бағыттары
8-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК
99-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік ұғымы
100-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тараптары
101-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері
102-бап. Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің негізгі бастамасы
103-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің түрлері
104-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің қолданылу салалары
105-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікте жеке серіктестердің қатысу нысаны
9-тарау. КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПТЫЛЫҒЫ
106-бап. Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауаптылығы
107-бап. Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары саласындағы кәсіпкерліктің әлеуметтік жауаптылығы
108-бап. Экология саласындағы кәсіпкерліктің әлеуметтік жауаптылығы
109-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің қайырымдылық және меценаттық қызметі
110-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің қайырымдылық және меценаттық қызметті жүзеге асыру құқығы
111-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің қайырымдылық қызметті жүзеге асыру мақсаты
112-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің меценаттық қызметті жүзеге асыру мақсаты
113-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің қайырымдылық және меценаттық қызметті жүзеге асыру нысаны
114-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің қайырымдылық және меценаттық қызметінің мемлекеттік кепілдіктері
115-бап. Мемлекеттің және қайырымдылық, меценаттық қызметпен айналысатын кәсіпкерлік субъектілерінің өзара іс-қимылы
10-тарау. КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
116-бап. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен шектері
117-бап. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің нысандары мен құралдары
118-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеуші құралдарды немесе реттеуді қатаңдатуды енгізуді көздейтін нормативтік құқықтық актілердi әзірлеу және қабылдау ерекшеліктерi
119-бап. Реттеушілік ықпалды талдау
120-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу саласындағы құзыретi
121-бап. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның құзыретi
122-бап. Реттеуші мемлекеттік органдардың құзыреті
123-бап. Бақылау мен қадағалау органдарының құзыреті
124-бап. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
125-бап. Техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi
126-бап. Өзге мемлекеттiк органдардың техникалық реттеу саласындағы құзыретi
127-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
11-тарау. ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ
128-бап. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың түсінігі
129-бап. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары
130-бап. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі түрлері
131-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық және мүліктік қолдау
132-бап. Жеке кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың арнайы қоры
133-бап. Жеке кәсiпкерлiкті ақпараттық қолдау
134-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жеке кәсіпкерлікті дамыту мен мемлекеттік қолдау саласындағы құзыреті
135-бап. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
136-бап. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
137-бап. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
138-бап. Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның құзыреті
139-бап. Өзге де мемлекеттік органдардың құзыреті
140-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
4-БӨЛІМ. КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ НЫСАНДАРЫ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ 12-тарау. РҰҚСАТТАР МЕН ХАБАРЛАМАЛАР
141-бап. Рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы мемлекеттік реттеу жүйесі
142-бап. Реттелетін қызметтің немесе әрекеттердің (операциялардың) қауіптілік деңгейлері
143-бап. Рұқсат беру және хабарлама жасаудың тәртібі
144-бап. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізу және оның күшін жою тәртібі
145-бап. Өтініш берушілер. Өтініш берушілердің құқықтары
146-бап. Рұқсат беру органдарының құқықтары мен міндеттері
147-бап. Лицензиялауды, рұқсат беру рәсімдерін және хабарламалар жасауды электрондық нысанда жүзеге асыру
13-тарау. ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ § 1. Техникалық реттеу туралы жалпы ережелер
148-бап. Техникалық реттеу саласындағы қатынастар
149-бап. Техникалық реттеудің объектілері
150-бап. Техникалық реттеудің субъектілері
151-бап. Техникалық реттеу
152-бап. Техникалық реттеудiң негiзгi мақсаттары
153-бап. Мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң құрылымы
154-бап. Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі
155-бап. Аккредиттеу жөніндегі орган
156-бап. Мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер
157-бап. Саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпарат орталығы
158-бап. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер
159-бап. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар
160-бап. Сынақ зертханалары (орталықтар)
161-бап. Жеке және заңды тұлғалардың техникалық реттеу саласындағы құқықтары мен міндеттері
162-бап. Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қоры
163-бап. Сәйкестікті растау саласындағы аудит
164-бап. Сәйкестікті растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлардың құзыреті
165-бап. Тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шет ел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшылық ұйым және сарапшы-аудиторлар
§ 2. Техникалық регламенттер
166-бап. Техникалық регламенттер талаптары
167-бап. Техникалық регламенттердің мазмұны
168-бап. Техникалық регламентті әзiрлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және оның күшiн жою ерекшелiктерi
§ 3. Стандарттау
169-бап. Стандарттау ұғымы
170-бап. Қазақстан Республикасының стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттары
171-бап. Ұлттық стандарттар
172-бап. Алдын ала ұлттық стандарттар
173-бап. Үкіметтік емес стандарттар мен консорциум стандарттары
174-бап. Техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жiктеуiштерi
175-бап. Қазақстан Республикасындағы ұйымдар стандарттары және стандарттау жөнiндегi ұсынымдар
176-бап. Халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердiң стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын қолдану
177-бап. Мемлекеттiк стандарттау жөнiндегi жұмыстарды жоспарлау
178-бап. Өнімді каталогтау жүйесі
§ 4. Сәйкестікті растау
179-бап. Сертификаттау ұғымы
180-бап. Өнiмнiң және процестердiң белгiленген талаптарға сәйкестігін растау
181-бап. Сәйкестiктi мiндеттi растау
182-бап. Көлік құралының түрін мақұлдауды, шасси түрін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру
183-бап. Көлік құралының түрін мақұлдауды, шасси түрін мақұлдауды бекіту және тіркеу
184-бап. Өнiмдi дайындаушылардың (орындаушылардың), сатушылардың сәйкестiктi растау саласындағы құқықтары мен мiндеттерi
185-бап. Сәйкестiк сертификаты
186-бап. Сәйкестiк белгiсi
187-бап. Сәйкестiк туралы декларация
188-бап. Сәйкестiгі мiндеттi расталуға жататын өнiмнiң нарықтағы айналымы шарттары
189-бап. Шет мемлекеттердiң сәйкестiктi растау нәтижелерiн тану
190-бап. Өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестердiң сәйкестiгін ерiктi түрде растау
191-бап. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын сақтамағаны үшiн жауаптылығы
§ 5. Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеу
192-бап. Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу
193-бап. Аккредиттеудің негізгі мақсаттары
194-бап. Аккредиттеу жүйесі
195-бап. Аккредиттеу субъектілері
196-бап. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар
197-бап. Сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханалары (орталықтары) және өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар
198-бап. Аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшылар және техникалық сарапшылар
199-бап. Аккредиттеу белгісі
200-бап. Аккредиттеу кезеңдері
201-бап. Қайта аккредиттеу
202-бап. Аккредиттеу критерийлері
203-бап. Өтінімді табыс ету және оны қарау
204-бап. Аккредиттеу алдындағы шарт
205-бап. Табыс етілген құжаттардың сараптамасы
206-бап. Өтінім берушіні тұрған жері бойынша тексеру
207-бап. Аккредиттеу не аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау
208-бап. Аккредиттеуден кейінгі шарт
209-бап. Аккредиттеу аттестаты
210-бап. Аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу
211-бап. Аккредиттеу материалдарын өзекті ету
212-бап. Аккредиттеу субъектілерінің тізілімі
213-бап. Аккредиттеу субъектілерін инспекциялық тексеру
214-бап. Аккредиттеу аттестатын керi қайтарып алу, қолданысын тоқтату, тоқтата тұру, одан айыру
215-бап. Аккредиттеу жөнiндегi шетелдiк органдар жүргiзген аккредиттеу нәтижелерiн тану
216-бап. Сәйкестікті бағалау бойынша аккредиттеу саласындағы дауларды шешу
14-тарау. БАҒАЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
217-бап. Бағаларды мемлекеттік реттеу
218-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеу
219-бап. Табиғи монополия саласында көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) баға белгілеу
220-бап. Реттелетiн нарық субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларға (көрсетілетін қызметтерге, жұмыстарға) баға белгілеу
221-бап. Мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларға (көрсетілетін қызметтерге, жұмыстарға) баға белгілеу
222-бап. Халықаралық іскерлiк операцияларда және халықаралық iскерлiк операцияларға байланысты мәмiлелерде тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды реттеу
223-бап. Ақша-кредит саясатының негізгі операциялары бойынша баға белгілеу
224-бап. Бөлшек сауда арқылы өткізуге бағаны мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнiмдерiне баға белгілеу
225-бап. Арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгiлеу
226-бап. Фильтрлі сигареттердің ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу
15-тарау. МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ
227-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру
228-бап. Міндетті сақтандырудың мақсаты
229-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру объектісі
230-бап. Міндетті сақтандыруды жүзеге асыру
231-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандырудан жалтарғаны үшін жауаптылық
16-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ § 1. Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы жалпы ережелер
232-бап. Мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы қатынастар
233-бап. Мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың міндеттері
234-бап. Мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі кепілдіктер
235-бап. Тексерілетін субъектілер мен объектілер. Тексерiлетiн субъектiлердің (объектілердiң) қызметiне қойылатын талаптар
236-бап. Құқық қорғау органдарының мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруы кезiндегi жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң кепiлдiктерi
237-бап. Мемлекеттік бақылау
238-бап. Мемлекеттік қадағалау
239-бап. Жедел ден қою шаралары
240-бап. Бақылаудың және қадағалаудың нысандары
241-бап. Бақылау жүзеге асырылатын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салалары
242-бап. Қадағалау жүзеге асырылатын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салалары
§ 2. Тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
243-бап. Тексерудің жалпы мәселелері
244-бап. Тексерiлетiн субъектiлердi (объектілерді) топ бойынша бөлу
245-бап. Ведомстволық есепке алу
246-бап. Тексеру парақтары
247-бап. Тексеру түрлерi
248-бап. Тексерулердi тағайындау туралы акт
249-бап. Тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеу
250-бап. Тексерудi жүргiзу тәртiбi
251-бап. Тексеру жүргiзу мерзiмi
252-бап. Сараптау (талдау, сынақтан өткiзу) үшiн өнiмдердiң үлгiлерiн iрiктеу тәртiбi
253-бап. Өнiмдердiң үлгiлерiн iрiктеу актiсi
254-бап. Тексеру жүргiзу кезiндегi шектеулер
255-бап. Тексерулердi ресiмдеу тәртiбi
256-бап. Бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарының тексерулер жүргiзу кезiнде анықталған бұзушылықтар фактiлерi бойынша қабылдайтын шаралары
257-бап. Мемлекеттiк органдар лауазымды адамдарының бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi
258-бап. Бақылау және қадағалау жүргiзу кезiндегi тексерiлетiн субъектiнiң не оның уәкілетті өкілінің құқықтары мен мiндеттерi
259-бап. Осы Кодекстің талаптарын өрескел бұза отырып жүргiзiлген тексерудiң жарамсыздығы
260-бап. Бақылау және қадағалау органдары мен олардың лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi
3-параграф. Инвестициялық келiсiмшарттар талаптарының сақталуын бақылау 261-бап. Инвестициялық келiсiмшарттар талаптарының сақталуын Бақылау § 4. Техникалық реттеу саласындағы өзге де бақылау нысандары
262-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын бақылау объектiлерi
263-бап. Техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар
264-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар
265-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары
266-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың мiндеттерi
5-БӨЛІМ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӘСЕКЕЛЕСТІК 17-тарау. БӘСЕКЕЛЕСТІК
267-бап. Бәсекелестікті мемлекеттік реттеу мақсаттары
268-бап. Бәсекелестікті мемлекеттік реттеу саласындағы қатынастар
269-бап. Бәсекелестік ұғымы
270-бап. Бәсекелестік саласындағы мемлекеттік саясат
271-бап. Нарық субъектiсi
272-бап. Тұлғалар тобы
273-бап. Заңды тұлғалардың үлестес тұлғалары
18-тарау. МОНОПОЛИСТІК ҚЫЗМЕТ
274-бап. Монополистік қызмет ұғымы және оның түрлері
275-бап. Бәсекелестікке қарсы келісімдер мен келісілген іс-әрекеттердің түрлері
276-бап. Бәсекелестікке қарсы келісімдер
277-бап. Нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттері
278-бап. Үстем немесе монополиялық жағдай
279-бап. Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін жасау және жүргізу
280-бап. Үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану
281-бап. Тауардың монополиялық жоғары және монополиялық төмен бағасы
282-бап. Монополиялық жағдай және монополиялық төмен баға
283-бап. Монополиялық табысты аударудан босату
19-тарау. ЖОСЫҚСЫЗ БӘСЕКЕЛЕСТІК
284-бап. Жосықсыз бәсекелестік
285-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ авторлық құқық объектілерін заңсыз пайдалану
286-бап. Басқа өндірушінің тауарын құқыққа сыйымсыз пайдалану
287-бап. Бұйымның сыртқы түрін көшіріп алу
288-бап. Нарық субъектісінің беделін түсіру
289-бап. Көрінеу жалған, жосықсыз және дәйексіз жарнама
290-бап. Мәжбүрлі ассортиментпен тауар өткізу (сатып алу)
291-бап. Сатушыға (өнім берушіге) бойкот жасауға шақыру
292-бап. Сатып алушыны (өнім берушіні) кемсітуге шақыру
293-бап. Бәсекелеспен шартты бұзуға шақыру
294-бап. Сатушының (өнім берушінің) қызметкерін сатып алушылық
295-бап. Сатып алушының қызметкерін сатып алушылық
296-бап. Коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты құқыққа сыйымсыз пайдалану
20-тарау. МЕМЛЕКЕТТІҢ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСУЫ
297-бап. Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуы
298-бап. Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуының негіздері
299-бап. Мемлекеттік монополия
21-тарау. БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ
300-бап. Мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестiкке қарсы iс-әрекеттерi, келiсiмдерi
301-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу
302-бап. Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау
303-бап. Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері қызметінің мониторингі
304-бап. Экономикалық шоғырлануға мемлекеттік бақылау
305-бап. Экономикалық шоғырлану
306-бап. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттар беретiн тұлғалар
307-бап. Өтінішхатты беру тәртібі
308-бап. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатқа қоса берілетін құжаттама
309-бап. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау мерзімдері
310-бап. Жасалған экономикалық шоғырлану туралы бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органды хабардар ету тәртiбi
311-бап. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органға жасалған (жоспарланып отырған) экономикалық шоғырлану туралы хабарламаға (өтінішхатқа) қоса берілетін құжаттама
312-бап. Экономикалық шоғырлануға тыйым салу
313-бап. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхат бойынша шешім
314-бап. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарлама бойынша шешiм қабылдауы
315-бап. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты қарауды тоқтату негіздері
22-тарау. БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ УӘКІЛЕТТІ ОРГАННЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫМЕН ЖӘНЕ БАСҚА МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ УӘКІЛЕТТІ ОРГАНДАРЫМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫ
316-бап. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның басқа мемлекеттердің бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органдарымен өзара іс-қимылы
317-бап. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган мен құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы
318-бап. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган қызметкерлерінің құқықтары
319-бап. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган қызметкерлерінің коммерциялық, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды сақтау жөніндегі міндеті
23-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫН АНЫҚТАУ
320-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеруді бастау үшін негіздер
321-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеруге қатысушы тұлғалар
322-бап. Тергеп-тексеру жүргізу
323-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру кезіндегі дәлелдемелер
324-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеруге қатысушы тұлғалардың құқықтары
325-бап. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдарының тергеп-тексеру жүргiзу кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi
326-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуы туралы iстi тергеп-тексеруді тоқтата тұру
327-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексерудi тоқтату
328-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру нәтижелері бойынша бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның шешімдері
24-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСУ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ОРГАННЫҢ НҰСҚАМАЛАРЫН ҚАЙТА ҚАРАУ
329-бап. Монополиялық табысты айқындаудың негіздері және тәртібі
330-бап. Монополияға қарсы ден қою шаралары
331-бап. Нұсқаманы ресімдеуге қойылатын талаптар
332-бап. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның нұсқамаларын қайта қарау
333-бап. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының нұсқамаларын тексеру
334-бап. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның нұсқамаларына шағым жасау
335-бап. Үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланған жағдайларда мәжбүрлеп бөлу немесе бөліп шығару
6-БӨЛІМ. ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ 25-тарау. ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ
336-бап. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың түрлері
337-бап. Шағын кәсiпкерлiктi қолдау орталықтары
338-бап. Бизнес-инкубаторлар
339-бап. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн мүліктік қолдау
26-тарау. АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДІ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ЖЕРЛЕРДЕГІ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЖАТПАЙТЫН ТҮРЛЕРІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ
340-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi дамытуды мемлекеттiк қолдау
341-бап. Агроөнеркәсiптiк кешен мен селолық аумақтар саласында кредит беру
342-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялау
343-бап. Сатып алу және тауар интервенцияларын өткізу
344-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi ақпараттық қамтамасыз ету
345-бап. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру
346-бап. Шаруа немесе фермер қожалықтарын мемлекеттiк қолдау
27-тарау. ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ § 1. Индустриялық-инновациялық қызмет
347-бап. Индустриялық-инновациялық қызмет ұғымы және мәні
348-бап. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері
349-бап. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың мақсаты, міндеттері және негіздері
§ 2. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық жүйесі
350-бап. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық жүйесi
351-бап. Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауға қатысатын индустриялық-инновациялық жүйенiң субъектiлерi
352-бап. Индустриялық-инновациялық инфрақұрылым
353-бап. Арнайы экономикалық аймақтар
354-бап. Индустриялық аймақ
355-бап. Технологиялық парк
356-бап. Акционерлiк инвестициялық қорлар
357-бап. Технологияларды коммерцияландыру орталығы
358-бап. Салалық конструкторлық бюро
359-бап. Технологиялар трансфертiнiң халықаралық орталықтары
360-бап. Инновациялық кластер
361-бап. Индустриялық-инновациялық жүйе құралдары
§ 3. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау
362-бап. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау шаралары
363-бап. Қоса қаржыландыруды қоса алғанда, индустриялық-инновациялық жобаларды қаржыландыру, лизингтiк қаржыландыру
364-бап. Қарыздар бойынша кепiлдiк мiндеттемелердi және кепiлдемелердi ұсыну
365-бап. Қаржы институттары арқылы кредит беру
366-бап. Қаржы институттары беретiн кредиттер бойынша сыйақы ставкасын және облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау
367-бап. Жарғылық капиталдарға тартылатын инвестицияларды жүзеге асыру
368-бап. Кепiлдендiрiлген тапсырыс
369-бап. Инновациялық гранттар беру
370-бап. Бiлiктi кадр ресурстарымен қамтамасыз ету
371-бап. Инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету
372-бап. Жер учаскелерiн және жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру
373-бап. Iшкi нарықта қолдау
374-бап. Шетелдiк инвестициялар тарту
375-бап. Отандық өңделген тауарлар, көрсетiлетiн қызметтер экспортын дамыту және жылжыту
28-тарау. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ § 1. Инвестициялардың құқықтық режимі
376-бап. Инвестициялық қатынастар
377-бап. Инвестиция ұғымы, инвестор және инвестициялық қызмет 378-бап. Инвестициялық қызмет объектiлерi
379-бап. Қазақстан Республикасының аумағында инвесторлар қызметiн құқықтық қорғау кепiлдiктерi
380-бап. Кiрiстердi пайдалану кепiлдiктерi
381-бап. Мемлекеттiк органдардың инвесторларға қатысты қызметiнiң жариялылығы және инвесторлардың инвестициялық қызметтi жүзеге асыруға байланысты ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз ету
382-бап. Мемлекет меншiгiне алу және реквизициялау кезiндегi инвесторлар құқықтарының кепiлдiктерi
383-бап. Инвестор құқықтарының басқа тұлғаға ауысуы
§ 2. Инвестицияларды мемлекеттік қолдау
384-бап. Инвестицияларды мемлекеттiк қолдаудың мақсаты
385-бап. Инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган
386-бап. Инвестициялық преференциялар ұғымы және түрлері
387-бап. Инвестициялық жоба
388-бап. Инвестициялық преференцияларды алу тәртiбi
389-бап. Инвестициялық преференциялар беру шарттары
390-бап. Кеден баждарын салудан босату
391-бап. Мемлекеттiк заттай гранттар
392-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген кездегі тұрақтылыққа кепілдік
393-бап. Салықтар бойынша преференциялар
394-бап. Инвестициялық субсидия
395-бап. Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтiнiмге қойылатын талаптар
396-бап. Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтiнiмдi қарау мерзiмдерi
397-бап. Инвестициялық келiсiмшарт жасасу
398-бап. Инвестициялық келiсiмшартты бұзу жағдайлары
399-бап. Инвестициялық дауларды шешу
29-тарау. ҮШІНШІ ЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ АРНАЙЫ ҚОРҒАУ, ДЕМПИНГКЕ ҚАРСЫ ЖӘНЕ ӨТЕМАҚЫ ШАРАЛАРЫ § 1. Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану
400-бап. Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мақсаты
401-бап. Шешімдер
402-бап. Баждар түрлері
403-бап. Шаралар түрлері
404-бап. Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласы
§ 2. Арнайы қорғау шаралары
405-бап. Арнайы қорғау шараларын қолданудың жалпы қағидаттары
406-бап. Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына елеулі залалды немесе өспелі импорттың салдарынан болатын мұндай залалды келтіру қатерін белгілеу
407-бап. Алдын ала арнайы бажды енгізу
408-бап. Арнайы қорғау шараларын қолдану
409-бап. Арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі және қайта қарау
§ 3. Демпингке қарсы шаралар
410-бап. Демпингке қарсы шараны қолданудың жалпы қағидаттары
411-бап. Демпингтік маржаны айқындау
412-бап. Тауардың қалыпты құнын айқындау
413-бап. Тауардың экспорттық бағасын айқындау
414-бап. Демпингтік импорт салдарынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласының залалын белгілеу
415-бап. Алдын ала демпингке қарсы бажды енгізу
416-бап. Экспорттаушының тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды, баға міндеттемелерін қабылдауы
417-бап. Демпингке қарсы бажды енгізу және қолдану
418-бап. Демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі және қайта қаралуы
419-бап. Демпингке қарсы шарадан айналып өтуді белгілеу
§ 4. Өтемақы шаралары
420-бап. Өтемақы шараларын қолданудың жалпы қағидаттары
421-бап. Субсидияны айқындау
422-бап. Субсидиялаушы орган
423-бап. Экспорттаушы үшінші елдің субсидияларын ерекше субсидияларға жатқызу қағидаттары
424-бап. Ерекше субсидияның мөлшерін айқындаудың қағидаттары
425-бап. Субсидияланатын импорттың салдарынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірген залалды анықтау
426-бап. Алдын ала өтемақы бажын енгізу
427-бап. Тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушы үшінші елдің немесе экспорттаушының ерікті міндеттемелерді қабылдауы
428-бап. Өтемақы бажын енгізу және қолдану
429-бап. Өтемақы шарасының қолданылу мерзімі және оны қайта қарау
430-бап. Өтемақы шарасын айналып өтуді анықтау
431-бап. Арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарын төлеу (өндіріп алу), есепке жатқызу, бөлу, қайтару және есепке алу
§ 5. Тергеп-тексеру жүргізу
432-бап. Тергеп-тексеру жүргізу үшін негіздер
433-бап. Тергеп-тексеруді бастау және оны жүргізу
434-бап. Демпингке қарсы тергеп-тексеру жүргізудің ерекшеліктері
435-бап. Өтемақылық тергеп-тексеру жүргізудің ерекшеліктері
436-бап. Демпингтік немесе субсидияланған импорт жағдайында Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласын айқындау ерекшеліктері
437-бап. Жария тыңдаулар
438-бап. Тергеп-тексеру жүргізу барысында ақпарат жинау
439-бап. Мүдделі тұлғалар
440-бап. Құпия ақпарат
441-бап. Экспорттаушы үшінші ел болжамды ерекше субсидиясының болуын белгілеуге арналған консультациялар
442-бап. Тергеп-тексеруге байланысты қабылданатын шешімдер туралы хабарламалар
443-бап. Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолданбау
444-бап. Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы Келісім ережелерін түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Кеден одағына мүше мемлекеттер арасындағы дауларды шешу
7-БӨЛІМ. КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ НЫСАНДАРЫ 30-тарау. КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ
445-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғаудың нысандары
446-бап. Қорғаудың соттық нысаны
447-бап. Кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын тараптардың дауларды сотқа дейінгі реттеуі
448-бап. Қорғанудың соттан тыс нысандары
449-бап. Аралық сотта құқықтарды қорғау
450-бап. Халықаралық төрелікте құқықтарды қорғау
451-бап. Құқықтарды медиация рәсімін қолдану арқылы қорғау
31-тарау. ҚАЗАҚСТАН КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ
УӘКІЛ. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ОМБУДСМАН § 1. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі
уәкілдің құқықтық мәртебесі
452-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл және оның функциялары
453-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің міндеттері
§ 2. Инвестициялық омбудсманның құқықтық мәртебесі
454-бап. Инвестициялық омбудсман
455-бап. Инвестициялық омбудсманның функциялары
456-бап. Инвестициялық омбудсманның құқықтары мен міндеттері
457-бап. Инвестициялық омбудсманның қызметін ұйымдастыру
2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ӘРЕКЕТТЕРІНЕ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІНЕ) ЖӘНЕ АКТІЛЕРІНЕ (ШЕШІМДЕРІНЕ) ШАҒЫМДАНУ
458-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің шағымын қараудың міндеттілігі
459-бап. Шағымдануға құқық
8-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ
ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ
ЕРЕЖЕЛЕР 33-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ
ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ
460-бап. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
461-бап. Кәсiпкерлiк субъектілерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзғаны үшiн жауаптылықтың негіздерi
462-бап. Кәсiпкерлiкке кедергi келтiргенi үшiн жауаптылық
463-бап. Кәсiпкерлiк субъектiсiн тексерудiң белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшiн жауаптылық
34-тарау. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
464-бап. Кәсiпкерлiк Кодекстің жекелеген нормаларын қолданудың тәртібі
465-бап. Кәсiпкерлiк Кодексті қолданысқа енгiзу тәртiбi
Кәсiпкерлiк Кодекс (бұдан әрі – Кодекс) Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің еркіндігін қамтамасыз ететін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктерді айқындайды, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылынан, оның ішінде кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуден және қолдаудан туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-тарау. КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІ МЕН МЕМЛЕКЕТТІҢ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1-бап. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы
заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне негізделеді.
2. Кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігіне негізделген тауар-ақша және өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі.
3. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда осы Кодексте көзделгендегіден өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
4. Кәсіпкерліктің жекелеген түрлерін жүзеге асырудың ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
2-бап. Кәсіпкерлік ұғымы және оны құқықтық реттеудің
шектері
1. Кәсіпкерлік – кәсіпкердің атынан, дербес, бастамашылықпен оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлікті пайдалану, тауарларды сату, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету арқылы таза табыс алуға бағытталған, жеке меншік (жеке кәсіпкерлік) құқығына не шаруашылық жүргізу немесе мемлекеттік кәсіпорынды (мемлекеттік кәсіпкерлікті) жедел басқару құқығына негізделген қызметі.
2. Кәсіпкерлік Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін негіздер бойынша ғана шектелуі мүмкін.
3. Мемлекеттік органдардың жеке кәсіпкерліктің бөлек субектілеріне артықшылықты жағдай белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдауына тыйым салынады.
3-бап. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара
іс-қимылының мақсаттары мен қағидаттары
1. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылы кәсіпкерлік пен қоғамды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастамашылықты ынталандыруға бағытталған.
2. Мыналар:
1) заңдылық;
2) жеке кәсіпкерліктің еркіндігіне кепілдік (Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбайтын қызметтің кез келген түрін жүзеге асыруға рұқсат берілген) және оны қорғау (жеке кәсіпкерліктің қағидаты);
3) барлық кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудағы теңдігі (кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі қағидаты);
4) кәсіпкерлік субъектілері меншігіне қол сұғылмаушылықтың және оны қорғаудың кепілдігі (меншікке қол сұғылмаушылықтың қағидаты);
5) жосықсыз бәсекелестікті жүзеге асыруға жол бермеу;
6) тұтынушылардың, кәсіпкерлердің және мемлекет мүделлерінің теңдігі;
7) мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және ақпаратқа қолжетімділік (жариялық қағидаты);
8) кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізділігі, тиімділігі және нысандары мен құралдарының жеткілікті болуы;
9) кәсіпкерлік субъектілерінің өзінің заңды құқықтарын өз бетінше қорғауға деген қабілетін арттыру;
10) құқық бұзушылықтың алдын алудың басымдығы;
11) кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі;
12) сыбайлас жемқорлықтан тыс болу;
13) кәсіпкерлік қызметті ынталандыру және оларды қорғау мен жан-жақты қолдауды қамтамасыз ету;
14) отандық тауарлар шығарушыларды, жұмыс орындаушыларын және қызмет көрсетушілерді қолдау;
15) кәсіпкерлік субъектілерінің ісіне мемлекеттің заңсыз араласуына жол бермеу;
16) кәсіпкерлік субъектілерінің құқық шығармашылығына қатысуы;
17) кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін ынталандыру;
18) кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің қатысуын шектеу;
19) кәсіпкерлік саласында өзін-өзі реттеушілікті дамыту кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылының қағидаттары болып табылады.
4-бап. Заңдылық қағидаты
1. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде кәсіпкерлік субъектілері тек қана Қазақстан Республикасының Конституциясы шегінде және соған сәйкес қабылданған құқықтық актілерге сәйкес іс-әрекет жасауы тиіс.
2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар және (немесе) олардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының Конституциясының, осы Кодекстің және өзге де құқықтық нормативтік құқықтық актілердің талаптарын дәлме-дәл әрі бұлжытпай сақтауға міндетті.
3. Мемлекеттік органдардың және (немесе) олардың лауазымды адамдарының заңдарды бұзуына жол берілмейді.
Мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Конституциясына және оған сәйкес құқықтық нормативтік актілерге мазмұны, ресімделуі және (немесе) оларды қабылдаудың рәсімдері бойынша қайшы келетін актілері мен шешімдері олардың қабылданған сәтінен бастап заңсыз әрі жарамсыз деп танылады және осы Кодексте және өзге де құқықтық нормативтік актілерде көзделген жағдайларда жойылуға жатады.
5-бап. Жеке кәсіпкерлік еркіндігінің қағидаты
1. Әркімнің кәсіпкерлік қызметтің еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар.
2. Жеке кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасы заңдарында тыйым салынбаған кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрін жүзеге асыруға құқылы.
6-бап. Кәсіпкерлік субъектілері теңдігінің қағидаты
1. Кәсіпкерлік субъектілері меншік нысанына және өзге де мән-жайларға қарамастан, заң мен сот алдында тең.
2. Кәсіпкерлік субъектілері кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде тең мүмкіндіктерді иеленеді.
7-бап. Меншікке қол сұғылмаушылық қағидаты
1. Кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне қол сұғылмаушылық заңмен кепілдендіріледі.
2. Кәсіпкерлік субъектілері заңды түрде сатып алған кез келген мүлікті меншігінде иелене алады.
3. Сот шешімі бойынша болмаса, кәсіпкерлік субъектілері өзінің мүлкінен айырыла алмайды. Мемлекеттік қажеттіліктер үшін мәжбүрлеп алып қою заңмен көзделеген ерекше жағдайларда ғана оның орны тең бағамен толтырылған жағдайда жүргізілуі мүмкін.
8-бап. Жосықсыз бәсекелестікті жүзеге асыруға жол
бермеу қағидаты
1. Бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға бағытталған қызметке, тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым көрсетуге, жосықсыз бәсекелестікке тыйым салынады.
2. Монополистік қызмет заңмен реттеледі және шектеледі.
3. Монополияға қарсы реттеу бәсекелестікті қорғау, тауар нарықтарының тиімді жұмыс жасауы үшін қолайлы жағдай жасау, экономикалық кеңістіктің бірыңғайлығын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасында тауарлардың еркін ауысып қозғалыста болуы және экономикалық қызметтің еркіндігі мақсатында жүзеге асырылады.
9-бап. Тұтынушылардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және
мемлекет мүдделерінің теңгерімі
1. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің нысандары мен құралдарын енгізу қызмет немесе іс-әрекеттердің (операциялардың) қауіпсіздігін жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету, кәсіпкерлік субъектілеріне ең аз объективті қажетті жүктеме артылған кезде тұтынушылар құқықтарын барынша тиімді қорғау мақсатында жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік реттеуді жүзеге асырған кезде мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілерінен Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құқықтық актілерінде тікелей көзделмеген құжаттарды ұсынуын талап етуге құқылы емес.
3. Біліктілік және рұқсаттық талаптары кәсіпкерлік субъектілеріне жүзеге асырылатын қызметінің, іс-әрекеттерінің (операцияларының) талап етілетін қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ету үшін жеткілікті, қажетті ең аз ресурстардың, нормативтер мен көрсеткіштердің жиынтығын қамтамасыз етуі тиіс.
10-бап. Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және
ақпаратқа қолжетімділік
1. Мемлекеттік органдардың қызметі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекте көпшілікке жариялы және ашық болуға тиіс.
2. Мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесін қозғайтын шешімдер қабылдау жөніндегі өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге міндетті.
3. Мемлекеттік органдарда бар және кәсіпкерлік субъектілеріне қажетті кез келген ақпарат, егер оны пайдалану Қазақстан Республикасының заңдарымен шектелмесе, қолжетімді болуға тиіс. Заңдарда белгіленген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат тегін беріледі.
4. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеумен байланысты барлық рәсімдер мен талаптар барлық кәсіпкерлік субъектілері үшін түсінікті болуға тиіс.
11-бап. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізділігі,
тиімділігі және нысандары мен құралдарының
жеткілікті болуы
Мемлекеттік реттеудің негізділігі, тиімділігі және нысандары мен құралдарын пайдаланудың жеткілікті болуы алға қойылған мақсаттарға қол жеткізудегі мемлекеттік реттеудің тиімділігін негіздеудің, келісудің және мониторингінің міндетті рәсімдерін енгізу арқылы жүргізіледі.
12-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің өзінің заңды
құқықтарын өз бетінше қорғау қабілетілігін
арттыру
1. Кәсіпкерлік субъектілері өздеріне қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізілетін жағдайда осы Кодексте белгіленген тексеру жүргізудің талаптарын лауазымды адамдар сақтамаған жағдайларда объектіге тексеру үшін келген мемлекеттік бақылау мен қадағалау органдарының лауазымды адамдарын тексеруге жібермеуге құқылы.
2. Бақылау мен қадағалаудың жүзеге асырылуы барысында өздерінің құқықтарын қорғау мақсатында кәсіпкерлік субъектілері өздерінің мүдделері мен құқықтарын қорғау үшін үшінші тұлғаларды тексеруге қатысуға тартуға құқылы.
13-бап. Құқық бұзушылықты алдын алудың басымдығы
1. Құқық бұзушылық профилактикасы мен кәсіпкерлік субъектісінің Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген талапты орындауының мотивациясы субъектінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру процесінде жіберген бұзушылықтары анықталған кездегі жазалау шараларының алдында басымдықты иеленеді.
2. Кәсіпкерлік субъектісі жасаған құқық бұзушылық үшін мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары оның сипатына сай болуы тиіс.
14-бап. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің
өзара жауапкершілігі
1. Кәсіпкерлік субъектілері тауарларының, жұмыстарының, қызметтер көрсетуінің сапасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сай болуын қамтамасыз етуді мемлекет растайды.
2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу процесінде мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының тарапынан кәсіпкерлік субъектілері қызметінің жүзеге асырылуына тосқауылдар қойылмауы тиіс.
3. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу процесінде кәсіпкерлік субъектілерінің өз міндеттерін орындаған немесе оларға заң бойынша берілген құқықтарды пайдаланған кезде олардың іс-әрекетінің адалдығы болжамдалынады.
4. Мемлекеттік орган қарайтын, кәсіпкерлік субъектілері ұсынған мән-жайлар туралы нақты деректер мемлекеттік органдар керісінше дәлелдегенге дейін дәйекті деп есептеледі.
5. Кәсіпкерліктің басқа субъектілерінің құқықтары мен еркіндіктеріне қысым көрсету немесе өзінде бар міндеттерді орындаудан немесе іс жүзінде жасалған құқық бұзушылық үшін заңдық жауапкершіліктен жалтару мақсатымен осы Кодексте және өзге де нормативтік құқықтық актілерде ұсынылған құқықтарды олардың тағайындалымына қайшы келетіндей ретпен пайдалануға тыйым салынады.
6. Кәсіпкерлік субъектілерінен, егер мұндай талап Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілермен белгіленбесе, құжаттар немесе қосымша мәліметтерді ұсынуды талап етуге тыйым салынады.
15-бап. Сыбайлас жемқорлықтан тыс болу
1. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуді енгізу және жүзеге асыру кезінде мүдделер дау-жанжалының және құқықты іріктеп қолданудың фактілері болмауы тиіс.
2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу процесінде кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік органдармен байланысын шектеу мақсатында нормативтік құқықтық актілерде «бір терезе» қағидатының қолданысы көзделуі тиіс, бұл ретте мемлекеттік органдардан барлық қажетті келісулерді ведомствоаралық өзара іс-қимыл тәртібімен мемлекеттік органдардың өздері алуы тиіс.
3. Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілеттік берілген адамдарға және оларға теңестірілген адамдардың кәсіпкерлік қызметті реттеуді жүзеге асыруда мүліктік игіліктер мен артықшылықтар мақсатында қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалануына жол берілмейді.
16-бап. Кәсіпкерлік қызметті ынталандыру қағидаты және
оны қорғау мен жан-жақты қолдауды қамтамасыз ету
1. Кәсіпкерлік субъектілерін дамытуды ынталандыру мақсатында мемлекет кәсіпкерлік бастамашылықты іске асыру үшін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған шаралар кешінін жүргізеді.
2. Кәсіпкерлік қызметті ынталандыру, соның ішінде оны қорғау мен жан-жақты қолдау арқылы да жүзеге асырылады.
17-бап. Отандық тауарлар өндірушілерді, жұмыс
орындаушыларды, қызмет көрсетушілерді қолдау
қағидаты
1. Мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар отандық тауарлар өндірушілерді, жұмыс орындаушыларды, қызмет көрсетушілерді дамытуды ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау жөнінде құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық, консультациялық, білім берушілік, ұйымдастырушылық және өзге де шараларды іске асырады.
2. Мемлекет Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу және халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына қатысу кезінде отандық тауарлар өндірушілердің, жұмыс орындаушыларының, қызмет көрсетушілердің мүдделерін ескереді.
18-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің істеріне мемлекеттің
заңсыз араласуына жол бермеу қағидаты
Кәсіпкерлік субъектілерінің, олардың бірлестіктерінің істеріне мемлекеттің заңсыз араласуына, сондай-ақ аталған бірлестіктердің мемлекеттің ісіне араласуына, оларға мемлекеттік органдардың функцияларын жүктеуге жол берілмейді.
19-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің норма шығармашылығына
қатысу қағидаты
Кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері арқылы кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенген халықаралық шарттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге және оларға сараптама жасауға қатысады.
20-бап. Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін
ынталандыру қағидаты
Кәсіпкерлік субъектілерінің өз қызметінде әлеуметтік жауапкершілікті енгізуіне мемлекет кепілдік береді және көтермелейді.
21-бап. Кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің шектеулі
қатысуының қағидаты
1. Мемлекет кәсіпкерлік қызметке осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының заңдарымен шектелген шектерде қатысады.
2. Мемлекет жеке кәсіпкерлікті және бәсекелестікті дамыту мақсатында мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысу үлесін кәсіпкерлік саласында мемлекеттік заңды тұлғаларды, мемлекеттің жарғылық капиталға қатысуымен заңды тұлғаларды құруын шектеу арқылы қысқартуға бағытталған шараларды қабылдайды.
22-бап. Кәсіпкерлік қызметте өзін-өзі реттеушілікті
дамыту қағидаты
Мемлекет мемлекеттік реттеу саласын, мұның қажеттілігінің ең аз мөлшеріне сүйене отырып, қысқарту арқылы кәсіпкерлік қызметте өзін-өзі реттеушілікті дамыту үшін жағдай жасайды.
2-тарау. КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ ШАРТТАРЫ § 1. Кәсіпкерлік субъектілері туралы жалпы ережелер
23-бап. Кәсіпкерлік субъектілері
1. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілері), мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері) кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
2. Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылуы мүмкін.
3. Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жеке тұлға осы Кодексте көзделген тәртіпте дара кәсіпкер ретінде тіркеледі.
Заңды тұлға құрмай дара кәсіпкерлікті жүзеге асырушы және осы Кодекстің 24-бабы 1-тармағының бірінші абзацында, 2-тармағының төртінші бөлігінде көрсетілген тиісті өлшемшарттарға сай келетін Қазақстан Республикасының азаматы немесе оралман дара кәсіпкер болып табылады.
24-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары
1. Жұмыскерлердің жылдық орташы санына және жылдық орташа табысына қарай жеке кәсіпкерлік субъектілері мынадай санаттарға жатады:
жеке кәсіпкерлік субъектілері, соның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері;
орташа кәсіпкерлік субъектілері;
ірі кәсіпкерлік субъектілер.
2. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін осы баптың 1-тармағында көрсетілген санаттарға жатқызу мынадай мақсаттар үшін пайдаланылады:
мемлекеттік статистика;
мемлекеттік қолдау көрсету;
Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын қолдану.
Мемлекеттік статистика мақсаттары үшін жұмыскерлердің жылдық орташа санының өлшемшарты ғана пайдаланылады.
Мемлекеттік қолдау көрсету Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын қолдану мақсаттары үшін екі өлшемшарт: жұмыскерлердің жылдық орташа саны және жылдық орташа табысы пайдаланылады.
Кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа саны, филиалдардың, өкілдіктердің және осы субъектінің басқа да оқшауланған құрылымдарының жұмыскерлерін, сондай-ақ дара кәсіпкердің өзін қоса алғанда, барлық жұмыскерлерді есепке ала отырып айқындалады.
Кәсіпкерлік субъектілерінің жылдық орташа табыстары немесе Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимі қолданылатын табыстарының соңғы үш жылдағы үшке бөлінген сомасы жылдық орташа табыс болып есептеледі.
Бұл ретте жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау бағдарламаларымен оны көрсетудің өзге де өлшемшарттары көзделуі мүмкін.
3. Шағын кәсіпкерлікті заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен жұмыскерлерінің жылдық орташа саны жүз адамнан аспайтын және республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және тиісті қаржылық жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің үш жүз мыңға еселенген мөлшерінен аспайтын жылдық орташа табысы бар заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
Жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің жылдық орташы саны он бес адамнан аспайтын немесе республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және тиісті қаржылық жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің отыз мыңға еселенген мөлшерінен аспайтын жылдық орташа табысы бар шағын кәсіпкерлік субъектілері микрокәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
4. Мемлекеттік қолдау және Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын қолдану мақсаттары үшін мынадай:
1) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналысымен байланысты қызметті;
2) акцизделетін өнімдерді өндіруді және (немесе) көтере сатуды;
3) астық қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызметті;
4) лотереялар өткізуді;
5) ойын бизнесі саласындағы қызметті;
6) радиоактивті материалдарының айналысымен байланысты қызметті;
7) банк қызметін (не жекелеген банк операцияларының түрлерін) және сақтандыру нарығындағы қызметті (сақтандыру агенті қызметінен басқа);
8) аудиторлық қызметті;
9) бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті;
10) кредиттік бюролар қызметін;
11) күзет қызметін;
12) азаматтық және қызметтік қарудың және олардың патрондарының айналысымен байланысты қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері деп танылмайды.
Осы тармақта аталған қызметтерді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар - орташа кәсіпкерлік субъектілеріне, ал осы баптың 6-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келген жағдайда, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатады.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ойын бизнесінің, тіркелген салық пен бірыңғай жер салығының төлеушілері болып табылатын жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін жұмыскерлерінің саны бойынша өлшемшарттар пайдаланылады.
5. Осы баптың 3 және 6-тармақтарына сәйкес шағын және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын, жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар орташа кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
6. Жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын және мына өлшемшарттардың біреуіне немесе екеуіне жауап беретін: жұмыскерлерінің жылдық орташа саны екі жүз елу адамнан артық және (немесе) республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және тиісті қаржылық жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің үш миллионға еселенген мөлшерінен артық жылдық орташа табысы бар дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
25-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі
1. Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы деректерді пайдалану үшін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізеді.
2. Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі - кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы мәліметтерді қамтитын электрондық деректер базасы.
3. Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы ақпарат мүдделері тұлғаларға, оның ішінде мемлекеттік органдарға жұмыстарында пайдалануы үшін электронды анықтама нысанында ұсынылады.
4. Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларын Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітеді.
26-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары
Кәсіпкерлік субъектілері:
1) Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгеше белгіленбесе, кәсіпкерліктің кез келген түрін жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жалдамалы еңбекті пайдалана отырып кәсіпкерлікті жүзеге асыруға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен филиалдар мен өкілдіктерді құруға;
4) осы Кодексте белгіленген жағдайлардан басқа, шығарылатын тауарларға (жұмыстарға, қызметтер көрсетуге) өз бетінше бағалар белгілеуге;
5) тауарлардың, жұмыстардың және қызметтер көрсетудің сапасына өз бетінше бақылауды жүзеге асыруға;
6) өзінің құқық қабілеттілігі шегінде сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға;
7) кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін құруға;
8) кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы сарапшылар кеңестерінің жұмысына қатысуға;
9) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын бұзған және/немесе заңды мүдделерін іске асыруға кедергі келтірген тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселелері бойынша құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарға жүгінуге;
10) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа және өзге де органдарға, аралық сотқа, халықаралық төрелік сотқа, сондай-ақ, Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілге жүгінуге;
11) бітімгершілік рәсімдер арқылы дауларды реттеуге;
12) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның қарауы үшін кәсіпкерлікті қолдау және қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді орындамауға немесе тиісінше орындамауға әсерін тигізетін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстар енгізуге;
13) кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігінің шаралары ретінде әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салалардағы жобаларды іске асыруға қатысуға;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
27-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттері
Кәсіпкерлік субъектілері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сақтауға;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетудің) қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуге;
3) қызметтер көрсетуді (жұмыстарды, тауарларды) тұтынушыларға тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) туралы толық және дәйекті ақпарат беруге;
4) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сай рұқсат беру тәртібі енгізілген жеке кәсіпкерліктің түрлерін жүзеге асыруға лицензиялар мен рұқсаттар алуға;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға;
6) қоршаған ортаны қорғауға, табиғат ресурстарына мұқияттылықпен қарауға;
7) табиғи және энергетикалық ресурстарды пайдаланудың және қызметін жүзеге асыру процесінде оларды басқарудың тиімділігін арттыруға;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
28-бап. Коммерциялық құпия қамтылған ақпаратты қорғау
1. Коммерциялық құпияны қорғау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес коммерциялық құпия қамтылған ақпаратты заңсыз алуға, таратуға не пайдалануға тыйым салуды білдіреді.
2. Кәсіпкерлік субъектісі коммерциялық құпия қамтылған ақпартқа еркін қолжетімділік құқығын иеленуші тұлғалардың шеңберін айқындайды және оның құпиялығын қорғаудың шараларын қабылдайды.
3. Ақпаратты қолжетімділік санатына жатқызу тәртібін, коммерциялық құпия қамтылған ақпараттарды қорғау мен пайдаланудың жағдайларын кәсіпкерлік субъектісі айқындайды.
4. Коммерциялық құпия қамтылған ақпаратты заңсыз әдістермен алған, ашқан немесе пайдаланған тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес келтірілген зиянның орнын толтыруға міндетті.
5. Кәсіпкерлік субъектісі немесе ол уәкілеттік берген тұлға өз қызметкерлерінен коммерциялық құпия қамтылған ақпаратты жарияламауды талап етуге, ал оларды тексеруді жүзеге асыратын тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілігі туралы ескертуге құқылы.
6. Міндетті жариялануға жататын не акционерлердің, шаруашылық серіктестігіне қатысушылардың немесе өзге де белгілі бір ауқымдағы тұлғалардың назарына жеткізілуі міндетті ақпараттардың тізімі Қазақстан Республикасының заңдарында және кәсіпкерлік субъектілерінің құрылтай құжаттарына да белгіленеді.
7. Соттың ол бойынша заңды күшіне енген шешімі бар ақпараттан басқа, коммерциялық құпия қамтылған ақпараттың кәсіпкерлік субъектісінің келісімінсіз жария етілуі мүмкін емес.
8. Кәсіпкерлік субъектісі мемлекеттік органдарға және лауазымды тұлғаларға тіркеу, бақылау функцияларын орындауы және басқа іс-әрекеттерді жасауы кезінде оларға жүктелген функцияларларды іске асыру үшін қажетті ақпараттан басқа, коммерциялық құпия қамтылған ақпаратқа қолжетімділікті ұсынбауға құқылы.
9. Кәсіпкерліктің нақты субъектісінің қызметі туралы мәліметтерді жария етпейтін жалпылама түйінделген ақпарат жалпыға бірдей қолжетімді болып табылады.
10. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратына мыналар жатады:
1) тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) немесе дара кәсіпкердің атауы;
2) заңды тұлғаның атауы және тіркелген күні;
3) сәйкестендіру нөмірі;
4) заңды мекенжайы (тұрған орны);
5) қызметінің түрі;
6) басшының (болған кезде) тегі, есімі, әкесінің аты.
29-бап. Статистикалық және әкімшілік бастапқы деректер
1. Статистикалық бастапқы деректерді кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ұсынады.
Мемлекеттік органдардың бастапқы статистикалық деректерді кәсіпкерлік субъектілерге қатысты, оның ішінде олардың бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруы кезінде пайдалануына жол берілмейді.
2. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісілуі тиіс.
30-бап. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бухгалтерлік
есепті жүргізу және қаржылық есептілікті
жасауының тәртібі
1. Осы Кодекстің 36-бабына сәйкес мемлекеттік міндетті тіркелуге жатпайтын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті құрастыруы Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасында айқындалған тәртіпте жүзеге асырылады.
2. Шағын кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасы бойынша бухгалтерлік есепті жүргізудің және қаржылық есептілікті жасаудың оңайлатылған нысанын қолдануға құқылы.
§ 2. Дара кәсіпкерлік субъектілері
31-бап. Дара кәсіпкерліктің ұғымы және түрлері
1. Дара кәсіпкерлік – жеке тұлғалардың өздерiнiң меншiгiне негiзделген және олардың тәуекелi мен мүлiктiк жауапкершiлiгi арқылы жеке тұлғалардың атынан жүзеге асырылатын жеке тұлғалардың табыс табуға бағытталған бастамашылық қызметi.
Заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе) оралмандар дара кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады. Өзге жеке тұлғаларға дара кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салынады.
2. Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады.
32-бап. Өзіндік кәсіпкерлік
1. Өзiндiк кәсiпкерлiктi бiр жеке тұлға өзiне меншiк құқығымен тиесiлi мүлiк негiзiнде, сондай-ақ мүлiктi пайдалануға және (немесе) оған билiк етуге жол беретiн өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.
2. Некеде тұратын жеке тұлға жұбайын кәсiпкер ретiнде көрсетпей өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асырған кезде ол жұбайдың кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға келiсiмi талап етiлмейдi.
3. Жеке тұлға өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асыру үшiн ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн пайдаланған жағдайларда, егер заңдарда немесе неке шартында не ерлi-зайыптылардың арасындағы өзге келiсiмде өзгеше көзделмесе, мұндай пайдалануға жұбайының нотариалдық жолмен куәландырылған келiсiмi қажет.
4. Өзiндiк кәсiпкерлiк фермалық шаруашылық нысанын пайдалану арқылы жүзеге асырыла алады.
33-бап. Бірлескен кәсіпкерлік
1. Бiрлескен кәсiпкерлiктi жеке тұлғалар (дара кәсiпкерлер) тобы өздерiне ортақ меншiк құқығымен тиесiлi мүлiк негiзiнде, сондай-ақ мүлiктi бiрлесiп пайдалануға және (немесе) оған билiк етуге жол беретiн өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.
2. Бiрлескен кәсiпкерлiк кезiнде жеке кәсiпкерлiкпен байланысты барлық мәмiлелер бiрлескен кәсiпкерлiктiң барлық қатысушыларының атынан жасалады, ал құқықтар мен мiндеттер олардың атынан алынады және жүзеге асырылады.
3. Бiрлескен кәсiпкерлiктiң нысандары:
1) ерлi-зайыптылардың ортақ бiрлескен меншiгi негiзiнде жүзеге асырылатын ерлi-зайыптылардың кәсiпкерлiгi;
2) шаруа қожалығының немесе жекешелендiрiлген тұрғын үйге ортақ бiрлескен меншiк негiзiнде жүзеге асырылатын отбасылық кәсiпкерлiк;
3) жеке кәсiпкерлiк ортақ үлестiк меншiк негiзiнде жүзеге асырылатын жай серiктестiк болып табылады.
4. Ерлi-зайыптылардың кәсiпкерлiгiн жүзеге асырған кезде жұбайлардың бiрi екiншi жұбайдың келiсiмiмен iскерлiк айналымда ерлi-зайыптылардың атынан әрекет етедi, келiсiм дара кәсiпкердi тiркеу кезiнде расталуы немесе дара кәсiпкердiң қызметi мемлекеттiк тiркеусiз жүзеге асырылған жағдайларда жазбаша түрде көрсетiлiп, нотариалды куәландырылуы мүмкiн.
Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң iскерлiк айналымда ерлi-зайыптылар атынан әрекет етуiне екiншiсiнiң келiсiмi болмаған кезде iскерлiк айналымда әрекет ететiн жұбай дара кәсiпкерлiктi өзiндiк кәсiпкерлiк түрінде жүзеге асыратындығы көзделедi.
5. Дара кәсiпкерлiк жай серiктестiк нысанын пайдалану арқылы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
34-бап. Дара кәсіпкерлікті өз атынан жүзеге асыру
1. Дара кәсіпкер кәсіпкерлік қызметпен айналысады, құқықтар мен міндеттерді иеленеді және өзінің атынан жүзеге асырады.
2. Өзінің кәсіпкерлік қызметімен байланысты мәмілелерді жасаған кезде, азамат ол дара кәсіпкер ретінде әрекет ететінін көрсетуі тиіс.
3. Мұндай көрсетудің болмауы дара кәсіпкерді оның өз міндеттемелері бойынша мойнына алатын тәуекел мен жауапкершіліктен босатпайды.
4. Өзінің қызметін жүзеге асырған кезде дара кәсіпкер мәтіні осы тұлғаның дара кәсіпкер болып табылатындығын барынша айқындайтын іскерлік құжаттамасының дербес бланкаларын, мөрді, мөртаңбанды пайдалануға құқылы.
35-бап. Дара кәсіпкерлікті әлеуметтік қорғау
Дара кәсіпкердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік сақтандыру жүйесін пайдалануға құқығы бар.
36-бап. Дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу
1. Заңды тұлға құрмай жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу кезiнде мәлiмделген орналасқан жерi бойынша мемлекеттік кіріс органында дара кәсiпкер ретiнде есепке қою болып табылады.
2. Мына шарттардың бiреуiне сай келетiн:
1) тұрақты негiзде жалдамалы жұмыскерлердiң еңбегiн пайдаланатын;
2) жеке кәсiпкерлiктен алатын Қазақстан Республикасының заңдарында жеке тұлғалар үшiн белгiленген салық салынбайтын жылдық жиынтық табыстың мөлшерiнен асатын мөлшерде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген жылдық жиынтық табысы бар дара кәсiпкерлер мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатады.
Осы баптың 3-тармағында аталған тұлғаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, аталған дара кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркеусіз қызметіне тыйым салынады.
3. Қызметкерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланбайтын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мынадай табыстарды:
1) төлем көзінен салық салынатын;
2) мүлік табыстарын;
3) өзге де табыстарды алу кезінде дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқылы.
37-бап. Дара кәсіпкерлерді мемлекеттiк тiркеудің тәртібі
1. Дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу үшін жеке тұлға мемлекеттік кіріс органына:
1) салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдер түсімін қамтамасыз ету саласындағы уәкілеті орган бекіткен нысан бойынша салықтық өтінішті;
2) дара кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегені үшiн алым сомасының бюджетке төленгенiн растайтын құжатты;
3) дара кәсіпкердің орналасқан жерін растайтын құжатты ұсынады.
Мекенжай анықтамасы не жылжымайтын мүлiкке меншік немесе оны пайдалану құқығын растайтын құжат дара кәсiпкердiң орналасқан жерiн растайтын құжат болып табылады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттар келу тәртібімен ұсынылған кезде жеке тұлға жеке басын куәландыратын құжатты көрсетеді.
Салықтық өтінішті «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынған кезде осы тармақтың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді. Дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым сомасын бюджетке төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүргізіледі.
Дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым сомасы бюджетке банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төленген жағдайда, электрондық түрде ұсынылған салықтық өтінішке сұрау салуда төлем құжатының деректемелерін көрсеткен кезде «электрондық үкіметтің» веб-порталында қалыптастырылатын «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің хабарламасы қоса беріледі.
Дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым сомасын төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.
Егер өтiнiш берушi кәмелет жасына толмаған жағдайда, жоғарыда аталған құжаттарға – заңды өкілдердің келiсiмi, ал мұндай келiсім болмаған кезде – кәмелет жасына толмаған адамды толығымен іс-әрекетке қабiлеттi деп жариялау туралы сот шешiмiнің көшірмесі қоса берiледi.
Өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады.
2. Мемлекеттік кіріс органы осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарды жеке тұлға ұсынған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерді) мемлекеттік тіркеуді жүргізеді не осындай тіркеуден бас тартады.
2. Мемлекеттік кіріс органы, егер:
1) өтініш беруші әрекетсіз заңды тұлғалардың жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылған және (немесе) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған және (немесе) хабарсыз кеттi деп танылған және (немесе) қайтыс болды деп жарияланған және (немесе) оның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 215, 238 және 240-баптары бойынша қылмыстары үшін жойылмаған немесе алынбаған соттылығы болған;
2) салықтық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың деректері сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде қамтылған мәліметтерге сәйкес келмеген;
3) салықтық өтініште көрсетілген орналасқан жері «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде жоқ болған жағдайда, дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеуден бас тартуды жүргізеді.
3. Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк беруге арналған өтiнiште, сондай-ақ бiрлескен қызмет туралы шартта (жай серiктестiк туралы шартта) көрсетiлген деректер өзгерген жағдайда, дара кәсiпкер (бiрлескен дара кәсiпкерлiктiң уәкiлеттi адамы) өзгерiстер туралы мемлекеттік кіріс органына осы орган белгiлеген нысан бойынша хабарлауға мiндеттi.
4. Дара кәсіпкер ретінде тіркеу үшін өтініш беруші салықтық өтінішті келу тәртібімен мемлекеттік кіріс органына қағаз жеткізгіште не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынуға құқылы.
Кәмелет жасына толмаған жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда, салықтық өтініш келу тәртібімен қағаз жеткізгіште ұсынылады.
5. Бiрлескен дара кәсiпкерлiктi тiркеу кезiнде өтiнiштi үшiншi тұлғалармен және мемлекеттiк органдармен қатынастарда мүдделерiн бiлдiретiн уәкiлеттi тұлға бередi.
38-бап. Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
1. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік кәсіпкерлік қызметін заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын азаматты дараландыру тәсілі болып табылады.
2. Дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік мерзімсіз болып табылады және мемлекеттік кіріс органының лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында ұсынылады.
Бірлескен дара кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке мемлекеттік кіріс органының басшысы растаған бірлескен дара кәсіпкерлік мүшелерінің тізімі қоса беріледі.
3. Дара кәсiпкердi (бiрлескен дара кәсiпкерлiктi) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекiтедi.
4. Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiкте көрсетiлген деректер өзгерген жағдайда дара кәсiпкер (бiрлескен дара кәсiпкерлiктiң уәкiлеттi адамы) қайта тiркеудi жүзеге асыруға және жаңа куәлiк алуға мiндеттi.
5. Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің күші жалған кәсіпкерліктің жасалу фактісін анықтаған, заңды күшіне енген сот үкімінің немесе қаулысының не қылмыстық қудалау органының күші жойылмаған қаулысының негізінде жойылуға жатады.
39-бап. Дара кәсiпкер қызметiнің тоқтатылуы
1. Дара кәсiпкердiң қызметi ерiктi не мәжбүрлеу тәртiбiмен, сондай-ақ осы Кодексте көзделген мән-жайлар туындаған жағдайда тоқтатылуы мүмкiн.
Дара кәсiпкердiң қызметi өзiндiк кәсiпкерлiк кезiнде, дара кәсiпкер өз бетiмен, бiрлескен кәсiпкерлiк кезiнде - барлық қатысушылар бiрлесiп қабылдаған шешiм негiзiнде кез келген уақытта ерiктi түрде тоқтатылады.
Дара кәсіпкер қызметін ерікті түрде тоқтату үшін мемлекеттік кіріс органына кәсіпкерлік қызметін тоқтату туралы өтініш береді.
Бiрлескен кәсiпкерлiктi тоқтату туралы шешiм, егер ол үшiн оған қатысушылардың кемінде жартысы дауыс берсе, егер олардың арасындағы келiсiмде өзгеше көзделмесе, қабылданған болып саналады.
2. Жеке кәсiпкердiң қызметi мынадай жағдайларда:
1) ол банкрот деп танылған;
2) тiркеу кезiнде жiберiлген Қазақстан Республикасының заңнамасын жойылмайтын сипаттағы бұзушылықтарға байланысты дара кәсiпкердi тiркеу жарамсыз деп танылған;
3) қызметiн күнтiзбелiк жыл iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын бiрнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүзеге асырған;
4) ол қайтыс болды деп жарияланған;
5) ол хабар-ошарсыз кетті деп танылған жағдайларда соттың шешімі бойынша мәжбүрлеу тәртібімен тоқтатылады.
3. Осы бапта көзделген негiздерден басқа, дара кәсiпкердiң қызметi мынадай жағдайларда:
1) өзiндiк кәсiпкерлiк - дара кәсiпкер әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабілеті шектеулі деп танылған, қайтыс болды деп жарияланған немесе ол қайтыс болған;
2) отбасылық кәсiпкерлiк және жай серiктестiк - егер осы тармақтың 1-тармақшасында аталған мән-жайлар болуы салдарынан бiрлескен кәсiпкерлiк қатысушысының бiреуi қалған немесе бiр де бiрi қалмаған жағдайда, сондай-ақ некенi бұзуға байланысты мүлiктi бөлу кезiнде;
3) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген қызметті оңайылатылған тәртіппен тоқтату көзделген жағдайда тоқтатылады.
4. Дара кәсіпкердің қызметі оның өтініші не соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде мемлекеттік кіріс органында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған кезден бастап, сондай-ақ осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайларда тоқтатылған болып есептеледі.
Дара кәсіпкер уәкілетті органның интернет-ресурсында тіркеу есебінен дара кәсіпкерді алып тастау туралы ақпарат орналастырылған күннен бастап тіркеуші органда дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған болып танылады.
5. Белгiленген жағдайларда тiркеусiз дара кәсiпкерлiктi жүзеге асыру кезiнде оны тоқтату ерiктi сипатта болса - нақты тоқтатылған кезден бастап, мәжбүрлеп тоқтату кезiнде тиiсiнше соттың шешiмi заңды күшiне енген кезден бастап ол тоқтатылды деп есептеледi.
6. Орындалмаған міндеттемелері жоқ және мемлекеттік органдар болмашы немесе орташа дәрежедегі тәуекел санатына жатқызған шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қайта ұйымдастырудың және ерікті таратудың оңайлатылған тәртібі белгіленеді.
40-бап. Дара кәсiпкердiң банкроттығы
Дара кәсiпкердiң банкроттық рәсiмi оңалту және банкроттық туралы заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
41-бап. Дара кәсіпкерлердің борыштары бойынша олардың
мүлкінен өндіріп алу
1. Дара кәсiпкерлер өз мiндеттемелерi бойынша, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өндiрiп алынбайтын мүлiктi қоспағанда, өздерiнiң барлық мүлкiмен жауапты болады.
2. Жеке тұлға өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асырған кезде, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өндiрiп алынбайтын мүлiктi қоспағанда, өзiнің барлық мүлкiмен, соның iшiнде, ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгiндегi үлесiмен жауапты болады.
3. Жеке тұлға жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыру үшiн ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн пайдаланған жағдайларда, оның борыштары бойынша өндiрiп алу ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiне де қолданыла алады.
Жұбайлардың жеке кәсiпкер болып табылмайтын әрқайсысының мүлкi өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асыратын жұбайының бiреуiнiң борыштары бойынша өндiрiп алуды қолдану нысанасы бола алмайды.
4. Ерлi-зайыптылар кәсiпкерлiгiн жүзеге асырған кезде ерлi-зайыптылардың кәсiпкерлiктi жүзеге асыруға байланысты борыштары бойынша өндiрiп алу олардың қайсының iскерлiк айналымда әрекет ететiнiне қарамастан, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiне қолданыла алады.
42-бап. Шаруа немесе фермерлік қожалығы ұғымы және
нысандары
1. Тұлғалардың жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыруы ауыл шаруашылығына арналған жерлердi ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрумен, сондай-ақ осы өнiмдi қайта өңдеумен және өткiзумен тығыз байланысты еңбек бiрлестiгi шаруа немесе фермер қожалығы деп танылады.
2. Шаруа немесе фермер қожалығы:
1) кәсiпкерлiк қызмет бiрлескен ортақ меншiк базасына негiзделген отбасылық кәсiпкерлiк нысанында жүзеге асырылатын шаруа қожалығы;
2) өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асыруға негiзделген фермер қожалығы;
3) бiрлескен қызмет туралы шарт негiзiнде жалпы үлестiк меншiк базасында жай серiктестiк нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығы нысандарыда болуы мүмкiн.
43-бап. Шаруа немесе фермерлік қожалығының басшысы
және мүшелері
1. Он сегіз жасқа толған, Қазақстан Республикасының іс-әрекетке қабілетті азаматы шаруа немесе фермер қожалығының басшысы бола алады.
2. Ортақ шаруашылықты бірлесіп жүргізетін ерлі-зайыптылар, жақын туыстар (ата-аналар, балалар, бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер және апалы-сіңлілер (ағалы-қарындастар), аталар, әжелер, немерелер) және өзге де адамдар шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері болып табылады.
44-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен
мүшелерінің құқықтары және міндеттері
1. Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы:
1) жеке және заңды тұлғалармен қатынастарда шаруа немесе фермер қожалығының мүдделерін білдіруге;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыруға;
3) ұзақ уақыт болмаған жағдайда қожалық мүшелерінің біреуіне өзінің функцияларын орындауға уәкілеттік беруге;
4) шаруа немесе фермер қожалығы қызметінің негізгі бағыттарын айқындауға;
5) ішкі қағидаларды, оларды қабылдау рәсімдерін және шаруа немесе фермер қожалығының ішкі қызметін реттейтін басқа да құжаттарды бекітуге;
6) шаруа немесе фермер қожалығының заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне қатысуы туралы мәселені шаруа немесе фермер қожалығы мүшелері жалпы жиналысының қарауына шығаруға;
7) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2. Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы:
1) шаруа немесе фермер қожалығының есебі мен есептілігін жүргізуді ұйымдастыруға;
2) шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері жалпы жиналысының Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін шешімдерін өз құзыреті шегінде орындауға;
3) шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері үшін еңбек жағдайын жасауға;
4) жалдамалы қызметкерлерді жұмысқа қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарттарын жасасуға, жұмыс берушінің актілерін шығаруға;
5) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
3. Шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері:
1) шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің жалпы жиналысында белгіленген тәртіппен шаруа немесе фермер қожалығынан өз еркімен шығуға;
2) шаруа немесе фермер қожалығының қызметі туралы ақпарат алуға, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалығының бухгалтерлік есебінің, қаржылық есептілігінің деректерімен және басқа да құжаттамасымен танысуға;
3) шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің жалпы жиналысына және (немесе) мемлекеттік органдарға басшының және басқа мүшелердің құқыққа сыйымсыз іс-әрекеттеріне шағым жасап жүгінуге;
4) өздерінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда шаруа немесе фермер қожалығы басшысының және мүшелерінің жалпы жиналысының шешімдеріне сот тәртібімен шағымдануға;
5) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
4. Шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері:
1) шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің жалпы жиналысының шешімдерін орындауға;
2) шаруа немесе фермер қожалығының ішкі құжаттарының талаптарын сақтауға;
3) шаруа немесе фермер қожалығының басшысы ауысқан жағдайда, бұл туралы қожалықты тіркеген органға ортақ өтініш беріп хабарлауға;
4) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
45-бап. Шаруа немесе фермер қожалығын құру ерекшеліктері
1. Шаруа немесе фермер қожалығы ерікті негізде құрылады және жер учаскесіне құқық мемлекеттік тіркелген кезден бастап, ал Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жағдайларда, дара кәсіпкер ретінде тіркелгеннен кейін құрылды деп есептеледі.
2. Бірлескен кәсіпкерлікке негізделген шаруа немесе фермер қожалығын тіркеген кезде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік шаруа немесе фермер қожалығының басшысына беріледі. Куәлікке салық органының тиісті аумақтық бөлімшесінің басшысы куәландырған шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің тізімі қоса беріледі.
46-бап. Шаруашылық жүргiзу нысаны ретiндегi шаруа
немесе фермер қожалығы
1. Шаруа немесе фермер қожалығы Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығының тең құқықтық өндiрiстiк бiрлiгi болып табылады.
2. Шаруа немесе фермер қожалығы өз қызметiнiң бағытын, өндiрiсiнiң құрылымы мен көлемдерiн дербес айқындайды, өнiмдi өсiредi, ұқсатады және сатады, сондай-ақ шаруашылық жүргiзумен байланысты басқа да мәселелердi шешедi.
3. Өз қызметін жүзеге асыру кезінде шаруа немесе фермер қожалығы:
1) шаруа немесе фермер қожалығы банк шоттарын ашуға және банктегi өз ақшаларына иелiк етуге;
2) шаруа немесе фермер қожалығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және ережелер бойынша мүлкiн, жер учаскесiн және жер пайдалану құқығын кепiлге салып кредит алуға;
3) шаруа немесе фермер қожалығы сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалға алынған және жеке меншiк өндiрiс құрал-жабдықтарын, сондай-ақ ауыл шаруашылық дақылдарының егiсiн (екпелерiн), көпжылдық екпелердi, шығарған өнiмдерiн, шикiзатты, материалдарды жойылуы немесе зақымдануы жағдайынан сақтандыруды жүзеге асыруға;
4) шаруа немесе фермер қожалықтары ерiктi негiзде кооперативтерге, қоғамдарға және басқа да бiрлестiктерге бiрiгiп, кооперативтiк, шаруашылық серiктестiктерiнiң және басқа да ұйымдардың қызметiне қатысуға, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығы өз қалауы бойынша кез келген ұйымнан шығуға құқылы.
47-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының меншiгi
1. Шаруа қожалығының мүлкі, егер оның мүшелерінің арасындағы шартпен өзгеше белгіленбесе, оларға бірлескен меншік құқығымен тиесілі болады.
Бірлескен қызмет туралы шарт негізінде жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығының мүлкі оның мүшелеріне ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болады.
Өзіндік кәсіпкерлікке негізделген фермер қожалығының мүлкі оған жеке меншік құқығымен тиесілі болады.
2. Шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң меншiгiнде жер учаскелері, жер учаскесiндегi екпелер, оның ішінде жеке орман қорының екпелері, ерiксiз және (немесе) жартылай ерiктi жағдайларда өсiрiлген және ұсталатын жабайы жануарлар, шаруашылыққа арналған және өзге де қора-қопсылар, мелиорациялық және басқа да құрылыстар, өнiм беретiн және жұмысқа жегiлетiн мал, құс, ауыл шаруашылығына арналған және өзге де техника мен жабдықтар, көлiк құралдары, керек-жарақтар және шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері берген және (немесе) қожалық үшiн оның мүшелерiнiң ортақ қаражатына сатып алынған басқа да мүлiк болуы мүмкін.
3. Шаруа немесе фермер қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде алынған жемiстер, өнiмдер және табыстар шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң ортақ бiрлескен немесе ортақ үлестiк мүлкi болып табылады және олардың арасындағы келiсiм бойынша пайдаланылады.
4. Шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң мүлiктiк қатынастары Қазақстан Республикасының азаматтық және жер заңнамасының тиiстi нормаларымен реттеледi.
5. Шаруа немесе фермер қожалығының мүлкi және жер учаскесiне құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен мұраға алынады.
48-бап. Шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн жер
учаскесiн беру
Шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскесін беру және оны пайдалану шарты, тәртібі Қазақстан Республикасының Жер кодексімен белгіленеді.
49-бап. Шаруа немесе фермер қожалығы қызметiнiң шарттары
1. Шаруа немесе фермер қожалығы өзінің шығыстарын алынатын табысының есебiнен жабады.
2. Шаруа немесе фермер қожалығының өндiрiстiк, коммерциялық және өзге де қатынастары шарттық негiзде жүзеге асырылады.
3. Шаруа немесе фермер қожалығындағы жұмыстарды орындауға еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн азаматтар тартылуы мүмкiн.
4. Шаруа немесе фермер қожалығында жалдау туралы шарт жасасу тәртiбi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен белгiленедi.
5. Шаруа немесе фермер қожалығының мүшелерi мен қожалықта еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн азаматтар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық құқықтарды пайдаланады.
6. Шаруа немесе фермер қожалығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыз ету, әлеуметтiк сақтандыру жүйесін пайдалануға құқығы бар.
50-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының қызметiн
тоқтатудың ерекшеліктерi
1. Егер қожалықтың қызметiн жалғастырғысы келетiн бiрде-бiр қожалық мүшесi, мұрагер немесе басқа адам қалмаса, сондай-ақ банкрот болған және жер учаскесiне жеке меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайларда шаруа немесе фермер қожалығының қызметi тоқтатылады.
2. Шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметi тоқтатылған кезде ортақ мүлiктi бiрлескен меншiкке қатысушылар арасында бөлу, сондай-ақ олардың бiреуiне үлес бөлiп беру ортақ мүлiк құқығындағы әрбiр қатысушылардың үлесi алдын ала анықталған жағдайда жүзеге асырылуы мүмкiн.
3. Үлестiк меншiктегi мүлiк оған қатысушылар арасында бiр-бiрiмен келiсiм бойынша бөлiнуi мүмкiн.
4. Шаруа немесе фермер қожалығының қызметiн тоқтату кезiнде мүлiктi, жер учаскесiн және жер пайдалану құқығын бөлудiң шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледi.
§ 3. Заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі
51-бап. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі
1. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табыс алуды көздейтін коммерциялық заңды тұлғаларды құру арқылы жүзеге асырыла алады.
2. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысандары тек қана шаруашылық серіктестіктері, акционерлік қоғам және өндірістік кооператив болуы мүмкін.
3. Коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік қызметпен бұл оның жарғылық мақсаттарына сәйкес болғандығы үшін айналыса алады.
52-бап. Мемлекеттік заңды тұлғалардың (мемлекеттік
кәсіпорындардың) кәсіпкерлігі
1. Мемлекет қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктерін анықтайтын әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу мақсаттарында мынадай:
1) шаруашылық жүргізу;
2) оралымды басқару (қазыналық кәсіпорындар) құқықтарына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар құрады.
2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын – шаруашылық жүргізу құқығымен мемлекеттік мүлік берілген және өзіне тиесілі барлық мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін коммерциялық ұйым.
3. Қазыналық кәсіпорын – оралымды басқару құқығымен мемлекеттік мүлік берілген коммерциялық ұйым.
53-бап. Кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаларды
мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен
өкілдіктерін есептік тіркеу
1. Өздерiнiң құрылу мақсатында, өз қызметiнiң түрi мен сипатына, қатысушылар (мүшелер) құрамына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында құрылатын және кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғалар мемлекеттiк тiркеуге жатады.
2. Заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан филиалдары мен өкiлдiктерi, олар заңды тұлға құқығын иеленбестен есептiк тiркеуге жатады.
3. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді әділет органдары, заңды тұлғаларды - Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеудi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (тіркеуші органдар) жүзеге асырады.
4. Кәсіпкерлік субъектілері – заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
54-бап. Кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаларды
мемлекеттік тіркеудің тәртібі
1. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш, сонымен бірге қазақ және орыс тілдерінде жазылған және үш данада ұсынылатын құрылтай құжаттары қоса беріледі.
Заңды тұлғаларды - Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген нысан бойынша өтініш беріледі.
2. Акционерлік қоғамдардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғыларын (ережелерін) қоспағанда, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғылары (ережелері) мемлекеттік тіркеу кезінде ұсынылмайды.
3. Егер заңды тұлғаның құрылтайшылары өзінің қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыруға шешім қабылдаған жағдайда, онда заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу процесінде жарғыны ұсыну талап етілмейді.
Бұл ретте тіркеуші органға шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын шаруашылық серіктестік жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініштің нотариалды тәртіппен расталған үш данасы ұсынылады.
4. Шағын кәсiпкерлiк субъектiсіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу осы Кодекстің 55-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiсіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттiк тіркеу кезiнде шетелдiк немесе шетелдік заңды тұлға, Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе мемлекеттiк органдар не Ұлттық Банк бірден-бір жалғыз құрылтайшы не құрылтайшылардың бірі болып табылатын жағдайларда, өтiнiшке құрылтайшы немесе құрылтайшылардың бiреуi не құрылтайшының уәкiлеттiк берген адамы қол қояды және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда нотариалды тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса отырып, оны тiркеуші органға бередi.
6. Шетелдік қатысатын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, қосымша:
құрылтайшы – шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге сауда тізілімінің заңдастырылған үзінді көшірмесі немесе басқа да заңдастырылған құжат;
нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге шетелдік құрылтайшының паспортының көшірмесі немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжат ұсынылуға тиіс.
7. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, бір мезгілде тіркеуші органға заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат ұсынылады.
8. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгендерден басқа қандай да бір құжаттар мен мәлiметтердi талап етуге тыйым салынады.
9. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайтын тәртіппен Интернет желісі арқылы берілген электрондық өтініш негізінде жүргізілуі мүмкін.
10. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде осы Кодексте белгіленген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өлшемдеріне сәйкес санатты субъект өз бетінше анықтайды және оны өтінішінде көрсетеді.
55-бап. Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды
тұлғаны мемлекеттік тіркеудің хабарлама тәртібі
Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) тіркеуші органға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама береді.
Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу «электрондық үкімет» веб-порталында толтырылатын электрондық хабарлама беру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғылары (ережелері) мемлекеттік тіркеу процесінде ұсынылмайды.
Шетелдік қатысатын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, қосымша:
құрылтайшы – шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге сауда тізілімінің заңдастырылған үзінді көшірмесі немесе басқа да заңдастырылған құжат;
нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен шетелдік құрылтайшының паспортының көшірмесі немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжат ұсынылуға тиіс.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы беру кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны жөнінде хабарламаны қабылдау туралы растау болып табылады.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы беру кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
56-бап. Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды
тұлғаны қайта құру және тарату
1. Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаны қайта құру және тарату нақтылы ұйымдық-құқықтық нысан үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Борышкердің немесе кредитордың, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда өзге де тұлғалардың сотқа берген өтініштерінің негізінде кәсіпкерлік субъектісі сот шешімімен банкрот деп жарияланады.
3. Заңды тұлғаны оңалтудың және оның банкроттығының рәсімі Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
57-бап. Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды
тұлға қызметiнiң тоқтатылуын мемлекеттік тiркеу
1. Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға қызметiнің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу үшін тарату негiздемесi бойынша:
1) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш;
2) заңды тұлға мүлкiнің меншiк иесiнiң немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның не құрылтай құжаттарымен уәкiлеттiк берiлген заңды тұлға органының заңды тұлға мөрiмен (ол бар болған кезде) бекемделген шешiмi;
3) заңды тұлғаның таратылуы, кредиторлардың талаптарды мәлiмдеу тәртiбi мен мерзiмдерi туралы ақпараттың Әділет министрлігінің ресми баспасөз басылымдарында жарияланғанын растайтын құжат;
4) кедендік баждар, салықтар және кедендік алымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы анықтама;
5) акция шығарылымдарының күшін жою туралы куәлік (акционерлiк қоғамдар үшiн);
6) заңды тұлғаның мөрiн жою туралы құжат (ол бар болған кезде);
7) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат;
8) құрылтай құжаттары ұсынылады.
2. Заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш тiркеушi органға заңды тұлғаның таратылғаны туралы ақпарат жарияланған күннен бастап кемінде екі ай өткен соң ұсынылады.
3. Сот шешімі бойынша таратылған заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу сот шешімі және тарату ісін жүргізудің аяқталғаны туралы сот ұйғарымы негізінде жүзеге асырылады.
4. Мүліктік кешен ретінде жекешелендірілген мемлекеттік кәсіпорын қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу үшін сатып алушы:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің (жергілікті атқарушы органның) мемлекеттік кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы шешімін;
3) мемлекеттік кәсіпорынның мүліктік кешенін сатып алу-сату шартының көшірмесін;
4) мемлекеттік кәсіпорынның тапсыру актiсiнің көшірмесін;
5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені немесе филиалды (өкілдікті) есептік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртекті немесе өзге де құжатты ұсынады.
5. Тіркеуші орган заңды тұлғаны тарату туралы шешімді алғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тарату тәртібінің сақталуын тексереді, заңды тұлғаның таратылғаны туралы мәліметтерді Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгізеді.
6. Салық қызметі органдары Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерi ұлттық тiзiлiмінің мәліметтері негізінде қызметін тоқтататын заңды тұлға жөнінде салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер береді не мұндай заңды тұлғаға «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін орындамаған жағдайда берешегі туралы аталған мәліметтерді беруден бас тартады.
7. Егер тексеру процесінде тарату тәртібінің бұзылуы анықталмаса, тіркеуші орган қажетті құжаттарымен қоса заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш берілген күннен кейінгі бес жұмыс күні ішінде заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын тіркейді. Табиғи монополия субъектiсi қызметiнiң тоқтатылуын мемлекеттік тiркеудi тiркеушi орган табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның алдын ала келiсiмiмен жүзеге асырады.
8. Заңды тұлғаны тарату тәртібінің бұзылуы анықталған кезде, сондай-ақ таратылатын заңды тұлғаның есептік тіркеуден шығарылмаған филиалдары (өкілдіктері) болған жағдайда, салық берешегінің болуы, міндетті зейнетақы жарналары бойынша,міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болған жағдайда не мұндай заңды тұлға Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін орындамаған жағдайда мемлекеттік кіріс органдары берешегі туралы аталған мәліметтерді беруден бас тартқан жағдайларда, тіркеуші орган заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы шешім шығарады.
9. Қызметiнің тоқтатылғаны жөніндегі мәліметтер Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзiлгеннен кейiн кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға өз қызметiн тоқтатты деп есептеледi.
§ 4. Кәсіпкерлік субъектісінің қызметіндегі корпоративтік басқару
58-бап. Корпоративтік басқару ұғымы
1. Корпоративтік басқару деп акционерлер мен акционерлік қоғамның органдары арасындағы, акционерлік қоғам органдарының арасындағы, акционерлік қоғам мен акционерлердің құқықтары мүдделі тұлғалардың көмегі арқылы іске асырылатын өзара іс-қимыл жүйесі түсініледі.
2. Акционерлік қоғамдардың басқару құрылымының болуы корпоративтік басқарудың шарты болып табылады.
3. Корпоративтік басқару тек қана акционерлік қоғамдардың шеңберімен шектеліп қалмайды және өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған ұйымдарда да жүзеге асырыла алады.
59-бап. Корпоративтік басқарудың негізгі көздері
1. Акционерлік қоғамдарды корпоративтік басқару әділдікті, адалдықты, жауапкершілікті, ашықтықты, кәсібилік пен құзырлықты негізге алып жасалады.
2. Корпоративтік басқару мынадай негіздерге сүйенеді:
1) акционерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау;
2) акционерлер құқықтарының теңдігі;
3) акционерлік қоғамның басқару органы қызметінің құқықтық негіздері;
4) корпоративтік басқару және ақпараттық ашықтық;
5) корпоративтік басқару саласындағы әдеп талаптары;
6) акционерлік қоғамдардың қызметіндегі дауларды шешу;
7) корпоративтік басқарудағы жауапкершілік.
60-бап. Акционерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау
1. Акционерлік қоғамды корпоративтік басқарудың құрылымы акционерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруды қамтамасыз етуі тиіс. Заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделері бұзылған жағдайда акционерлердің тиімді қорғауды имденуге мүмкіндігі болуы тиіс.
2. Акционерлік қоғам өзінің акционерлерінің назарына Қазақстан Республикасының заңдарында және акционерлік қоғамның жарғысында көзделген тәртіппен акционерлердің мүддесін қозғайтын акционерлік қоғамның қызметі туралы ақпаратты жеткізуі тиіс.
3. Акционерлік қоғам акционерлерді акционерлердің жалпы жиналыстарына қатысу және оларға дауыс беру мүмкіндігін (құқығын), соның ішінде акционерлердің жалпы жиналыстарын өткізудің қағидалары туралы ақпаратты берумен қамтамасыз етеді.
Акционерлік қоғам акционерлердің корпоративтік басқарудағы өзекті шешімдерді қабылдауға, атап айтқанда басқару органдарының мүшелерін тағайындау мен сайлау, оларға сыйақы беру саясатын қоса алғанда, тиімді түрде қатысуын қамтамасыз етеді. Акционерлердің шешімдер қабылдауға қатысуға және акционерлік қоғамның қызметіндегі принциптік өзгерістерге қатысты шешімдерге байланысты жеткілікті ақпарат алуға да құқығы бар.
4. Акционерлік қоғам корпоративтік сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша ішкі құжатты бекітуге тиіс.
5. Атқарушы орган акционерлік қоғамның қызметінде жоспарланатын өзгерісті негіздеуге және акционерлердің құқықтарын сақтау мен қорғаудың нақты перспективаларын ұсынуға міндетті.
61-бап. Акционерлер құқықтарының теңдігі
1. Акциялардың белгілі бір түрін иеленуші барлық акционерлер теңдей жағдайда болуға тиіс.
Бір сыныптың кез келген санаты шегіндегі барлық акциялар белгілі бір сондай құқықтарды білдіруі тиіс. Барлық инвесторлар сатып алуды жасамас бұрын, барлық санаттар мен сыныптарға бекітіліп берілген құқықтар туралы ақпаратты алудың мүмкіндігін иеленуі тиіс.Дауыс беру құқығындағы барлық өзгерістер мұндай өзгерістер теріс әсерін беретін акциялардың сыныбын иеленушілердің бекітуіне жатады.
2. Миноритарлық акционерлер бақылау пакеті акцияларын ұстаушылар тарапынан немесе олардың мүдделеріне орай тікелей немесе жанамалай әсер ететін теріс пайдаланушылықтардан қорғалуы тиіс және өздерінің құқықтары бұзылған жағдайда қорғанудың пәрменді құралдарын иеленуі тиіс.
62-бап. Акционерлік қоғамның басқару органы қызметінің
құқықтық негіздері
1. Басқару органының қызметі акционерлердің мүдделерін барынша сақтау, барлық акционерлерге әділетті қарым-қатынас қағидаты негізінде құрылады және акционерлік қоғамның нарықтық бағасын арттыруға бағытталады.
2. Акционерлік қоғамның басқару органы:
1) қоғамның даму стратегиясын, акционерлік қоғамның қызметінің негізгі бағыттарын қайта қарайды және бағыттайды, акционерлік қоғамның қызметі туралы ақпаратты ашу және тарату процесін бақылап отырады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды және өз қызметінің акционерлер алдындағы толықтай ашықтығын қамтамасыз етеді;
3) акционерлерге ағымдағы бизнес жағдайының объективті мониторингі арқылы акционерлік қоғамның қол жеткізген нәтижелері мен перспективаларына таразыланған және айқын бағасын ұсынып отырады және акционерлердің инвестициялары мен акционерлік қоғамның активтерін сақтау мақсатында ішкі бақылау мен тәуелсіз аудиттің сенімді жүйесін қолдау мен қызмет істеуін қамтамасыз етеді;
4) тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімді жұмысын қамтамасыз етеді, корпоративтік дау-жанжалдарды бақылайды және реттейді;
5) атқарушы органының қызметі мен жұмысын бағалаудың тетігін әзірлейді, сондай-ақ атқарушы органның қызметін бақылауды жүзеге асырады.
3. Атқарушы органның қызметі акционерлік қоғамның күнделікті жұмысын және оның қаржылық-шаруашылық жоспарға сай болуын жүзеге асырады. Өз құзыреті шегінде атқарушы орган басқару органының мүшелеріне өздерінің міндеттерін тиісінше орындауы үшін дәйекті және уақытылы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
4. Атқарушы органның қызметі акционерлер мүдделерін барынша сақтау қағидатының негізінде құрылады, акционерлік қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысының шешімдеріне және басқару органына толығымен есеп береді.
Атқарушы орган қызметінің негізгі қағидаттары шынайылық, адалдық, ақылға қонымдылық, шешімдерді қабылдауда ұқыптылық болып табылады.
Атқарушы орган қызметінің маңызды бағыты Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде еңбек және еңбекті қорғау туралы заңнамасының талаптарын, техникалық қауіпсіздік қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету болып табылады.
63-бап. Корпоративтік басқару және ақпараттық ашықтық
1. Акционерлік қоғам қызметі туралы ақпаратты ашу акционерлік қоғамның жаңа инвесторлары тарапынан акционерлік капиталға кіру және қатысу туралы шешім қабылдауға жәрдемдесуге, сондай-ақ инвесторлардың акционерлік қоғам қызметін қаржыландыруға қатысу жөніндегі оң шешіміне ықпал етуге тиіс.
Ақпараттық ашықтық акционерлік қоғамды басқарудың барынша негізділігін және ашықтығын қамтамасыз етуді мақсат етеді.
Акционер немесе әлеуетті инвестор тиісті шешім қабылдауға қажетті акционерлік қоғам туралы ақпаратқа еркін және қиындықсыз қолжетімділіктің мүмкіндігін иеленуге тиіс.
2. Акционерлік қоғам акционерлер мен инвесторлардың мүліктік және өзге де құқықтарына елеулі түрде ықпал етуі мүмкін өз қызметінің негізгі нәтижелері, жоспарлары және перспективалары туралы ақпаратты уақытылы ашып көрсетеді, сондай-ақ акционерлердің сауалдарына уақытылы және толық көлемде жауап береді.
3. Акционерлік қоғам акционерлік қоғам қызметінде іргелі өзгерістерге әкелуі мүмкін корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты жүйелі түрде беріп отырады және сонымен қатар акционерлік қоғамның басқару органы айқындаған ішкі (жария емес) ақпаратты ашудың және құпиялығының қатаң және сенімді тетіктерін ұстанады.
4. Акционерлік қоғамның атқарушы органы ұсынылатын қаржылық ақпаратының толықтығы мен растығы үшін жауапкершілікті өз мойнына алады.
64-бап. Корпоративтік басқару саласындағы әдеп талаптары
1. Қоғам іскерлік әдептің жалпыға бірдей қағидаттарымен (дағдыларымен) және акционерлік қоғамның ішкі құжаттарымен Қазақстан Республикасының заңнамасына қатаң сәйкестікте әрекет жасауы тиіс. Акционерлік қоғамның ішкі құжаттары Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары мен корпоративтік және іскерлік әдептің нормалары негізінде әзірленеді.
Акционерлік қоғамның акционерлері, басқару органының мүшелері және атқарушы органының арасындағы қарым-қатынас өзара сенімге, құрметтеушілікке, есеп беру мен бақылауға негізделіп құрылады.
2. Акционерлік қоғамның органдарының, лауазымды тұлғаларының және қызметкерлерінің іс-әрекеттері оның меншік иелеріне (акционерлеріне) және қоғамға шығын мен зиян келтірмеуі тиіс.
3. Корпоративтік басқарудың құрылымы үлестес тұлғалармен мәмілелер жасасу кезінде акционерлік қоғамның активтерін жеке мақсатта және теріс пайдаланушылықты қоса алғанда, акционерлік қоғамның лауазымды адамдарының, қызметкерлерінің ықтимал дау-жанжалдарына бақылауды және оларды реттеуді қамтамасыз етуге тиіс.
4. Инсайдерлік ақпаратты жеке мүдделерге орай пайдаланумен жасалатын мәмілелер мен операцияларға тыйым салынуы тиіс.
65-бап. Акционерлік қоғамдардағы дау-жанжалдарды шешу
1. Акционерлік қоғамның басқару органы мен атқарушы органының мүшелері, сол сияқты акционерлік қоғамның қызметкерлері өздерінің кәсіби міндеттерін мүдделер қақтығысына соқтырмай, акционерлік қоғам мен акционерлердің мүдделеріне орай тиісті қам жасап, абайлаушылықпен адал және ақылға қонымды түрде атқарады. Олар өз қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары мен осы Кодекстің қағидаттарына ғана емес, сонымен қатар әдептілік стандарттары мен іскерлік әдептің жалпыға бірдей нормаларына да толық сай болуын қамтамасыз етеді.
2. Корпоративтік дау-жанжалдар туындаған жағдайда қатысушылар акционердің құқықтарын да, акционерлік қоғамның іскерлік беделін де тиімді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында келіссөздер арқылы оларды шешудің жолдарын іздестіреді.
Корпоративтік дау-жанжалдарды келіссөздер арқылы шешу мүмкін болмаған кезде, олар қатаң түрде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуі тиіс.
66-бап. Корпоративтік басқарудағы жауапкершілік
1. Акционерлік қоғам барлық мүдделі тұлғалардың құқықтарын мойындайды және құрметтейді және өзінің дамуы мен қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында осындай тұлғалармен ынтымақтастық жасауға ұмтылады.
2. Мүдделі тұлғалар өздерінің құқықтары бұзылғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда өтем алу мүмкіндігін иеленуі тиіс.
3. Мүдделі тұлға корпоративтік басқару процесіне қатысқан жағдайда, оның белгіленген тәртіппен мәнді, жеткілікті және сенімді ақпаратқа уақытылы және тұрақты түрде қолжетімділігі болуға тиіс.
4. Мүдделі тұлғалардың атқарушы органның заңсыз және әдепсіз әрекеттері туралы басқару органына еркін түрде хабарлай алатын құқығы болуға тиіс және осындай хабарлау болған жағдайда олардың құқықтарына қысым жасалмауы тиіс.
2-БӨЛІМ. КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ БІРЛЕСТІКТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
ЖҰМЫС ІСТЕУІНІҢ ШАРТТАРЫ 3-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ § 1. Жалпы ережелер
67-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер
палатасы ұғымы
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – Ұлттық палата) – Қазақстан Республикасының бизнес қоғамдастығы мен мемлекеттік билік органдары арасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру және өзара тиімді әріптестікті дамыту үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауды қамтамасыз ету, сондай-ақ дара кәсіпкерлердің және (немесе) заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестіктерінің (бұдан әрі – қауымдастық (одақ) қызметін ынталандыру және қолдау мақсатында құрылған, кәсіпкерлік субъектілері одағын білдіретін коммерциялық емес, өзін-өзі реттейтін ұйым.
68-бап. Ұлттық палатаның мақсаты мен міндеттері
1. Ұлттық палатаны құрудың мақсаты Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің өсуі мен одан әрі дамуы үшін институционалдық негіздерді қалыптастыру болып табылады.
2. Ұлттық палатаның міндеттері:
1) кәсіпкерлік қоғамдастықты шоғырландыру;
2) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, қамтамасыз ету және қорғау;
3) кәсіпкерлік субъектілері мен олардың қауымдастықтарының (одақтарының) мемлекеттік органдармен өзара тиімді іс-қимылын ұйымдастыру;
4) Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауға жәрдемдесу;
5) кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру процесіне қатысу;
6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де міндеттер болып табылады.
69-бап. Ұлттық палатаның жүйесі
1. Ұлттық палатаның кәсіпкерлер субъектілері мүдделерін білдірудің белгіленген өлшемшарттарына кәсіпкерлердің сәйкес келуін тануы үшін Ұлттық палатаның басқару органдарында және жұмыс органдарында қауымдастықтары (одақтары) аккредитациядан өтуі тиіс.
2. Ұлттық палатаның жүйесіне:
1) республикалық деңгейде:
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының;
Ұлттық палатада аккредиттелген республикалық салааралық, салалық қауымдастықтар (одақтар), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің республикалық қауымдастықтары (одақтары);
2) аумақтық деңгейде:
облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана кәсіпкерлерінің палаталары (бұдан әрі – өңірлік палаталар);
өңірлік палаталарда аккредиттелген өңірлік салааралық, өңірлік салалық қауымдастықтар (одақтар), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің өңірлік қауымдастықтары (одақтары);
өңірлік палаталарда аккредиттелген облыстардағы, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы қауымдастықтар (одақтар);
өңірлік палаталарда аккредиттелген аудандардағы, аудандық маңызы бар қалалардағы қауымдастықтар (одақтар);
3) қалалық және аудандық деңгейде:
тиісті облыстардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аудандарындағы, сондай-ақ облыстық, аудандық маңызы бар қалалардағы өңірлік палаталардың филиалдары (бұдан әрі – өңірлік палаталардың филиалдары);
4) «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының мақсаттарын іске асыру үшін құрылған, Ұлттық палатаның құрылтайшы ретінде қатысатын заңды тұлғалар;
5) Ұлттық палатаның шет мемлекет аумағындағы филиалдары мен өкілдіктері;
6) Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл кіреді.
70-бап. Ұлттық палата қызметінің негіздері
1. Ұлттық палатаның қызметі:
1) дербестікке;
2) барлық кәсіпкерлік субъектілерінің тең құқылығына;
3) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарына қайшы келмейтін шешімдерді қабылдауға;
4) қызметінің ашықтығы, өз мүшелері алдында есеп берушілік, жауаптылыққа;
5) шешімдер қабылдаудағы және оларды іске асырудағы тиімділік, жүйелілік және жеделдікке;
6) салааралық, салалық және өңірлік қауымдастықтарды (одақтарды) дамытуға;
7) бизнестің әлеуметтік жауаптылығына;
8) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндірушілер өндіретін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал жасауға;
9) қоғам мен кәсіпкерлік мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз етуге негізделеді.
2. Ұлттық палата Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге коммерциялық емес ұйымдарға міндетті түрде мүше болу белгіленген кәсіпкерлік субъектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген (есептік тіркеуден өткен) кәсіпкерлік субъектілерінің мүше болу міндеттілігінің қағидаты бойынша құрылады.
71-бап. Ұлттық палатаның мүшелері
1. Егер осы Кодексте және «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгіленбесе, кәсіпкерлік субъектілері Ұлттық палатаның мүшелері болып табылады.
2. Ұлттық палатаның мүшелері:
1) Ұлттық палатаның тарапынан кәсіби қолдау мен қорғауды, сондай-ақ оның жарғысында көзделген көрсетілетін қызметтерді пайдалануға;
2) оның басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға;
3) Ұлттық палатаға жазбаша сұрау салулармен жүгінуге және Ұлттық кәсіпкерлер палатасына берілген өкілеттіктер шегінде дәлелді жауаптар алуға, оның қызметін ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
4) «Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және оның жарғысында көзделген тәртіппен Ұлттық кәсіпкерлер палатасын басқаруға қатысуға;
5) Ұлттық палата ұйымдастыратын оқытудан, қайта даярлаудан және біліктілікті арттырудан өтуге;
6) білікті ақпараттық-талдамалық қолдау, оның ішінде әртүрлі бейіндегі тәуелсіз сарапшылар көрсететін қызметтер алуға;
7) Ұлттық палата жарғысында көзделген тәртіппен оның қызметі туралы есептерді тыңдауға;
8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
3. Ұлттық палатаның мүшелері міндетті мүшелік жарналар төлеуге міндетті.
4. Ұлттық палата мүшелерінің құқықтары тең.
5. Ұлттық палата кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне араласуға, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға құқылы емес.
6. Дауларды реттеу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
72-бап. Міндетті мүшелік жарналар
1. Съезд бекітетін міндетті мүшелік жарналардың мөлшерін Ұлттық палата жыл сайын бірінші шілдеге дейінгі мерзімде бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде интернет-ресурстарда жариялайды.
2. Міндетті мүшелік жарнаның мөлшерін айқындаудың өлшемі «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.
3. Ұлттық палата міндетті мүшелік жарна бойынша есептеуді жүзеге асыру үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік кірістер органдары берген мәліметтердің негізінде жыл сайын бірінші шілдеге дейінгі мерзімде кәсіпкерлік субъектілеріне есеп шотын ұсынады.
4. Кәсіпкерлік субъектілері міндетті мүшелік жарналарды жыл сайын отыз бірінші желтоқсанға дейінгі мерзімде төлейді.
73-бап. Ұлттық палатаның құзыреті
1. Ұлттық палата осы Кодексте, «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген функцияларды жүзеге асырады.
2. Ұлттық палата мынадай:
1) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, қорғау жөніндегі;
2) қоғамдық мониторинг саласындағы;
3) кәсіпкерлікті қолдау және дамыту саласындағы;
4) отандық өндірісті қолдау және жергілікті қамтудың үлесін арттыру саласындағы;
5) экономика салаларындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, сертификаттау және аттестаттау мен техникалық және кәсіби білімді көтеру саласындағы;
6) кәсіпкерлік субъектілерінің сыртқы экономикалық қызметін дамыту, инвестициялар тарту және ұлттық экономиканы әртараптандыру саласындағы функцияларды жүзеге асырады.
§ 2. Қазақстан Республикасының Үкіметімен, мемлекеттік
органдарымен, қауымдастықтармен (одақтармен), Ұлттық
кәсіпкерлер палатасы құрылтайшы ретінде қатысатын заңды
тұлғалармен өзара іс-қимыл
74-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметімен,
мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) міндетті мүшелік жарналардың шекті мөлшерлерін бекітеді;
2) Ұлттық палатаға міндетті мүшелік жарналарды төлеу тәртібін айқындайды;
3) өзіне Конституциямен, осы Кодекспен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық палатаның өзара іс-қимылы оны құру мақсатына және оның міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған.
3. Ұлттық палатаның Қазақстан Республикасының Үкіметімен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы осы Кодексте және өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіппен:
1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және оларға сараптама жасауға Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуы нысанында;
2) кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын халықаралық шарттардың мәтіндерін әзірлеу мен оларға сараптама жасауға Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуы нысанында;
3) Ұлттық кәсіпкерлер палатасының орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қатысуымен консультациялық-кеңесші органдарды құруы нысанында;
4) орталық және жергілікті мемлекеттік органдар жанынан кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін қозғайтын мәселелер бойынша құрылатын консультациялық-кеңесші органдардың жұмысына Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуы нысанында;
5) Ұлттық кәсіпкерлер палатасын құрудың мақсатын, оның міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
4. Коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік органдар Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің құқықтары мен міндеттерін қозғайтын ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен ұсынуға міндетті.
75-бап. Ұлттық палатаның қауымдастықтармен (одақтармен)
өзара іс-қимыл жасауы
1. Ұлттық палата осы Кодекстің 68-бабында белгіленген мақсаттарға қолжеткізу және міндеттерді шешу үшін қауымдастықтармен (одақтармен), оның ішінде кәсіпкерлердің салалық, салааралық, өңірлік қауымдастықтарымен (одақтарымен), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерлік жөніндегі қауымдастықтармен (одақтармен) өзара іс-қимыл жасайды.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, өз мүшелерінің мүдделерін білдіретін қауымдастықтар (одақтар):
1) Ұлттық палатаның төралқасында көзделген тәртіппен Ұлттық палатаның жүйесінде аккредиттеуден өтуге;
2) Ұлттық палатаның қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
3) Ұлттық палатаның тарапынан кәсіптік қолдауды, сондай-ақ оның жарғысында көзделген көрсетілетін қызметтерді пайдалануға;
4) Ұлттық палатаға жазбаша сұрау салу арқылы өтініш жасауға және дәлелді жауаптар алуға;
5) өз өкілдерін Ұлттық палата ұйымдастыратын оқытуға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберуге;
6) білікті ақпараттық-талдамалық қолдау алуға;
7) Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, Ұлттық палатада аккредиттеуден өткен қауымдастықтар (одақтар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген тәртіппен:
1) Ұлттық палата съезінің;
2) Ұлттық палата төралқасының:
3) Ұлттық палата төралқасы комитеттерінің жұмысына қатысуға құқылы.
4. Ұлттық палата осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген функцияларды жүзеге асыруға Ұлттық палатада аккредиттелген қауымдастықтарды (одақтарды) шарттық негізде тартуға құқылы.
5. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, өңірлік палатада аккредиттеуден өткен қауымдастықтар (одақтар) осы Кодексте белгіленген тәтіппен өңірлік кеңестер құрамына кандидаттар ұсынуға құқылы.
6. Өңірлік палаталар өңірлік палатаның жарғысында белгіленген өз құзыреті шеңберінде осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген функцияларды жүзеге асыруға өңірлік палатада аккредиттелген қауымдастықтарды (одақтарды) шарттық негізде тартуға құқылы.
76-бап. Ұлттық палата құрылтайшы ретінде қатысатын заңды
тұлғалармен Ұлттық палатаның өзара іс-қимылы
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мақсаттарда Ұлттық палата Ұлттық палатаның жүйесіне кіретін заңды тұлғаларды құруға құқылы.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғалардың мақсаттарын, міндеттерін және қызмет түрлерін Ұлттық палата айқындайды.
§ 3. Ұлттық палатаны құру, қайта ұйымдастыру және тарату
77-бап. Ұлттық палатаны құрудың ерекшеліктері
1. Ұлттық кәсіпкелер палатасы коммерциялық емес ұйымның өзге ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады.
Ұлттық кәсіпкелер палатасы саяси қызметпен айналысуға, саяси партия құруға және саяси партия болып қайта ұйымдастырылуға құқылы емес.
2.Ұлттық кәсіпкелер палатасы әрбір облыста, республикалық маңызы бар қалада және астанада өңірлік палаталарды құрады.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында бір ғана өңірлік палата құрылуы және жұмыс істеуі мүмкін.
3. Тиісті облыстардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың аудандарында және астанада, сондай-ақ облыстық, аудандық маңызы бар қалаларда өңірлік палатаның филиалдары құрылады.
78-бап. Ұлттық палатаның мүлкі
1. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүлкі:
1) міндетті мүшелік жарналар;
2) көрсетілетін қызметтерден түсетін түсімдер (кірістер);
3) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да түсімдер есебінен қалыптасуы мүмкін.
Ұлттық кәсіпкерлік палатасының осы Кодекске сәйкес қалыптастырылған мүлкі оған меншік құқығымен тиесілі болады.
2. Ұлттық кәсіпкерлік палатасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тапсырмалар мен тапсырыстар алуға құқылы.
3. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылтайшылары Ұлттық кәсіпкерлік палатасының мүлкіне құқықтары болмайды.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылтайшылары оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, Ұлттық кәсіпкерлік палатасы құрылтайшылардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
4. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлік қызметтен түскен кірістері оның мүшелері арасында бөліне алмайды және жарғылық мақсаттарға жұмсалады.
79-бап. Ұлттық палатаны қайта ұйымдастыру және тарату
Ұлттық палатаны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
80-бап. Ұлттық палатаның, өңірлік палаталардың және
өңірлік палаталар филиалдарының басқару органдары
1. Ұлттық палатаның басқару органдары мыналар болып табылады:
1) съезд – жоғары басқару органы;
2) төралқа – басқару органы;
3) басқарма – атқарушы орган;
4) тексеру комиссиясы – қаржылық-бақылау органы.
2. Өңірлік палаталардың және өңірлік палаталар филиалдарының басқару органдары мыналар болып табылады:
1) өңірлік кеңес – байқаушы орган;
2) дирекция – өңірлік палатаның атқарушы органы;
3) директор – өңірлік палаталар филиалдарының атқарушы органы.
3. Ұлттық палатада оның жарғысына сәйкес өзге де органдар құрылуы мүмкін.
4. Ұлттық палатаның жоғары басқару органындағы және басқару органындағы жұмыс өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
5. Ұлттық палатаның, өңірлік палаталардың және өңірлік палаталар филиалдарының басқару органдарының құзыреті, сондай-ақ Ұлттық палатаны, өңірлік палаталарды және өңірлік палаталар филиалдарын басқарудың тәртібі «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленеді.
4-тарау. КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ӨЗГЕ БІРЛЕСТІКТЕРІ
81-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері
1. Кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері – кәсіпкерлік субъектілері өзінің кәсіпкерлік қызметін үйлестіру, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын, заңды мүдделерін білдіру мен қорғау мақсатында құрылған коммерциялық емес ұйым.
2. Кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін қаржыландыру кәсіпкерлік субъектілерінің ерікті мүшелік жарналар есебінен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздерінен қамтамасыз етіледі.
82-бап. Кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктері қызметінің
негіздері
Кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің қызметі мыналарға негізделеді:
1) барлық кәсіпкерлік субъектілерінің тең құқылығы;
2) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеу;
3) кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің заңды түрде жүзеге асырылатын қызметін шектеуге жол бермейтін тәуелсіздігі;
4) қызметінің ашықтығы, өз мүшелері алдында есеп берушілік, жауаптылық;
5) шешімдер қабылдаудағы және оларды іске асырудағы тиімділік, жүйелілік және жеделдік;
5-тарау. КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗІН-ӨЗІ РЕТТЕУ
83-бап. Кәсіпкерлік саласындағы өзін-өзі реттеу
1. Өзін-өзі реттеу – кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық жағдай жасауға, тауарлардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапасын арттыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасында кәсіпкерлер мен тұтынушылардың мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған кәсіпкерлік субъектілерінің өз бетімен және бастамашыл қызметі.
2. Кәсіпкерлік саласындағы өзін-өзі реттеудің мазмұны кәсіпкерлік қызметтің стандарттар мен ережелерін әзірлеу және белгілеу, сондай-ақ көрсетілген стандарттар мен ережелердің талаптарын сақтауды бақылау болып табылады.
3. Кәсіпкерлік саласындағы өзін-өзі реттеу кәсіпкерлік субъектілерін Ұлттық кәсіпкерлік палатасына немесе кәсіпкерлердің өзге де өзін-өзі реттеу ұйымдарына біріктіру шартымен жүзеге асырылады.
84-бап. Кәсіпкерлердің өзін-өзі реттеу ұйымдары ұғымы
1. Кәсіпкерлердің өзін-өзі реттеу ұйымдары кәсіпкерлік субъектілерін біріктіретін мүшелікке негізделген коммерциялық емес ұйым деп танылады.
2. Кәсіпкерлердің өзін-өзі реттеу ұйымы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне сәйкес, осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген барлық талаптарға оның сәйкестілігі болған жағдайда құрылады.
85-бап. Кәсіпкерлердің өзін-өзі реттеу ұйымдарына
қойылатын талаптар
1. Кәсіпкерлердің өзін-өзі реттеу ұйымы мынадай шарттарды сақтаған жағдайда жұмыс істейді:
1) өзін-өзі реттеу ұйымының құрамында белгілі бір аяда (салаларда) оның мүшелері ретінде кем дегенде үш кәсіпкерлік субъектісінің бірігуі;
2) өзін-өзі реттеу ұйымының барлық мүшелері орындау үшін міндетті кәсіпкерлік қызметтің стандаттары мен ережелерінің бар болуы;
3) өзін-өзі реттеу ұйымының шығарылған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тұтынушылардың алдында оның әрбір мүшесінің қосымша мүліктік жауаптылығын қамтамасыз ету.
2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбеген жағдайда, коммерциялық емес ұйым өзін-өзі реттеу ұйымы ретінде қызметін жасау, кәсіпкерлік қызметтің стандарттары мен ережелерінің талаптарын өзін-өзі реттеу ұйымының мүшелерінің сақтауын бақылауды жүзеге асыратын және кәсіпкерлердің өзін-өзі реттеу ұйымының ішкі құжаттарында көзделген жауапкершілік шараларын кәсіпкерлердің өзін-өзі реттеу ұйымының мүшелеріне қатысты қолдану туралы істерді қарау үшін арнайы органдар құрыуы тиіс.
3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, оны кәсіпкерлердің өзін-өзі реттеу ұйымы деп тану үшін коммерциялық емес ұйымдарға қойылатын талаптар міндетті болып табылады.
4. Кәсіпкерлік субъектілерін біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарға оны кәсіпкерлердің ұйымы деп тану үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге талаптар белгіленуі мүмкін.
86-бап. Кәсіпкерлердің өзін-өзі реттеу ұйымының
стандарттары және ережелері
1. Кәсіпкерлердің өзін-өзі реттеу ұйымы кәсіпкерлердің өзін-өзі реттеу ұйымының барлық мүшелері орындау үшін міндетті, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптар деп түсінілетін кәсіпкерлік қызметтің стандарттары мен ережелерін (бұдан әрі – өзін-өзі реттеу ұйымының стандарттары және ережелері) әзірлейді және бекітеді. Қазақстан Республикасының заңдарымен басқа талаптар, стандарттар және ережелер, сондай-ақ кәсіпкерлердің өзін-өзі реттеу ұйымының стандарттары және ережелерінің мазмұнының, әзірлеу мен белгілеудің ерекшеліктері белгіленуі мүмкін.
2. Кәсіпкерлердің өзін-өзі реттеу ұйымының стандарттары және ережелері заңдар мен соларға сәйкес қабылданған өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келуі тиіс. Кәсіпкерлердің өзін-өзі реттеу ұйымының стандарттары және ережелерімен кәсіпкерлік қызметтің белгілі бір түріне қосымша жоғары талаптар белгіленуі мүмкін.
3. Кәсіпкерлердің өзін-өзі реттеу ұйымы кәсіпкерлердің өзін-өзі реттеу ұйымы мүшелерінің қызметінде кез келген тұлғаларының құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын ақпараттық ашықтықты қамтамасыз етуі тиіс.
4. Кәсіпкерлердің өзін-өзі реттеу ұйымының стандарттары және ережелері іскерлік этика ережелеріне сәйкес келуі, өзін-өзі реттеу ұйымын басқарудың тұрақты әрекеттегі алқалы органының қызметкерлері мен мүшелерінің, кәсіпкерлердің өзін-өзі реттеу ұйымының мүшелерінің мүдделер қақтығысын жоюы немесе азайтуы тиіс.
5. Кәсіпкерлердің өзін-өзі реттеу ұйымының стандарттары және ережелері өзге кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне өзін-өзі реттеу ұйымы мүшелерінің зиян келтіруді жүзеге асыруына тыйым салуды белгілеуі тиіс, сондай-ақ жосықсыз бәсекеге, жасаған әрекеттері тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тұтынушыларына моральдық залал немесе нұқсан келтіретін және әрекеттері кәсіпкерлердің өзін-өзі реттеу ұйымының мүшелерінің іскерлік абыройына не кәсіпкерлердің өзін-өзі реттеу ұйымының іскерлік абыройына нұқсан келтіретін өзге де тұлғаларға тосқауыл болатын талаптар белгілеуі тиіс.
87-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіпкерлердің
өзін-өзі реттеу ұйымында мүшелігі
1. Кәсіпкерлердің өзін-өзі реттеу ұйымы кәсіпкерлік субъектілерін ерікті негізде біріктіреді.
Қазақстан Республикасының Заңдарында өзін-өзі реттеу ұйымдарында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндетті мүшелілігі жағдайлары көзделуі мүмкін.
2. Кәсіпкерлік қызметтің әр алуан түрлерін жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектісі бірнеше өзін-өзі реттеу ұйымдарының мүшесі бола алады.
3. Кәсіпкерлік қызметтің белгілі бір түрін жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектісі кәсіпкерлік қызметтің осындай түрімен айналысатын субъектілерді біріктіретін тек бір ғана өзін-өзі реттеу ұйымының мүшесі бола алады.
4. Өзін-өзі реттеу ұйымының атқаратын функциясы, оның құқығы мен міндеттері, жауаптылығы және құрылу, қызмет ету, тоқтатылу мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен реттеледі.
3-БӨЛІМ. КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІ МЕН МЕМЛЕКЕТТІҢ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫ 6-тарау. КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ НОРМА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА ҚАТЫСУЫ
88-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін
аккредиттеу
1. Нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттардың жобаларына және Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниет білдіріп отырған, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар жобаларына сараптама жүргізуге қатысуға үміткер кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері кәсіпкерлер бірлестіктерін құрады:
республикалық деңгейде – кәсiпкерлiк субъектiлерiнің республикалық бiрлестiктерi, республикалық салааралық, салалық бірлестіктер, сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсiпкерлiк субъектілерінің республикалық бiрлестiктері;
облыстық деңгейде – кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық бірлестіктері, шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің облыстық бірлестіктері, кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық бірлестіктерінің филиалдары;
қалалық, аудандық деңгейлерде – кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктері, шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктері, кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық бірлестіктерінің филиалдары.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері орталық мемлекеттік және (немесе) жергілікті атқарушы органдарда аккредиттеуге жатады.
Кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу – кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестерде кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін білдіруге белгіленген критерийлерге кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің сәйкестігін тиісті мемлекеттік органдардың тануы;
3. Егер аккредиттелуге бір өңір, бір саланы білдіретін екі және одан да көп бірлестік үміткер болған жағдайда, онда ұйымдарда (кәсіпкерлік субъектілерінде) осы бірлестіктің мүшелері болып табылатын, жиынтығында қызметкерлердің көп саны бар бірлестік аккредиттелуге жатады.
4. Егер аккредиттелуге бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк, бiр қызмет саласын бiлдiретiн екi және одан да көп коммерциялық емес ұйым үмiткер болған жағдайда, онда қызметкерлердің неғұрлым көп санын бiрiктiрген, аталған коммерциялық емес ұйымның мүшелері болып табылатын, коммерциялық емес ұйым аккредиттелуге жатады.
5. Кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн аккредиттеудi жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
89-бап. Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сарапшылық
кеңестер
1. Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңестер (бұдан әрі - сарапшылық кеңестер) – орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы және өкілді органдар жанынан:
жеке кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын, нормативтік құқықтық актілер жобаларына кәсіпкерлік субъектілер мен мүдделі коммерциялық емес ұйымдардың аккредиттелген бірлестіктерінен сараптамалық қорытындылар алу;
кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау, сонымен бірге әкімшілік тосқауылды жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсынымдар әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін құрылған консультативтік-кеңесші орган.
2. Орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы сарапшылық кеңестерге Ұлттық палатаның, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерiнiң, аккредиттелген коммерциялық емес ұйымдардың, мемлекеттiк органдардың өкiлдерi кiредi.
Сараптамалық кеңестің отырысы бір тоқсанда кемінде бір рет жүргізіледі.
3. Кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерi мен коммерциялық емес ұйымдар орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы сарапшылық кеңестiң құрамына ұжымдық мүше ретiнде кiредi және өкiлеттiгi сенiмхатпен расталатын өз өкiлi арқылы әрекет етедi.
Орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы сарапшылық кеңестердiң құрамы мемлекеттiк органдар басшыларының шешiмдерiмен бекiтiледi.
4. Кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейтiн мемлекеттiк орган, мемлекеттiк құпияларды қамтитын нормативтiк құқықтық актілерді қоспағанда, оны сарапшылық кеңестiң қарауына енгiзедi.
5. Сараптамалық кеңестің нормативтік құқықтық актілердің жобасын, халықаралық шарттардың мәтіндерін және Қазақстан Республикасының өзге де міндеттемелерін қарауы осы Кодекстің 91-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны сараптамалық кеңестің мүшелеріне жіберу арқылы отырыс өткізбестен жүзеге асырылуы мүмкін.
6. Егер кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселе тиісті мемлекеттік органның құзыретіне жататын болса, осындай кез келген мәселе сараптамалық кеңестің қарауына шығарылуы мүмкін.
7. Сарапшылық кеңестер туралы үлгi ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
8. Сарапшылық кеңестердiң жұмысын талдау мен оның мониторингiн кәсіпкерлік жөніндегі уәкiлеттi органның жанынан құрылатын үйлестiру кеңесi жүзеге асырады.
Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның басшысы үйлестiру кеңесiнiң төрағасы болып табылады.
Үйлестiру кеңесiнiң құрамын кәсіпкерлік жөніндегі уәкiлеттi органның басшысы қалыптастырады.
90-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын
нормативтік құқықтық актілердi әзірлеу және
қабылдау ерекшеліктерi
1. Орталық мемлекеттік, жергiлiктi өкілді және атқарушы органдар кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын сараптамалық қорытынды алу үшiн, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде түсіндірме жазбаны міндетті түрде қоса бере отырып, кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне және Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жiбередi.
Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына сараптамалық қорытынды ұсыну үшін мемлекеттік органдар белгілейтін мерзім кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне және Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ол келіп түскен кезден бастап он жұмыс күнінен кем болмауға тиіс.
2. Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбада нормативтік құқықтық актінің қолданысқа енгізілуіне байланысты кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптың нәтижелері қамтылуға тиіс.
3. Осы Кодекстің осы бабында және 93-95-баптарында көзделген талаптар кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актіні қабылдаудың міндетті шарттары болып табылады.
4. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейтін мемлекеттік органдар оларды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келіседі.
8. Мемлекеттiк органдарға 243-бабының 2, 3-тармақтарында, 244-бабының 1-тармағында, 245-бабының 1-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектiлеріне тексеру жүргiзу тәртiбi мәселелерi бойынша заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға тыйым салынады.
9. Осы Кодекстің 118-бабының 3-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына қатысты осы Кодекске сәйкес Үкімет айқындаған тәртіпте реттеуші әсерге талдау жүргізіледі.
91-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін
қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің
жобалары бойынша сараптамалық қорытындылар
1. Сараптамалық қорытындылар кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мүшелерiнiң жинақталған пiкiрiн бiлдiредi, ұсынымдық сипатта болады және нормативтiк құқықтық акт қабылдағанға дейiн, оның ішінде осы жобаны мүдделi мемлекеттiк органдармен келесі әрбiр келiсу кезінде оның жобасына мiндеттi қосымша болып табылады.
Сараптамалық қорытындылар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.
2. Сараптамалық қорытындыларды мемлекеттiк органдар белгiлеген мерзiмдерде мыналар:
1) республикалық деңгейде – кәсiпкерлiк субъектiлерiнің республикалық бiрлестiктерi, республикалық салааралық, салалық бірлестіктер, сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсiпкерлiк субъектілерінің республикалық бiрлестiктері;
2) облыстық деңгейде – кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық бірлестіктері, шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің облыстық бірлестіктері, кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық бірлестіктерінің филиалдары;
3) қалалық, аудандық деңгейлерде – кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктері, шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктері, кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық бірлестіктерінің филиалдары табыс етеді.
3. Мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келіскен кезде нормативтік құқықтық актінің жобасына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.
Мемлекеттiк орган сараптамалық қорытындымен келiспеген жағдайда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне, Ұлттық палатаға келiспеу себептерiнің негiздемесі бар жауап жiбередi. Негіздемесі бар мұндай жауаптар нормативтiк құқықтық акт қабылданғанға дейiн оның жобасына мiндеттi қосымша болып табылады.
4. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері, Ұлттық палата нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ескертпелері бар сараптамалық қорытынды ұсынған және сарапшылық кеңес мүшесі сарапшылық кеңес отырысын өткізуді талап еткен жағдайларда, мұндай отырысты өткізу міндетті болып табылады.
Бұл ретте сарапшылық кеңестің отырысы сарапшылық кеңес мүшелерін тікелей шақыру не нақты уақыт режимінде интернет-конференция өткізу арқылы жүргізілуі мүмкін.
92-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын
нормативтік құқықтық актінің жобасын бұқаралық
ақпарат құралдарында жариялау (тарату)
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, тиісті органда немесе сарапшылық кеңестің отырысында олардың қарағанына дейін міндетті түрде жариялануға (таратылуға) жатады.
93-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын
нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізу
тәртібі
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізу мерзімдері жеке кәсіпкерлік субъектісіне қызметін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін талаптарға байланысты жүзеге асыруға дайындалу үшін қажетті мерзімдер негізге алына отырып белгіленуге тиіс.
Нормативтік құқықтық актілердің қолданысқа енгізілу тәртібі мен мерзімі кәсіпкерлік субъектілеріне залал келтірмеуге тиіс.
94-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын
халықаралық шарттар жасасудың ерекшеліктерi
Халықаралық шарттардың жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттеніп отырған кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын халықаралық шарттарды әзірлеу мен қабылдауда осы Кодекстің 90-93-баптарында көзделген талаптар сақталады.
7-тарау. КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТАПСЫРЫС
95-бап. Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік тапсырыс
ұғымы
Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік тапсырыс бюджет қаражаты есебінен кәсіпкерлік субъектілерінің тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге, сондай-ақ мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыруға шарт жасасу арқылы мемлекеттік функциялардың не мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған тапсырысы болып табылады.
96-бап. Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік
тапсырыстың негіздері
1. Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік тапсырыс тиімділікке, тең құқылыққа, әділеттілікке, есептілікке негізделеді.
2. Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру кезінде мемлекет қаражаты сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағасы, сапасы, сондай-ақ мемлекеттік тапсырысты іске асыру процесінде талап етілетін негізделген қажетті шығындар ескеріле отырып, ұтымды және тиімді жұмсалуы тиіс.
3. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер және мемлекеттік кәсіпорындар өнім берушіні таңдау кезінде мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыруға шарт жасасу үшін тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер сапасының біліктілік талаптарын және стандарттарын белгілейді.
4. Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік тапсырыс мемлекеттік тапсырысты орындауға бағытталған ақша қаражатын пайдаланудың есептілігі негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік тапсырысты іске асыру кезінде оның қатысушылары тапсырыс рәсімін жүзеге асырудың барлық кезеңі және қабылданған барлық маңызды шешімдер жөніндегі мәліметтерді жариялауға және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлардан басқа өздерінің құзыреті шегінде мүдделі тұлғаларға (тексеруші органдрға, қоғамдық ұйымдарға, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне) қажетті ақпаратты ұсынуға міндетті.
97-бап. Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік тапсырыстың
қатысушылары
1. Тапсырыс беруші және өнім беруші (орындаушы) кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік тапсырыстың қатысушылары болып табылады.
2. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттік тапсырыстың тапсырыс берушісі болып табылады.
3. Мемлекеттік тапсырыстың өнім берушісі (орындаушысы) жеке кәсіпкер және коммерциялық заңды тұлға атынан кәсіпкерлік субъектісі болуы мүмкін.
98-бап. Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік тапсырыстың
бағыттары
1. Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік тапсырыс мынадай бағыттарда:
1) тапсырыс берушілердің ақылы негізде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын мемлекеттік функцияларды не тапсырыс берушінің өкілеттіктері мен қызметін орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметерді сатып алуы;
2) тапсырыс берушілердің ақылы негізде Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттар мен міндеттемелерді орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
3) тапсырыс берушілердің ақылы негізде экономиканың қажеттілігін қамтамасыз ету, білікті жұмыс күші мен қоғамның зияткерлік әлеуетін молықтыру үшін, сондай-ақ «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын білім беру жүйесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда іске асырылуы мүмкін.
8-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК
99-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік ұғымы
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік мемлекеттік және жекеше әріптестік арасындағы осы бапта анықталған тиісті белгілері бар ынтымақтастық нысаны болып табылады.
2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің белгілеріне мыналар жатады:
1) мемлекеттік әріптестік пен жекеше әріптестіктің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына қатысуы;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың орташа мерзімдік немесе ұзақ мерзімдік мерзімі (3-тен 30-жылға дейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ерекшеліктеріне байланысты);
3) тараптар арасында жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарттың негізінде қарым-қатынас құру;
4) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің мақсатына жету үшін жекешелік әріптестік пен мемлекеттік әріптестіктің ресурстарын (ақша қаражатын және (немесе) өзге мүлікті, кадрлық ресурстарды, білімді, тәжірибені, дағдыны, білікті және өзге ресурстарды) және күштерді біріктіру;
100-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тараптары
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тараптары деп мемлекеттік әріптестік пен жекешелік әріптестік түсініледі.
Мемлекеттік әріптестік – Қазақстан Республикасы атынан дербес немесе бірлесе әрекет ететін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган, сондай-ақ олар мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт жасауға уәкілеттік берген мемлекеттік органдар, сондай-ақ елу және одан да көп дауыс құқығын беретін акциялар (жарғылық капиталға қатысу үлесі) мемлекетке тікелей немесе жанама тиесілі квазимемлекеттік сектор субъектілері.
Жекешелік әріптестік – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік әріптестік ретінде әрекет ететін тұлғаларды қоспағанда, кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын жеке тұлға және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлға (не жай серіктестік, консорциум).
101-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері
1. Жасалуы, реконструкциясы, жаңғыртылуы және (немесе) пайдаланылуы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын мүлік, мүліктік кешендер мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері болып табылады.
2. Мемлекеттік-жекешелік объект ретінде инновациялық мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру кезінде де мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру барысында әзірленетін және (немесе) енгізілуге жататын инновация да қарастырылады.
102-бап. Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік-жекешелік
әріптестіктің негізгі бастамасы
Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік мынадай бастамаларға негізделеді:
1) тұрақты орташа мерзімді немесе ұзақ мерзімді өзара қарым-қатынасты мемлекеттік-жекешелік әріптестік тараптарының арасында шарт негізінде құру;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жүзеге асыру үшін жекешелік әріптестікті анықтау конкурстық негізде жүзеге асырылады;
3) тәуекелдерді, пайданы, кепілдіктерді, құқықтар мен міндеттерді мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің тараптарының арасында өзара тиімді бөлісу және мемлекеттің, жекешелік әріптестіктің және халықтың мүдделерін баланста ұстау;
4) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің нәтижелеріне қол жеткізуді бағалауға мүмкіндік беретін критерийлер мен көрсеткіштерді белгілеу;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарда мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің барлық сатысында мүдделі тұлғалар мен жұртшылық үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына қатысты толық және өзекті ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету;
6) экологиялық заңнама, өнеркәсіптік қауіпсіздік, адамның денсаулығы мен өмірін қорғау талаптарын ескере отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру.
103-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің түрлері
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жүзеге асырылу тәсілі бойынша институционалдық және келісімшарттық болып бөлінеді.
2. Институционалдық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жарғылық капиталдағы мемлекеттік және жекешелік әріптестіктің қатысуымен заңды тұлғалармен іске асырылады. Мұндай тұлғалардың қызметі мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің шартына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруға бағытталған.
3. Келісімшарттық мемлекеттік-жекешелік әріптестік мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің белгілеріне сай келетін шарттар жасасу, оның ішінде мынадай түрлерде:
1) концессия;
2) мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару;
3) мемлекеттік мүлікті жалға беру;
4) лизингтік қарым-қатынастар;
5) технологияны әзірлеуге, тәжірибелік үлгіні, тәжірибелік-өнеркәсіптік сынауды және ұсақ сериялы өндірісті дайындауға жасалған шарттар;
6) өмірлік циклдің келісімшарттары;
7) сервистік келісімшарттар;
7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік белгілеріне сай келетін өзге де шарттар арқылы іске асырылады.
104-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің қолданылу
салалары
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған қызмет салаларында жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру үшін берілуге болмайтын объектілер тізбесін Қазақстан Республикасы Президенті айқындайды.
105-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікте жеке
серіктестердің қатысу нысаны
Жеке серіктестер мемлекеттік-жекешелік әріптестікте бір немесе бірнеше мынадай нысандарда қатысады:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қаржыландыру;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын басқару;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін жобалау;
4) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру мақсатында мүлікті және мүліктік құқықтарды беру;
5) зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтар беру;
6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін құру (қайта құру) және (немесе) пайдалану;
7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асырушы заңды тұлғалардың құрылуы мен қызметіне қатысу.
9-тарау. КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПТЫЛЫҒЫ
106-бап. Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауаптылығы
1. Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауаптылығы – жеке кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік, экологиялық және өзге де салалардың дамуына ерікті үлес қосуы.
2. Мемлекет Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің әлеуметтік жауаптылығы үшін жағдай жасайды.
3. Кәсіпкерлік субъектілері өз қызметінде жұмыспен қамту, еңбек қатынастары, қоршаған ортаны қорғау салаларында және өзге де салаларда кәсіпкерліктің әлеуметтік жауаптылығын енгізе алады.
Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауаптылығын кәсіпкерлік субъектілері қайырымдылық, меценаттық қызмет арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де нысандарда жүзеге асыра алады.
107-бап. Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары
саласындағы кәсіпкерліктің әлеуметтік
жауаптылығы
1. Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауаптылығы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кәсіпкерлік субъектілері қызметкерлерінің құқығын қорғау негізінде құрылады және әлеуметтік мәселелерді шешуде және еңбек жағдайларын регламенттеуде кәсіпкерлік субъектілері мен оның қызметкерлері арасындағы әріптестік қатынастарды дамытуға бағытталуы тиіс.
2. Кәсіпкерлік субъектілерінің кадр саясатының негізгі бағыттарының бірі жұмыс орындарын сақтау, қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту, еңбек жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау нормаларының сақталуы, сондай-ақ жұмыспен қамту және еңбек қатынастары саласында ішкі саясатты бекіту болып табылады.
3. Кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек саласында әлеуметтік әріптестік және ұжымдық қарым-қатынас саясатын іске асыруға қатысады.
108-бап. Экология саласындағы кәсіпкерліктің әлеуметтік
жауаптылығы
1. Кәсіпкерлік субъектілері өзінің қызметін жүзеге асыру процесінде қоршаған ортаға ұқыпты және тиімді қарым-қатынасты қамтамасыз етуі тиіс.
2. Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауаптылығы экология саласында мынадай міндеттерді ерікті түрде орындау арқылы жүзеге асады:
1) Қоршаған ортаны қорғау және көшелерді, саябақтарды және басқа да қоғамдық орындарды көріктендіру саласында бағдарламалар мен іс-шараларды қаржыландыру;
2) Дүлей зілзалалардың, экологиялық немесе басқа да апаттардың салдарын еңсеру, жазатайым оқиғаларды немесе апаттарды болдырмауға жұртшылықты дайындау;
3) Қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған өзге де мәселелерді шешу;
4) Қоршаған ортаны қорғау саласында ішкі саясатты бекіту.
109-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің қайырымдылық және
меценаттық қызметі
1. Кәсіпкерлік субъектілерінің қайырымдылық қызметі деп кәсіпкерлік субъектілерінің өтеусіз негізде материалдық көмек көрсету, сондай-ақ жұмыстарды орындау, қызметтерді ұсыну, жеке және заңды тұлғаларға өзге де әлеуметтік қолдау көрсету бойынша ерікті қызметі ұғынылады.
Кейін табыс табу немесе орнына сыйақы, төлем алу мақсатымен жеке және заңды тұлғаларға ақша және басқа материалдық құралдарды жіберу, өзге нысандағы көмек көрсету немесе міндеттемелерді орындау, саяси партияларды және басқа да қоғамдық-саяси ұйымдарды, сондай-ақ кәсіподақ және діни ұйымдарды қолдау қайырымдылық қызметі болып табылмайды.
2. Кәсіпкерлік субъектілерінің меценаттық қызметі деп кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын нысандарда мемлекеттің тарихи және мәдени игілігін қолдау, сақтау және дамыту үшін басқа азаматтарға немесе заңды тұлғаларға мүлікті және ақша қаражатын өтеусіз беру түріндегі өнер, ғылым, мәдениет, білім беру, ағарту саласындағы ерікті қызметі ұғынылады.
3. Кәсіпкерлік субъектілерінің өз атын (атауын), тауар таңбасын (қызмет көрсету таңбасын) немесе тауардың шығарылған жерінің атауын хабардар ету жағдайларындағы қызметі қайырымдылық және меценаттық қызмет болып танылмайды.
110-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің қайырымдылық және
меценаттық қызметті жүзеге асыру құқығы
1. Кәсіпкерлік субъектілері ерікті және осы Кодексте көзделген олардың мақсаттарын таңдау бостандығы негіздерінде қайырымдылық және меценаттық қызметті жүзеге асыруға құқылы.
2. Ешкімнің осы Кодексте көзделген кәсіпкерлік субъектілерінің қайырымдылық және меценаттық қызмет мақсаттарын және оларды жүзеге асыру нысандарын таңдау бостандығын шектеуге құқығы жоқ.
3. Ешкімнің кәсіпкерлік субъектілерін қайырымдылық және меценаттық қызметті жүзеге асыруға мәжбүрлеуге құқығы жоқ.
111-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің қайырымдылық
қызметті жүзеге асыру мақсаты
1. Кәсіпкерлік субъектілерінің қайырымдылық қызметті жүзеге асыру мақсаты мұқтаж адамдарға, жеке және заңды тұлғаларға оларды қолдау үшін түрлі көмек түрін көрсету болып табылады.
2. Кәсіпкерлік субъектілерінің қайырымдылық қызмет мақсатына қол жеткізуі:
1) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарын, соның ішінде аз қамтылған азаматтардың материалдық жағдайын жасқарту, әлеуметтік қорғау, мүмкіндігі шектеулі адамдарды, өз құқықтарын және заңды мүдделерін өз бетінше іске асыруға қабілетсіз өзге де адамдарды қолдау жолымен;
2) төтенше оқиғалар, дүлей апаттар, індеттер, экологиялық немесе өзге де апаттар, әлеуметтік және ұлтаралық жанжалдар нәтижесінде зардап шеккендерге көмек көрсету;
3) қайырымдылық бірлестіктеріне, әлеуметтік және медициналық мекемелерге материалдық көмек көрсету;
4) балалар және жастар ұйымдарын, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған жастардың бастамаларын, жобаларын, балалар және жастар қозғалыстарын қолдау;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де іс-шараларды өткізу арқылы іске асырылады.
112-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің меценаттық қызметті
жүзеге асыру мақсаты
1. Кәсіпкерлік субъектілерінің меценаттық қызметті жүзеге асыру мақсаты Қазақстан Республикасының ұлттық, тарихи, мәдени игілігін сақтау және дамыту болып табылады.
2. Кәсіпкерлік субъектілерінің меценаттық қызметінің мақсатына қол жеткізу:
1) ұлттық, тарихи, мәдени игіліктерді сақтау және дамыту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мәртебесін әлемдік деңгейде қолдау үшін жағдайлар қалыптастыру;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіби қызметті жүзеге асыратын шығармашылық ұжымдарға материалдық көмек көрсету;
3) мәдениет және өнер объектілерін олардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қолдау;
4) мәдениет, өнер, ғылым, білім беру, ағарту, спорт салаларында кәсіби қызметті жүзеге асыратын адамдарға материалдық көмек көрсету;
5) мәдениет, білім беру, ғылым және ағарту, спорт ұйымдарына, сондай-ақ Қазақстан халқы үшін мәдени-тарихи маңызы бар объектілерге материалдық көмек көрсету;
6) ұлттық мәдени игіліктерді сақтаудың және дамытудың басымды бағдарламаларын (жобаларын) іске асыру арқылы іске асырылады.
113-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің қайырымдылық және
меценаттық қызметті жүзеге асыру нысаны
1. Кәсіпкерлік субъектілері мыналарды:
1) қайырымдылық және меценаттық қызметті жеке немесе бірлестіктерді Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұйымдық-құқықтық нысандарда құру жолы арқылы;
2) қайырымдылық қызметті қайырымдылық ұйымын құрып немесе құрмай;
3) меценаттық қызметті арнайы ұйым құрмай жүзеге асыруға құқылы.
2. Қайырымдылық және меценаттық қызметті кәсіпкерлік субъектілері және олардың бірлестіктері өз бетінше және/немесе азаматтық қоғам институттарымен және жергілікті атқарушы органдармен әріптесе отырып жүзеге асыруы және әлеуметтік салада оң өзгерістерге қол жеткізуге бағытталуы мүмкін.
114-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің қайырымдылық және
меценаттық қызметінің мемлекеттік кепілдіктері
1. Қайырымдылық және меценаттық қызметке қатысушы кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға мемлекет кепілдік береді және қолдайды.
2. Кәсіпкерлік субъектілерінің қайырымдылық және меценаттық қызметті жүзеге асыру бойынша құқықтарын іске асыруына, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың қайырымдылық және меценаттық көмекті алуына кедергі келтіретін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
3. Мемлекет кәсіпкерлік субъектілерінің қайырымдылық және меценаттық қызметін осындай қызметті жүзеге асыратын, қайырымдылық және меценаттық қызметтің дамуына елеулі үлес қосқан кәсіпкерлік субъектілеріне Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін тәртіппен құрметті атақтар беру арқылы ынталандырады.
4. Осы Кодекстің 109-бабында көзделген қайырымдылық қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес салық жеңілдіктеріне құқығы бар.
5. Қайырымдылық және меценаттық қызметті жүзеге асыратын жекелеген кәсіпкерлік субъектілеріне және олардың құрылтайшыларына (мүшелеріне) жеке тәртіппен кез-келген жеңілдіктерді ұсынуға тыйым салынады.
115-бап. Мемлекеттің және қайырымдылық, меценаттық
қызметпен айналысатын кәсіпкерлік
субъектілерінің өзара іс-қимылы
1. Мемлекет қайырымдылық және меценаттық қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ олардың бірлестіктерінің құқықтарының және заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
2. Қайырымдылық және меценаттық қызметті жүзеге асыру кезінде кәсіпкерлік субъектілерінің істеріне мемлекеттік заңсыз араласуына жол берілмейді.
3. Қайырымдылық және меценаттық қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ олардың бірлестіктері мемлекеттік органдармен ынтымақтасып, өзара іс-қимыл жасай алады, олармен келісімдер жасасып, шарттар негізінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген белгіленген жұмыстарды жасай алады.
4. Осы Кодекстің нормалары қайырымдылық мақсаттары үшін пайдаланылмайтын байланысты және байланысты емес гранттарды тарту, бағалау, мониторингілеу және пайдалану тетігіне таралмайды.
10-тарау. КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
116-бап. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің
мақсаттары мен шектері
1. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің мақсаттары жеке кәсіпкерлік субъектісі өндіретін және өткізетін өнімнің адамдар өмірі мен денсаулығына қауіпсіздігін, олардың мүліктік мүдделерін қорғауды, қоршаған ортаға қауіпсіздігін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғау болып табылады.
2. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу жеке кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін, оның ішінде мынадай деңгейдегі реттеуші құралдарды:
1) Қазақстан Республикасының заңдарын;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын;
4) Қазақстан Республикасы министрлерінің және өзге орталық мемлекеттік органдардың басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін;
6) жергілікті өкілді органдардың шешімдерін пайдалана отырып, міндетті талаптарды мемлекет белгілеу арқылы жүзеге асырылады.
Реттеу құралдарын енгізу осы Кодекстің 118-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Реттеу құралдары жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты әсер ету тәсілдері, оның ішінде «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес анықталатын рұқсаттар мен хабарламалар; осы Кодекстің 16-тарауына сәйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүзеге асырылатын жеке кәсіпкерлік субъектісінің қызметінің салалары; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ақпараттық құралдар болып табылады.
Ақпараттық құралдар деп мемлекеттік органдарға немесе өзге тұлғаларға Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің ақпарат беру тетіктері түсініледі.
3. Осы Кодекстің мақсаттары үшін:
1) осы баптың 2-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің үшінші тұлғаларға ақпаратты, соның ішінде тұтынушыларға ұсыну үшін міндетті маркалау, декларациялау, міндетті нұсқаулықтар, қызмет көрсету қағидалары, өзге ақпаратты, үшінші тұлғаларға ұсыну үшін міндетті жеке кәсіпкерлік субъектілері туралы өзге ақпаратты ұсыну талаптарын белгілеу;
2) салық, статистикалық және өзге есептілікті қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мемлекеттік органдарға тұрақты негізде міндетті есептілікті ұсыну;
3) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік органдарға ақпаратты, оның ішінде мәлімет, үзінді көшірме, декларация, хабарлама нысаны арқылы, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қызметті немесе іс-әрекеттерді жүзеге асыруды бастауға, жүзеге асыруға немесе тоқтатуға байланысты мемлекеттік органдарға ұсынылатын жеке кәсіпкерлік субъектілері толтыратын өзге құжаттар ақпараттық құралдар болып танылады.
117-бап. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің нысандары
мен құралдары
2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу мынадай жолдармен:
1) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен кәсіпкерлік субъектілеріне, сондай-ақ өнімдеріне, процестеріне талаптар белгілеу;
2) сәйкестікті, тексеру, калибрлеу және сынақ зертханаларын (орталықтарын) растау жөніндегі органдарды аккредиттеу;
3) өнімнің, процестердің жекелеген түрлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін міндетті растау;
4) кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылау және қадағалау;
5) лицензиялау, сертификаттау, аккредиттеу және рұқсаттардың, сондай-ақ хабарламалардың өзге де түрлерін беру;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;
7) кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу;
8) кәсіпкерлік субъектілеріне салық салу;
9) бағаны мемлекеттік реттеу;
10) жосықсыз бәсекелестікті жүзеге асыруға жол бермеу;
11) кәсіпкерлік субъектілерінің, мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының жауапкершілігін Қазақстан Республикасының заңдарымен белгілеу;
12) Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің өзге нысандары және құралдарымен жүзеге асырылады.
118-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеуші
құралдарды немесе реттеуді қатаңдатуды енгізуді
көздейтін нормативтік құқықтық актілердi әзірлеу
және қабылдау ерекшеліктерi
1. Егер реттеуші мемлекеттік органдар жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа реттеуші құралды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды жоспарлаған жағдайда, реттеуші мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын тәртіпте реттеушілік ықпалды талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс.
Реттеуді қатаңдату – реттеуші құралдарды енгізуге немесе пайдалануға байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қосымша талаптар, міндеттер немесе өзге жүктемені арттыруды белгілеу.
Осы тармақтың күші Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне қолданылмайды.
2. Реттеуші құралдар мынадай түрде енгізіледі немесе жүзеге асырылады:
1) рұқсат беру немесе хабарлау тәртібі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1, 2 және 3-қосымшаларында көзделген рұқсаттар немесе хабарламалар тізбесіне тиісті рұқсатты немесе хабарламаны енгізу арқылы ғана енгізіледі;
2) мемлекеттік бақылау және қадағалау осы Кодекстің 240 және 241-баптарында көзделген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет салаларында ғана жүзеге асырылады;
3) ақпараттық құралдар тек Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерімен енгізіледі.
3. Реттеушілік ықпалды талдауға:
1) реттеуші құралдарды және соған байланысты талаптарды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобалары;
2) реттеуші құралдарды және соған байланысты талаптарды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін Қазақстан Республикасының заңы жобаларының тұжырымдамалары;
3) реттеуші құралдарды және соған байланысты талаптарды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін Қазақстан Республикасының заңының жобалары;
4) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1), 2-1) және 4) тармақшаларында көзделген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер жобалары;
5) ақпараттық құралдарды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін, осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер жобалары;
6) реттеуші құралдарды және соған байланысты талаптарды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін Кеден одағының техникалық регламенттерінің жобалары;
7) реттеуші құралдарды және соған байланысты талаптарды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін жергілікті өкілетті органдардың жергілікті атқарушы органдар әзірлеген шешімдерінің жобалары жатады.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі кәсіпкерлік қызметті реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу және Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын басқа да міндеттер мен функцияларды орындау мақсатында Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссия – консультациялық-кеңесші орган құрылады.
Жаңа реттеуші құралды енгізу Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
119-бап. Реттеушілік ықпалды талдау
1. Реттеушілік ықпалды талдау – реттеуші құралдарды енгізуден және мемлекеттік реттеуден кейінгі мақсаттарға қол жеткізуді бағалауға мүмкіндік беретін талаптарға байланысты пайдалар мен шығындарды салыстырудың талдамалық рәсімі.
Реттеушілік ықпалды талдаудың мақсаты белгілі мақсаттарға жету немесе айқын белгіленген проблемаларды шешу үшін реттеудің балама тәсілдерін бағалау арқылы нақты реттеуші құралдарды пайдалану бөлігінде мемлекеттік саясаттың пәрменділігі мен тиімділігін арттыру болып табылады.
2. Реттеушілік ықпалды талдау реттеуші құралды енгізуге дейін және енгізгеннен кейін жүргізіледі.
3. Реттеушілік ықпалды талдау нәтижелері бойынша реттеуші құралды қолдану тиімділігіне байланысты реттеуші құралдың бұзылуы немесе өзгеше қайта қаралуы мүмкін.
Реттеуші құрал оны енгізген кезде мәлімделген кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу мақсаттарына қол жеткізбеген жағдайда жойылуы тиіс.
4. Реттеушілік ықпалды талдау реттеуші мемлекеттік органдармен осы Кодекстің 118-бабының 3-тармағында көзделген, сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган, Ұлттық палата және басқа да мүдделі органдар әзірлеген құжаттардың жобаларына қатысты жүргізіледі.
5. Реттеушілік ықпалды талдауды жүргізу жаңа реттеуші құралды енгізудің міндетті шарты болып табылады.
6. Әрекет етуші реттеуші құралдарға қатысты реттеушілік ықпалды талдауды қолданыстағы құжаттарды қайта қарау тәртібімен реттеуші мемлекеттік органдар жүргізеді.
7. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган:
1) реттеуші мемлекеттік органдардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытынды береді;
2) реттеуші мемлекеттік орган жүргізген реттеушілік ықпалды талдаудың қорытындыларына келіспеген жағдайда, реттеушілік ықпалды баламалы талдау жүргізеді.
8. Реттеуші мемлекеттік орган жүргізген реттеушілік ықпалды талдау нәтижелері, кәсіпкерлік бойынша уәкілетті орган және (немесе) өзге мүдделі тұлғалар жүргізген реттеушілік ықпалды баламалы талдау жалпыға қолжетімді интернет-ресурста орналастырылады.
120-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кәсіпкерлікті
мемлекеттік реттеу саласындағы құзыретi
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретiне мыналар жатады:
1) кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу мен пайдаланудың қағидаларын бекітеді;
2) қызметкерлердің жылдық орташа саны есебін және жылдық орташа кірістің қағидаларын бекітеді;
3) реттеуші құралдардың реттеушілік ықпалды талдауды жүргізу мен пайдаланудың, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есеп беруді әзірлеу мен бекітудің қағидаларын бекітеді.
Техникалық реттеу саласында:
1) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;
2) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн құру;
3) техникалық реттеу саласында құқықтық реформаны қамтамасыз ету;
4) ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификат беруге уәкілетті органды (ұйымды) анықтау;
Аккредиттеу саласындағы сәйкестікті бағалау саласында:
1) аккредиттеу саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;
2) аккредиттеу жөніндегі органды және аккредиттеу жөніндегі органға біліктілік талаптарын таңдау бойынша конкурс өткізудің қағидаларын бекіту;
3) осы баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген қағидаларға сәйкес аккредиттеу жөніндегі органды айқындау;
Бәсекелестікті қорғау саласында:
1) бәсекелестік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді.
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Кодекспен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
121-бап. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның
құзыретi
1. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
2. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган:
1) мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды тұлғалары жол беретiн кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiн регламенттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiн хабардар етедi;
2) уәкілетті мемлекеттік органдар әзірлейтін тәуекелдерді бағалау критерийлерін, ведомстволық есептіліктің және тексеру парақтарының нысандарын бірлесіп бекіту арқылы мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін енгізу процесін үйлестіруді жүзеге асырады;
3) кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізеді;
4) кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларын әзірлейді;
5) қызметкерлердің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысты есептеу қағидаларын әзірлейді;
6) реттеуші құралдардың реттеушілік ықпалды талдауды өткізу және қолдану қағидаларын әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есеп беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
7) реттеушілік ықпалды талдауды жүзеге асыру мәселелері бойынша реттеуші мемлекеттік органдардың қызметіне әдістемелік көмек көрсетеді және үйлестіреді;
8) реттеушілік ықпалды талдау бойынша жұмыстың жай-күйі туралы реттеуші мемлекеттік органдардың есептерін қарайды;
9) реттеушілік ықпалды талдауды енгізу мен жүзеге асыру мәселелері бойынша мемлекеттік қызметкерлер мен өзге де тұлғаларды оқытуды ұйымдастырады;
10) баламалы реттеушілік ықпалды талдау өткізеді;
11) Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есептің жобасын әзірлейді;
12) жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асырады.
3. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
122-бап. Реттеуші мемлекеттік органдардың құзыреті
1. Реттеуші мемлекеттік органдар:
1) мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүзеге асырылатын жеке салада немесе мемлекеттік басқарудың салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;
2) реттеуші құрал енгізілген немесе енгізілу жоспарланған жеке салада немесе мемлекеттік басқарудың салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;
2. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүзеге асырылатын жеке салада немесе мемлекеттік басқарудың салаларында басшылықты жүзеге асыратын реттеуші мемлекеттік органдардың құзыретіне:
1) мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүзеге асырылатын тиісті салаларда (салада) мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) өз құзыреті шегінде осы Кодекстің 244-бабының 2 және 3-тармақтарында, 245-бабының 1-тармағында, 246-бабының 1-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ тексеру жүргізудің жартыжылдық кестесін бекіту;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру;
4) бақылау мен қадағалау тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру;
5) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.
3. Реттеуші құрал енгізілген немесе енгізілу жоспарланған жеке салада немесе мемлекеттік басқарудың салаларында басшылықты жүзеге асыратын реттеуші мемлекеттік органдардың құзыретіне:
1) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы есептерді ұсыну;
2) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.
123-бап. Бақылау мен қадағалау органдарының құзыреті
1. Бақылау мен қадағалау органдары – орталық мемлекеттік органдар, олардың ведомство және аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ осы Кодекстің 235-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға тексерілетін субъектілер қызметінің сәйкестік нысанасына байқау мен тексеру жүргізуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органдар.
Бақылау мен қадағалау органдарының құзыретіне:
1) тиісті салада мемлекеттік бақылау мен қадағалау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) өз құзыреті шегінде осы Кодекстің 244-бабының 2 және 3-тармақтарында, 245-бабының 1-тармағында, 246-бабының 1-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспарын әзірлеу;
3) Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес бақылау мен қадағалауды өткізу;
4) бақылау мен қадағалау тиімділігінің мониторингін өткізу;
5) бақылау мен қадағалау өткізуді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
6) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
124-бап. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті
органның құзыреті
1) бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
2) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
3) бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган құзыретінің мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
5) мемлекеттік органдардың бәсекелестікті шектеуге және (немесе) жоюға бағытталған актілерінің, әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) жолын кеседі;
6) экономикалық шоғырлануға бақылауды жүзеге асырады;
7) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында көзделген бұзушылықтарды қоспағанда, тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланудың алдын алады және оны жояды;
8) нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісімдерін және келісілген іс-әрекеттерін, жосықсыз бәсекелестікті болдырмайды және олардың жолын кеседі;
9) нарық субъектiлерiн тiзiлiмге енгiзу және одан алып тастау қағидаларын әзiрлейді және бекітеді;
10) бәсекелестікті дамыту, монополистік қызметті шектеу және тауар нарықтарының жұмыс істеуі салаларында нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және келіседі;
11) адал бәсекелестікті насихаттауды жүзеге асырады;
12) тауар нарықтарындағы бәсекелес ортаның жай-күйін талдауды және бағалауды жүзеге асырады;
13) тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің қызметін талдауды және оның мониторингін жүзеге асырады;
14) тізілімді қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;
15) тауарлардың өзара алмастырылуының, оларды сатып алуға қолжетімділіктің критерийлерін, сондай-ақ тауар нарығының шекараларын айқындай отырып, тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемелерін, қаржылық ұйымдарға қатысты – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша бекітеді;
16) тауарларын реттелетін нарықтарда өткізетін нарық субъектілерін қоспағанда, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі белгілеген монополиялық жоғары (төмен), монополиялық төмен бағаларды айқындайды;
17) монополиялық жоғары (төмен) және монополиялық төмен бағаларды айқындау жөніндегі әдістемені бекітеді;
18) нарық субъектілері мен мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылық фактілері бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен тергеп-тексеру жүргізеді;
19) осы Кодексте көзделген өкілеттігін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, оның ішінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органнан, мемлекеттік кіріс органдарынан, нарық субъектілерінен, сондай-ақ лауазымды және өзге де жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді сұратады және алады;
20) нарық субъектілеріне:
осы Кодексте бұзушылықтарды және олардың салдарларын жою; бастапқы жағдайды қалпына келтіру;
осы Кодекске қайшы келетін шарттарды бұзу немесе өзгерту;
егер белгілі бір сатушылармен (өнім берушілермен) не сатып алушылармен шарт жасасудан негізсіз бас тарту не жалтару бұзушылық болып табылса, нарықтың өзге субъектісімен шарт жасасу туралы орындалуға міндетті нұсқамалар шығарады;
21) мемлекеттік органдарға өздері қабылдаған актілердің күшін жою немесе оларды өзгерту туралы, бұзушылықтарды тоқтату, сондай-ақ өздері жасаған осы Заңға қайшы келетін келісімдерді бұзу немесе өзгерту туралы орындалуға міндетті нұсқамалар енгізеді;
22) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және әкімшілік жазаларды қолданады;
23) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуына байланысты қылмыс белгілері бойынша сотқа дейін тергеп-тексеру жүргізу үшін құқық қорғау органдарына материалдар жібереді;
24) жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және монополистік қызметті шектеу жөнінде қолданылатын шаралар туралы жылдық есепті жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне 1 маусымнан кешіктірмей жібереді;
25) жүргiзілетiн бәсекелестiк саясаттың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз етедi, оның ішінде тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей, бұқаралық ақпарат құралдарында және бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның қызметi туралы мәлiметтердi орналастырады;
27) мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға бағаның сараптамасын жүргізеді;
осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
125-бап. Техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi
органның құзыретi
1. Техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган мынадай функцияларды орындайды:
Техникалық реттеу саласында:
1) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн құруға қатысады;
2) техникалық реттеу саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асырады;
3) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
4) көлік құралы түріндегі мақұлдауларды, шасси түріндегі мақұлдауларды бекіту және тіркеу жөнінде қағидаларды әзiрлейдi және бекітеді;
5) техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi жоспарды әзiрлейдi және бекітеді;
6) техникалық реттеу саласындағы жобалардың және нормативтiк құқықтық актiлердiң техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк саясатқа және осы Кодекстің 152-бабында көзделген мақсаттарға сәйкестiгiне талдауды және сараптама жүргiзудi ұйымдастырады;
7) техникалық регламенттерді әзірлеу бойынша сараптамалық кеңестермен, техникалық реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды;
8) стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөнiндегi халықаралық және өңiрлiк ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк етедi, халықаралық және өңiрлiк стандарттау, сәйкестiктi растау нәтижелерiн өзара тану жөнiндегi жұмыстарға қатысады;
9) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң тiзiлiмiн жүргiзудi ұйымдастырады;
10) нормативтік техникалық құжаттардың ресми басылымдарын тарату және пайдаланушыларды олармен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды;
11) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттiк қорының жұмысын ұйымдастырады және үйлестiредi;
12) Ақпарат орталығының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
13) сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және аттестаттау тәртібін әзірлейді және ұйымдастырады, сондай-ақ оларға рұқсат беру талаптарын әзірлейді;
14) техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылау жүргізу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады және үйлестiредi;
15) тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілеттік берілген ұйымның қызметін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібінің сақталуына және уәкілетті органның (ұйымның) қызметін ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібінің сақталуына жыл сайынғы тексеруді жүргізу, Кеден одағы тауарының және (немесе) шетел тауарының мәртебесін айқындау арқылы бақылауды жүзеге асырады;
16) техникалық–экономикалық ақпарат жіктеуіштерінің депозитариін құру және жүргізу қағидаларын бекітеді;
17) өнімнің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде консультациялық-кеңесу органдарын құрады;
18) техникалық регламенттерді бекітеді;
19) әзірленген техникалық регламенттердің сараптамасын, оларды келісуді жүзеге асырады, техникалық регламенттердің қолданысын тоқтата тұруды не қолданысының күшін жоюды келіседі, оның ішінде техникалық регламенттердің қолданысын салалық мемлекеттік органдардың тоқтата тұруы мәселелерін қозғайды;
20) техникалық регламенттерді әзірлеу, оларға сараптама жасау, қабылдау, өзгерту және күшін жою тәртібін белгілейді;
21) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру және жүргізу тәртібін белгілейді;
22) тауарды шығарған елін анықтау, тауардың шығарылғаны туралы сетификат беру және оның қолданысын жою бойынша қағидаларды бекітеді;
23) өнімді таңбалау тәртібін белгілейді;
24) көлік құралы түрін (шасси түрін мақұлдау), сондай-ақ көлік құралдарының құрылымының қауіпсіздігі туралы куәліктерді мақұлдауды бекітеді және тіркейді;
25) көлік құралы түрін (шасси түрін мақұлдау), сондай-ақ көлік құралдарының құрылымының қауіпсіздігі туралы куәліктерді мақұлдау бойынша жұмыс тәртібін белгілейді.
стандарттау саласында:
1) әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды қоспағанда, ұлттық стандарттарды, алдын ала ұлттық стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн әзiрлеу, келiсу, есепке алу, бекiту, сараптау, өзгерту, күшін жою және қолданысқа енгiзу тәртiбiн айқындайды;
2) техникалық регламенттермен үйлестiрiлген стандарттарды талдауды және әзiрлеудi ұйымдастырады;
3) халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердiң стандарттарын, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттарын, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерін, стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын ұйымдардың стандарттарында қолдануды қоспағанда, оларды Қазақстан Республикасының аумағында есепке алу және қолдану тәртiбiн айқындайды;
4) тауар шығарылған елді анықтау және тауардың шығарылған жері жөніндегі сертификатты беру жөнінде қағидаттарды бекітеді;
5) мемлекеттiк стандарттаудың жоспарларын әзiрлеу тәртiбiн белгiлейдi;
6) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi аудармаларын растауды ұйымдастырады;
7) өнімді таңбалау тәртібін әзірлейді және белгілейді;
8) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
9) өнімнің каталог парағының нысандарын белгілейді.
сәйкестiктi растау саласында:
1) сәйкестiк сертификатының, сәйкестiк туралы декларацияның, нысандарын белгiлейдi және олардың шығарылуын ұйымдастырады;
2) тауардың шығарылған елін анықтау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілейді;
3) техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі қағидаларын әзірлейді;
4) шағымдарды (апелляцияларды) қарау үшiн апелляциялық комиссия құрады;
5) егер басқа ұйымдар шығарған сәйкестiктi растау мәселелерi жөнiндегi құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң талаптарына сай болмаса, олардың күшiн жою туралы ұсыныстар дайындайды;
6) зертханааралық салыстыру сынақтары (салғастыру) бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
7) Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiк үлгiнің сәйкестiгін растау саласындағы құжаттарды беру жөніндегі қызметтiң жүзеге асырылуының басталғандығы немесе тоқталғандығы туралы хабарлаған шетелдiк және халықаралық ұйымдардың тiзiлiмiн жүргізеді.
8) көлік құралы түрін мақұлдау, шасси типін мақұлдау нысандарының дұрыстығын және негізділігін тексеру бойынша қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
аккредиттеу саласында:
1) акредиттеу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
2) аккредиттеу жөнінде органды таңдау бойынша конкурсты жүргізу қағидаттарын және аккредиттеу жөніндегі органға білітілік талаптарын ізірлейді;
3) аккредиттеу жөніндегі органның таңдауы бойынша конкурстарды ұйымдастырады және жүргізеді.
2. Техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
126-бап. Өзге мемлекеттiк органдардың техникалық реттеу
саласындағы құзыретi
Мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде техникалық реттеу саласында:
1) техникалық регламенттердiң және олармен өзара байланысты стандарттардың ғылыми-техникалық деңгейiн талдауды;
техникалық регламенттерді бекітуді, күшін жоюды, тоқтата тұруды, сондай-ақ оларға техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзгерістерді енгізуді;
3) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен техникалық регламенттердi әзiрлеу немесе техникалық регламенттерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар әзiрлеу, стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарға өзектi сипат беру және оларды бiр iзге салу туралы ұсыныстар дайындау мен енгiзудi;
4) техникалық регламенттердi және ұлттық стандарттарды әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруды;
5) техникалық регламенттердiң жобаларын әзiрлеу, мемлекеттiк органдардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау үшiн сарапшылық кеңестер құруды;
6) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша техникалық регламенттердiң, стандарттардың және өзге де құжаттардың қорларын басқаруды;
7) осы Кодексте айқындалатын тәртiппен техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың орындалуын мемлекеттiк бақылау;
8) техникалық регламенттерді, оның ішінде Кеден одағының техникалық регламенттерін іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарларын әзірлеуді және орындауды;
9) стандарттар мен өзге де құжаттарды әзiрлеу және оларды халықаралық нормалармен және талаптармен үйлестiру жөнiндегi жоспарларды дайындауды және iске асыруды;
10) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердi, сәйкестiктi растау жөнiндегi органдарды және сәйкестiгi мiндеттi расталуға тиiстi өнiм жөнiндегi зертханаларды құру бойынша ұсыныстар дайындауды;
11) үкіметтік емес стандарттарды әзірлеуге қатысуды;
12) үкіметтік емес стандарттар негізінде ұлттық стандарттарды әзірлеуге бастама жасауды;
13) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
127-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
Қазақстан Репсубликасының жергілікті атқарушы органдары:
1) әлеуметтік маңызды азық-түлік туарларына шекті жол берілген розничн бағалардың мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;
2) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге өкілеттіктерді жүзеге асрады.
11-тарау. ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ
128-бап. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың
түсінігі
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау деп Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастамашылықты іске асыру үшін құқықтық, экономикалық қолайлы жағдайлар жасау, кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру бойынша мемлекеттік кешенді шаралар түсініледі.
129-бап. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың
негізгі бағыттары
1. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) шағын кәсіпкерлік;
2) агроөнеркәсіптік кешен және селолық жерлердегі кәсіпкерлік қызметтің ауылшаруашылық емес түрлері;
3) индустриялдық-инновациялық қызмет;
4) арнайы экономикалық аймақтар;
5) инвестициялық қызмет;
6) отандық тауар өндірушілердің кәсіпкерлігі.
2. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда өзге бағыттар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
130-бап. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың
негізгі түрлері
1. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлерін қамтиды:
1) қаржылық және мүліктік қолдау;
2) жеке кәсiпкерлiктi қолдау орталықтарын, бизнес-инкубаторларды, технологиялық парктердi, индустриялық аймақтарды және жеке кәсiпкерлiк инфрақұрылымының басқа да объектiлерiн құру және дамытудағы инфрақұрылымдық қолдау;
3) кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың қаржы институттарын, мемлекеттiк органдардың жанынан кәсiпкерлiк проблемаларын зерделеу және оны дамыту ұсыныстарын әзiрлеу жөнiндегi ғылыми-зерттеу институттарын құрудан тұратын институционалдық қолдау;
4) жеке кәсiпкерлiкті ақпараттық-аналитикалық, оқу-әдiснамалық, ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз етуден тұратын ақпараттық қолдау;
Жеке кәсіпкерліктің инфрақұрылымы - өз ісін ұйымдастыруға жәрдемдесуді, құқық, маркетинг, инжиниринг және менеджмент саласындағы ақпаратпен қамтамасыз етуді, коммерциялық негізде материалдық-техникалық, қаржылық және басқа да ресурстармен қамтамасыз етуде қолдауды қоса алғанда, жеке кәсіпкерліктің жұмыс істеуі мен дамуының жалпы шарттарын қамтамасыз ететін, құрылатын немесе жұмыс істеп тұрған ұйымдар кешені.
2. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың өзге де түрлерін көздейді.
131-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық және
мүліктік қолдау
Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық және мүліктік қолдау:
1) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) кепілдік берілген көлемін сатып алу;
2) бюджет қаражаты есебінен қарыздар беру;
3) екінші деңгейдегі банктер, даму институттары арқылы кредит беруді ұйымдастыру;
4) экономика салаларында әлеуметтік маңызы бар жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру;
5) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қаржы институттары беретін кредиттер, лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау;
6) шығыставр және (немесе) шығындарды өтеу және (немесе) субсидиялау;
7) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне ішінара кепілдік беру;
8) лизинг;
9) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер учаскелерін, ғимараттарды, үй-жайларды сату;
10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту;
11) Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес сатып алу-сату шартына немесе рұқсатқа міндетті түрде қажетті инфрақұрылымға қосуға (жеке кәсіпкерлік субъектілерін инфрақұрылымға қосу сатып алу-сату шартына не рұқсатқа сәйкес жүзеге асырылады) техникалық шарттарды қоса отырып, тұрғын үй-жайды тұрғын емес үй-жайға қайта жабдықтауға рұқсат беру;
12) Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеке кәчіпкерлікті қаржылық қолдаудың өзге шараларын беру жолымен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қаржылық қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі жүзеге асырылатын экономика саласын (салаларын) қаржылық қолдау тәртібін, нысанын, мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін тартылатын заңды тұлғаны (тұлғаларды), қаржылық қолдау мөлшері мен мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін қажетті басқа да талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
132-бап. Жеке кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың
арнайы қоры
1. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бастамаларын мемлекет тарапынан қаржылық қолдауды, оның ішінде негізгі қызметінің мақсаты қаржылық ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылатын, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі арнайы қор жүзеге асырады.
Арнайы қордың негізгі міндеттері:
1) микроқаржы ұйымдарының қызметін дамыту;
2) жеке кәсіпкерлік субъектілері екінші деңгейдегі банктерден және өзге де заңды тұлғалардан кредиттер алған кезде оларға кепілдік беру жүйесін жасау;
3) қаржы лизингін дамыту;
4) жеке кәсіпкерлік субъектілерін оқыту және консалтингтеу;
5) жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін сапа менеджменті жүйесін енгізу жөніндегі операцияларды қоса қаржыландырудың гранттық жүйесін дамыту;
6) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне ақпараттық-талдамалық қолдау көрсету;
7) қаражатты екiншi деңгейдегi банктерде және өзге де заңды тұлғаларда негізделген түрде орналастыру жолымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында, арнаулы қордың ішкі нормативтік құжаттарында тікелей көзделген өзге де тәсілдермен жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру;
8) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық институттар беретін кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау;
9) арнайы қордың жарғысына сәйкес басқа да міндеттер болып табылады.
2. Арнайы қор міндеттерін іске асыру тәртібі мен шарттарын ұлттық басқарушы холдинг айқындайды.
133-бап. Шағын кәсiпкерлiкті ақпараттық қолдау
1. Шағын кәсiпкерлiкті ақпараттық қолдау олардың бәсекеге қабiлеттi тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) шығаруға мүмкiндiк беретiн кәсiби деңгейiн арттыру мақсатында жүзеге асырылады.
2. Шағын кәсiпкерлiктi ақпараттық қолдау:
1) жеке кәсiпкерлiктi жүргiзу мәселелерi бойынша оқу семинар-тренингтер және ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастыру;
2) шетелдік тағылымдамаларды ұйымдастыру;
3) жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыру практикасы, жаңа технологиялар нарығы туралы әдiстемелiк құралдар, ақпараттық бюллетеньдер тарату;
4) өңiрлерде ақпараттық, консалтингтiк орталықтар желiсiн құру;
5) консультациялық, ақпараттық, заңдық және маркетингтік және өзге де қызмет көрсету;
6) алдыңғы қатарлы шетелдік технологиялардың трансфертіне жәрдем көрсету;
7) отандық тауарларды (жұмыстар, қызмет көрсету) экспортқа шығару кезінде сервистік-ақпараттық қолдау;
8) өңiрлерде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн оқытуды ұйымдастыру үшiн менеджерлер даярлау жолымен жүзеге асырылады.
3. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн ақпараттық қолдау бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады.
134-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жеке
кәсіпкерлікті дамыту мен мемлекеттік қолдау
саласындағы құзыреті
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласында:
1) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;
2) кіші және орта кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттік шараларының орындалуын ұйымдастырады және үйлестіреді;
3) жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету тәртібін айқындайды;
4) Үкiмет жанынан жеке кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi консультативтiк-кеңесшi органдар құрады және таратады;
5) орталық мемлекеттiк, жергілікті өкілді және атқарушы органдар әзiрлейтiн, кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң, Қазақстан Республикасы қатысушысы болатын халықаралық шарттардың мәтіндерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар жобаларының жобаларын сарапшылық кеңестердiң қарауын ұйымдастырады;
6) республиканың өңірлерінде кіші және орта кәсіпкерлік инфрақұрылымының қалыптастырылуына және дамуына ықпал етеді;
7) Қазақстан Республикасының инновациялық, инвестициялық және индустриалдық даму саласындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыруда кіші және орта кәсіпкерліктің қатысуына жағдай жасайды;
8) бәсекеге қабiлеттi салаларды құру мен жетiлдiрудi, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн дамытуды және олар шығаратын өнiмнiң сапасын арттыруды ынталандыратын мемлекеттiк саясатты айқындайды және iске асырады;
9) бәсекелестiктiң дамуына және инновацияларға, материалдық активтерге, сондай-ақ ұзақ мерзiмдi инвестицияларға инвестициялар салуды ынталандыруға септiгiн тигiзетiн нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлейдi;
10) экономиканың жекелеген секторларында кластерлер құруды ынталандырады;
11) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң дамуы үшiн кедергiлердi жою мақсатында экономика салаларының жұмыс істеуіне талдау жүргiзедi;
12) Қазақстан Республикасының экономикасына инвестицияларды ұлғайту және инновациялар ендiрудi жеделдету мақсатында ұлттық даму институттарын құрады;
13) жекелеген салаларда жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi арасындағы бәсекелестiктi дамыту үшiн жағдайлар жасай отырып, осы салаларды кедендік-тарифтiк және тарифтiк емес әдiстермен уақытша қорғауды жүзеге асырады;
14) ұлттық экспорттаушыларға қатысты басқа елдер орнатқан кедергiлердi жоюға шаралар қабылдайды;
15) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн келiсiмдi бiрлескен экспорттық саясатты жүргiзуге ынталандырады;
16) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне iшкi және сыртқы нарықтардың жай-күйi туралы экономикалық ақпарат берудi ұйымдастырады;
17) сапа менеджментiнiң жүйесiн ендiрудi ынталандыру жолымен ұлттық өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға жағдайлар жасайды;
18) ұлттық экспорттаушылардың басқа елдердiң аумағындағы мүдделерiн қолдау жолымен сыртқы сұранысқа жағдай жасайды;
19) Ұлттық палатамен және жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi мен жұмыс берушiлердің бiрлестiктерiмен өзара іс-қимыл жасайды;
20) саланың немесе кластерлердiң проблемаларын шешу үшiн ғылыми-зерттеу ұйымдарын құрады, iргелi және қолданбалы ғылыми-зерттеулердi қаржыландырады;
21) халықтың әлеуметтiк осал жiгiн жеке кәсiпкерлiкке тарту жөнiнде шаралар әзiрлейдi;
22) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуден өткізу қағидаларын бекітеді;
23) кәсіпкерлік мәселелері бойынша сарапшы кеңес туралы үлгілік ережелерді бекітеді.
индустриялық-инновациялық қызметті қолдау саласында:
1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
2) Қазақстан Республикасының Президентіне экономиканың басым секторларын айқындау бойынша ұсыныстар енгізеді;
3) ғылыми-технологиялық дамудың салааралық жоспарын бекітеді;
4) ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті, дауыс беру акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін бекітеді;
6) республикалық индустрияландыру картасын бекітеді;
7) басым тауарлар мен қызметтердің бірыңғай картасын бекітеді;
8) Қазақстан Республикасы Үкіметі жанынан Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі үйлестіру кеңесін құрады және оның ережесі мен құрамын бекітеді;
9) жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу тәртібін айқындайды;
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі оған Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
135-бап. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның
құзыреті
Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган:
1) кәсiпкерлiктi дамыту мен мемлекеттік қолдау бойынша мемлекеттiк саясатын жүргiзудi жүзеге асырады;
2) шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың мемлекеттiк шараларының орындалуын ұйымдастырады және үйлестiредi;
3) кәсiпкерлiк субъектiлерiн қаржыландыру және оларға кредит беру жөнiндегi шараларды жетiлдiру туралы ұсыныстар әзiрлейдi;
4) кәсiпкерлiк ортаға, инвестициялық ахуалға және кәсiпкерлiктi дамытудың инфрақұрылымына талдау жүргiзедi;
5) кәсiпкерлiктi қолдауды және дамытуды қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейді және Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынады;
6) республика өңiрлерiнде шағын кәсiпкерлiк инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытуға септiгiн тигiзедi;
8) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің инновациялық, инвестициялық және индустриялық даму саласындағы құжаттарын iске асыруға шағын кәсiпкерлiктiң қатысуы үшiн жағдайлар жасайды;
9) инвесторлар, грант берушi халықаралық ұйымдар үшiн кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту мәселелерiнде жағдайлар жасайды;
10) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне әдiснамалық көмек ұйымдастырады;
11) кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) халықаралық нарықтарына шығуы үшiн жағдайлар жасайды;
12) кәсiпкерлiктi дамыту саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
13) жеке кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдау жөнiндегi мемлекеттiк саясатты насихаттайды;
14) Осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
136-бап. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік
қолдау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
1. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган индустрия және индустриялық-инновациялық салада басшылықты жүзеге асырушы, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруда салааралық үйлестіру мен қатысуды заңнамада көзделген шекте жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
2. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган:
1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
2) ғылыми-технологиялық дамытудың салааралық жоспарын әзірлейді;
3) индустриялық-инновациялық жүйені жоспарлауды, мониторингтеуді, ынталандыруды, дамытуды жүзеге асырады;
4) жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі туралы ақпаратты ұсынады;
5) жергілікті қамту бойынша сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді;
6) басым тауарлар мен қызметтердің бірыңғай картасын әзірлейді;
7) республикалық индустрияландыру картасын әзірлейді;
8) жоғары технологиялық өнімдер өндіру жөніндегі қызмет түрлерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
9) инновациялық гранттарды берудің басым бағыттарын айқындайды;
10)Үйлестіру кеңесі туралы ережені әзірлейді және Қазақстан Республикасы Үкіметіне оның құрамын қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
11) Технологиялық саясат жөніндегі кеңес құрады және оның ережесі мен құрамын бекітеді;
12) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, олармен үлестес заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың технологиялар мен инновацияларды дамыту бөлігінде даму стратегиясы мен бағдарламасын келіседі;
13) салалық конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді;
14) отандық өңделген тауарларды сыртқы нарыққа жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын әзірлейді;
15) сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың тізбесін әзірлейді;
16) жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу тәртібін әзірлейді;
17) технологияларды сатып алуға, өнеркәсіптік зерттеулер жүргізуге, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлейді;
18) технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлейді;
19) шет елде инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін арттыруға, жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға, консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға, басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізуге инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
20) инновациялық гранттар беру кезінде технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтының қызметтеріне ақы төлеу тәртібін әзірлейді;
21) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу тәртібін әзірлейді;
22) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын әзірлейді;
23) индустриалдық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын операторларды айқындайды;
24) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
137-бап. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті
органның құзыреті
1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау салаларындағы салааралық үйлестіруді және бюджеттік саясатты әзірлеу мен қалыптастыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган:
1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне экономиканың басым секторларын айқындау бойынша ұсыныстар енгізеді;
3) индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы жергілікті қамтуды дамыту саясатын қалыптастырады;
4) индустриялық-инновациялық қызмет саласында білікті кадрлық ресурстармен қамтамасыз етуді үйлестіруді және жұмыспен қамтуды реттеуді жүзеге асырады;
5) индустриялық-инновациялық жүйенің тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;
6) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, олармен үлестес заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың даму стратегиялары мен жоспарларын индустриялық-инновациялық даму мақсаттарына сәйкестік нысанына келіседі;
7) Осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
138-бап. Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы
уәкілетті органның құзыреті
1. Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
2. Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган:
1) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері бойынша тергеп-тексеруші органмен өзара іс-қимыл жасайды;
2) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану алдындағы тергеп-тексеруге бастамашылық бойынша ұсынысты тергеп-тексеру жүргізетін органға енгізеді;
3) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының жұмысын үйлестіреді;
4) Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы ұсыныстарды қалыптастырады және келіседі;
5) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
6) басқа елдердің ресми органдарымен және халықаралық ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасасады;
7) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
139-бап. Өзге де мемлекеттік органдардың құзыреті
Мемлекеттік органдар:
1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға экономиканың басым секторларын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
4) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылуы туралы ақпарат ұсынады;
5) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындау жөнінде ұсыныстар береді;
6) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
140-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
1. Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары:
1) кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асырады;
2) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасайды;
3) өңірлерде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз етеді және жауапты болады;
4) өңiрде шағын және орта кәсiпкерлiктi және инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымының объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз етедi;
5) жергiлiктi атқарушы органдардың кәсiпкерлiк субъектiлерiнің бiрлестiктерiмен, Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындайды;
6) сарапшылық кеңестердiң қызметiн ұйымдастырады;
7) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;
8) шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн мамандар мен персоналды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде жүзеге асырады.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты тиісті аумақта қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
2) өңірлік индустрияландыру карталарын әзірлейді және бекітеді;
3) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асырушы индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның элементтеріне, индустриялық-инновациялық жүйенің субъектілеріне әдістемелік, консультациялық, практикалық және өзге де көмек көрсетуге құқылы;
4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға экономиканың басым секторларын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде ұйымдардың сатып алуында жергілікті қамту жөнінде ақпарат жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға ұсынады;
6) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылуы туралы ақпарат ұсынады;
7) негізгі қызметі инновацияларды дамытуға бағытталған заңды тұлғаларды құруға және (немесе) олардың жарғылық капиталына қатысуға құқылы;
8) жергілікті мемлекеттік басқарудың мүддесі үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4-БӨЛІМ. КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ НЫСАНДАРЫ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ 12-тарау. РҰҚСАТТАР МЕН ХАБАРЛАМАЛАР
141-бап. Рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы
мемлекеттік реттеу жүйесі
1. Рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы мемлекеттік реттеу осы Кодекске және «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіпкерлік субъектілері жүзеге асыратын қызметтің немесе іс-әрекеттің жекелеген түрлеріне рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізу кезінде жасалады.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы уәкілетті органның, хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды, рұқсат беруші органдарды, мемлекеттік органдарды реттейтін, информатизация саласындағы уәкілетті органның құзыреті «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі актілерінде белгіленеді.
142-бап. Реттелетін қызметтің немесе әрекеттердің
(операциялардың) қауіптілік деңгейлері
1. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі алда жүзеге асырылатын қызметтің немесе әрекеттердің (операциялардың) қауіптілік деңгейіне қарай енгізіледі және мынадай деңгейлерге бөлінеді:
1) бірінші санаттағы рұқсаттар – жоғары деңгейлі қауіптілікке байланысты қызмет түрлеріне (кіші түрлеріне) немесе әрекеттерге (операцияларға) қатысты енгізілетін лицензиялар;
2) екінші санаттағы рұқсаттар – лицензиялар болып танылмайтын, орта деңгейлі қауіптілікке байланысты қызмет түрлеріне (кіші түрлеріне) немесе әрекеттерге (операцияларға) қатысты енгізілетін барлық рұқсаттар;
3) хабарламалар төмен деңгейлі қауіптілікке байланысты, бірақ мемлекеттік органдардың осындай қызмет түрлерінің немесе әрекеттердің басталғандығы немесе тоқтатылғандығы туралы ақпарат алуын талап ететін қызмет түрлеріне немесе әрекеттерге қатысты енгізіледі.
2. Қызметтің немесе әрекеттердің (операциялардың) қауіптілік деңгейлері «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіпте жүргізілген реттеушілік әсерді талдау негізінде белгіленеді.
143-бап. Рұқсат беру және хабарлама жасаудың тәртібі
1. Кәсіпкерлік субъектілері жекелеген қызмет түрлерін немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруды бастау және кейіннен жүзеге асыру үшін жарамды рұқсатының болуы немесе «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға хабарлама жіберуге міндетті.
Лицензиясы бар кәсіпкерлік субъектісі лицензиат деп танылады.
Екінші санаттағы жарамды рұқсаты бар кәсіпкерлік субъектісі екінші санаттағы рұқсатты иеленуші болып табылады.
2. Кәсіпкерлік субъектілерінің «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі белгіленген қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) тиісті рұқсатты алмай немесе тиісті хабарламаны жібермей жүзеге асыруына жол берілмейді.
«Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өздеріне қатысты рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі белгіленген қызметті немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыру басталғанға дейін кәсіпкерлік субъектілер рұқсатты алуға және ол жарамды болуға тиіс, ал хабарламаны кәсіпкерлік субъектілерге жіберуге тиіс.
3. «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін белгілеу адамдардың өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, меншікті қорғау, ұлттық қауіпсіздікті және құқық тәртібін қамтамасыз ету мақсатында қызметтің немесе әрекеттің (операцияның) қауіптілік деңгейіне қарай жүргізіледі.
4. Рұқсаттардың және хабарламалардың толық тізбесі «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделеді.
5. Рұқсаттарға, сондай-ақ оларға қосымшаларға қатысты беру, ұзарту, қайта ресімдеу, қайта бастау және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да әрекеттерді жүзеге асыру мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болып табылады және «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қайшы келмейтін бөлігінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында реттеледі.
144-бап. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін
енгізу және оның күшін жою тәртібі
1. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі тиісті рұқсатты немесе хабарламаны «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1, 2 және 3-қосымшаларда көзделген рұқсаттар немесе хабарламалар тізбелеріне енгізу арқылы ғана енгізіледі.
2. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларды қоспағанда, реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс.
3. Бұрын рұқсат беру тәртібіне жатқызылмаған қызметке немесе әрекетке (операцияға) қатысты рұқсат беру тәртібі енгізілген кезде рұқсат алу міндеті қызметті немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектісінде рұқсат алу тәртібін регламенттейтін және (немесе) рұқсат алу үшін міндетті талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық акт қолданысқа енгізілген күннен бастап туындайды.
4. Рұқсат алу тәртібін регламенттейтін, рұқсат беру немесе біліктілік талаптарын және (немесе) өтініш берушілердің осындай талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекітетін нормативтік құқықтық актілер алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткенге дейін қолданысқа енгізіле алмайды.
Бұрын рұқсат беру тәртібіне жатқызылмаған қызметке немесе әрекеттерге (операцияларға) қатысты рұқсат беру тәртібі енгізілген жағдайда, өтініш берушілер рұқсат алу тәртібін регламенттейтін, рұқсат беру немесе біліктілік талаптарын және (немесе) өтініш берушілердің осындай талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекітетін нормативтік құқықтық актілер қолданысқа енгізілгенге дейін, бірақ көрсетілген актілер қолданысқа енгізілгенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей рұқсат алуға өтініш беруге құқылы.
Бұл ретте осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес берілген өтініштер бойынша рұқсаттар беруді немесе оларды беруден уәжді түрде бас тартуды рұқсат беру органдары осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актілер қолданысқа енгізілгеннен кейін, оларды беру үшін белгіленген мерзімдерде және тәртіппен жүзеге асыруға тиіс.
5. Осы баптың 4-тармағына сәйкес рұқсат алуға өтініш берген өтініш берушілер рұқсат берілгенге дейін немесе оны беруден уәжді түрде бас тартылғанға дейін, «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларды қоспағанда, рұқсат беру тәртібі енгізілген қызметті немесе әрекетті (операцияны) рұқсаты болмай-ақ жүзеге асыруға құқылы.
6. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібінің күшін жою «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында 1, 2 және 3-қосымшаларда көзделген рұқсаттар мен хабарламалар тізбелерінен рұқсатты немесе хабарламаны алып тастау арқылы жүзеге асырылады және жеке немесе заңды тұлғаның қызметті немесе әрекетті (операцияны) рұқсаты болмай-ақ немесе хабарлама жібермей-ақ жүзеге асыру құқығына әкеп соғады.
145-бап. Өтініш берушілер. Өтініш берушілердің құқықтары
1. Өтініш берушілер тиісті рұқсат беруші органға лицензиялаудан немесе рұқсат беру рәсімдерінен өту үшін немесе хабарлама жіберген мынадай кәсіпкерлік субъектілері бола алады:
1) жеке кәсіпкер;
2) заңды тұлға;
3) заңды тұлғаның өкілдігі немесе филиалы;
4) лицензиат;
5) екінші санаттағы рұқсатты иеленуші.
2. Өтініш берушілердің:
1) рұқсаттар мен хабарламалар туралы толық және анық ақпарат алуға;
2) рұқсат беру органдарының және хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің лицензиялауды және рұқсат беру рәсімдерін немесе хабарламалар қабылдауды жүзеге асыру мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға;
3) «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 48-бабының ережелерін ескере отырып, рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны алу немесе хабарлама жіберу үшін өтініштің электрондық немесе қағаз нысанын таңдауға, сондай-ақ берілетін рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның электрондық немесе қағаз нысанын таңдауға құқығы бар.
3. Оралмандар және шетелдік заңды тұлғалар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен тең дәрежеде рұқсаттар алады және хабарламалар жібереді.
146-бап. Рұқсат беру органдарының құқықтары мен
міндеттері
1. Рұқсат беру органдары екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті лиензиарлар мен органдар болып табылады.
2. Рұқсат беру органдарының өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға лицензиялауды немесе рұқсат беру рәсімін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратқа, оның ішінде ақпараттық жүйелер арқылы сауалмен жүгінуге құқығы бар.
3. Рұқсат беру органдары:
1) осы Кодекске және «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензиялауды және рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыруға;
2) мүмкіндігі шектеулі адамдардың рұқсаттар алуы кезінде олар үшін қажетті жағдайлар жасауға;
3) лицензиялау, рұқсат беру рәсімдері, бұл үшін талап етілетін құжаттар тізбесі туралы және осындай құжаттарды алу және ресімдеу тәртібі туралы толық және анық ақпаратты қолжетімді нысанда беруге;
4) мемлекеттік органдарға және халыққа қызмет көрсету орталықтарына лицензиялауды және рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру үшін, оның ішінде ақпараттық жүйелер арқылы жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды және (немесе) ақпаратты беруге;
5) өтініш берушілердің, лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсаттарды иеленушілердің бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шаралар қолдануға;
6) рұқсаттар беру үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелердің іркіліссіз жұмыс істеуін және толығып отыруын өз құзыреті шегінде қамтамасыз етуге;
7) өтініш берушілердің, лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсаттарды иеленушілердің, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, рұқсаттар беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға жазбаша келісімін алуға, оның ішінде электрондық құжат нысанында алуға міндетті.
147-бап. Лицензиялауды, рұқсат беру рәсімдерін және
хабарламалар жасауды электрондық нысанда жүзеге
асыру
1. Лицензиялау және хабарламаларды жіберу рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі пайдаланыла отырып, электрондық нысанда жүзеге асырылады.
Рұқсат беру рәсімдері рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі пайдаланыла отырып, «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 52-бабы 3-тармағының ережелері ескеріліп, электрондық нысанда жүзеге асырылады.
2. Өтініш берудің, рұқсатты және (немесе) рұқсат беруге қосымшан беру тәртібі «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында реттеледі.
3. Рұқсат беру органдары рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін тұрақты негізде жүргізеді.
Хабарламалар бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жүргізеді.
13-тарау. ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ § 1. Техникалық реттеу туралы жалпы ережелер
148-бап. Техникалық реттеу саласындағы қатынастар
1. Осы Кодексте өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, өнiмнiң өмiрлiк циклiнiң процестерiне (бұдан әрi - процестер) қойылатын мiндеттi және ерiктi талаптарды айқындау, белгiлеу, қолдану және орындау, олардың сәйкестігін растау, аккредиттеу және техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi қоғамдық қатынастар реттеледi.
2. Қазақстан Республикасындағы өнімнің, көрсетілетін қызметтің және процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық реттеудегі мемлекеттік жүйенің құқықтық негіздері осы тарауда белгіленеді.
3. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге нысанда жүзеге асырылады.
Тексеру осы Кодекстің 16-тарауының 1-2-параграфтарына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге нысандары осы Кодекстің 16-тарауының 4-параграфына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларда осы тараудың ережелері осы заңдарда реттелетін қатынастарға қолданылады.
149-бап. Техникалық реттеудің объектілері
1. Өнiм, көрсетiлетiн қызмет, процестер техникалық реттеу объектiлерi болып табылады.
Өнiм - процестiң немесе қызметтiң нәтижесi;
Өнiмнiң өмiрлiк циклi - өнiмдi жобалау, өндiру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткiзу, жою және кәдеге жарату процестерi;
Көрсетiлетiн қызмет - берушi мен тұтынушының тiкелей өзара iс-қимылының және берушiнiң тұтынушы қажеттiктерiн қанағаттандыру жөнiндегi iшкi қызметiнiң қорытындылары;
Процесс - өнiмнiң өмiрлiк циклiнiң процестерiн қоса алғанда, қандай да бiр тапсырылған нәтижеге жету жөнiндегi өзара байланысты және дәйектi iс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы;
150-бап. Техникалық реттеудің субъектілері
Мемлекеттiк органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес техникалық реттеу объектiлерiне қатысты пайдалану құқығын иеленетiн жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу субъектiлерi болып табылады.
151-бап. Техникалық реттеу
Техникалық реттеу - санитарлық және фитосанитарлық шараларды қоспағанда, сәйкестiктi растау, аккредиттеу және белгiленген талаптардың сақталуын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi қызметтi қоса алғанда, өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, процестерге қойылатын мiндеттi және ерiктi талаптарды анықтауға, белгiлеуге, қолдануға және орындауға байланысты қатынастарды құқықтық және нормативтiк реттеу.
Техникалық реттеу:
1) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң бiрлiгi мен тұтастығы;
2) бiрыңғай терминологияны, өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, процестерге қойылатын талаптарды белгiлеу ережелерiн қолдану;
3) техникалық реттеу мақсаттарының орындылығы мен қолжетiмдi болуы, техникалық реттеу процестерiне қатысу үшiн тең мүмкiндiктердi, мемлекет пен мүдделi тараптар мүдделерінің теңгерімiн қамтамасыз ету;
4) отандық және импортталатын өнiмге, көрсетiлетiн қызметке және олардың белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау рәсiмдерiне қойылатын талаптардың бiрдей болуы;
5) техникалық регламенттер мен стандарттарды әзiрлеу кезiнде ғылым мен техника жетiстiктерiн, халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың стандарттарын басым пайдалану;
6) техникалық регламенттер талаптарының мемлекет экономикасының дамуы, оның материалдық-техникалық базасы деңгейiне және ғылыми-техникалық даму деңгейiне сәйкестігі;
7) мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда, техникалық регламенттердiң, стандарттардың және олар туралы, оларды әзiрлеу, бекiту, жариялау тәртiбi туралы ақпараттың қолжетiмдiлiгi;
8) стандарттарды қолдану мақсатында оларды ерiктi түрде таңдау;
9) сәйкестiктi растаудың бiрыңғай жүйесi мен ережелерi;
10) бiр органның аккредиттеу және сәйкестiктi растау жөнiндегi өкiлеттiктердi қоса атқаруын болдырмау;
11) бiр мемлекеттiк органда мемлекеттiк бақылау және сәйкестiктi растау функцияларының үйлеспеушiлiгi;
12) сәйкестiктi растау жөнiндегi органдардың дайындаушылардан (орындаушылардан), сатушылардан және сатып алушылардан тәуелсiздiгi;
13) сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарда бәсекелестiктiң шектелуiн болдырмау қағидаттарына негiзделедi.
152-бап. Техникалық реттеудiң негiзгi мақсаттары
1. Техникалық реттеудiң негiзгi мақсаттары:
1) мiндеттi регламенттеу саласында:
өнiмнiң, процестердiң адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта, оның iшiнде жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi үшiн қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң қауiпсiздiгiне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын iс-әрекеттердiң алдын алу;
саудадағы техникалық кедергiлердi жою;
2) стандарттау саласында:
отандық өнiмнiң бәсекеге-қабiлеттiлiгiн арттыру;
табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу болып табылады.
153-бап. Мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң құрылымы
Мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң құрылымын:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметi;
2) техникалық реттеу саласындағы уәкiлетті орган;
3) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдар;
4) аккредиттеу жөнiндегi орган;
5) мемлекеттiк органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер;
6) Саудадағы техникалық кедергiлер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөнiндегi ақпарат орталығы;
7) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер;
8) сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар, сынақ зертханалары (орталықтар);
9) сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-aудиторлар;
10) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттiк қоры құрайды.
154-бап. Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі
1. Сәйкестікті растау бойынша жұмыстарды басқару техникалық реттеудің мемлекеттік жүйенің шеңберінде жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі – өз құзыреті шегінде техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің, стандарттардың және нормативтік техникалық құжаттардың жиынтығы.
Мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесi сәйкестiктi растау саласында бiртұтас саясат жүргiзудi қамтамасыз етедi және сәйкестiктi растаудың, сарапшы-аудиторларды даярлау мен аттестаттаудың, жүйе тiзiлiмiн жүргiзудiң негiзгi ережелерi мен рәсiмдерiн және сәйкестiктi растау мақсаттарын iске асыруға қажетті өзге де талаптарды белгiлейдi.
3. Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімі – ұйымдар стандарттарын және консорциум стандарттарын қоспағанда, техникалық регламенттерді және нормативтік техникалық құжаттарды, стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, сәйкестікті растау жөніндегі органдарды, сынақ зертханаларын, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді, сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды және сәйкестікті растау саласында берілген құжаттарды есепке алу құжаты.
155-бап. Аккредиттеу жөніндегі орган
1. Аккредиттеу жөніндегі орган – конкурстық негізде айқындалатын, аккредиттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылатын заңды тұлға.
Аккредиттеу - аккредиттеу жөнiндегi орган өтініш берушінің белгiлi бiр салада техникалық реттеу объектiлерiнiң белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау жөнiндегi жұмыстарды орындауға құзыреттілігін ресми танитын рәсiм.
2. Аккредиттеу жөніндегі орган:
1) аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшыларды, аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қатысу үшін техникалық сарапшылар мен басқа да мамандарды тартуға;
2) аккредиттеу жөніндегі халықаралық (өңірлік) мемлекеттік емес және үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына қатысуға;
3) өлшеу құралдарының салыстырмалы сынағын және тексеру нәтижелерін салыстырып қарау мен калибрлеуді ұйымдастыруға;
4) инспекциялық тексеруді жүргізуге;
5) аккредиттеу субъектілері қызметінің аккредиттеу өлшемшарттарына сәйкестігі мәніне мониторинг жүргізуге құқылы.
3. Аккредиттеу жөніндегі орган:
1) аккредиттеу аттестатының, аккредиттеу аттестаттарына қосымшалардың, аккредиттеу таңбасының нысандарын белгілеуге;
2) аккредиттеу кезеңдерін және оларды орындау мерзімдерін, сондай-ақ инспекциялық, оның ішінде кезектен тыс тексерулерді жүргізу мерзімдерін қоса алғанда, белгіленген тәртіпті сақтай отырып, аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге;
3) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде белгілі болған, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтердің жария болуына жол бермеуге;
4) аккредиттеу субъектілерінің тізілімін жүргізуге;
5) интернет-ресурс жүргізуге, онда аккредиттеу субъектілері тізілімін ресми жариялауға және сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді орналастыруға;
6) аккредиттеу субъектілерінің шағымдарын қарауға және олар бойынша шешім қабылдауға, интернет-ресурста қабылданған шешімдер туралы ақпарат орналастыруға;
7) аккредиттеу аттестаты кері қайтарылып алынған немесе аккредиттеуден кейінгі шарт тоқтатылған жағдайда бұл туралы техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органды үш жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар етуге;
8) аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу, аккредиттеу материалдарын өзекті ету туралы өтінімдерді қарауға;
9) осы Кодексте көзделген негіздер бойынша және тәртіппен аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алуға, қайтарып беруге және аккредиттеу аттестатын жою туралы өтінішпен сотқа шағымдануға міндетті.
3. Аккредиттеу материалдарын қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау үшін аккредиттеу жөніндегі органның басшысы аккредиттеу материалдарын қарау бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрады. Комиссияның шешімдері ұсынымдық сипатқа ие болады.
Комиссияның сандық құрамы тақ болуға, үш адамнан кем болмауға және оған кемінде аккредиттеу жөніндегі бір сарапшы-аудитор енгізілуге тиіс.
156-бап. Мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу
саласындағы сарапшылық кеңестер
1. Мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер техникалық регламенттер жобаларын әзірлеу, техникалық регламенттерді әзірлеумен және қолданумен байланысты саладағы мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау үшін құрылады.
2. Мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестің құрамын және ол туралы ережені мемлекеттік органдар бекітеді.
Сарапшылық кеңестің құрамына мемлекеттік органдардың, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және басқа мүдделі тараптардың өкілдері енгізіледі.
Жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және олардың қауымдастықтары, одақтар, қызметі техникалық регламенттерді әзірлеумен тікелей байланысты Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ қатысуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген өзге де тұлғалар мүдделі тараптар деп танылады.
157-бап. Саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық
және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпарат
орталығы
1. Саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпарат орталығы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мүдделі тараптар мен шет мемлекеттерге олардың сұрау салуы бойынша:
1) қолданыстағы немесе әзірленіп жатқан техникалық регламенттер, ветеринариялық-санитариялық, санитариялық және фитосанитариялық шаралар, стандарттар, оларға өзгерістер және өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растау рәсімдері туралы;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға мүшелігі және стандарттау, сәйкестікті растау, аккредиттеу, ветеринария, санитария және фитосанитария саласындағы екіжақты және көпжақты сипаттағы халықаралық шарттарға қатысуы туралы;
3) әзірленіп жатқан және қабылданған техникалық регламенттер, стндарттар жобаларын, өнімдердің, көрсетілетін қызметтердің немесе олар туралы ақпараттардың сәйкестігін растаудың ветеринариялық-санитариялық, санитариялық және фитосанитариялық шаралары мен рәсімдерін жариялау көздері туралы құжаттар мен ақпараттардың көшірмелерін беру мақсатында Дүниежүзілік сауда ұйымының Хатшылығымен, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдермен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау үшін құрылады және жұмыс істейді.
Техникалық кедергi - техникалық регламенттерде және стандарттарда қамтылатын талаптардың әр түрлiлiгi немесе өзгермелiлiгi салдарынан туындайтын кедергi.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген ақпарат хабарлама түрінде уәкілетті органның ресми баспа басылымында және жалпыға ортақ пайдаланылатын ақпарат жүйесінде орналастырылады. Хабарламаны толтыру және табыс ету нысанын, тәртібін техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
158-бап. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер
1. Стандарттау жөніндегі техникалық комитет – экономика саласында стандарттарды әзірлеу және стандарттаудың бекітіліп берілген объектілері немесе қызмет бағыттары бойынша техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін құруға қатысу үшін ерікті негізде құрылатын консультациялық-кеңесші орган.
Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер салааралық деңгейде стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін мемлекеттік органдар мен мүдделі тараптардың ұсыныстары бойынша экономика салаларында құрылады.
Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер құрамына мемлекеттік органдар мен мүдделі тараптардың өкілдері енгізіледі.
2. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құзыретіне:
1) бекітіліп берілген объектілер және қызмет бағыттары бойынша техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
2) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық стандарттарды, алдын ала ұлттық стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпараттар жіктеуіштерін, халықаралық, өңірлік стандарттарды және шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін және оларға өзгерістерді әзірлеу мен сараптауға қатысу;
3) техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды дайындау жатады.
3. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру, олардың жұмыс істеу, оларды тарату тәртібін техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
159-бап. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар
1. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар – меншік нысанына қарамастан, өнім (көрсетілетін қызмет) өндірушілерден (орындаушылардан), өнім (көрсетілетін қызмет) берушілерден және тұтынушылардан тәуелсіз, штатында сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлары және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, осы Кодексте белгіленген тәртіппен аккредиттелген қызметтің бекітіліп берілген бағыттары бойынша сынақ зертханалары (орталықтары) бар ұйымдар.
Сәйкестікті растау жөніндегі органдар, оның ішінде шетелдік ұйымдар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен аккредиттеуге жатады.
Сәйкестікті растау үшін өнімді, көрсетілетін қызметті, процестерді ұсынушы жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ аккредиттеуге және аудитке (сәйкестікті растау саласында) өтінім берген заңды тұлға өтінім беруші бола алады.
Сәйкестікті растау жөніндегі органдардың филиалдары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен сәйкестікті растау жөніндегі орган құрамында аккредиттеледі.
2. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар міндетті түрде сәйкестікті растау мақсаттары үшін аккредиттелген зертханалардың сынақ нәтижелерін пайдалануы тиіс.
3. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар өтінім берушілермен шарт жағдайында аккредиттеу саласы шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) міндетті түрде сәйкестікті растау жөніндегі жұмысты жүргізуге дайындаушылардың (орындаушылардың), сатушылардың өтінімдерін қарайды, белгілі бір өнімді, көрсетілетін қызметті өзіне тән тұрғыда ғана танып-білу мақсатында сәйкестікті растау үшін ұсынылған өнімді, көрсетілетін қызметті идентификациялайды;
2) міндетті және ерікті түрде сәйкестікті растау жөніндегі жұмысты жүргізеді;
3) дайындаушылардың (орындаушылардың) өтінімдері бойынша сәйкестік туралы декларация қабылдау үшін қажетті жұмыстарды жүргізеді;
4) сәйкестік туралы декларацияны тіркейді;
5) сәйкестікті растау схемасына сәйкес, міндетті түрде сәйкестікті растаудан өткен өнімдерге инспекциялық бақылау жүргізеді, оның белгіленген талаптарға сәйкес еместігі анықталған жағдайда, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, берілген сәйкестік сертификаттарының қолданысын немесе сәйкестік туралы декларацияны тіркеу қолданысын тоқтата тұрады немесе оның күшін жояды;
6) берілген сәйкестік сертификаттарының және сәйкестік туралы тіркелген декларациялардың тізілімін жүргізеді.
4. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар:
1) дайындаушының (орындаушының), сатушының өтінімі бойынша аккредиттеу саласы шегінде объектілердің сәйкестігін міндетті және ерікті растауды жүргізуге;
3) өтінім берушіден сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қажетті құжаттарды табыс етуді сұратуға құқылы.
5. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар:
1) өтінім берушінің сәйкестікті растау қағидалары мен шарттары туралы ақпаратқа кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
2) санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы мемлекеттік органға үшінші елдердің аккредиттеу субъектілері берген растау бойынша құжаттарды тануға, өнімнің сәйкестігін растауға немесе сәйкестік туралы декларацияны тіркеуге жүгінген өтініш білдірушілер туралы, сондай-ақ қтінім білдірілген өнім туралы, сынамалар нәтижелер туралы деректерді табыс етілуін қамтамасыз етуге;
3) өтініш берушіге қатысты кемсітушілікке жол бермеуге;
4) сәйкестік туралы тіркелген декларациялар, берілген сәйкестік сертификаттары туралы, сертификаттаудан бас тарту және уәкілетті орган берген тәртіппен оларды беру туралы деректердің электрондық есебін жүзеге асыруға;
5) өнімнің, көрсетілетін қызметтің шығарылған еліне қарамастан өтінім берушінің коммерциялық мүддесін құрайтын ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етуге міндетті.
6. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар және сарапшы-аудиторлар сәйкестікті міндетті растау қағидаларын бұзғаны және сәйкестік сертификатын құқыққа сыйымсыз бергені, сәйкестік туралы декларацияны тіркегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
7. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар аккредиттеу саласында консалтингтік қызмет көрсетуге құқылы емес және мұндай қызмет көрсететін тұлғалармен үлестес болмауы тиіс.
8. Сәйкестікті растау жөніндегі органның меншік, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығымен сәйкестікті растау жөніндегі органның аккредиттеу саласында көзделген, техникалық реттеу саласындағы уакілетті орган айқындаған көлемде объектілер сынағын қамтамасыз ететін зертханасы болуға тиіс.
160-бап. Сынақ зертханалары (орталықтар)
1. Сынақ зертханалары (орталықтар) сәйкестікті растау жөніндегі органдармен немесе басқа өтігнім берушілермен шарт жағдайында:
1) өзінің аккредиттеу саласы шегінде сәйкестікті міндетті немесе ерікті растау мақсаттары үшін объектілер сынағын жүргізеді.
2) сынақ нәтижелерінің дұрыстығын қамтамасыз етеді;
3) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша жұмыстардың нәтижелерін ресімдейді және береді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызметті жүзеге асырады.
2. Сынақ зертханалары объектілер сынағының нәтижелерін растау кезінде дәйексіз нәтижелерді бергені үшін сынақ зертханалары (орталықтар) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
3. Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау бойынша аккредиттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген сынақ зертханалары техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жұмыс нәтижелерінің электрондық есебін жүзеге асыруға және оларды беруге міндетті.
4. Сынақ зертханалары санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы мемлекеттік органға сынақ жұмыстарын жүргізу, үшінші елдердің аккредиттеу субъектілері жүргізген сынақ жұмыстарының нәтижелерін тану үшін өтініш жасаған өтінім беруші туралы, сынақ нәтижелері туралы мәліметтерді табыс етуді қамтамасыз етуге міндетті.
161-бап. Жеке және заңды тұлғалардың техникалық реттеу
саласындағы құқықтары мен міндеттері
1. Жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу саласында:
1) техникалық регламенттер мен стандарттарды, техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу, өзгерту, олардың күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындайды;
2) қажет болған жағдайда, осы Кодекстің 152-бабында көзделген мақсатта стандарттау жөнінде тиісті бөлімшелер мен қызметтер құрады.
2. Сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнімді өткізуші жеке және заңды тұлғалар олардың осы Кодекске сәйкес техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растауды қамтамасыз етеді.
162-бап. Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай
мемлекеттік қоры
1. Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қоры – техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қалыптастырылатын мемлекеттік құпиялар және өзге де заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, стандарттардың, техникалық-экономикалық ақпараттар жіктеуіштерінің және нормативтік техникалық құжаттардың жиынтығы.
Нормативтік техникалық құжаттар деп, техникалық және технологиялық нормаларды қамтитын нормативтік құжаттар түсініледі.
2. Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қоры мемлекеттік ақпараттық ресурс болып табылады.
3. Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қоры, ұйымдардың стандарттары мен консорциумның стандарттарын қоспағанда, қабылданған стандарттар, техникалық-экономикалық ақпараттар жіктеуіштері және нормативтік техникалық құжаттар туралы ақпаратты қамтиды. Пайдаланушыларды көрсетілген құжаттардың ресми басылымдарымен қамтамасыз ету тәртібін техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
4. Құжатты қабылдаған адам, ұйымдардың стандарттары мен консорциумның стандарттарын қоспағанда, әрбір стандарттың, техникалық-экономикалық ақпараттар жіктеуіштерінің және нормативтік техникалық құжаттың қабылданғаны туралы ақпаратты және олардың бір данасын бірыңғай ақпараттық жүйені қалыптастыру үшін Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорына жібереді.
163-бап. Сәйкестікті растау саласындағы аудит
Аудит (сәйкестікті растау саласында) – сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдар және (немесе) сынақ зертханалары (орталықтар) қызметінің жүйелі, тәуелсіз құжатталған талдамасы, сондай-ақ өтінім берушінің бастамасы бойынша сертификатталған өнімдердің, көрсетілетін қызметтің, процестердің, сапа менеджменті жүйесінің белгіленген талаптарға сәйкестігіне жүргізілген бақылау.
164-бап. Сәйкестікті растау, аккредиттеу жөніндегі
сарапшы-аудиторлардың құзыреті
1. Сәйкестікті растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлар - техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аттестатталған жеке тұлғалар.
Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар сәйкестікті растау жөніндегі органның құрамында өнімдердің, көрсетілетін қызметтің жекелеген түрлерінің сәйкестігін растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қатысады.
Жеке тұлғалардың сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор ретіндегі қызметті сәйкестікті растау жөніндегі бір органның немесе сынақ зертханаларының (орталықтардың) құрамында ғана жүзеге асыруға құығы бар.
Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, егер олар өтінім берушілердің мүддесін білдірсе немесе олармен еңбек немесе өзге де шарттық қатынастарда болса, нақты өнімнің, көрсетілетін қызметтің сәйкестігін растау жөніндегі жұмысты орындауға құқылы емес.
2. Сарапшы-аудиторларды аттестаттау техникалық реттену саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бес жылда бір рет жүзеге асырылады.
165-бап. Тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының
немесе шет ел тауарының мәртебесін айқындау
жөніндегі сарапшылық ұйым және
сарапшы-аудиторлар
1. Сарапшылық ұйым тауардың шығарылған жері, Кеден одағы тауарының немесе шет ел тауарының мәртебесін айқындау туралы срапшы-аудитор толтырған тауардың шығарылған жерін, Кеден одағы тауарының немесе шет ел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сараптама актісін куәландырады және береді.
2. Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шет ел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар – техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен аттестатталған жеке тұлға.
Тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шет ел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар өз қызметін бір сараптама ұйымының құрамында жүзеге асырады.
3. Тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шет ел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлардың құзыреттілігі тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шет ел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі жұмыстарды орындауға құық беретін техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген біліктілік аттестатымен расталады.
Біліктілік аттестаттарын алған, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шет ел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шет ел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар тізіліміне енгізіледі.
4. Тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шет ел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган құратын, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шет ел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссия жүзеге асырады.
Тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шет ел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен бес жылда бір рет жүзеге асырылады.
5. Тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шет ел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссия кемінде бес адамнан тұруға тиіс. Тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шет ел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссияның құрамына тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шет ел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, уәкілетті органның, Ұлттық палатаның және өзге де ұйымдардың өкілдері енгізіледі. Тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шет ел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссияның төрағасы оның мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен сайланады.
6. Тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шет ел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссияға аттестаттаудан өту үшін мына құжаттар:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) жоғары білім туралы дипломның көшірмесі;
4) оқу орталығының жеке тұлғаның теориялық даярлығын растайтын куәлігінің не сертификаттың көшірмесі;
5) жеке тұлғаның тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шет ел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қатысқанын растайтын, тағылымдамадан өткені туралы он есептің көшірмесі;
6) жұмыс орнынан анықтама немесе кемінде екі жыл жалпы жұмыс өтілін растайтын еңбек кітапшасынан үзінді-көшірме табыс етілуге тиіс.
7. Тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шет ел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар өз қызметін техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.
8. Тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шет ел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға, егер тауар туралы табыс етілген деректер жалған және (немесе) дәйексіз болса, тауардың шығарылуы туралы, Кеден одағы тауарының немесе шет ел тауарының мәртебесін айқындау туралы сараптама актісін жасауға тыйым салынады.
§ 2. Техникалық регламенттер
166-бап. Техникалық регламенттер талаптары
1. Техникалық регламент – Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамаға сәйкес әзірленетін және қолданылатын, өнімге және (немесе) олардың өмірлік процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық акт.
2. Техникалық регламенттер осы Кодекстің 152-бабында көзделген мақсаттарда әзірленеді және қолданылады.
3. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптар міндетті болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тікелей қолданыста болады және тиісті техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу арқылы өзгертілуі мүмкін.
4. Техникалық регламенттерде айқындалған талаптар, Қазақстан Республикасына жануарлармен немесе өсімдіктермен не оларды қайта өңдеу өнімдерімен келетін аурулардың еніп кетуін болдырмауға бағытталған санитариялық және фитосанитариялық шараларды белгілеуді және қолдануды қоспағанда, өнімнің шығарылған еліне және (немесе) шығарылған жеріне қарамастан бірдей үлгіде және теңдей дәрежеде белгіленіп, қолданылады.
Санитариялық және фитосанитариялық шаралардың қажеттілігінің, талаптарының және рәсімдерінің өлшемшарттары мұндай өнімдердің бүкіл процесінде олардан келетін зиянның нақты ғылыми негізделген қатер дәрежесіне негізделеді.
Қауiп-қатер - зардаптарының ауырлық деңгейi ескерiле отырып, адамның өмiрiне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, оның iшiнде жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiне зиян келтiру ықтималдығы түсініледі.
5. Процестерге техникалық регламенттерде айқындалған талаптар, егер олар осы Кодекстің 152-бабында көзделген мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ете алатын болған жағдайда ғана белгіленеді және қолданылады.
6. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптар кәсіпкерлік қызметке осы Кодекстің 152-бабында көзделген мақсаттарды орындау үшін қажетті болатыннан басым дәрежеде кедергі келтірмеуге тиіс.
7. Техникалық регламент мемлекеттік саясат мүддесіне, материалдық-техникалық базаның дамуына және ғылыми-техникалық даму деңгейіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәкес келмеген жағдайда техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган мұндай нормативтік құқықтық актінің күшін жою немесе оған өзгерістер енгізу рәсімін бастауға міндетті.
8. Техникалық регламентте оны қолданысқа енгізудің мерзімі мен шарттары, техникалық регламентті, нормативтік немесе техникалық құжаттаманың әзірлемесін және (немесе) түзетуді қолданысқа енгізу мәселелері, сондай-ақ өнімді шығарумен байланысты мәселелер ескерілуге тиіс өтпелі кезеңді белгілейтін уақытты көздеуге тиіс.
9. Техникалық регламенттердің талаптары, егер өнімді өндіру кезінде үйлестірілген стандарттар пайдаланылса, орындалған деп есептеледі.
Үйлестірілген стандарт – техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды орындауды қамтамасыз ететін стандарт.
Өнімді өндіру кезінде өзге стандарттар да техникалық регламенттерде белгіленген талаптар мен нормалардың орындалуын қамтамасыз еткен жағдайда олар да пайдаланылуы мүмкін.
167-бап. Техникалық регламенттердің мазмұны
1. Техникалық регламенттерде келтірілетін зиян қатерінің дәрежесі ескеріле отырып, өнімдердің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ең аз қажетті талаптар белгіленеді.
2. Техникалық регламентте:
1) оның талаптары қолданылатын өнімдердің, процестердің түбегейлі тізбесі;
2) техникалық регламенттерді қабылдау мақсаттарына жетудi қамтамасыз ететiн өнiмнiң, процестердiң сипаттамаларына қойылатын талаптар қамтылуға тиiс.
Техникалық регламенттерде өнiмнiң сынамаларын iрiктеу және оны сынақтан өткiзу ережелерi, сәйкестiктi растаудың ережелерi мен нысандары (оның iшiнде сәйкестiктi растау схемалары) және (немесе) терминологияға, буып-түюге, таңбалауға немесе затбелгi жапсыруға және оларды түсiру ережелерiне қойылатын талаптар болуы мүмкiн.
3. Техникалық регламенттерде, келтiрiлетiн зиянның деңгейi ескерiлетiн, өнiмнiң конструкциясы мен орындалуына қойылатын талаптардың болмауы салдарынан осы Кодекстің 152-бабында көзделген мақсаттарға жету қамтамасыз етiлмейтiн жағдайларды қоспағанда, өнiмнiң конструкциясы мен орындалуына қойылатын талаптар қамтылуға тиiс.
4. Егер шет мемлекеттердiң, халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың нормалары мен стандарттары осы Кодекстің 152-бабында көзделген мақсаттарға сәйкес келсе, олар техникалық регламенттердi әзiрлеу кезiнде негiз ретiнде толық немесе iшiнара қолданылуы мүмкiн.
5. Ұзақ пайдаланған кезде жол берiлетiн қатер деңгейiн анықтауға мүмкiндiк бермейтiн факторларға байланысты зиян келтiруi мүмкiн өнiмге қойылатын талаптарды айқындау мүмкiн болмаған жағдайда, техникалық регламенттерде тұтынушыны өнiмнiң ықтимал зияны туралы және оған байланысты факторлар туралы хабардар етуге қатысты талаптар болуға тиiс.
6. Техникалық регламенттерде зиян келтiру қатерiнiң деңгейiн ескере отырып, техникалық реттеу объектiлерiне:
1) азаматтардың жекелеген санаттарын (кәмелетке толмағандарды, жүктi әйелдердi, бала емiзетiн аналарды, мүгедектердi) қорғауды қамтамасыз ететiн;
2) егер мұндай талаптардың болмауы климаттық және географиялық ерекшелiктерге байланысты осы Кодекстің 152-бабында көзделген мақсаттарға жете алмауға әкеп соғатын болса, Қазақстан Республикасының жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнде қолданылатын;
3) техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адам өмiрi мен денсаулығына, Қазақстан Республикасының және басқа да iргелес мемлекеттердiң қоршаған ортасына қауiп төндiретiн трансшекаралық қауiптi өндiрiстiк объектiлерге қойылатын арнайы талаптар болуы мүмкiн.
7. Өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн талаптар техникалық регламенттерде ғана белгiленедi.
168-бап. Техникалық регламентті әзiрлеу, сараптау,
қабылдау, өзгерту және оның күшiн жою
ерекшелiктерi
1. Техникалық регламент, техникалық регламентке өзгерiстер және (немесе) толықтырулар осы Кодекстің ережелерi ескеріле отырып, белгiленген тәртiппен әзiрленедi, қабылданады және күшiн жоюға жатады.
2. Техникалық регламенттердi әзiрлеу, өзгерту, толықтыру немесе оның күшiн жою жөнiндегi ұсыныстарды құзыретiне мiндеттi ережелер мен нормаларды белгiлеу кiретiн мемлекеттiк органдар стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң, мүдделi тараптардың ұсыныстарын ескере отырып дайындайды және техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады.
3. Техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi жоспардың жобасын жасайды және оны Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiту үшiн ұсынады. Техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi бекiтiлген жоспар бекiтiлген күннен бастап бiр ай iшiнде жариялануға тиiс.
Техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi жоспарда көзделмеген техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды бюджет қаражаты есебiнен қаржыландыруға жол берiлмейдi.
4. Техникалық регламенттiң жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган жобаны, нормативтiк құқықтық актiге өзгерiстер мен толықтыруларды немесе оның күшiн жоюды әзiрлей бастаған кезден бастап бiр айдан кешiктiрмей, ресми басылымға және жалпыға ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге техникалық регламенттiң жобасын әзiрлеу, оған өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу немесе оның күшiн жою туралы белгіленген нысанда хабарлама бередi.
5. Егер техникалық регламенттерде белгiленген талаптар тиiстi халықаралық стандарттардың талаптарына сай келмесе немесе тиiстi халықаралық стандарттар жоқ болса немесе техникалық регламенттерде белгiленген талаптар өнiмнiң Қазақстан Республикасына импортының немесе Қазақстан Республикасынан экспортының жағдайларына әсер етуi мүмкiн болса, техникалық регламенттiң жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган арқылы:
1) техникалық регламент қолданылатын өнiм тiзбесi, актiнiң мақсаты мен оны әзiрлеу қажеттiгi туралы хабарлайды;
2) техникалық регламент туралы егжей-тегжейлi мәлiметтердi немесе мазмұны халықаралық стандарттар талаптарына сай келмейтiн нормаларын көрсете отырып, оның көшiрмесiн мүдделi тараптардың және шет мемлекеттердiң сауал салуы бойынша табыс етедi.
6. Техникалық регламенттiң жобасын әзiрлеу туралы хабарлама жарияланған кезден бастап оның жобасы мүдделi тараптардың танысуы үшiн қолжетiмдi болуға тиiс.
7. Техникалық регламенттiң жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган:
1) жобаны жария талқылауды ұйымдастырады;
2) алынған ескертпелердi ескере отырып жобаны пысықтайды және оны техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi органның ресми басылымына және жалпыға ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге орналастырады;
3) техникалық регламенттiң жобасына алынған ескертпелердi мүдделi тараптарға олардың сұрау салуы бойынша бередi.
8. Техникалық регламенттiң жобасын жария талқылау мерзiмi (оны әзiрлеу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарландыру жарияланған күнге дейiн) кемiнде күнтiзбелiк алпыс күн болуға тиiс.
9. Техникалық регламенттің жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарлама техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi органның ресми басылымында және жалпыға ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жариялануға тиiс және онда жобамен және алынған ескертпелердiң тiзбесiмен танысу тәсiлi, техникалық регламенттiң жобасын әзiрлеген мемлекеттiк органның атауы, оның почта және электрондық мекен-жайы туралы ақпарат болуға тиiс.
10. Техникалық регламент жобасының түпкiлiктi редакциясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қабылдау үшiн ұсынылады.
11. Техникалық регламенттi қабылдау күнi мен қолданысқа енгізу немесе күшiн жою күнi аралығында оның талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру үшiн қажеттi уақыт кезеңi көзделуге тиiс.
12. Техникалық регламенттi төтенше жағдайларға (адамның өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға немесе ұлттық қауiпсiздiкке тiкелей қатер төнуiне) байланысты әзiрлеу, қабылдау және қолданысқа енгiзу қажет болған кезде техникалық регламент жария талқылаусыз қабылданады.
Техникалық регламенттi қабылдау туралы хабарлама уәкiлеттi органның ресми басылымында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жариялануға, сондай-ақ Дүниежүзiлiк сауда ұйымының Хатшылығына жолдануға тиiс.
§ 3. Стандарттау
169-бап. Стантарттау ұғымы
Стандарттау – нақты қойылып отырған және ықтимал мiндеттерге қатысты көпшiлiкке ортақ, көп мәрте және ерiктi пайдалану үшiн ережелер белгiлеу арқылы өнiмге, көрсетiлетiн қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтiрудiң оңтайлы деңгейiне қол жеткiзуге бағытталған қызмет.
170-бап. Қазақстан Республикасының стандарттау жөнiндегi
нормативтiк құжаттары
1. Стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжат - стандарттау жөнiндегi қызметтiң әр түрiне немесе оның нәтижелерiне қатысты нормаларды, қағидаларды, сипаттамаларды, қағидаттарды белгiлейтiн құжат.
Стандарт – көп мәрте және ерiктi түрде пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектiлерiне қағидаларды, жалпы қағидаттар мен сипаттамаларды белгiлейтiн құжат.
2. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарға:
1) халықаралық стандарттар;
2) өңiрлiк стандарттар және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөнiндегi қағидалар мен ұсынымдар;
3) Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері;
4) ұйымдар стандарттары;
5) Қазақстан Республикасының стандарттау жөнiндегi ұсынымдары;
6) шет мемлекеттердiң стандарттары, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштері, стандарттау жөнiндегi қағидалары, нормалары мен ұсынымдары;
7) үкіметтік емес стандарт;
8) консорциум стандарты;
9) алдын ала ұлттық стандарт жатады.
3. Ұйым стандарттарын, консорциум стандарттарын және әскери және қос мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған әскери стандарттарды қоспағанда, осы бапта көрсетілген стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың ресми басылымдарын таратуды қызметінің негізгі нысанасы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу және шетелдік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау болып табылатын стандарттау жөніндегі ұйымдар техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.
171-бап. Ұлттық стандарттар
1. Ұлттық стандарт – техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен және тұтынушылардың кең тобына қолжетімді стандарт.
2. Ұлттық стандарттар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе техникалық регламенттерде бұл туралы нұсқаулар қамтылған болса, міндетті болып табылады.
3. Ұлттық стандарттар:
1) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң жалпы ұйымдастырушылық-әдiстемелiк ережелерiн белгiлейтiн, негiзге алынатын стандарттар;
2) өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң бiртектi топтарына және қажет болған жағдайда нақты өнiмге, көрсетiлетiн қызметке қойылатын талаптарды белгiлейтiн, өнiмге, көрсетiлетiн қызметке арналған стандарттар;
3) процестерге арналған стандарттар;
4) өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi, процестердi бақылау әдiстерiне арналған стандарттар;
5) әскери және қос мақсаттағы тауарларға (өнiмге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған әскери стандарттар болып бөлiнедi.
4. Негізге алынатын стандарт – кең салада қолданылатын немесе техникалық реттеудің белгілі бір саласына арналған жалпы ережелері бар стандарт.
Негiзге алынатын ұлттық стандарттарды өз құзыреттері шегінде техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган және мемлекеттік органдар, сондай-ақ қызметінің негізгі нысанасы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу және шетелдік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау болып табылатын стандарттау жөніндегі ұйымдар әзірлейді.
4. Шет мемлекеттердiң, халықаралық ұйымдардың стандарттары осы Кодекстің 152-бабында көзделген мақсаттарға қол жеткізу үшiн тиiмсiз немесе қолайсыз болып табылатын жағдайларды қоспағанда, осы стандарттар ұлттық стандарттарды әзiрлеу кезiнде негiз ретiнде толық немесе ішінара қолданылады.
5. Әскери және қосарлас мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге әскери стандарт – белгілі және арнайы пайдалану мақсатында әскери мақсаттағы объектілерге қағидаларды, жалпы қағидаттарды және сипаттамаларды белгілейтін, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мемлекеттік құпияларды құрайтын және таралуы шектеулі деректерді қамтитын нормативтік-техникалық құжаттама.
6. Ұлттық стандарттарда:
1) техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ететiн өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгi жөнiндегi қажеттi талаптар;
2) өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтердi жiктеуге қойылатын талаптар;
3) өнiмнiң бiрiздiлiк, үйлесiмдiлiк және өзара алмастырушылық көрсеткiштерi;
4) терминдер мен анықтамалар;
5) өнiм, көрсетiлетiн қызметтер сапасының деңгейін айқындайтын олардың тұтыну қасиеттерi мен сипаттамаларын қоса алғанда, функционалдық мақсатының көрсеткiштерi;
6) қабылдау, буып-түю, таңбалау, тасымалдау, сақтау, кәдеге жарату және жою қағидалары;
7) сапасы мен қауiпсiздiгін сынау әдiстерi;
8) ресурстардың барлық түрлерiн сақтауға және ұтымды пайдалануға қойылатын талаптар;
9) менеджмент жүйелерiн енгiзудi қамтамасыз ететiн өндiрiстi ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
10) белгiлi бiр қызмет саласына арналған ұйымдастырушылық-әдiстемелiк сипаттағы ережелер, сондай-ақ жалпы техникалық нормалар мен қағидалар белгiленуi мүмкiн.
7. Ұлттық стандарттар өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң шығарылған жерiне қарамастан, тең дәрежеде қолданылады.
172-бап. Алдын ала ұлттық стандарттар
1. Алдын ала ұлттық стандарт - қолдану процесінде қажетті тәжірибені жинақтауға арналған және тұтынушылардың қалың көпшілігіне қолжетімді, уақытша қолданылатын стандарт.
2. Алдын ала ұлттық стандарттар осы Кодекстің 152-бабында көзделген мақсаттар үшін әзірленеді.
3. Алдын ала ұлттық стандарттар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы келмеуге тиіс.
4. Алдын ала ұлттық стандарттарда белгіленген сапа көрсеткіштері ұлттық және өңірлік стандарттарда белгіленген көрсеткіштерден төмен болмауға тиіс.
5. Алдын ала ұлттық стандарттар ұлттық және өңірлік стандарттарды қайталамауға тиіс.
6. Алдын ала ұлттық стандарттар сәйкестікті растау мақсаттары үшін қабылданады.
173-бап. Үкіметтік емес стандарттар мен консорциум
стандарттары
1. Үкіметтік емес стандарт – Қазақстан Республикасының коммерциялық ұйымдары әзірлеген және бекіткен стандарт.
Консорциум стандарты – консорциум әзірлеген және бекіткен, оның мүшелері қолданатын стандарт.
2. Үкіметтік емес стандарттар мен консорциум стандарттары осы Кодекстің 152-бабында көзделген мақсаттар үшін әзірленеді.
3. Үкіметтік емес стандарттар мен консорциум стандарттарында белгіленген сапа көрсеткіштері ұлттық, өңірлік және халықаралық стандарттарда белгіленген көрсеткіштерден төмен болмауға тиіс.
4. Үкіметтік емес стандарттар ұлттық, өңірлік және халықаралық стандарттарды қайталамауға тиіс және тұтынушылардың қалың көпшілігіне қолжетімді болуға тиіс.
5. Консорциум стандарттарын әзірлеу, бекіту, есепке алу, өзгерту, күшін жою, тіркеу, белгілеу, басып шығару тәртібін консорциум айқындайды. Қаралсын
6. Үкіметтік емес стандарттарды республикалық немесе жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландыруға тыйым салынады.
174-бап. Техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық
жiктеуiштерi
1. Техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жіктеуіші – техникалық-экономикалық ақпараттар объектілерінің жіктеуіш топтарының кодтары мен атауларының жүйеленген жиынтығы болып білдіретін құжат.
2. Экономика салаларында пайдаланылатын және есепке алынуға тиiс техникалық-экономикалық ақпарат жiктелуге және код қойылуға жатады.
3. Техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жіктеуіштерін әзiрлеу ұлттық стандарттау жөнiндегi жұмыс жоспарларына сәйкес жүргiзiледi.
4. Мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жiктеуiштерiн әзiрлеудi, жүргiзудi және өзектi етуді жүзеге асырады.
Техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жiктеуiштерiнiң тiзiлiмiн техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган жүргiзедi.
5. Қазақстан Республикасында техникалық-экономикалық ақпаратты жiктеу және оған код қою жүйесiн құру мен оның жұмыс істеуін бақылау жөніндегі жұмыстарды үйлестiрудi техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
175-бап. Қазақстан Республикасындағы ұйымдар стандарттары
және стандарттау жөнiндегi ұсынымдар
1. Ұйымдар стандарттары ұйымдардың ішінде қолданылатын техникалық реттеу объектілеріне, оның ішінде өнімнің құрамдас бөліктеріне, терминологияға, қабылдау және бақылау жүйесіне, технологиялық жарақтауға, құралға, сондай-ақ менеджмент жүйесі, өндіріске әзірлеу және қою шеңберінде ұйымдардағы қызметті басқаруға ұйымдар дербес әзірлейді және бекітетін стандарттар.
2. Ұйымдардың стандарттары техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органда есепке алуға және тіркеуге жатпайды.
Ұйымдардың қауіпсіздік талаптарын белгілейтін стандарттары техникалық регламенттердің және олармен үйлестірілген стандарттардың талаптарына қайшы келмеуге тиіс.
Ұйым стандарттары нарыққа айналымға шығаруға арналған өнім үшін қолданылмайды.
Ұйым нарыққа айналымға шығаратын өнімге қолданыстағы техникалық регламент болмаған кезде алдын ала ұлттық стандарт әзірленеді және бекітіледі.
3. Ұсынымдар стандарттау, өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету, сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстар жүргiзуге қатысты, қолданылу үшiн ерiктi ұйымдастыру-әдiстемелiк ережелерiн қамтиды.
Ұсынымдардың жасалуына, ресiмделуiне, мазмұнына, баяндалуына, оларды әзiрлеу, келiсу, бекiту, тiркеу және қолдану тәртiбiне қойылатын талаптарды оларды бекiтетiн ұйым белгiлейдi.
176-бап. Халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет
мемлекеттердiң стандарттау жөніндегі нормативтік
құжаттарын қолдану
1. Қазақстан Республикасының аумағында осы Кодекстің 152-бабында көзделген мақсаттарға сай келетiн халықаралық, өңiрлiк стандарттар, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, қағидалар, нұсқаулықтар мен ұсынымдар, сондай-ақ шет мемлекеттердiң және ұйымдардың стандарттары қолданылуы мүмкiн.
Халықаралық стандарт - стандарттау жөнiндегi халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшiлiгi қол жеткiзе алатын стандарт.
Өңiрлiк стандарт - стандарттау жөнiндегi өңiрлiк ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшiлiгi қол жеткiзе алатын стандарт.
Стандарттау жөнiндегi өңiрлiк ұйым - географиялық немесе экономикалық бiр ғана өңiрдiң стандарттау жөнiндегi тиiстi органдары қызметiне қатысу үшiн ашық болатын стандарттау жөнiндегi ұйым.
Шет мемлекеттiң стандарты – шет мемлекеттiң стандарттау жөнiндегi уәкiлеттi органы қабылдаған және тұтынушылардың қалың көпшiлiгiне қолжетімді стандарт.
2. Халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердiң стандарттарын ұлттық стандарттар ретiнде қолдану үшiн:
1) Қазақстан Республикасының стандарттау, метрология және аккредиттеу жөнiндегi халықаралық және өңiрлiк ұйымдарға мүше болуы;
2) Қазақстан Республикасының cтандарттау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарының болуы;
3) стандарттау жөніндегі уәкілетті орган мен халықаралық немесе өңірлік ұйым арасында cтандарттау саласындағы ынтымақтастық туралы шарттың болуы қажетті талаптар болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасы мүше болып табылмайтын халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың стандарттарын, сондай-ақ шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі басқа да нормативтік құжаттарын қолдануы Қазақстан Республикасының шарттарында немесе стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарында көрсетілген стандарттарға немесе шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарына сiлтемелер болған жағдайда жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылуға жататын халықаралық, өңірлік стандарттар және шет мемлекеттердің стандарттары Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген техникалық регламенттерде және олармен үйлестiрiлген стандарттарда белгiленген талаптарға қайшы келмеуге, сапалық көрсеткіштері бойынша ұлттық стандарттардан төмен болмауға және мемлекеттік органдардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша олармен келісілуге тиіс.
5. Шет мемлекеттер ұйымдарының стандарттарын қолдану түпнұсқаларды ұстаушы ұйымдардың осы құжаттарды қолдануға авторлық құқықтары сақталған жағдайда жүзеге асырылады.
6. Халықаралық, өңірлік стандарттар және шет мемлекеттердің стандарттары Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген техникалық регламенттерде және олармен үйлестірілген стандарттарда белгіленген талаптарға қайшы келмеген, сапалық көрсеткіштері бойынша ұлттық стандарттардан төмен болмаған жағдайда, осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарының талаптары Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыруға және өткізуге арналған тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге қатысты осындай халықаралық, өңірлік стандарттарға және шет мемлекеттердің стандарттарына қолданылмайды.
177-бап. Мемлекеттiк стандарттау жөнiндегi жұмыстарды
жоспарлау
1. Стандарттау жөнiндегi жұмыстардың жоспарлары Қазақстан Республикасы экономикасының салаларындағы басым бағыттар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттерiнiң, жеке және заңды тұлғаларының ұсыныстары негізiнде техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган белгілеген тәртiппен бекiтiледi.
2. Мемлекеттiк стандарттау жөнiндегi жұмыстардың жоспарларын әзiрлеу кезінде Қазақстан Республикасы Президентiнің және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптар, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк және экономикалық дамуының және ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарлары ескерiледi.
3. Мемлекеттiк стандарттау жөнiндегi жұмыстардың бекiтiлген жоспарлары ресми баспасөз басылымдарында және жалпыға ортақ пайдаланымдағы ақпараттық жүйеде жарияланады.
4. Мемлекеттiк стандарттау жоспарларын әзiрлеу тәртiбiн техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган белгілейді.
178-бап. Өнімді каталогтау жүйесі
1. Өнімді каталогтау жүйесі техникалық реттеу субъектілерін отандық өнімнің сипаттамалары және дайындаушылары туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында құрылатын өнімнің сипаттамалары және дайындаушылары туралы ұйымдастырушылық-техникалық ақпарат жүйесі болып табылады.
2. Қазақстан Республикасында шығарылатын өнім каталогтау жүйесінде тіркелуге жатады.
3. Өнімді каталогтау жүйесінде тіркеуге:
1) өнімнің тәжірибелік үлгілері (тәжірибелік топтары), өнімнің белгіленген сериялары;
2) бірлі-жарым өндіріс өнімі, авторлық құқық объектілері, кәдесыйлар, өнімнің құрамдас бөліктері жатпайды.
4. Өнімді каталогтау жүйесінде тіркелуге жататын өнім өндірушілер техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға өндірілген (өндірілетін) өнім туралы мәліметтерді өнімнің каталог парағында қағаз және электрондық жеткізгіштерде қазақ және орыс тілдерінде ұсынады.
5. Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган каталог парағын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде:
1) каталог парағын толтырудың дұрыстығын және онда көрсетілген мәліметтердің анықтығын тексереді;
2) бұзушылықтар болмаған жағдайда шығарылатын өнім туралы мәліметтерді өнімді каталогтау жүйесіне енгізеді және өндірушінің каталог парағында көрсетілген электрондық мекенжайына, берілген тіркеу нөмірін көрсете отырып, олардың өнімді каталогтау жүйесіне енгізілгені (қосылғаны) туралы хабарлама жібереді;
3) каталог парағында толық емес не дәйекті емес мәліметтер ұсынылу фактісі анықталған жағдайда, тіркеуден дәлелді жазбаша бас тартуды жібереді.
6. Өндіруші каталог парағындағы мәліметтер өзгерген күннен бастап он жұмыс күні ішінде тиісті өзгерістерді көрсете отырып, каталог парағын техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға жібереді.
7. Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган өнімді:
1) өндіруші таратылған;
2) өндіруші өтініш жасаған;
3) өнімді каталогтау жүйесіне өнімнің енгізілуі (қосылуы) үшін негіз болған дәйекті емес мәліметтер табыс ету фактілері анықталған жағдайларда өнімді каталогтау жүйесінен алып тастайды.
8. Осы баптың 7-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган өндірушінің каталог парағында көрсетілген электрондық мекенжайына өнімнің каталогтау жүйесінен алып тасталғаны туралы хабарлама жібереді.
§ 4. Сәйкестікті растау
179-бап. Сертификаттау ұғымы
1. Сертификаттау – сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсім.
2. Сәйкестікті растау жөніндегі орган сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға болып табылады.
180-бап. Өнiмнiң және процестердiң белгiленген талаптарға
сәйкестігін растау
1. Сәйкестікті растау – нәтижесі объектінің техникалық регламенттерде, стандарттарда белгіленген талаптарға немесе шарттардың талаптарына сәйкестігін (сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) құжаттық куәландыру болып табылатын рәсім.
2. Өнiм (дәрілік заттардан, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникадан басқа), процестер сәйкестiктi растау объектiлерi болып табылады.
3. Өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растауды:
1) өнiмдi өндiрушi (орындаушы) сәйкестiк туралы декларацияны қабылдау нысанында;
2) өнiмдi тұтынушы оның тапсырмасы бойынша сәйкестiктi растау жөніндегі органның сертификаттау жүргiзуi нысанында;
3) сәйкестiктi растау жөнiндегi орган сертификаттау жүргiзу және сәйкестiк сертификатын беру нысанында жүргiзедi.
4. Қазақстан Республикасының аумағында өнiмнiң сәйкестiгiн растау мiндеттi немесе ерiктi сипатта болады.
5. Шетелдiк үлгiнің сәйкестiгін растау саласындағы құжаттарды беретін шетелдiк және халықаралық ұйымдар «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметінің басталғандығы туралы уәкiлеттi органға хабарлай отырып, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыруға құқылы.
181-бап. Сәйкестiктi мiндеттi растау
1. Сәйкестікті міндетті растау – өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау арқылы жүзеге асырылатын рәсім.
2. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын өнiм техникалық регламенттерде айқындалады.
3. Сәйкестiктi растау нысаны - нәтижелерi өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiнiң дәлелi ретiнде қаралатын iс-қимылдардың жиынтығы.
Сәйкестiктi мiндеттi растау:
1) дайындаушы (орындаушы) кәсiпорынның сәйкестiк туралы декларация қабылдауы;
2) мiндеттi сертификаттау жүргiзу нысандарында жүзеге асырылады.
Сәйкестік декларациясы – дайындаушы (орындаушы) айналысқа шығарған өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат.
Міндетті сертификаттау – сәйкестікті растау жөніндегі органдардың қатысуымен өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын рәсім.
4. Өнiмнiң сәйкестiгiн мiндеттi растау техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгі және сәйкестiктi растау схемалары бойынша жүзеге асырылады.
Сәйкестікті растау схемасы – осы жұмысты жүргiзудiң нақты кезеңдерiн (сынаулар, өндiрiстi бағалау, сапа менеджментi жүйесiн бағалау, нормативтiк және техникалық құжаттаманы талдау және басқаларын) сипаттай отырып, объектiнiң техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн айқындау тәсiлдерi.
5. Сәйкестiктi растау схемалары сәйкестiктi белгiлеу тәсiлдерiн (сынау, өндiрiстi бағалау, сапа менеджментi жүйесiн бағалау, техникалық құжаттаманы талдау, инспекциялық бақылау) қамтиды және сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар және (немесе) өнiмдi дайындаушылар (орындаушылар) оларды мiндеттi сертификаттау жүргiзу немесе сәйкестiк туралы декларация қабылдау кезінде қолданады.
Инспекциялық бақылау – техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган айқындаған тәртіппен техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сертификатталған өнiмнiң, процестiң сәйкестiгiн растау жөнiндегi аккредиттелген органның жүзеге асыратын тексеруi.
Өнiмнiң сәйкестігін мiндеттi растау кезiнде техникалық сарапшылар тартылуы мүмкiн.
Техникалық сарапшы – сәйкестiгi расталатын объектiге қатысты арнаулы бiлiмi немесе тәжiрибесi бар жеке тұлға.
6. Егер техникалық регламенттерде өзгеше белгіленбесе, бұрын тұтынуда болған, көрме үшiн және оны нысаналы пайдаланбау үшiн әкелiнген, сондай-ақ гуманитарлық көмек желiсi бойынша жеткiзiлетiн өнiм сәйкестiктi мiндеттi растау объектiлерiне жатпайды.
182-бап. Көлік құралының түрін мақұлдауды, шасси түрін
мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығын және
негізділігін тексеру
1. Көлік құралының түрін мақұлдауды, шасси түрін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру көлік құралының түрін мақұлдауды, шасси түрін мақұлдауды бекіту және тіркеу мақсатында жүзеге асырылады.
2. Сәйкестікті растау жөніндегі орган көлік құралының түрін мақұлдауды, шасси түрін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру жөніндегі қағидаларда көрсетілген құжаттар тізбесін техникалық хатшылыққа ұсынады.
3. Техникалық хатшылық құжаттарды қарауды техникалық хатшылыққа келіп түскен күнінен бастап есептелетін отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
4. Ұсынылған құжаттар толық болмаған және (немесе) олар көлік құралының түрін мақұлдауды, шасси түрін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру жөніндегі қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, техникалық хатшылық күнтізбелік он бес күн ішінде сәйкестікті растау жөніндегі органға жазбаша түрде уәжді бас тартуды қоса бере отырып, ұсынылған құжаттарды қайтарады.
5. Оң шешім шығарылған жағдайда, техникалық хатшылық көлік құралының түрін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды уәкілетті органға жібереді.
6. Техникалық хатшылық - көлік құралының түрін мақұлдауды, шасси түрін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын уәкілетті орган айқындаған ұйым.
183-бап. Көлік құралының түрін мақұлдауды, шасси түрін
мақұлдауды бекіту және тіркеу
1. Көлік құралының түрін мақұлдауды, шасси түрін мақұлдауды бекіту және тіркеу көлік құралының түрін мақұлдауды, шасси түрін мақұлдауды бекіту және тіркеу жөніндегі қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Техникалық хатшылық бекіту және тіркеу үшін көлік құралының түрін мақұлдауды, шасси түрін мақұлдауды уәкілетті органға ұсынады.
3. Уәкілетті орган көлік құралының түрін мақұлдауды, шасси түрін мақұлдауды бекітуді және тіркеуді уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап есептелетін күнтізбелік он күн ішінде жүзеге асырады.
184-бап. Өнiмдi дайындаушылардың (орындаушылардың),
сатушылардың сәйкестiктi растау саласындағы
құқықтары мен мiндеттерi
1. Дайындаушы (орындаушы) – өнімді кейін иеліктен шығару немесе өндірістік мақсатта тұтыну үшін өндіретін, сондай-ақ өтеулі және (немесе) өтеусіз шарт бойынша жұмыстарды орындайтын немесе қызмет көрсететін жеке немесе заңды тұлға.
2. Өнiмдi дайындаушылар (орындаушылар) мен сатушылар:
1) осы өнiм үшiн көзделген техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiктi растау нысаны мен схемасын таңдауға;
2) аккредиттеу саласы өтiнiм берiлген өнiмге қолданылатын сәйкестiктi растау жөнiндегi кез келген органға жүгiнуге;
3) егер ол сәйкестiктi растаудың таңдалған схемасында көзделсе, сәйкестiгі мiндетті растаудан өткен өнiмге сәйкестiктi растау саласындағы мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң сәйкестiк белгiсiн қолдануға;
4) техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар мен аккредиттелген сынақ зертханаларының (орталықтарының) заңсыз әрекеттерiне шағыммен жүгінуге;
5) өздерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн сотқа жүгінуге құқылы.
3. Сәйкестiгі мiндеттi расталуға тиiс өнiмдi дайындаушылар (орындаушылар), сатушылар:
1) өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн қамтамасыз етуге;
2) өнiмнiң сәйкестiгiне растау жүргiзудi қамтамасыз етуге;
3) егер ол сәйкестiктi растаудың таңдалған схемасында көзделсе, сәйкестiгi растаудан өткен өнiмге, инспекциялық бақылау жүргiзуге арналған жағдайларды қамтамасыз етуге;
4) өнiмдi сәйкестiгi расталғаннан кейiн ғана өткiзуге;
5) мемлекеттiк бақылау жүргiзу кезінде мүдделi тараптарға қажеттi ақпаратты, өнiмнiң сәйкестiк сертификаттарын (сәйкестiк сертификаттарының көшiрмелерiн), сәйкестiк туралы декларацияны (сәйкестiк туралы декларациялардың көшiрмелерiн) табыс етуге;
6) iлеспе құжаттамада сәйкестiк сертификаты немесе сәйкестiк туралы декларация мәлiметтерiн көрсетуге;
7) егер сәйкестiк сертификатының немесе сәйкестiк туралы декларацияның қолданылу мерзiмi аяқталса не сәйкестiк сертификатының немесе сәйкестiк туралы декларацияның қолданысы тоқтатыла тұрса, күшi жойылса немесе тоқтатылса, өнiмдi өткiзудi тоқтата тұруға немесе тоқтатуға;
8) сәйкестiктi растау жөнiндегi органға техникалық құжаттамаға немесе сертификатталған өнiм өндiрiсiнiң технологиялық процестерiне енгiзiлетiн өзгерiстер туралы хабарлауға;
9) сәйкестiктi растау нәтижелерi бойынша техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн өнiмнiң өндiрiлуiн тоқтата тұруға мiндеттi.
185-бап. Сәйкестiк сертификаты
1. Сәйкестік сертификаты – өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде, стандарттар ережелерінде немесе өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат.
Сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган берген сәйкестік сертификаты немесе өнімді дайындаушы, беруші қабылдаған сәйкестік туралы декларация сәйкестікті растау саласындағы құжат болып табылады.
2. Сәйкестiк сертификатын өтiнiм берушiге сәйкестiктi растаудың таңдалған схемасына сәйкес барлық рәсiмдердi орындаудың оң нәтижелерi болған жағдайларда өнiмге сәйкестiктi растау жөнiндегi орган бередi.
3. Сәйкестiк сертификатында:
1) өтiнiм берушiнiң, өнiмдi дайындаушының (орындаушының), сәйкестiк сертификатын берген органның атауы және орналасқан жерi;
2) сертификатталған өнiмнiң оны идентификациялауға мүмкiндiк беретiн атауы;
3) оның талаптарына сәйкестiгіне сертификаттау жүргiзiлген техникалық регламенттiң атауы;
4) жүргiзiлген зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер туралы ақпарат;
5) өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiне дәлел ретiнде өтiнiм берушiнiң сәйкестiктi растау жөнiндегi органға табыс еткен құжаттары туралы ақпарат;
6) сертификаттың қолданылу мерзiмi көрсетiлуге тиiс.
4. Сәйкестiк сертификаты бланкiде ресiмделедi, оның нысаны мен толтырылу тәртiбiн техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Сәйкестiк сертификаты оны берген сәйкестiктi растау жөнiндегi органда тiркелуге тиiс.
5. Сериялық шығарылатын өнiмге сәйкестiк сертификаты сәйкестiктi растау схемасында белгiленген мерзiмге берiледi.
Сәйкестiк сертификатының күшi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылады.
186-бап. Сәйкестiк белгiсi
1. Сәйкестік белгісі – өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде, стандарттарда және өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігіне растау рәсімінен өткені туралы сатып алушыларға хабарлау үшін қызмет ететін белгі.
2. Сәйкестiк белгiсi сәйкестiктi растау рәсiмiнен өткен өнiмдi таңбалауға арналады.
3. Сәйкестiк белгiсiнiң бейнесiн, оған қойылатын техникалық талаптар мен таңбалау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
4. Сәйкестiк сертификатын алған дайындаушы (орындаушы), сатушы сәйкестiк белгiсiн сәйкестiктi растау саласындағы мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң қағидаларында белгiленген өздерi үшiн қолайлы кез келген тәсiлдермен қолдануға құқылы.
5. Сәйкестiгі мiндеттi расталуға жататын және техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгі растаудан өтпеген өнiмге сәйкестiк белгiсiн қоюға жол берiлмейдi.
6. Сәйкестік белгісімен таңбаланған өнімге сәйкестік сертификатының көшірмелері қоса берілмеуі мүмкін.
187-бап. Сәйкестiк туралы декларация
1. Сәйкестiк туралы декларацияны, егер ол техникалық регламенттерде көзделген жағдайда, сондай-ақ ол сәйкестiгі мiндеттi расталуға жатпайтын кез келген өнiмге қатысты ерiктi түрде сәйкестiгі мiндеттi расталуға жататын өнiмдi дайындаушы (орындаушы) ресiмдейдi.
2. Сәйкестiк туралы декларацияда:
1) өтiнiм берушiнiң атауы мен тұрған жерi;
2) осы объектіні идентификациялауға мүмкiндiк беретiн сәйкестiктi растау объектiсi туралы ақпарат;
3) талаптарына өнiмнің сәйкестiгi расталатын техникалық регламенттiң атауы;
4) өтiнiм берушiнiң өнiмдi нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану кезінде оның қауiпсiздiгi және өтiнiм берушiнiң өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгін қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолданғаны туралы өтiнiшi;
5) жүргiзiлген зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер, сапа менеджментi жүйесiнiң сертификаты, сондай-ақ өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау үшiн негiз болған құжаттар туралы мәлiметтер;
6) сәйкестiк туралы декларацияның қолданылу мерзiмi;
7) тиісті техникалық регламенттерде көзделген өзге де мәлiметтер қамтылуға тиiс.
Сәйкестiк туралы декларацияның нысанын, декларацияларды ресiмдеу және тiркеу тәртiбiн техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
3. Сәйкестiк туралы декларация осы өнiмдi шығарудың жоспарланған мерзiмiне негіздей отырып, өнiмдi дайындаушы (орындаушы) белгiлеген, бiрақ бiр жылдан аспайтын мерзiмге қабылданады.
4. Өнiмнiң сәйкестiгi туралы декларация аккредиттеу саласына өнiмнің осы түрі кiретiн сәйкестiктi растау жөнiндегi органда тiркелуге жатады.
Аккредитация қолданылатын сәйкестікті бағалаудың ресми танылған объектілері аккредиттеу саласы деп түсініледі.
5. Сәйкестiктi растау саласындағы мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң қағидаларында белгiленген тәртiппен ресiмделген және тiркелген сәйкестiк туралы декларацияның Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында сәйкестiк сертификатымен бірдей заңды күшi бар.
6. Сәйкестiктi декларациялау:
1) өз дәлелдерi негiзiнде сәйкестiк туралы декларацияны қабылдаумен;
2) сәйкестiктi растау жөнiндегi органның қатысуымен алынған дәлелдер негiзiнде сәйкестiк туралы декларацияны қабылдаумен жүзеге асырылуы мүмкiн.
Сәйкестiктi растау үшiн дәлелдер ретiнде пайдаланылуы мүмкiн материалдардың тiзбесi тиісті техникалық регламентте айқындалады.
Дәлелдер ретiнде техникалық құжаттама, өз зерттеулерi (сынақтары) мен өлшемдерiнiң нәтижелерiн және (немесе) өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгін растауға негiз болған басқа да құжаттар пайдаланылады.
Өз дәлелдерi және сәйкестiктi растау жөнiндегi органның қатысуымен алынған дәлелдер негiзiнде сәйкестiктi декларациялау кезiнде өтiнiм берушi өз дәлелдерiне қосымша өз таңдауы бойынша сынақ зертханасында (орталықта) жүргiзiлген зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдер хаттамаларын пайдалануға, сапа менеджментi жүйесiнiң сертификатын ұсынуға құқылы.
Өнiмнiң сәйкестiгi туралы декларацияны қабылдау кезінде, егер осындай өнiм үшiн техникалық регламенттерде сәйкестiктi растаудың өзге де нысаны көзделген жағдайды қоспағанда, сапа менеджментi жүйесiнiң сертификаты дәлелдердiң құрамында пайдаланылуы мүмкiн.
7. Сәйкестiк туралы декларацияның қолданылу мерзiмi аяқталған кезден бастап үш жыл бойы сәйкестiк туралы декларацияның бiрiншi данасы мен сәйкестiктi растау үшін дәлелдер ретiнде пайдаланылатын материалдар - өтiнiм берушiде, ал сәйкестiк туралы декларацияның екiншi данасы оны тiркеген сәйкестiктi растау жөнiндегi органда сақталады.
188-бап. Сәйкестiгі мiндеттi расталуға жататын өнiмнiң
нарықтағы айналымы шарттары
1. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға (сертификаттауға немесе декларациялауға) жататын өнiмнiң белгiленген тәртiппен расталған, техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестiгі оның нарықтағы айналымының қажеттi шарты болып табылады.
2. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын, сәйкестігі растаудан өтпеген өнiмдi әкелуге және өткiзуге тыйым салынады.
Мiндеттi сертификатталуға жататын және Қазақстан Республикасында одан өтпеген өнiмдi жарнамалауға жол берiлмейдi.
3. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын импортталатын өнiмдi жеткiзуге жасалған шарттарда сәйкестiктi растау жөнiндегi мiндеттеме көзделуге тиiс.
4. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын және саудаға арналған импортталатын өнiмдi жеткiзуге жасалған шарттарда өнiмнiң, елдiң және дайындаушы кәсiпорынның (орындаушының) атауын, сақталу (жарамдылық, пайдалану) мерзiмiн, сақтау шарттарын, қолдану тәсiлiн қамтитын өнiмнiң мемлекеттiк және орыс тiлдеріндегi ақпаратпен (егер аталған ақпараттың болуы техникалық регламентте регламенттелсе) қоса берілуi көзделуге тиiс.
189-бап. Шет мемлекеттердiң сәйкестiктi растау
нәтижелерiн тану
1. Шет мемлекеттердiң сәйкестiк сертификаттары, өнiмдi сынақтан өткізу хаттамалары, сәйкестiк белгiлерi Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына немесе аккредиттеу жөніндегі халықаралық немесе өңірлік мемлекеттік емес, үкіметтік емес ұйымдармен жасалған шарттарға сәйкес танылады.
2. Шетелдiк сәйкестiк сертификаттарын, сынақтан өткізу хаттамаларын, сәйкестiк белгiлерiн және сәйкестiктi растау саласындағы өзге де құжаттарды тану тәртiбiн техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.
3. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыруға және өткізуге арналған тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге қатысты шетелдік сәйкестік сертификаттарына, сынақтан өткізу хаттамаларына, сәйкестік белгілеріне және сәйкестікті растау саласындағы өзге де құжаттарға қолданылмайды.
190-бап. Өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестердiң
сәйкестiгін ерiктi түрде растау
1. Сәйкестікті ерікті түрде растау – ол арқылы дайындаушының (орындаушының) немесе сатушының бастамасы бойынша өнімнің, көрсетілетін қызметтердің, процестердiң стандартқа, өзге де құжатқа немесе өтінім берушінің арнайы талаптарына сәйкестігіне өткізілетін сәйкестікті растау жүзеге асырылатын рәсім.
2. Техникалық регламенттерде белгiленген талаптар қолданылмайтын, өнiмнiң, көрсетілетін қызметтердің, процестердiң сәйкестiгiн ерiктi түрде растау өтiнiм берушiнiң бастамасы және талаптары бойынша жүргiзiледi.
Сәйкестiктi ерiктi түрде растау, егер бұл техникалық регламентте белгiленсе, өнiмнiң сәйкестiгін мiндеттi растауды алмастыра алмайды.
3. Сәйкестiктi ерiктi түрде растауды сәйкестiктi растау жөнiндегi орган шарт негiзiнде жүргiзедi.
191-бап. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан
Республикасының техникалық реттеу саласындағы
заңнамасын сақтамағаны үшiн жауаптылығы
1. Жеке және заңды тұлғалар (дайындаушы, орындаушы, сатушы):
1) нарықта өткiзiлетін өнiмнiң қауiпсiздiгi үшін;
2) техникалық регламенттерде белгiленген талаптарды бұзғаны үшiн;
3) осы Кодекстің 265-бабында көзделген мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органның нұсқамалары мен шешiмдерiн орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
2. Өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi нәтижесінде азаматтың өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкiне не заңды тұлғаның мүлкiне келтiрiлген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге жатады.
§ 5. Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеу
192-бап. Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу
1. Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды, сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханаларын (орталықтарын), өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу саласындағы қоғамдық қатынастар, сондай-ақ сәйкестікті бағалау саласындағы олармен байланысты өзге де қатынастар осы Кодекспен реттеледі.
2. Сәйкестікті бағалау - сәйкестікті растау, сынақтар, зерттеулер, өлшемдер, салыстырып тексеру, калибрлеу және аттестаттау жүргізу арқылы өнімге, процеске, көрсетілетін қызметке, менеджмент жүйесіне, персоналға, өлшем құралына, сынақ жабдығына, өлшемдерді орындау әдістемелеріне қойылатын талаптардың орындалуының дәлелі.
Сәйкестікті бағалау объектілері – зерттеулерге, сынақтарға, өлшемдерге, салыстырып тексеруге, калибрлеуге, аттаестаттауға сәйкестікті растауға жататын өнімдер, процестер, көрсетілетін қазметтер, менеджмент жүйелері, персонал, өлшеу құралдары, сынау жабдығы, өлшемдерді орындау әдістемелері.
3. Аккредиттеу:
1) еріктілікке;
2) аккредиттеу рәсімдері, критерийлері туралы ақпаратқа қолжетімділікке;
3) сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі қызметтің ашықтығына;
4) кемсітушілікке жол бермеуге;
5) құзыреттілікке;
6) аккредиттеу жүйесінің бірлігіне және тұтастығына;
7) тәуелсіздікке;
8) аккредиттеу жөніндегі қызметті сәйкестікті бағалау жөніндегі қызметпен қоса атқаруға жол бермеушілікке;
9) аккредиттеуді жүзеге асыру кезінде халықаралық (өңірлік) ұйымдардың стандарттарды пайдалану басымдығына негізделеді.
4. Аккредиттеу жөніндегі органның Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау жөніндегі аккредиттеу саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылау тексеру нысанында жүзеге асырылады.
Тексеру осы Кодекстің 16-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Аккредиттеу субъектілерінің Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау жөніндегі аккредиттеу саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылау осы Кодекстің 16-тарауына сәйкес жоспардан тыс тексеру нысанында жүзеге асырылады.
6. Аккредиттеу жөніндегі органның тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне аккредиттеу жөніндегі органды мәртебесінен айыру туралы ұсыныспен өтініш жасауға құқылы.
193-бап. Аккредиттеудің негізгі мақсаттары
1. Аккредиттеудің негізгі мақсаттары:
1) өнімнің, процестердің, көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
2) отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
3) сәйкестікті бағалаудың сапасы мен дәйектілігін арттыру;
4) саудадағы техникалық кедергілерді жою;
5) отандық өнімнің сыртқы нарыққа шығуына және Қазақстан Республикасының аккредиттеу субъектілерінің жұмыс нәтижелерін халықаралық ұйымдардың және шет елдердің тануына жағдайлар жасау болып табылады.
194-бап. Аккредиттеу жүйесі
1. Аккредиттеу жүйесі – өздерінің құзыреті шегінде сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу аясындағы жұмысты жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, жеке және заңда тұлғалардың жиынтығы.
2. Аккредиттеу жүйесіне:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган;
3) аккредиттеу жөніндегі орган;
4) аккредиттеу субъектілері;
5) аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшылар, техникалық сарапшылар кіреді.
195-бап. Аккредиттеу субъектілері
1. Аккредиттеу субъектісі – осы Кодексте белгіленген тәртіппен аккредиттеуден өткен заңды тұлға немесе заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның құрылымдық бөлімшесі.
2. Аккредиттеу субъектілеріне:
сәйкестікті растау жөніндегі органдар;
сынақ, салыстырып тексеру және калибрлеу зертханалары (орталықтары);
өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар жатады.
3. Аккредиттеу субъектілерінің сәйкестікті бағалау нәтижелері Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында танылады.
4. Қазақстан Республикасының аумағында сәйкестікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын шетелдік ұйымдар, олардың филиалдары мен өкілдіктері олардың қызмет нәтижелерін тану үшін осы Кодекске сәйкес аккредиттеуге жатады.
5. Аккредиттеу субъектілері:
1) аккредиттеу белгісін пайдалануға;
2) аккредиттеу жөніндегі органға аккредиттеу саласын кеңейту немесе қысқарту туралы, аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу, қайтару және аккредиттеу аттестатының қолданысын тоқтату туралы өтінішпен жүгінуге;
3) аккредиттеу жөніндегі органға оның қызметкерлерінің іс-әрекетіне шағым жасауға;
4) аккредиттеу мәселелері бойынша даулар туындаған кезде сотқа жүгінуге құқылы.
6. Аккредиттеу субъектілері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын және оларға өздерінің сәйкестігі аккредиттелген нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауға;
2) аккредиттеу саласы шегіндегі жұмыстарды жүзеге асыруға;
3) аккредиттеу саласы шегінде аккредиттеу аттестатына сілтеме жасауға;
4) аккредиттеу жөніндегі органды бекітілген аккредиттеу саласындағы қызметінің тоқтатылғаны немесе алдағы уақытта таратылатыны туралы хабардар етуге;
5) аккредиттеу критерийлеріне анықталған сәйкессіздіктерді аккредиттеу жөніндегі органның шешімімен белгіленген мерзімде жоюға;
6) инспекциялық тексеруді жүзеге асыратын адамдардың үй-жайға, жабдыққа, ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге және оларға өзге де қажетті жәрдем көрсетуге;
7) өлшем құралдарының салыстырмалы сынақтарына және оларды салыстырып тексеру мен калибрлеу нәтижелерін салғастыруға қатысуға;
8) аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылған жағдайда аккредиттеу аттестатының қолданысын тоқтату туралы шешімді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аккредиттеу аттестатын қайтаруға;
9) аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылған, күші жойылған, тоқтатыла тұрған не одан айырылған жағдайда аккредиттеуге сілтеме жасауды тоқтатуға;
10) аккредиттеу аттестаты кері қайтарып алынған жағдайда, уақытша жарамсыз деп танылған аккредиттеу аттестатына немесе аккредиттеу саласына сілтеме жасауды тоқтатуға міндетті.
196-бап. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар
1. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар өнім (көрсетілетін қызмет) өндірушілерден (орындаушылардан), өнімді (көрсетілетін қызметті) берушілерден және тұтынушылардан тәуелсіз болуға тиіс.
2. Сәйкестікті растау жөніндегі органдардың филиалдары заңды тұлғаның өтінімі бойынша осы Кодекске сәйкес аккредиттеледі.
Сәйкестікті растау жөніндегі органдар филиалдарының аккредиттеу саласы бөлек бекітіледі.
3. Сәйкестікті растау жөніндегі органдардың сәйкестікті бағалау процесінің әділдігіне және объективтілігіне әсер ететін консультациялық қызметтер көрсетуге құқығы жоқ.
4. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар сәйкестікті растау жөніндегі қызмет нәтижесінде туындайтын тәуекелдерді бағалай отырып, сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде әділдікті қамтамасыз етуге және қызмет саласындағы міндеттемелерді қамтамасыз ету үшін олардың қаржылық тұрақтылығы және тиісті ресурстары болуға тиіс.
197-бап. Сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу
зертханалары (орталықтары) және өлшемдерді
орындау әдістемелерін метрологиялық
аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар
1. Сынақ зертханасы (орталығы) – зерттеулерді, сынақтарды жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның құрылымдық бөлімшесі.
Салыстырып тексеру зертханасы (орталығы) – өлшем құралдарын салыстырып тексеруді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның құрылымдық бөлімшесі.
Калибрлеу зертханасы (орталығы) – өлшем құралдарын калибрлеуді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның құрылымдық бөлімшесі.
Өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар - өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге аккредиттелген заңды тұлғалар.
2. Сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханалары (орталықтары) және өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар өз қызметін осы Кодекске, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы және өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
3. Салыстырып тексеру зертханалары (орталықтары) өнім (көрсетілетін қызмет) өндірушілерден (орындаушылардан), өнімді (көрсетілетін қызметті) берушілерден және тұтынушылардан тәуелсіз болуға тиіс.
4. Сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханалары (орталықтары) өлшемдердің қадағалануын Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес шама бірліктерінің өлшемдерін шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарынан, олар жоқ болған жағдайда - басқа елдердің шама бірліктері ұлттық эталондарынан алу арқылы қамтамасыз етуге тиіс.
5. Сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханалары (орталықтары) сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды және «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабында көзделген салалардағы жұмыстарды орындау кезінде әділдікті қамтамасыз етуге, қызмет нәтижесінде туындайтын тәуекелдерді бағалауға және қызмет саласындағы міндеттемелерді қамтамасыз ету үшін олардың қаржылық тұрақтылығы және тиісті ресурстары болуға тиіс.
198-бап. Аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі
сарапшы-аудиторлар, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз
ету саласындағы техникалық сарапшылар және
техникалық сарапшылар
1. Аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшылар және техникалық сарапшылар осы Кодекске сәйкес аккредиттеу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге қатысады.
2. Аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшылар және техникалық сарапшылар өз қызметiн еңбек не азаматтық-құқықтық шарттың негiзiнде жүзеге асырады.
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшы техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған жеке тұлға.
199-бап. Аккредиттеу белгісі
1. Аккредиттеу белгісі - аккредиттеу субъектісіне аккредиттеу рәсімінен өткені туралы үшінші тұлғаларға хабарлау үшін аккредиттеу жөніндегі орган беретін белгі.
2. Аккредиттеу субъектісінің аккредиттеу рәсімінен өткені туралы үшінші тұлғаларға хабарлау үшін аккредиттеу белгісі пайдаланылады.
3. Аккредиттеу субъектісіне берілетін аккредиттеу белгісінде берілген аккредиттеу аттестатының нөмірі болуға тиіс.
4. Аккредиттеу белгісін пайдалану тәртібі аккредиттеуден кейінгі шартта айқындалады.
200-бап. Аккредиттеу кезеңдері
Аккредиттеу мынадай негізгі:
1) өтінімді және ұсынылған құжаттарды қабылдау, қарау;
2) аккредиттеу алдындағы шартты жасасу;
3) ұсынылған құжаттарды сараптау;
4) өтінім берушіні тұрған жері бойынша тексеру;
5) аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау;
6) аккредиттеуден кейінгі шартты жасасу, аккредиттеу саласын бекіту және аккредиттеу аттестатын беру не аккредиттеу алдындағы шартты тоқтату кезеңдерін қамтиды.
201-бап. Қайта аккредиттеу
1. Қайта аккредиттеу – өтінім берушінің сәйкестікті бағалаудың белгілі бір саласындағы жұмысты орындауға құзыреттілігін аккредиттеу жөніндегі органның ресми тануының кезекті рәсімі.
2. Қайта аккредиттеу осы Кодекстің 200-бабында көзделген барлық кезеңдер сақтала отырып, жүргізіледі. Қайта аккредиттеуге өтінімді өтінім беруші аккредиттеу аттестатының қолданыс мерзімі өткенге дейін алты айдан кешіктірмей береді.
202-бап. Аккредиттеу критерийлері
1. Аккредиттеу критерийлері – өзін аккредиттеу үшін өтінім беруші және аккредиттеу субъектісі қанағаттандыруға тиіс талаптар жиынтығы.
2. Өтінім берушілер мен аккредиттеу субъектілері мынадай критерийлерге:
1) заңды тұлғаның не заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның құрылымдық бөлімшесінің мәртебесі болуға;
2) мәлімделген аккредиттеу саласындағы сәйкестікті бағалау жөніндегі жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін білікті персоналы болуға;
3) сәйкестікті бағалау жөніндегі жұмыстарды орындауға қажетті меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару құқығында немесе уақытша иелігінде және пайдалануында үй-жайлар, жабдық және материалдық ресурстар болуға;
4) өздері аккредиттелетін (аккредиттелген) нормативтік құжаттардың талаптарына сай келуге тиіс.
Аккредиттеуге өтінім берген заңды тұлға өтінім беруші деп түсініледі.
Осы параграфта стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттар нормативтік құжаттар деп түсініледі.
203-бап. Өтінімді табыс ету және оны қарау
1. Өтінім беруші аккредиттеу жөніндегі органға мынадай құжаттарды:
1) аккредиттеуге өтінімді;
2) өтінім берушінің заңды мәртебесін белгілейтін құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін;
3) қағаз және электрондық жеткізгіштерде мәлімделетін аккредиттеу саласын;
4) сапа жөніндегі нұсқаулықты;
5) сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханаларына (орталықтарына), өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға арналған паспортты;
6) сәйкестікті растау жөніндегі органдар үшін сәйкестікті бағалау жөніндегі жұмыстарды орындайтын персонал туралы мәліметтерді табыс етеді.
Өтінім беруші өзі таңдаған нормативтік құжатқа байланысты тиісті ақпарат береді.
Өтінімді қоспағанда, барлық құжаттар екі данада табыс етіледі.
2. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың нысандарын техникалық реттеу және өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
3. Егер өтінім және (немесе) оған қоса берілген құжаттар белгіленген нысанға сәйкес келмеген не толық көлемде табыс етілмеген жағдайда, аккредиттеу жөніндегі орган құжаттарды қайтарудың себептерін көрсете отырып, олардың келіп түскен күнінен бастап есептелетін бес жұмыс күні ішінде почта арқылы өтiнiш берушiге қайтарады не оның өкіліне қолын қойғызып, қолма-қол табыс етеді.
204-бап. Аккредиттеу алдындағы шарт
1. Аккредиттеу алдындағы шарт аккредиттеу жөніндегі орган мен өтінім беруші арасында жасалады.
2. Аккредиттеу алдындағы шарттың елеулі талаптары:
1) шарттың мәні;
2) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
3) жұмыстардың құны;
4) тараптардың жауаптылығы болып табылады.
3. Аккредиттеу алдындағы типтік шартты техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
4. Аккредиттеу алдындағы шарт:
1) заңды тұлға таратылған;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шарт бұзылған;
3) құжаттарға сараптама жасау немесе өтінім берушінің тұрған жері бойынша тексеру кезінде анықталған сәйкессіздіктер аккредиттеу жөніндегі орган белгілеген мерзімде жойылмаған;
4) аккредиттеу жөніндегі органның құжаттарға қайта сараптама жасаған кезде немесе өтінім берушінің тұрған жері бойынша қайта тексерген кезде тиісінше сарапшы-аудитордың алғашқы қорытындысында немесе тексеру жөніндегі топтың есебінде көрсетілген сәйкессіздіктер анықталған;
5) аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайларда тоқтатылады.
205-бап. Табыс етілген құжаттардың сараптамасы
1. Табыс етілген құжаттардың сараптамасы шарт жасалған кезден бастап есептелетін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
Қайта аккредиттеу кезінде табыс етілген құжаттардың сараптамасы аккредиттеу субъектісінің құжаттарына және Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына енгізілген өзгерістер бөлігінде жүргізіледі.
2. Сараптама жүргiзу үшiн аккредиттеу жөнiндегi орган аккредиттеу жөнiндегi сарапшы-аудиторды тағайындайды.
3. Аккредиттеу жөнiндегi сарапшы-аудитордың қорытындысында:
1) табыс етілген құжаттардың аккредиттеу критерийлеріне сәйкестiгін бағалау;
2) нақты критерийлер бойынша құжаттардың сәйкессiздiгiн (сәйкессiздiк болған кезде) көрсету;
3) табыс етілген құжаттарды түзету жөнiндегi ұсынымдар (қажет кезінде) және өтiнiм берушiнiң осы ұсынымдардың орындалуын растау тәртiбi;
4) табыс етілген құжаттардың аккредиттеу критерийлеріне сәйкестiгi немесе сәйкессiздiгi туралы тұжырымдар қамтылуға тиiс.
4. Аккредиттеу жөнiндегi сарапшы-аудитордың қорытындысы негiзiнде аккредиттеу жөнiндегi орган:
1) өтiнiм берушiнi тұрған жерi бойынша тексеру;
2) өтiнiм берушiнiң анықталған сәйкессiздiктердi жоюы туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдайды.
Қабылданған шешім туралы хабарлама өтінім берушіге шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде почта арқылы немесе факсимильді байланыс арқылы жіберіледі және тиісінше өтінім беруші почта жөнелтілімін алғаны туралы хабарламаға белгі қойған күннен бастап немесе факсимильді хабар жіберілген күні алынды деп есептеледі.
5. Өтiнiм берушi осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген хабарламаны алған кезден бастап отыз жұмыс күні ішінде анықталған сәйкессiздiктердi жояды және сәйкессіздіктердің жойылғаны туралы растайтын құжаттарды табыс ете отырып, аккредиттеу жөнiндегi органға бұл туралы жазбаша түрде почта арқылы хабарлайды. Аккредиттеу жөнiндегi орган хабарламаны алған кезден бастап жеті жұмыс күні ішінде қажет болған кезде құжаттарға қайта сараптама жүргiзедi.
206-бап. Өтінім берушіні тұрған жері бойынша тексеру
1. Өтінім берушіні тұрған жері бойынша тексеру өтінім берушінің біліктілігін, құжаттарда берілген ақпараттың іс жүзіндегі жай-күйіне сәйкестігін бағалау мақсатында жүргізіледі.
2. Тексеруді аккредиттеу жөніндегі орган қалыптастыратын тексеру жөніндегі топ жүзеге асырады.
3. Тексеру жөніндегі топ кемінде үш адамнан құралуға тиіс, топ жетекшісі болып құжаттарға сараптама жүргізген аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор тағайындалады.
4. Тексеру жөніндегі топтың құрамына келісім бойынша:
өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшылар;
сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, техникалық сарапшылар, мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың мәлімделген аккредиттеу саласы бойынша мамандары енгізілуі мүмкін.
5. Тексеру мерзiмi өтінім берушінің тұрған жеріне немесе өтінім берушінің өзі тұрған жерден тыс жердегі құрылымдық бөлімшесі орналасқан жерге тексеру жөніндегі топ келген кезден бастап есептелетiн он жұмыс күнiнен аспауға тиiс. Құрылымдық бөлімшелері бар өтінім берушініні тексерудің жалпы мерзімі отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс.
6. Тексеру жөніндегі топ өз жұмысының нәтижелері бойынша есеп дайындайды, онда өтінім берушінің аккредиттеу критерийлеріне сәйкестігін бағалау қамтылуға тиіс.
7. Топ мүшелерінің барлық ескертпелерін ескере отырып, топ жетекшісі екі данада есеп дайындайды және оған топтың барлық мүшелері қол қояды. Есептің бір данасы өтінім берушіге тапсырылады.
8. Өтінім беруші тексеру жөніндегі топтың есебімен келіспеген жағдайда өзінің ескертулерін аккредиттеу жөніндегі органға үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде почта арқылы немесе факсимильді байланыс арқылы табыс ете алады және тиісінше акредиттеу жөніндегі орган почта жөнелтілімін алғаны туралы хабарламаға белгі қойған күннен бастап немесе факсимильді хабар жіберілген күні алынды деп есептеледі.
9. Тексеру жөніндегі топтың есебі негізінде және өтінім берушінің ескертулерін ескере отырып (олар болған кезде), аккредиттеу жөніндегі орган бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:
1) аккредиттеудің жиналған материалдарын қарау туралы;
2) өтінім берушінің анықталған сәйкессіздіктерді жоюы туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
Қабылданған шешім туралы хабарлама өтінім берушіге шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде почта арқылы немесе факсимильді байланыс арқылы жіберіледі және тиісінше өтінім беруші почта жөнелтілімін алғаны туралы хабарламаға белгі қойған күннен бастап немесе факсимильді хабар жіберілген күні алынды деп есептеледі.
10. Өтiнiм берушi осы баптың 9-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген хабарламаны алған кезден бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде тексеру кезiнде анықталған сәйкессiздiктердi жояды және сәйкессiздiктердiң жойылғаны туралы растайтын құжаттарды табыс ете отырып, аккредиттеу жөнiндегi органға олардың жойылғаны туралы жазбаша түрде почта арқылы хабарлайды, одан кейiн аккредиттеу жөнiндегi орган қажет кезінде оған қайта тексеру жүргiзедi. Өтiнiм берушiні немесе оның құрылымдық бөлімшесін қайта тексеру мерзiмi өтiнiм берушiнiң тұрған жерiне тексеру жөнiндегi топ келген кезден бастап есептелетiн бес жұмыс күнiнен аспауға тиiс.
11. Сәйкессіздіктерді жою мерзімін өтінім берушінің себептерін көрсеткен жазбаша өтініші бойынша, бірақ екі айдан аспайтын мерзімге аккредиттеу жөніндегі орган ұзартады.
207-бап. Аккредиттеу не аккредиттеуден бас тарту
туралы шешім қабылдау
1. Аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі комиссияға жиналған материалдар түскен кезден бастап есептелетін отыз жұмыс күні ішінде аккредиттеу жөніндегі орган қабылдайды.
Аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі комиссия аккредиттеу критерийлеріне сәйкессіздіктерді анықтаған жағдайда, өтінім берушіге сәйкессіздіктерді жоюға қажетті, бірақ екі айдан аспайтын мерзім беріледі. Аталған жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзім тоқтатыла тұрады.
2. Оң шешім қабылданған жағдайда аккредиттеуден кейінгі шарт жасалады және жеті жұмыс күні ішінде аккредиттеу саласын айқындайтын құжат бекітіледі, аккредиттеу аттестаты және құжаттардың бір жиынтығы беріледі.
3. Терiс шешiм кезінде өтiнiм берушiге шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жазбаша түрде почта арқылы немесе факсимильді байланыс арқылы дәлелдi бас тарту жіберіледі, ол тиісінше өтінім беруші почта жөнелтілімін алғаны туралы хабарламаға белгі қойған күннен бастап немесе факсимильді хабар жіберілген күні алынды деп есептеледі.
Құжаттардың жиынтығы өтінім берушіге почта арқылы жіберіледі не оның өкіліне қолы қойғызылып, қолма-қол тапсырылады.
208-бап. Аккредиттеуден кейінгі шарт
1. Аккредиттеуден кейінгі шарт аккредиттеу жөніндегі орган мен аккредиттеу субъектісі арасында жасалады.
2. Аккредиттеуден кейінгі шарттың елеулі талаптары:
1) шарттың мәні;
2) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
3) жұмыстардың құны;
4) инспекциялық тексерулерді жүргізу, аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу, аккредиттеу материалдарын өзекті ету тәртібі мен мерзімдері;
5) салыстырма сынақтарды жүргізу және (немесе) өлшем құралдарын салыстырып тексеру мен калибрлеу нәтижелерін салғастыру тәртібі;
6) тараптардың жауаптылығы болып табылады.
3. Аккредиттеуден кейінгі типтік шартты техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
4. Аккредиттеуден кейінгі шарт мынадай:
1) заңды тұлғаның таратылған;
2) аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімінің аяқталған;
3) аккредиттеу аттестатынан айырылған;
4) аккредиттеу аттестаты жойылған;
5) аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алуға негіз болған сәйкессіздіктер жойылмаған;
6) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шарт бұзылған жағдайларда тоқтатылады.
5. Осы баптың 4-тармағының 5) тармақшасында көзделген негiз бойынша сәйкессiздiктердi жою мерзiмi өткен күннен кейiнгi күн аккредиттеуден кейiнгi шартты тоқтату күні болып есептеледi.
209-бап. Аккредиттеу аттестаты
1. Аккредиттеу аттестаты – аккредиттеу субъектілерінің сәйкестікті бағалаудың белгілі бір саласындағы жұмысты орындауға құзыреттілігін куәландыратын аккредиттеу жөніндегі орган берген құжат.
2. Аккредиттеу жөніндегі орган берген аккредиттеу аттестаты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жарамды және олардың қолданылу мерзімі бес жыл болады.
3. Аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі аккредиттеу туралы шешім қабылданған кезден бастап есептеледі және оған аккредиттеу аттестаты кері қайтарып алынған уақыт кезеңі енгізіледі.
4. Аккредиттеу субъектісі осы Кодекстің 201-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімді сақтаған жағдайда, аккредиттеу жөніндегі орган қайта аккредиттеу кезіндегі жұмыстарды аяқтау қажет болған кезде бұрын берілген аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімін аккредиттеу туралы шешім қабылданған күнге дейін үш айдан аспайтындай етіп ұзарта алады.
5. Аккредиттеу жөніндегі орган бекіткен және аккредиттеу саласын белгілейтін құжат аккредиттеу аттестатына міндетті қосымша болып табылады.
Аккредиттеу қолданылатын сәйкестікті бағалаудың ресми танылған объектілері аккредиттеу саласы болып табылады.
6. Аккредиттеу аттестаты аккредиттеу субъектілерінің тізілімінде тіркелуге тиіс.
7. Аккредиттеу аттестатында:
1) аккредиттеу субъектісінің атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері;
2) аккредиттеу субъектісінің оған сәйкестігі аккредиттелген нормативтік құжат;
3) аккредиттеу аттестатының тіркеу нөмірі;
4) аккредиттеу аттестатының аккредиттеу субъектілерінің тізілімінде тіркелген күні;
5) аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі көрсетіледі.
8. Аккредиттеу аттестатының бланкілері қатаң есептілік құжаттары болып табылады, олардың қорғанышы мен нөмірі болады.
9. Аккредиттеу аттестаты жалғыз данада беріледі, аккредиттеу аттестатын басқа заңды тұлғаларға беруге тыйым салынады.
10. Жоғалған, бүлінген аккредиттеу аттестаты, аккредиттеу аттестаттарына қосымшалар аккредиттеу субъектісі аккредиттеу жөніндегі органға жазбаша өтініш (аккредиттеу аттестатының, аккредиттеу аттестатына қосымшалардың жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжаттармен қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп есептеледі.
Аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аккредиттеу аттестатының телнұсқасын, аккредиттеу аттестатының қосымшаларын беруді жүргізеді.
210-бап. Аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу
1. Аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеуге:
1) аккредиттеу субъектісін қайта ұйымдастыру;
2) аккредиттеу субъектісінің орналасқан жерінің өзгеруі;
3) аккредиттеу субъектісі атауының өзгеруі;
4) аккредиттеу саласының кеңеюі немесе қысқаруы туралы аккредиттеу субъектісінің өтініші негіз болып табылады.
Аккредиттеу саласын кеңейту – аккредиттеу субъектісінің сәйкестікті бағалау объектілерінің тізбесін ұлғайту процесі.
Аккредиттеу саласын қысқарту – аккредиттеу субъектісінің сәйкестікті бағалау объектілерінің тізбесін азайту процесі.
2. Аккредиттеу субъектісі осы баптың 1-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көзделген аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеуге негіздердің бірі туындаған кезден бастап есептелетін, сондай-ақ аккредиттеу саласы қысқарған жағдайда күнтізбелік он күн ішінде аккредиттеу жөніндегі органға осы Кодекстің 203-бабы 1-тармағының 3) және 5) тармақшаларында көзделген жаңа мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу туралы өтініш береді.
3. Аккредиттеу саласын кеңейту кезінде аккредиттеу субъектісі өтінішпен бір мезгілде аккредиттеу жөніндегі органға кеңейтілетін салада тиісті мамандардың, жабдықтардың, үй-жайлардың бар-жоғы туралы ақпарат береді.
4. Аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу кезінде аккредиттеу жөніндегі орган осы Кодекстің 206-бабында көзделген тәртіппен аккредиттеу субъектісінің орналасқан жері бойынша:
1) сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханасының (орталығының) орналасқан жері өзгерген;
2) аккредиттеу саласын кеңейткен жағдайларда тексеру жүргізеді.
5. Аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу туралы құжаттарды олардың келіп түскен күнінен бастап есептелетін он бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Осы тармақта көзделген мерзімге субъектінің орналасқан жері бойынша тексеру жүргізу және аккредиттеу критерийлеріне сәйкессіздіктерді, егер оларды аккредиттеу жөніндегі орган анықтаған болса, жою мерзімі кірмейді.
6. Оң шешім шығарылған жағдайда аккредиттеу жөніндегі орган жеті жұмыс күні ішінде аккредиттеу аттестатын қайта ресімдейді және аккредиттеу саласын айқындайтын құжатты қайта бекітеді.
7. Аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеуден бас тарту туралы шешім табыс етілген құжаттар мен мәліметтерден дәйексіз ақпарат анықталған, аккредиттеу субъектісі тексеру барысында анықталған сәйкессіздіктерді белгіленген мерзімде жоймаған кезде, сондай-ақ алғашқы тексеру кезінде анықталған сәйкессіздіктер қайта тексеру кезінде анықталса, қабылданады.
Қабылданған шешім туралы хабарлама шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аккредиттеу субъектiсiне жазбаша түрде почта арқылы немесе факсимильді байланыс арқылы жіберіледі және тиісінше өтінім беруші почта жөнелтілімін алғаны туралы хабарламаға белгі қойған күннен бастап немесе факсимильді хабар жіберілген күні алынды деп есептеледі.
8. Аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі оны қайта ресімдеу кезінде үзілмейді.
211-бап. Аккредиттеу материалдарын өзекті ету
1. Аккредиттеу материалдарын өзекті ету аккредиттеу субъектісі құжаттарына аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеуге әкеп соқпайтын өзгерістер енгізуді білдіреді.
2. Аккредиттеу материалдарын өзекті ету:
1) аккредиттеу субъектiсiнiң құжаттарында көрсетiлген нормативтiк құжатқа өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзген және (немесе) жаңа нормативтiк құжатты қолданысқа енгiзген;
2) сәйкестікті бағалау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын мамандардың құрамы өзгерген;
3) өлшем құралдары мен сынақ жабдықтары ауыстырылған жағдайларда, осы Кодекстің 210-бабының 1-тармағында көзделген негіздер болмаған кезде жүзеге асырылады.
3. Өзекті ету кезінде аккредиттеу субъектісі аккредиттеу жөніндегі органға өзекті етудің себептерін негіздей отырып, өтінімін және өзгерістер енгізілген құжаттардың екі данасын береді.
4. Аккредиттеу жөніндегі орган құжаттар келіп түскен кезден бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оларды қарайды.
Оң шешім шығарылған және аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу үшін негіздер болмаған жағдайда аккредиттеу жөніндегі орган енгізілген өзгерістерді назарға алады, қажет кезінде аккредиттеу саласын айқындайтын құжатты қайта бекітеді, бұл туралы аккредиттеу субъектісіне почта арқылы немесе факсимильді байланыс арқылы жазбаша хабарлайды және ол тиісінше өтінім беруші почта жөнелтілімін алғаны туралы хабарламаға белгі қойған күннен бастап немесе факсимильді хабар жіберілген күні алынды деп есептеледі.
5. Табыс етілген құжаттарда және мәліметтерде дұрыс емес ақпарат және (немесе) аккредиттеу саласын кеңейтуге қатысты ақпарат анықталған кезде аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеу материалдарын өзекті етуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Қабылданған шешім туралы хабарлама шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде почта арқылы немесе факсимильді байланыс арқылы аккредиттеу субъектiсiне жіберіледі және тиісінше өтінім беруші почта жөнелтілімін алғаны туралы хабарламаға белгі қойған күннен бастап немесе факсимильді хабар жіберілген күні алынды деп есептеледі.
212-бап. Аккредиттеу субъектілерінің тізілімі
1. Аккредиттеу субъектілерінің тізілімі аккредиттеу субъектілерін есепке алудың бірыңғай жүйесін білдіреді.
Аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеу субъектілерінің тізілімін қалыптастырады және жүргізеді.
2. Аккредиттеу субъектілерінің тізілімі мыналарды:
1) осы Кодекстің 209-бабының 7-тармағында көрсетілген мәліметтерді;
2) аккредиттеу саласына кіретін сәйкестікті бағалау объектілерін;
3) аккредиттеу субъектісі басшысының тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде);
4) аккредиттеу аттестатының қайта ресімделген күні мен негіздемесін;
5) аккредиттеу материалдарын өзекті ету күнін, негізін және өзекті етілген аккредиттеу материалдары туралы ақпаратты;
6) инспекциялық тексерулер жүргізілген күнді және оның нәтижелерін;
7) аккредиттеу аттестатын аккредиттеу жөніндегі органның кері қайтарып алған және қайтарған күні мен негіздемесін;
8) аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылған күні мен оның негіздемесін;
9) аккредиттеу аттестатының күші жойылған күнін;
10) аккредиттеу аттестатынан айыру күні мен оның негіздемесін;
11) аккредиттеу аттестатының телнұсқасын беру туралы белгіні қамтуға тиіс.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген ақпарат негіздер туындаған кезден бастап жеті жұмыс күні ішінде аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізіледі.
4. Аккредиттеу субъектілерінің тізілімінде қамтылған ақпарат онымен жеке және заңды тұлғалар танысу үшін ашық болып табылады.
213-бап. Аккредиттеу субъектілерін инспекциялық тексеру
1. Инспекциялық тексеру – аккредиттеу жөніндегі орган жүзеге асыратын аккредиттеу критерийлерін аккредиттеу субъектілерінің сақтауын тексеру.
Инспекциялық тексеру аккредиттеуден кейiнгi шарт негiзiнде жүзеге асырылады.
Бірінші инспекциялық тексеру бастапқы аккредиттелген күннен кейін он екі айдан кешіктірілмей жүргізіледі. Келесі инспекциялық тексерулер екi жылда бiр реттен жиi болмайтын кезеңдiлiкпен, бiрақ осының алдындағы инспекциялық тексеру жүргізілген кезден бастап жиырма төрт айдан кешiктiрiлмей жүргізіледі.
Аккредиттеу субьектісінің аккредиттеу критерийлерінің бұзылуына жол бергені туралы жеке немесе заңды тұлғадан өтінішхат не мемлекеттік органнан хабарлама келіп түскен жағдайда, аккредиттеу жөніндегі орган кезектен тыс инспекциялық тексеру жүргізуге құқылы.
2. Аккредиттеу субъектісіне немесе аккредиттеу субъектісінің өзі тұрған жерден тыс жерде орналасқан оның құрылымдық бөлімшесіне инспекциялық тексеру жүргізу мерзiмi бес жұмыс күнінен аспауға тиіс. Кезектен тыс инспекциялық тексеру жүргізу мерзімі үш жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Құрылымдық бөлімшелері бар аккредиттеу субъектісін инспекциялық тексерудің жалпы ұзақтығы жиырма жұмыс күнінен аспауға тиіс.
3. Аккредиттеу жөніндегі орган инспекциялық тексеру жүргізу кезінде аккредиттеу субъектісінен қажетті түсіндірмелер, құжаттар мен мәліметтер сұратып алуға құқылы.
4. Инспекциялық тексеру нәтижелері екі данада жасалған есеппен ресімделеді, онда:
1) есептің жасалған күні, уақыты мен орны;
2) аккредиттеу жөніндегі орган басшысының инспекциялық тексеру жүргізуге негіз болған шешімінің күні мен нөмірі;
3) инспекциялық тексеру жүргізген аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлардың тегі, аты, әкесінің аты (олар болған кезде);
4) аккредиттеу субъектісінің атауы, инспекциялық тексеру жүргізу кезінде қатысқан аккредиттеу субъектісі өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы;
5) инспекциялық тексеру жүргізілген күні, уақыты мен орны;
6) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған сәйкессіздіктер туралы және олардың сипаты туралы мәліметтер;
7) сәйкессіздіктерді жою туралы және оларды жою мерзімдері туралы нұсқаулар;
8) аккредиттеу субъектісі өкілінің есебімен танысу немесе танысудан бас тарту туралы мәліметтер, олардың қойған қолы немесе қол қоюдан бас тартуы туралы мәліметтер көрсетіледі.
Есептің бір данасы аккредиттеу субъектісінің өкіліне тапсырылады.
Аккредиттеу жөніндегі орган есеп келіп түскен кезден бастап он жұмыс күні ішінде оны қарайды және аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алуға не осы Кодекстің 214-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органға жиналған материалдарды жіберуге негіз болмаған кезде ақпаратты назарға алады не анықталған аккредиттеу критерийлеріне сәйкессіздіктерді аккредиттеу субъектісінің жоюы туралы шешім қабылдайды.
214-бап. Аккредиттеу аттестатын керi қайтарып алу,
қолданысын тоқтату, тоқтата тұру, одан айыру
1. Аккредиттеу аттестатын керi қайтарып алу – аккредиттеу субъектiсi өзi сәйкестiгiне аккредиттелген аккредиттеу критерийлерiне сәйкес келмеген жағдайда, аккредиттеу аттестатын керi қайтарып алуға негiз болған себептер жойылғанға дейiн аккредиттеу аттестатын немесе аккредиттеу субъектiсiнiң аккредиттеу саласының бiр бөлiгiн уақытша жарамсыз деп тану туралы аккредиттеу жөнiндегi органның шешiмi.
2. Аккредиттеу аттестатын аккредиттеу жөнiндегi орган:
1) аккредиттеу субъектiсiнiң жазбаша өтiнiшi болған;
2) сәйкестiктi бағалау нәтижелерiнiң дұрыстығына әсер ететiн аккредиттеу критерийлерiне сәйкессiздiктер анықталған;
3) анықталған аккредиттеу критерийлерiне сәйкессiздiктер аккредиттеу жөнiндегi орган белгiлеген мерзiмде жойылмаған;
4) аккредиттеу субъектiсiнiң аккредиттеу критерийлерiнiң бұзылуына жол бергенi туралы жеке немесе заңды тұлғаның өтiнiшхатында не мемлекеттiк органның хабарламасында көрсетiлген фактiлер кезектен тыс инспекциялық тексеру нәтижелерi бойынша расталған;
5) салыстырмалы сынақтардың және (немесе) өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу нәтижелерiн салғастырудың анықталған терiс нәтижелерi жойылмаған;
6) аккредиттеу критерийлерiнiң және аккредиттеуден кейiнгi шарт талаптарының бұзылғаны анықталған кезде аккредиттеу субъектiлерiнiң қызметiне мониторинг жүргiзу нәтижелерi бойынша;
7) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжат берілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын сәйкестікті бағалау (растау) бойынша жұмыс нәтижелерін электрондық есепке алу жөніндегі мәліметтер ұсынылмаған немесе дұрыс емес деректер ұсынылған жағдайларда қайтарып алады.
Аккредиттеу аттестаты аккредиттеу субъектiсiнiң құрылымдық бөлiмшесiнiң қызметi бөлiгiнде кері қайтарып алынуы мүмкiн.
Аккредиттеу аттестатының барлық саласына қатысты емес, осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайлар басталған кезде аккредиттеу жөнiндегi орган аккредиттеу субъектiсiнiң аккредиттеу саласының бiр бөлiгiн уақытша жарамсыз деп тану туралы шешiм қабылдайды.
3. Егер аккредиттеу критерийлерiнiң анықталған сәйкессiздiктерiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық құрамының белгiлерi болған жағдайда, аккредиттеу жөнiндегi орган осындай сәйкессiздiктер анықталған күннен бастап есептелетiн, үш жұмыс күнi iшiнде тиiстi шараларды қолдану үшiн жиналған материалдарды уәкiлеттi органға жiбередi.
4. Аккредиттеу аттестатын керi қайтарып алу туралы шешiмнiң көшiрмесi шешiм қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы аккредиттеу субъектiсiне жiберiледi және өтiнiм берушi почта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгi қойған күннен бастап алынды деп есептеледi.
5. Аккредиттеу аттестаты аккредиттеу субъектісі аккредиттеу аттестатын керi қайтарып алу туралы шешімнің көшірмесін алған күннен бастап кері қайтарып алынды деп және аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеу аттестатын қайта жаңарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап, бірақ аккредиттеу аттестатын қайтарып алу туралы шешім қабылданған күннен бастап екі ай бұрын қайта жаңартылды деп есептеледі.
6. Аккредиттеу субъектiсi аккредиттеу аттестатын керi қайтарып алу туралы шешiмдi алған күннен бастап анықталған сәйкессiздiктердi жою жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
Аккредиттеу аттестатын керi қайтарып алуға негiз болған сәйкессiздiктер жойылғаннан кейiн аккредиттеу субъектiсi аккредиттеу аттестатын немесе аккредиттеу саласының бiр бөлiгiн қайта жаңарту туралы шешiм қабылдау үшiн аккредиттеу жөнiндегi органға олардың жойылғаны туралы мәлiметтердi жазбаша түрде ұсынады.
Анықталған сәйкессiздiктердiң жойылғаны туралы мәлiметтердi растау қажет болған жағдайда аккредиттеу жөнiндегi орган осы Кодекстің 213-бабында көзделген тәртiппен инспекциялық тексеру жүргiзедi.
Аккредиттеу жөнiндегi орган сәйкессiздiктердiң жойылғаны туралы мәлiметтердi аккредиттеу субъектiсi ұсынған күннен бастап есептелетiн он жұмыс күнi iшiнде, ал инспекциялық тексеру жүргiзiлген жағдайларда, ол аяқталған күннен бастап аккредиттеу аттестатын немесе аккредиттеу саласының бiр бөлiгiн қайта жаңарту туралы не қайта жаңартудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
Егер аккредиттеу жөнiндегi орган көрсетiлген мерзiмде өзiнiң шешiмi туралы аккредиттеу субъектiсiн жазбаша хабардар етпесе, онда көрсетiлген мерзiм өткен соң, бірақ кері қайтарып алу туралы шешім қабылданған күннен бастап екі ай бұрын аккредиттеу аттестаты қайта жаңартылады.
7. Аккредиттеу аттестатының қолданысы мынадай негiздер:
1) аккредиттеу субъектiсiнiң жазбаша өтiнiшiнiң болуы;
2) аккредиттеуден кейiнгi шарттың тоқтатылуы бойынша тоқтатылады.
8. Өтiнiм берушiнiң аккредиттеу аттестатын алу кезiнде жалған ақпаратты ұсынғаны анықталған жағдайда аккредиттеу жөнiндегi органның өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сот аккредиттеу аттестатының күшін жоюды жүргiзедi.
9. Аккредиттеу аттестатын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
215-бап. Аккредиттеу жөнiндегi шетелдiк органдар
жүргiзген аккредиттеу нәтижелерiн тану
1. Қазақстан Республикасында аккредиттеу жөнiндегi шетелдiк органдар жүргiзген аккредиттеу нәтижелерiн тану аккредиттеу жүйелерiнiң, аккредиттеу кезiнде қолданылатын рәсiмдер мен талаптардың бiрдейлiгiн тану негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Аккредиттеу нәтижелерiн өзара тану екiжақты және көпжақты келiсiмдер жасау арқылы жүзеге асырылады.
3. Аккредиттеу жөнiндегi шетелдiк органдар берген аккредиттеу аттестаттары немесе оларға балама құжаттар Қазақстан Республикасында аккредиттеу жөнiндегi халықаралық (өңiрлiк) мемлекеттiк емес, үкiметтiк емес ұйымдармен жасалған келiсiмдерге сәйкес танылады.
216-бап. Сәйкестікті бағалау бойынша аккредиттеу
саласындағы дауларды шешу
1. Өтiнiм берушiлер мен аккредиттеу субъектiлерi аккредиттеу жөнiндегi органның терiс шешiмiне аккредиттеу материалдары бойынша апелляция жөнiндегi комиссияға шағым жасауға құқылы.
2. Апелляция жөнiндегi комиссияны аккредиттеу жөнiндегi органның басшысы құрады.
Апелляция жөнiндегi комиссияның құрамы оған уәкiлеттi органның жанында аккредиттелген қауымдастықтар (одақтар) нысанындағы заңды тұлғалар бiрлестiктерінiң үш өкiлiн, техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы уәкiлеттi органның үш өкiлiн және аккредиттеу жөнiндегi органның бiр өкiлiн жiберу арқылы қалыптастырылады.
3. Апелляция жөнiндегi комиссияның төрағасы мен хатшысы оның мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен сайланады.
Апелляция жөнiндегi комиссияның төрағасы комиссия туралы ереженi бекiтедi, оның қызметiне басшылық жасайды, комиссияның отырысын өткiзедi, оның жұмысын жоспарлайды.
4. Апелляция жөнiндегi комиссия шағым келіп түскен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiмнiң негiздiлiгi туралы қорытындыны аккредиттеу жөнiндегi органның басшысына ұсынады.
5. Аккредиттеу жөнiндегi органның басшысы апелляция жөнiндегi комиссия қорытындысын қарау нәтижелерi туралы шағым берген өтiнiм берушiге немесе аккредиттеу субъектiсiне қорытынды ұсынылған кезден бастап үш жұмыс күнi iшiнде хабарлайды.
6. Өтiнiм берушiлер мен аккредиттеу субъектiлерi аккредиттеу мәселелерi бойынша даулар туындаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
14-тарау. БАҒАЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
217-бап. Бағаларды мемлекеттік реттеу
1. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағаларды кәсіпкерлік субъектілері өз бетінше айқындайды.
Мемлекет Қазақстан Республикасында ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті сақтауды, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығын қамтамасыз ету мақсаттарында бағаларды реттеуді белгілейді.
Мемлекет кәсіпкерлік субъектілерінің мынадай тауарларына, жұмыстарына және көрсетілетін қызметтеріне:
1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына;
2) табиғи монополия саласындағы көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға);
3) мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге;
4) реттелетін нарық субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге);
5) халықаралық іскер операцияларда және трансферттік баға белгілеу кезінде халықаралық іскер операцияларға байланысты мәмілелерде тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге);
6) ақша-кредиттік саясаттың негізгі операциялары бойынша;
7) бағаны мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге;
8) тағамдық және тағамдық емес шикізаттан жасалған этил спиртіне және алкоголь өніміне (сырадан басқа) ең төменгі бағаны белгілеуде;
9) фильтрлі темекілерге ең төменгі бағаны белгілеуде;
10) табиғи монополия жағдайындағы тауар нарықтарында белгілі бір жағдайларда, оның ішінде төтенше жағдайларда, табиғи апаттарда, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде туындаған проблемаларды бәсекелестік жағдайы үшін аз теріс салдарлары бар тәсілмен шешу мүмкін болмаған жағдайларда, бағаны реттейді.
218-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына
баға белгілеу
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекітеді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәнін, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етiлетін бөлшек сауда бағаларының шекті мөлшерін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Бағаның негiзсiз өсуiне жол бермеу, инфляцияны рұқсат етiлген шекте ұстау және елде макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында белгiленетiн сауда қызметiнiң субъектiсi әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағасын айқындауға құқылы, бөлшек сауда бағаларының рұқсат етiлген деңгейi әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәнi болып табылады.
Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәнi артқан жағдайда, сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган белгiлейтiн бөлшек сауда бағаларының деңгейi әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағасы болып танылады.
2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын беруге шарттар жасау кезінде тауар үстемесінің шекті мөлшері міндетті түрде белгіленуге тиіс. Осы талаптарды бұза отырып, жасалған мәміле жарамсыз болады.
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәнi артқан жағдайда, сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган күнтiзбелiк тоқсан күннен аспайтын мерзiмге облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында оларға рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағаларының мөлшерiн белгiлеуге құқылы.
219-бап. Табиғи монополия саласында көрсетілетін
қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) баға
белгілеу
1. Табиғи монополия саласында көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) баға белгілеу Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес:
1) тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемелерін) немесе оның шектi деңгейiн, оның iшiнде салыстырмалы талдау әдiсiн, сараланған және инвестициялық тарифтердi (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) қолдана отырып, бекiту;
2) тұтынушылар мен табиғи монополия субъектiсiнiң мүдделерiн қорғау мақсатында уақытша төмендету коэффициентiн, тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) қолданылатын шаманы бекіту;
3) табиғи монополия субъектiсi тұтынушыларға келтiрген шығындарына өтем жасау мақсатында уақытша өтемдiк тарифті бекіту арқылы жүзеге асырылады.
2. Табиғи монополия саласындағы көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтер (бағалар, алымдар мөшерлемелері) немесе олардың шектi деңгейi реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi ұсыну (тауарлар өндiру, жұмыстар) үшiн қажеттi шығын құнынан төмен болмауға және табиғи монополия субъектiсiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн пайда алу мүмкiндiгiн ескеруге тиiс.
3. Көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) нарығында туындайтын қоғамдық қатынастар саласы табиғи монополия саласы болып табылады, онда дара кәсiпкер немесе заңды тұлға табиғи монополия субъектiсi болып таныла алады.
Табиғи монополия жағдайларында тауарларды шығарумен, жұмыстарды орындаумен және (немесе) тұтынушыларға қызметтер көрсетумен айналысатын кәсіпкерлік субъектілері табиғи монополия субъектісі бола алады.
Табиғи монополиялар субъектiлерi реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) нақты түрлерiн көрсете отырып, республикалық және жергiлiктi бөлiмдерден тұратын Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзiлуге жатады. Табиғи монополиялар субъектілерін мемлекеттік тiркелiмге енгізу және одан шығару тәртібін табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
Көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) белгілі бір түрін өндіру мен ұсынудың технологиялық ерекшеліктеріне орай көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) осы түріне сұранысты қанағаттандыру үшін бәсекелестік жағдайлар жасау мүмкін болмайтын немесе экономикалық жағынан тиімсіз болатын көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) нарығының жай-күйі табиғи монополия болып табылады.
4. Табиғи монополия субъектісі барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) қолданылуы кезеңiнде табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен төмендетуге және көтеруге құқылы.
Ұсынылатын реттеліп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) көтерілетін немесе төмендетілетін тариф (баға, алым мөлшерлемесі) немесе оның шекті деңгейі көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін қажетті шығындардың құнынан төмен болмауға және табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі - субъект) тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін пайда алу мүмкіндігін ескеруге тиіс:
1) барлық тұтынушылар үшін ұсынылатын реттеліп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифті (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) немесе оның шекті деңгейін көтеру Қазақстан Республикасының салық заңнамасы тиісінше өзгерген жағдайда жүзеге асырылуы мүмкін;
2) ұсынылатын реттеліп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) немесе оның шекті деңгейін төмендету мынадай:
реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі ұлғайған;
ағымдағы және күрделі жөндеуге және негізгі құралдар құнының өсуіне әкеп соқпайтын басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына арналған шығындарды қоспағанда, субъектінің нақты шығындары, заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаны және (немесе) инвестициялық жобаны іске асыруға арналған шығындар қысқарған;
субъектілер жүзеге асыратын табиғи монополиялар салаларына жатпайтын қызметтің өзге де түрлерінен және Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес табиғи монополия субъектісінің бүкіл қызметінен бес пайыздан аспайтын қомақты табыс алған;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасы тиісінше өзгерген жағдайларда жүзеге асырылады.
5. Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласындағы уәкілетті орган оны белгілеу қажеттігі туралы негізделген материалдарға өтінім беруші ұсынған жүргізілген сараптама қорытындылары бойынша уақытша төмендету коэффициентін белгілейді.
6. Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласындағы уәкiлеттi орган табиғи монополия субъектiсiне өзi жүргiзген тексерулер материалдарының негiзiнде, табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтiк сметаны орындауын талдау және (немесе) табиғи монополия субъектiсiнiң инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы ақпаратын талдау нәтижелерi бойынша шешiм қабылданған күнгi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн ескере отырып, уақытша өтемдiк тарифтi белгiлейдi.
7. Азаматтардың өмiрiн, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкiн, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласындағы уәкiлеттi орган төтенше реттеушi шаралар ретінде тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды бекіте алады.
8. Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiне Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн баға белгілеудiң оңайлатылған тәртiбi қолданылады.
Бұл ретте қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерi көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерiн), тарифтiк сметаларды алдыңғы күнтiзбелiк жылдағы факті бойынша тұтынушылық бағалар индексiнен аспайтын шамаға жылына бiр рет өз бетiнше өзгертуге құқылы.
Осы тармақтың екiншi абзацында көзделген жағдайда қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсi өзгерткен реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тариф (баға, алым мөлшерлемесi), тарифтiк смета, реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тиiсiнше тариф (баға, алымдар мөлшерлемесi) және тарифтiк смета болып табылады.
Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесiн), тарифтiк сметаны тұтынушылық бағалар индексiнен асатын шамаға өзгерту қажет болған кезде қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен тарифтi (бағаны, алымдар мөлшерлемесiн), тарифтiк сметаны қайта қарау үшiн өтiнiммен табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласындағы уәкiлеттi органға жүгiнедi.
220-бап. Реттелетiн нарық субъектілері өндіретін және
өткізетін тауарларға (көрсетілетін қызметтерге,
жұмыстарға) баға белгілеу
1. Бағаларды мемлекеттiк реттеу темiржол көлiгi, электр және жылу энергетикасы, мұнай өнiмдерiн өндiру, мұнайды тасымалдау, азаматтық авиация, порттық қызмет, телекоммуникациялар және почта байланысы, сондай-ақ «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, газ саласындағы реттелетiн нарық субъектiлерiнiң тауарларына (жұмыстарына, көрсетiлетiн қызметтерiне) қолданылады.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласындағы уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша осы баптың 1-тармағында көзделмеген тауар нарықтарында мемлекет реттейтiн бағалар қолданылатын өнiмдердiң, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң номенклатурасын белгiлейдi.
3. Мыналар:
Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес реттелетiн нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген;
Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген номенклатураға енгiзiлген өнiмдi, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi өткiзетiн дара кәсiпкер немесе заңды тұлға (табиғи, мемлекеттiк монополия субъектiлерiн және энергия өндiрушi ұйымдарды қоспағанда) реттелетiн нарық субъектiсi болып танылады.
Реттелетiн нарық субъектiлерi үшiн осы Кодекске сәйкес бағаларды мемлекеттiк реттеу енгiзiлген тауар нарықтары реттелетiн нарықтар болып табылады.
4. Реттелетiн нарық субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға белгілеу Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес шекті баға белгілеу арқылы жүзеге асырылады.
5. Тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) шекті бағаны реттелетiн нарық субъектісі оларды өндiру және (немесе) өткiзу үшiн қажеттi шығындар мен пайданың негiзiнде белгілейді және табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласындағы уәкілетті орган босату бағасына жүргiзiлген сараптаманың нәтижелерi бойынша оны негiздi деп таниды.
Реттелетiн нарық субъектiсi тауарды (жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi) өндiру және (немесе) өткiзу үшiн қолданатын оның бағасы босатылу бағасы болып танылады.
6. Реттелетiн нарық субъектiсi шектi бағаны көтерместен, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласындағы уәкiлеттi органға бағаның төмендеу немесе көтерiлу себептерiн көрсететiн ақпаратты баға төмендеген немесе көтерiлген күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей ұсына отырып, өндiрiлетiн (өткiзiлетiн) тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) бағаларды өз бетінше төмендетуге және көтеруге құқылы.
221-бап. Мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін
және өткізетін тауарларға (көрсетілетін
қызметтерге, жұмыстарға) баға белгілеу
1. Мемлекеттiк монополия субъектiсi өндiретiн және өткiзетiн тауарларға баға белгiлеу қағидаларын бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
2. Осы Кодексте көзделген тәртiппен енгiзiлетiн, бәсекелестiк нарықта қандай да бiр тауарды өндiруге, өткiзуге немесе сатып алуға арналған мемлекеттiң айрықша құқығы мемлекеттік монополия болып табылады.
Айрықша құқықты iске асыру мемлекеттiк монополия субъектiсiн құру жолымен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Үкiметi не Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары құрған мемлекеттiк кәсiпорын ғана мемлекеттiк монополия субъектiсi бола алады.
3. Мемлекеттiк монополия субъектiсi өнімге, тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) негізделген бағаны қалыптастыру кезінде өнімді, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіруге (көрсетуге) тікелей қатысты және негіздемелік материалдармен (шарттармен, шот-фактуралармен, қаржылық құжаттармен) расталған шығыстар оның өзіндік құнының есебіне жатқызылады.
4. Мемлекеттiк монополия субъектiсi баға қалыптастыру кезінде өнімді, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіруге (көрсетуге) тікелей қатысты емес, сондай-ақ негіздемелік материалдармен (шарттармен, шот-фактуралармен, қаржылық құжаттармен) расталмаған шығыстар оның өзіндік құнының есебіне жатқызылмайды.
5. Неізделген бағаға қосылатын пайда деңгейін айқындау кезінде мемлекеттік монополия субъектілерінің тиімді жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ететін қаражат ескеріледі.
222-бап. Халықаралық іскерлiк операцияларда және
халықаралық iскерлiк операцияларға байланысты
мәмiлелерде тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін
қызметтерге) бағаларды реттеу
1. Қазақстан Республикасында трансферттік баға белгілеу кезінде туындайтын халықаралық іскерлiк операцияларда және халықаралық iскерлiк операцияларға байланысты мәмiлелерде тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды реттеу «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Өзара байланысты тараптар арасында қалыптасатын және (немесе) тәуелсiз тараптар арасында мәмiлелер жасау кезiнде бағалар ауқымы ескерiле отырып, объективтi түрде қалыптасатын нарықтық бағадан айырмашылығы болатын, «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бақылауға жататын баға трансферттiк баға (трансферттiк баға белгiлеу) болып табылады.
3. Тауарларды сатып алу-сату жөнiндегi экспорттық және (немесе) импорттық мәмiлелер; тұрақты мекеме құрмастан Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын, резидент емес болып табылатын тараптардың бiрiнiң жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету жөнiндегi мәмiлелерi; Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тауарларды сатып алу-сату, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету жөнiнде жасаған мәмiлелерi халықаралық iскерлiк операциялар болып табылады.
223-бап. Ақша-кредит саясатының негізгі операциялары
бойынша баға белгілеу
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақша-кредит саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесін қаржы нарығында жүзеге асырылатын ақша-кредит саясаты шеңберінде сыйақының нарықтық мөлшерлемесіне әсер етуі мақсатында белгілейді.
224-бап. Бөлшек сауда арқылы өткізуге бағаны мемлекеттік
реттеу белгіленген мұнай өнiмдерiне баға
белгілеу
1. Мемлекет Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасына сәйкес бөлшек сауда арқылы мұнай өнiмдерiн өткiзу бағасын реттейді.
2. Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкiлеттi орган табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тәртiппен бөлшек сауда арқылы өткізуге бағаны мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнiмдерiне шектi бағалар белгiлейдi.
3. Мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткiзушiлер мұнай өнiмдерiн өткiзу кезiнде бөлшек сауда арқылы өткiзуге бағаны мемлекеттiк реттеу белгiленген мұнай өнiмдерiн белгiленген шектi бағалардан асырмауға мiндеттi.
4. Мұнай өнiмдерiн бөлшек саудада өткiзу бағаларын мемлекеттiк реттеу жағдайларында шектi бағалар айына бiр реттен артық белгiленбейдi.
225-бап. Арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі
жоғары ликер-арақ бұйымдарына ең төмен бөлшек
сауда бағаларын белгiлеу
Мемлекет Қазақстан Республикасының этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасына сәйкес арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына ең төмен бөлшек сауда бағасын белгiлейдi.
226-бап. Фильтрлі сигареттердің ең төмен бөлшек сауда
бағаларын белгілеу
Мемлекет Қазақстан Республикасының темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасына сәйкес фильтрлі сигареттердің ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілейді
15-тарау. МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ
227-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін міндетті сақтандыру
1. Кәсіпкерлік субъектілерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
2. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру мынадай жағдайлар болған кезде:
1) азаматтардың өміріне және (немесе) денсаулығына, үшінші тұлғадардың мүлкіне, қоршаған ортаға зиян келтіру қатері болған;
2) сақтанушы қауіп дәрежесін және сақтандыру оқиғасы басталуының мүмкін болатын салдарын жете бағаламаған;
3) азаматтардың өміріне және (немесе) денсаулығына, үшінші тұлғадардың мүлкіне, қоршаған ортаға зиян келтіру қатерінен қорғауға қоғамдық қажеттілікті қамтамасыз етудің өзгеше мүмкіндігі болмаған кезде белгіленуі мүмкін.
228-бап. Міндетті сақтандырудың мақсаты
Үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға келтірілген зиянды сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру арқылы өтеу міндетті сақтандырудың мақсаты болып табылады.
229-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін міндетті сақтандыру объектісі
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген оның мiндетiне байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде азаматтардың өмiрiне және (немесе) денсаулығына, үшiншi тұлғалардың мүлкiне және (немесе) қоршаған ортаға келтiрiлген мүліктік зиянды өтеу, кәсіпкерлік субъектісінің мүлiктiк мүддесi кәсіпкерлік субъектілерінің азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру объектiсi болып табылады.
230-бап. Міндетті сақтандыруды жүзеге асыру
1. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру шартын кәсіпкерлік субъектілері кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде азаматтардың өмiрiне және (немесе) денсаулығына, үшiншi тұлғалардың мүлкiне және (немесе) қоршаған ортаға келтiрiлген зиянды өтеу жағдайына жасайды.
2. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты үшiншi тұлғалардың өмiрiне және (немесе) денсаулығына, мүлкiне және (немесе) қоршаған ортаға келтiрiлген зиян үшін кәсіпкерлік субъектісінің өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру шартын жасасуы оны Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген кәсіпкерлік субъектісінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың тиісті шартын жасасу жөніндегі міндетінен босатпайды.
231-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті
сақтандырудан жалтарғаны үшін жауаптылық
Сақтандырушы ретінде, сондай-ақ сақтандырушы ретінде болуға міндетті сақтандыру ұйымы, оны жүзеге асыруға міндетті адамды сақтандырудан жалтару Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
16-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ § 1. Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы жалпы ережелер
232-бап. Мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы қатынастар
1. Мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы қатынастарды реттеу Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылаудың және қадағалаудың жалпы құқықтық негiздерiн белгілеу мақсатында жүзеге асырылады және бақылау мен қадағалау қызметiн жүзеге асырудың бiрыңғай қағидаттарын белгiлеуге, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың, өздерiне қатысты мемлекеттiк бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға бағытталған.
2. Тексерiлетiн субъектiлерге мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргiзудi ұйымдастыру саласындағы қатынастарды мемлекеттік реттеуді осы баптың 3, 4-тармақтарында және осы Кодекстің 243-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, құқықтық мәртебесiне, меншiк нысанына және қызмет түрлерiне қарамастан, осы Кодекс жүзеге асырады.
3. Осы Кодекс:
1) бақылау және қадағалау органдары жүзеге асыратын тексерулердi жүргiзу тәртiбiн;
2) бақылау және қадағалау органдарының тексерулер жүргiзу кезiндегi өзара iс-қимылының тәртiбiн;
3) тексерiлетiн субъектiлердiң бақылау және қадағалау жүргiзу кезiндегi құқықтары мен мiндеттерiн, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi шараларды;
4) бақылау және қадағалау органдарының және олардың лауазымды адамдарының тексеру жүргiзу кезiндегi құқықтары мен мiндеттерiн белгiлейдi.
4. Осы Кодекстің 233, 234-баптарын қоспағанда, осы тараудың күшi:
1) жер қойнауын пайдаланушылардың пайдалы қазбаларды барлауды, өндiрудi, бiрлескен барлау мен өндiрудi жүргiзуге не барлауға және (немесе) өндiруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға не жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге арналған келiсiмшарттар талаптарын орындауын бақылауға;
2) кеден iсi саласындағы мемлекеттiк бақылауға байланысты қатынастарға қолданылмайды.
5. Осы тараудың күшi:
1) прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалау;
2) қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысындағы бақылау және қадағалау;
3) сот төрелігі;
4) жедел-iздестiру қызметi;
5) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасының сақталуын бақылау салаларындағы қатынастарға қолданылмайды.
6. Инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға арналған келісімшарттардың талаптарының сақталуын бақылауға байланысты қатынастарға осы Кодекстің 233, 234 және 261-баптарын қоспағанда, осы тараудың күші қолданылмайды.
7. Осы баптың 4, 5, 6-тармақтарында тізбеленген, ішкі бақылау бөлігіндегі қатынастарға «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының күші қолданылады.
8. Осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетiлген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы талаптарының сақталуына, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылауға және қадағалауға байланысты бақылау және қадағалау жүргiзу кезiнде туындайтын қатынастар көрсетiлген салалардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
9. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау және қадағалау осы Кодекстің 241, 242-баптарында көзделген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі саласында ғана жүзеге асырылады.
10. Реттеуші мемлекеттік органдар жаңа салаларды осы Кодекстің 241, 242-баптарына енгізу үшін осы Кодекстің 119-бабына сәйкес реттеушілік ықпалын талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс.
11. Осы баптың 10-тармағының күші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қолданылмайды.
12. Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларда, осы тараудың ережелері осы заңдар реттейтін қатынастарға қолданылады.
233-бап. Мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың
міндеттері
1. Экономикалық қауiпсiздiктi, алдау практикасының алдын алуды, табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеудi, ұлттық өнiмдердiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруды әрi жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қоса алғанда, тексерiлетiн субъект өндiретiн және сататын өнiмдердiң, технологиялық процестердiң адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiпсiздiгiн, олардың мүлкiн қорғауды, қоршаған орта үшін қауiпсiздiгiн, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың мiндетi болып табылады.
2. Мемлекеттiк органдарға осы Кодекстің 244-бабының 2, 3-тармақтарында, 245-бабының 1-тармағында, 246-бабының 1-тармағында көзделген нормативтiк құқықтық актiлердi қоспағанда, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне тексерулер жүргiзу тәртiбi мәселелерi бойынша заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлерді қабылдауға тыйым салынады.
3. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Кодекстің 241, 242-баптарында көрсетiлген қызмет салаларында жүзеге асырылады.
234-бап. Мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге
асыру кезіндегі кепілдіктер
1. Кәсiпкерлiк субъектiлерiнің қызметіне мемлекеттiк бақылауды, осындай құқық осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының заңдарымен берілген мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
2. Кәсiпкерлiкке мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды тәуелсіздік, объективтілік, әділдік, бақылау және қадағалау нысандарының дәйектілігі негізінде жүзеге асырылады.
3. Мемлекет мемлекеттiк бақылау және қадағалау жүйесінің есептілігіне және ашықтығына кепілдік береді.
4. Мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүргізу тексерілетін субъектiлердің адалдығын көтермелеу, заң бұзушыларға бақылауды және қадағалауды шоғырландыру негізінде жүзеге асырылады.
235-бап. Тексерілетін субъектілер мен объектілер.
Тексерiлетiн субъектiлердің (объектілердiң)
қызметiне қойылатын талаптар
1. Қызметіне мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері тексерілетін субъектілер болып табылады.
Тексерілетін объектілер – тексерiлетiн субъектiде бақылауға және қадағалауға жататын меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде болатын мүлік.
2. Тексерiлетiн субъектiлердiң қызметiне қойылатын талаптар нормативтiк құқықтық актiлерде, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен ғана белгiленедi.
236-бап. Құқық қорғау органдарының мемлекеттік бақылауды
және қадағалауды жүзеге асыруы кезiндегi жеке
кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң кепiлдiктерi
Құқық қорғау органдары жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне қатысты бақылау және (немесе) қадағалау iс-шараларын жедел-iздестiру қызметi, қылмыстық қудалау, әкiмшiлiк iс жүргiзу және (немесе) құқық қорғау органдары жүзеге асыратын реттеу функцияларын iске асыру шеңберiнде ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жүргiзедi.
237-бап. Мемлекеттік бақылау
1. Мемлекеттiк бақылау (бұдан әрi – бақылау) – бақылау және қадағалау органының тексерiлетiн субъектiлердi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға тексерiлетiн субъектiлер қызметiнiң сәйкестiгi нысанасына тексеру және қадағалау жөнiндегi қызметi, оны жүзеге асыру барысында және нәтижелерi бойынша жедел ден қоймастан құқық шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкiн.
2. Бақылау iшкi және сыртқы бақылау болып бөлiнедi.
3. Iшкi бақылауды жүргiзу тәртiбi «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
4. Сыртқы бақылау – тексерiлетiн субъектiлер қызметiнiң осы Кодекстің 235-бабының 2-тармағында көрсетiлген талаптарға сәйкестiгiне тексеру және қадағалау жөнінде бақылау және қадағалау органы жүзеге асыратын бақылау.
Сыртқы бақылауды жүргiзу тәртiбi осы Кодекстің 16-тарауының 240-бабында және § 2-да айқындалады.
Сыртқы бақылау нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк, тәртiптiк iс жүргiзудi қозғайды не өз құзыретi шегiнде тиiстi талап арызға бастамашылық жасайды және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қолданады.
238-бап. Мемлекеттік қадағалау
1. Мемлекеттiк қадағалау (бұдан әрi – қадағалау) – бақылау және қадағалау органының тексерiлетiн субъектiлердiң Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру және қадағалау жөнiндегi қызметi, оны жүзеге асыру барысында және нәтижелерi бойынша жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкiн.
2. Қадағалау уәкiлеттi мемлекеттiк органның әкiмшiлiк iс жүргiзудi қозғамастан, жедел ден қоюдың құқық шектеу шараларын қолдануды қамтиды.
3. Қадағалау:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес мемлекет атынан прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалау;
2) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен және шарттарда уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге асыратын қадағалау болып бөлiнедi.
239-бап. Жедел ден қою шаралары
1. Жедел ден қою шаралары – Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, тексерiлетiн субъектiлерге қоғамдық қауiптi салдарлардың туындауын болғызбау мақсатында тексерудi жүзеге асыру барысында және олардың нәтижелерi бойынша қолданылатын ықпал ету тәсiлдерi.
2. Жедел ден қоюдың құқық шектеу шаралары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделедi және мемлекеттiк органдар, егер тексерiлетiн субъектiнiң қызметi, тауары (жұмысы, көрсетiлетiн қызметi) жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарына, бостандықтарына және заңды мүдделерiне, адамдардың өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне тiкелей қатер төндiрген жағдайда қолданылады.
240-бап. Бақылаудың және қадағалаудың нысандары
1. Тексерiлетiн субъектiлердiң қызметiн бақылау және қадағалау:
1) ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбi осы Кодексте, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалатын тексерулер;
2) егер Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексінде және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, осы бапта және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалатын ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбi алдын алу-профилактикалық сипатта болатын бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысанында жүзеге асырылады.
2. Бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын жүргiзу кезінде:
1) осы баптың 3-тармағында көзделген жадайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау органдарына бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) баруға тыйым салынады;
2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеуден өту және тексерілетін субъекітіге алдын ала хабарлау талап етілмейді;
3) бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарының қорытындылары бойынша олардың түріне қарай бұзушылық анықталған жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамастан, бірақ тексерілетін субъектіге оны жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, қорытынды құжаттар (анықтама, нұсқама, қорытынды және басқалары) жасалады;
Осы тармақтың бірінші бөлігінің күші Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарына қолданылмайды.
Осы тармақтың 3) тармақшасының күші бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарының қорытындылары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғаудың мүмкін еместігі бөлігінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қолданылмайды.
3. Субъектіге (объектіге) барып бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандары:
1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген;
2) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгiленген;
3) егер бару «Рұқсаттар және хабраламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда өтiнiм берушiнiң бiлiктiлiк немесе рұқсат беру талаптарына сәйкес рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берiлгенге дейiн тексерумен байланысты болса;
4) құрылыс-монтаждау жұмыстарының ғимараттар мен құрылыстардың тiреу және қоршау конструкцияларын тұрғызу мен өзгертуге қойылатын талаптарға сәйкестiгіне инспекция жүргiзген;
5) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағалары мөлшерiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асырған;
6) iшкi iстер органдарының Қазақстан Республикасында қару мен оның патрондары айналымы қағидаларын сақтау мәселелерi бойынша бақылауды жүзеге асырған;
7) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асырған;
8) тексерілетін субъектінің өз қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі туралы рұқсат құжаттарын алумен байланысты емес қорытындыны (ақпаратты) алуы үшін бастамашылық өтініш берген;
9) егер бару «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес жүргізілетін өнімдердің қауіпсіздігіне мониторингті жүзеге асыру үшін өнімдерді іріктеумен байланысты болған;
10) аумаққа карантиндік объектілердің және аса қауіпті организмдердің таралу ошақтарын анықтауға тексеріс жүргізген;
11) егер бару Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының талаптарына сәйкес олардың сапасын анықтау үшін астықты қабылдау, тиеу және сандық-сапалық есебі кезінде сынамаларды, сондай-ақ астық қабылдау кәсіпорындарында сақталатын астықтың мемлекеттiк ресурстарын іріктеумен байланысты болған жағдайларда жүргiзіледi.
4. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарын жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, барумен бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын жүргізу кезінде бақылау және қадағалау органдары құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарды тексерілетін субъектінің (объектінің) орналасқан жері бойынша оларды жүргізгенге дейін хабардар етеді.
5. Бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын талдау нәтижелері іріктемелі тексеру жүргізу үшін бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеуге негіз болып табылады.
241-бап. Бақылау жүзеге асырылатын жеке кәсіпкерлік
субъектілері қызметінің салалары
Бақылау:
1) электр энергетикасы саласында;
2) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласында;
3) жер қойнауын пайдалану саласындағы келiсiмшарттар талаптарының сақталуын;
4) жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласында;
5) газ және газбен жабдықтау саласында;
6) халықтың радиациялық қауiпсiздiгi саласында;
7) мұнай операцияларын жүргiзу саласында;
8) мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiнiң өндiрiлуiне және айналымын;
9) атом энергиясы саласында;
10) автомобиль көлiгi саласында;
11) темiр жол көлiгi саласында;
12) Мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерiнде көлiк құралдарының иелерi мен тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында;
13) көлiк саласында;
14) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында;
15) iшкi су көлiгi саласында;
16) өнiмдi тиеп жiберу алдындағы кезеңге және (немесе) оның түпкiлiктi пайдаланылуына экспорттық бақылау саласында;
17) техникалық реттеу саласында;
18) Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуын;
19) метрология саласында;
20) тұрғын үй қатынастары саласында;
21) асыл тұқымды мал шаруашылығы және ара шаруашылығы саласында;
22) жануарлар дүниесiн қорғау, молайту және пайдалану саласында;
23) тұқым шаруашылығы саласында;
24) астық нарығын реттеу саласында;
25) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласында;
26) Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласында;
27) өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру саласында;
28) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында;
29) мақтаның қауiпсiздiгi және сапасы саласында;
30) жердi пайдалану мен қорғауды;
31) геодезиялық және картографиялық қызметті;
32) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласында;
33) қалдықтармен жұмыс істеуді;
34) мiндеттi экологиялық сақтандыруды;
35) азаматтық қорғаныс саласында;
36) өрт қауiпсiздiгi саласында;
37) қызметi үшiншi тұлғаларға нұқсан келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында;
38) дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналымы саласында;
39) көрсетiлетiн медициналық және арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң сапасын;
40) халыққа жұқпалы ауруларға қарсы алдын ала егудiң ұйымдастырылуына және өткiзiлуiн;
41) жұқпалы аурулардың алдын алу жөнiндегi iс-шаралардың ұйымдастырылуын және өткiзiлуiн;
42) бiлiм беру жүйесiн;
43) Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы заңнамасының сақталуын;
44) Қазақстан Республикасының еңбек туралы және еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау туралы заңнамасының сақталуын;
45) қызметкердi еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру саласында;
46) халықты жұмыспен қамту саласында;
47) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласында;
48) арнаулы әлеуметтiк қызметтер ұсыну саласында;
49) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуын;
50) телерадио хабарларын тарату саласында;
51) байланыс саласында;
52) ақпараттандыру саласында;
53) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуын;
54) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн, сондай-ақ бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдардың толық және уақтылы аударылуын;
55) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыретi шегiнде салықтық емес түсiмдердiң түсуiн;
56) трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде;
57) Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасының сақталуын;
58) валюталық операцияларды және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметтi жүзеге асыруды;
59) құзыретi шегiнде қаржылық ұйымдардың қызметiн;
60) микроқаржы ұйымдарының қызметiн;
61) Қазақстан Республикасының төлемдер және ақша аударымдары, вексель айналымдары мәселелерi бойынша заңнамасының және Қазақстан Республикасының валюта заңнамасының сақталуын;
62) экономикалық шоғырлануды;
63) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының сақталуын;
64) нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми мәтiнiн кейiннен жариялау саласында;
65) бағалау қызметi саласында;
66) табиғи монополиялар салаларында;
67) реттелетiн нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы заңнамасында белгiленген мiндеттердi және Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген, мемлекет реттеп отыратын бағалар енгiзiлетiн өнiмдер, тауарлар және көрсетiлетiн қызметтер номенклатурасы бойынша белгiленген бағаларды сақтауын;
68) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының сақталуын;
69) жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң қамтамасыз етiлуiн;
70) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыспен қамтылған жеке және заңды тұлғалардың қызметiн;
71) жарылғыш және улы заттарды, радиоактивтi материалдар мен заттарды қолдану мен олардың жұмыс iстеуiнiң белгiленген қағидаларының сақталуын;
72) шетелдiк жұмыс күшiн тарту қағидаларының сақталуын;
73) күзет қызметiн;
74) күзет дабылы құралдарын монтаждау, орнату және оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi қызметті;
75) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттiк органдар күзететiн Қазақстан Республикасының объектiлерiн қоспағанда, террористiк тұрғыдан осал объектiлердiң терроризмге қарсы қорғалу жағдайына және олардың басшыларының Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы iс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды орындауын;
76) жеке күзет ұйымында басшылық және күзетшi лауазымдарын атқаратын қызметкерлердi даярлау мен бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi мамандандырылған оқу орталықтарының қызметiн;
77) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын;
78) көлiк құралдарының иелерi мен тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында;
79) Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңнамасының сақталуын;
80) аудиторлық қызмет және кәсiптiк аудиторлық ұйымдар қызметi саласында;
81) Қазақстан Республикасының ойын бизнесi туралы заңнамасының сақталуын;
82) Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуын;
83) Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасының сақталуын;
84) спорттық объектiлердi пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi стандарттардың, қағидалар мен нормалардың сақталуы нысанасын;
85) спортта допингке қарсы iс-шаралардың жүргiзiлуiн;
86) бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк саласында;
87) өңiрлiк қаржы орталығына қатысушылардың Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы қызметiн;
88) тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң қорғалуын және пайдаланылуын;
89) биоотын айналымы саласында;
90) биоотын өндiру саласында;
91) Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу туралы заңнамасының сақталуын;
92) ғарыш қызметi саласында;
93) Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасының сақталуын;
94) Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуын;
95) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында;
96) ветеринария саласында;
97) өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi саласында;
98) Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуын;
99) автомобиль жолдары саласында;
100) баланың құқықтарын қорғау саласында;
101) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы саласында;
102) темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi және айналымы саласында;
103) рұқсат беруді бақылау саласында;
104) улардың, қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерiнiң, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалатын бұйымдардың айналымы саласында;
105) өнеркәсiп саласында;
106) ұйымдардың, әскери мiндеттiлердiң және әскерге шақырылушылардың әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларының сақталуын;
107) деректемелер мен көрнекi ақпаратты орналастыру бөлiгiнде Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының сақталуын;
108) қалалар мен елдi мекендердi абаттандыру қағидаларының сақталуын жүзеге асырады.
242-бап. Қадағалау жүзеге асырылатын жеке кәсіпкерлік
субъектілері қызметінің салалары
Қадағалау:
1) Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану саласында;
2) азаматтық авиация қызметiне;
3) халықаралық әуе тасымалдарына;
4) авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге;
5) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында;
6) iшкi су көлiгi саласында;
7) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында;
8) ветеринария саласында;
9) өсiмдiктер карантинi саласында;
10) санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласында;
11) қаржы нарығына және қаржы ұйымдарына;
12) микроқаржы ұйымдарының қызметiне;
13) кредиттiк бюролар қызметiне;
14) инвестициялық қорлар қызметiне;
15) жануарлар дүниесiн қорғау, молайту және пайдалану саласында;
16) орман қорын сақтау, қорғау, пайдалану, ормандарды молайту және орман өсiру саласында;
17) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында;
18) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жүзеге асырылады.
§ 2. Тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
243-бап. Тексерудің жалпы мәселелері
1. Тексерiлетiн субъектiнi тексеру – бақылау және қадағалау органдары мынадай:
1) мемлекеттiк органның лауазымды адамының тексерiлетiн субъектiге (объектiге) баруы;
2) бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын жүргiзу кезiнде қажеттi ақпаратты талап етудi қоспағанда, тексеру нысанасына қатысы бар қажеттi ақпаратты сұрату;
3) осы Кодекстің 235-бабының 2-тармағына сәйкес тексерiлетiн субъектiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды сақтауы туралы ақпарат алу мақсатында тексерiлетiн субъектiнi шақырту iс-әрекеттерінiң бiрiн жасау арқылы жүргiзетiн бақылау және қадағалау нысандарының бiрi.
2. Тексерiлетiн субъектiлердiң осы Кодекстің 235-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды сақтауы тексерудiң нысанасы болып табылады.
3. Осы Кодекстің 257-бабының 2 және 3-тармақтарын, 260-бабын қоспағанда, осы параграфтың күшi:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын кесiп өтуге;
2) Кеден одағының кедендiк шекарасын және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын кесiп өткен кезде және (немесе) халықаралық шарттарға сәйкес айқындалатын жеткізу орындарында, кедендік ресімдеуді аяқтау орындарында өсiмдiктер карантинi, санитариялық-карантиндiк, ветеринариялық бақылау саласында бақылау және қадағалау жүргiзуге;
3) жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң талаптарын сақтауға;
4) көлiктегi қауiпсiздiк талаптарын сақтау нысанасына көлiктiк бақылау бекеттерiнде автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өтуiне;
5) Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi және сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы заңдарына сәйкес кемелердi қауiпсiз пайдалану жөнiндегi талаптардың орындалуын бақылауға және қадағалауға;
6) жеке тұлғалардың азаматтық қаруды сақтау, алып жүру және пайдалану талаптарын сақтауына;
7) жануарлардан және (немесе) өсімдіктерден алынатын өнім мен шикізатты өткізетін ішкі сауда объектілерінде, жануарлардан және (немесе) өсімдіктерден алынатын өнімдер мен шикізаттарды бірыңғай технологиялық циклда өндіруді, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдарда ветеринария және өсімдіктер карантині бойынша бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға;
8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және мемлекеттiк орман қоры аумағында орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы талаптардың сақталуына, сондай-ақ жануарлар және өсiмдiктер дүниесi объектiлерiнiң санкцияланбаған алып қойылуын бақылауды жүзеге асыру мақсатымен;
9) балықтың кәсіпшілік мөлшерімен белгіленген жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар шарттарының, балықтардың белгіленген кәсіпшілік шараларының, балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің, жануарлар дүниесін пайдалануға шектеулер мен тыйымдардың, кездейсоқ аулануының, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) жүргізілуінің сақталуына;
10) ) карантиндік аймақтарда және жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша қолайсыз пункттерде, карантинді объектілердің таралу ошақтарында іс-шараларды бақылауға және қадағалауға;
11) жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгi және авиация қауiпсiздiгi талаптарын сақтауына;
12) осы Кодекстің 236-бабының талаптары және iшкi iстер органдары жүргiзетiн жедел-профилактикалық iс-шаралары шеңберiнде қарудың, жарылғыш заттардың, есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттардың және олар пайдаланылған бұйымдардың заңды айналымы саласындағы заңнама талаптарының сақталуына;
13) акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн өндiрудi жүзеге асыратын субъектiнiң аумағында Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленген акциздiк бекеттер арқылы бақылауға, сондай-ақ этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi жүзеге асыратын ұйымдарда этил спиртi мен алкоголь өнiмiне бақылау есебiнiң жүргiзiлуiне;
14) Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы талаптарының сақталуына, сондай-ақ қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалауға;
15) Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының, мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуы мәселелерiн реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын сақтауға;
16) кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекi өнiмдерiн сатуды, кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерiнде болу тәртiбiн регламенттейтiн Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;
17) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнiң электр станцияларының энергетикалық жабдықтарын, 0,4 киловольттан асатын электр желiлерiн, белгiленген қуаттылығы 100 Гкал/сағаттан астам магистралдық жылу желiлерi мен қазандықтарды пайдалану және олардың техникалық жай-күйi жөнiндегi талаптарды сақтауға;
18) жол бойындағы жолаушылар поездарында жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау қағидаларының сақталуын бақылауға;
19) жергiлiктi атқарушы орган белгiлеген орындардан тыс жерде сауда жасауға;
20) орталық мемлекеттік органдардың, мәслихаттар мен әкімдіктердің нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау жөніндегі талаптарды сақтауына;
21) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттiк органдар күзететiн Қазақстан Республикасының объектiлерiн қоспағанда, террористiк тұрғыдан осал объектiлердiң терроризмге қарсы қорғалу жағдайына және олардың басшыларының Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы iс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтауына бақылауды жүзеге асыруға;
22) халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманың сақталуына;
23) сәулет, қала құрылысы және құрылыс объектілерінің істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның жергiлiктi атқарушы органдардың өздеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында жүктелген функциялардың олардың тиісінше орындауын анықтау мақсатында баруына;
25) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарының техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың қызметін тексеруіне байланысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.
Бұл ретте құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда міндетті тіркелуге осы тармақтың 15), 17) және 20) тармақшаларында, сондай-ақ осы баптың 6-тармағында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылатын тексерулер жатады.
4. Осы баптың 4-тармағында көрсетiлген тексерулердi жүргiзу кезiнде туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеледi.
5. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде туындайтын қатынастарға осы Кодекстің 257-бабының 2 және 3-тармақтарын және 260-бабын қоспағанда, осы параграфтың күші қолданылмайды.
Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына тексерулер жүргізу кезінде туындайтын қатынастар осы Кодекстің 23-тарауымен реттеледі.
6. Кәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді тоқтата тұру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.
7. Мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын тексерулер тәртiбiнiң ерекшелiктерi, оларды жүргiзу, ұзарту, тоқтата тұру мерзiмдерi, тексерулердi тағайындау, олардың нәтижелерi мен аяқталуы туралы актiнi ресiмдеу Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде айқындалады.
8. Шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғалар мен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорларынан басқа) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жыл бойы тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулер, ішінара тексерулер жүргізуге тыйым салынады.
Осы тармақтың күшi:
1) жарылғыш заттардың айналымы мен олардың жұмыс істеуінің белгіленген қағидаларының сақталуына;
2) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы жұмыспен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне;
3) атом энергиясына, радиоактивтік заттарға;
4) улардың, қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыспен қамтылған жеке және заңды тұлғалардың қызметіне байланысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.
244-бап. Тексерiлетiн субъектiлердi (объектілерді) топ
бойынша бөлу
Мемлекеттiк бақылау және қадағалау тексерiлетiн субъектiлердiң төрт топ бойынша бөлінуін ескере отырып жүргізіледі.
2. Бірінші топқа тәуекел дәрежесін бағалау, жоспардан тыс тексерулер және бақылау мен қадағалаудың өзге нысандары негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі қолданылатын тексерiлетiн субъектiлер (объектiлер) жатады.
Тәуекелдерді бағалау жүйесі – тексерулер тағайындау мақсатында бақылау және қадағалау органы жүргізетін іс-шаралар кешені.
Тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған субъектiлерге қатысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік бақылау және қадағалаудың мынадай салаларында:
1) халықтың радиациялық қауіпсіздігі саласында;
2) атом энергиясы саласында;
3) өрт қауіпсіздігі саласында;
4) жарылғыш және улы заттардың, радиоактивті материалдар мен заттардың айналымы мен жұмыс істеуінің белгіленген қағидаларының сақталуына;
5) улардың, қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында;
6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында;
7) өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласында қолданылады.
Осы Кодекстің 235-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы талаптардың сақталуын тексеру үшін эпидемиялық маңыздылығы жоғары обектілерге тексеру жүргізудің кезеңділігі:
1) жоғары тәуекел дәрежесі кезінде - жарты жылда бір реттен;
2) орташа тәуекел дәрежесі кезінде – жылына бір реттен жиі болмауға тиіс.
Санитариялық-эпидемиялық бақылау және қадағалауға жататын объектілерді тәуекел дәрежелері бойынша бөлу «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодесінде көзделген ережелерді ескере отырып жүзеге асырылады.
Осы тармақтың 1), 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген қызмет салалары үшін тексерулер жүргізудің кезеңділігі Тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерінде айқындалады.
Тәуекел дәрежесiн бағалау критерийі – тексерiлетiн субъектiнiң тiкелей қызметiмен, салалық даму ерекшелiктерiмен және осы дамуға әсер ететiн факторлармен байланысты, тексерiлетiн субъектiлердi әртүрлi тәуекел дәрежесiне жатқызуға мүмкiндiк беретiн сандық және сапалық көрсеткiштердiң жиынтығы.
Тексеру жүргізудің ерекше тәртібі үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері реттеуші органдардың және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен бұйрығымен бекітіледі және мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында жарияланады.
Реттеуші мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен жартыжылдық кесте тексерулер жүргізудің ерекше тәртібін тағайындауға негіз болып табылады.
Тексеру жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 15 қарашасына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 15 сәуіріне дейінгі мерзімде реттеуші мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар тексеру жүргізудің жартыжылдық кестелерінің жобаларын құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға келісуге жібереді.
Тексеру жүргізудің жартыжылдық кестелерінің жобаларында бір және сол бір тексерілетін субъектiлер (объектiлер) белгілі болған кезде жобалардың кестелерін құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті орган мұндай субъектiлерді (объектiлерді) тексеру жүргізу кестесінен алып тастауды не осы баптың талаптарын ескере отырып, оларды жүргізу мерзімін түзету үшін реттеуші мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға жібереді.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жоспарлы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық жоспарын қалыптастыруы үшін реттеуші және жергілікті атқарушы органдар тексеру жүргізудің бекітілген жартыжылдық жоспарларын жоспарлы тексеру жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 мамырына дейінгі мерзімде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына жібереді.
Тексеру жүргізудің жартыжылдық кестелерін ұсыну нысанын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.
Тексеру жүргізудің жартыжылдық кестелеріне өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық кестесін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 желтоқсанына дейін және ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 мамырына дейін орналастырады.
3. Екінші топқа оларға қатысты ішінара, жоспардан тыс тексерулер және бақылау мен қадағалаудың өзге да нысандары жүргізілетін тексерiлетiн субъектiлер (объектiлер) жатады.
Ішінара тексеру жүргізу үшін бақылау және қадағалау органдары:
1) жеке кәсіпкерлік субъектілері ұсынатын есептілікке;
2) жоспардан тыс тексерулердің және бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарының нәтижелеріне;
3) өзге де ақпаратқа талдау жүргізеді.
Реттеуші мемлекеттік органдар тексерілетін субъектілерді (объектілерді) ішінара тексеру жүргізу кезінде іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне қатысты актілерді әзірлейді және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді, олар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында жарияланады.
Мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда) тексерілетін субъектілерді (объектілерді) ішінара тексеру жүргізу кезінде іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін қалыптастыру әдістемесін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
4. Мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда) тәуекел дәрежесін бағалау жүйесін қалыптастыру әдістемесін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
5. Үшінші топқа осы Кодекстің 245-бабының 3-тармағында көзделген негіздер бойынша жоспардан тыс тексерулер және бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандары жүргізілетін тексерілетін субъектілер (объектілер) жатады.
6. Төртінші топқа тексерулер жүргізілместен бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандары ғана жүргізілетін тексерілетін субъектілер (объектілер) жатады.
7. Мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет салаларын осы баптың 2, 3, 5 және 6-тармақтарында көрсетілген топтарға жатқызу бақылау және қадағалаудың әрбір саласы үшін тәуекелдерді бағалауды ескере отырып, жүзеге асырылады.
8. Егер тексерілетін субъектілер үшінші тұлғалар алдында азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырған болса, екінші топқа жатқызылған тексерілетін субъектілер (объектілер) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен үшінші топқа ауыстырылуы мүмкін.
245-бап. Ведомстволық есепке алу
1. Реттеуші мемлекеттік органдар міндетті ведомстволық есептіліктің нысандарына қатысты актілерді әзірлейді және бекітеді.
Тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тексеру мәселелері жөніндегі міндетті ведомстволық есептіліктің нысандары және бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандары реттеуші мемлекеттік органның, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті орган басшыларының бірлескен актісімен бекітіледі.
3. Бақылау және қадағалау органдары тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тексерулердің және барумен жүргізілетін бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарының санын, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шараларын ведомстволық есепке алуды тұрақты және үздіксіз негізде жүргізуге міндетті.
Ведомстволық есептіліктің жиынтық деректері орталық және жергілікті атқарушы органдардың ресми интернет-ресурстарында ай сайын жарияланады.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүргізетін тексерулер бойынша ведомстволық есептіліктің жиынтық деректері реттеуші мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында тоқсан сайын жарияланады.
4. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік бақылаудың өзге нысандары бойынша ведомстволық есепке алу жүргізілмейді.
246-бап. Тексеру парақтары
1. Реттеуші мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде тексерілетін субъектілердің біртекті топтары үшін тексеру парақтарын бекітеді.
Тексеру парақтарының нысандарын реттеуші мемлекеттік органдардың және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітіледі және мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында жарияланады.
2. Тексеру парағы сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге әкеп соғатын тексерілетін субъектілердің қызметіне талаптарды ғана қамтиды.
3. Тексеру парақтарында белгіленген талаптар тексерілуге жатады.
247-бап. Тексеру түрлерi
1. Тексерулер мынадай түрлерге:
1) тәуекел дәрежесін бағалау негізінде айрықша тәртіппен жүргізілетін тексерулер;
2) іріктемелі;
3) жоспардан тыс болып бөлінеді.
Айрықша тәртіппен жүргізілетін тексеру - бақылау және қадағалау органдары тәуекел дәрежесін бағалау негізінде нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне тікелей қатерді ескерту және (немесе) жою мақсатында тағайындайтын тексеру.
Іріктемелі тексеру – бақылау және қадағалау органы нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты есептілікті, бақылаудың өзге нысандарының нәтижелерін талдау нәтижесінде, тәуекел дәрежесін бағалау негізінде адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне тікелей қауіпті ескерту және (немесе) жою мақсатында тағайындайтын тексеру.
Жоспардан тыс тексеру – бақылау және қадағалау органы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне тікелей қатерлерді ескерту және (немесе) жою мақсатында нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты тексеру тағайындауға негіз болған, нақты тексерілетін субъектіге қатысты тексеру жүргізуге негіз болған нақты фактілер мен мәнжайлар бойынша тағайындайтын тексеру.
2. Тексерулер көлемі бойынша:
1) кешенді;
2) тақырыптық тексерулер болып бөлінеді.
Кешенді тексеру – тексерілетін субъектінің (объектінің) қызметін осы Кодекстің 235-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтау мәселелері кешені бойынша тексеру.
Тақырыптық тексеру – тексерілетін субъектінің (объектінің) қызметін осы Кодекстің 235-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтаудың жекелеген мәселелері бойынша тексеру.
3. Мыналар:
1) тексеру нәтижесінде және бақылау және қадағалаудың өзге де түрлерінің нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың (қаулылардың, ұсынымдардың, хабарламалардың) орындалуын бақылау;
2) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштерін және мемлекеттік органдардың өтініштерін қоспағанда, адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтіру қаупі туындағаны туралы нақты фактілер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
3) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштерін және мемлекеттік органдардың өтініштерін қоспағанда, адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтіру туралы нақты фактілер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
4) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштері;
5) адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтіру не зиян келтіру қаупі туралы нақты фактілер бойынша прокуратура органдарының тапсырмалары;
6) мемлекеттік органдардың адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтіру не зиян келтіру қаупі туралы нақты фактілер бойынша өтініштері;
7) тексерудi жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат алу мақсатында тексерiлетiн субъектi азаматтық-құқықтық қатынастарда болған үшiншi тұлғаларға қатысты қарсы тексеру;
8) бастапқы тексерумен келіспейтіні туралы тексерілетін субъектінің өтінішіне байланысты қайталама тексеру;
9) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнде көзделген негіздер бойынша тапсырмасы;
10) салық төлеушiлердiң өтiнiштерi және Қазақстан Республикасы Салық кодексiнiң 627-бабында айқындалған мәлiметтер мен мәселелер;
11) тексерiлетiн субъектiнiң «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен қызметтi немесе белгiлi бiр iс-әрекеттердi жүзеге асырудың басталғандығы туралы хабарлама беруi негiз болып табылады.
4. Жоспардан тыс тексерулер иесi көрсетiлмеген өтiнiштер болған жағдайларда жүргiзiлмейдi.
5. Жоспардан тыс тексеруге жеке кәсiпкерлiктің нақты субъектiлерiне қатысты анықталған және осы жоспардан тыс тексерудi тағайындауға негiз болған фактiлер мен мән-жайлар жатады.
6. Эпидемия, карантиндiк объектiлер және аса қауiптi зиянды организмдер ошақтары, инфекциялық, паразиттiк аурулардың таралуы, уланулар, радиациялық авариялар туындаған немесе олардың туындау қатерi төнген жағдайларда объектiлерге жоспардан тыс тексеру алдын ала хабардар етпестен және тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеместен, оны кейiннен құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органға келесi жұмыс күнi iшiнде табыс ете отырып жүргiзiледi.
7. Жалған пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), тасымалдау, сақтау, өткiзу және қолдану, сондай-ақ жалған дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндiру, сатып алу, тасымалдау, сақтау, өткiзу мәселелерi бойынша жоспардан тыс тексерулер тексерiлетiн субъектiге алдын ала хабарлама жасалмай жүргiзiледi.
8. Бақылау және қадағалау органдары және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi орган орналасқан жерден шалғайда тұрған объектiлерде немесе субъектiлерде жоспардан тыс тексеру жүргiзу үшiн негiздер анықталған жағдайда, жоспардан тыс тексеру алдын ала хабардар етпестен және тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеместен, оны кейiннен құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органға келесi бес жұмыс күнi iшiнде табыс ете отырып жүзеге асырылады.
Тексерудi тағайындау туралы актi тiркелетiн жерден тексеру жүргiзiлетiн жерге дейiн жүз километрден асатын арақашықтық бақылаушы және тiркеушi органдар орналасқан жерден едәуiр шалғайда орналасу болып есептеледi.
9. Жоспардан тыс тексерулер жүргiзу үшiн санамаланған негiздер мемлекеттiк органдардың, заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерiне, резидент емес заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерiне, қызметiн әдiлет органдарында тiркеместен жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.
10. Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде көзделген тексерулердi қоспағанда, осы Кодексте белгiленбеген өзге де тексеру түрлерiн жүргiзуге тыйым салынады.
248-бап. Тексерулердi тағайындау туралы акт
1. Тексеру мемлекеттiк органның тексерудi тағайындау туралы актiсi негiзiнде жүргiзiледi.
2. Тексерудi тағайындау туралы актiде:
1) актiнiң нөмiрi мен күнi;
2) мемлекеттiк органның атауы;
3) тексеру жүргiзуге уәкiлеттiк берілген адамның (адамдардың) тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болғанда) және лауазымы;
4) тексерулер жүргiзу үшiн тартылатын мамандар, консультанттар және сарапшылар туралы мәлiметтер;
5) тексерiлетiн субъектiнiң атауы немесе өзiне қатысты тексеру тағайындалған жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болғанда), оның орналасқан жерi, сәйкестендiру нөмiрi, аумағының учаскесi көрсетiледi.
Заңды тұлғаның филиалын және (немесе) өкiлдiгiн тексерген жағдайда тексерудi тағайындау туралы актiде оның атауы және орналасқан жерi көрсетiледi.
6) тағайындалған тексерудiң нысанасы;
7) тексеру жүргiзудiң мерзiмi;
8) тексеру жүргiзудiң құқықтық негiздерi, оның iшiнде мiндеттi талаптары тексеруге жататын нормативтiк құқықтық актiлер;
9) тексерiлетiн кезең;
10) осы Кодекстің 259-бабында көзделген тексерiлетiн субъектiнiң құқықтары мен мiндеттерi;
11) актiге қол қоюға уәкiлеттiк берілген адамның қолы және мемлекеттiк органның мөрi көрсетiледi.
249-бап. Тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеу
1. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда мемлекеттік инспекцияның қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы талаптарды сақтауы бойынша жоспардан тыс тексерулерді, мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес жүзеге асыратын қарсы тексерулердi қоспағанда, тексерудi тағайындау туралы акт құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда мiндеттi түрде тiркеледi.
Тексерулердi тағайындау туралы актiнi тiркеу есепке алу сипатында болады және тәуекелдерді басқарудың ведомстволық жүйесін қалыптастыру және жетілдіру үшін пайдаланылады.
Тексерудi тағайындау туралы актiнiң тiркелуi осындай тексерудiң заңдылығына дәлел болып табылмайды.
Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда мемлекеттік инспекцияның қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы талаптарды сақтауын бойынша жоспардан тыс тексерулерді, мемлекеттік кірістер органдары жеке кәсіпкерлік субъектілері шегінде жүзеге асыратын қарсы тексерулерді тағайындау туралы актілер жөніндегі жалпы мәліметтер тоқсан сайын құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органға жіберiліп тұрады.
2. Бақылау және қадағалау органының тексерудi тағайындау туралы актiсi тексеру басталғанға дейiн құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда, оны тексерiлетiн субъектiнiң орналасқан жерi бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне ұсыну, оның iшiнде электрондық форматта ұсыну арқылы тiркеледi.
Тексерудi тағайындау туралы актiлердi, тексерудi тоқтата тұру, қайта бастау, оның мерзiмдерiн ұзарту туралы, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру мен оның нәтижелерi туралы ақпараттық есептiк құжаттарды ұсыну туралы хабарламаларды тiркеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.
3. Тексерудi жүргiзу қажеттiгi қоғамдық тәртiпке, халықтың денсаулығына және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерiне төнген қауiптi дереу жоюды талап ететiн қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық ахуалға байланысты туындаған жағдайда, сондай-ақ тексерулердi жұмыстан тыс уақытта (түнгi уақытта, демалыс немесе мереке күндерi) жүргiзген кезде бұзушылықтарды жасау кезiнде тiкелей олардың жолын кесу қажеттiгiне қарай және дәлелдемелерді бекiту үшiн кейiнге қалдыруға болмайтын iс-қимылдар жасау үшiн тексерулер тағайындау туралы актiлердi тiркеу құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тексерулер басталғаннан кейiнгi келесi жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.
250-бап. Тексерудi жүргiзу тәртiбi
1. Бақылау және қадағалау органы тексеру жүргiзудiң мерзiмдерi мен нысанасын көрсете отырып, тексерудiң өзi басталғанға дейiн кемiнде күнтiзбелiк отыз күн бұрын тәуекел дәрежесін бағалау, іріктемелі тексеру негізінде тексеру жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексеру жүргiзудiң басталатыны туралы тексерiлетiн субъектiнi жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.
Жоспардан тыс тексеру жүргiзу кезiнде, осы Кодекстің 247-бабы
3-тармағының 2) - 8), 10) тармақшаларында, 6, 7-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау органы тексеру жүргiзу нысанасын көрсете отырып, тексерудiң өзi басталғанға дейiн кемiнде бiр тәулiк бұрын жоспардан тыс тексеру жүргiзудiң басталатыны туралы тексерiлетiн субъектiег хабарлауға мiндеттi.
2. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің айрықша тәртібі бойынша тексерулер, іріктемелі, жоспардан тыс тексерулер егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, ішкі еңбек тәртібінің қағидаларында белгіленген тексерілетін субъектінің (объектінің) жұмыс уақытында жүзеге асырылады.
Жоспардан тыс тексеру бұзушылықтардың тікелей оларды жасау кезінде жолын кесу қажеттілігі болған жағдайларда жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндері) жүргізілуі мүмкін.
3. Объектiге тексеру үшiн келген мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары:
1) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тiркелгенi туралы белгi қойылған тексерудi тағайындау туралы актiнi;
2) қызметтiк куәлiгiн;
3) қажет болған кезде режимдi объектiлерге баруға арналған құзыреттi органның рұқсатын;
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен берiлген, объектiлерге бару үшiн қажет болатын медициналық рұқсаттаманы;
5) тексеру парағын көрсетуге мiндеттi.
Тексерудi тағайындау туралы актiнi тексерiлетiн субъектiге берген күннен бастап тексеру жүргiзу басталған болып есептеледi.
4. Тексерудi тағайындау туралы актiнi қабылдаудан бас тартқан немесе тексерудi жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамының тексеру жүргiзуге қажеттi материалдарға қол жеткiзуiне кедергi келтiрiлген жағдайда хаттама жасалады. Хаттамаға тексерудi жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы және тексерiлетiн субъектiнiң уәкiлеттi адамы қол қояды.
Тексерiлетiн субъектiнiң уәкiлеттi адамы бас тарту себебi туралы жазбаша түсiнiктеме берiп, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы. Тексерудi тағайындау туралы актiнi алудан бас тарту тексерудi жүргiзбеу үшiн негiз болып табылмайды.
5. Тексерудi тағайындау туралы актiде көрсетiлген лауазымды адам (адамдар) ғана тексеру жүргiзе алады. Бұл ретте тексеру жүргiзетін лауазымды адамдардың құрамы бақылау және қадағалау органының шешiмi бойынша өзгеруi мүмкiн, бұл туралы тексерiлетiн субъект және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi орган тексеру тағайындау туралы актiде көрсетiлмеген адамдардың тексеруге қатысуы басталғанға дейiн ауыстыру себебi көрсетiле отырып хабардар етiледi.
6. Тексерілетін субъектіні (объектіні) бір уақытта бірнеше бақылау және қадағалау органдарының тексеру жүргізуі қажет болған кезде, осы органдардың әрқайсысы тексеруді тағайындау актісін ресімдеуге және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеуге міндетті.
Бір бақылау және қадағалау органының бір ғана мәселелер шеңбері бойынша бірнеше тексерілетін субъектілерге (объектілерге) бір мезгілде тексеру жүргізуі қажет болған кезде мынадай:
1) салық органдарында тіркеу есебіне қою;
2) бақылау-кассалық машиналардың болуы;
3) акциздік және есептік-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалылығы;
4) алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және олардың түпнұсқалығы;
5) лицензияның болуы;
6) төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы мәселелерi бойынша жүргiзiлетiн салықтық тексерулердi қоспағанда, осы орган тексерiлетiн әрбiр субъектiге (объектіге) тексерудi тағайындау туралы актiнi ресiмдеуге және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тiркеуге мiндеттi.»;
251-бап. Тексеру жүргiзу мерзiмi
Тексеру жүргізу мерзімі алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және ол Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салықтық тексеруді, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, ветеринария, карантин және өсімдіктерді қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы, құрылыс объектілерінде Қазақстан Республикасының еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау заңнамасын сақтау саласында жүргізілетін тексерулерді жүргізу кезіндегі жекелеген жағдайларды қоспағанда, микрокәсіпкерлік субъектілері үшін - бес жұмыс күнінен, шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын тексерілетін субъектілер үшін отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс, олар үшін салалық ерекшеліктері ескеріле отырып, тексерулер жүргізудің мынадай:
1) санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы тексерулер – он бес жұмыс күніне дейін және он бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
2) ветеринария, карантин және өсімдіктерді қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы саласында – бес жұмыс күнінен аспайтын және бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын мерзімдері белгіленген;
3) салынып жатқан объектілерде олардың техникалық киындығына қарай Қазақстан Республикасының еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасын сақтау саласында:
техникалық күрделі объектілерге жататындарға – бес жұмыс күнінен аспайтын және бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
техникалық қиын объектілерге жатпайтындарға - жұмыс күнінің 4 сағатынан аспайтын және жұмыс күнінінің сегіз сағатына дейін ұзартылатын мерзімдері белгіленген.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салықтық тексерулердi жүргiзу кезiндегi жекелеген жағдайларды және осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргiзу қажет болғанда, сондай-ақ тексеру көлемiнiң ауқымды болуына байланысты бақылау және қадағалау органының басшысы (не оның орнындағы адам) тексеру жүргiзудiң мерзiмiн отыз жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмге бiр рет қана ұзарта алады.
Тексеру мерзiмдерi ұзартылған жағдайда мемлекеттiк орган мiндеттi түрде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тiркей отырып, тексерудi ұзарту туралы қосымша актiнi ресiмдейдi, онда тексерудi тағайындау туралы алдыңғы актiнiң нөмiрi мен тiркелген күнi және ұзартудың себебi көрсетiледi.
Тексеру бiр айдан аспайтын мерзiмге бiр рет тоқтатыла тұруы мүмкiн.
Тексеру жүргiзу аясында шет мемлекеттерден елеулi мәнi бар мәлiметтер және құжаттар алу, отыз жұмыс күнiнен асатын мерзiмде арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргiзу қажет болған жағдайларда тексеру жүргiзу мерзiмi оларды алғанға не орындағанға дейiн тоқтатыла тұрады.
Тексерiлетiн субъектiнi тексерудi тоқтата тұру не қайта бастау туралы хабардар ету құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органды хабардар ете отырып, тексерудi тоқтата тұруға не қайта бастауға дейiн бiр күн бұрын жүргiзiледi.
Тексерудi тоқтата тұру немесе қайта бастау кезiнде тексерудi тоқтата тұру не қайта бастау туралы акт шығарылады.
Тоқтатыла тұрған тексерудi жүргiзу мерзiмiн есептеу ол қайта басталған күннен бастап жалғасады.
Тоқтатыла тұрған және осы бапта белгiленген мерзiмдерде қайта басталмаған тексеру бойынша тексерiлетiн субъектiнi тексерудi қайта жүргiзуге жол берiлмейдi.
Мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асыратын тексерулердi жүргiзудiң, ұзартудың және тоқтата тұрудың тәртiбi мен мерзiмдерiнiң ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде айқындалады.
252-бап. Сараптау (талдау, сынақтан өткiзу) үшiн
өнiмдердiң үлгiлерiн iрiктеу тәртiбi
1. Бақылау және қадағалау жүргiзу үшiн өнiм үлгiлерiн iрiктеу, оның iшiнде iрiктеп алынатын үлгiлердiң саны Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінiң және нормативтiк құжаттарының өнiмге және өнiмдердi сынақтан өткiзу әдiстерiне қойылатын талаптарға сәйкес айқындалады.
2. Өнiмдердiң үлгiлерiн iрiктеудi бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы тексерiлетiн субъекті басшысының немесе өкiлiнiң және тексерiлетiн субъектiнiң уәкiлеттi адамының қатысуымен жүргiзедi және өнiмнiң үлгiлерiн iрiктеу актiсiмен куәландырылады.
Өнiмдердiң iрiктеп алынған үлгiлерi жинақталған, буып-түйiлген және пломбыланған (мөр басылған) болуға тиiс.
3. Өнiмдердiң үлгiлерiн iрiктеу актiсi үш данада жасалады. Актiнiң барлық даналарына өнiмдердiң үлгiлерiн iрiктеп алған лауазымды адам және тексерiлетiн субъектiнiң басшысы не өкiлi қол қояды.
Iрiктеу актiсiнiң бiр данасы жолдамамен және тиiстi түрде iрiктеп алынған өнiмнiң үлгiлерiмен бiрге сараптау (талдау, сынақтан өткiзу) үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасымен уәкiлеттiк берiлген ұйымға жiберiледi.
Өнiмдердiң үлгiлерiн iрiктеу актiсiнiң екiншi данасы тексерiлетiн субъектiде қалады.
Өнiмдердiң үлгiлерiн iрiктеу актiсiнiң үшiншi данасы өнiмдердiң үлгiлерiн iрiктеудi жүзеге асырған бақылау және қадағалау органының лауазымды адамында сақталады.
4. Iрiктеп алынған өнiмдердiң үлгiлерiн сақтау және тасымалдау осы үлгiлердi сараптама (талдау, сынақтан өткiзу) жүргiзiлетiн өлшемдердi өзгертпеуге тиiс.
Сараптама (талдау, сынақтан өткiзу) үшiн өнiмдердiң үлгiлерiн iрiктеп алатын бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы, олардың сақталуын және сараптаманы (талдауды, сынақты) жүзеге асыру орнына уақтылы жеткiзiлуiн қамтамасыз етедi.
5. Өнiмдердiң үлгiлерiн iрiктеумен байланысты шығыстар бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады.
6. Сараптама нәтижелерiмен тексерiлетiн субъектiнiң осы Кодекстің 235-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мiндеттi талаптарды бұзу фактiсi расталған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сараптама жүргiзу жөнiндегi шығыстарды өтеуге мiндеттi.
7. Тексерiлетiн субъектi өз бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптама (талдау, сынақ) жүргiзуге уәкiлеттi ұйымда өзiнде қалған үлгiге сараптама (талдау, сынақ) жүргiзе алады.
Бақылау және қадағалау органы және тексерiлетiн субъект жүргiзген сараптамалар нәтижелерiнiң алшақтықтары туралы дау сот тәртiбiмен шешiледi.
253-бап. Өнiмдердiң үлгiлерiн iрiктеу актiсi
Өнiмдердiң үлгiлерiн iрiктеу актiсiнде:
1) жасалу орны және күнi;
2) соның негiзiнде өнiмдердiң үлгiлерiн iрiктеу жүзеге асырылатын бақылау және қадағалау органы басшысы шешiмiнiң нөмiрi және күнi;
3) өнiмдердiң үлгiлерiн iрiктеудi жүзеге асыратын лауазымды адамның лауазымы, тегi, аты және әкесiнiң аты;
4) өнiмдердiң үлгiлерiн iрiктеу жүргiзiлетiн тексерiлетiн субъектiнiң атауы және орналасқан жерi;
5) тексерiлетiн субъект уәкiлеттi адамының лауазымы және тегi, аты, әкесiнiң аты;
6) өндiрушiнi, өндiру күнiн, партияның сериясын (нөмiрiн), үлгiлердiң жалпы құнын көрсете отырып, iрiктеп алынған өнiмдер үлгiлерiнiң тiзбесi және саны;
7) буып-түю түрi және мөрдiң (пломбының) нөмiрi көрсетiледi.
254-бап. Тексеру жүргiзу кезiндегi шектеулер
Тексеру жүргiзу кезiнде бақылау және қадағалау органы лауазымды адамдарының:
1) егер мұндай талаптар мемлекеттiк органның атынан әрекет ететiн лауазымды адамдардың құзыретiне жатпаса, осы бақылау және қадағалау органының тексеру парақтарында белгіленбеген талаптардың орындалуын тексеруге;
2) егер құжаттар, ақпарат, өнiм үлгiлерi, қоршаған орта объектiлерiн және өндiрiстiк орта объектiлерiн зерттеу сынамалары тексеру объектiлерi болып табылмаса немесе тексеру нысанасына жатпаса, оларды ұсынуды талап етуге;
3) өнiм үлгiлерiне, қоршаған орта объектiлерiн және өндiрiстiк орта объектiлерiн зерттеу сынамаларына зерттеу, сынау, өлшеу жүргiзу үшiн көрсетiлген үлгiлердiң, сынамалардың белгiленген нысан бойынша және (немесе) ұлттық стандарттарда, үлгiлердi, сынамаларды iрiктеп алу қағидаларында және олардың зерттеу, сынау, өлшеу әдiстерiнде, техникалық регламенттерде немесе олар күшiне енетiн күнге дейiн қолданыста болатын өзге де нормативтiк техникалық құжаттарда, зерттеу, сынау, өлшеу қағидаларында және әдiстерiнде белгiленген нормадан асатын санда iрiктеп алынуы туралы хаттамаларды ресiмдемей, оларды iрiктеп алуға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргiзу нәтижесiнде алынған және коммерциялық, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын ақпаратты жария етуге және (немесе) таратуға;
5) тексеру жүргiзудiң белгiленген мерзiмдерiнен асып кетуге;
6) осы Кодекстің 247-бабы 3-тармағының 2), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, белгiлi бiр кезең iшiнде белгiлi бiр мәселе бойынша оның жоғары тұрғанм (төмен тұрған) органы не өзге мемлекеттік орган бұрын тексеру жүргiзiлген тексерiлетiн субъектiге (объектіге) тексеру жүргiзуге;
7) мемлекеттiк бақылау мақсатында тексерiлетiн субъектiлердiң есебiнен шығынды сипаттағы iс-шараларды жүргiзуге құқығы жоқ.
255-бап. Тексерулердi ресiмдеу тәртiбi
1. Тексерудiң нәтижелерi бойынша бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы екi данада тексеру нәтижелерi туралы актi жасайды.
Тексеру нәтижелерi туралы актiде:
1) актiнiң жасалған күнi, уақыты және орны;
2) бақылау және қадағалау органының атауы;
3) негiзiнде тексеру жүргiзiлген, тексерудi тағайындау туралы актi жасалған күнi мен оның нөмiрi;
4) тексеру жүргiзген адамның (адамдардың) тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда) және лауазымы;
5) тексерiлетiн субъектiнiң атауы немесе тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), тексерудi жүргiзу кезiнде сол жерде болған жеке немесе заңды тұлға өкiлiнiң лауазымы;
6) тексерудiң жүргiзiлген күнi, орны және кезеңi;
7) тексерудiң нәтижелерi туралы, оның iшiнде анықталған бұзушылықтар туралы, олардың сипаты туралы мәлiметтер;
8) тексеру парағының атауы және бұзушылықтар анықталған талаптар тармақтары;
9) тексерiлетiн субъектi өкiлiнiң, сондай-ақ тексерудi жүргiзу кезiнде қатысқан адамның актiмен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәлiметтер, олардың қолы немесе қол қоюдан бас тартуы;
10) тексерудi жүргiзген лауазымды адамның (адамдардың) қолы көрсетiледi.
Тексерудiң нәтижелерi туралы актiге олар болған жағдайда өнiмдердiң үлгiлерiн (сынамаларын) iрiктеу, қоршаған орта объектiлерiн зерттеу туралы актiлер, жүргiзiлген зерттеулердiң (сынақтардың) және сараптамалардың хаттамалары (қорытындылары) және тексеру нәтижелерiмен байланысты басқа да құжаттар немесе олардың көшiрмелерi қоса берiледi.
2. Тексерудiң нәтижелерi бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, заңды тұлғаның басшысы немесе жеке тұлға не олардың өкiлдерi оларды жазбаша түрде баяндайды.
Ескертулер және (немесе) қарсылықтар тексеру жүргiзудiң нәтижелерi туралы актiге қоса берiледi, ол туралы тиiстi белгi жасалады.
3. Тексерiлетiн субъектiде түпнұсқа ретiнде болатын құжаттардың көшiрмелерiн қоспағанда, қосымшаларының көшiрмелерi бар тексерудiң нәтижелерi туралы актiнiң бiр данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнiнде шаралар қабылдау және басқа да iс-қимылдар үшiн заңды тұлғаның басшысына немесе жеке тұлғаға не олардың өкiлдерiне тапсырылады.
4. Тексеру нәтижесiнде анықталған бұзушылықтар бойынша тексерiлген субъектi Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, қосымша және (немесе) қаржы шығындары қажет болған жағдайда үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, қарсылықтар болмағанда тексерудi жүргiзген мемлекеттiк органның басшысымен келiсiлген мерзiмдердi көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою жөнiнде қабылданатын шаралар туралы ақпарат беруге мiндеттi.
5. Тексерiлетiн субъектiлердiң келушiлер мен тексерулердi есепке алу кiтабын жүргiзуге құқығы бар. Бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдары тексерiлетiн субъектiлердiң келушiлер мен тексерулердi есепке алу кiтабында тегiн, лауазымдарын және актiде баяндалған деректердi көрсете отырып, жүргiзiлген iс-әрекет туралы жазба жасауға мiндеттi.
6. Түпнұсқалық бухгалтерлiк және өзге де құжаттарды алып қоюға және алуға тыйым салынады.
Түпнұсқалық құжаттарды алып қою және алу Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң нормаларына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделген жағдайларда жүргiзiледi.
7. Тексеру жүргiзiлген кезде осы Кодекстің 235-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды бұзушылық болмаған жағдайда тексеру нәтижелерi жөнiндегi актiге тиiстi жазба жасалады.
8. Тексерiлетiн субъектiге тексерудi тағайындау туралы актiде көрсетiлген тексерудi аяқтау мерзiмiнен кешiктiрiлмей тексеру нәтижелерi туралы актiнiң тапсырылған күнi тексеру мерзiмiнiң аяқталуы деп есептеледi.
256-бап. Бақылау және қадағалау органдарының лауазымды
адамдарының тексерулер жүргiзу кезiнде
анықталған бұзушылықтар фактiлерi бойынша
қабылдайтын шаралары
Егер тексеру жүргiзу нәтижесiнде тексерiлетiн субъектiнiң осы Кодекстің 235-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды бұзушылықтар фактiсi анықталған болса, бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы (адамдары) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өкiлеттiктер шегiнде анықталған бұзушылықтарды жою, олардың алдын алу, адамның өмiрiне, денсаулығына және қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерiне ықтимал зиян келтiрудi болдырмау жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қабылдауға, сондай-ақ бұзушылыққа жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа тарту жөнiнде шаралар қабылдауға мiндеттi.
Тексерiлетiн субъектiге қатысты тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралар қабылдаған кезде бақылау және қадағалау органы Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған жағдайларда және тәртiппен прокурорды хабардар етедi.
257-бап. Мемлекеттiк органдар лауазымды адамдарының
бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру
кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi
1. Тексерiлетiн субъектiлерге бақылау және қадағалау жүргiзу кезiнде мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының:
1) осы Кодекстің 250-бабының 3-тармағында көрсетiлген құжаттарды көрсеткен кезде тексерiлетiн объектiнiң аумағына және үй-жайларына кедергiсiз кiруге;
2) қағаз және электрондық жеткiзгiштердегi құжаттарды (мәлiметтердi) не олардың көшiрмелерiн тексеру нәтижелерi туралы актiге қосу үшiн алуға, сондай-ақ тексерудiң мiндеттерi мен нысанасына сәйкес автоматтандырылған деректер қорына (ақпараттық жүйелерге) қол жеткiзуге;
3) мемлекеттiк органдардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандарын, консультанттарын және сарапшыларын тартуға құқығы бар.
2. Тексерудi жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына тексеру нысанасына жатпайтын талаптар қоюға және өтiнiш жасауға тыйым салынады.
3. Бақылауды және қадағалауды жүргiзу кезiнде бақылау мен қадағалау органдарының лауазымды адамдары:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, тексерiлетiн субъектiлердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтауға;
2) тексерудi осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген негiзде және тәртiппен қатаң сәйкестiкте жүргiзуге;
3) тексеру жүргiзу кезеңiнде тексерiлетiн субъектiлердiң белгiленген жұмыс режимiне кедергi жасамауға;
4) осы Кодекстің 235-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды бұзушылықтың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берiлген өкiлеттiктердi уақтылы және толық көлемде орындауға;
5) тексеру жүргiзу кезiнде тексерiлетiн субъектiнiң қатысуына кедергi келтiрмеуге, тексеру нысанасына жатқызылған мәселелер бойынша түсiнiктер беруге;
6) тексеру жүргiзу кезiнде тексерiлетiн субъектiге тексерудiң мәнiне қатысты қажеттi ақпарат беруге;
7) тексеру аяқталған күнi не «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде тексерiлетiн субъектiге жүргiзiлген тексерудiң нәтижелерi туралы актiнi беруге;
8) алынған құжаттардың және тексеру жүргiзу нәтижесiнде алынған мәлiметтердiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
258-бап. Бақылау және қадағалау жүргiзу кезiндегi
тексерiлетiн субъектiнiң не оның уәкілетті
өкілінің құқықтары мен мiндеттерi
1. Бақылау және қадағалау жүргiзу кезiнде тексерiлетiн субъектiлер не олардың уәкілеттік берілген өкілдері мыналарға:
1) тексеру жүргiзу үшiн объектiге келген бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарын мынадай:
жоспарлы тексерулер тағайындалған кезде алдыңғы тексерулерге қатысты уақыт аралығы сақталмаған;
тексеру тағайындау туралы актiде көрсетiлген мерзiмдер асып кеткен не өтiп кеткен, осы Кодексте белгiленген мерзiмдерге сәйкес келмеген;
осы Кодекстің 247-бабы 3-тармағының 2), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау органы белгiлi бiр кезеңде белгiлi бiр мәселе бойынша бұрын тексеру жүргiзiлген тексерiлетiн субъектiге (объектіге) тексеру тағайындаған;
егер алдыңғы тексеру кезiнде бұзушылықтар анықталмаған болса, осы Кодекстің 247-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру тағайындалған;
осы Кодекстің 244, 245, 246-баптарында және 249-бабының 1-тармағында көзделген ақпарат пен құжаттар болмаған;
егер Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде өзгеше көзделмесе, жасалған не әзiрленiп жатқан қылмыстар туралы өтiнiште немесе хабарламада, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзу туралы өзге де өтiнiштерде көрсетiлген уақыт аралығының шеңберiнен шығатын кезеңде тексеру тағайындалған;
тексеру жүргiзуге тиiстi өкiлеттiктерi жоқ адамдарға тексеру жүргiзу тапсырылған;
осы Кодекстің 247-бабының 2-тармағында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, тексерудi тағайындау туралы бiр актiде тексеруге тартылатын бiрнеше тексерiлетiн субъектiлер көрсетiлген;
тексеру мерзiмдерi осы Кодексте белгiленген мерзiмнен асырып ұзартылған;
осы Кодекстің 259-бабының 2-тармағына сәйкес осы Кодекстің талаптары өрескел бұзылған жағдайларда тексеруге жiбермеуге;
2) егер жүргiзiлетiн тексерудiң нысанасына жатқызылмаған немесе актiде көрсетiлген кезеңге жатқызылмаған болса, мәлiметтер бермеуге;
3) тексерудi тағайындау туралы актiге, тексерудiң нәтижелерi туралы актiге және мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасауға;
4) бақылау және қадағалау органдарының немесе лауазымды адамдардың тексерiлетiн субъектiлердiң қызметiн шектейтiн, заңда негiзделмеген тыйым салуларын орындамауға;
5) тексерудi жүзеге асыру процесiн, сондай-ақ лауазымды адамның қызметiне кедергi келтiрместен, аудио- және бейнетехника құралдарының көмегiмен лауазымды адамның тексеру шеңберiнде жүргiзген жекелеген iс-әрекеттерiн тiркеуге;
6) үшiншi тұлғалардың өз мүдделерi мен құқықтарын бiлдiруi, сондай-ақ үшiншi тұлғалардың осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген iс-әрекеттердi жүзеге асыруы мақсатында оларды тексеруге қатысуға тартуға құқылы.
2. Бақылау және қадағалау органдары тексерулер немесе тексерілетін субъектіге бара отырып бақылау мен қадағалаудың өзге нысандарын жүргiзген кезде тексерiлетiн субъектiлер не олардың уәкілеттік берілген өкілдері:
1) осы Кодекстің 249-бабының 1-тармағы талаптарын сақтай отырып, тексерiлетiн субъектiнiң аумағына және үй-жайларына бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының кедергiсiз кiруiн қамтамасыз етуге;
2) коммерциялық, салықтық не өзге де құпияны қорғау талаптарын сақтай отырып, бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына қағаз және электронды жеткiзгiштердегi құжаттарды (мәлiметтердi) не олардың көшiрмелерiн тексерудiң нәтижелерi туралы актiге қоса тiркеу үшiн табыс етуге, сондай-ақ тексерудiң мiндеттерi мен нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткiзуiне мүмкiндiк беруге;
3) тексерудi тағайындау туралы актiнiң екiншi данасында оны алғаны туралы белгi жасауға;
4) жүргiзiлген тексеру аяқталған күнi нәтижелерi туралы актiнi алғаны туралы оның екiншi данасында белгi жасауға;
5) егер осы Кодексте не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, тексерудi жүзеге асыру кезеңiнде тексерiлетiн құжаттарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге жол бермеуге;
6) объектiге тексеру жүргiзу үшiн келген адамдардың осы объектi үшiн белгiленген нормативтерге сәйкес зиянды және қауiптi өндiрiстiк факторлар әсерiнен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге;
7) хабарлама алған жағдайда тексеру тағайындалған күні тексерілетін субъектіде болуға мiндеттi.
259-бап. Осы Кодекстің талаптарын өрескел бұза отырып
жүргiзiлген тексерудiң жарамсыздығы
1. Егер бақылау және қадағалау органы тексерудi осы Кодексте белгiленген тексерудi ұйымдастыру мен жүргiзуге қойылатын талаптарды өрескел бұза отырып жүзеге асырса, тексеру жарамсыз деп танылады.
Жарамсыз деп танылған тексеру актiсi осы Кодекстің 235-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды тексерiлетiн субъектiлердiң бұзуының дәлелi болып табылмайды.
Тексерудiң жарамсыз деп танылуы жоғары тұрған мемлекеттiк органның немесе соттың оның күшiн жоюына негiз болып табылады.
Жоғары тұрған мемлекеттiк органның тексерудiң жарамсыздығына байланысты актiнiң күшiн жою туралы тексерiлетiн субъектiнiң өтiнiшiн қарауы өтiнiш берiлген кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады.
Мұндай өтiнiштi қараудың белгiленген мерзiмi бұзылған жағдайда шешiм тексерiлетiн субъектiнiң пайдасына шешiледi.
2. Осы Кодекстің талаптарын өрескел бұзушылыққа:
1) тексеру жүргiзуге негiздiң болмауы;
2) тексеру тағайындау туралы актiнiң болмауы;
3) тексеру жүргiзу туралы хабарлау мерзiмiнiң сақталмауы;
4) осы Кодекстің 254-бабының талаптарын бұзу;
5) жоспарлы тексеру тағайындау кезiнде алдыңғы тексеруге қатысты уақыт аралығын бұзу;
6) тексерiлетiн субъектiге тексеру тағайындау туралы актiнi табыс етпеу;
7) мемлекеттiк органдардың өздерiнiң құзыретiне кiрмейтiн мәселелер бойынша тексерулер тағайындауы;
8) тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеу мiндеттi болғанда, оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi органдарда тiркеместен, тексеру жүргiзу;
9) осы Кодекстің 251-бабында көзделген тексеру жүргізу мерзімдерін бұзу жатады.
259-бап. Бақылау және қадағалау органдары мен олардың
лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне
(әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi
1. Бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезiнде тексерiлетiн субъектiлердiң құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жағдайда тексерiлетiн субъектi тиiстi бақылау және қадағалау органының және (немесе) лауазымды адамның iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) осы Кодекстің 32-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттiк органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа шағымдануға құқылы.
2. Тексерiлетiн субъектiнiң мемлекеттiк органдардың қылмыстық iстi қозғаумен және тексеру жүргiзумен байланысты iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдануы Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
§ 3. Инвестициялық келiсiмшарттар талаптарының сақталуын бақылау
261-бап. Инвестициялық келiсiмшарттар талаптарының
сақталуын бақылау
1. Инвестициялық келiсiмшарттар талаптарының сақталуын бақылауды инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган мынадай нысандарда:
1) камералдық бақылау – инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган осы баптың 2-тармағына сәйкес ұсынылған есептердi зерделеу және талдау негiзiнде жүзеге асыратын бақылау;
2) инвестициялық қызмет объектiсiне бара отырып, оның iшiнде жұмыс бағдарламасын және инвестициялық келiсiмшарт талаптарын орындау жөнiндегi құжаттарды қарап жүзеге асырады.
2. Инвестициялық келiсiмшарт жасасқаннан кейiн Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган белгілейтін нысан бойынша тіркелген активтердің пайдалануға берілуін, технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерінің, шикізаттың және (немесе) материалдардың жеткізілуі мен пайдаланылуын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жұмыс бағдарламасында көзделген шығындар баптары бойынша таратып жазып, инвестициялық келісімшарттың орындалуы туралы жартыжылдық есептерді жиырма бесінші шілдеден және жиырма бесінші қаңтардан кешіктірмей береді.
3. Жұмыс бағдарламасына өзгерiстер тараптардың келiсiмi бойынша жылына бiр рет енгiзiле алады.
4. Инвестициялық қызмет объектісіне бара отырып, тексеру:
1) жұмыс бағдарламасы аяқталған жағдайда, инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзімі біткенге дейін үш ай қалғанда аяқталатын алты ай кезеңінде;
2) кедендік баждар салудан босатылатын технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектері, шикізат және (немесе) материалдар импорты жүзеге асырылған жылдан кейінгі жылдан бастап, жыл сайын жүргізіледі.
5. Тексеру нәтижелерi бойынша инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi органның өкiлi мен инвестициялық келiсiмшарт жасасқан заңды тұлғаның басшысы инвестициялық келiсiмшарттың жұмыс бағдарламасының орындалуының ағымдағы жай-күйі туралы инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша актіге қол қояды.
6. Инвестициялық келiсiмшарттың жұмыс бағдарламасы орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының инвестициялық келiсiмшарт жасасқан заңды тұлғасына бұзушылықтарды көрсете отырып, жазбаша нысанда хабарлама жiбередi және бұзушылықтарды жою үшiн екі ай мерзiм белгiлейдi.
7. Егер инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган жүргізген тексеру нәтижелері бойынша инвестициялық жобаны іске асыру үшін әкелінген және кедендік баждар төлеуден босатылған технологиялық жабдық, оның жинақтауыштары, қосалқы бөлшектері, шикізат және (немесе) материалдар пайдалануға берілмегені не пайдаланылмағаны анықталған жағдайда, инвестициялық келісімшарт бойынша ұсынылған инвестициялық преференциялар салдарынан кедендік баждардың сомасын төлемеген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өсімпұлды есептей отырып, пайдаланылаған жабдық, оның жинақтауыштары, қосалқы бөлшектері, шикізаттар және (немесе) материалдар бөлігінде оларды төлейді.
8. Қазақстан Республикасының инвестициялық келісімшарт жасасқан заңды тұлғасы жұмыс бағдарламасын іске асыруды аяқтағаннан кейін инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға аудиторлық есеп ұсынады, онда мыналар қамтылуға тиіс:
1) жұмыс бағдарламасына сәйкес инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат;
2) жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған тіркелген активтер бойынша таратып жазу;
3) жұмыс бағдарламасының орындалғанын растайтын құжаттардың жиынтық тізілімі;
4) инвестициялық келісімшарт талаптарының орындалуы туралы мәліметтер.
9. Инвестициялық келiсiмшарттың бұзылуы туралы ақпарат мемлекеттiң экономикалық мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында мыналарға:
1) тиiстi шаралар қабылдау үшiн мемлекеттік кірістер органдарына, кеден органдарына және қажет болған жағдайда өзге де мемлекеттiк органдарға;
2) мемлекеттiк заттай грант оларға сәйкес берiлген инвестициялық келiсiмшарттар бойынша мемлекеттік кірістер органдарына, мемлекеттiк мүлiктi және (немесе) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдарға, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдарға жiберiледi.
10. Қазақстан Республикасының инвестициялық келiсiмшарт жасасқан заңды тұлғасының инвестициялық келiсiмшарттың қолданылуы барысында:
1) берiлген мемлекеттiк заттай гранттың, сондай-ақ жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған мүлiктiң нысаналы мақсатын өзгертуге;
2) берiлген мемлекеттiк заттай грантты, сондай-ақ жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған мүлiктi иеліктен шығаруға құқығы жоқ.
11. Кедендік баждар салудан босату объектілерінің мақсатты пайдаланылуын бақылау Кеден одағы комиссиясы айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
§ 4. Техникалық реттеу саласындағы өзге де бақылау нысандары
262-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген
талаптардың сақталуын бақылау объектiлерi
Техникалық регламенттiң күшi қолданылатын өнiм, процестер, сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар және зертханалар техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуын мемлекеттiк бақылау объектiлерi болып табылады.
263-бап. Техникалық регламенттерде белгiленген
талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыратын
мемлекеттiк органдар
1. Техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуын бақылауды техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган, оның аумақтық органдары, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сондай мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға уәкiлеттi өзге де мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары жүзеге асырады.
2. Техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган мен оның аумақтық органдары, олардың лауазымды адамдары осы баптың 3-тармағында көрсетілген өнімді қоспағанда, өткiзу сатысындағы өнiмге қатысты техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
3. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті орган - тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттерде және нормативтік құжаттарда белгіленген талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыратын тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы, сондай-ақ тамақ өнімінің оны өткізу сатысындағы қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзге асыратын мемлекеттік орган.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті орган және оның аумақтық органдары, олардың лауазымды адамдары өткізілетін өнімді тұтынушыларға өткізу сатысында бақылауды жүзеге асырады.
4. Техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары:
1) өздерiнiң құзыретіне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк бақылау жөнiндегi iс-шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сай келмейтiн өнiмдi өткiзудiң жолын кесу және оған жол бермеу жөнiндегi ықпал ету шараларын қолданады;
3) сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды мемлекеттік бақылау жөніндегі іс-шараларды жеке, заңды тұлғалардың өтініштері және мемлекеттік органдардың, оның ішінде аккредиттеу жөніндегі органның хабарламалары бойынша ғана жүргізеді.
264-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген
талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыратын
лауазымды адамдар
1. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бақылау жөніндегі бас мемлекеттiк инспекторы - техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi органның басшысы;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасарлары - техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган басшысының орынбасарлары;
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары - аумақтық бөлімшелердің басшылары;
4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және қалалардың мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторларының орынбасарлары - аумақтық бөлімшелер басшыларының орынбасарлары және олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары;
5) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және қалалардың мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары - аумақтық бөлімшелердің мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мамандары;
2. Осы баптың 1-тармағының 3) - 5) тармақшаларында санамаланған мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар өз құзыретi шегінде мемлекеттiк органдар белгiлеген тәртiппен аттестатталуға тиiс.
265-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген
талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыратын
лауазымды адамдардың құқықтары
1. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
1) техникалық реттеу саласындағы объектілерге техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуы тұрғысынан бақылау мақсатында баруға;
2) жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк бақылау жүргiзу үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi алуға;
3) мемлекеттiк бақылау үшiн:
өнiм техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, жұмсалған үлгiлердiң құнын және сынақ (талдау, өлшеу) жүргiзуге жұмсалған шығындарды бюджет қаражаты есебiне жатқыза отырып;
өнiм техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, жұмсалған үлгiлердiң құнын және сынақ (талдау, өлшеу) жүргiзуге жұмсалған шығындарды тексерiлушi тұлғалардың есебiне жатқыза отырып, өнiмнiң сынамалары мен үлгiлерiн iрiктеп алуға;
4) егер өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растайтын сәйкестiк туралы декларацияны немесе сәйкестiк сертификатын қолдану техникалық регламенттерде көзделсе, өнiмдi өткiзу сатысында өнiмдi дайындаушылардан (орындаушылардан), сатушылардан осындай құжаттарды немесе олардың көшiрмесiн көрсетуiн талап етуге;
5) мынадай жағдайларда:
өнiм техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес келмегенде;
сәйкестiгi мiндеттi түрде расталуға жататын өнiмге сәйкестiк сертификаттары (сәйкестiк сертификаттарының көшiрмелерi), сәйкестiк туралы декларациялар (сәйкестiк туралы декларациялардың көшiрмелерi) болмағанда;
өнiмдi сәйкестiк белгісімен, оған құқығы болмай тұрып, таңбалағанда, техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы және (немесе) бұзылу сипаты ескерiле отырып айқындалған мерзiмде өнiмдi өткiзуге тыйым салу туралы нұсқама беруге;
6) тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының мәртебесін және (немесе) шетел тауарын айқындау тәртібін бұзушылықтарды жою, тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, ішкі айналым үшін тауардың шығарылған жері туралы сертификатты беру, тауар туралы деректер дұрыс емес Кеден одағы тауарының және (немесе) шетел тауарының нысандарын жасау туралы ұйғарымдар беруге;
7) өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес еместiгі анықталған жағдайда берiлген сәйкестiк туралы декларациялар мен сәйкестiк сертификаттары тiркелуiнiң күшiн тоқтата тұруға және (немесе) жоюға;
8) техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн өнiмдi өткiзушi тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауапкершілiкке тартуға;
9) өнiм өткiзуге және тұтынуға жарамсыз деп танылған жағдайда, оны жою жөнiндегi комиссияларға Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен қатысуға;
10) дайын өнiмнiң техникалық регламенттерге сәйкес келмеуi анықталған жағдайда өнiмнiң өмiрлiк циклiнiң кез келген сатыларында сәйкес келмеу себептерiн тексерудi ұйымдастыруға;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
2. Бас мемлекеттiк инспекторлардың және олардың орынбасарларының нұсқамаға қол қою құқығы болады.
Нұсқамалардың нысандары мен оларды беру тәртiбiн техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
3. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары берген нұсқамаларды барлық жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi.
266-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген
талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыратын
лауазымды адамдардың мiндеттерi
Техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
1) бақылау жөнiндегi iс-шаралар барысында Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасын қолдану жөнiнде түсiндiру жұмысын жүргiзуге, дайындаушыларды (орындаушыларды), сатушыларды техникалық регламенттер туралы хабардар етуге;
2) коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн сақтауға;
4) жүргізілген бақылау нәтижелерiнiң негізiнде анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қолдануға мiндеттi.
2. Бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) осы Кодексе және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағымдануға болады.
5-БӨЛІМ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӘСЕКЕЛЕСТІК 17-тарау. БӘСЕКЕЛЕСТІК
267-бап. Бәсекелестікті мемлекеттік реттеу мақсаттары
Бәсекелестікті қорғау, Қазақстан Республикасының тауар нарықтарындағы адал бәсекелестікті және тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуін қолдау және оған қолайлы жағдайлар жасау, экономикалық кеңістіктің біртұтастығын, тауарлардың еркін қозғалысын және Қазақстан Республикасындағы экономикалық қызметтің еркіндігін қамтамасыз ету, нарық субъектілері мен тұтынушылардың құқықтарын осы Заңда шектелген монополистік қызметтен, мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерінен және жосықсыз бәсекеден қорғау бәсекелестікті мемлекеттік реттеу мақсаттары болып табылады.
268-бап. Бәсекелестікті мемлекеттік реттеу саласындағы
қатынастар
1. Осы бөлім нарық субъектілері, тұтынушылар, сондай-ақ мемлекеттік органдар қатысатын Қазақстан Республикасының тауар нарықтарындағы бәсекелестікке ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін қатынастарға қолданылады. Бұл ретте жеке мұқтаждығы үшін тауар сатып алатын жеке немесе заңды тұлға тұтынушы болып танылады.
2. Осы бөлімнің ережелері, егер Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде нарық субъектісі жасаған іс-әрекеттер нәтижесінде мынадай шарттардың бірі орындалса:
1) Қазақстан Республикасының аумағындағы негізгі құралдар және (немесе) материалдық емес активтер, не нарық субъектілерінің акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері), Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына қатысты мүліктік немесе мүліктік емес құқықтар тікелей немесе жанама қозғалса;
2) Қазақстан Республикасында бәсекелестік шектелсе, мұндай іс-әрекеттерге де қолданылады.
269-бап. Бәсекелестік ұғымы
1. Дербес жасаған іс-әрекеттері тиісті тауар нарығындағы тауарлар айналысының жалпы жағдайына олардың әрқайсысының біржақты ықпал ету мүмкіндігін тиімді шектейтін нарық субъектілерінің жарыспалылығы бәсекелестік деп танылады.
2. Бәсекелестік жарыспалылық, адалдық, заңдылық, тқтынушылар құқықтарының сақталу бастамаларына негізделеді, олар нарық субъектiлерiнiң ұйымдық-құқықтық нысаны мен тiркелген жеріне қарамастан, нарық субъектiлерiнің барлығына бiркелкі түрде, бiрдей шамада және тең жағдайда қолданылады.
270-бап. Бәсекелестік саласындағы мемлекеттік саясат
1. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган – бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалған өз құзыреті шегінде бәсекелестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады.
4. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде бәсекелестіктің дамуына жәрдемдесуге және бәсекелестікке теріс ықпал ететін іс-әрекеттерді жасамауға міндетті.
271-бап. Нарық субъектiсi
Нарық субъектісі мыналар:
1) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;
2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы;
3) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлға (оның филиалы мен өкiлдiгі);
4) кәсіпкерлік қызметті өздерінің жарғылық мақсаттарына сәйкес жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдар.
272-бап. Тұлғалар тобы
1. Өздеріне қатысты мынадай шарттардың бірі орындалса:
1) заңды тұлғаның дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) елу пайызынан астамына тұлғаның тiкелей немесе жанама түрде (үшiншi тұлғалар арқылы) иелiк ету құқығы болса;
2) заңды тұлғаның немесе бірнеше аффилиирленген заңды тұлғалардың басқа тұлға қабылдайтын шешімдерді айқындауға, оның ішінде осы тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүргізуінің шарттарын айқындауға не басқару органының өкілеттігін жүзеге асыруға мүмкіндігі болса;
3) жеке тұлғаның, оның жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының басқа тұлға қабылдайтын шешімдерді айқындауға, оның ішінде осы тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүргізуінің шарттарын айқындауға не басқару органы өкілеттігін жүзеге асыруға мүмкіндігі болса;
4) тұлғаның әрқайсысы осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетілген қандай да бір негіз бойынша белгілі бір тұлғамен топқа кірсе, сондай-ақ басқа да тұлғалар осындай тұлғалардың әрқайсысымен осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетілген қандай да бір негіз бойынша бір топқа кірсе, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жиынтығы тұлғалар тобы болып табылады.
2. Тұлғалар тобы нарықтың біртұтас субъектісі ретінде қарастырылады. Осы бөлімнің нарық субъектілеріне қатысты ережелері тұлғалар тобына қолданылады.
273-бап. Заңды тұлғалардың үлестес тұлғалары
1. Акцияларының (үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың үлестес тұлғалары - акцияларының (үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаларға акцияларының (үлестерiнiң) елу пайызынан астамы тiкелей не жанама түрде тиесiлi болатын заңды тұлғалар.
2. Жанама тиесілілік өзге заңды тұлға акцияларының (үлестерінің) елу пайызынан астамы әрбір келесі үлестес тұлғаға тиесілі болатынын білдіреді.
18-тарау. МОНОПОЛИСТІК ҚЫЗМЕТ
274-бап. Монополистік қызмет ұғымы және оның түрлері
1. Жағдайы тиісті тауар нарығын бақылауға, оның ішінде тиісті тауар нарығындағы тауар айналысының жалпы жағдайына елеулі әсер етуге мүмкіндік беретін нарық субъектілерінің қызметі монополистік қызмет болып табылады.
2. Осы Кодексте шектелген монополистік қызметке:
1) нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісімдері;
2) нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттері;
3) үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану жатады.
275-бап. Бәсекелестікке қарсы келісімдер мен келісілген
іс-әрекеттердің түрлері
1. Бір тауар нарығында бәсекелестер не әлеуетті бәсекелестер болып табылатын нарық субъектілері арасындағы бәсекелестікке қарсы келісімдер немесе келісілген іс-әрекеттер деңгейлес болып табылады.
Тиісті тауар нарығында нарық субъектiлерiнің тауарына ұқсас не оның тауарымен өзара алмастырылатын тауарды өндіруіне және (немесе) өткiзуіне байланысты тиісті нарықтың басқа субъектiлерiмен жарыспалылық жағдайында болатын нарық субъектiсi бәсекелес болып табылады.
Бәсекелестiң тауарына ұқсас не оның тауарымен өзара алмастырылатын тауарды өндіру және (немесе) өткiзу мүмкiндiгi бар (жабдыққа, технологияларға ие), бiрақ тиiстi тауар нарығында оны өндірмейтін және өткiзбейтiн нарық субъектiсi әлеуеттi бәсекелес болып табылады.
2. Бірі тауарды сатып алатын немесе оның әлеуетті сатып алушысы болып табылатын, ал екіншісі тауарды ұсынатын немесе оның әлеуетті сатушысы (өнім берушісі) болып табылатын бәсекелес емес нарық субъектілері арасындағы бәсекелестікке қарсы келісімдер сатылас болып табылады.
276-бап. Бәсекелестікке қарсы келісімдер
1. Тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым жасайтын және (немесе):
1) бағаларды (тарифтердi), жеңiлдетулердi, үстеме ақыларды (қосымша ақыларды), үстеме бағаларды белгiлеуге немесе ұстап тұруға;
2) сауда-саттықта бағаларды көтеруге, төмендетуге немесе ұстап тұруға;
3) тауар нарығын аумақтық қағидат, тауарларды сату немесе сатып алу көлемi, өткiзiлетiн тауарлар ассортиментi не сатушылардың немесе сатып алушылардың (тапсырыс берушiлердiң) құрамы бойынша бөлуге;
4) тауар өндiрiсiн қысқартуға немесе тоқтатуға;
5) белгiлi бiр сатушылармен не сатып алушылармен (тапсырыс берушiлермен) шарт жасасудан бас тартуға әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкiн нарық субъектiлерi арасындағы деңгейлес келiсiмдерге тыйым салынады.
2. Егер:
1) сатушы сатып алушы үшiн тауарды қайта сатудың ең жоғары бағасын белгiлейтiн жағдайды қоспағанда, келiсiмдер тауарды қайта сату бағасын белгiлеуге әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкiн болса;
2) келiсiмде сатушының бәсекелесi болып табылатын нарық субъектiсiнiң тауарын сатып алушының сатпау мiндеттемесi көзделсе, нарық субъектiлерi арасындағы сатылас келiсiмдерге тыйым салынады. Мұндай тыйым салу сатып алушының тауар белгiсiмен не сатушыны немесе өндiрушiнi дараландырудың өзге де құралымен тауарларды сатуды ұйымдастыруы туралы келiсiмдерге қолданылмайды.
3. Нарық субъектiлерiнiң арасындағы кез келген нысанда қол жеткiзiлген, бәсекелестiктi шектеуге әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкiн, оның iшiнде:
1) нарықтың басқа субъектiлерiмен мәні бiрдей шарттарға кемсiтетiн талаптарды белгiлеуге немесе қолдауға, оның iшiнде тауарларды сатып алудың және (немесе) өткiзудiң келiсiлген шарттарын белгiлеуге;
2) сауда-саттықты, аукциондар мен конкурстарды өткiзудiң белгiленген тәртiбiн, оның iшiнде лоттар бойынша бөлу жолымен бұзу нәтижесiнде олардың қорытындыларын бұрмалауға;
3) тауарларды өткiзудi негiзсiз шектеуге немесе тоқтатуға;
4) нарықтың басқа субъектiлерiнiң белгiлi бiр тауарларды сатушылар (берушiлер) немесе олардың сатып алушылары ретiнде тауар нарығына кiруiн шектеуге немесе одан ығыстырып шығаруға;
5) контрагенттердiң өзiнiң мазмұны бойынша немесе iскерлiк айналым дәстүрiне сай осы шарттардың нысанасына қатысы жоқ қосымша мiндеттемелер (қаржылай қаражатты және өзге де мүлiктi, мүлiктiк немесе мүлiктiк емес құқықтарды берудi негiзсiз талап ету) қабылдауы кезiнде шарттар жасасуға қатысты бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерге тыйым салынады және олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен толығымен немесе iшiнара жарамсыз деп танылады.
Осы тармақта белгiленген тыйымдар концессия, кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарттары болып табылатын сатылас келiсiмдерге не егер нарық субъектiлерiнiң тауар нарығындағы жиынтық үлесi жиырма пайыздан аспаса, қолданылмайды.
4. Нарық субъектілерінің іс-әрекеттерін осындай нарық субъектілерінің ешқайсысымен де бір тұлғалар тобына кірмейтін және нарық субъектілерінің іс-әрекеттерін келісу жүзеге асырылатын сол тауар нарығында (тауар нарықтарында) қызметін жүзеге асырмайтын үшінші тұлғаның келістіріп отыруы экономикалық қызметті үйлестіру деп танылады. Нарық субъектiлерiнiң экономикалық қызметiн осы баптың 1 – 3-тармақтарында тізбеленген салдарларға әкеп соқтыра алатындай, әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтырған үйлестiруге тыйым салынады.
5. Осы баптың ережелерi, егер бiр тұлғалар тобына кiретiн нарық субъектiлерiнiң бiрi нарықтың басқа субъектiсiне қатысты тiкелей немесе жанама бақылау белгiлеген болса, сондай-ақ мұндай нарық субъектiлерi бiр тұлғаның тiкелей немесе жанама бақылауында болса, осындай нарық субъектiлерi арасындағы келiсiмдерге қолданылмайды.
Тiкелей бақылау – жеке немесе заңды тұлғаның мынадай бiр немесе бiрнеше iс-қимылдар жасау:
оның атқарушы органының, директорлар кеңесінің функцияларын жүзеге асыру;
заңды тұлғаның кәсiпкерлiк қызметiн жүргiзу шарттарын айқындау құқығын алу;
заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің, пайларының) елу пайызынан астамына иелік ету арқылы заңды тұлға қабылдайтын шешiмдердi айқындау мүмкiндiгi.
Заңды тұлғаның қабылдайтын шешiмдерді заңды тұлға немесе араларында тiкелей бақылау бар бiрнеше заңды тұлғалар арқылы жеке немесе заңды тұлғаның айқындау мүмкiндiгi жанама бақылау деп түсініледі.
6. Осы баптың талаптары зияткерлiк қызметтiң нәтижелерiне айрықша құқықтарды жүзеге асыру туралы келiсiмдерге және соларға теңестiрiлген заңды тұлғаның дараландыру құралдарына, өнiмдi, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтердi дараландыру құралдарына қолданылмайды.
7. Осы баптың 2-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, осы бапта көзделген келiсiмдерге, егер олар нарық субъектiлерiне осы келiсiмдердiң мақсаттарына қол жеткiзу үшiн қажет болып табылмайтын шектеулер қоймаса және тиiстi тауар нарығында бәсекелестiктi жою үшiн мүмкiндiк жасамаса және егер нарық субъектiлерi мұндай келiсiмдер өз нәтижесiнде:
1) тауарлар өндiрудi (өткiзудi) жетiлдiруге немесе техникалық (экономикалық) прогресті ынталандыруға жәрдемдесетін немесе жәрдемдесе алатын не әлемдiк тауар нарығында тараптар өндірген тауарлардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыратын немесе арттыра алатын;
2) тиiстi тұлғалардың осындай iс-әрекет жасауынан иеленетiн артықшылықтардың (пайдалардың) мөлшерлес бөлiгiн тұтынушылардың алатынын немесе алуы мүмкiн екенін дәлелдесе, жол берiлетін болып танылады.
277-бап. Нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы
келісілген іс-әрекеттері
1. Нарық субъектілерінің бәсекелестікті шектеуге «және (немесе) тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым жасауға бағытталған, оның ішінде:
1) тауарларды сатып алу немесе өткізу бағаларын не басқа жағдайларын белгілеуге және (немесе) ұстап тұруға;
2) тауарларды өндіруді не өткізуді негізсіз шектеуге;
3) белгілі бір сатушылармен (өнім берушілермен) не сатып алушылармен шарттар жасасудан негізсіз бас тартуға;
4) басқа субъектілермен маңызы бірдей шарттарға кемсітетін талаптар қолдануға қатысты келісілген іс-әрекеттеріне тыйым салынады.
2. Нарық субъектілерінің осы баптың 1-тармағында аталған іс-әрекеттері, егер жиынтығында олар мынадай:
1) нарық субъектілерінің үш ай мерзім ішінде қатар жасалған іс-әрекеттері және нәтижесінде нарық субъектілерінің әрқайсысы келісілген іс-әрекеттердің болмауы салдарынан көзделмеген пайда алған;
2) нарық субъектілерінің іс-әрекеттері олардың әрқайсысына алдын ала белгілі болған;
3) аталған нарық субъектілерінің әрқайсысының іс-әрекеттері осы нарық субъектілеріне тең дәрежеде ықпал ететін мән-жайлардың салдары болып табылмаған талаптарды қанағаттандырса, келісілген іс-әрекеттер деп танылуы мүмкін.
3. Нарық субъектілерінің осы баптың 1-тармағында аталған іс-әрекеттері жазбаша келісімнің болуына қарамастан, келісілген іс-әрекеттер болып танылады.
4. Егер келісілген іс-әрекеттерді бір тұлғалар тобына кіретін немесе тауар нарығындағы жиынтық үлесі он бес проценттен аспайтын нарық субъектілері жасаса және тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым жасамаса және олар:
1) озық технологияларды енгізу жолымен өндірісті жетілдіруге;
2) шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға;
3) стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеуге және қолдануға бағытталса, ондай іс-әрекеттерге жол беріледі.
278-бап. Үстем немесе монополиялық жағдай
1. Тиісті тауар нарығындағы нарық субъектісінің немесе бірнеше нарық субъектісінің нарық субъектісіне немесе бірнеше нарық субъектісіне тиісті тауар нарығын бақылауға, оның ішінде тауар айналысының жалпы жағдайына елеулі ықпал етуге мүмкіндік беретін жағдайы үстем немесе монополиялық жағдай болып танылады.
2. Нарық субъектiсiнiң үстем жағдайы Еуразиялық экономикалық комиссия бекiтетiн бәсекелестiктiң жай-күйiн бағалау әдiстемесiне сәйкес мынадай мән-жайларды:
1) нарық субъектiсiнiң үлесiн және оның бәсекелестерi мен сатып алушыларының үлестерiмен арақатынасын;
2) нарық субъектiсiнiң бiржақты тәртiппен тауар бағасының деңгейiн айқындау және тиiстi тауар нарығында тауар өткiзудiң жалпы шарттарына шешушi ықпал ету мүмкiндiгiн;
3) тауар нарығына кiру үшiн экономикалық, технологиялық, әкiмшiлiк немесе өзге де шектеулердiң болуын;
4) нарық субъектiсiнiң тауар нарығында тауар айналымының жалпы шарттарына шешушi ықпал ету мүмкiндiгінің болу кезеңін талдау негiзге алына отырып белгiленедi.
3. Тиісті тауар нарығындағы үлесі отыз бес және одан да көп процентті құрайтын нарық субъектісінің жағдайы үстем жағдай болып танылады.
4. Егер:
1) тиісті тауар нарығында неғұрлым көп үлес тиесілі болатын, үшеуден аспайтын нарық субъектісінің жиынтық үлесі елу және одан көп процентті құраса;
2) тиісті тауар нарығында неғұрлым көп үлес тиесілі болатын, төртеуден аспайтын нарық субъектісінің жиынтық үлесі жетпіс және одан көп процентті құраса, бірнеше нарық субъектісінің әрқайсысының жағдайы үстем жағдай болып танылады.
5. Егер:
1) тиісті қаржы қызметтерін көрсету нарығында неғұрлым көп үлес тиесілі болатын, екеуден аспайтын қаржылық ұйымның жиынтық үлесі елу және одан көп процентті құраса;
2) тиісті қаржы қызметтерін көрсету нарығында неғұрлым көп үлес тиесілі болатын, үшеуден аспайтын қаржылық ұйымның жиынтық үлесі жетпіс және одан көп процентті құраса, қаржылық ұйымдардың жағдайы үстем жағдай болып танылады.
6. Тиісті тауар нарығындағы, оның ішінде қаржы қызметтерін көрсету нарығындағы үлесі он бес проценттен аспайтын нарық субъектісінің жағдайы осы баптың 3 және 4-тармақтарына сәйкес үстем жағдай болып таныла алмайды.
7. Табиғи монополия, мемлекеттік монополия субъектілерінің, сондай-ақ тиісті тауар нарығында жүз процент үстем үлеске ие нарық субъектілерінің (монополиялық жағдайға ие субъектілер) жағдайы монополиялық жағдай болып танылады.
279-бап. Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық
субъектілерінің мемлекеттік тізілімін жасау
және жүргізу
1. Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі - тізілім) - табиғи немесе мемлекеттік монополия жағдайындағы нарықтарды қоспағанда, тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің тізбесі.
2. Тізілімді бекіту және оған өзгерістер енгізу бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
3. Тізілім бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша бекітіледі.
4. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган нарық субъектілерін аталған нарықта үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің тізіліміне және реттеуші органдарға енгізу (алып тастау) туралы шешім қабылдаған жағдайда бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган нарық субъектілерін тізілімге енгізу (алып тастау) туралы шешім қабылдаған кезден бастап он жұмыс күні ішінде тізілімнен үзінді көшірме жіберіледі.
5. Адамдар қатары тізілімге бырыңғай нарық субъектісі ретінде енгізіледі және бұл ретте тиісті тауар нарығында қызметін жүзеге асыратын адамдар қатарының құрамына кіретін барлық жеке және (немесе) заңды тұлғалар көрсетіледі.
6. Тізілімге нарық субъектілерін енгізу және одан алып тастау бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
280-бап. Үстем немесе монополиялық жағдайды теріс
пайдалану
Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң тиiстi тауар нарығына кiрудi шектеуге, бәсекелестiктi болғызбауға, шектеуге және жоюға әкеп соққан немесе әкеп соғатын және (немесе) тұтынушылардың, өзге де тұлғалардың заңды мүдделерiне қысым жасайтын іс-әрекеттерiне немесе әрекетсiздiгiне, оның iшiнде:
1) монополиялық жоғары (төмен) немесе монопсониялық төмен бағаларды белгiлеу, ұстап тұру;
2) нарық субъектiлерiмен немесе тұтынушылармен жасалған мәні бiрдей келiсiмдерге объективті түрде ақтамайтын себептермен әртүрлi бағаларды не әртүрлi шарттарды қолдану;
3) өзiнен сатып алынған тауарларды қайта сатуға аумақтық белгiсi, сатып алушылар тобы, сатып алу шарттары бойынша, сондай-ақ саны, бағасы бойынша шектеулер белгiлеу;
4) нарық субъектiсiне немесе тұтынушыға өз мазмұны бойынша немесе iскерлiк айналым дәстүрiне сай осы келiсiмдердiң нысанасына қатысы жоқ қосымша мiндеттемелер қабылдату жолымен келiсiм жасасуға шарт қою не оны күштеп таңу;
5) тиiстi тауарды өндiру немесе өткiзу мүмкiндiгi болған кезде жекелеген сатып алушылармен шарт жасасудан немесе тауарды өткізуден негiзсiз бас тарту не осындай шарт жасасуға күнтізбелік отыз күннен асатын мерзiмде жауап ұсынбаудан көрінетін жалтару;
6) бәсекелестер өндiрген не өткiзетiн тауарларды сатып алу кезiнде шектеулер қабылдау арқылы тауарларды беруге шарт қою;
7) өндiру немесе өнім беру мүмкiндiгi болған кезде тұтынушылардың сұраныстары немесе тапсырыстары бар тауарларды өндiру және (немесе) беру көлемiн негiзсiз қысқарту немесе өндiруді және (немесе) өнім беруді тоқтату;
8) егер тауардың бағасын көтеру тауарды алып қоюдың нәтижесi болып табылса, тауарды айналымнан алып қою;
9) контрагентке шарттың нысанасына жатпайтын, экономикалық немесе технологиялық тұрғыдан негiзделмеген шарт талаптарын күштеп таңу;
10) нарықтың басқа субъектiлерiне тауар нарығына кiруге немесе тауар нарығынан шығуға кедергiлер жасау;
11) бір ғана тауарға әртүрлі бағаларды (тарифтерді) экономикалық, технологиялық тұрғыдан немесе өзге де түрде негізсіз белгілеу, кемсітушілік жағдайлар жасау сияқты iс-әрекеттерiне тыйым салынады.
281-бап. Тауардың монополиялық жоғары және монополиялық
төмен бағасы
1. Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі белгілеген баға, егер:
1) осы баға нақ сол тауар нарығында бәсекелестік жағдайында үстем жағдайға ие нарық субъектісімен бір тұлғалар тобына кірмейтін нарық субъектісі белгілейтін ең жоғары бағадан асып кетсе немесе салыстырмалы тауар нарығында бәсекелестік жағдайында қалыптасқан бағадан асып кетсе;
2) осы баға осындай тауарды өндіру және өткізу үшін қажет шығыстар мен пайда сомасынан асып кетсе, тауардың монополиялық жоғары бағасы болып табылады.
2. Тауар нарығы - тұтынушының тауарды сатып алуға экономикалық, аумақтық және технологиялық мүмкіндіктері негізге алына отырып айқындалатын, тауардың немесе бірін-бірі алмастыратын тауарлардың айналым аясы. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағаларды мемлекеттік реттеу енгізілген тауар нарықтары реттелетін нарықтар деп танылады.
3. Салыстырмалы тауар нарығы деп тауарды сатып алу немесе сату мақсаттарын негізге ала отырып айқындалатын сатылатын тауар көлемі, тауарды сатып алушылар немесе сатушылар (өнім берушілер) құрамы және тауар нарығына кіру талаптары бойынша салыстырылатын басқа тауар нарығы түсініледі.
Нақ сол тауар нарығындағы бағаны салыстыру мүмкін болмаған жағдайда, салыстырмалы тауар нарығындағы, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі салыстырмалы тауар нарығындағы тауар бағасымен салыстыру жүргізіледі.
Егер салыстырмалы тауар нарығында бәсекелестік жағдайында қалыптасқан бағаны не салыстырмалы тауар нарығын айқындау, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде айқындау мүмкін болмаса, нарық субъектісінің шығыстарына және пайдасына талдау жүргізіліп, тауардың негізделген бағасы айқындалады.
4. Реттеуші органның нарық субъектісіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес белгілеген тауар бағасы монополиялық жоғары баға болып танылмайды.
5. Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі белгілеген баға, егер:
1) осы баға нақ сол тауар нарығында үстем жағдайға ие нарық субъектісімен бір тұлғалар тобына кірмейтін нарық субъектісі белгілейтін бағадан төмен болса;
2) осы баға осындай тауарды өндіру мен өткізудің нақты шығыстары сомасынан төмен болса, тауардың монополиялық төмен бағасы болып табылады.
6. Егер, тауардың бағасы осы баптың 5-тармағында аталған критерийлердің біреуіне де сәйкес келмесе, ол монополиялық төмен баға болып танылмайды. Реттеуші органның нарық субъектісіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес белгілеген тауар бағасы монополиялық төмен баға болып танылмайды.
282-бап. Монополиялық жағдай және монополиялық төмен баға
1. Сатып алушы ретінде үстем немесе монополиялық жағдайға ие, тиісті тауар нарығындағы үлесі жетпіс және одан көп процентті құрайтын нарық субъектісінің жағдайы монопсониялық жағдай болып танылады.
2. Монополиялық жағдайға ие нарық субъектісінің тауарды сатып алатын тауар бағасы, егер:
1) осы баға монопсониялық жағдайға ие нарық субъектісіне тауар өткізетін нарық субъектілері есебінен өндіру және (немесе) өткізу шығындарын төмендету жолымен оған қосымша табыс алуға мүмкіндік берсе;
2) осы баға тауар өткізуші нарық субъектісіне осындай тауарды өндіру мен өткізуіне қажетті шығыстар мен пайда сомасынан төмен болса, монопсониялық төмен баға болып табылады.
3. Егер тауардың бағасы осы баптың 2-тармағында аталған критерийлердің біреуіне де сәйкес келмесе, ол монопсониялық төмен баға болып танылмайды.
283-бап. Монополиялық табысты аударудан босату
1. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган, нарық субъектілерін, жиынтығында мынадай талаптар сақталған:
1) нарық субъектісі бәсекелестік саласындағы уәкілетті органға аталған бәсекелестікке қарсы келісімдер немесе келісілген іс-әрекеттер туралы ақпаратты басқа көздерден алмағанын мәлімдеген кезде;
2) нарық субъектісі бәсекелестікке қарсы келісімдерге немесе келісілген іс-әрекеттерге өзінің қатысуын тоқтату жөнінде шұғыл шаралар қабылдаған;
3) нарық субъектісі мәлімдеген кезден бастап бүкіл тергеп-тексеру барысында бәсекелестікке қарсы келісімдер немесе келісілген іс-әрекеттер фактілері туралы бар ақпаратты хабарлаған;
4) нарық субъектісі бәсекелестікке қарсы келісімдерді немесе келісілген іс-әрекеттерді жасау салдарынан тұтынушыларға келтірілген нұқсанды ерікті түрде өтеген жағдайда, бәсекелестікке қарсы келісімдер немесе келісілген іс-әрекеттер жасау салдарынан алған монополиялық табысын алып қоюдан босату туралы өтінішхатпен Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
2. Нарық субъектісінің шын өкінуіне байланысты монополиялық табысын алып қоюдан босату туралы шешімді сот Қазақстан Республикасының қылмыстық және әкімшілік заңнамаларының нормаларына сәйкес қабылдайды.
19-тарау. ЖОСЫҚСЫЗ БӘСЕКЕЛЕСТІК
284-бап. Жосықсыз бәсекелестік
1. Құқыққа сыйымсыз артықшылықтарға қол жеткізуге немесе оларды беруге бағытталған, сондай-ақ тұтынушылардың заңды құқықтарын бұзатын бәсекелестіктегі кез келген іс-әрекеттер жосықсыз бәсекелестік болып табылады. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады.
2. Жосықсыз бәсекелестікке мынадай іс-әрекеттер жатады:
1) жеке тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ авторлық құқық объектілерін заңсыз пайдалану;
2) басқа өндірушінің тауарын құқыққа сыйымсыз пайдалану;
3) бұйымның сыртқы түрін көшіріп алу;
4) нарық субъектісінің беделін түсіру;
5) көрінеу жалған, жосықсыз және дәйексіз жарнама;
6) мәжбүрлі ассортиментпен тауар өткізу (сатып алу);
7) сатушыға (өнім берушіге) бойкот жасауға шақыру;
8) сатып алушының (өнім берушінің) беделін түсіруге шақыру;
9) нарық субъектісін бәсекелеспен шартты бұзуға шақыру;
10) сатушының (өнім берушінің) қызметкерін сатып алушылық;
11) сатып алушының қызметкерін сатып алушылық;
12) коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты құқыққа сыйымсыз пайдалану;
13) тұтынушыға тауардың сипатына, өндірілу тәсілі мен орнына, тұтынушылық қасиеттеріне, сапасы мен санына және (немесе) оны өндірушілерге қатысты анық емес ақпарат ұсына отырып, тауарды өткізу;
14) нарық субъектiсiнiң өзi өндiретiн және (немесе) өткiзетiн тауарларын нарықтың басқа субъектiлерi өндiретiн және (немесе) өткiзетiн тауарлармен орынсыз салыстыруы.
285-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді, сондай-ақ авторлық құқық
объектілерін заңсыз пайдалану
Бөгде тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын, фирмалық атауын, тауар шығарылған жердің атауын немесе біртекті тауарлар үшін олармен ұқсас белгілерді заңсыз пайдалану немесе құқық иеленушінің немесе оған уәкілетті тұлғаның рұқсатынсыз әдеби, көркем шығармалардың, мерзімді басылымдардың атауын пайдалану немесе буманы тұтынушыны тауардың сипатына, өндірілу тәсілі мен орнына, тұтынушылық қасиеттеріне, сапасы мен санына қатысты немесе оны өндірушілерге қатысты жаңылыстыруға ұшыратуы мүмкін болатындай етіп пайдалану тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ авторлық құқық объектілерін заңсыз пайдалану болып табылады.
286-бап. Басқа өндірушінің тауарын құқыққа сыйымсыз
пайдалану
Құқық иеленушінің немесе оған уәкілетті тұлғаның рұқсатынсыз өндірушінің белгілерін өзгерту не алып тастау жолымен басқа өндірушінің тауарын өз белгісімен шаруашылық айналымына енгізу басқа өндірушінің тауарын құқыққа сыйымсыз пайдалану болып табылады.
287-бап. Бұйымның сыртқы түрін көшіріп алу
1. Нарықтың басқа субъектісі бұйымының сыртқы түрін қайта жасап шығару және оны тұтынушыны тауар өндірушіге қатысты жаңылыстыруға ұшыратуы мүмкін болатындай етіп шаруашылық айналымға енгізу бұйымның сыртқы түрін көшіріп алу болып табылады.
2. Егер мұндай көшіріп алу олардың функционалдық қолданылуына ғана байланысты болса, бұйымның сыртқы түрін немесе оның бөліктерін көшіріп алу құқыққа сыйымсыз болып танылмайды.
288-бап. Нарық субъектісінің беделін түсіру
Нарық субъектісінің қызметіне байланысты көрінеу жалған, дәйексіз мәліметтерді кез келген нысанда тарату нарық субъектісінің беделін түсіру болып табылады.
289-бап. Көрінеу жалған, жосықсыз және дәйексіз жарнама
Жосықсыз, дәйексіз және көрінеу жалған жарнамалардың белгілері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленеді.
290-бап. Мәжбүрлі ассортиментпен тауар өткізу (сатып алу)
Сатушының (өнiм берушiнiң) немесе сатып алушының тауарды өткiзуі (сатып алуы) кезiнде сатушының (өнім берушінің), тұтынушының құқығына қысым жасайтын және өзiнiң мазмұны бойынша немесе iскерлiк айналым дәстүрiне сай мәмiленiң нысанасына қатысы жоқ қосымша талаптарды немесе шарттарды белгiлеу жөнiндегi кез келген iс-әрекеттерi мәжбүрлi ассортиментпен тауар өткiзу (сатып алу) болып табылады.
291-бап. Сатушыға (өнім берушіге) бойкот жасауға шақыру
Бәсекелестің тікелей өзі немесе делдал арқылы ұйымдастырған, сатып алушылардың сатушымен (өнім берушімен) шарттық қатынастарды орнатудан немесе оның тауарларын сатып алудан бас тартуға бағытталған іс-әрекеттері сатушыға (өнім берушіге) немесе оның тауарына бойкот жасауға шақыру болып табылады.
292-бап. Сатып алушыны (өнім берушіні) кемсітуге шақыру
Сатып алушы (өнім беруші) бәсекелесінің тікелей өзі немесе делдал арқылы өнім берушіні (сатып алушыны) шарт жасасудан бас тартуға немесе маңызы бірдей шарттар бойынша өзге де сатып алушыларға (өнім берушілерге) кемсітетін талаптар қолдануға мәжбүрлеуге бағытталған іс-әрекеттері сатып алушыны (өнім берушіні) кемсітуге шақыру болып табылады.
293-бап. Бәсекелеспен шартты бұзуға шақыру
Нарық субъектісінің тікелей өзі немесе делдал арқылы материалдық сыйақы, басқа да артықшылықтар беру немесе ұсыну не нарық субъектісінің қызметін жүзеге асыруына негізсіз кедергі келтіру арқылы бәсекелеспен шартқа қатысушының - нарықтың өзге субъектісінің шарттық міндеттемелерді орындамауына немесе тиісінше орындамауына бағытталған іс-әрекеттері бәсекелеспен шартты бұзуға шақыру болып табылады.
294-бап. Сатушының (өнім берушінің) қызметкерін
сатып алушылық
Сатып алушы бәсекелесінің тікелей өзі немесе делдал арқылы сатушы (өнім беруші) қызметкерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін мүліктік және мүліктік емес игіліктерді беруі, бұл сатып алушы бәсекелесінің сатып алушы алдында белгілі бір артықшылықтар алуына және (немесе) сатып алушының шығын шегуіне әкеп соқса немесе әкеп соғу мүмкін болса, сатушының (өнім берушінің) қызметкерін сатып алушылық болып табылады.
295-бап. Сатып алушының қызметкерін сатып алушылық
Сатушы (өнім беруші) бәсекелесінің тікелей өзі немесе делдал арқылы сатып алушы қызметкерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін оған мүліктік және мүліктік емес игіліктерді беруі, бұл сатушы (өнім беруші) бәсекелесінің сатушы (өнім беруші) алдында белгілі бір артықшылықтар алуына және (немесе) сатушының (өнім берушінің) шығын шегуіне әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса, қызметкерді сатып алушылық болып табылады.
296-бап. Коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты
құқыққа сыйымсыз пайдалану
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтерді құқық иесінің рұқсатынсыз пайдалану коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты құқыққа сыйымсыз пайдалану болып табылады.
20-тарау. МЕМЛЕКЕТТІҢ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСУЫ
297-бап. Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуы
1. Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуы:
1) заңдылыққа;
2) негізділікке;
3) шектеулілікке;
4) жарысқа қатыспаушылыққа негізделеді.
2. Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуы:
1) мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпкерлік) құру;
2) заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына тікелей немесе жанама қатысу арқылы жүзеге асырылады.
298-бап. Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуының
негіздері
1. Мемлекет мынадай:
1) мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, қорғаныс қабілетін немесе қоғам мүддесін қорғауды қамтамасыз етудің өзге мүмкіндігі болмаған;
2) мемлекет меншігіндегі стратегиялық объектілер пайдаланылған және ұасталған;
3) мемлекеттік монополияға жатқызылған салалардағы, сондай-ақ мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу және оның тиімділігін талдау үшін құрылатын ұйымдардың қызметтерін жүзеге асыру;
4) тиісті тауар нарығында ұқсас не бірін-бірі алмастыратын тауарды өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісі (-лер) болмаған;
5) мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерінде тікелей көзделген жағдайларда кәсіпкерлік қызметке қатысады.
Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар, және мемлекетке тікелей немесе жанама тиесілі олармен аффилиирленген тұлғалар осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, тауар нарығында жеке кәсіпкерлік субъектілерімен ұсынылатын қызметті жүзеге асыратын еншілес ұйымдарды құруға құқығы жоқ.
2. Мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң) елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметтерін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, олармен аффилиирленген тұлғаларды құру, сондай-ақ жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен жүзеге асырылады.
Қызмет түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі осы баптың 1-тармағының талаптарын ескере отырып бекітеді.
3. Акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметтерін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, олармен аффилиирленген тұлғаларды осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда құру, мемлекеттік-жекешілік әріптестік негізінде жобаның өтемділігі кезеңін ескере отырып, кейіннен мемлекеттің (үлестерін) акцияларын сатумен монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен жүзеге асырылады.
Бұл ретте, акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген критерийлерге сәйкес шағын кәсiпкерлiк субъектiлерге жататын олармен аффилиирленген тұлғаларды құруға, сондай-ақ мемлекеттің оларға қатысуына тыйым салынады.
4. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайда мемлекеттік кәсіпорынды, акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаны және өз қызметтерін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, олармен аффилиирленген тұлғаларды құру туралы шешім қабылдайтын орган бәсекелестікті қорғау саласындағы органға негізделген материалдарды бәсекелестікті қорғау саласындағы орган белгілеген нысан бойынша бере отырып, мұндай құру туралы өтінішхат береді.
Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган өтінішхат келiп түскен кезден бастап күнтiзбелiк алпыс күн iшiнде мемлекеттiк кәсiпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаларды және олармен үлестес тұлғаларды құру болжанатын тауар нарықтарын тексеруге, осы тауар нарықтарында бәсекелестiктiң даму деңгейi туралы, оның iшiнде осы тауар нарығында мемлекеттiк кәсiпорынның, акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаның, онымен үлестес тұлғаның қатысу мерзiмi туралы қорытындыны дайындауға және өтінішхатты ұсынған тұлғаға негізделген шешiмдi жiберуге мiндеттi.
5. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган, егер мұндай құру бәсекелестікті шектеуге әкеп соғатын болса, мемлекеттік кәсіпорынды, акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаны және өз қызметтерін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, олармен аффилиирленген тұлғаларды құруға келісім беруден бас тартады.
6. Мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін монополияға қарсы органның алдын ла келісімінсіз Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, олармен үлестес тұлғаларды құрған жағдайда, бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган аталған әрекеттерге сот тәртібімен шағымданады.
7. Осы баптың 2, 3, 4, 5 және 6-тармақтарының талаптары осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайға ғана қолданылады.
299-бап. Мемлекеттік монополия
1. Мемлекеттiк монополия – осы Кодексте көзделген тәртiппен енгiзiлетiн, бәсекелестiк нарықта қандай да бiр тауарды өндiруге, өткізуге немесе сатып алуға арналған мемлекеттiң айрықша құқығы.
2. Мемлекет тауарларды бәсекелес нарықта өткізу конституциялық құрылыстың, ұлттық қауіпсіздіктің, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың, халықтың денсаулығын сақтаудың жай-күйіне теріс ықпал етуі мүмкін қызмет салаларында тауарды өндіруге және (немесе) сатуға, сатып алуға немесе оларды пайдалануға мемлекеттің айрықша құқығын Заңмен бекіту жолымен бәсекелестікті шектеуге құқылы.
3. Айрықша құқықты іске асыру мемлекеттік монополия субъектісін құру жолымен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметі не Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік кәсіпорын ғана мемлекеттік монополия субъектісі бола алады.
4. Мемлекеттік монополия субъектісіне:
1) тауарларды өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысы бар қызметті қоспағанда, мемлекеттік монополия саласына жатпайтын тауарлар өндіруге;
2) заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иеленуге, сондай-ақ олардың қызметіне өзгеше түрде қатысуға;
3) мемлекеттік монополияға байланысты құқықтарды басқаға қайтадан беруге;
4) өздері өндіретін немесе өткізетін тауарларға Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейтін бағалардан ерекшеленетiн баға белгiлеуге тыйым салынады.
Дүлей зілзала, эпидемия, эпизоотия, сондай-ақ негізгі қызметін одан әрі жалғастыруға кедергі келтіретін шектеулер болған кезде мемлекеттік монополия субъектісіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша негізгі қызметін қайтадан жүргізгенге дейін технологиялық тұрғыдан негізгі қызметіне жақын өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқық беріледі.
5. Мемлекеттік монополия субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттiк монополия субъектiлерiнiң осы баптың 6-тармағында белгiленген шектеулердi сақтауын бақылауды бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Заңға сәйкес жүзеге асырады.
7. Мемлекеттік монополияны енгізген кезде мынадай талаптар сақталады:
1) нарық субъектілері осы шешім туралы ол қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде алты ай бұрын хабардар етілуге тиіс;
2) мемлекеттік монополия күшіне енгізілгеннен кейін осы тауарды алты ай мерзім бойы өндірумен, сатумен айналысқан немесе пайдаланған нарық субъектілері, орындалу мерзімі жоғарыда көрсетілген мерзімнен асатын мәмілелер жасауды қоспағанда, осы тауарды өткізуді жүзеге асыруға құқылы;
3) нарық субъектілеріне мемлекеттік монополия енгізу салдарынан келтірілген залалдар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеледі.
8. Осы баптың ережелері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне қолданылмайды.
21-тарау. БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ
300-бап. Мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдардың
бәсекелестiкке қарсы iс-әрекеттерi, келiсiмдерi
1. Мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға немесе тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым жасауға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкiн актiлер не шешiмдер қабылдаудан көрiнетiн бәсекелестiкке қарсы iс-әрекеттерiне конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тыйым салынады және олар толықтай немесе iшiнара жарамсыз деп танылады.
2. Мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестiкке қарсы iс-әрекеттерi болып, оның ішінде мыналар танылады:
1) қызметтiң қандай да бiр саласында нарық субъектiсiн құруға қатысты шектеулер енгiзу;
2) нарық субъектiсiнiң қызметiн жүзеге асыруына негiзсiз кедергi келтiру;
3) тауарлардың еркiн қозғалысына қатысты тыйым салуларды белгiлеу немесе шектеулер, нарық субъектiлерiнiң тауарларды өткiзу құқықтарына өзге де шектеулер енгiзу;
4) нарық субъектiсiне сатып алушылардың белгiлi бiр санаты үшiн тауарларды бiрiншi кезекте беру не белгiлi бiр сатушылардан (өнiм берушiлерден) тауарларды бiрiншi кезекте сатып алу туралы немесе басымдықты тәртiппен шарттар жасасу туралы нұсқаулар беру;
5) тауарларды сатып алушылар үшін олардың осындай тауарлар ұсынатын нарық субъектiлерiн таңдауына шектеулер белгiлеу;
6) бағаларды көтеруге, төмендетуге немесе ұстап тұруға бағытталған iс-әрекеттер;
7) тауар нарығын аумақтық қағидат, тауарлардың сатылу немесе сатып алыну көлемi, өткiзiлетiн тауарлардың ассортиментi бойынша не сатушылардың (өнiм берушiлердiң) немесе сатып алушылардың құрамы бойынша бөлуге бағытталған iс-әрекеттер;
8) нарық субъектiлерiнiң тауар нарығына кiруiн, одан шығуын шектеу немесе оларды тауар нарығынан ығыстырып шығару;
9) нарықтың жекелеген субъектiлерiне оларды бәсекелестерге қатысты артықшылықты жағдайға қоятын жеңiлдiктер немесе басқа да басымдықтар беру немесе бәсекелестермен салыстырғанда қызметте қолайсыз немесе кемсiтушілік жағдайлар жасау;
10) нарық субъектiлерiн шарттарды басымдықты тәртiппен жасасуға, тауарларды тұтынушылардың белгiлi бiр тобына бiрiншi кезекте беруге не тауарларды белгiлi бiр сатушылардан (өнiм берушiлерден) бiрiншi кезекте сатып алуға тiкелей немесе жанама мәжбүрлеу.
3. Конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арасындағы немесе олар мен нарық субъектiлерi арасындағы келiсiмдерге, егер мұндай келiсiмдер бәсекелестiктi болғызбауға, шектеуге немесе жоюға әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкiн болса, тыйым салынады.
301-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау
саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу
Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу мақсатында монополияға қарсы орган:
1) тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау;
2) экономикалық шоғырлануға бақылау;
3) үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің
қызметтеріне мониторинг жүргізеді.
302-бап. Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін
талдау
1. Тауар нарықтарына талдау жүргізудің мақсаты бәсекелестікті қорғау мен дамытуға, монополистік қызметтің алдын алуға, шектеуге және жолын кесуге бағытталған шаралар кешенін әзірлеу үшін бәсекелестік деңгейін айқындау, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін анықтау болып табылады.
2. Тауар нарығын талдау статистикалық ақпарат және мемлекеттік органдар, нарық субъектілері және олардың бірлестіктері ұсынатын есептіліктің өзге де нысандары, сондай-ақ осы баптың 11-тармағына сәйкес ұсынылатын ақпарат негізінде жүргізіледі.
3. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган жыл сайын тауар нарықтарына талдау жүргізеді, оның қорытындылары бойынша иеліктен шығаруға жататын мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың тізбесін, оның ішінде мемлекет үлестерін көрсете отырып, сондай-ақ, бәсекелестік ортаға беруге жататын қызмет түрлерін Қазақстан Республикасының Үкіметіне жібереді.
4. Тауар нарығының шекаралары, егер тауарды немесе өзара алмастырылатын тауарды осы аумақтың шегінен тыс жерлерден сатып алу экономикалық, технологиялық және басқа себептер бойынша орынсыз болса, тұтынушының оларды сатып алатын аумағын айқындайды.
Осы тарауда тауар деп азаматтық айналым объектісі болып табылатын тауар, жұмыс және көрсетілетін қызмет түсініледі.
Бірін-бірі алмастыратын тауарлар - тұтынушы оларды тұтыну (өндіру) процесінде бірін-бірімен алмастыра алатындай, өзінің функционалдық мақсаты, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары, бағасы, сондай-ақ басқа да параметрлері бойынша салыстыруға болатын тауарлар тобы болуы мүмкін;
5. Тауар нарықтарының шекаралары тауарларды сатып алудың қолжетімділігі ескеріле отырып, мынадай:
1) осы аумақта тауар сатып алу мүмкіндігінің;
2) көлік шығындарының тауар құнына қатысты алғанда негізділігі мен өзін-өзі ақтайтындығының;
3) тауарды тасымалдау кезінде оның сапасы, сенімділігі мен басқа да тұтынушылық қасиеттері сақталуының;
4) тауарларды сатып алуға-сатуға, әкелуге және әкетуге шектеулер (тыйым салу) болмауының;
5) өз шегінде тауарлардың сатылуы, берілуі жүзеге асырылатын аумақта бәсекелестікке тең жағдайлар болуының критерийлері бойынша айқындалады.
6. Тиісті тауар нарықтарының шекараларын айқындауды бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган:
1) тауарлар нарықтарына талдау жасау кезінде;
2) үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу кезінде;
3) жеке тұлғаның, нарық субъектісінің және (немесе) заңды тұлғалар бірлестіктерінің, сондай-ақ мемлекеттік органның дәлелді өтініші болған жағдайда;
4) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу фактілері анықталған кезде жүзеге асырады.
7. Тауар нарығының көлемі тауардың немесе өзара алмастырылатын тауарлардың әкеліну және әкетілу көлемдері ескеріле отырып, нарық субъектілерінің тауарды немесе өзара алмастырылатын тауарларды нарықтың шекаралары шегінде өткізуінің заттай көрсеткіштердегі немесе құн көрсеткіштеріндегі сомасы ретінде айқындалады.
Нарық субъектісі өз өнімінің бір бөлігін өз мұқтажына пайдаланған жағдайда, өткізу көлеміне тауар нарығындағы өткізу көлемі ғана қосылады.
8. Нарық субъектісінің тиісті тауар нарығындағы үлесі нарық субъектісінің тауарды немесе өзара алмастырылатын тауарларды нарықтың географиялық шекаралары шегінде өткізу көлемінің тиісті тауар нарығының жалпы көлеміне қатынасы ретінде айқындалады.
9. Нарық субъектілерінің үлесін айқындау өнім беру көлемінің үлесі өнім берудің жалпы көлемінде сексен бес проценттен асатын субъектілердің ақпараты болған кезде мүмкін болады.
10. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді тауарлардың өзара алмастырылуының және оларды сатып алуға қолжетімділіктің, тауар нарығы шекараларының, оны талдаудың және бәсекелес ортаның жай-күйін бағалаудың критерийлерін айқындау әдістемесін тауардың ерекшелігін және Қазақстан Республикасының экономиканың тиісті саласын реттейтін заңнамасын ескере отырып, мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша, ал қаржылық ұйымдар үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша бекітеді.
11. Нарық субъектілері, олардың бірлестіктері мен басшылары, мемлекеттік органдар, оның ішінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган, мемлекеттік кірістер органдары, олардың лауазымды адамдары бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның осы Кодексте көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін қажетті дәйекті құжаттарды, жазбаша және ауызша түсіндірмелерді және өзге де ақпаратты, оның ішінде коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның талап етуі бойынша беруге міндетті.
303-бап. Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық
субъектілері қызметінің мониторингі
1. Тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің қызметі мониторингінің мақсаты, Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында көзделген бұзушылықтарды қоспағанда, үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланумен байланысты бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу болып табылады.
2. Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген нарық субъектілері бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органға:
1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес бірінші жарты жылдықтың қорытындылары бойынша қаржылық есептілікті - ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін, екінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша қаржылық есептілікті - келесі жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде;
2) өзінің дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің, пайларының) он және одан да көп процентін сату немесе сенімгерлік басқаруға беру туралы тоқсан сайынғы ақпаратты - есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-іне дейінгі мерзімде;
3) өнімнің монополиялық түрлері бойынша өндіру мен өткізу көлемдері, өткізілетін монополиялық тауарлардың босатылу бағалары мен табыстылық деңгейі туралы, бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейтін нысан бойынша тоқсан сайынғы ақпаратты есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-іне дейінгі мерзімде беруге міндетті.
304-бап. Экономикалық шоғырлануға мемлекеттік бақылау
1. Үстем немесе монополиялық жағдайдың туындауының немесе күшеюінің және (немесе) бәсекелестікті шектеудің алдын алу мақсатында бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 305-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген мәмілені (іс-әрекеттерді) жүзеге асыруға не осы Кодекстің 305-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәмілелер туралы хабардар етуге бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның алдын ала келісімін алудан көрінетін экономикалық шоғырлануға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
2. Экономикалық шоғырлануды жасауға ниеттенген не жасаған нарық субъектiлерi монополияға қарсы органға экономикалық шоғырлануға келiсiм беру туралы өтінішхатпен жүгiнедi немесе бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органды осы Кодексте көзделген тәртiппен жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабардар етедi.
3. Осы Кодекстің 305-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген экономикалық шоғырлануды жасауға ниеттенген нарық субъектілері алдын ала келісім алу үшін бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органға өтінішхатпен осы Кодексте көзделген тәртіппен жүгінуге құқылы.
4. Егер экономикалық шоғырлану конкурстық рәсiмдер (аукциондар, тендерлер, конкурстар) қолданылып жүргiзiлетін жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, өтінішхат конкурс рәсiмi басталғанға дейiн де, одан кейiн де, бiрақ жеңiмпаз жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешiктiрiлмей ұсынылуы мүмкiн.
5. Осы Кодекстің 305-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда тiркеушi орган нарық субъектiлерiн, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның келiсiмiмен жүзеге асырады.
6. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның келiсiмiнсiз жасалып, нарық субъектiсiнiң немесе тұлғалар тобының үстем немесе монополиялық жағдайын орнықтыруға немесе күшейтуге және (немесе) бәсекелестiктi шектеуге әкеп соққан экономикалық шоғырлануды сот бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның талап қоюы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн.
Осы бапты бұза отырып жүзеге асырылған нарық субъектiсiн, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның талап қоюы бойынша сот тәртiбiмен заңсыз деп танылуы мүмкiн және олардың күшi жойылады.
305-бап. Экономикалық шоғырлану
1. Мыналар:
1) нарық субъектiсiн бiрiгу немесе қосылу жолымен қайта ұйымдастыру;
2) тұлғаның (тұлғалар тобының) нарық субъектiсiнiң дауыс беретiн акцияларын (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiн, пайларын) сатып алуы, бұл ретте, егер мұндай тұлға (тұлғалар тобы) сатып алуға дейiн осы нарық субъектiсiнiң акцияларына (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiне, пайларына) иелiк етпесе немесе аталған нарық субъектiсiнiң дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) жиырма бес немесе одан да аз пайызына иелiк етсе, мұндай тұлға (тұлғалар тобы) көрсетілген акциялардың (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) жиырма бес пайызынан астамына иелiк ету құқығына ие болады;
3) егер мәмiленiң (өзара байланысты мәмiлелердiң) нысанасы болып табылатын мүлiктiң баланстық құны мүлiктi иелiктен шығаратын немесе басқаға беретiн нарық субъектiсiнiң негiзгi өндiрiстiк құралдары мен материалдық емес активтерiнiң баланстық құнының он пайызынан асып кетсе, нарық субъектiсiнiң (тұлғалар тобының) нарықтың басқа субъектiсiнiң негiзгi өндiрiстiк құралдарын және (немесе) материалдық емес активтерiн меншiкке алуы, иеленуi және пайдалануы, оның iшiнде жарғылық капиталды төлеу (беру) есебiне меншiкке алуы, иеленуi және пайдалануы;
4) нарық субъектiсiнiң өзі кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзген кезде нарықтың басқа субъектiсiне оның орындауына мiндеттi нұсқаулар беруге не оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн (оның iшiнде сенiмгерлiк басқару туралы шарт, бiрлескен қызмет туралы шарт, тапсырма шарты негiзiнде) құқықтарды сатып алуы;
5) бiр жеке тұлғалардың екi және одан да көп нарық субъектiлерiнiң атқарушы органдарына, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестерiне немесе басқарудың басқа да органдарына аталған жеке тұлғалардың осы субъектiлерде кәсiпкерлiк қызметiн жүргiзу шарттарын айқындау жағдайында қатысуы экономикалық шоғырлану деп танылады.
2. Мыналар:
1) егер бұл сатып алу оларды кейiннен қайта сату мақсатында аталған ұйымның нарық субъектiсiнiң басқару органдарында дауыс беруге қатыспауы шартымен жүзеге асырылатын болса, нарық субъектiсiнiң акцияларын (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiн, пайларын) қаржылық ұйымдардың сатып алуы, сондай-ақ бұл сатып алу немесе алу оларды кейiннен қайта сату мақсатында көрсетілген қаржылық ұйымдар мұндай мүлікті өз мақсаттары үшін табыс табу мақсатында пайдаланбауы (қолданбауы) шартымен жүзеге асырылатын болса, борышкердің міндеттемесін толығымен немесе бір бөлігінде тоқтату мақсатында нарықтың басқа субъектісінің мүлкін, негізгі өндірістік құралдарын және (немесе) материалдық емес активтерін қаржылық ұйымдардың сатып алуы немесе меншігіне алуы;
2) оңалтуды немесе банкроттықты басқарушыны, уақытша әкімшілікті (уақытша әкімшіні) тағайындау;
3) осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәмiлелердi жүзеге асыру, егер мұндай мәмiлелер бiр тұлғалар тобының iшiнде жасалса, экономикалық шоғырлану деп танылмайды.
3. Егер қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiнiң (тұлғалар тобының) немесе сатып алушының (тұлғалар тобының), сондай-ақ өзiнiң дауыс беру құқығындағы акциялары (жарғылық капиталындағы қатысу үлестері, пайлары) сатып алынатын нарық субъектiсi активтерiнiң жиынтық баланстық құны немесе олардың соңғы қаржы жылында тауар өткiзуiнiң жиынтық көлемi өтінішхат (хабарлама) берiлген күнi белгіленген айлық есептiк көрсеткiштiң он миллион еселенген мөлшерiнен асатын немесе мәмiлеге қатысушы тұлғалардың бiрi тиiстi тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiсi болып табылатын жағдайларда, бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген мәмiлелердi жүзеге асыруға келiсiмi не осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәмiлелер туралы оның хабарламасы талап етiледi.
4. Егер қаржылық ұйым активтерiнiң құны не өз капиталының шамасы бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп белгiлеген мөлшерден асып кетсе, қаржылық ұйымның қатысуымен экономикалық шоғырлануға келiсу талап етіледі.
Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген экономикалық шоғырлануды бір мезгілде қаржылық ұйым және тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі болып табылатын нарық субъектісі жүзеге асыратын жағдайда, мұндай нарық субъектісі осы баптың 3-тармағында көзделген норманы басшылыққа алады.
5. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган тиiстi тауар нарықтарын талдау негiзiнде аталған нарықтар үшiн бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның осы бапта көрсетілген мәмiлелердi жүзеге асыруға келiсiмi қажет болатын активтер құнының неғұрлым жоғары мөлшерiн және тауарлар өткiзу көлемiн белгiлеуге құқылы.
6. Тауарларды өткiзудiң жиынтық көлемi осы баптың 3-тармағына сәйкес өтінішхат (хабарлама) берiлген жылдың алдындағы соңғы қаржы жылы тауарларды өткiзуден түскен табыстың сомасы ретiнде қосылған құн салығының және акциздiң сомасы шегерiле отырып айқындалады.
Егер нарық субъектiсi қызметiн бiр жылдан кем мерзiмде жүзеге асырған жағдайда, тауарларды өткiзу көлемi нарық субъектiсiнің қызмет кезеңі үшiн айқындалады.
7. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген мәмiлелер жүзеге асырылған жағдайда бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның алдын ала келiсiмi талап етiледi.
Осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген мәмiлелер жүзеге асырылған жағдайда, бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган мәмiле жасалған күннен кейiн күнтізбелік қырық бес күннен кешiктiрiлмей хабардар етiлуге тиiс.
306-бап. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы
өтінішхаттар беретiн тұлғалар
1. Осы Кодекстің 305-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органға өтінішхатты тиiстi шешiм қабылдайтын тұлға немесе нарық субъектiсiнiң құрылтайшылары (қатысушылары) бередi.
2. Осы Кодекстің 305-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органға дауыс беретін акцияларды (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін, пайларын), негiзгi өндiрiс құралдарын, материалдық емес активтердi немесе тиiстi құқықтарды сатып алатын тұлға бередi.
3. Егер осы Кодекстің 305-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген мәмiлелердiң тарапы болып бiрнеше тұлға әрекет етсе, онда өтінішхатты мәмiленің қалған қатысушыларының атынан олардың бiреуi бере алады. Өтінішхатта экономикалық шоғырлануды жасау туралы шешiмдi қабылдаған тұлғалардың мүдделерiн бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органда бiлдiруге уәкiлеттi тұлға көрсетiледi.
307-бап. Өтінішхатты беру тәртібі
1. Өтінішхат осы Кодекстің 309-бабында көзделген құжаттар мен мәліметтер қоса беріле отырып, бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жазбаша түрде жасалады.
2. Өтінішхатта көрсетілген мәліметтер және өтінішхатқа қоса берілген құжаттар дәйекті және толық болуға, түпнұсқа немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған түпнұсқа көшірмелері түрінде табыс етілуге тиіс. Өтінішхатқа қол қойған адам өтінішхатта және оған қосымшаларда берілген мәліметтер мен құжаттардың дәйектілігі мен толықтығын жазбаша растауға тиіс.
3. Өтінішхат және оған қосымшалар тігілген түрде беріледі және өтінішхат беруші тұлғаның мөрімен (ол болған кезде) куәландырылады.
Жеке тұлға табыс ететін өтінішхат және оған қоса берілген қосымшалар тігілген түрде беріледі және жеке тұлғаның нотариат куәландырған қолымен расталады.
4. Табыс етілетін құжаттар мен мәліметтер нөмірленеді және осы Кодекстің 307-бабының тармақтары мен тармақшаларының нөмірлері көрсетіле отырып табыс етіледі. Тармақтың және тармақшаның әрбір сұрағына толық жауап беріледі.
Толық ақпарат табыс ету мүмкіндігі болмаған жағдайда, экономикалық шоғырлануға қатысушы бағалау немесе болжамдық ақпаратты, оның бағалау немесе болжамдық болып табылатынын көрсете отырып береді, сондай-ақ ақпараттың алынған көздері мен пайдаланылған бағалау мен болжам жасау әдістері көрсетіледі.
5. Коммерциялық құпия болып табылатын ақпарат «коммерциялық құпия» деген міндетті белгімен табыс етіледі.
6. Өтінішхатқа мәліметтер мен құжаттар өтінішхат берілген жылдың алдындағы қаржы жылы, сондай-ақ уақыт кезеңі көрсетіле отырып, жыл басынан бергі ағымдағы кезең үшін табыс етіледі.
Жыл басынан бергі ағымдағы кезең үшін жасалған мәліметтер мен құжаттар болмаған жағдайда, мәліметтер мен құжаттар өтінішхат берілген жылдың алдындағы қаржы жылы үшін табыс етіледі.
Егер нарық субъектісі өтінішхат берілгеннің алдындағы соңғы қаржы жылынан аз мерзім ішінде жұмыс істеген жағдайда, мәліметтер мен құжаттар нарық субъектісінің қызметті жүзеге асыруы басталғаннан бергі уақыт үшін табыс етіледі.
7. Нарық субъектісінің (тұлғалар тобының) Қазақстан Республикасында тауарлар өндіру көлемдері, өткізу туралы, тауарлар экспорты мен импортының көлемі туралы мәліметтері өтінішхат берілген жылдың алдындағы екі қаржы жылы үшін, жыл басынан бастап ағымдағы кезең үшін табыс етіледі, сондай-ақ ағымдағы кезеңнен кейінгі үш жылға арналған болжам табыс етіледі.
Егер нарық субъектісі қызметін өтінішхат берілген кезге қарай екі жылдан аз уақытта жүзеге асырған жағдайда, мәліметтер мен құжаттар нарық субъектісінің қызметін жүзеге асыруы басталғаннан бергі уақыт үшін табыс етіледі.
8. Егер бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның шешімі үшінші тұлғалардың осы Кодекспен қорғалатын құқықтарын елеулі түрде қозғауы мүмкін болса, олар экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарауға қатысуға құқылы.
Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарауға үшінші тұлғаларды тарту мәселесін бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган шешеді, ол туралы өтінішхат берген тұлға хабардар етіледі.
308-бап. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы
өтінішхатқа қоса берілетін құжаттама
1. Осы Кодекстің 305-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген экономикалық шоғырлануға келiсім беру туралы өтінішхатты бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсыну үшiн қажеттi құжаттамада:
1) тұлғаның немесе уәкiлеттi органның нарық субъектiсiн қайта ұйымдастыру туралы шешiмiнiң жобасы;
2) қызмет түрлерiнде немесе олардың iскерлiк операциялары географиясында жоспарланып отырған өзгерiстердi қоса алғанда, нарық субъектiсiн қайта ұйымдастыру мақсатының негiздемесi;
3) құрылатын нарық субъектiсiнiң бекiтiлген жарғысы мен құрылтай шарты немесе олардың жобалары;
4) құрылатын нарық субъектiсiне берiлетiн мүлiкті беру мәлiметтері мен шарттарының тiзбесi;
5) қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiнiң әрқайсысы, сондай-ақ қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiмен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарықтың әрбiр субъектiсi бойынша мыналар көрсетіледі:
жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жері және заңды мекенжайы;
атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
жарғылық капиталының мөлшері және қатысу үлесi;
акциялардың түрлерi;
6) нарықтың басқа да субъектiлерiнiң атқарушы органының, директорлар кеңесiнiң (байқаушы кеңестiң) де мүшелерi болып табылатын атқарушы орган, директорлар кеңесi (байқаушы кеңес) мүшелерiнiң лауазымы көрсетiлген тiзiмi;
7) қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерi өндiретiн және өткiзетiн тауарларды өндiру мен өткiзудiң, тауарлардың Қазақстан Республикасына экспорты мен импортының көлемi;
8) қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiмен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарық субъектiлерi өндiретiн немесе өткiзетiн нақ сол тауарларды немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
9) нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарлардың осы мәмiленi жасасу нәтижесiнде өндiру мен өткiзу болжамы қамтылады.
2. Осы Кодекстің 305-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген экономикалық шоғырлануға келiсім беру туралы өтінішхатты бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органға беру үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтер тiзбесi:
1) шарт немесе шарттың жобасы не мәмiленiң жасалғанын растайтын өзге де құжат;
2) сатып алушы бойынша және сатып алушымен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарықтың әрбiр субъектiсi бойынша мыналар көрсетіледі:
жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жері және заңды мекенжайы;
атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
жарғылық капиталының мөлшері және қатысу үлесi;
акциялардың түрлерi;
өзiне қатысты осы Кодекстің 305-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсi өндiретiн немесе өткiзетiн тауарларға немесе өзара алмастырылатын тауарларға ұқсас тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
3) нарықтың басқа субъектiлерiнiң атқарушы органының, директорлар кеңесiнiң (байқаушы кеңестiң) де мүшелерi болып табылатын атқарушы орган, директорлар кеңесi (байқаушы кеңес) мүшелерiнiң лауазымы көрсетiлген тiзiмi;
4) өзiне қатысты осы Кодекстің 305-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiнiң тауарларды өндiруi мен өткiзуiнiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
5) өзiне қатысты осы Кодекстің 305-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiнiң тiкелей немесе жанама бақылауында болатын нарық субъектiлерi өндiретiн немесе өткiзетiн нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
6) мәмiле жасалғаннан кейiн өзiне қатысты осы Кодекстің 305-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiне және (немесе) оның тұлғалар тобына қатысты сатып алушы алатын құқықтар туралы мәлiметтер, оның iшiнде мәмiле жасалғаннан кейiн сатып алушы иелiк ететiн нарық субъектiсi акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) саны және орналастыру бағасы, сондай-ақ олардың нарық субъектiсiнiң дауыс беру құқығы бар акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) жалпы санындағы пайыздық үлесi және олардың нарық субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы пайыздық үлесi;
7) нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарлардың осы мәмiленi жасасу нәтижесiндегi өндiру мен өткiзу болжамы.
3. Осы Кодекстің 305-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органға беру үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:
1) шарт немесе шарттың жобасы;
2) сатып алушы және сатып алушымен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарықтың әрбiр субъектiсi бойынша мыналар көрсетіледі:
жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жері және заңды мекенжайы;
атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
жарғылық капиталының мөлшері және қатысу үлесi;
акциялардың түрлерi;
сатып алынатын мүлiктi пайдалану арқылы өндiрiлетiн нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
3) баланстық құны көрсетіле отырып, мәміленің нысанасын құрайтын мүліктің тізбесі;
4) тауарлардың түрлерi көрсетiле отырып, алынатын мүлiктiң қандай тауарларды шығару үшiн пайдаланылғаны және пайдаланылатыны туралы мәлiметтер;
5) тауарлардың түрлерi көрсетiле отырып, алынатын мүлiктi пайдалану арқылы тауарларды өндiру мен өткiзу болжамы;
6) нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарлардың осы мәмiленi жасасу нәтижесiндегi өндiру мен өткiзу болжамы.
4. Шетелдiк заңды тұлғалар осы бапқа сәйкес берілетін ақпараттан басқа қосымша мыналарды:
1) өзi тұрған елдiң заңнамасына сәйкес оның заңды мәртебесiн растайтын, шыққан елiнің сауда тiзiлiмiнен немесе өзге де балама құжаттан нотариат куәландырған үзiндi көшiрмені;
2) егер шетелдiк заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тiркелген филиалы немесе өкiлдiгi болса, филиалды немесе өкiлдiктi есептiк тiркеу туралы мәлiметтерді және филиал немесе өкiлдiк туралы ереженiң көшiрмесiн;
3) егер сатып алушының – шетелдiк заңды тұлғаның немесе шетелдік қатысуы бар нарық субъектiсiнiң Қазақстан Республикасында филиалы немесе өкiлдiгi болса, филиалдың немесе өкiлдiктiң Қазақстан Республикасында өндiретiн және (немесе) өткiзетiн тауарларының түрлерi тiзбеленген ақпаратты береді.
5. Осы Кодекстің 304-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты осы Кодекстің 311-бабында көзделген құжаттар мен мәліметтердің тізбесін ұсына отырып, тиісті құқықтарды сатып алатын тұлға береді.
6. Егер қосымша мәлiметтердiң және (немесе) құжаттардың болмауы өтінішхатты қарауға кедергi келтiретiн болса, бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган оларды нарық субъектісінен және (немесе) мемлекеттiк органдардан сұратуға құқылы.
Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган ақпаратты және (немесе) құжаттарды беру үшiн белгiлейтiн мерзiм күнтiзбелiк он күннен кем болмауға тиiс.
309-бап. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы
өтінішхаттарды қарау мерзімдері
1. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган өтінішхатты алған күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде ұсынылған материалдардың толықтығын тексеруге және өтінішхатты берушi тұлғаны өтінішхаттың қарауға қабылданғаны немесе қабылдаудан бас тартылғаны туралы жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.
2. Экономикалық шоғырлануға келiсім беру туралы өтінішхатты қарау мерзiмi өтінішхат қарауға қабылданған кезден бастап күнтiзбелiк елу күннен аспауға тиiс.
3. Өтiнiшхатты қарау мерзiмi бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган немесе сот аталған өтiнiшхат немесе онымен байланысты басқа өтiнiшхат бойынша шешiм қабылдағанға дейiн өтiнiшхатты қарау мүмкiн болмаған жағдайда тоқтатыла тұрады, ол жөнінде бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган өтiнiшхатты берген тұлғаны мұндай шешiм қабылданған кезден бастап үш жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.
4. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган өтінішхатты қарау барысында нарық субъектiсiнен және (немесе) мемлекеттiк органнан шешiм қабылдау үшiн қажеттi қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды сұратуға құқылы.
5. Қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну кезеңiнде өтiнiшхатты қарау мерзiмi тоқтатыла тұрады, ол жөнінде бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган өтiнiшхат берген тұлғаны мұндай шешiм қабылданған кезден бастап үш жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.
6. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган нарық субъектісі және (немесе) мемлекеттік органдар қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсынғаннан кейін экономикалық шоғырлануға келiсім беру туралы өтiнiшхатты қарауды қайта бастайды, ол жөнінде өтiнiшхат берген тұлғаны үш жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi. Экономикалық шоғырлануға келiсім беру туралы өтiнiшхатты қарау қайта басталған күннен бастап қарау мерзiмiнiң өтуi жалғасады.
310-бап. Жасалған экономикалық шоғырлану туралы
бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті
органды хабардар ету тәртiбi
Осы Кодекстің 305-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген мәмiлелердi жасасқан нарық субъектiлерi бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органды осы Кодекстің 305-бабы 7-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзімде хабардар етедi.
Жасалған экономикалық шоғырлану туралы жазбаша хабарлама бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органға тiкелей де, байланыс мекемелерi арқылы да жіберiлуi мүмкiн.
Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органды:
1) екi және одан да көп нарық субъектiлерiнiң атқарушы органдарының, директорлар кеңестерiнің, байқаушы кеңестерiнің немесе басқарудың басқа да органдарының құрамына кіретін жеке тұлға, олардың кәсiпкерлiк қызметiн жүргiзу шарттарын айқындауы жағдайында аталған жеке тұлға;
2) өзi кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзген кезде нарықтың басқа субъектiсiнiң орындауына мiндеттi нұсқаулар беруге не оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн құқықтарды иемденетін (оның iшiнде сенiмгерлiк басқару туралы шарттың, бiрлескен қызмет туралы шарттың, тапсырма шартының негiзiнде) нарық субъектiсi хабардар етуге тиiс.
311-бап. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті
органға жасалған (жоспарланып отырған)
экономикалық шоғырлану туралы хабарламаға
(өтінішхатқа) қоса берілетін құжаттама
1. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органға осы Кодекстің 305-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жасалған (жоспарланып отырған) экономикалық шоғырлану туралы хабарламаны (өтінішхатты) жіберу (беру) үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтер тiзбесi:
1) заңды тұлға растаған шарттың (шарт жобасының) көшiрмесi не мәміленің жасалғанын (оны жасасу ниетін) растайтын өзге де құжат;
2) сатып алушы және сатып алушымен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарықтың әрбiр субъектiсi бойынша мыналар көрсетіледі:
жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жері және заңды мекенжайы;
атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
жарғылық капиталының мөлшері және қатысу үлесi;
акциялардың түрлерi;
өзiне қатысты осы Кодекстің 305-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсi өндiретiн немесе өткiзетiн тауарларға немесе өзара алмастырылатын тауарларға ұқсас тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
3) нарықтың басқа субъектiлерiнiң атқарушы органының, директорлар кеңесiнiң (байқаушы кеңестiң) де мүшелерi болып табылатын атқарушы орган, директорлар кеңесi (байқаушы кеңес) мүшелерiнiң лауазымы көрсетiлген тiзiмi;
4) өзiне қатысты осы Кодекстің 305-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiнiң тауарларды өндiруi мен өткiзуiнiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
5) өзiне қатысты осы Кодекстің 305-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiнiң тiкелей немесе жанама бақылауында болатын нарық субъектiлерi өндiретiн немесе өткiзетiн нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
6) өздерiне қатысты осы Кодекстің 305-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiне және (немесе) оның тұлғалар тобына қатысты сатып алушы мәмiле жасалғаннан кейiн алатын құқықтар туралы мәлiметтер, оның iшiнде мәмiле жасалғаннан кейiн сатып алушы иелiк ететiн нарық субъектiсi акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) саны және орналастыру бағасы, сондай-ақ олардың нарық субъектiсiнiң дауыс беру құқығы бар акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) жалпы санындағы пайыздық үлесi және олардың нарық субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы пайыздық үлесi;
7) нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарлардың осы мәмiленi жасасу нәтижесiндегi өндiру мен өткiзу болжамы.
2. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органға осы Кодекстің 305-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жасалған (жоспарланып отырған) экономикалық шоғырлану туралы хабарламаны (өтінішхатты) жіберу (беру) үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтер тiзбесi:
1) екi және одан да көп нарық субъектiлерiнiң атқарушы органдарына, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестерiне және басқа да басқару органдарына қатысуы болжанатын жеке тұлға туралы мәлiметтер:
жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, өкiлеттiктерiн көрсете отырып, осы субъектiлерде кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзудiң шарттарын айқындауға мүмкiндiк беретiн азаматтығы, жұмыс орны, атқаратын лауазымы туралы мәліметтер;
заңды тұлғалар тiзбесi, онда хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлға өкiлеттiктерiн көрсете отырып, кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайды;
2) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлға тағайындалатын немесе сайланатын заңды тұлғаның (тұлғалар тобының) және басқару органының атауы;
3) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлғаның атқарушы органдарға, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестерге және басқа да басқару органдарына кiруi жоспарланатын нарық субъектiлерiндегi лауазымның атауы;
4) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлғаның атқарушы органдарға, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестерге және басқа да басқару органдарына кiруi жоспарланатын нарық субъектiлерiнде осы тұлғаға кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындауға мүмкiндiк беретiн құқықтар тiзбесi;
5) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлға оларда кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайтын нарықтың әрбiр субъектiсi және тұлғалар тобы бойынша мыналар көрсетіледі:
нарық субъектiсiнiң атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
тауарлар өндiрудiң, өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
6) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлғаның қатысуы жоспарланатын нарық субъектiсi, сондай-ақ осы тұлға кiретiн тұлғалар тобы бойынша мыналар көрсетіледі:
нарық субъектiсiнiң атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлға оларда кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайтын нарық субъектiсi мен тұлғалар тобы өндiретiн және өткiзетiн нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiрудiң, өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi.
312-бап. Экономикалық шоғырлануға тыйым салу
Егер экономикалық шоғырлану бәсекелестiктi шектеуге әкеп соғатын болса, оған тыйым салынады.
313-бап. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы
өтінішхат бойынша шешім
1. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты қарау нәтижелері бойынша:
1) экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы;
2) дәлелді қорытынды бере отырып, экономикалық шоғырлануға тыйым салу туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
2. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның экономикалық шоғырлануға келісім беру немесе экономикалық шоғырлануға тыйым салу туралы шешімі бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның актісімен ресімделеді және осындай шешім қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде өтінішхат беруші тұлғаға, ал қаржылық ұйымдарға қатысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне де жіберіледі.
3. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы шешімі экономикалық шоғырлануға қатысушылардың экономикалық шоғырланудың бәсекелестікке теріс ықпалын жоятын немесе бәсеңдететін белгілі бір талаптар мен міндеттемелерді орындауымен байланыстырылуы мүмкін.
Мұндай шарттар мен міндеттемелер, оның ішінде мүлікті басқару, пайдалану немесе оған билік ету жөніндегі шектеулерге қатысты болуы мүмкін.
4. Экономикалық шоғырлану бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы шешімі қабылданған күннен бастап бір жыл ішінде жүзеге асырылуға тиіс. Егер экономикалық шоғырлану белгіленген мерзімде жүзеге асырылмаса, экономикалық шоғырлануға қатысушылар экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы жаңа өтінішхат береді.
5. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган өз бастамасы не мүдделі тұлғаның өтініші бойынша:
1) егер шешім қабылданғаннан кейін үш жыл ішінде осы шешімді қабылдаудан бас тартылуға тиіс екендігіне негіз болатын мән-жайлар белгілі болған;
2) егер шешім экономикалық шоғырлануды жүзеге асыру туралы өтінішхат берген тұлға ұсынған дәйексіз ақпарат негізінде қабылданса, мұның өзі заңсыз шешім қабылдауға алып келген;
3) экономикалық шоғырланудың қатысушылары бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның шешіміне орай туындаған талаптар мен міндеттемелерді орындамаған жағдайларда, экономикалық шоғырлануға келісім беру немесе оған тыйым салу туралы шешімін қайта қарауы мүмкін.
6. Шешімді қайта қарау нәтижелері бойынша бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган:
1) шешімді өзгеріссіз қалдырады;
2) шешімді өзгертеді;
3) шешімнің күшін жояды;
4) жаңа шешім қабылдайды.
7. Егер бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган шешімді қайта қарау нәтижелері бойынша экономикалық шоғырлануға берілген келісімнің күшін жою туралы шешім қабылдаса, нарық субъектісін, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның талап қоюы бойынша сот тәртібімен заңсыз деп танылады және күші жойылады.
8. Өтініш беруші бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның бұрын қабылдаған шешімін өзгерте алатын қосымша ақпарат пен құжаттарды қарау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен өтінішхат береді.
9. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның экономикалық шоғырлануға бұрын қабылданған шешімін қайта қарау жөніндегі шешімі бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның актісімен ресімделеді және мұндай шешім қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде мүдделі тұлғаға жіберіледі.
314-бап. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті
органның жасалған экономикалық шоғырлану туралы
хабарлама бойынша шешiм қабылдауы
1. Егер бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органға жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарлама келiп түскеннен кейiн күнтiзбелiк қырық бес күн өткен соң бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган хабарламаны жiберген тұлғаға мәмiленiң күшiн жою қажеттiгi туралы жазбаша жауап жiбермеген жағдайда, экономикалық шоғырлану жүзеге асырылған болып саналады.
2. Егер бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарламаны қарау кезiнде оны жасаудың бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға, оның iшiнде нарық субъектісінің үстем жағдайының пайда болуы немесе күшеюi жолымен шектеуге немесе жоюға әкеп соғатыны немесе әкеп соғуы мүмкiн екендiгiн анықтайтын жағдайда, бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган күнтiзбелiк отыз күн iшiнде орындалуға тиiсті нұсқама шығарады.
3. Нұсқама орындалмаған жағдайда бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган нарық субъектiсiн бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның нұсқамасын орындауға мәжбүрлеу туралы талап қоюмен сотқа жүгiнеді.
315-бап. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы
өтінішхатты қарауды тоқтату негіздері
1. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты қарау:
1) өтініш берушілерден өтінішхатты кері қайтарып алу туралы хабарлама түскен;
2) өтініш беруші ақпаратты бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген мерзімде бермеген, егер мұндай ақпараттың болмауы өтінішхатты қарауға кедергі келтіретін болған;
3) өтініш беруші өтінішхатты объективті түрде қарауға ықпал ететін дәйексіз ақпарат берген жағдайларда тоқтатылуға жатады.
2. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның өтінішхатты қарауды тоқтату туралы шешімі бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның актісімен ресімделеді және мұндай шешім қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде өтінішхат беруші тұлғаға жіберіледі.
3. Өтініш беруші өтінішхатты қарау тоқтатылғаннан кейін бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органға экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы жаңа өтінішпен жүгінуге құқылы.
22-тарау. БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ УӘКІЛЕТТІ ОРГАННЫҢ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫМЕН ЖӘНЕ БАСҚА
МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ УӘКІЛЕТТІ
ОРГАНДАРЫМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫ
316-бап. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті
органның басқа мемлекеттердің бәсекелестікті
қорғау саласындағы уәкілетті органдарымен өзара
іс-қимылы
1. Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде Кеден одағы елдерінің бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органдары өзара іс-қимылды, оның ішінде ақпарат беру туралы хабарламалар, сұрау салулар, консультациялар жүргізу, тергеп-тексерулер туралы хабарлау жолымен жүзеге асырады.
2. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган халықаралық ұйымдарға қатысу шеңберінде өзге мемлекеттердің бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органдарына сұрау салулар жолдауға және олардың сұрау салулары бойынша ақпарат беруге құқылы.
317-бап. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті
орган мен құқық қорғау органдарының өзара
іс-қимылы
1. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды мынадай нысандарда жүзеге асырады:
1) құқық қорғау органдарына бәсекелестікті қорғау саласындағы құқық бұзушылықтардың анықталған фактілері туралы хабарлайды;
2) тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі туралы талдамалы ақпаратты және мониторинг деректерін береді;
3) құқық қорғау органдарының сұрау салулары бойынша өз құзыреті шегінде зерттеулер, сараптамалар жүргізеді және Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының мәселелері бойынша қорытындылар береді;
4) құқық қорғау органдарының, олардың аумақтық бөлімшелерінің қаулылары мен сұрау салулары бойынша өз қызметкерлерін Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру бойынша процестік әрекеттер мен іс-шараларға қатысу үшін сарапшылар ретінде жібереді.
2. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары өз өкілеттіктері шегінде бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органмен мынадай нысандарда өзара іс-қимылды жүзеге асырады:
1) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасында анықталған құқық бұзушылықтар туралы бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органға хабарлайды;
2) бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның және оның аумақтық органдарының сұрау салулары мен өтініштері бойынша:
Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру бойынша бірлескен іс-шараларды жүргізуге, сондай-ақ бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындауға кедергі келтіретін құқыққа қарсы әрекеттердің жолын кесу үшін қызметкерлерін жібереді;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның жазбаша сұрау салуларына сәйкес Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылардың тұрған жерін анықтау және әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органға жеткізу бойынша шаралар қолданады;
Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында көзделген тәртіппен бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган ұсынатын қылмыстық жазаланатын бәсекелестікке қарсы әрекет белгілері бар материалдар бойынша қылмыстық іс қозғау туралы шешімдер қабылдайды, ол туралы бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органға хабарлайды;
бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың дәлелдемелерін табуда және бекітуде практикалық көмек көрсетеді.
318-бап. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті
орган қызметкерлерінің құқықтары
Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқарған, оның ішінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуы туралы арыздарды қарау, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуы туралы істерді тергеп-тексеру, экономикалық шоғырлануға бақылауды жүзеге асырған және бәсекелестік деңгейінің жай-күйін айқындаған кезде өздеріне жүктелген өкілеттіктерге сәйкес қызметтік куәліктерін және Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының сақталуы үшін тергеп-тексеру жүргізу туралы бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның шешімдерін көрсету кезінде:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік органдар және нарық субъектілерінің үй-жайлары мен аумақтарына кедергісіз кіруге қол жеткізуге;
2) мемлекеттік органдардан, нарық субъектілерінен, сондай-ақ лауазымды және өзге де жеке және заңды тұлғалардан ақпаратты, оның ішінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының жол берілген бұзушылық фактілері бойынша жазбаша және (немесе) ауызша түсініктемелер сұратуға және алуға құқығы бар.
319-бап. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті
орган қызметкерлерінің коммерциялық, қызметтік
және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды сақтау
жөніндегі міндеті
1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын ақпарат жария етілмеуге тиіс.
2. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган қызметкерлері коммерциялық, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
3. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның не оның лауазымды адамдарының коммерциялық, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын ақпаратты жария етуі нәтижесінде жеке және заңды тұлғаға келтірілген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге тиіс.
23-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ
САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫН АНЫҚТАУ
320-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау
саласындағы заңнамасының бұзылуын
тергеп-тексеруді бастау үшін негіздер
1. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуы бойынша тергеп-тексеру жүргізеді және тергеп-тексеру нәтижелері бойынша шешім қабылдайды.
Тергеп-тексеру деп осы Кодексте көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың жасалғанын растайтын немесе теріске шығаратын нақты деректерді жинауға бағытталған бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның іс-шаралары түсініледі.
2. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуы туралы мәліметтердің бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органға келіп түсуі тергеп-тексеруді бастау үшін негіз болып табылады, олар:
1) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуы көрсетіле отырып, мемлекеттік органдардан келіп түскен материалдар;
2) жеке немесе заңды тұлғаның өтініші;
3) бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның өз қызметін жүзеге асыруы кезінде нарық субъектілерінің іс-әрекеттерінен Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылу белгілерін анықтауы;
4) бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органға өтініші;
5) бұқаралық ақпарат құралдарында қамтылған ақпарат болып табылады.
3. Тергеп-тексерудiң басталуы тергеп-тексеру жүргізу туралы бұйрықпен ресiмделедi.
4. Тергеп-тексерудiң басталуы туралы бұйрықтың көшiрмесi қол қойылған күнiнен бастап үш жұмыс күнінен кешiктiрiлмей, өтiнiш берушiге және тергеп-тексеру объектiсiне жiберiледi.
321-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау
саласындағы заңнамасының бұзылуын
тергеп-тексеруге қатысушы тұлғалар
1. Мыналар:
1) өтініш беруші – Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуы туралы мәліметтерді бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органға жіберген жеке немесе заңды тұлға;
2) тергеп-тексеру объектісі – өзінің іс-әрекетіне қатысты тергеп-тексеру жүргізілетін жеке немесе заңды тұлға. Аталған тұлғалар тергеп-тексеру жүргізу туралы бұйрық шығарылған кезден бастап тергеп-тексеру объектісі болып танылады;
3) мүдделі тұлғалар – Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуы туралы істі қарауға байланысты құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын жеке немесе заңды тұлғалар;
4) бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамы – бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның тергеп-тексеру жүргізуге уәкілетті қызметкері;
5) куә – тергеп-тексеру үшін маңызы бар қандай да бір мән-жайлар өзіне белгілі болуы мүмкін кез келген жеке тұлға;
6) сарапшы – арнайы ғылыми немесе практикалық білімі бар, іске қатысуға мүдделі емес жеке тұлға Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеруге қатысушы тұлғалар болып табылады.
2. Тергеп-тексеру жүргізу кезінде іске қатысушы тұлғалар өз құқықтары мен міндеттерін өзі немесе өкілі арқылы жүзеге асыруға құқылы.
3. Егер тергеп-тексеру барысында тергеп-тексеру объектісінің емес, өзге тұлғаның іс-әрекетінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілері бар екендігі анықталса, бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган мұндай тұлғаны осы Кодекстің 316-бабында көзделген тәртіппен тергеп-тексеру объектісі ретінде тартады.
322-бап. Тергеп-тексеру жүргізу
1. Нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның іс-әрекеттерінде осы Кодекстің 320-бабының 2-тармағында көзделген мәліметтерді қарау шеңберінде белгіленетін Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуын көрсететін нақты деректер болған жағдайда бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган тергеп-тексеру жүргiзу туралы бұйрық шығарады.
2. Тергеп-тексеру жүргізу туралы бұйрықта:
1) тергеп-тексеру объектісінің атауы;
2) тергеп-тексеру барысында анықталуға тиіс мәселелер тізбесі және мән-жайлар тобы;
3) тергеп-тексерудің басталу және аяқталу мерзімі;
4) бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның тергеп-тексеру жүргізуге уәкілетті лауазымды адамдарының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қамтылуға тиіс.
4. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуына тергеп-тексеру жүргізу туралы бұйрық шығарылған күннен бастап екі айдан аспайтын мерзімде жүргізіледі. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган істі тергеп-тексеруді екі айдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін. Мерзімді ұзарту туралы бұйрық шығарылады, бұйрықтың көшірмелері шығарылған күнінен бастап үш күн ішінде өтiнiш берушiге және тергеп-тексеру объектiсiне жiберiледi.
5. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган тергеп-тексеру басталғанға дейін тергеп-тексеруді тағайындау туралы актіні құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, оның ішінде электрондық форматта ұсыну арқылы оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркейді.
6. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган тергеп-тексеру барысында бірнеше тергеп-тексеруді біреуіне біріктіру туралы немесе бөліп алу және жеке тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім қабылдай алады.
323-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау
саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру
кезіндегі дәлелдемелер
1. Тергеп-тексеруді дұрыс жүргізу үшін маңызы бар кез келген нақты деректер, оның ішінде:
1) өтініш берушінің, тергеп-тексеру объектісінің, мүдделі тұлғалардың және куәлардың түсініктемелері;
2) сарапшылардың қорытындылары;
3) заттай дәлелдемелер;
4) өзге де құжаттар (оның ішінде компьютерлік ақпаратты, фото және кино түсірілімдерін, дыбыс және бейнежазбаларды қамтитын материалдар) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылу фактілерінің дәлелдемелері бола алады.
2. Дәлелдемелерді жинауды бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамы жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеруге қатысушы адамдар нақты деректер ұсынуға және олардың дәйектілігін дәлелдеуге құқылы.
324-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау
саласындағы заңнамасының бұзылуын
тергеп-тексеруге қатысушы тұлғалардың құқықтары
Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеруге қатысушы тұлғалардың:
1) нарықтың басқа субъектiлерiнiң құпия ақпараты және (немесе) коммерциялық құпиясы бар материалдарын қоспағанда, iстің материалдарымен танысуға, олардан үзiндi көшірмелер жасауға және көшiрмелерiн алуға;
2) дәлелдемелер ұсынуға және оларды зерттеуге қатысуға;
3) іске қатысушы басқа да тұлғаларға сұрақтар қоюға;
4) сарапшылар тарту туралы өтінішхатпен шығуға;
5) жазбаша немесе ауызша нысанда түсініктемелер беруге, тергеп-тексеру барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерін келтіруге;
6) іске қатысушы басқа да тұлғалардың өтінішхаттарымен танысуға, іске қатысушы басқа да тұлғалардың өтінішхаттарына, дәлелдеріне қарсылық білдіруге құқығы бар.
325-бап. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті
органның лауазымды адамдарының тергеп-тексеру
жүргiзу кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi
1. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдарының тергеп-тексеру жүргiзу кезiнде:
1) тергеп-тексеру объектiсiнiң аумағына және үй-жайларына кедергiсiз кiруге;
2) тергеп-тексеру нысанасына сәйкес тергеп-тексеру объектiсiнiң автоматтандырылған деректер базасына (ақпараттық жүйелерiне) қол жеткiзуге;
3) тергеп-тексеру объектiсiнiң басшыларынан, лауазымды адамдарынан және басқа да қызметкерлерiнен тергеп-тексеру нысанасына қатысты қажеттi ақпарат, құжаттар немесе олардың көшiрмелерiн, тексеру барысында туындаған мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түрде түсiнiктемелер сұратуға және алуға;
4) тергеп-тексеру жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттiк органдарының мамандарын сарапшылар ретiнде тартуға құқығы бар.
2. Тергеп-тексеру объектiсiнiң басшысы және (немесе) лауазымды адамы бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның тергеп-тексеру жүргiзуге жауапты лауазымды адамының ауызша сұрау салуы бойынша ақпаратты, құжаттарды немесе олардың көшiрмелерiн, сондай-ақ жазбаша немесе ауызша түсiнiктемелердi беруден бас тартқан жағдайда, оларға тиiсiнше жазбаша сұрау салу тапсырылады. Жазбаша сұрау салуды тергеп-тексеру объектiсiнiң басшысына тапсыру мүмкiн болмаған жағдайда сұрау салу тергеп-тексеру объектiсi басшысының атына хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта байланысы арқылы жiберiледi.
3. Сұратылатын ақпаратты тергеп-тексеру объектiсiнiң коммерциялық құпиясына жатқызу тергеп-тексерудi жүзеге асыратын бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдарына ақпарат беруден бас тарту үшiн негiз бола алмайды.
Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдарының аталған ақпаратты пайдалануы Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын ақпаратты жария етуге қойылатын талаптар сақтала отырып жүзеге асырылуға тиiс.
4. Нарық субъектiсi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпарат құпия ақпаратқа жатқызылған жағдайда бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органға мәлiметтердi берген кезде нарық субъектiсi белгi қою арқылы оның сипатының құпиялылығын көрсетуге мiндеттi.
5. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ақпаратты басқа мемлекеттiк органға беру жағдайларын қоспағанда, тергеп-тексеру барысында тергеп-тексеру объектiсi туралы бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган алған кез келген ақпарат таратылуға жатпайды.
6. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның тергеп-тексерудi жүзеге асыратын лауазымды адамдарының тергеп-тексеру нысанасына қатысы жоқ талаптар қоюына және өтiнiшпен жүгiнуiне тыйым салынады.
7. Бұзушылықтар және тергеп-тексеру жүргiзу туралы мәлiметтердi қарау кезінде бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары:
1) дәлелдемелердiң жан-жақты, толық және объективтi жиналуы және зерттелуi үшiн барлық шараларды қолдануға;
2) бұзушылықтар туралы мәлiметтердi алдын ала қарау нәтижелерi туралы қорытындыны уақтылы әзiрлеуге;
3) тергеп-тексерудi тоқтата тұру, қайта бастау және тергеп-тексеру нәтижелерi бойынша, сондай-ақ сараптама тағайындау туралы қорытындыны уақтылы әзiрлеуге;
4) аумақтық органдар қорытындыларды бекiткен не бұзушылықтар туралы мәлiметтердi қарау және бұзушылықтарды тергеп-тексеру туралы бұйрықтарға қол қойған күннен бастап үш жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде осы құжаттардың көшiрмелерiн орталық мемлекеттiк органға жiберуге мiндеттi.
326-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау
саласындағы заңнамасының бұзылуы туралы iстi
тергеп-тексеруді тоқтата тұру
1. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган:
1) бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган, сот, алдын ала тергеп-тексеру органдары Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру үшiн маңызы бар басқа iстi қараған;
2) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуына сол тергеп-тексеру объектiсiне қатысты басқа тергеп-тексеру жүргiзiлген;
3) сараптама жүргiзiлген жағдайларда, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексерудi тоқтата тұруға құқылы.
2. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру мерзiмi тергеп-тексерудi тоқтата тұру кезiнде үзiледi және тергеп-тексеру қайта басталған күннен бастап жалғасады.
3. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамы тергеп-тексерудi тоқтата тұру және қайта бастау, сондай-ақ сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығарады. Сараптама тағайындау туралы ұйғарымның көшiрмесi осындай ұйғарым шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде сарапшыға жiберiледi.
327-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау
саласындағы заңнамасының бұзылуын
тергеп-тексерудi тоқтату
Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган:
1) тергеп-тексеру объектiсiнiң iс-әрекеттерiнде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық болмаған;
2) жалғыз тергеп-тексеру объектiсi – заңды тұлға таратылған;
3) жалғыз тергеп-тексеру объектiсi – жеке тұлға қайтыс болған;
4) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында белгiленген талап қою мерзiмi өтiп кеткен;
5) бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган қарайтын iс-әрекеттерде (әрекетсiздiкте) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтың болуы немесе болмауы туралы қорытынды қамтылған заңды күшiне енген сот актiсi болған жағдайда, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексерудi тоқтатады.
328-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау
саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру
нәтижелері бойынша бәсекелестікті қорғау
саласындағы уәкілетті органның шешімдері
1. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамы Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытынды әзірлейді, оның негізінде бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган:
1) осы Кодекстің 327-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеруді тоқтату туралы;
2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы;
3) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын жою туралы нұсқама шығару туралы;
4) қылмыстық іс қозғау үшін материалдарды құқық қорғау органдарына беру туралы тиісті шешім (шешімдер) қабылдайды.
2. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындыға бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамы (лауазымды адамдары) қол қойған күн тергеп-тексерудің аяқталуы болып есептеледі.
Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындының көшірмесі оған қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей тергеп-тексеру объектісіне тапсырылады немесе хабарламасы бар хатпен жіберіледі.
3. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру нәтижелері туралы қорытындыны бекіту тергеп-тексеру аяқталған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен ресімделеді.
4. Тергеп-тексеру нәтижелерi бойынша қорытындыны бекіту туралы бұйрықтың көшірмесі қол қойылған күнінен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей тергеп-тексеру объектiсiне тапсырылады немесе хабарламасы бар хатпен жiберiледi. Өтiнiш берушi қабылданған шешiм туралы нақ сол мерзiмде хабардар етiледi.
5. Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындыны бекіту туралы бұйрыққа қол қойылған (шешім қабылданған) күн әкімшілік құқық бұзушылықты жасау фактілері анықталған кез болып есептеледі.
6. Тергеп-тексеру объектісі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындыны бекіту туралы бұйрыққа Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа шағым бере алады.
24-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ
САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСУ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ
ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ОРГАННЫҢ НҰСҚАМАЛАРЫН ҚАЙТА ҚАРАУ
329-бап. Монополиялық табысты айқындаудың негіздері
және тәртібі
1. Нарық субъектісінің осы Кодекс шектеген монополиялық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алған табысы монополиялық табыс болып табылады.
2. Нарық субъектісі монополиялық табысты:
1) нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісімдер немесе келісілген іс-әрекеттер жасауы;
2) нарық субъектісінің өзінің үстем немесе монополиялық жағдайын теріс пайдалануы нәтижесінде алуы мүмкін.
3. Монополиялық табыс нарық субъектісінің осы баптың 2-тармағында аталған іс-әрекеттерді жүзеге асырған кезінен бастап нарық субъектісі осы іс-әрекеттерді тоқтатқан кезге дейін айқындалады.
4. Монополиялық табыс:
1) үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі монополиялық жоғары бағаны қолдану кезінде алынған табыс пен осы Кодекстің 282-бабының ережелеріне сәйкес айқындалған бағалар негізінде есептелген табыс арасындағы айырма ретінде монополиялық жоғары бағалар белгілеген кезде;
2) үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі үстем жағдайға ие нарық субъектісінің бәсекелестерді тауар нарығынан ығыстырып шығару есебінен өткізу көлемін ұлғайту нәтижесінде алған қосымша табысы ретінде монополиялық төмен баға белгілеген кезде;
3) монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі тауар өткізуші нарық субъектісінің осындай тауарды өндіру мен өткізуге қажетті шығыстар мен пайдасы негізінде айқындаған бағасы бойынша осы нарық субъектісінің тауарды сатып алу шығындары мен тауарларды монополиялық төмен бағалар бойынша сатып алу кезінде қалыптасқан шығындары арасындағы айырма ретінде монополиялық төмен баға белгілеген кезде;
4) нарық субъектісі, осы іс-әрекеттерден алынған, тауарларды өндіруге және (немесе) өткізуге қажетті негізделген шығыстар мен іс жүзінде төленген салық шегерілген бүкіл табыс ретінде бәсекелестікке қарсы келісімдерді немесе келісілген іс-әрекеттерді жасаған кезде айқындалады.
5. Монополиялық табысты алып қою Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
330-бап. Монополияға қарсы ден қою шаралары
1. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган белгіленген өкілеттіктеріне сәйкес:
1) нарық субъектілеріне:
осы Кодексті бұзуды тоқтату және (немесе) олардың салдарын жою;
бастапқы жағдайды қалпына келтіру;
осы Кодекске қайшы келетін шарттарды бұзу немесе өзгерту;
егер белгілі бір сатушылармен (өнім берушілермен) не сатып алушылармен шарт жасасудан негізсіз бас тарту не жалтару бұзушылық болып табылса, нарықтың басқа субъектісімен шарт жасасу;
осы Кодекстің бұзылуына жол бермеу туралы орындалуы мiндеттi нұсқамалар беруге;
2) мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдарға өздері қабылдаған актілердің күшін жою немесе оларды өзгерту, бұзушылықтарды тоқтату, сондай-ақ өздері жасаған, осы Кодекске қайшы келетін келісімдерді бұзу немесе өзгерту туралы орындалуға міндетті нұсқамалар беруге;
3) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жазалар қолдануға;
4) сотқа талап қоюға және өтінішпен жүгінуге, сондай-ақ соттар Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының қолданылуы мен бұзылуына байланысты істерді қараған кезде процестерге қатысуға құқылы.
2. Осы Кодекс бұзылған жағдайда нарық субъектілері, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар:
1) бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның нұсқамаларына сәйкес бұзушылықтарды тоқтатуға және оның салдарын жоюға, бастапқы жағдайды қалпына келтіруге, шартты бұзуға, нарықтың басқа субъектісімен шарт жасасуға немесе оған өзгерістер енгізуге, бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасына сәйкес келмейді деп таныған актінің күшін жоюға, нұсқамада көзделген өзге де іс-әрекеттерді орындауға;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес келтірілген залалды өтеуге;
3) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның әкімшілік жаза қолдану туралы қаулысын орындауға міндетті.
3. Нұсқама бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген ақылға қонымды мерзімде орындалуға жатады.
Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган берілген нұсқамалардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган нұсқама орындалмаған жағдайда, нарық субъектісін, мемлекеттік органды бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның нұсқамасын орындауға мәжбүрлеу туралы талап қойып сотқа жүгінуге құқылы.
331-бап. Нұсқаманы ресімдеуге қойылатын талаптар
Нұсқама бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның қатаң есептілік бланкісінде ресімделеді және ол:
1) өзіне (өздеріне) қатысты нұсқама жасалған нарық субъектісінің немесе мемлекеттік органның атауын;
2) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзудың белгіленген фактісінің (фактілерінің), сондай-ақ нарық субъектісі немесе мемлекеттік орган бұзған құқық нормаларының сипаттамасын;
3) нарық субъектісі немесе мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықты жою үшін жасауға тиіс (немесе оны (оларды) жасаудан тартынуға тиіс) іс-әрекеттерді;
4) нұсқаманың орындалу мерзімін;
5) нұсқаманың орындалуы туралы ақпаратты беру мерзімін;
6) нұсқамаға қол қоюға уәкілетті адамның қолын;
7) бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның елтаңбалық мөрін қамтуға тиіс.
332-бап. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті
органның нұсқамаларын қайта қарау
1. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган нұсқаманы (өзінің немесе аумақтық органының нұсқамасын) өз бастамасы не мүдделі тұлғаның өтініші бойынша:
1) егер елеулі мән-жайлар бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органға белгілі болмаған және белгілі болуы мүмкін болмаған, мұның өзі заңсыз немесе негізсіз нұсқама шығаруға әкеп соққан;
2) егер нұсқама дәйексіз ақпараттың негізінде шығарылып, мұның өзі заңсыз немесе негізсіз нұсқама шығаруға әкеп соққан;
3) егер нұсқама Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары бұзыла отырып шығарылған;
4) нұсқамада жіберілген жаңылыс тұстар мен анық арифметикалық қателер түзетілген жағдайларда қайта қарай алады.
Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган өз нұсқамасының орындалуын оны қайта қарау аяқталғанға дейін тоқтата тұра алады, бұл туралы іске қатысушы тұлғаларға жазбаша хабарланады.
2. Қайта қарау нәтижелері бойынша бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган:
1) нұсқаманы өзгеріссіз қалдыруы;
2) нұсқаманы өзгертуі;
3) нұсқаманың күшін жоюы;
4) жаңа нұсқама шығаруы мүмкін.
3. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган мүдделі тұлғаның өтініші бойынша нұсқаманы қайта қараған кезде өтініш (шағым) берген тұлғаның немесе мүддесіне орай өтініш (шағым) берілген тұлғаның жағдайын нашарлатуға құқылы емес.
333-бап. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті
органның аумақтық органдарының нұсқамаларын
тексеру
Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары қабылдаған нұсқамалар нарық субъектілерінің өтініштері немесе жоғары тұрған бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның бастамасы бойынша тексерілуі мүмкін.
334-бап. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті
органның нұсқамаларына шағым жасау
1. Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның нұсқамаларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасалуы мүмкін.
2. Аумақтық органдардың нұсқамаларына бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органға шағым жасау үшін:
1) іс үшін маңызы бар мән-жайлардың толық анықталмауы;
2) іс үшін маңызы бар және анықталған деп танылған мән-жайлардың дәлелденбеуі;
3) шешімде жазылған тұжырымдардың істің мән-жайларына сәйкес келмеуі;
4) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзу немесе дұрыс қолданбау негіз болып табылады.
3. Нарық субъектісі бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының нұсқамасы өзіне тапсырылған күннен бастап үш ай ішінде оған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органға не сотқа шағым жасай алады.
335-бап. Үстем немесе монополиялық жағдайды теріс
пайдаланған жағдайларда мәжбүрлеп бөлу немесе
бөліп шығару
1. Егер үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі осы Кодекстің 276, 277 және 280-баптарында көзделген бұзушылықтар үшін күнтізбелік бір жыл ішінде екі рет әкімшілік жауапқа тартылса және бәсекелестікті шектейтін іс-әрекеттер жасауды жалғастырса, бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган бәсекелестікті дамыту мақсатында осы нарық субъектісін мәжбүрлеп бөлу немесе оның құрамынан құрылымдық бөлімшелері базасында бір немесе бірнеше заңды тұлғаларды бөліп шығару туралы талап қойып сотқа жүгінуге құқылы.
2. Сот, егер жиынтығында:
1) құрылымдық бөлімшелердің технологиялық негізделген өзара байланысы болмаса;
2) тиісті тауар нарығында қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған заңды тұлғалардың дербес қызметі мүмкіндігінің болу талаптары орындалса, бәсекелестікті дамыту мақсатында мәжбүрлеп бөлу немесе бөліп шығару туралы шешім қабылдайды.
3. Соттың мәжбүрлеп бөлу немесе бөліп шығару туралы шешімін меншік иесі немесе оның уәкілетті органы аталған шешімде көзделген талаптарды ескере отырып және көрсетілген шешімде айқындалған алты айдан аспайтын мерзімде орындауға тиіс.
6-БӨЛІМ. ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ НЕГІЗГІ
БАҒЫТТАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ 25-тарау. ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ
336-бап. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың
түрлері
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мыналарды:
Шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мемлекеттiк қаржылық, материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ ғылыми-техникалық әзiрлемелер мен технологияларды пайдалануы үшiн жағдайлар жасауды;
мемлекеттiк тiркеудiң және таратудың оңайлатылған тәртiбiн белгiлеудi;
оңтайлы салық салу режимiн белгiлеудi;
шағын және орта кәсiпкерлiкке кредит берудiң бағдарламаларын қабылдауды;
шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту үшiн инвестицияларды, оның iшiнде шетелдiк инвестицияларды тарту және пайдалану жүйесiн жасауды;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды (жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi) сатып алудың кепiлдендiрiлген көлемiн қамтамасыз етудi;
жұмыс iстеп тұрған оқу және зерттеу орталықтарын, консалтингтiк ұйымдар мен шағын кәсiпкерлiктi қолдау және дамытудың ақпараттық жүйелерiн дамыту және жаңаларын құру жолымен кадрлар даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыруды қоса алғанда, осы Кодекстің 131, 133-баптарында көзделген шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың түрлері бойынша жүзеге асырылады.
337-бап. Шағын кәсiпкерлiктi қолдау орталықтары
1. Шағын кәсiпкерлiктi қолдау орталықтары – сауда-делдалдық қызметті жүзеге асырушыларды қоспағанда, оқытуды, ақпараттық қамтамасыз етудi, консультациялық және маркетингтiк қызметтер көрсетудi, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жобаларына құқықтық, экономикалық және технологиялық сараптама жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар.
2. Шағын кәсiпкерлiктi қолдау орталықтары халықты жеке кәсiпкерлiкке тарту, жаңа шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн құру мақсатында құрылады.
Шағын кәсiпкерлiктi қолдау орталықтарының мiндеттерi:
1) кәсiпкерлiк ахуалды, отандық және халықаралық нарықтарды, экономиканың салалары мен секторларын талдау;
2) маркетинг және менеджмент саласында қызметтер кешенiн көрсету;
3) инвестициялық және бизнес-жобаларды әзiрлеу жөнiндегi қызметтердi, консультациялық және басқа да қызметтер көрсету;
4) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң инновациялық белсендiлiгiн арттыруға жәрдемдесу;
5) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң кәсiби өсуiне жәрдемдесу;
6) ақпараттық және сараптамалық ресурстарға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету;
7) семинарлар, тренингтер өткiзу;
8) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң деректер базасын қалыптастыру;
9) шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi ақпаратты және оны дамытудың проблемалық мәселелерiн талдау мен қорыту болып табылады.
шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мемлекеттiк қаржылық, материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ ғылыми-техникалық әзiрлемелер мен технологияларды пайдалануы үшiн жағдайлар жасауды;
мемлекеттiк тiркеудiң және таратудың оңайлатылған тәртiбiн белгiлеудi;
оңтайлы салық салу режимiн белгiлеудi;
шағын және орта кәсiпкерлiкке кредит берудiң бағдарламаларын қабылдауды;
338-бап. Бизнес-инкубаторлар
1. Бизнес-инкубатор – сауда-делдалдық қызметті жүзеге асырушыларды қоспағанда, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қалыптасуы кезеңiнде өндiрiстiк үй-жайлар, жабдық беру, ұйымдық, құқықтық, қаржылық, консалтингтiк және ақпараттық қызметтер көрсету арқылы оларға қолдау көрсету үшiн құрылатын заңды тұлға.
2. Бизнес-инкубаторлар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қалыптасуына және дамуына жәрдем көрсету үшiн құрылады.
Бизнес-инкубатордың мiндеттерi:
1) бизнес-инкубаторға орналастыру үшiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн iрiктеу;
2) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне бiлiм беру, маркетингтiк, консалтингтiк және басқа да ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтер көрсету болып табылады.
339-бап. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн мүліктік қолдау
1. Сауда-делдалдық қызметтi қоспағанда, өндiрiстiк қызметтi және қызмет көрсету саласын ұйымдастыру үшiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне бiр жылдан астам пайдаланылмаған мемлекеттiк меншiк объектiлерi сенiмгерлiк басқаруға немесе жалға берiлуi мүмкiн.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жалға алу немесе сенiмгерлiк басқару шарттарының талаптарының орындалуын бақылауды республикалық және коммуналдық меншiкке иелiк етуге уәкiлеттi тиiстi мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
2. Сауда-делдалдық қызметтi жүзеге асыратын субъектілерді қоспағанда, өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшiн жалға алуға немесе сенiмгерлiк басқаруға берiлген мемлекеттiк меншiк объектiлерiн және олар алып жатқан жер учаскелерін шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын тәртiппен көзделген шарттарды олар орындаған жағдайда шарт жасасқан кезден бастап бiр жыл өткен соң өтеусiз берілуі мүмкін.
26-тарау. АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДІ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ЖЕРЛЕРДЕГІ
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЖАТПАЙТЫН ТҮРЛЕРІН
МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ
340-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi дамытуды мемлекеттiк
қолдау
1. Ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттiк қолдау:
1) агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында кредит берудi дамыту;
2) агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялау;
3) ауылшаруашылық өнiмiн кепiлдендiрiлген сатып алу бағасы бойынша сатып алу;
4) агроөнеркәсiптiк кешендi техникалық жарақтандыру;
5) агроөнеркәсiптiк кешендi ақпараттық-маркетингтiк қамтамасыз ету;
6) агроөнеркәсiптiк кешендi ғылыми, нормативтiк-әдiстемелiк қамтамасыз ету және ол үшiн кадрлар даярлау;
7) ауылдық аумақтардың әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымының дамуын инвестициялауды жүзеге асыру;
8) негiзгi өндiрiстiк құралдарды – ауыл шаруашылығы техникасының паркiн, жабдықтарды, мал басын жаңартуға арналған жағдайларды қолдайтын қаржылық құралдарды қолдану;
9) ауыл шаруашылығына инвестицияларды тарту үшiн қажеттi жағдайлар жасау;
10) өнiм экспортын қолдау;
11) салалық ғылымды дамыту және агротехнологиялық бiлiмдi тарату;
12) мемлекеттік қолдаудың өзге де нысандарын беру арқылы жүргізіледі.
2. Ауыл шаруашылығы қызметiн және ауылдық жерлердегі кәсіпкерлік қызметтің ауыл шаруашылығына жатпайтын түрлерін жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау республикалық және өңiрлiк деңгейлерде жүргiзiледi және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеледi.
3. Ауыл шаруашылығы қызметiн жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлiкке мемлекеттiк қолдау көрсетудiң мерзiмi, көлемi мен шаралары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
341-бап. Агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар
саласында кредит беру
1. Агроөнеркәсiптiк кешен мен селолық аумақтар саласында кредит беру Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес бюджеттік кредит беру не мамандандырылған ұйымдардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылады.
2. Агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында кредит беру «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ережелерді ескере отырып, мынадай:
1) ауылшаруашылығы өндірісінің инфрақұрылымын құру және дамыту;
2) ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтарының, балық шаруашылығына арналған жабдықтардың және аулау құралдарының лизингі;
3) агроөнеркәсiптiк кешенге кредит беруді жүзеге асыратын кредит беру серіктестіктерін ұйымдастыру және кредит беру;
4) ауылдық жерлердегi кәсiпкерлiк қызметтiң ауыл шаруашылығына жатпайтын түрлерiне кредит беру;
5) aуыл шаруашылығы өнiмiн сатып aлу, өндiру, қайта өңдеу және өткiзу;
6) жасанды түрде балық өсiру және балық өнiмiн өңдеу;
7) ауыл халқына микрокредит берудi ұйымдастыру бағыттары бойынша жүргiзiледi.
342-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялау
1. Агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiн субсидиялау:
1) агроөнеркәсiптiк кешен салаларын дамытуға бағытталған субсидиялаудың экономикалық тиiмдiлігі;
2) өндiрiлген өнiмнiң сапасын және бәсекеге қабілеттілігiн арттыру жағдайында агроөнеркәсiптiк кешен салаларының дамуын экономикалық ынталандыру ретiнде жүзеге асырылады.
2. Агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялау «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген бағыттар бойынша агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
2. Агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялау «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген бағыттар бойынша уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен келісу бойынша жүзеге асырылады.
343-бап. Сатып алу және тауар интервенцияларын жүргізу
1. Азық-түлік тауарлары нарығын тұрақтандыру мақсатында мемлекет сатып алу және тауар интервенцияларын жүзеге асырады.
2. Сатып алу және тауар интервенцияларын мамандандырылған ұйымдар азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
3. Егін жинау кезеңінде өсімдік шаруашылығы өнімдері бойынша тауар интервенцияларын жүзеге асыруға жол берілмейді.
4. Сатып алу және тауар интервенцияларын жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
344-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi ақпараттық
қамтамасыз ету
1. Агроөнеркәсiптiк кешендi ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету:
1) агроөнеркәсіптiк кешеннiң ақпараттық-маркетингтiк жүйесiн ұйымдастыру;
2) ақпараттық материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және мамандандырылған жинақтарды, журналдарды, тақырыптық басылымдарды басып шығару;
3) қазiргi заманғы ақпараттық технологиялар мен жүйелерді құруға және дамытуға жәрдемдесу;
4) көрме-жәрмеңкелер ұйымдастыру және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердің өнiмiне жарнамалық қолдау көрсету;
5) оқытып-үйрету семинарларын ұйымдастыру;
6) ғылыми, нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету және агроөнеркәсіптік кешен үшін кадрлар даярлау;
7) аграрлық ғылымды дамыту және ғылыми әзірлемелерді өндіріске тарату арқылы жүзеге асырылады.
2. Мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiне өтеусiз негiзде беруiне жататын ақпарат пен көрсетілетін қызметтердiң тiзбесiн агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлетті орган айқындайды.
345-бап. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды мемлекеттік қолдау «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
346-бап. Шаруа немесе фермер қожалықтарын мемлекеттiк
қолдау
1. Мемлекет отандық шаруа немесе фермер қожалықтарын дамытуға және қорғауға жәрдемдеседі.
2. Қызметкерлерiнiң жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын және орта есеппен алғанда жыл iшiндегi активтерiнiң жалпы құны алпыс мың мәрте есептiк көрсеткiштен аспайтын шаруа немесе фермер қожалығы:
1) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы заңнамасын қолдана отырып, электр энергиясымен, жылумен, сумен жабдықтау бойынша қосылатын қуаттар үшiн ақы төлеуден Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен және жағдайларда босатылады;
2) мемлекет қатысатын екiншi деңгейдегi банктерде ақы алынбай шот ашады;
3) бухгалтерлiк есеп жүргізудi және қаржылық есептілікті оңайлатылған тәртiппен бередi;
4) шарттарын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын мемлекеттiк мұқтаждар үшiн тапсырыстар орналастыру кезiнде басым құқықты пайдаланады;
5) шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қаржылық қолдау шеңберiнде тиiстi жылға арналған мемлекеттiк бюджетте белгiленген шекте жеңiлдiктi жағдайларда ақпараттық қызмет (қаражат), сондай-ақ ғылыми-техникалық әзірлемелер мен технологияларды алады;
6) шағын кәсiпкерлiктi қолдау үшiн көзделген қаражат есебiнен кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру iсiн жүргiзедi.
3. Шаруа немесе фермер қожалықтары жекелеген салық түрлерiн есептеу және төлеудiң Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес оңайлатылған не жалпы белгiленген тәртiбiн қолдануға құқылы.
4. Ауыл шаруашылық өндiрiсiне инвестицияларды жүзеге асыратын және арнаулы салық режимiн пайдаланбайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына осы Кодексте көзделген тәртiппен және шарттарда (Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасында) инвестициялық преференциялар берiлуi мүмкiн.
27-тарау. ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ § 1. Индустриялық-инновациялық қызмет
347-бап. Индустриялық-инновациялық қызмет ұғымы және мәні
1. Индустриялық-инновациялық қызмет – еңбек өнiмдiлiгiн арттыру және экономиканың басым секторларын дамытуды ынталандыруды қамтамасыз ету мақсатында, экологиялық қауiпсiздiк қамтамасыз етiлуiн ескере отырып, индустриялық-инновациялық жобаларды iске асыруға не отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi iшкi және (немесе) сыртқы нарықтарға жылжытуға байланысты кәсіпкерлік субъектілердің қызметі.
Экономиканың басым секторлары деп мемлекеттiң экономикалық даму серпiнi мен сапасына әсер етуге қабiлеттi ұлттық экономиканың секторлары түсініледі.
2. Индустриялық-инновациялық жоба – технологиялар трансфертiне, жаңа немесе жетiлдiрiлген өндiрiстер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар және қызметтер жасауға бағытталған, белгiлi бiр уақыт мерзiмi iшiнде iске асырылатын iс-шаралар кешенi.
Инновация – экономикалық тиiмдiлiктi арттыру мақсатында, экологиялық қауiпсiздiктi ескере отырып, жаңа немесе жетiлдiрiлген өндiрiстер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер, техникалық, өндiрiстiк, әкiмшiлiк, коммерциялық сипаттағы ұйымдастырушылық шешiмдер, сондай-ақ өзге де қоғамдық пайдасы бар нәтиже түрiнде iс жүзiне асырылған жеке және (немесе) заңды тұлғалар қызметiнiң нәтижесi.
Технология деп пайдаланылуы жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді алуды қамтамасыз ететін, бірыңғай өндірістік циклде жұмыс істейтін процесс және (немесе) жабдықтар кешені түсініледі.
348-бап. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері экономиканың басым секторларында индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын не отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi iшкi және (немесе) сыртқы нарықтарға ілгерілету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар болып табылады.
349-бап. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік
қолдаудың мақсаты, міндеттері және негіздері
1. Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдаудың мақсаты Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын экономиканың басым секторларын дамытуды ынталандыру негiзiнде ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру болып табылады.
2. Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдаудың мiндеттерi:
1) экономиканың басым секторларын дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
2) бәсекеге қабiлеттi жаңа өндiрiстердi дамыту үшiн жағдайларды қамтамасыз ету;
3) еңбек өнiмдiлiгiн арттыру, сондай-ақ өндiрiстiк тiзбектi ұзарту және нарықты кеңейту мақсатында жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру) үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
4) инновацияларды тиiмдi енгiзудi және жоғары технологиялық өндiрiстердi дамытуды қолдау;
5) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң инвестициялық тартымдылығын және экспорттық әлеуетiн арттыру;
6) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне технологияларды коммерцияландыруда жәрдем көрсету;
7) индустриялық-инновациялық субъектiлерге экспорттық әлеуетiн дамытуда жәрдем көрсету;
8) экономиканың басым секторларында ғылыми-зерттеу базасын дамыту және оны өндiрiстiк процеспен ықпалдастыру;
9) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастықта, оның iшiнде индустриялық-инновациялық қызмет үшiн жоғары бiлiктi кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастықта жәрдем көрсету болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметiн мемлекеттiк қолдау:
1) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне осы Кодекске сәйкес мемлекеттiк қолдау алуға тең қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етуге;
2) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне мемлекеттiк қолдаудың ұсынылатын шараларының жариялылығы, атаулылығы мен транспаренттiлiгiне;
3) мемлекет және индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi мүдделерiнiң теңгерiмдiлiгiн қамтамасыз етуге;
4) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi индустриялық-инновациялық жобаларының жеке ерекшелiктерiн ескере отырып, оларды табысты iске асыру мақсатында мемлекеттiк қолдау шараларын оңтайландыруға;
5) мемлекеттiң және индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң тұрақты өзара iс-қимылын қамтамасыз ететiн кешендiлiк және жүйелiлiкке;
6) Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiне сәйкестiгіне негiзделедi.
§ 2. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық жүйесі
350-бап. Қазақстан Республикасының
индустриялық-инновациялық жүйесi
Қазақстан Республикасында экономиканың басым секторларын дамытуды және индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды ынталандыру мақсатында индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауға қатысатын субъектiлерден, инфрақұрылымнан және құралдардан тұратын индустриялық-инновациялық жүйе құрылады.
351-бап. Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк
қолдауға қатысатын индустриялық-инновациялық
жүйенiң субъектiлерi
1. Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауға қатысатын индустриялық-инновациялық жүйенiң субъектiлерiне ұлттық, оның iшiнде өңiрлiк даму институттары, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау шараларын iске асыруға уәкiлеттi, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы тiкелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесiлi өзге де заңды тұлғалар жатады.
2. Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институты:
1) экономиканың басым секторларын дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетедi;
2) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға басым тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң бiрыңғай картасын әзiрлеу мен оны өзектi ету бойынша қызметтер көрсетедi;
3) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға индустрияландыру картасының экономикалық тиiмдiлiгiн талдау бойынша қызметтер көрсетедi.
3. Технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты:
1) технологиялық болжау процесiне қатысады;
2) инновацияларды дамыту саласындағы ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетедi;
3) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң жарғылық капиталдарына қатысу, шетелдiң қатысуымен заңды тұлғалар құру, инвестициялық қорлар құру немесе оларға қатысу жолымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсiлдермен индустриялық-инновациялық жобаларға инвестициялар тартуды жүзеге асырады;
4) технопарктердi, технологияларды коммерцияландыру орталықтарын, салалық конструкторлық бюроларды, технологиялар трансфертiнiң халықаралық орталықтарын құруға, басқаруға және үйлестiруге қатысады;
5) экономиканың басым секторларын технологиялық дамытуды ынталандыру үшiн ақпараттық ресурстарды, бiлiм беру және қаржы ресурстарын тарту мақсатында халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды;
6) iске асырылатын индустриялық-инновациялық жобалар, енгiзiлген технологиялар туралы, технологиялық болжау бойынша жүргiзiлген талдамалық зерттеу нәтижелерi туралы ақпаратқа қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етедi;
7) технологиялық бизнес-инкубациялау, технологияларды коммерцияландыру және технологиялар трансфертi, индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң кадрлық, басқарушылық және өндiрiстiк әлеуетiн күшейту бойынша мемлекеттiк қолдау тетiктерiн iске асыруға қатысады;
8) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға сараптамалық қорытындыларды және (немесе) ұсынымдарды бередi;
9) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға инновациялық гранттар беру жөнiнде қызметтер көрсетедi;
10) технологиялық даму саласында ақпарат жинауды және индустриялық-инновациялық жүйенiң тиiмдiлiгiн талдауды жүзеге асырады;
11) тәуекелдiк инвестициялаудың инвестициялық қорларын дамытуға жәрдемдеседi.
4. Жергiлiктi қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институты:
1) тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды берушiлердiң дерекқорын қалыптастырады және жүргiзедi;
2) жергiлiктi қамтуды дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетедi;
3) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға iшкi нарықта тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi отандық берушiлердi мемлекеттiк қолдау шараларының iске асырылуы тиiмдiлiгiн талдау бойынша қызметтер көрсетедi;
4) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң тауарларын, жұмыстары мен көрсетiлетiн қызметтерiн iшкi нарықта жылжыту жөнiндегi шығыстарының бiр бөлiгiн өтеу бойынша қызметтер көрсетедi;
5) жергiлiктi қамту бойынша сараптаманы жүзеге асырады.
Жергілікті қамту бойынша сараптама деп республикалық индустрияландыру картасына енгізуге үміткер индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің индустриялық-инновациялық жобасындағы жергілікті қамтуды бағалау түсініледі.
Жергілікті қамту деп индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің индустриялық-инновациялық жобасына қатыстырылған Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбегіне ақы төлеу құнының осы жоба бойынша еңбекке ақы төлеудің жалпы қорынан және (немесе) тауарларда, жұмыстар мен қызметтерде белгіленген жергілікті өндірілу үлестері құнының индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің индустриялық-инновациялық жобасын іске асыру кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің жалпы құнынан пайыздық қамтылуы түсініледі.
5. Инвестициялар тарту саласындағы ұлттық даму институты:
1) Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын жақсарту бойынша талдамалық зерттеулер жүргiзедi;
2) шетелдiк инвесторлардың қызметiн ақпараттық сүйемелдеудi қамтамасыз етедi, оның iшiнде инвесторлардың мемлекеттiк органдармен, индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiмен, сондай-ақ жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бiрлестiктерiмен кездесулерiн ұйымдастырады, инвестиция тақырыбы бойынша бизнес-форумдар, конференциялар мен семинарлар өткiзедi, шетелдiк инвесторлардың дерекқорын қалыптастырады және жүргiзедi;
3) Қазақстан Республикасының қолайлы инвестициялық имиджiн ілгерілетеді, оның iшiнде инвестициялық мүмкiндiктер туралы ақпарат ұсынады;
4) шетелдiк инвесторлармен келiссөздердiң қорытындылары бойынша қол жеткiзiлген ресми уағдаластықтардың iске асырылу мониторингiн жүргiзедi;
5) шетелдiк инвесторлардың қатысуымен iске асырылатын индустриялық-инновациялық жобалардың мониторингiн жүргiзедi.
6. Экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық даму институты:
1) сыртқы нарықтарға талдау жүргiзедi;
2) отандық өңделген тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша жәрдемдеседi;
3) отандық экспорттаушыларға олардың сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру, әлеуеттi экспорттық нарықтарды iздестiру және олардың тауарларын, көрсетiлетiн қызметтерiн сыртқы нарықтарға жылжыту мәселелерi бойынша ақпараттық және консультациялық қызметтер көрсетедi;
4) отандық өңделген тауарлардың, көрсетiлетiн қызметтердiң экспортын жылжыту бойынша iс-шаралар жүргiзедi;
5) экспортты жылжыту мәселелерi бойынша отандық, шетелдiк және халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
6) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң отандық өңделген тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша шығындарының бiр бөлiгiн өтеу жөнiнде қызметтер көрсетедi;
7) экспортты жылжыту мақсатында шетелдiк өкiлдiктер құрады.
352-бап. Индустриялық-инновациялық инфрақұрылым
1. Мыналар:
1) арнайы экономикалық аймақтар, оның iшiнде дербес кластерлiк қор;
2) индустриялық аймақтар;
3) технопарктер;
4) тәуекелдiк инвестициялаудың акционерлiк инвестициялық қорлары;
5) технологияларды коммерцияландыру орталықтары;
6) салалық конструкторлық бюролар;
7) технологиялар трансфертiнiң халықаралық орталықтары;
8) инновациялық кластерлер индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның элементтерi болып табылады.
353-бап. Арнайы экономикалық аймақтар
1. Арнайы экономикалық аймақ қызметтiң басым түрлерiн жүзеге асыру үшiн арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимi қолданылатын, дәл белгiленген шекаралары бар Қазақстан Республикасы аумағының бiр бөлiгiн білдіреді.
Арнайы экономикалық аймақтың аумағында арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары үшiн осы Кодексте, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы», «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының салық, кеден, жер заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасында белгiленген арнайы құқықтық режим қолданылады.
2. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында немесе оның бiр бөлiгiнде еркiн кедендiк аймақ кедендiк рәсiмi қолданылады. Шегiнде еркiн кедендiк аймақ кедендiк рәсiмi қолданылатын арнайы экономикалық аймақтың шекаралары Қазақстан Республикасы Президентiнiң арнайы экономикалық аймақты құру туралы актiсiне сәйкес айқындалады.
Арнайы экономикалық аймақтың аумағы Кеден одағының кедендiк аумағының бiр бөлiгi болып табылады.
Еркiн кедендiк аймақ кедендiк рәсiмi Кеден одағының кедендiк заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендiк заңнамасына сәйкес қолданылады. Еркiн кедендiк аймақ кедендiк рәсiмi қолданылатын арнайы экономикалық аймақтың аумағы кедендiк бақылау аймағы болып табылады.
3. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен қамтамасыз етiлетiн құқықтар мен мүдделердi қорғауға кепiлдiк берiледi.
Арнайы экономикалық аймақ қатысушысының мүлкiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп алып қоюға (мемлекет иелiгiне алуға, реквизициялауға) тек қана Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген айрықша жағдайларда және тәртiппен жол берiледi.
Арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да төлемдердi төлегеннен кейiн арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтi жүзеге асырудан алынған табыстарды өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы.
354-бап. Индустриялық аймақ
1. Индустриялық аймақ – коммуникациялармен қамтамасыз етiлген, мемлекет жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне өнеркәсiп объектiлерiн орналастыру және пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен берілетiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жер.
2. Индустриялық аймақтар жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн экономикалық және ұйымдық жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
3. Индустриялық аймақтардың мiндеттерi:
1) өнеркәсiп саласындағы жеке кәсiпкерлiктi жедел дамытуға жәрдемдесу;
2) жаңа өндiрiстер инфрақұрылымын құруға және дамытуға арналған шығындарды оңтайландыру;
3) өндiрiс тиiмдiлiгiн арттыру;
4) халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады.
354-бап. Технологиялық парк
1. Технологиялық парк (бұдан әрi – технопарк) – технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты құрған, индустриялық-инновациялық қызметтi iске асыру үшiн қолайлы жағдайлар жасалатын бiрыңғай материалдық-техникалық кешенi бар аумаққа меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде иелiк ететiн заңды тұлға.
2. Технопарктер қызметiнiң негiзгi түрi индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң жұмыс iстеуiнiң бастапқы кезеңiнде оларға үй-жайлар, жабдықтар беру, бухгалтерлiк есеп жүргiзу, заңдық, ақпараттық және консультациялық сүйемелдеу, инвестициялар тарту, жобаларды басқару бойынша қызметтер, сондай-ақ индустриялық-инновациялық жобаларды iске асыру үшiн қажеттi өзге де қызметтер ұсынуды бiлдiретiн технологиялық бизнес-инкубациялау болып табылады. Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерiн көрсету, сондай-ақ мұндай қызметтер құнын айқындау қағидаларын индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган әзiрлейдi және бекiтедi.
356-бап. Акционерлiк инвестициялық қорлар
1. Қызметiнiң айрықша түрi «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген талаптарға және өзiнiң инвестициялық декларациясына сәйкес осы қоғамның акционерлерi оның акцияларын төлеу үшiн қосқан ақшаны, сондай-ақ осындай инвестициялау нәтижесiнде алынған активтердi жинақтау мен инвестициялау болып табылатын акционерлiк қоғам акционерлiк инвестициялық қор болып табылады.
2. Тәуекелдi инвестициялаудың акционерлiк инвестициялық қорларының қызметi «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледi.
357-бап. Технологияларды коммерцияландыру орталығы
1. Технологияларды коммерцияландыру орталығы жаңа немесе жетiлдiрiлген тауарларды, процестер мен көрсетiлетiн қызметтердi нарыққа шығару мақсатында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерiн iс жүзiнде қолдануға байланысты, оң экономикалық әсер алуға бағытталған қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға, ғылыми ұйымның, жоғары оқу орнының немесе дербес бiлiм беру ұйымының құрылымдық немесе оқшауланған бөлiмшесi болып табылады.
2. Технологияларды коммерцияландыру орталықтары қызметiнiң негiзгi бағыттары: коммерцияландыру үшiн технологиялар iздестiрудi және оларды бағалауды, маркетингтiк зерттеулердi, зияткерлiк меншiктi қорғау саласында консультациялық қызметтер көрсетудi, технологияларды коммерцияландыру стратегиясын әзiрлеудi, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектiлерi мен жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң технологияларды коммерцияландыру саласында шарттар жасасуы мақсатында олардың өзара iс-қимылын ұйымдастыруды қоса алғанда, бiрақ олармен шектелмей, технологияларды коммерцияландыру жөнiндегi қызметтер кешенiн көрсету болып табылады.
Технологияларды коммерцияландыру орталықтарын әдiснамалық, консультациялық жағынан және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзгедей түрде қолдауды технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты жүзеге асырады.
358-бап. Салалық конструкторлық бюро
1. Салалық конструкторлық бюро – материалдық-техникалық кешенге иелiк ететiн, жаңа немесе жетiлдiрiлген тауарлар өндiрудi ұйымдастыруда индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне жәрдемдесу үшiн технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты құрған заңды тұлға.
2. Салалық конструкторлық бюролардың негiзгi мiндетi индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне жаңа немесе жетiлдiрiлген тауарларды жасауда, оның iшiнде технологиялар трансфертi, конструкторлық-технологиялық құжаттаманы сатып алу, бейiмдеу, әзiрлеу, оны кейiннен индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне өтеулi негiзде беру және оның негiзiнде тауарлар өндiрiсiн ұйымдастыру үшiн қажеттi қызметтер көрсету арқылы жәрдемдесу болып табылады
359-бап. Технологиялар трансфертiнiң халықаралық
орталықтары
1. Технологиялар трансфертiнiң халықаралық орталықтарын индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi шетелдiк әрiптестерiмен бiрлесiп iске асыратын индустриялық-инновациялық жобаларды iске асыруға жәрдемдесу мақсатында технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты құрады.
Технологиялар трансфертi деп иелік ету және (немесе) пайдалану Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған тәсілдермен алынған жаңа немесе индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлері, меншік иелері технологияларымен жетілдірілген процесс түсініледі.
360-бап. Инновациялық кластер
1. Инновациялық кластер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған, өзара iс-қимыл жасау және қолда бар мүмкiндiктердi бiрлесiп пайдалану, бiлiм және тәжiрибе алмасу, технологияларды тиiмдi беру, орнықты әрiптестiк байланыстарды жолға қою және ақпарат тарату арқылы индустриялық-инновациялық қызметтi ынталандыруға арналған ғылыми ұйымдардың, бiлiм беру ұйымдарының, тәуекелмен инвестицияланатын акционерлiк инвестициялық қорлардың, сондай-ақ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бiрлестiгi.
Инновациялық кластерлер өзара iс-қимыл жасасу және қолда бар мүмкiндiктердi бiрлесе пайдалану, бiлiм мен тәжiрибе алмасу, технологияларды тиiмдi түрде беру, тұрақты әрiптестiк байланыстарды жолға қою және ақпаратты тарату арқылы индустриялық-инновациялық қызметтi ынталандырады.
361-бап. Индустриялық-инновациялық жүйе құралдары
1. Индустриялық-инновациялық жүйенi жоспарлау құралдарына технологиялық болжау және басым тауарлар мен қызметтердiң бiрыңғай картасы жатады.
Технологиялық болжау деп игерілуі мемлекеттің орнықты индустриялық-инновациялық дамуы үшін қажетті шарт болып табылатын технологияларды анықтауға бағытталған талдамалық зерттеулер кешені түсініледі.
Технологиялық болжауды тұрақты негiзде үш жылда бiр реттен кем емес қорытындылар шығара отырып, индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган жүргiзедi.
Технологиялық болжау индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган әзiрлейтiн және бекiтетiн технологиялық болжауды жүргiзу әдiстемесiне сәйкес жүзеге асырылады.
Технологиялық болжау процесiн шетелдiк және отандық сарапшыларды тарту, сауалнама мен талдамалық зерттеулер жүргiзу, технологиялық болжау қорытындыларын шығару үшiн алынған мәлiметтердi жинақтап қорыту және ұсынымдарды қалыптастыру жолымен технологиялық дамыту жөнiндегi ұлттық даму институты қамтамасыз етедi.
Технологиялық болжау қорытындылары:
1) ұлттық экономиканың ұзақ мерзiмдi перспективада (он жылдан астам) бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ететін сындарлы технологиялар тiзбесiн айқындауға және өзектi етуге;
2) Қазақстан Республикасының ұзақ мерзiмдi перспективадағы дамуы үшiн инновациялық гранттар берудiң басым бағыттары шеңберiнде индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне олардың индустриялық-инновациялық жобаларын iске асыру үшiн өтеусiз негiзде берiлетiн бюджет қаражаты түріндегі инновациялық гранттар берудiң басым бағыттары тізбесін айқындауға және өзекті етуге;
3) технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтына жәрдемдесу кезiнде индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган iске асыратын нысаналы технологиялық бағдарламаларды қалыптастыруға;
4) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органның ғылыми-технологиялық дамудың салааралық жоспарын әзiрлеуiне және өзектi етуiне негiз болып табылады.
Басым тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң бiрыңғай картасы Қазақстан Республикасында өндiру үшiн стратегиялық бәсекелестiк артықшылықтарға ие, экономиканың әрбiр басым секторы бойынша айқындалған және индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдаудың басымдықтары болып табылатын тауар топтарының, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн бiлдiредi.
2. Индустрияландыру картасы индустриялық-инновациялық жүйе мониторингiнiң (iске асырылуының) құралы болып табылады және белгiлi бiр қаржыландыру көздерi, оларды iске асыру жөнiндегi кестелерi мен iс-шаралар жоспарлары бар республикалық және өңiрлiк индустрияландыру карталарына енгiзiлген индустриялық-инновациялық жобалардың жиынтығын бiлдiредi.
3. Инновацияларды ақпараттық қолдау және технологияларды коммерцияландыру индустриялық-инновациялық жүйенi ынталандыру және дамыту құралдары болып табылады.
Инновацияларды ақпараттық қолдауды технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институты жеке және заңды тұлғалардың өнертапқыштық қызметiн және инновациялық белсендiлiгiн ынталандыратын конкурстарды ұйымдастыру, баспа және электрондық өнiмдi шығару және тарату арқылы технологияларды құру, енгiзу, коммерцияландыру процестерiн тарату мақсатында жүзеге асырады.
Технологияларды коммерцияландыру:
1) лицензиялық шартты және (немесе) зияткерлiк меншiк объектiсiне айрықша құқықтардың басқа тұлғаға ауысуы туралы шартты жасасу;
2) технологияларды коммерциялық пайдалануы үшiн заңды тұлға құру;
3) жеке және заңды тұлғаларға шарттық негiзде қызметтер көрсету арқылы технологияларды пайдалану;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсiлдер арқылы жүзеге асырылады.
Технологияларды коммерцияландыруда индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне жәрдемдi осы Кодекстің 370-бабына сәйкес технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты көрсетедi.
4. Мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйенің субъектілері жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу тиімділігін бағалау индустриялық-инновациялық жүйені талдау құралы болып табылады.
Мемлекеттiк органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызметтi қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйенiң субъектiлерi жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау шараларының iске асырылу тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiн мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтедi.
§ 3. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау
362-бап. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн
мемлекеттiк қолдау шаралары
1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау шаралары Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалған ерекшелiктердi ескере отырып, осы Кодекс айқындайды.
Мемлекеттiк қолдау түрлерi мен деңгейi Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.
2. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау шараларына:
1) қоса қаржыландыруды қоса алғанда, жобаларды қаржыландыру, лизингтiк қаржыландыру;
2) қарыздар бойынша кепiлдiк мiндеттемелер мен кепiлдiмелер беру;
3) қаржы институттары арқылы кредиттеу;
4) қаржы институттарына берiлетiн кредиттер бойынша сыйақы және облигациялар бойынша купондық сыйақы ставкаларын субсидиялау;
5) жарғылық капиталдарға инвестицияларды жүзеге асыру;
6) кепiлдендiрiлген тапсырыс;
7) инновациялық гранттар беру;
8) бiлiктi кадр ресурстарымен қамтамасыз ету;
9) инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;
10) жер учаскелерi мен жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру;
11) iшкi нарықта қолдау;
12) шетелдiк инвестицияларды тарту;
13) отандық өңделген тауарлардың, көрсетiлетiн қызметтердiң экспортын дамыту және жылжыту жатады.
3. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiп кешенiнде қызметтi жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау осы Кодекске және «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.
4. Арнайы экономикалық аймақтарда қызметтi жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн дамытуды ынталандыру «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледi.
5. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметiн ынталандыру осы Кодексте айқындалады.
6. Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган, өзге де мемлекеттiк органдар, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау шараларын қарау, келiсу және ұсыну кезiнде мына критерийлердiң бiрiн:
1) инновациялық – экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi ескере отырып, жаңа немесе жетiлдiрiлген өндiрiстердi, технологияларды, тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi жасау жолымен қызметтiң экономикалық тиiмдiлiгiн арттыруға бағыттылықты;
2) бәсекеге қабiлеттiлiк – қол жеткiзiлетiн нәтиженiң оны алуға кеткен шығындарға қатысы ретiнде айқындалатын, қол жеткiзiлетiн экономикалық және әлеуметтiк тиiмдiлiк деңгейiнде көрiнетiн ұқсас индустриялық-инновациялық жобалармен салыстырғандағы артықшылықты;
3) ауқымдылық – Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту үшiн индустриялық-инновациялық жобаны іске асырудың маңыздылығын басшылыққа алуға міндетті.
363-бап. Қоса қаржыландыруды қоса алғанда,
индустриялық–инновациялық жобаларды
қаржыландыру, лизингтiк қаржыландыру
1. Қоса қаржыландыруды қоса алғанда, индустриялық-инновациялық жобаларды қаржыландыруды, индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн орта және ұзақ мерзiмдi кезеңдерге арналған лизингтiк қаржыландыруды Қазақстан Даму Банкi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын басқа да ұлттық даму институттары жүзеге асырады.
2. Қоса қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыру жаңа индустриялық-инновациялық жобаларды, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және кеңейтуге бағытталған индустриялық-инновациялық жобаларды жасау үшiн жүзеге асырылады.
3. Лизингтiк қаржыландыру индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне он жылдан аспайтын мерзiмге берiледi.
4. Қоса қаржыландыруды қоса алғанда, жобаларды қаржыландырудың, лизингтiк қаржыландырудың шарттары мен тетiктерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
364-бап. Қарыздар бойынша кепiлдiк мiндеттемелердi және
кепiлдемелердi ұсыну
1. Қарыздар бойынша кепiлдiк мiндеттемелердi және кепiлдемелердi ұсынуды индустриялық-инновациялық жобаларды iске асыру үшiн индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне берiлетiн екiншi деңгейдегi банктердiң қарыздары бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын қаржы агентi жүзеге асырады.
2. Қарыздар бойынша кепiлдiк мiндеттемелердi және кепiлдемелердi ұсыну шарттары мен тетiктерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
365-бап. Қаржы институттары арқылы кредит беру
1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне кредит берудi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын қаржы агентiнiң қаржы институттарында қаражатты шарттастырылған түрде орналастыруы арқылы жүзеге асырылады.
2. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне кредит беру өзiнiң жылжымалы немесе жылжымайтын мүлкiн, соның iшiнде ақша ұсыну арқылы қатысқан жағдайда, жаңа индустриялық-инновациялық жобаларды, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және кеңейтуге бағытталған индустриялық-инновациялық жобаларды жасау үшiн жүзеге асырылады.
3. Қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетiктерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
366-бап. Қаржы институттары беретiн кредиттер бойынша
сыйақы ставкасын және облигациялар бойынша
купондық сыйақыны субсидиялау
1. Қаржы институттары беретiн кредиттер бойынша сыйақы ставкасын және индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң облигациялары бойынша купондық сыйақыны субсидиялау жаңа индустриялық-инновациялық жобаларды, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және кеңейтуге бағытталған индустриялық-инновациялық жобаларды жасау үшiн, олар өзiнiң жылжымалы немесе жылжымайтын мүлкiн, оның iшiнде ақша ұсыну жолымен қатысқан жағдайда, жүзеге асырылады.
Айналым қаражатын толтыруға қаржы институттары беретiн кредиттер бойынша сыйақы ставкасын және облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау жүзеге асырылмайды.
2. Қаржы институттары индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне беретiн кредиттер бойынша сыйақы ставкасын және индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi эмиссиялайтын облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялауды индустриялық-инновациялық жобаларды iске асыру үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын қаржы агентi жүзеге асырады.
3. Қаржы институттары беретiн кредиттер бойынша сыйақы ставкасын және облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялаудың шарттары мен тетiктерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
367-бап. Жарғылық капиталдарға тартылатын инвестицияларды
жүзеге асыру
Индустриялық-инновациялық жоба мынадай шарттарға:
1) еңбек өнiмдiлiгiн арттыруға және экономиканың басым секторларын дамытудың ынталандырылуын қамтамасыз етуге;
2) мәнi индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыратын ұлттық даму институттарының инвестициялық саясатын регламенттейтiн iшкi құжаттарында айқындалатын болжамдық экономикалық және қаржылық параметрлер бойынша тартымдылыққа;
3) технологиялық әлеуетiн арттыруға бағыттылығына, өндiрiс және көрсетiлетiн қызмет сапасын арттыруға және көлемiн ұлғайтуға, шикiзаттар мен материалдарды өңдеудi тереңдетуге, жоғары технологиялық өнiмдердi шығаруға сәйкес келген кезде, индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң жарғылық капиталына тартылатын инвестицияларды индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыратын ұлттық даму институттары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары жүзеге асырады.
Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыратын ұлттық даму институттарының инвестициялық қызметiнiң нәтижелерi барлық индустриялық-инновациялық жобалар бойынша инвестициялық табыс негiзiнде айқындалады.
368-бап. Кепiлдендiрiлген тапсырыс
1. Технологиялық меморандумдарды индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган ұлттық басқару холдингтерiмен, ұлттық холдингтермен, ұлттық компаниялармен және олармен үлестес заңды тұлғалармен жасайды және сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң тiзбесiн айқындайды.
2. Жасалған технологиялық меморандумдардың негiзiнде ұлттық басқару холдингтерi, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және олармен үлестес заңды тұлғалар тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi беруге индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiмен шарттар жасасу жолымен кепiлдендiрiлген тапсырысты орналастырады. Көрсетiлген шарттардың талаптары бағаны, сапаны, қолжетiмдiлiктi, тасымалдау шарттарын қоса алғанда, ұлттық басқару холдингтерiнiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың коммерциялық мүдделерiне сай келуi тиiс және Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiне қайшы келмеуге тиiс.
3. Кепiлдендiрiлген тапсырыс «Акционерлiк қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен үлгiлiк қағидалар негiзiнде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды берушiлердiң дерекқорына енгiзiлген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi барлық әлеуеттi жеткiзушiлер арасында сатып алу рәсiмдерiн ұйымдастыру арқылы орналастырылады.
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң және оларды берушiлердiң дерекқоры отандық тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң және оларды берушiлердiң тiзбесiн білдіреді.
369-бап. Инновациялық гранттар беру
1. Инновациялық гранттар берудi инновациялық гранттар берудiң басым бағыттары шеңберiнде технологиялық дамыту жөнiндегi ұлттық даму институтын тарта отырып, индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне инновациялық гранттар индустриялық-инновациялық жобаларды iске асыру жөнiндегi шығындардың бiр бөлiгiн өтеу және (немесе) төлеу арқылы берiледi.
3. Инновациялық гранттар:
1) технологиялар сатып алуға;
2) өнеркәсiптiк зерттеулер жүргiзуге берiледi.
Осы тармақшаның мақсаты үшiн өнеркәсiптiк зерттеулер деп индустриялық-инновациялық қызмет субъектiсi жүзеге асыратын өндiрiстiк процестердi және (немесе) шығарылатын тауарлардың немесе көрсетiлетiн қызметтердiң сипаттамаларын жақсарту мақсатында ол жүргiзетiн ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар түсiнiледi;
3) инженерлiк-техникалық персоналдың бiлiктiлiгiн шет елде арттыруға;
4) дамудың бастапқы сатысында жоғары технологиялық өнiм өндiру жөнiндегi қызметтi қолдауға;
5) шет елдерде және (немесе) өңiрлiк патенттiк ұйымдарда патенттеуге;
6) технологияларды коммерцияландыруға;
7) жоғары бiлiктi шетелдiк мамандарды тартуға;
8) консалтингтiк, жобалық және инжинирингтiк ұйымдарды тартуға;
9) басқарушылық және өндiрiстiк технологияларды енгiзуге берiледi.
Инновациялық гранттарды беру кезiнде отандық және шетелдiк сарапшыларды тарта отырып, тәуелсiз сараптама жүргiзiледi.
4. Технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган мен технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты арасында жасалатын шарт негiзiнде инновациялық гранттар беруге бөлiнген қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының резидентi – екiншi деңгейдегi банкте ағымдағы шот ашады.
Қаржы жылының соңына есептелетiн ағымдағы шоттағы қаражаттың қалдықтары индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға және тиiсiнше мемлекеттiк бюджетке қайтаруға жатпайды, ал келесi қаржы жылында инновациялық гранттар беруге жұмсалады. Инновациялық гранттар беруге арналған ақшаның жалпы көлемi барлық инновациялық гранттар арасында бөлiнедi.
370-бап. Бiлiктi кадр ресурстарымен қамтамасыз ету
1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн бiлiктi кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету экономиканың басым секторлары үшiн мамандарды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
2. Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi ұсынған тиiстi мамандарға қажеттiлiк туралы мәлiметтер негiзiнде экономиканың басым секторлары үшiн мамандар даярлау қажет етiлетiн мамандықтардың тiзбесiн айқындау бойынша ұсыныстарды құрастырады.
Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган ұсынатын мәлiметтер негiзiнде экономиканың басым секторлары үшiн мамандар даярлау қажет етiлетiн мамандықтардың тiзбесiн айқындауға және оның негiзiнде мемлекеттiк бiлiм тапсырысын қалыптастыруға мiндеттi.
371-бап. Инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылыммен
қамтамасыз ету
1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету:
1) бәсекеге қабiлеттi жаңа өндiрiстердi құру;
2) жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру) және кеңейту үшiн жүзеге асырылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген бағыттарға сәйкес келетiн индустриялық-инновациялық жобаларды iске асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға (реконструкциялауға) бюджет қаражатын бөлу арқылы жүзеге асырылады.
3. Инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға (реконструкциялауға) бюджет қаражатын бөлу Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
372-бап. Жер учаскелерiн және жер қойнауын пайдалану
құқықтарын беру
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне жер учаскелерi мен жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру:
1) Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес уақытша жер пайдалану құқығында жер учаскелерiн бөлу;
2) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тiкелей келiссөздер негiзiнде конкурс өткiзбестен, өндiрiстiк қызметке (технологиялық циклға) байланысты пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге, бiрлескен барлауға және өндiруге арналған операцияларды жүргiзу үшiн жер қойнауын пайдалануға құқық беру арқылы жүзеге асырылады.
373-бап. Iшкi нарықта қолдау
1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне сервистiк қолдау көрсетудi және олардың отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi iшкi нарықта жылжыту бойынша шығындарының бiр бөлiгiн өтеудi индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган жергiлiктi қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып жүзеге асырады.
2. Iшкi нарықта индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн сервистiк қолдау:
1) жеке және заңды тұлғаларды тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды берушiлердiң дерекқорында өтеусiз тiркеу;
2) әлеуеттi тапсырыс берушiлер, отандық тауар өндiрушiлер және жұмыстар мен қызметтердi отандық берушiлер туралы ақпаратты жергiлiктi қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институтының интернет-ресурсына орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды берушiлердiң дерекқорын қалыптастыру және жүргiзу тәртiбiн индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
3. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi шығындарының бiр бөлiгiн өтеу:
1) индустриялық-инновациялық жобаның кешендi жоспарын әзiрлеуге немесе оған сараптама жүргiзуге тартылған консалтингтiк ұйымдардың қызметiне ақы төлеу;
2) отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi iшкi нарықта жылжыту бойынша шығындарды өтеу арқылы жүзеге асырылады.
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi iшкi нарықта жылжыту бойынша шығындарының бiр бөлiгiн өтеу қағидаларын индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
4. Жергiлiктi қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институты индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган мен жергiлiктi қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институты арасында жасалатын шарт негiзiнде индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi iшкi нарыққа жылжыту бойынша шығындарын өтеуге бөлiнген қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының резидентi – екiншi деңгейдегi банкте ағымдағы шот ашады.
Қаржы жылының соңына есептелетiн ағымдағы шоттағы қаражат қалдықтары индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға және тиiсiнше мемлекеттiк бюджетке қайтаруға жатпайды, ал келесi қаржы жылында индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi iшкi нарыққа жылжыту бойынша шығындарын өтеуге жұмсалады.
374-бап. Шетелдiк инвестициялар тарту
1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн сервистiк қолдау шаралары шетелдiк инвестицияларды тарту арқылы қамтамасыз етiледi және өзiне:
1) әлеуеттi шетелдiк инвесторларды индустриялық-инновациялық жобаларды iске асыруға қатысуға тарту мақсатында iздестiрудi жүзеге асыруды және олармен келiссөздер жүргiзудi;
2) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн инвестициялық тақырып бойынша бизнес-форумдарға, конференцияларға және семинарларға қатысуға тартуды;
3) индустриялық-инновациялық жобалар туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдiк дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктер мен консулдық мекемелер арқылы шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарында таратуды қамтиды.
375-бап. Отандық өңделген тауарлар, көрсетiлетiн
қызметтер экспортын дамыту және жылжыту
1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне сервистiк қолдау шараларын ұсынуды және олардың отандық өңделген тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша шығындарының бiр бөлiгiн өтеудi индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган экспортты дамыту және жылжыту саласындағы ұлттық даму институтын және Ұлттық палатаны тарта отырып жүзеге асырады.
2. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн отандық өңделген тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша сервистiк қолдау шаралары:
1) олардың экспорттық әлеуетiнiң диагностикасы;
2) сауда миссияларын ұйымдастыру және өткiзу, көрме-жәрмеңке қызметiн жүзеге асыру, отандық өндiрушiлердiң тауар таңбаларын шет елде жылжыту;
3) отандық өндiрушiлер мен олардың тауарлары, көрсетiлетiн қызметтерi туралы ақпаратты шетелде тұрақты негiзде орналастыру арқылы әлеуеттi шетелдiк сатып алушылардың хабардар болуын арттыру;
4) экспортты дамыту және жылжыту мәселелерi бойынша ақпараттық және талдамалық қолдау көрсету;
5) отандық өңделген тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi халықаралық гуманитарлық көмек нарығына жылжытуға жәрдемдесу;
6) экспорттық саудалық қаржыландыру, кредит беру және сақтандыру тетiктерiн пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
28-тарау. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ § 1. Инвестициялардың құқықтық режимі
376-бап. Инвестициялық қатынастар
1. Қазақстан Республикасындағы инвестициямен байланысты қатынастарды және экономикалық негіздерді ынталандыруды реттеу және инвестицияларды ынталандырудың құқықтық және экономикалық негіздерін айқындау, Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асыру кезінде инвесторлардың құқықтарын қорғауға кепілдік беру, инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын айқындау, инвесторлардың қатысуымен дауларды шешу тәртібі осы Кодексте жүзеге асырылады.
2. Осы Кодекс:
мемлекеттiк бюджет қаражатынан инвестицияларды жүзеге асыруға;
коммерциялық емес ұйымдарға, оның iшiнде бiлiм беру, қайырымдылық, ғылыми немесе дiни мақсаттар үшiн капитал салуға байланысты қатынастарды реттемейдi.
3. Инвестицияларды жүзеге асыру кезiнде туындайтын және Қазақстан Республикасының өзге заңдары қолданысының саласына жататын қатынастарға осы тараудың ережелері осындай заңдарға қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
4. Инвестордың шетелдік жұмыс күшін жасалған инвестициялық келiсiмшарт бойынша тартуына байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту заңнамасында реттеледi.
377-бап. Инвестиция ұғымы, инвестор және инвестициялық
қызмет
1. Инвестициялар – лизинг шартын жасаған кезден бастап қаржы лизингi нысанасын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланылатын тiркелген активтердi ұлғайтуға инвестор салатын мүлiктiң барлық түрлерi (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа), сондай-ақ концессионердiң (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберiнде жасаған және алған тiркелген активтерi.
2. Инвестор деп Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар түсініледі.
3. Инвестициялық қызмет деп – жеке және заңды тұлғалардың коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуы не кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланылатын тiркелген активтердi түзу немесе ұлғайту, сондай-ақ концессионердiң (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберiнде жасаған және алған тiркелген активтерi жөнiндегi қызметi танылады.
378-бап. Инвестициялық қызмет объектiлерi
1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, инвесторлардың кәсiпкерлiк қызметтiң кез келген объектiлерi мен түрлерiне инвестициялар салуды жүзеге асыруға құқығы бар.
Дауыс беретiн акциялардың он пайызынан аз (қатысушылар дауысының жалпы санының он пайызынан аз) мөлшерде инвестицияларды жүзеге асырған инвестор миноритарлық инвестор деп танылады.
Инвесторлардың кәсiпкерлiк қызметтiң инвестициялар жүзеге асырылатын объектiлерi мен түрлерiне қатысты құқықтары мен мiндеттерi осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде және тиiстi шарттарда белгiленедi.
2.Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету қажеттiгi негiзге алына отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында инвестициялық қызмет шектелетiн немесе оған тыйым салынатын қызмет түрлерi және (немесе) аумақтар белгiленуi мүмкiн.
379-бап. Қазақстан Республикасының аумағында инвесторлар
қызметiн құқықтық қорғау кепiлдiктерi
1. Инвестордың құқықтары мен мүдделерi толық және сөзсiз қорғалады, ол Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Кодекспен және Республиканың өзге де нормативтiк құқықтық актiлерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен қамтамасыз етiледi.
2. Инвестордың мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмейтiн актiлер шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) нәтижесінде өзiне келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеткiзуге құқығы бар.
3. Шарттарға өзгерiстер тараптардың келiсiмi бойынша енгiзiлетiн жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы инвесторлар мен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары арасында жасалған шарттар талаптарының тұрақтылығына кепiлдiк бередi.
Бұл кепiлдiктер:
1) импорттың, өндiрiстiң, акцизделетiн тауарлар өткiзудiң тәртiбi мен талаптарын өзгертетiн Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерiстерге және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының күшiне енуіне және (немесе) олардың өзгерiстерiне;
2) ұлттық және экологиялық қауiпсiздiктi, денсаулық сақтау мен имандылықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарына енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларға қолданылмайды.
380-бап. Кiрiстердi пайдалану кепiлдiктерi
Инвесторлар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлегеннен кейiн өзiнiң қызметiнен алынған кiрiстердi өз қалауы бойынша пайдалануға;
2) Қазақстан Республикасының аумағындағы банктерде Қазақстан Республикасының банк және валюталық заңнамасына сәйкес ұлттық валютада және (немесе) шетелдiк валютада банк шоттарын ашуға құқылы.
381-бап. Мемлекеттiк органдардың инвесторларға қатысты
қызметiнiң жариялылығы және инвесторлардың
инвестициялық қызметтi жүзеге асыруға байланысты
ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз ету
1. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының инвесторлардың мүдделерiн қозғайтын ресми хабарлары және нормативтiк құқықтық актiлерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жарияланады.
2. Миноритарлық инвесторларды қоса алғанда, инвесторлардың заңды тұлғаларды тiркеу, олардың жарғылары, жылжымайтын мүлiкпен мәмiлелердi тiркеу, берiлген лицензиялар туралы ақпаратқа, сондай-ақ олардың инвестициялық қызметтi жүзеге асыруымен байланысты коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтымайтын Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де ақпаратқа еркiн қол жеткiзуi қамтамасыз етiледi.
382-бап. Мемлекет меншiгiне алу және реквизициялау
кезiндегi инвесторлар құқықтарының кепiлдiктерi
1. Мемлекеттiк мұқтаждар үшiн инвестордың мүлкiн мәжбүрлеп алып қоюға (мемлекет меншiгiне алуға, реквизициялауға) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ерекше жағдайларда жол берiледi.
2. Мемлекет меншiгiне алынған кезде инвесторға Қазақстан Республикасы мемлекет меншiгiне алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiн шығару салдарынан оған келтiрiлген залалды толық көлемде өтейдi.
3. Инвестордың мүлкiн реквизициялау оған мүлiктiң нарықтық құнын төлей отырып жүзеге асырылады.
Мүлiктiң нарықтық құны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен айқындалады.
4. Меншiк иесiне реквизицияланған мүлiктiң құны өтелген бағаға ол сот тәртiбiмен дауласуы мүмкiн.
5. Реквизициялаудың жүргiзiлуiне байланысты мән-жайлардың қолданылуы тоқтатылған кезде инвестор сақталған мүлiктiң қайтарылуын талап етуге құқылы, бiрақ бұл ретте мүлiк құнының төмендеуiнен болған ысырапты ескере отырып, өзi алған өтем сомасын қайтаруға мiндеттi.
383-бап. Инвестор құқықтарының басқа тұлғаға ауысуы
Егер шет мемлекет немесе ол уәкiлдiк берген мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылған инвестицияларға қатысты берiлген кепiлдiк (сақтандыру шарты) бойынша инвестордың пайдасына төлем жүргiзетiн болса және аталған инвестицияларға инвестордың құқықтары осы шет мемлекетке не ол уәкiлдiк берген мемлекеттiк органға ауысатын болса (талаптар берiлетiн болса), Қазақстан Республикасында құқықтардың осылай ауысуы (талаптардың берiлуi) инвестор Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асырған және (немесе) ол белгiлi бiр шарттық мiндеттемелерiн орындаған жағдайда ғана заңды деп танылады.
§ 2. Инвестицияларды мемлекеттік қолдау
384-бап. Инвестицияларды мемлекеттiк қолдаудың мақсаты
1. Инвестицияларды мемлекеттiк қолдаудың мақсаты экономиканың дамуы үшiн қолайлы инвестициялық ахуал жасау және осы заманғы технологияларды қолдана отырып, жаңа өндiрiстер құруға, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейту мен жаңартуға, қазақстандық кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға инвестицияларды ынталандыру болып табылады.
2. Инвестицияларды мемлекеттiк қолдау инвестициялық преференциялар беру болып табылады.
385-бап. Инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган
1. Инвестицияларды мемлекеттiк қолдауды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган инвестициялық келісімшарттарды жасау және олардың орындалуын бақылау бойынша жүзеге асырады.
2. Инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi органның өз құзыретi шегiнде және өзiне жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен тиiстi мемлекеттiк органдардың мамандарын, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары қатарынан консультанттар мен сарапшылар тартуға құқығы бар.
3. Инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган инвестициялық басым жобаларды iске асыратын инвесторлармен инвестор үшiн «бiр терезе» қағидаты бойынша өзара iс-қимыл жасайды.
Инвестор үшiн «бiр терезе» қағидаты – инвесторлардың құжаттарды жинау мен дайындауға қатысуын барынша азайтуды және олардың мемлекеттiк қызметтер көрсету субъектiлерiмен тiкелей байланысын шектеудi көздейтiн, инвестициялық басым жобаларды iске асыратын инвесторларға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi ұсынуда уәкiлеттi орган тарапынан жәрдемдесудiң орталықтандырылған нысаны.
4. Инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган мүдделi заңды тұлғалар тарапынан кепiлдік берілген тапсырысты қамтамасыз етуде инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган мен инвестор арасында жасалған инвестициялық келiсiмшартқа сәйкес инвесторларға жәрдемдеседi.
5. Уәкiлеттi органның қызметi Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн Ережемен реттеледi.
386-бап. Инвестициялық преференциялар ұғымы және түрлері
1. Инвестициялық преференциялар – Қазақстан Республикасының инвестициялық жобаны iске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлетiн атаулы сипаттағы артықшылықтар.
Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы – Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте құрылған, оның ішінде шетелдіктердің қатысуымен заңды тұлға.
2. Инвестициялық жоба (оның iшiнде инвестициялық басым жоба) бойынша инвестициялық преференциялардың мынадай түрлерi берiледi:
1) кедендiк баждарды салудан босату;
2) мемлекеттiк заттай гранттар.
3. Инвестициялық басым жоба бойынша инвестициялық преференциялардың мынадай түрлерi (бұдан әрi – инвестициялық басым жоба үшiн инвестициялық преференциялар) берiледi:
1) салықтар бойынша преференциялар;
2) инвестициялық субсидия.
387-бап. Инвестициялық жоба
Концессионердiң (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберiнде жасаған және алған өндiрiсiн қоса алғанда, жаңа өндiрiстер құруға, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейтуге және жаңартуға инвестициялар көздейтiн iс-шаралар кешенi.
Инвестициялық басым жоба – тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен белгiлi бiр қызметтiң басым түрлерi бойынша жаңадан құрылған заңды тұлға iске асыратын және республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және инвестициялық преференциялар беруге өтiнiм берiлген күнi қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң кемінде екi миллион еселенген мөлшерiндегi инвестицияларды жүзеге асыруды көздейтiн инвестициялық жоба.
Инвестициялық стратегиялық жоба – Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тiзбеге кіретiн және Қазақстан Республикасының экономикалық дамуына стратегиялық ықпал етуге қабiлеттi инвестициялық жоба.
388-бап. Инвестициялық преференцияларды алу тәртiбi
1. Инвестициялық преференцияларды алу үшiн Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы уәкiлеттi органға инвестициялық преференциялар беруге өтiнiм және өтiнiм берушiнiң осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес келетiнiн растайтын құжаттарды уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша жiбередi.
2. Инвестициялық преференциялар уәкiлеттi орган мен Қазақстан Республикасының инвестициялық жобаны iске асыратын заңды тұлғасы арасында жасалған инвестициялық келiсiмшарт негiзiнде берiледi.
Уәкiлеттi органның инвестициялық басым жобаны iске асыратын инвесторларға «бiр терезе» қағидаты бойынша инвестициялық преференциялар беру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
389-бап. Инвестициялық преференциялар беру шарттары
1. Инвестициялық преференциялар:
1) инвестициялық жоба бойынша – Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына;
2) инвестициялық басым жоба бойынша – Қазақстан Республикасының жаңадан құрылған заңды тұлғасына берiледi.
Инвестициялық басым жоба үшiн инвестициялық преференцияларды қолдану мақсаттары үшiн мынадай шарттарға сәйкес келетiн заңды тұлға:
1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу инвестициялық преференциялар беруге өтiнiм берiлген күнге дейiн күнтiзбелiк он екi айдан аспай жүзеге асырылса;
2) заңды тұлға инвестициялық басым жобаларды iске асыру үшiн айқындалған басым қызмет түрлерiнiң тiзбесiне енгiзiлген қызмет түрлерiн жүзеге асырса;
3) инвестициялық басым жобаны iске асыру бiр инвестициялық келiсiмшарт шеңберiнде ғана жүзеге асырылса, Қазақстан Республикасының жаңадан құрылған заңды тұлғасы болып табылады.
2. Инвестициялық преференциялар заңды тұлға Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен қызметтiң басым түрлерiнiң тiзбесiне енгiзiлген қызмет түрлерi бойынша инвестициялық жобаны iске асыру кезiнде берiледi.
Қызметтiң басым түрлерiн айқындау техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылады.
Инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн қызметтiң басым түрлерi тiзбесiнiң құрамында басым жобалардың тiзбесi бекiтiледi, ол Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы Мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң құжаттарына сәйкес қалыптастырылады.
Инвестициялық басым жобаларды iске асыру үшiн айқындалған басым қызмет түрлерiнiң тiзбесiне мынадай қызмет түрлерi енгiзiлуге жатпайды:
1) ойын бизнесi саласындағы қызмет;
2) жер қойнауын пайдалану саласындағы қызмет;
3) «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 279-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 6) тармақшасында көзделген акцизделетiн тауарларды шығаруды, жинауды (жинақтауды) қоспағанда, акцизделетiн тауарлар шығару жөнiндегi қызмет.
Инвестициялық басым жобаларды iске асыру үшiн айқындалған қызметтiң басым түрлерiнiң тiзбесiн қоса алғанда, қызметтiң басым түрлерiнiң тiзбесi жылына бiр реттен артық қайта қаралмайды.
3. Инвестициялық басым жоба үшiн инвестициялық преференциялар мынадай шарттар сақталған кезде:
1) мыналарды:
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiн;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңнамасына сәйкес дербес бiлiм беру ұйымдарын;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және инвестициялық преференциялар беруге өтiнiм берiлген күнге қолданыста болатын, айлық есептiк көрсеткiштiң екi миллион еселенген мөлшерiнен кем емес мөлшердегi инвестицияларды жүзеге асыратын, инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтiнiм берiлген күнге әрекет ететiн Қазақстан Республикасының жаңадан құрылған заңды тұлғасы алушы болып табылса;
2) инвестициялық басым жоба үшiн инвестициялық преференциялар алуға өтiнiм берген, Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционерi) мемлекет және (немесе) квазимемлекеттiк сектор субъектiсi болып табылмаса;
3) инвестициялық басым жобаны iске асыру үшiн қаржыландыру көздерi не кепiлдiктерi ретiнде бюджет қаражаты тартылмаса;
4) инвестициялық қызмет концессия шарты шеңберiнен тыс жүзеге асырылса;
5) әрбiр инвестициялық басым жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң инвестициялық субсидия беру туралы шешiмi болса берiледi.
4. Инвестициялық преференцияларды қолдану мерзiмi осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде белгiленедi және инвестициялық келiсiмшартта инвестициялық преференциялардың әрбiр түрi бойынша көрсетiледi.
5. Инвестициялық преференциялар инвесторға осы Кодекстің 396-бабында көзделген, инвестордың қойылатын талаптарға сәйкес келетiнiн растайтын құжаттар ұсынылған кезде берiледi.
6. Инвестициялық преференцияларды қолдану осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.
390-бап. Кеден баждарын салудан босату
1. Инвестициялық келiсiмшарт шеңберiнде инвестициялық жобаны iске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Кеден одағының заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес технологиялық жабдықтың, оның жинақтауыштары мен қосалқы бөлшектерiнiң, шикiзаттың және (немесе) материалдардың импорты кезiнде кедендiк баждар салудан босатылады.
Технологиялық жабдық деп инвестициялық жобаның технологиялық процесiнде пайдалануға арналған тауарлар түсініледі.
Жинақтауыштар деп жиынтығында технологиялық жабдықтың конструкциялық тұтастығын құрайтын және Кеден одағының Комиссиясы жасаған тауарлардың тиiстi тiзбесiне енгiзiлген құрамдас бөлiктер түсініледі.
2. Технологиялық жабдықтың және оның жинақтауыштарының импорты кезiнде кеден баждарын салудан босату инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiне, бiрақ инвестициялық келiсiмшарт тiркелген кезден бастап 5 жылдан аспайтын мерзiмге берiледi.
3. Технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерiнiң, шикiзаттың және (немесе) материалдардың импорты кезiнде 5 жылға дейiнгi мерзiмге кедендiк баж салудан босату тiркелген активтерге инвестициялардың көлемiне қарай және инвестициялық жоба Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен қызметтiң басым түрлерiнiң тiзбесiне сәйкес келген жағдайда Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына берiледi.
Кеден баждарын салудан босату инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiне, бiрақ жұмыс бағдарламасы бойынша тiркелген активтердi пайдалануға енгiзген күннен бастап бес жылдан аспайтын мерзiмге берiледi.
Жұмыс бағдарламасы – инвестициялық келiсiмшартқа өндiрiс пайдалануға берiлгенге дейiн инвестициялық жобаны iске асыру жөнiндегi жұмыстардың күнтiзбелiк кестесiн, сондай-ақ өндiрiс пайдалануға берiлгеннен кейiн жобаның негiзгi өндiрiстiк көрсеткiштерiн айқындайтын қосымша.
Егер жұмыс бағдарламасында екi немесе одан көп тiркелген активтердi пайдалануға енгiзу көзделетiн жағдайда, технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерiн, шикiзатты және (немесе) материалдарды әкелуге кеден баждарын төлеуден босату мерзiмiн есептеу жұмыс бағдарламасы бойынша бiрiншi тiркелген актив пайдалануға енгiзiлген күннен бастап жүргiзiледi.
4. Осы баптың 2-тармағына сәйкес қабылданған шешiм туралы хабарламаны инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган бес жұмыс күнi iшiнде кеден органына жiбередi.
391-бап. Мемлекеттiк заттай гранттар
1. Мемлекеттiк заттай гранттар – Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылатын, кейiннен меншiкке не жер пайдалануға өтеусiз берiле отырып, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына инвестициялық жобаны iске асыру үшiн уақытша өтеусiз пайдалануға берiлетiн не уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен ұсынылатын мүлiк.
2. Мемлекеттiк заттай гранттарды осы Кодексте белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган мемлекеттiк мүлiктi және (немесе) жер ресурстарын басқару жөнiндегi тиiстi уәкiлеттi органдармен, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiм бойынша инвестициялық келiсiмшартқа сәйкес инвестициялық мiндеттемелер орындалған жағдайда уақытша өтеусiз пайдалануға не уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен ұсына отырып, кейiннен меншiкке не жер пайдалануға өтеусiз бередi.
Инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi органның шешiмi ұсынылған мемлекеттiк заттай грантты меншiкке немесе жер пайдалануға өтеусiз беру үшiн негiз болып табылады, ол инвестор мен инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган арасында жасалған инвестициялық келiсiмшартқа сәйкес инвестор инвестициялық мiндеттемелерiн орындаған жағдайда, инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмi өткеннен кейiн қабылданады.
3. Мемлекеттiк заттай гранттар ретiнде: жер учаскелерi, ғимараттар, құрылыстар, машиналар мен жабдықтар, есептеу техникасы, өлшейтiн және реттейтiн аспаптар мен құрылғылар, көлiк құралдары (жеңiл автокөлiктi қоспағанда), өндiрiстiк және шаруашылық саймандар берiлуi мүмкiн.
4. Мемлекеттiк заттай гранттарды бағалау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен олардың нарықтық құны бойынша жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттiк заттай гранттың ең жоғарғы мөлшерi Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының тiркелген активтерiне салынатын инвестициялар көлемiнiң отыз процентiнен аспайды.
Егер сұрау салынған мемлекеттiк заттай гранттың бағаланған құны аталған ең жоғарғы мөлшерден асып түссе, Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының сұрау салынған мүлiктi оның бағаланған құны мен мемлекеттiк заттай гранттың ең жоғарғы мөлшерi арасындағы айырманы төлеп алуға құқығы бар.
392-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген
кездегі тұрақтылыққа кепілдік
1. Инвестициялық басым жобаларды іске асыратын заңды тұлғаларға:
1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасы;
2) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы шетелдік жұмыс күшін тарту саласында өзгерген кезде, тұрақтылыққа кепілдік беріледі.
2. Инвестициялық келісімшарттың қолданылуы осы Кодексте белгіленген тәртіппен мерзімнен бұрын тоқтатылған жағдайда, Қазақстан Республикасы заңнамасының тұрақтылығына кепілдіктің қолданылуы күшін жояды.
393-бап. Салықтар бойынша преференциялар
1. Салықтар бойынша преференциялар инвестициялық басым жобаларды іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда беріледі.
2. Салықтар бойынша преференциялардың түрлері:
1) есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту;
2) жер салығы мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолдану;
3) мүлік салығын салық базасына 0 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептеу.
3. Инвестициялық келісімшартта салықтар бойынша преференциялардың әрбір түрінің қолданылу мерзімі белгіленеді, бірақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес айқындалған оларды қолданудың шекті мерзімінен аспайды.
4. Инвестициялық келісімшарттың қолданылуы осы Кодексте белгіленген тәртіппен мерзімнен бұрын тоқтатылған жағдайда, салықтар бойынша преференциялардың қолданылуы күшін жояды.
394-бап. Инвестициялық субсидия
1. Инвестициялық субсидия – инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына өтеусіз және қайтарылмайтын негізде инвестициялық преференция ретінде берілетін бюджеттік субсидия түрі.
2. Өңірлік дамуға жәрдемдесу мақсатында инвестициялық субсидия инвестициялық басым жобаны іске асыратын инвесторға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде беріледі.
3. Инвестициялық субсидия қосылған құн салығы мен акциздер есепке алынбай, растайтын құжаттар негізінде құрылыс-монтаж жұмыстарына және жабдық сатып алуға арналған, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бар жобалау алдындағы құжаттамада көзделген шығындардың құнынан аспайтын іс жүзіндегі шығындардың орнын отыз пайызға дейін толтыру арқылы беріледі.
4. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген бастапқы есепке алу құжаттары;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ресімделген шот-фактуралар;
3) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ресімделген кедендік декларациялар инвестордың іс жүзіндегі шығындарын растайтын құжаттар болып табылады.
5. Инвестициялық субсидияны төлеу кестесі мен жылдық көлемі инвестициялық субсидияны инвестициялардың көлемі мен инвестициялық басым жобаның рентабельділігіне қарай кезеңге, бірақ өндіріс пайдалануға берілгеннен кейін және инвестициялық келісімшарттың қолданылуы тоқтатылғанға дейін кемінде үш жылға тең үлестермен бөлу арқылы инвестициялық келісімшарт шеңберінде белгіленеді.
6. Инвестор өндірісті іске қосу бойынша міндеттемелерді орындаған жағдайда инвестициялық келісімшартта белгіленген инвестициялық субсидияны толық көлемде төлеу өндіріс пайдалануға берілгеннен кейін жылдың қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.
Инвестор өндірісті іске қосу бойынша жұмыс бағдарламасында белгіленген жылдық көрсеткішті орындамаған жағдайда, инвесторға осы көрсеткішті орындау пайызына тепе-тең келетін субсидия көлемі төленеді.
7. Инвестициялық субсидия беру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
395-бап. Инвестициялық преференциялар беруге арналған
өтiнiмге қойылатын талаптар
1. Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтiнiмдi уәкiлеттi орган белгілеген нысан бойынша:
1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
2) заңды тұлға басшысының қолымен және мөрімен расталған заңды тұлға жарғысының көшірмесі;
3) инвестициялық жобаның уәкiлеттi орган белгiлейтiн талаптарға сәйкес жасалған бизнес-жоспары;
4) инвестициялық жобаны iске асыру кезiнде пайдаланылатын құрылыс-монтаждау жұмыстарының сметалық құнын және тiркелген активтердi, шикiзатты және (немесе) материалдарды сатып алуға шығындарды негiздейтiн, тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленетiн құжаттардың заңды тұлға басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған көшiрмелерi;
5) өтiнiм берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы сұрау салған мемлекеттiк заттай гранттың мөлшерiн (құнын) және оны беру алдын ала келiсiлгенiн растайтын құжаттар болған жағдайда қабылдайды және тiркейдi;
6) салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ екендiгi туралы тiркеу орны бойынша салық органының анықтамалары болған жағдайда қабылдайды және тiркейдi.
2. Егер инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімде инвестициялық субсидия беру көзделген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы осы баптың бірінші бөлігінде көзделген құжаттардан басқа, заңды тұлға басшысының қолымен, мөрімен куәландырылған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сараптама қорытындысы бар жобалау алдындағы құжаттаманы ұсынады.
396-бап. Инвестициялық преференциялар беруге арналған
өтiнiмдi қарау мерзiмдерi
1. Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтiнiм уәкiлеттi органның қарауына берiледi, ол осы Кодекстің 387-бабында белгiленген талаптарға сәйкес өтiнiм тiркелген кезден бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде инвестициялық преференциялар беру туралы шешiм қабылдап, өтiнiм берушiге жазбаша түрде жауап жiбередi.
2. Инвестициялық преференцияларды беруге жасалған өтiнiмдердi қабылдау, тiркеу және қарау тәртiбiн инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган айқындайды.
397-бап. Инвестициялық келiсiмшарт жасасу
1. Инвестициялық келiсiмшарт – инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға арналған шарт.
2. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган инвестициялық преференциялар беру туралы шешiм қабылданған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде модельдiк келiсiмшарттың ережелерiн ескере отырып, инвестициялық келiсiмшартты қол қоюға дайындайды.
Модельдiк келiсiмшарт деп Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн және инвестициялық келiсiмшарттар жасасқан кезде пайдаланылатын үлгi келiсiмшарт түсініледі.
3. Инвестициялық келiсiмшартты қол қойылған күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi орган тiркейдi және ол тiркелген күнінен бастап күшiне енедi.
Инвестициялық келісімшартты инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган тіркеген күн оның жасалған күні болып табылады.
4. Инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмi инвестициялық преференциялардың қолданылу мерзiмiмен айқындалады. Жұмыс бағдарламасы бойынша жұмыстарды аяқтау мерзiмi инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн кемiнде тоғыз ай бұрын бітуге тиiс.
398-бап. Инвестициялық келiсiмшартты бұзу жағдайлары
1. Инвестициялық преференциялардың қолданысы инвестициялық келiсiмшарттың қолданыс мерзiмi бiткен соң тоқтатылады не осы бапта белгiленген тәртiппен осындай мерзiм бiткенге дейiн тоқтатылуы мүмкiн.
2. Инвестициялық келiсiмшарттың қолданысы:
1) тараптардың келiсiмi бойынша;
2) бiр жақты тәртiппен мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
3. Инвестор инвестициялық келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған кезде, уәкілетті орган инвесторға инвестициялық келісімшартқа өзгерістер енгізу үшін инвестициялық жобаның одан әрі іске асырылуы мүмкіндіктерін негіздейтін құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы хат жібереді.
Егер хатты алған кезден бастап үш ай ішінде инвестор құжаттарды ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган инвесторға хабарлама жіберілген кезден бастап екі ай өткен соң инвестициялық келісімшарттың қолданылуы біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатылатыны туралы хабарлама жібереді.
Инвестициялық келісімшарт бұзылған жағдайда, аталған заңды тұлға инвестициялық келісімшарт бойынша берілген инвестициялық преференциялардың нәтижесінде бюджетке төленбеген салықтар мен кедендік баждар сомаларын төлейді.
4. Қазақстан Республикасының инвестициялық келiсiмшарт жасасқан заңды тұлғасының бастамасы бойынша инвестициялық келiсiмшарт бiржақты тәртiппен мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде көрсетілген заңды тұлға инвестициялық келiсiмшарт бойынша берiлген инвестициялық преференциялар нәтижесінде төленбеген салықтар мен кеден баждары сомаларын төлейдi.
5. Инвестициялық келiсiмшарт тараптардың келiсiмi бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылған жағдайда Қазақстан Республикасының инвестициялық келiсiмшарт жасасқан заңды тұлғасы инвестициялық келiсiмшарт бойынша берiлген инвестициялық преференциялар салдарынан төленбеген салықтар мен кеден баждарының сомаларын төлейдi.
6. Инвестициялық келiсiмшарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылған жағдайда Қазақстан Республикасының инвестициялық келiсiмшарт жасасқан заңды тұлғасы өзiне мемлекеттiк заттай грант ретiнде берiлген мүлiктi заттай не инвестициялық келiсiмшарттың талаптарына сәйкес оның берiлген күнгi бастапқы құнын қайтарады.
7. Мемлекеттiк заттай грантты қайтаруды Қазақстан Республикасының инвестициялық келiсiмшарт жасасқан заңды тұлғасы уәкiлеттi орган инвестициялық келiсiмшартты мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешiм қабылдағаннан кейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде жүзеге асырады.
399-бап. Инвестициялық дауларды шешу
1. Инвестициялық дау – инвестордың инвестициялық қызметiне байланысты инвесторлар мен мемлекеттiк органдар арасындағы шарттық мiндеттемелерден туындайтын дау.
2. Инвестициялық даулар келiссөздер жолымен, оның iшiнде сарапшыларды тарта отырып не дауларды шешудiң тараптармен бұрын келiсiлген рәсiмiне сәйкес шешiлуi мүмкiн.
3. Осы баптың 2-тармағының ережелерiне сәйкес инвестициялық дауларды шешу мүмкiн болмаған жағдайда дауларды шешу Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен заңнамалық актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасының соттарында, сондай-ақ тараптардың келiсiм-шарттарымен айқындалатын халықаралық төрелiк соттарда жүргiзiледi.
4. Инвестициялық дауларға жатпайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.
29-тарау. ҮШІНШІ ЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ АРНАЙЫ ҚОРҒАУ, ДЕМПИНГКЕ ҚАРСЫ
ЖӘНЕ ӨТЕМАҚЫ ШАРАЛАРЫ § 1. Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын
қолдану
400-бап. Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы
шараларын қолдану мақсаты
1. Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мақсаты Қазақстан Республикасының аумағына өспелі импортқа, демпингтік импортқа және субсидияланатын импортқа байланысты отандық тауар өндірушілердің экономикалық мүдделерін қорғау және тиісті шараларды қолдану арқылы отандық өндірушілер үшін келеңсіз салдарды жою болып табылады.
Үшінші елдер деп Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың қатысушылары болып табылмайтын елдер және (немесе) елдер бірлестігі, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия бекітетін Әлем елдерінің жіктеуішіне енгізілген аумақтар түсініледі.
2. Осы бөлімнің қолданысы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде реттелетін қызметтерді көрсетумен, жұмыстарды орындаумен, зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды берумен немесе зияткерлік меншік объектілерін пайдалануға құқық берумен, инвестицияларды, валюталық және экспорттық бақылауды жүзеге асырумен байланысты қатынастарға қолданылмайды.
401-бап. Шешімдер
Алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы немесе алдын ала өтемақы баждарын енгізуді және қолдануды қоса алғанда, арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын енгізу және қолдану туралы, арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қайта қарау немесе күшін жою туралы шешімді Кеден одағының комиссиясы қабылдайды.
402-бап. Баждар түрлері
Арнайы баж – арнайы қорғау шарасын енгізу кезінде қолданылатын және әкелу кеден бажына қарамастан алынатын баж.
Демпингке қарсы баж – демпингке қарсы шараны енгізу кезінде қолданылатын және әкелу кеден бажына қарамастан алынатын баж.
Өтемақы бажы - өтемақы шарасын енгізу кезінде қолданылатын және әкелу кеден бажына қарамастан алынатын баж
403-бап. Шаралар түрлері
Арнайы қорғау шарасы – импорттық квотаны немесе арнайы бажды, оның ішінде алдын ала арнайы бажды енгізу арқылы қолданылатын, Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына тауардың өспелі импортын шектеу бойынша шара.
Демпингке қарсы шара – демпингке қарсы бажды, оның ішінде алдын ала демпингке қарсы бажды енгізу немесе экспорттаушы қабылдаған баға міндеттемелерін мақұлдау арқылы қолданылатын демпингтік импортқа қарсы іс-қимыл бойынша шара.
Өтемақы шарасы – өтемақы шарасын, оның ішінде алдын ала өтемақы шарасын енгізу не субсидиялаушы үшінші елдің уәкілетті органы немесе экспорттаушы қабылдаған міндеттемелерді мақұлдау арқылы қолданылатын Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына экспорттаушы үшінші елдің өзіндік субсидиясының әсерін бейтараптандыру бойынша шара.
404-бап. Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы
саласы
1. Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласы – Кеден одағына мүше мемлекеттерде ұқсас тауарды (демпингке қарсы және өтемақы тергеп-тексеру мақсаттары үшін) не ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғауды тергеп-тексеру мақсаттары үшін) барлық өндірушілер не Кеден одағына мүше мемлекеттерде тиісінше ұқсас тауардың не ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың жалпы өндірісінің көлеміндегі үлесі едәуір бөлігін, бірақ кемінде жиырма бес пайызын құрайтын өндірушілер.
2. Тергеп-тексеру (қайта тергеп-тексеру) объектісі болып табылатын немесе болуы мүмкін толығымен ұқсас тауар не ондай тауар болмағанда тергеп-тексеру (қайта тергеп-тексеру) объектісі болып табылатын немесе болуы мүмкін тауардың сипаттамаларына жақын сипаттамаларға ие басқа тауар ұқсас тауар болып табылады.
Сатып алушы тергеп-тексеру (қайта тергеп-тексеру) объектісі болып табылатын немесе болуы мүмкін тауарды тұтыну процесінде ауыстыратын немесе ауыстыруға дайын, өз мақсаты, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары бойынша, сондай-ақ басқа да негізгі қасиеттері бойынша тергеп-тексеру (қайта тергеп-тексеру) объектісі болып табылатын немесе болуы мүмкін тауармен салыстырылатындай тауар тікелей бәсекелес тауар болып табылады.
§ 2. Арнайы қорғау шаралары
405-бап. Арнайы қорғау шараларын қолданудың жалпы
қағидаттары
1. Арнайы қорғау шаралары тауарға, егер тергеп-тексеру нәтижесі бойынша импорттаушы Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына осы тауардың импорты осындай ұлғаймалы санда жүзеге асырылатыны (Кеден одағына мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың жалпы көлеміне абсолюттік немесе салыстырмалы көрсеткіштердегі) белгіленетін жағдайда және Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына елеулі залал келтіретін немесе мұндай залал келтіру қатерін тудыратын осындай жағдайда ғана қолданылуы мүмкін.
2. Арнайы қорғау шаралары, егер мұндай елден бұл тауар импортының үлесі олардың әрқайсының үлесіне Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына осы тауар импортының жалпы көлемнің кемінде үш пайызы келетін дамушы елдерден шығатын бұл тауар импортының жиынтық үлесі Кеден одағының кедендік аумағына бұл тауарлар импортының жалпы көлемінің тоғыз пайызынан аспайтын жағдай кезінде, Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына бұл тауар импортының жалпы көлемінің үш пайызынан аспаса, Кеден одағының тарифтік преференциялар жүйесін пайдаланушы дамушы елдерін шығатын тауарларды қоспағанда, олардың шығарылатын еліне қарамастан экспорттаушы үшінші елден Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына импортталатын тауарға қолданылады.
406-бап. Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы
саласына елеулі залалды немесе өспелі импорттың
салдарынан болатын мұндай залалды келтіру
қатерін белгілеу
1. Тергеп-тексеру барысында тергеп-тексеру жүргізетін орган Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына өспелі импорт салдарынан болған Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласының елеулі залалын немесе мұндай залалды келтіру қатерін белгілеу мақсатында сандық көрсеткіштерде көрсетілуі мүмкін объективті факторларды бағалайды және Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласының экономикалық жағдайына, оның ішінде:
1) Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды өндірудің немесе тұтынудың жалпы көлеміне абсолюттік көрсеткіштердегі және салыстырмалы көрсеткіштердегі тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауар импорты өсуінің қарқыны мен көлеміне;
2) Кеден одағына мүше мемлекеттер нарығында осы тауарды және ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды сатудың жалпы көлемінде тергеп-тексеру объектісі болып табылатын импорттық тауардың үлесіне;
3) Кеден одағына мүше мемлекеттерде өндірілетін ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар бағасының деңгейімен салыстырғанда тергеп-тексеру объектісі болып табылатын импорттық тауарға баға деңгейіне;
4) Кеден одағына мүше мемлекеттерде шығарылатын ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарларды Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында сату көлемін өзгерту;
5) Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласындағы ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар өндірісінің көлемін, өнімділігін, өндірістік қуаттардың жүктемесін, пайда мен зиянның мөлшерлерін, сондай-ақ жұмыспен қамту деңгейін өзгертуге әсер етеді.
2. Өспелі импорттың салдарынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына елеулі залалы немесе мұндай залалды келтіру қатері іске қатысты және тергеп-тексеру жүргізетін органның иелігінде бар барлық айғақтар мен мәліметтерді талдау нәтижелері негізінде белгіленуге тиіс.
3. Тергеп-тексеру жүргізетін орган өспелі импорттан басқа осының салдарынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына сол кезеңде елеулі залал келтірілетін немесе мұндай залал келтіру қатері жасалатын басқа да белгілі факторларды талдайды. Көрсетілген залалды Кеден одағына мүше мемлекеттердің бірыңғай кедендік аумағына өспелі импорт салдарынан Кеден одағының экономикасы саласына келтірілген залалға жатқызбауға тиіс.
407-бап. Алдын ала арнайы бажды енгізу
1. Алдын ала арнайы баж – тергеп-тексеру жүргізетін орган тергеп-тексеру барысында мүше мемлекеттердің экономикасы саласына елеулі қатер тигізген немесе тигізуі мүмкін өспелі импорттың болуы туралы алдын ала қорытындыны жасаған тауарға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына импорты кезінде қолданылатын баж.
2. Арнайы қорғау шарасын қолдануды кешіктіру Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына кейіннен жою қиынға соғатын елеулі залал келтіруі мүмкін сындарлы мән-жайларда тиісті тергеп-тексеру аяқталғанға дейін тергеп-тексеру жүргізетін органның алдын ала қорытындысының негізінде екі жүз күннен аспайтын мерзімге алдын ала арнайы бажды енгізу және қолдану туралы шешім қабылдай алады, оған сәйкес тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауар импортының өсуі Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына елеулі залал келтіргеніне немесе келтіретініне айқын дәлелдемелер бар. Тергеп-тексеру жүргізген органның түпкілікті қорытындысын алу мақсатында тергеп-тексеру жалғастырылуы тиіс.
Тергеп-тексеру жүргізетін органның соңғы қорытындысын алу мақсатында тергеп-тексеру жалғастырылады.
3. Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган алдын ала қорытынды негізінде тергеп-тексеру жүргізетін орган дайындаған алдын ала арнайы бажды енгізу туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келіседі.
4. Тергеп-тексеру жүргізетін орган экспорттаушы үшінші елдің уәкiлеттi органын, сондай-ақ басқа да оған белгiлi мүдделi тұлғаларды алдын ала арнайы бажды енгізу мүмкіндігі туралы жазбаша нысанда хабардар етедi.
5. Экспорттаушы үшінші елдің уәкiлеттi органының алдын ала арнайы бажды енгiзу мәселесi бойынша консультациялар өткiзу туралы сұрау салуы бойынша мұндай консультациялар алдын ала арнайы бажды енгiзу туралы шешiмдi қабылдағаннан кейiн басталуға тиiс.
6. Егер тергеп-тексеру нәтижелерi бойынша арнайы қорғау шараларын енгiзу үшiн негiздер жоқ екені анықталса, алдын ала арнайы баж сомасы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес төлеушiге қайтарылуға тиiс.
Осы тараудың мақсаты үшін төлеушілер – кедендік құқық қатынастарын реттейтін Кеден одағының нормативтік құқықтық актілеріне, Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына және (немесе) Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында сәйкес Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына үшінші елдерден әкелінетін, арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждары (оның ішінде алдын ала арнайы, алдын ала демпингтік және алдын ала өтемақы баждары) қолданылатын тауарларға қатысты кедендік әкелу баждары мен салық төлеу жөніндегі міндет жүктелген декларант немесе өзге тұлғалар болып табылады.
7. Егер тергеп-тексеру нәтижелері бойынша арнайы қорғау баж шарасын (оның ішінде импорт квотасын енгізу арқылы) қолдану туралы шешім қабылданса, алдын ала арнайы баждың қолданылу мерзімі арнайы қорғау шарасы қолданылуының жалпы мерзіміне есептеледі, ал тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қабылданған арнайы қорғау шарасын қолдану туралы шешім күшіне енген күннен бастап алдын ала арнайы баж сомасы осы баптың 7 және 8-тармақтарының ережелерін ескере отырып, осы Кодекстің 431-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен есептелуге және бөлінуге тиіс.
8. Егер тергеп-тексеру нәтижелері бойынша алдын ала арнайы баж мөлшерлемесіне қарағанда, арнайы баждың барынша төмен мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылса, арнайы баждың белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген арнайы баж сомасына сәйкес келетін алдын ала арнайы баж сомалары осы Кодекстің 431-бабының 4-тармағында айқындалған тәртіппен есептелуге және бөлінуге тиіс.
Арнайы баждың белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген арнайы баж сомаларынан асатын алдын ала арнайы баж сомалары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлеушіге қайтарылуға тиіс.
9. Егер тергеп-тексеру нәтижелері бойынша алдын ала арнайы баж мөлшерлемесіне қарағанда, арнайы баждың барынша жоғары мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылса, арнайы баж бен алдын ала арнайы баж сомалары арасындағы айырмашылық алынбайды.
408-бап. Арнайы қорғау шараларын қолдану
1. Арнайы қорғау шарасы шешім бойынша Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына елеулі залалды немесе мұндай залалды келтіру қатерін жою, сондай-ақ өзгермелі экономикалық жағдайға Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласын бейімдеу процесін жеңілдету үшін қажетті мөлшерде және мерзім ішінде қолданылады.
2. Арнайы қорғау шарасы Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына тауардың импортын оның санына және (немесе) құнына қарай шектеу түсінілетін импорттық квотаны белгілеу арқылы қолданылуы мүмкін.
Егер арнайы қорғау шарасы импорттық квотаны белгiлеу арқылы қолданылса, мұндай импорттық квотаның мөлшері Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына елеулi залалды немесе мұндай залалды келтiру қаупiн жою үшiн импорттық квотаның аз мөлшерiн белгiлеу қажеттiлiгi жағдайларын қоспағанда, алдыңғы кезеңде жүргізілген тергеп-тексеру объектiсi болып табылатын тауар импортының (сан немесе құн түрінде көрсетілген) орташа жылдық көлемiнен төмен болмауы тиiс.
Алдыңғы кезең деп қажетті статистикалық деректер бар тергеп-тексеру туралы өтінішті берген күннен тікелей алдыңғы күнтізбелік үш жыл түсініледі.
3. Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды жеткізуді жүзеге асыруға мүдделі экспорттаушы үшінші елдер арасындағы импорттық квотаны бөлу кезінде олардың арасында импорттық квотаны бөлу мәселесі бойынша консультациялар жүргізу үшін мүмкіндік беріледі.
4. Егер осы баптың 3-тармағында көзделген импорттық квотаны бөлу мәселесі бойынша консультациялар жүргізу мүмкін болмайтын немесе аталған консультациялар барысында мұндай уағдаластыққа қол жеткізілмеген жағдайда импорттық квота сандық немесе құндық көріністегі осы тауар импортының жалпы көлемі негізіндегі тергеп-тексеру жүргізуге өтінішті беру күнін алдындағы күнтізбелік үш жыл үшін экспорттаушы үшінші елден осы тауардың импорты кезінде қалыптасқан шамада тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына экспортқа мүдделігі бар экспорттаушы үшінші елдердің арасында бөлінеді.
5. Егер жекелеген экспорттаушы мемлекеттерден үшінші елдердің тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауар импортының өсуіне қатысты процентте статистикалық деректері бар өтінішті беру күніне келетін үш жыл үшін осы тауар импортының жалпы өсуіне қатысты тең еместей ұлғайған жағдайда осындай мемлекеттерден Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына осы тауардың импорты өсуінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштері ескеріле отырып, мұндай мемлекеттер арасындағы импорттық квотаны бөле алады.
Осы тармақтың ережелері тергеп-тексеру жүргізетін орган Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына елеулі залалдың болуын анықтаған жағдайда ғана қолданылады.
6. Импорттық квота көлемін бөлу Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдерінде көзделген жағдайларда осы бапқа және (немесе) осы Кодекстің ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Импорттық квота көлемін бөлуді Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады.
7. Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына арнайы қорғау шаралары ретінде импорттық квотаны белгілеу туралы шешім қабылданған тауардың импорты импортына сандық шектеулер белгіленген тауарлар үшін Кеден одағының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген лицензия негізінде жүзеге асырылады.
409-бап. Арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі және
қайта қарау
1. Арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі осы баптың 2-тармағына сәйкес осындай шараның қолданылу мерзімін ұзарту жағдайын қоспағанда, төрт жылдан аспауға тиіс.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі, егер тергеп-тексеру жүргізетін орган жүргізген қайта тергеп-тексеру нәтижесі бойынша Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына елеулі залалды немесе мұндай залал келтіру қаупі жою үшін арнайы қорғау шараларын қолдану мерзімі ұзартылуы қажет және өзгермелі экономикалық жағдайларға осы саланың бейімделуіне жәрдемдесетін Кеден одағына мүше мемлекеттері экономикасының тиісті саласымен шаралар қолдану туралы дәлелдемелер бар екендігін белгіленсе, тергеп-тексеру жүргізетін органның шешімі бойынша ұзартылуы мүмкін.
Қайта тергеп-тексеру деп арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасы қолданылатын тауар бойынша қайта жүргізілетін тергеп-тексеру түсініледі.
Тиісті айырмашылықтарды ескере отырып, қайта тергеп-тексеру жүргізу кезінде тергеп-тексеру жүргізуге қатысты ережелер қолданылады.
3. Арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешімді қабылдауы кезінде мұндай шара арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешімді қабылдау күніне қолданылатын арнайы қорғау шарасынан аса шектелмеуге тиіс.
4. Егер арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі бір жылдан асқан жағдайда, осындай шараның қолданылу мерзімі ішіндегі тең уақыт аралығымен осындай арнайы қорғау шарасы біртіндеп жеңілдетіледі.
Егер арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі үш жылдан асқан жағдайда, мұндай шараның қолданылу мерзімінің жартысы аяқталғаннан кейін тергеп-тексеру жүргізетін орган нәтижесінде арнайы қорғау шарасы сақталуы, жеңілдетілуі немесе жойылуы мүмкін қайта тергеп-тексеруді жүргізеді.
Осы баптың мақсаттары үшін арнайы қорғау шарасын жеңілдету деп импорттық квотаның көлемін ұлғайту немесе арнайы баждың ставкасын төмендету түсініледі.
5. Алдын ала арнайы баждың қолданылу мерзімі мен арнайы қорғау шарасының қолданылуы ұзартылатын мерзімді қоса алғанда, арнайы қорғау шарасы қолданылуының жалпы мерзімі сегіз жылдан аспауға тиіс.
6. Арнайы қорғау шарасы бұрынғы арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзіміне тең мерзім ішінде оған бұрынғы арнайы қорғау шарасы қолданылған тауарға қайта қолданылуы мүмкін емес. Бұл ретте, бұрынғы арнайы қорғау шарасы қолданылмайтын мерзім екі жылдан кем болуы мүмкін емес.
7. Осы баптың 6-тармағында белгіленген ережелерге қарамастан қолданылу мерзімі жүз сексен немесе одан аз күнді құрайтын арнайы қорғау шарасы, егер алдыңғы арнайы қорғау шарасын енгізген күннен бастап кемінде бір жыл өтсе және арнайы қорғау шарасы жаңа арнайы қорғау шарасын енгізген күннің тікелей алдындағы бес жыл ішінде екі реттен астам мұндай тауарға қолданылмаса, сол тауарға қайта қолданылуы мүмкін.
§ 3. Демпингке қарсы шаралар
410-бап. Демпингке қарсы шараны қолданудың жалпы
қағидаттары
1. Егер тергеп-тексеру нәтижелері бойынша Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына осындай тауардың импорты Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына материалдық залал келтіретіндігі, осындай залалды келтіру қаупін тудыратыны немесе Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласының құрылуын елеулі түрде тежейтіндігі белгіленсе демпингтік импорттың нысанасы болып табылатын тауарға демпингке қарсы шара қолданылуы мүмкін.
Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына материалдық залал деп атап айтқанда Кеден одағына мүше мемлекеттерде ұқсас тауар өндiрiсi көлемiнiң және Кеден одағына мүше мемлекеттердiң нарығында оны өткiзу көлемiнiң қысқаруымен, мұндай тауар өндiрiсi рентабельдiлiгiнiң төмендеуiмен, сондай-ақ Кеден одағына мүше мемлекеттер экономикасының осы саласындағы тауар қорларына, жұмыспен қамтуға, жалақының деңгейiне және Кеден одағына мүше мемлекеттер экономикасының осы саласына инвестициялардың деңгейiне келеңсiз әсер етумен байқалатын Кеден одағына мүше мемлекеттер экономикасының дәлелдермен расталған нашарлауы түсініледі.
Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына елеулі залал келтіру қауіпі деп Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына елеулі залал келтірудің дәлелдемелермен расталған шарасыздығы түсініледі.
2. Тауар, егер осындай тауардың экспорттық бағасы тауардың қалыпты құнынан төмен болса, демпингтік импорттың мәні болып табылады. Экспорттық баға деп Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына тауардың импорты кезінде шетел өндірушілерімен немесе экспорттаушыларымен байланысты тұлғалар болып табылмайтын сатып алушылар төлеген немесе төлеуге тиіс баға түсініледі.
3. Демпингтік импорттың болуын анықтау мақсатында мәліметтер талданатын тергеп-тексеру кезеңін тергеп-тексеру жүргізетін орган белгілейді.
Бұл ретте мұндай кезең мақсаттары үшін тергеп-тексеру кезеңі, әдетте тергеп-тексеру жүргізу туралы өтініш берілген күннің алдындағы 12 айға тең мерзімге белгіленеді, бірақ кез келген жағдайда 6 айдан кем болмауға тиіс.
411-бап. Демпингтік маржаны айқындау
1. Демпингтік маржа – тауардың экспорттық бағасын шегергенде мұндай тауардың оның экспорттық бағасына қалыпты құнының пайызымен көрсетілген қатынасы не тауардың қалыпты құны мен оның экспорттық бағасының арасындағы абсолюттік көрсеткіштермен көрсетілген айырмасы.
2. Тергеп-тексеру жүргізетін орган мыналарды:
1) тауардың орташа өлшемді қалыпты құнын тауардың орташа өлшемді экспорттық бағасымен;
2) жеке мәмілелер бойынша тауарлардың экспорттық бағаларының жеке мәмілелері бойынша тауарлардың қалыпты құнымен;
3) сатып алушыларға, өңірге немесе тауарды жеткізу кезеңіне байланысты тауардың бағасында елеулі ерекшеліктер болған жағдайда тауардың жеке мәмілелер бойынша экспорттық бағаларымен тауардың орташа өлшенген қалыпты құнымен салыстыру негізінде демпингтік маржаны айқындайды.
3. Оның қалыпты құнымен тауардың экспорттық бағасын салыстыру сауда операциясының сол сатысында және бір уақытта мүмкіндігі бойынша орын алған тауарды сату жағдайына қатысты жүзеге асырылады.
4. Оның қалыпты құнымен тауардың экспорттық бағасын салыстыру кезінде бағаның салыстырмалылығына әсер ететін айырмашылықтарды, оның ішінде, жеткізулердің, салық салудың жағдайлары мен сипаттамаларын, сауда операциялары кезеңдерінің, сандық көрсеткіштердің, физикалық сипаттамалардың айырмашылықтарын, сондай-ақ оларға қатысты бағаның салыстырмалылығына олардың әсер етуін айғақтауы берілетін басқа кез келген айырмашылықтарды ескере отырып, оларды түзету жүзеге асырылады.
Тергеп-тексеру жүргізетін орган жоғарыда аталған факторлар ескерілген түзетулер тауардың қалыпты құнымен экспорттық бағаны салыстыру нәтижесін бұрмалай отырып, бір-бірін қайталамайтындығына көз жеткізеді. Тауардың экспорттық бағасын оның қалыпты құнымен тиісті салыстыруды қамтамасыз ету үшін, тергеп-тексеру жүргізетін орган қажетті ақпаратты мүдделі тұлғалардан сұратуға құқылы.
5. Экспорттаушы үшінші елдің нарығындағы сауданың кәдімгі барысында ұқсас тауарды сатып алу-сату мәмілесі болмаған жағдайда немесе, егер сауданың кәдімгі барысы кезінде ұқсас тауарды сатудың төменгі көлемінің күшіне немесе экспорттаушы үшінші елдің нарығындағы ерекше жағдай күшіне экспорттаушы үшінші елдің нарығындағы сату кезінде тауардың экспорттық бағасын ұқсас тауардың бағасымен тиісті салыстыру жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, тауардың экспорттық бағасы ұқсас тауардың бағасы репрезентативтік болып табылатын жағдайда, экспорттаушы үшінші елден өзге үшінші елге импортталатын ұқсас тауар бағасымен немесе қажетті әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды және пайданы ескере отырып, оның шығу еліндегі тауар өндірісінің шығынымен салыстырылады.
Сауданың кәдімгі барысы деп өндірістің орташа өлшемді шығындарына және орташа өлшемді сауда, әкімшілік және жалпы шығындарға негізделе отырып айқындалатын соған ұқсас тауардың орташа өлшемді өзіндік құнынан төмен емес баға бойынша экспорттаушы үшінші елдің нарығындағы соған ұқсас тауарды сатып алу-сату түсініледі.
6. Егер тауар оның шығу елі болып табылмайтын үшінші елден Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына импортталған жағдайда, осындай тауардың экспорттық бағасы үшінші елдің нарығындағы ұқсас тауардың салыстырмалы бағасымен салыстырылады.
Тауардың экспорттық бағасын салыстыру, егер осы тауар Кеден одағына мүше мемлекеттердің бірыңғай кедендік аумағына экспортталып, үшінші ел арқылы қайта жіберілсе ғана немесе мұндай тауарды өндіру осы үшінші елде жүзеге асырылмаса не онда ұқсас тауардың салыстырмалы бағасы жоқ болса, оның шығу елінде ұқсас тауардың салыстырмалы бағасымен жүргізілуі мүмкін.
7. Егер тауардың экспорттық бағасын оның қалыпты құнымен салыстыру кезінде олардың шамасын бір валютадан екіншісіне қайта есептеу талап етілсе, мұндай қайта есептеу валютаның тауарды сату күніндегі ресми бағамын пайдаланып жүргізіледі.
Егер шетелдік валютаны сату тауарды тиісті экспорттық жеткізумен тікелей байланысты болған және мерзімінде жүзеге асырылған жағдайда, мерзімде валютаны сату кезінде қолданылатын валюта бағамы қолданылады.
Тергеп-тексеру жүргізетін орган валюта бағамының ауытқуын ескермейді және тергеп-тексеру барысында экспорттаушыларға тергеп-тексеру кезеңінде валюта бағамдарының тұрақты өзгерістерін ескере отырып, олардың экспорттық бағаларын түзету үшін кемінде күнтізбелік алпыс күннен береді.
8. Тергеп-тексеру жүргізетін орган, әдетте, жеке демпингтік маржаны айқындауға мүмкіндік беретін қажетті мәліметті берген тауардың әрбір белгілі экспорттаушы және (немесе) өндіруші үшін жеке демпингтік маржаны айқындайды.
9. Егер тергеп-тексеру жүргізетін орган тауарларды экспорттаушылардың, өндірушілердің немесе импорттаушылардың жалпы санының, тауардың әр түрлілігі немесе қандай да бір басқа себеп бойынша тауарды әрбір белгілі экспорттаушы және (немесе) өндіруші үшін жеке демпингтік маржаны айқындаудың қолайсыздығы туралы қорытындыға келген жағдайда, ол мүдделі тұлғалардың қолайлы санынан шығатын жеке демпингтік маржаны айқындау шектігін пайдалануы немесе статистикалық репрезентативтік және тергеп-тексеру барысын бұзбай зерттелуі мүмкін болып табылатын тергеп-тексеру жүргізетін органның иелігіндегі бар ақпарат бойынша әрбір экспорттаушы үшінші елден тауарды таңдауға қатысты демпингтік маржаны айқындауы мүмкін.
Осы тармақтың ережелерінде белгіленген жеке демпингтік маржаны айқындауды шектеу мақсаты үшін мүдделі тұлғаларды іріктеуді тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды тиісті шетелдік экспорттаушылардың, өндірушілердің және импорттаушылардың консультациясы негізінде және олардың келісімімен тергеп-тексеру жүргізетін орган жүзеге асырады.
Егер тергеп-тексеру жүргізетін орган осы тармақтың ережелеріне сәйкес шектеуді пайдаланса, шетелдік экспорттаушылар және (немесе) шетелдік өндірушілер санының көптігінен тергеп-тексеру жүргізу органының тиісті тергеп-тексеру жүргізу мерзімін бұзуға әкелуі мүмкін жағдайларды қоспағанда, бастапқыда таңдалмаған, бірақ қажетті мәліметтерді қараудың белгіленген мерзімінде оларды ұсынған әрбір шетелдік экспорттаушыға немесе шетелдік өндірушіге қатысты жеке демпингтік маржаны айқындайды.
Осындай шетелдік экспорттаушылардың және (немесе) шетелдік өндірушілердің ерікті түрде ұсынған жауаптарын тергеп-тексеру жүргізетін орган қайтармауға тиіс.
10. Егер тергеп-тексеруді жүргізетін орган осы баптың 8-тармағына сәйкес жеке демпингтік маржаны айқындауды шектеуді пайдаланса, жеке демпингтік маржаны айқындау үшін таңдалмаған, бірақ тергеп-тексеру барысында осы үшін белгіленген мерзімде қажетті мәліметтерді ұсынған демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауардың шетелдік экспорттаушыларға немесе шетелдік өндірушілерге қатысты есептелген демпингтік маржаның мөлшері жеке демпингтік маржаны айқындау үшін таңдалған демпингтік импорт мәні болып табылатын тауарды шетелдік экспорттаушыларға немесе шетелдік өндірушілерге қатысты айқындалған орташа өлшемді демпингтік маржаның мөлшерінен аспауы тиіс.
11. Егер тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушы немесе өндіруші тергеп-тексеру жүргізетін органға талап ету түрінде және белгіленген мерзімде сұралған ақпаратты бермесе немесе олар берген ақпарат тексеріле алмайтын не шындыққа сәйкес келмейтін жағдайда, тергеп-тексеру жүргізетін орган оның иелігіндегі басқа қолда бар ақпараттың негізінде демпингтік маржаны айқындай алады.
12. Жеке демпингтік маржаны айқындауға мүмкіндік беретін қажетті мәліметті берген тауардың әрбір белгілі экспорттаушы және (немесе) өндіруші үшін жеке демпингтік маржаны айқындаудан басқа, тергеп-тексеру жүргізетін орган тергеп-тексеру барысында белгіленген ең жоғары демпингтік маржаның негізінде тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауардың барлық басқа экспорттаушылар және (немесе) өндірушілер үшін бірыңғай демпингтік маржаны айқындай алады.
412-бап. Тауардың қалыпты құнын айқындау
1. Тауардың қалыпты құнын тергеп-тексеру жүргізетін орган экспорттаушы үшінші елдің ішкі нарығында осындай үшінші елдің резиденті болып табылатын өндірушілермен және экспорттаушылармен байланысты тұлғалар болып табылмайтын сатушыларға сату кезінде, сауданың кәдімгі барысында бәсекелестік жағдайларда экспорттаушы үшінші елдердің кедендік аумағында пайдалану үшін ұқсас тауардың бағалар негізінде айқындайды.
Қалыпты құнды айқындау мақсаттары үшін осындай үшінші елдің резиденті болып табылатын өндірушілермен және экспорттаушылармен байланысты тұлғалар болып табылатын сатып алушылардың сатуы кезінде, егер аталған байланыс шетелдік өндірушінің және (немесе) экспорттаушының баға саясатына әсер етпейтіндігі белгіленген жағдайда, ұқсас тауардың бағалар есепке алынуы мүмкін.
2. «Байланысты тұлғалар» – төменде келтірілген бір немесе бірнеше өлшемдерге сай келетін тұлғалар:
осы тұлғалардың әрқайсысы басқа тұлғаның қатысуымен құрылған ұйымның қызметкері немесе басшысы болып табылады;
тұлғалар іскер әріптестер болып табылады, яғни шарттық қатынастармен байланысты болады, кіріс алу мақсатында іс-әрекет жасайды және бірлескен қызметті жүзеге асырумен байланысты шығыстар мен залалдарды бірлесіп көтереді;
тұлғалар бір ұйымның жұмыс берушілері және жұмыскерлері болып табылады;
қандай да бір тұлға дауыс беретін акциялардың 5 және одан да көп пайызының немесе екі тұлғаның үлестерін тікелей немесе жанама түрде иеленеді, бақылайды немесе атаулы ұстаушысы болып табылады;
тұлғалардың біреуі екінші тұлғаны тікелей немесе жанама түрде бақылайды;
екі тұлғаны да үшінші тұлға тікелей немесе жанама түрде бақылайды;
екі тұлға бірлесіп үшінші тұлғаны тікелей немесе жанама түрде бақылайды;
тұлғалар неке қатынастарында, туыстық немесе бала асыраушы немесе асырап алынған, сондай-ақ қамқоршы және қамқорлықтағы қатынастарда болады.
Бұл ретте тікелей бақылау деп мынадай:
- оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыру;
- заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу шарттарын айқындау құқығын алу;
- заңды тұлғаның жарғылық (қоймалық) капиталын (қорын) құрайтын акцияларға (үлестерге) тиесілі дауыстардың жалпы санының 5 пайызынан астамына иелік ету іс-қимылдарының бірі немесе бірнешеуі арқылы заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді заңды немесе жеке тұлғаның айқындауы мүмкіндігі түсініледі;
Жеке немесе заңды тұлға арқылы не арасында тікелей бақылау бар бірнеше заңды тұлғалар арқылы заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді заңды немесе жеке тұлғаның айқындауы мүмкіндігі жанама бақылау деп түсініледі.
3. Экспорттаушы үшінші елдің нарығындағы сауданың кәдімгі барысында ұқсас тауарды сатудың көлемі, егер бұл көлем экспорттаушы үшінші елден Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына тауарлар экспортының жалпы көлемінен кемінде 5 пайызды құраса, тауардың қалыпты құнын айқындау үшін жеткілікті ретінде қаралады.
Сауданың кәдімгі барысында ұқсас тауарды сатудың барынша төменгі көлемі, егер мұндай көлем сауданың кәдімгі барысында тауардың экспорттық бағасын осындай тауардың бағасымен тиісті салыстыруды қамтамасыз ету үшін жеткілікті деген айғақ бар тауардың қалыпты құнын айқындау үшін қолайлы деп саналады.
4. Осы баптың 1-тармағына сәйкес тауардың қалыпты құнын айқындау кезінде сатып алушының экпорттаушы үшінші елдің ішкі нарығында сатуы кезіндегі тауардың бағасы тергеп-тексеру кезеңі ішінде сатып алушыларға экспорттаушы сатқан ұқсас тауардың орташа өлшемді бағасы немесе осы кезең шеңберіндегі сатып алушының әрбір сатуы бойынша бағасы болып табылады.
5. Әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды ескере отырып, ұқсас тауар бірлігін өндірудің өзіндік құнынан төмен баға бойынша экспорттаушы үшінші елдің нарығында немесе экспорттаушы үшінші елден өзге үшінші елге ұқсас тауарды сату, егер тергеп-тексеру жүргізетін орган ұқсас тауарды мұндай сату осы кезеңде барлық шығындарды өтеуді қамтамасыз етпейтін елеулі көлемде және бағалар бойынша тергеп-тексеру кезеңінде жүзеге асырылатынын белгілейтін жағдайда ғана, тауардың қалыпты құнын айқындау кезінде ескерілмеуі мүмкін.
6. Егер оны сату сәтінде әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды ескере отырып, ұқсас тауар бірлігін өндірудің өзіндік құнынан төмен осындай тауардың бағасы, тергеп-тексеру кезеңінде әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды ескере отырып, тауар бірлігінің орташа өлшемді өзіндік құнынан асып кеткен жағдайда, мұндай баға тергеп-тексеру кезеңі ішіндегі барлық шығындарды өтеуді қамтамасыз ету ретінде қаралады.
7. Әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды ескере отырып, ұқсас тауарды өндірудің өзіндік құнынан төмен баға бойынша ұқсас тауарды сату, егер тауардың қалыпты құнын айқындау кезінде ескерілетін мәмілелер бойынша ұқсас тауардың орташа өлшемді бағасы әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды ескере отырып, осындай тауардың бірлігін өндірушінің орташа өлшемді өзіндік құнынан төмен және баға бойынша сату көлемі осындай өзіндік құнынан төмен жағдайда, тауардың қалыпты құнын айқындау кезінде ескерілетін мәмілелер бойынша сату көлемінің кемінде жиырма пайызын құрайды.
8. Әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды ескере отырып, тауар бірлігін өндірудің өзіндік құны мұндай деректер Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының экспорттаушы үшінші елдегі жалпы қабылданған талаптарына сәйкес келеді және тауарды шығарумен және сатумен байланысты шығындарды толық көрсету шартымен тауарды экспорттаушы және өндіруші берген деректер негізінде есептеледі.
9. Тергеп-тексеру жүргізетін орган, шығындарды мұндай бөлу әдетте, тергеп-тексеру объектісі болып табылатын, атап айтқанда, амортизацияның тиісті кезеңін, өндірісті дамытуға басқа да шығындарды жабу мен капитал салуға аударымдар белгілеуге қатысты осындай тауарды экспорттаушыға немесе өндірушіге қолданылуы шартымен тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушы немесе өндіруші берген деректерді қоса алғанда, өндіріс шығындарын әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды бөлу дұрыстығының оның иелігіндегі барлық айғағын ескереді.
10. Өндіріс шығындары, әкімшілік, сауда және жалпы шығындар өндірісті дамытуға байланысты бір жолғы шығыстарды немесе өндірісті ұйымдастыру кезеңінде жүзеге асырылатын тергеп-тексеру кезіндегі операциялардың әсер ететін шығындардың жағдайларын ескере отырып, түзетіледі. Мұндай түзетулер өндірісті ұйымдастыру кезеңінің аяғындағы, ал егер өндірісті ұйымдастыру кезеңі тергеп-тексеру кезеңінен асып кеткен болса, тергеп-тексеру жүргізу кезеңіне келетін өндірісті ұйымдастырудың барынша кеш кезеңі үшін шығындарды көрсетуге тиіс.
11. Әкімшілік, сауда және жалпы шығындардың жиынтық сандық көрсеткіштері және экономиканың осы саласына тән пайда демпингтік импорттың нысанасы болып табылатын тауарды экспорттаушы немесе өндіруші беретін сауданың кәдімгі барысында осындай тауарды өндіру және сату туралы нақты деректер негізінде айқындалады.
Егер мұндай жиынтық сандық көрсеткіштерді көрсетілген жолмен айқындауға болмайтын болса, олар мыналардың:
1) экспорттаушы үшінші елдің нарығында тауардың сол санатын өндіруіне және сатуына байланысты тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушы немесе өндіруші алған және жұмсаған нақты сома;
2) осындай тауарды басқа да экспорттаушы немесе өндіруші экспорттаушы үшінші елдің нарығында ұқсас тауардың өндіруіне және сатуына байланысты алынған және жұмсалған орташа өлшемді нақты сома;
3) осындай жолмен айқындалған пайда сомасы экспорттаушы үшінші елдің нарығындағы сол санаттағы оны сату кезінде әдетте басқа да экспорттаушылар немесе өндірушілер алатын пайдадан аспайтын жағдай кезінде өзге әдіс негізінде айқындалуы мүмкін.
12. Демпингтік импорт нарықтағы бағаларды мемлекет тікелей реттейтін немесе сыртқы сауданың мемлекеттік монополиясы бар экспорттаушы үшінші елден болған жағдайда, тауардың қалыпты құны бағаның немесе тиісті үшінші елде есептелген ұқсас тауарлар құнына (көрсетілген экспорттаушы үшінші ел тергеп-тексеру мақсаттары үшін салыстырылатын) не мұндай үшінші елден басқа үшінші елдерге, оның ішінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің бірыңғай кедендік аумағына жеткізу кезіндегі ұқсас тауар бағасының негізінде белгіленуі мүмкін.
Егер тауардың қалыпты құнын айқындау осы тармақтың ережелеріне сәйкес мүмкін болмаған жағдайда, тауардың қалыпты құны Кеден одағына мүше мемлекеттердің бірыңғай кедендік аумағындағы ұқсас тауарға төленген немесе төленуге жататын және табысты ескере отырып түзетілген бағаның негізінде айқындалуы мүмкін.
413-бап. Тауардың экспорттық бағасын айқындау
1. Тауардың экспорттық бағасы тергеп-тексеру кезеңінде оны сату туралы деректер негізінде айқындалады.
2. Демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауардың экспорттық бағасы туралы деректер жоқ болған кезде не тергеп-тексеру жүргізетін органның осы тауардың экспорттық бағасы туралы мәліметтердің шынайылығына негізді күмәні пайда болып, осының салдарынан тауарды экспорттаушы мен импорттаушы тұлғалармен, оның ішінде олардың әрқайсысының үшінші тұлғамен байланысына орай не осы тауардың экспорттық бағасына қатысты ымыраласу нысанында шектеулі іскерлік тәжірибе болған кезде, оның экспорттық бағасы, егер импортталушы тауар тәуелсіз сатып алушыға қайта сатылмаса немесе Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына қандай түрде импортталса, сондай түрде қайта сатылмаса тергеп-тексеру жүргізетін орган анықтайтын импортталушы тауар бірінші рет тәуелсіз сатып алушыға сатылатын баға негізінде есептелуі мүмкін.
414-бап. Демпингтік импорт салдарынан Кеден одағына мүше
мемлекеттердің экономикасы саласының залалын
белгілеу
1. Демпингтік импорт салдарынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына залал демпингтік импорт көлемін талдау нәтижелері, Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында ұқсас тауарлар бағасына және Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұқсас тауар өндірушілеріне әсері негізінде белгіленеді.
2. Осы тараудың мақсаттары үшін Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласының залалы деп Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласының материалдық залалы, осындай залалды келтіру қатері немесе Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласын құруды айтарлықтай кідірту түсініледі.
3. Демпингтік импорттың салдарынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына залалдың болуын анықтау мақсаты үшін мәліметтер талданатын тергеп-тексеру кезеңін тергеп-тексеру жүргізетін орган белгілейді.
4. Демпингтік импорт көлемін талдау кезінде тергеп-тексеру жүргізетін орган тергеп-тексеру объектісі болып табылатын (абсолюттік көрсеткіштерде не Кеден одағына мүше мемлекеттердегі ұқсас тауарды өндіруге немесе тұтынуға қатысты) тауардың демпингтік импортының елеулі ұлғаюының болған, болмағанын айқындайды.
5. Кеден одағына мүше мемлекеттер нарығындағы ұқсас тауардың бағасына демпингтік импорттың әсер етуін талдау кезінде тергеп-тексеру жүргізетін орган:
1) демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауар бағалары Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы ұқсас тауар бағаларынан елеулі төмен болды ма;
2) демпингтік импорт Кеден одағына мүше мемлекеттер нарығында ұқсас тауар бағасының елеулі төмендеуіне алып келді ме;
3) демпингтік импорт осындай импорт болмаған жағдайда орын алатын Кеден одағына мүше мемлекеттер нарығында ұқсас тауар бағасының елеулі өсуіне кедергі келтірді ме, белгілейді.
6. Егер бір уақытта жүргізілген тергеп-тексерудің мәні бір экспорттаушы үшінші елден көп Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына тауардың импорты болып табылатын жағдайда, тергеп-тексеру жүргізетін орган мұндай импорттың жиынтық әсер етуін, егер:
1) тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауар импортына қатысты айқындалған демпингтік маржа әрбір экспорттаушы үшінші елден ең аз рұқсат етілетін демпингтік маржасынан асса, ал әрбір экспорттаушы үшінші елден осы тауар импортының көлемі осы Кодекстің 434-бабының 2-тармағының ережелерін ескере отырып, елеусіз болып табылмаса;
2) тауар импортының жиынтық әсер етуін бағалау импорттық тауарлар арасындағы бәсекелестік шарттарын және Кеден одағына мүше мемлекеттерде өндірілген импорттық тауар мен ұқсас тауар арасындағы бәсекелестік шарттарын ескере отырып, мүмкін болып табылса ғана бағалауы мүмкін.
7. Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына демпингтік импорттың әсер етуін талдау Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласының жай-күйіне қатысы бар барлық экономикалық факторларды, мыналарды:
оған бұрын орын алған демпингтік немесе субсидияланған импорттың әсер етуінен кейін Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласының экономикалық жағдайын қалпына келтіру деңгейін;
болған немесе болашақта болуы мүмкін өндірістің қысқаруы, тауарды сатуды, оның Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы үлесін, пайдасын, өнімділігін, тартылған инвестициялардан түсетін кірістерді немесе өндірістік әлеуеттілікті пайдалануды;
Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы тауар бағасына әсер ететін факторларды;
демпингтік маржаның мөлшерін;
болған немесе болашақта болуы мүмкін тауар өндірісі өсу қарқынына, тауар қорына, жұмыспен қамту деңгейіне, еңбекақыға, инвестицияларды тарту мүмкіндігіне және қаржылық жай-күйіне жағымсыз әсерін қоса алғанда, бағалаудан тұрады.
Бұл ретте, бір де бір фактор демпингтік импорт салдарынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына залалды белгілеу мақсаты үшін шешуші мәнге ие бола алмайды.
8. Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласындағы демпингтік импорт пен залал арасындағы себеп-салдарлық байланыстың болуы туралы қорытынды тергеп-тексеру жүргізетін органның қол астында іске қатысты барлық айғақтар мен мәліметтерді талдауында негізделуге тиіс.
9. Тергеп-тексеру жүргізетін орган демпингтік импорттан басқа, салдары сол кезеңде Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына залал келтіретін кез келген басқа белгілі факторларды да талдайды.
Іске қатысты ретінде қаралуы мүмкін факторлар, атап айтқанда, демпингтік бағалар бойынша сатылмаған импортталатын тауардың көлемі мен бағасын, тұтыну құрылымындағы сұраныстың қысқаруын немесе өзгерісті, шектеулі сауда практикасын, технологиялық жетістіктерді, сондай-ақ, Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласының экспорттық көрсеткіштері мен өнімділігін қамтиды.
Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласының осы факторлары салдарынан келтірілген залал демпингтік импорт салдарынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына келтірілген залалға жатқызылуға тиіс емес.
10. Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына демпингтік импорттың әсер етуі, егер қолда бар деректер өндірістік процесс, оны өндірушілердің ұқсас тауарды сатуы және пайда сияқты осындай өлшемдер негізінде ұқсас тауарды өндіруді бөліп көрсетуге мүмкіндік берсе, Кеден одағына мүше мемлекеттердегі ұқсас тауарды өндіруге қатысты бағаланады.
Егер қолда бар деректер ұқсас тауар өндірісін бөліп көрсетуге мүмкіндік бермеген жағдайда, Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына демпингтік импорттың әсер етуі ұқсас тауарды қамтитын және ол туралы қажетті деректер бар тауарлардың неғұрлым қысаң тобын немесе номенклатурасын шығаруға қатысты бағаланады.
11. Демпингтік импорт салдарынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына материалдық залал келтіру қатерін анықтаған кезде тергеп-тексеру жүргізетін орган қолда бар барлық факторларды, оның ішінде:
1) мұндай импорттың бұдан әрі ұлғаюының нақты мүмкіндігі туралы куәландыратын демпингтік импорттың өсу қарқынын;
2) демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауарды экспорттаушыда жеткілікті экспорттық мүмкіндіктердің немесе басқа экспорттық нарықтардың осы тауардың кез келген қосымша экспортын қабылдау мүмкіндігін ескере отырып, осы тауардың демпингтік импортын ұлғайтудың нақты мүмкіндігі туралы куәландыратын оларды ұлғайтудың анық бұлтартпаушылығының болуын;
3) егер мұндай баға деңгейі Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында ұқсас тауар бағасының төмендеуіне немесе оны ұстап тұруға және тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарға сұраныстың одан әрі өсуіне алып келуі мүмкін болса, тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауар бағасының деңгейін;
4) тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауар қорының экспорттаушыда болуын ескереді.
12. Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына материалдық залал келтіру қатерінің болуы туралы шешім, егер осы баптың 11-тармағында көрсетілген факторларды талдау нәтижелері бойынша тергеп-тексеру барысында тергеп-тексеру жүргізетін орган демпингтік импортты жалғастырудың бұлтартпастығы және мұндай импортқа демпингке қарсы шараларды қолданбаған жағдайда, Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына материалдық залал келтіргені туралы қорытындыға келген жағдайда қабылданады.
415-бап. Алдын ала демпингке қарсы бажды енгізу
1. Алдын ала демпингке қарсы баж – Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауардың импорты кезінде қолданылатын, тергеп-тексеру жүргізетін орган тергеп-тексеру барысында демпингтік импорттың болуы туралы алдын ала қорытынды жасаған және сонымен байланысты мүше мемлекеттердің экономикасы саласының материалдық залал келтіру немесе мүше мемлекеттердің экономикасы саласын құруды елеулі кідірту қатері.
2. Егер тергеп-тексеру аяқталғанға дейін алынған ақпарат демпингтік импорттың бар болуы туралы және Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласында залалдың байланысын куәландырған жағдайда, алдын ала қорытынды мазмұндалған тергеп-тексеру жүргізетін орган баяндамасының негізінде тергеп-тексеру жүргізу кезеңінде демпингтік импорт келтірген Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласының залалын болғызбау мақсатында алдын ала демпингке қарсы бажды енгізу арқылы демпингке қарсы шараны қолдану туралы шешім қабылданады.
3. Уәкілетті орган алдын ала қорытынды негізінде тергеп-тексеру жүргізетін орган дайындаған алдын ала демпингке қарсы бажды енгізу туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келіседі.
4. Алдын ала демпингке қарсы баж тергеп-тексеру басталған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен ерте енгізіле алмайды.
5. Алдын ала демпингке қарсы баждың мөлшерлемесі Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласының залалын жою үшін жеткілікті, бірақ алдын ала есептелген демпингтік маржаның мөлшерінен жоғары болмауға тиіс.
6. Егер алдын ала демпингке қарсы баж мөлшерлемесі алдын ала есептелген демпингтік маржадан аз жағдайда, алдын ала демпингке қарсы баждың қолданылу мерзімі, егер бұл мерзім, үлесі тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауардың демпингтік импорты көлемінде үлкен бөлігін құраған экспорттаушылардың өтініші негізінде тоғыз айға дейін ұзартылатын жағдайды қоспағанда, алты айдан аспауға тиіс.
7. Егер тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тергеп-тексеру жүргізетін орган демпингке қарсы шараны енгізу үшін негіздер жоқ деп белгілеген жағдайда, алдын ала демпингке қарсы баждың сомасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлеушіге қайтарылуға жатады.
8. Егер тергеп-тексеру нәтижелері бойынша демпингке қарсы шара қолдану туралы шешім қабылданса, тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қабылданған, демпингке қарсы шара қолдану туралы шешім күшіне енген күннен бастап алдын ала демпингке қарсы баж сомалары осы баптың 9 және 10-тармақтарындағы ережелерді ескере отырып, осы Кодекстің 431-бабының 4-тармағында айқындалған тәртіппен есептелуге және бөлінуге тиіс.
9. Егер тергеп-тексеру нәтижелері бойынша алдын ала демпингке қарсы баж мөлшерлемесіне қарағанда, демпингке қарсы баждың неғұрлым төмен мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылса, демпингке қарсы баждың белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген алдын ала демпингке қарсы баж сомасына сәйкес келетін алдын ала демпингке қарсы баж сомалары осы Кодекстің 431-бабының 4-тармағында айқындалған тәртіппен есептелуге және бөлінуге тиіс.
Демпингке қарсы баждың белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген демпингке қарсы баждың сомасынан асатын алдын ала демпингке қарсы баж сомалары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес төлеушіге қайтарылуға тиіс.
10. Егер тергеп-тексеру нәтижелері бойынша алдын ала демпингке қарсы баж мөлшерлемесіне қарағанда, демпингке қарсы баждың неғұрлым жоғары мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылса, демпингке қарсы баж бен алдын ала демпингке қарсы баж сомалары арасындағы айырмашылық алынбайды.
11. Алдын ала демпингке қарсы баж тергеп-тексеруді бір уақытта жалғастырған жағдайда қолданылады.
416-бап. Экспорттаушының тергеп-тексеру объектісі болып
табылатын тауарды, баға міндеттемелерін
қабылдауы
1. Тергеп-тексеруді тергеп-тексеру жүргізетін орган тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушыдан осындай тауарға бағаны қайта қарау немесе Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына алдын ала демпингке қарсы баж немесе оның қалыпты құнынан төмен баға бойынша экспорттауды тоқтату туралы жазбаша нысанда баға міндеттемелерін алған кезде, егер тергеп-тексеру жүргізетін орган осындай міндеттемелерді қабылдау демпингтік импортпен келтірілген залалды қалпына келтіреді деген қорытындыға келсе және оларды мақұлдау туралы шешім қабылданса, тоқтатуы немесе тоқтата тұруы мүмкін.
Тауар бағасының деңгейі осы міндеттемелерге сәйкес демпингтік маржаны жою үшін қажет деңгейге қарағанда, жоғары болмауға тиіс.
Тауар бағасының көтерілуі, егер мұндай көтерілу Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласының залалын жою үшін жеткілікті болып табылса, демпингтік маржадан аз болуы мүмкін.
2. Баға міндеттемелерін мақұлдау туралы шешімді тергеп-тексеру жүргізетін орган демпингтік импорттың бар болуы және Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына залалдың болғандығы туралы алдын ала қорытындыға келмегенге дейін шығармайды.
3. Баға міндеттемелерін мақұлдау туралы шешім, егер тергеп-тексеру жүргізетін орган оларды мақұлдау тауарды нақты немесе әлеуетті экспорттаушылардың өте көп болуына немесе өзге де себептерге байланысты тиімсіздігі туралы қорытындыға келсе, шығарылмайды.
Тергеп-тексеру жүргізетін орган экспорттаушыларға олардың баға міндеттемелерін мақұлдау тиімсіз деп танылғанын мүмкіндігінше хабарлайды және оларға осыған байланысты өз түсініктемелерін беру мүмкіндіктерін ұсынады.
Тергеп-тексеру жүргізетін орган баға міндеттемелерін қабылдаған әрбір экспорттаушыға тиісті сұрау салуды алған жағдайда оны мүдделі тұлғаларға ұсыну мүмкіндігі болу үшін олардың құпия емес нұсқасын беру туралы сұрау салу жібереді.
4. Тергеп-тексеру жүргізетін орган экспорттаушыларға баға міндеттемелерін қабылдауды ұсына алады, бірақ оны қабылдауды талап ете алмайды.
5. Баға міндеттемелері мақұлданған жағдайда, демпингке қарсы тергеп-тексеру тауар экспорттаушының өтініші немесе тергеп-тексеру жүргізетін органның шешімі бойынша жалғастырылуы мүмкін.
Егер тергеп-тексеру нәтижесі бойынша тергеп-тексеру жүргізетін орган демпингтік импорттың немесе онымен байланысты Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына залалдың жоқтығы туралы қорытынды жасаса, егер жасалған қорытынды елеулі деңгейде осы міндеттемелердің болуының нәтижесі болып табылатын жағдайды қоспағанда, баға міндеттемелерін қабылдаған экспорттаушы осындай міндеттемелерден автоматты түрде босатылады. Егер жасалған қорытынды елеулі деңгейде осы міндеттемелердің болуының нәтижесі болып табылатын жағдайда, мұндай міндеттемелер қажетті уақыт кезеңінің ішінде күшінде қалуға тиіс екендігі туралы шешім қабылданады.
6. Егер тергеп-тексеру нәтижесі бойынша тергеп-тексеру жүргізетін орган демпингтік импорттың бар екендігі және онымен байланысты Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына залалдың болғаны туралы қорытындыға келсе, экспорттаушы қабылдаған баға міндеттемелері олардың шарттарына және осы Кодекстің ережелеріне сәйкес әрекет етуді жалғастырады.
7. Тергеп-тексеру жүргізетін орган экспорттаушыдан экспорттаушының баға міндеттемелерін орындауына қатысты мәліметтерді, сондай-ақ осындай мәліметтерді тексеруге келісім сұрауға құқылы.
Сұрау салынатын мәліметтерді тергеп-тексеру жүргізетін орган белгілеген мерзімде бермеу, сондай-ақ осындай мәліметтерді тексеруге келіспеу экспорттаушының өзі қабылдаған баға міндеттемелерін бұзғаны болып есептеледі.
8. Экспорттаушы баға міндеттемелерін бұзған немесе қайтарып алған жағдайда, егер тергеп-тексеру әлі аяқталмаса, алдын ала демпингке қарсы бажды немесе тергеп-тексерудің түпкілікті нәтижелері оны енгізу үшін негіз бар екендігін туралы куәландырса, демпингке қарсы бажды енгізу арқылы демпингке қарсы шараны қолдану туралы шешім қабылданады.
Экспорттаушы қабылдаған баға міндеттемелерін бұзған жағдайда, оған осындай бұзушылыққа байланысты өзінің түсіндірмесін беруге мүмкіншілік беріледі.
9. Баға міндеттемелерін мақұлдау туралы шешімде осы баптың 8-тармағына сәйкес енгізілуі мүмкін алдын ала демпингке қарсы баж немесе демпингке қарсы баж мөлшерлеме айқындалуы тиіс.
10. Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган алдын ала қорытынды негізінде тергеп-тексеру жүргізетін орган дайындаған осы баптың 1-тармағында көрсетілген баға міндеттемелерін мақұлдау туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келіседі.
417-бап. Демпингке қарсы бажды енгізу және қолдану
1. Демпингке қарсы баж баға міндеттемелері осы Кодекстің 416-бабының ережелеріне сәйкес мақұлданған экспорттаушылар жеткізетін тауарларды қоспағанда, барлық экспорттаушылар жеткізетін және Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына залал келтіретін демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауарға қатысты қолданылады.
2. Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган алдын ала қорытынды негізінде тергеп-тексеру жүргізетін орган дайындаған демпингке қарсы бажды енгізу туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келіседі.
3. Демпингке қарсы баждың мөлшері Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласының залалын жою үшін жеткілікті болуға тиіс, бірақ есептелген демпингтік маржадан жоғары болмауға тиіс.
4. Демпингке қарсы баж мөлшерлемесінің жеке мөлшері жеке демпингтік маржа есептелген демпингтік импорттың нысанасы болып табылған тауардың экспорттаушысы немесе өндірушісі жеткізетін тауарға қатысты белгіленеді.
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген демпингке қарсы баж мөлшерлемесінің жеке мөлшерін белгілеуден басқа, тергеп-тексеру барысында есептелген ең жоғары демпингтік маржа негізінде жеке демпингтік маржа есептемеген экспорттаушы үшінші елден тауардың басқа барлық экспорттаушылары немесе өндірушілері жеткізетін тауарға демпингке қарсы баждың бірыңғай мөлшерлемесі белгіленеді.
418-бап. Демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі
және қайта қаралуы
1. Демпингке қарсы шара демпингтік импорт салдарынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласының залалын жою үшін қажетті мөлшерде және мерзім ішінде қолданылады.
2. Демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі осындай шараны қолдану басталған немесе қайта тергеп-тексеру аяқталған күннен бастап бес жылдан аспауға тиіс.
3. Демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта демпингке қарсы тергеп-тексеру осы Кодекстің 431-бабының ережелеріне сәйкес берілген жазбаша нысандағы өтініштің негізінде немесе тергеп-тексеру жүргізетін органның өз бастамашылығы бойынша жүргізіледі.
Демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тергеп-тексеру өтініште демпингтік импортты жаңарту не жалғастыру және демпингке қарсы шараның қолданысын тоқтату кезінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына залал келтіру мүмкіндігі туралы мәліметтер болған кезде жүргізіледі.
Демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тергеп-тексеру жүргізу туралы өтініш демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімінің аяқталуына дейін алты айдан кешіктірілмей беріледі.
Қайта тергеп-тексеру демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін басталуға тиіс және ол басталған күннен бастап он екі ай ішінде аяқталуға тиіс.
Осы тармақтың ережелеріне сәйкес жүргізілетін қайта тергеп-тексеру аяқталғанға дейін демпингке қарсы шараны ұзарту туралы шешім қабылданады. Алдын ала демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіпте тиісті демпингке қарсы шараны қолдану ұзартылатын мерзім ішінде әрекет ету мерзімі қайта тергеп-тексеру жүргізуге байланысты ұзартылатын, демпингке қарсы шараларды қолданумен байланысты белгіленген демпингке қарсы баж мөлшерлемелері бойынша демпингке қарсы баждар төленеді.
Егер демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тергеп-тексеру жүргізетін орган демпингке қарсы шараны қолдану үшін негіз жоқ деп белгілеген болса, демпингке қарсы шараны қолдану ұзартылған мерзім ішінде алдын ала демпингке қарсы баждар алу үшін белгіленген тәртіппен алынатын демпингке қарсы баж сомалары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлеушіге қайтарылуға тиіс.
Егер демпингке қарсы шараны қолдану мерзімінің аяқталуына байланысты тергеп-тексеру жүргізетін орган қайта тергеп-тексеру нәтижелері бойынша демпингтік импортты жаңарту не жалғастыру және Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына залал келтіру мүмкіндігін анықтаса, демпингке қарсы шараның қолданылуы ұзартылады. Демпингке қарсы шараны ұзарту туралы шешім күшіне енген күннен бастап демпингке қарсы шараны қолдану ұзартылған мерзім ішінде алдын ала демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіппен алынатын демпингке қарсы баждар сомаларын осы Кодекстің 431-бабының 4-тармағында айқындалған тәртіппен есептелуге және бөлінуге тиіс.
4. Тергеп-тексеру жүргізетін органның бастамасы бойынша немесе мүдделі адамдардың өтініші бойынша, егер демпингке қарсы шараны енгізгеннен кейін кемінде бір жыл өткен жағдайда демпингке қарсы шараны қолдануды жалғастырудың орындылығын айқындау және (немесе) оны қайта қарау, оның ішінде өзгерген жағдайларға байланысты жеке демпингке қарсы баж мөлшерлемесінің көлемін қайта қарау мақсатында қайта тергеп-тексеру жүргізілуі мүмкін.
Көрсетілген қайта тергеп-тексеруді жүргізу туралы өтінішті беру мақсатына байланысты мұндай өтініш өзгерген мән-жайларға байланысты:
демпингке қарсы шараны қолдануды жалғастыру демпингтік импортқа қарсы іс-әрекет және демпингтік импорт салдарынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына келтірілген залалды жою үшін талап етілмейтін; немесе
демпингке қарсы шараның қолданыстағы мөлшері демпингтік импортқа қарсы іс-әрекет және демпингтік импорт салдарынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына келтірілген залалды жою үшін жеткілікті мөлшерден асатын; немесе
қолданыстағы демпингке қарсы шара демпингтік импортқа қарсы іс-әрекет және демпингтік импорт салдарынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына келтірілген залалды жою үшін жеткіліксіз деген дәлелдемелерді қамтуға тиіс.
Осы тармаққа сәйкес жүргізілетін қайта тергеп-тексеру басталған күннен бастап екі ай ішінде аяқталуға тиіс.
5. Қайта тергеп-тексеру тергеп-тексеру жүргізу кезеңінде демпингтік импорт нысанасы болып табылатын тауарды жеткізуді жүзеге асырмаған экспорттаушы немесе өндіруші үшін жеке демпингтік маржаны белгілеу мақсатында да жүргізілуі мүмкін.
Тергеп-тексеру жүргізетін орган мұндай қайта тергеп-тексеруді аталған экспорттаушы немесе өндіруші оны жүргізу туралы, экспортаушы немесе тауар өндіруші демпингке қарсы шара қолданылатын экспорттаушы және өндірушімен байланысты еместігін және осы экспорттаушы немесе өндіруші тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына жеткізуді жүзеге асыратындығын немесе тоқтатылуы немесе кері қайтарылуы осы экспорттаушы немесе тауар өндіруші үшін едәуір шығынға немесе айтарлықтай айыппұл санкциясына әкеп соқтыратын Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында мұндай тауардың елеулі көлемін жеткізу туралы шартты міндеттемелерімен байланысты екендігін дәлелдейтін дәлелдемелерін қамтитын өтініш берген жағдайда бастауы мүмкін.
Экспорттаушы немесе өндіруші үшін жеке демпингтік маржаны белгілеу мақсатында қайта тергеп-тексеру жүргізу кезінде Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды жеткізуге қатысты демпингке қарсы шара осы экспорттаушыға немесе өндірушіге қолданылмайды.
Осы тармақта көзделген қайта тергеп-тексеру мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі және кез келген жағдайда бұл мерзім он екі айдан аса алмайды.
419-бап. Демпингке қарсы шарадан айналып өтуді белгілеу
1. Осы баптың мақсаттары үшін демпингтік шарадан айналып өту деп демпингке қарсы бажды төлеуден жалтару не экспорттаушы қабылдаған баға міндеттемелерін орындаудан айналып өту үшін тауарды жеткізу тәсілін өзгерту түсініледі.
2. Демпингке қарсы шарадан айналып өтуді белгілеу мақсатында қайта тергеп-тексеру мүдделі тұлғаның өтініші негізінде не тергеп-тексеру жүргізетін органның өз бастамасы бойынша жүргізіледі.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген өтініш мынадай дәлелдемелерді:
1) демпингке қарсы шарадан айналып өту;
2) демпингке қарсы шараның әрекетін одан айналып өту және осы фактордың ұқсас тауар өндірісінің көлеміне және (немесе) оны сатуға және (немесе) оның бағасына әсер ететіндігінің салдарын бейтараптау;
3) демпингке қарсы шарадан айналып өту нәтижесінде тауардың (осындай тауардың құрамдас және (немесе) туынды бөліктерінің) демпингтік импортының болуын қамтуға тиіс. Бұл ретте тауардың, оның құрамдас және туынды бөліктерінің қалыпты құны ретінде салыстыру мақсатында нәтижелері бойынша тиісті түзетулер ескеріле отырып, демпингке қарсы шара енгізген тергеп-тексеру барысында есептелген олардың қалыпты құны қабылданады.
4. Демпингке қарсы шарадан айналып өтуді белгілеу мақсатында қайта тергеп-тексеру ол басталған күнінен бастап тоғыз ай ішінде аяқталуға тиіс.
5. Осы бапқа сәйкес жүргізілген қайта тергеп-тексеру кезеңінде экспорттаушы үшінші елден Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағынан импортталатын, демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауардың құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына, сондай-ақ басқа экспорттаушы үшінші елден Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына импортталатын демпингтік импорттың нысанасы болып табылған тауарға және (немесе) оның құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына алдын ала демпингке қарсы бажды алу үшін белгіленген тәртіппен алынатын демпингке қарсы бажды енгізуі мүмкін.
6. Егер осы бапқа сәйкес жүргізілген қайта тергеп-тексерудің нәтижелері бойынша тергеп-тексеру жүргізетін орган демпингке қарсы шарадан айналып өтуді анықтамаса, осы бапқа сәйкес және алдын ала демпингке қарсы бажды алу үшін белгіленген тәртіпте төленген демпингке қарсы баж сомалары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлеушіге қайтарылуға тиіс.
7. Демпингке қарсы шара осы бапқа сәйкес жүргізілген қайта тергеп-тексеру нәтижелері бойынша осы Кодекске сәйкес қолданылатын демпингке қарсы шарадан айналып өту белгіленген жағдайда демпингтік импорттың мәні болып табылған тауардың экспорттаушы үшінші елден Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына импортталатын құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына, сондай-ақ демпингтік импорттың мәні болып табылған тауарға және (немесе) басқа экспорттаушы үшінші елден Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына импортталатын оның құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына қолданылуы мүмкін. Осы тармақта көрсетілген демпингке қарсы шараны енгізу туралы шешім күшіне енген күннен бастап алдын ала демпингке қарсы баждарды, демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіпте төленген сома осы Кодекстің 431-бабы 4-тармағында айқындалған тәртіппен есептелуге және бөлінуге тиіс.
§ 4. Өтемақы шаралары
420-бап. Өтемақы шараларын қолданудың жалпы қағидаттары
Егер тергеп-тексеру жүргізетін орган жүргізген тергеп-тексеру нәтижелері бойынша Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына осындай тауардың импорты Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына материалдық залал келтіретіндігі, осындай залалды келтіру қаупін тудыратындығы немесе Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласын құруды елеулі тежейтіндігі белгіленсе, өтемақы шарасы өндіру, экспорттау немесе тасымалдау кезінде экспорттаушы үшінші елдің ерекше субсидиясы қолданылған импортталатын тауарға қолданылуы мүмкін.
421-бап. Субсидияны айқындау
Мыналар:
1) субсидия алушыға қосымша артықшылық беретін, тікелей немесе жанама нәтижесі тауардың экспорттаушы үшінші елден тауар экспортын ұлғайту немесе осындай үшінші елге ұқсас тауар импортын қысқарту болып табылатын кірістерді немесе бағаларды қолдаудың кез келген нысаны;
2) субсидиялаушы орган жүзеге асыратын, субсидия алушыға қосымша артықшылық беретін және экспорттаушы үшінші елдің аумағы шегінде мынадай нысанда көрсетілетін қаржылық жәрдемдесу:
ақша қаражатын (оның ішінде дотация, қарыздар және акцияларды сатып алу түрінде) немесе осындай қаражатты (оның ішінде қарыздар бойынша кепілдеме түріндегі) аудару бойынша міндеттемелерді тікелей аудару;
экспортталатын тауарды ішкі тұтыну үшін арналған ұқсас тауардан алынатын салықтар мен баждан босату не осындай салықтардың немесе баждардың мөлшерін нақты төленген сомалардан аспайтын мөлшерде азайту немесе қайтару жағдайларын қоспағанда, экспорттаушы үшінші елдің кірісіне түсуге тиіс болатын, оның ішінде салықтық кредиттерді ұсыну жолымен қаражатты есептен шығару немесе алып қоюдан толық немесе жартылай бас тарту;
жалпы инфрақұрылымды, яғни нақты өндірушімен және (немесе) экспорттаушымен байланысты емес инфрақұрылымды қолдау мен дамытуға арналған тауарларды немесе қызметтерді қоспағанда, тауарларды немесе қызметтерді жеңілдікпен немесе өтеусіз ұсыну;
тауарларды жеңілдікпен сатып алу субсидия болып табылады.
422-бап. Субсидиялаушы орган
Экспорттаушы үшінші елдің мемлекеттік органы не жергілікті өзін-өзі басқару органы не тиісті мемлекеттік органның не жергілікті өзін-өзі басқару органының тапсырмасы бойынша әрекет ететін немесе құқықтық актіге немесе нақты мән-жайларға сүйене отырып тиісті мемлекеттік орган не жергілікті өзін-өзі басқару органы уәкілеттік берген тұлға субсидиялаушы орган болып табылады.
423-бап. Экспорттаушы үшінші елдің субсидияларын ерекше
субсидияларға жатқызу қағидаттары
1. Егер субсидиялаушы орган немесе экспорттаушы үшінші елдің заңнамасы субсидияны пайдалануға тек жекелеген ұйымдарға ғана рұқсат берсе, экспорттаушы үшінші елдің субсидиясы ерекше болып табылады.
2. Осы бапта жекелеген ұйымдар деп нақты өндіруші және (немесе) экспорттаушы не экспорттаушы үшінші ел экономикасының нақты саласы не өндірушілер және (немесе) экспорттаушылар тобы (одағы, бірлестігі) не экспорттаушы үшінші елдің экономика салалары түсініледі.
3. Егер осы субсидияны пайдалануға рұқсат берілген жекелеген ұйымдардың саны субсидиялаушы органның юрисдикциясындағы географиялық өңірде орналасқан ұйымдармен шектелсе, субсидия ерекше болып табылады.
4. Егер экспорттаушы үшінші елдің заңнамасы немесе субсидиялаушы орган жалпы объективті критерийлерді немесе субсидияны және оның мөлшерін (оның ішінде өнім өндірумен айналысатын қызметкерлер санына немесе өнім шығару көлеміне қарай) сөзсіз алу құқығын айқындайтын шарттарды белгілесе және ол қатаң сақталса, субсидия ерекше болып табылмайды.
5. Егер экспорттаушы үшінші елдің субсидиясын ұсыну:
1) субсидияны пайдалануға рұқсат берілген жекелеген ұйымдар санының шектелуімен;
2) жекелеген ұйымдардың субсидияны артық пайдалануымен;
3) жекелеген ұйымдарға субсидияның мөлшерсіз үлкен сомасын ұсынумен;
4) субсидиялаушы органның жекелеген ұйымдарға субсидияны ұсынудың жеңілдікті (преференциалдық) тәсілін таңдап алуымен бірге жүргізілсе, кез келген жағдайда мұндай субсидия ерекше субсидия болып табылады.
6. Экспорттаушы үшінші елдің кез келген субсидиясы, егер:
1) субсидия экспорттаушы үшінші елдің заңнамасына сәйкес не жалғыз шарты немесе бірнеше шарттың біреуі ретінде тауар экспортымен байланысты болса, ерекше субсидия болып табылады. Субсидия, егер оны ұсыну экспорттаушы үшінші елдің заңнамасына сәйкес тауар экспортымен байланысты болмаса, іс жүзінде тауардың болған немесе болашақта мүмкін болатын экспортымен не экспорттан түсетін түсіммен байланысты болса, нақты тауар экспортымен байланысты болып есептеледі. Экспорттаушы кәсіпорындарға субсидияны ұсыну фактісінің өзі осы тармақты түсінуде тауар экспортымен байланысты субсидияны ұсынуды білдірмейді;
2) субсидия экспорттаушы үшінші елдің заңнамасына сәйкес не импорттық тауарлардың орнына экспорттаушы үшінші елде шығарылған тауарларды пайдаланудың нақты жалғыз шарты немесе бірнеше шарттының біреуі ретінде байланысқан болса, ерекше субсидия болып табылады.
424-бап. Ерекше субсидияның мөлшерін айқындау қағидаттары
1. Ерекше субсидияның мөлшері – ерекше субсидия алушы алатын пайданың мөлшері негізінде айқындалатын көрсеткіш.
2. Ерекше субсидияның мөлшері осындай субсидияны алушы алатын пайда мөлшерінің негізінде айқындалады.
3. Ерекше субсидия алушы алатын пайданың мөлшері мынадай қағидаттар негізінде айқындалады:
1) субсидиялаушы органның ұйымның капиталына қатысуы, егер мұндай қатысу экспорттаушы үшінші елдің аумағындағы қалыпты инвестициялық практикаға (тәуекелді капиталды беруді қоса алғанда) сай келмейді деп бағалануы мүмкін болмаса, пайданы беру ретінде қарастырылмайды;
2) субсидиялаушы орган берген кредит, егер кредит алушы ұйым мемлекеттік кредит үшін төлейтін сома мен осы ұйым экспорттаушы үшінші елдің кредиттік нарығында алуы мүмкін салыстырмалы коммерциялық кредит үшін төлей алатын сома арасындағы айырма жоқ болса, пайданы ұсыну ретінде қарастырылмайды. Басқаша болған жағдайда осы екі санының арасындағы айырма пайда болып саналады;
3) субсидиялаушы органның кредитке кепілдік беруі, егер кепілдікті алушы ұйым субсидиялаушы орган кепілдік берген кредит үшін төлейтін сома мен осы ұйым салыстырмалы коммерциялық кредит үшін мемлекеттік кепілдіксіз төлей алатын сома арасындағы айырма жоқ болса, пайданы ұсыну ретінде қарастырылмайды. Басқаша болған жағдайда комиссиялық айырмаға осы сомалар арасындағы түзету бар айырма пайда болып саналады;
4) субсидиялаушы органның тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерді жеткізуі не тауарларды сатып алуы, егер тек қана тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерді баламалы төлемнен кем жеткізсе не сатып алу кемінде баламалы төлемге қарағанда асырып жүзеге асырылмаса, пайданы ұсыну ретінде қарастырылмайды. Төлемнің баламалығы бағаны, сапаны, қолжетімділікті, жоюды, тасымалдауды және тауарды сатып алудың немесе сатудың басқа да шарттарын қоса алғанда, осындай тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді экспорттаушы үшінші елдің нарығында сатып алу мен сатудың қолданыстағы нарықтық шарттарын негізге ала отырып айқындалады.
425-бап. Субсидияланатын импорттың салдарынан Кеден
одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына
келтірілген залалды анықтау
1. Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген материалдық залал, сондай залалды келтіру қатері немесе субсидияланатын импорттың салдарынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласын құруды елеулі түрде кідірту оны жүргізу барысындағы тергеп-тексеру кезеңі үшін айқындалады және субсидияланатын импорттың көлемін және Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы ұқсас тауардың бағасын және Кеден одағына мүше мемлекеттерде ұқсас тауар өндірушілерге субсидияланатын импорттың жерін талдау нәтижелері негізінде белгіленеді.
Өндірісі, экспорты немесе тасымалдау кезінде экспорттаушы үшінші елдің ерекше субсидиясы пайдаланылған тауардың Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына импорты субсидияланатын импорт болып табылады.
2. Субсидияланатын импорттың көлемін талдау кезінде тергеп-тексеру жүргізетін орган субсидияланатын импорттың елеулі өсуі болған-болмағанын анықтайды (абсолютті көрсеткіштермен не Кеден одағына мүше мемлекеттерде ұқсас тауарды өндіруге немесе тұтынуға қатысты).
3. Егер қандай да бір тауарды біреуден астам экспорттаушы үшінші елден Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына субсидиялайтын импорт бір уақытта жүргізілетін тергеп-тексерулердің нысанасы болып табылса, тергеп-тексеру жүргізетін орган, егер, тек:
1) осы тауарға әрбір экспорттаушы үшінші елдегі субсидияның мөлшері оның құнының бір пайызынан астамын құрамаған, ал әрбір экспорттаушы үшінші елден субсидияланатын импорт көлемі осы Кодекстің 435-бабының 2-тармағына сәйкес елеусіз болып табылмаған;
2) субсидияланатын импорттың нысанасы болып табылатын тауар импортының жиынтықты әсерін бағалау импорттық тауарлар арасындағы бәсекелестік шарттары мен импорттық тауар мен Кеден одағына мүше мемлекеттерде шығарылған ұқсас тауар арасындағы бәсекелестік шарттарын есепке алғанда мүмкін болған кезде белгіленген жағдайда ғана осындай импорттың жиынтықты әсерін бағалай алады.
4. Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы ұқсас тауар бағасына субсидияланатын импорттың әсерін талдау кезінде тергеп-тексеру жүргізетін орган:
1) субсидияланатын импорттың нысанасы болып табылатын тауар бағасы Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы ұқсас тауардың бағасынан елеулі түрде төмен болған-болмағанын;
2) субсидияланатын импорт Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы ұқсас тауар бағасының елеулі түрде төмендеуіне алып келген-келмегенін;
3) субсидияланатын импорт мұндай импорт болмаған жағдайда орын алатын Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы ұқсас тауар бағасының өсуіне елеулі түрде кедергі келтірген-келтірмегенін анықтайды.
5. Субсидияланатын импорттың Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына әсерін талдау Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласының жай-күйіне қатысы бар экономикалық факторларды, оның ішінде:
1) болған немесе жақын арада болуы мүмкін өндірістің қысқартылуын, тауардың сатылуын, Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы тауар үлесін, тартылған инвестициялардан пайданы, өнімділікті, кірістерді немесе өндірістік қуаттылықтарды пайдалануды;
2) Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы тауар бағасына әсер ететін факторларды;
3) болған немесе келешекте болуы мүмкін ақша ағыны қозғалысына, тауар қорына, жұмыспен қамту деңгейіне, жалақыға, өндірістің өсу қарқынына, инвестициялар тарту мүмкіндігіне теріс әсерін бағалауды білдіреді.
6. Субсидияланатын импорттың Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына әсері, егер қолда бар деректер өндірістік процесс, тауарды оның өндірушілерінің сатуы мен пайда сияқты критерийлердің негізінде ұқсас тауар өндіруді бөліп алуға мүмкіндік берсе, Кеден одағына мүше мемлекеттерде ұқсас тауарды шығаруға қатысты бағаланады.
Егер қолда бар деректер ұқсас тауар өндіруді бөліп алуға мүмкіндік бермесе, субсидияланатын импорттың Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына әсері тауарлардың неғұрлым шағын тобын өндіруге немесе ұқсас тауарды және олар туралы қажетті деректері бар тауарлар номенклатурасына қатысты бағаланады.
7. Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына субсидияланатын импорт салдарынан материалдық залал келтіру қатерін анықтау кезінде тергеп-текесеру жүргізетін орган қолда бар барлық факторларды, оның ішінде:
1) субсидияның сипатын, мөлшерін немесе субсидияларды және олардың саудаға ықтимал әсерін;
2) субсидияланатын импорттың одан әрі ұлғаюының нақты мүмкіндігі туралы куәландыратын осындай импорттың өсу қарқынын;
3) субсидияланатын импорттың нысанасы болып табылатын тауарды экспорттаушыда жеткілікті экспорттық мүмкіндіктердің немесе басқа экспорттық нарықтардың осы тауардың кез келген қосымша экспортын қабылдау қабілетін ескере отырып, осы тауардың субсидияланатын импорты өсуінің нақты мүмкіндіктері туралы куәландыратын олардың ұлғаюының айқын бұлтартпастығының болуын;
4) егер мұндай баға деңгейі Кеден одағына мүше мемлекеттер нарығындағы ұқсас тауар бағасын төмендетуге немесе өсімін кідіртуге және субсидияланатын импорттың нысанасы болып табылатын тауарға сұраныстың одан әрі өсуіне әкеп соғатын болса, субидияланатын импорттың нысанасы болып табылатын тауар бағасының деңгейін;
5) субидияланатын импорттың нысанасы болып табылатын тауар экспорттаушыдағы қорды ескереді.
8. Егер осы баптың 7-тармағында көрсетілген факторларды талдау нәтижелері бойынша тергеп-тексеру барысында тергеп-тексеру жүргізетін орган субсидияланатын импортты жалғастырудың және мұндай импорттың өтемақы шараларын қабылдамаған жағдайда Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтіретіндігінің бұлтартпастығы туралы қорытындыға келген жағдайда Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтіру қатерінің бар екендігі туралы шешім қабылдайды.
9. Мұндай импорттың салдарынан субсидияланатын импорт пен Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласының залалы арасындағы себеп-салдарлық байланыстың болуын анықтау іске қатысы бар және тергеп-тексеру жүргізетін органның өкіміндегі барлық дәлелдемелер мен мәліметтерге негізделуге тиіс.
10. Тергеп-тексеру жүргізетін орган субсидияланатын импорттан басқа Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына соның салдарынан дәл сол кезеңде залал келтіретін басқа да белгілі факторларды талдайды.
Тергеп-тексеру жүргізетін орган Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласының көрсетілген залалын субсидияланатын импорттың салдарынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалға жатқызбауға тиіс.
426-бап. Алдын ала өтемақы бажын енгізу
1. Алдын ала өтемақы бажы – тергеп-ткесеру жүргізетін орган тергеп-тексеру барысында субсидияланатын импорттың және осы импорттан туындаған мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген материалдық залалдың, оны келтіру қатері немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құруды елеулі түрде кідіртудің болуы туралы алдын ала қорытынды жасаған тауарға Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына импорты кезінде қолданылатын баж.
2. Егер тергеп-тексеру аяқталғанға дейін тергеп-тексеру жүргізетін орган алған ақпарат субсидияланатын импорттың осы импорттан туындаған Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалдың болуы туралы куәландырса, Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына тергеп-тексеру жүргізілген кезеңде субсидияланатын импорт келтіретін залалды болдырмау мақсатында төрт айға дейінгі мерзімге алдын ала өтемақы бажын енгізу арқылы өтемақы шарасын қолдану туралы шешім қабылданады.
3. Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган алдын ала қорытынды негізінде тергеп-тексеру жүргізетін орган дайындаған алдын ала өтемақы бажын енгізу туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келіседі.
4. Алдын ала өтемақы бажы тергеп-тексеру басталған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен бұрын енгізілмейді.
5. Алдын ала өтемақы бажы субсидияланатын және экспортталатын тауар бірлігіне экспорттаушы үшінші елдің ерекше субсидиясының алдын ала есептелген шамасына тең мөлшерде енгізіледі.
6. Егер тергеп-тексеру нәтижелері бойынша өтемақы шарасын енгізу үшін негіз жоқ екендігі анықталса, алдын ала өтемақы бажының сомасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлеушіге қайтарылуға жатады.
7. Егер тергеп-тексеру нәтижелері бойынша өтемақы шарасын қолдану туралы шешім қабылданса, алдын ала өтемақы бажының сомалары тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қабылданған өтемақы шарасын қолдану туралы шешім күшіне енген күннен бастап, осы баптың 8 және 9-тармақтарының ережелері ескеріле отырып, осы Кодекстің 431-бабының 4-тармағында айқындалған тәртіппен есептелуге және бөлінуге жатады.
8. Егер тергеп-тексеру нәтижелері бойынша алдын ала өтемақы бажының мөлшерлемесіне қарағанда, өтемақы бажының анағұрлым төмен мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылса, өтемақы бажының белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген өтемақы бажының сомасына сәйкес келетін алдын ала өтемақы бажының сомасы осы Кодекстің 431-бабының 4-тармағында айқындалған тәртіппен есептелуге және бөлінуге жатады.
Өтемақы бажының белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген өтемақы бажының сомасынан асатын алдын ала өтемақы бажының сомасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлеушіге қайтарылуға жатады.
9. Егер тергеп-тексеру нәтижелері бойынша алдын ала өтемақы бажының мөлшерлемесіне қарағанда, өтемақы бажының неғұрлым жоғары мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылса, өтемақы бажы мен алдын ала өтемақы бажының сомалары арасындағы айырма алынбайды.
10. Алдын ала өтемақы бажы тергеп-тексеруді бір уақытта жалғастырған жағдайда қолданылады.
427-бап. Тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды
экспорттаушы үшінші елдің немесе экспорттаушының
ерікті міндеттемелерді қабылдауы
1. Тергеп-тексеруді тергеп-тексеру жүргізетін орган жазбаша нысанда алынған ерікті міндеттемелерді мақұлдаған кезде өтемақы бажын енгізбей-ақ тоқтата тұрады немесе тоқтатады, оларға сәйкес:
1) экспорттаушы үшінші ел субсидиялауды жоюға немесе қысқартуға немесе субсидиялау салдарын жою мақсатында тиісті шаралар қабылдауға келіседі немесе
2) тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушы мұндай тауарға өзі белгілеген бағаны Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласының залалын жоюға мүмкіндік беретіндей түрде қайта қарауға келіседі.
Мұндай міндеттемелерге сәйкес тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауар бағасын арттыру экспорттаушы үшінші елдің субсидияланатын және экспортталатын тауар бірлігіне қатысты есептелген ерекше субсидиясы мөлшерінен аспауға тиіс.
Тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауар бағасын арттыру, егер мұндай арттыру Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін жеткілікті болып табылса, экспорттаушы үшінші елдің субсидияланатын және экспортталатын тауар бірлігіне есептелген ерекше субсидиясы мөлшеріне қарағанда аз болуы мүмкін.
2. Ерікті міндеттемелерді мақұлдау туралы шешім тергеп-тексеру жүргізетін орган субсидияланатын импорттың және содан туындаған Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалдың болуы туралы алдын ала қорытындыға келгенге дейін қабылданбайды.
Тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушының ерікті міндеттемелерін мақұлдау туралы шешім экспорттаушы үшінші елдің уәкілетті органының осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген міндеттемелерді экспорттаушылардың қабылдауына келісімі алынғанға дейін қабылданбайды.
3. Ерікті міндеттемелерді мақұлдау туралы шешім, егер тергеп-тексеру жүргізетін орган тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды нақты немесе әлеуетті экспорттаушылар санының көп болуына байланысты немесе өзге де себептер бойынша оларды мақұлдаудың қолайсыздығы туралы қорытындыға келсе, қабылданбайды. Тергеп-тексеру жүргізетін орган мүмкіндігіне қарай экспорттаушылардың ерікті міндеттемелерінің мақұлданбағаны жөнінде оларға хабарлайды және экспорттаушыларға осыған байланысты түсіндірме жасауға мүмкіндік береді.
4. Тергеп-тексеру жүргізетін орган экспорттаушылардың әрқайсысына және ерікті міндеттемелерді қабылдаған экспорттаушы үшінші елдің уәкілетті органына оны мүдделі тұлғаларға беруге мүмкіндік алу үшін олардың құпия емес болжамын ұсыну туралы сұрау салу жібереді.
5. Тергеп-тексеру жүргізетін орган экспорттаушы үшінші елге немесе тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушыға ерікті міндеттемелерді қабылдауды ұсына алады, бірақ оны қабылдауды талап ете алмайды.
6. Ерікті міндеттемелерді мақұлдау туралы шешім қабылданған жағдайда, субсидияланатын импорттың және содан туындаған Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалдың болуына қатысты тергеп-тексеру экспорттаушы үшінші елдің өтініші бойынша немесе ерікті міндеттемелерді мақұлдау туралы шешімнің негізінде жалғастырылуы мүмкін.
7. Егер тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тергеп-тексеру жүргізетін орган субсидияланатын импорттың немесе содан туындаған Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалдың жоқ екендігі туралы қорытындыға келген болса, экспорттаушы үшінші ел немесе ерікті міндеттемелерді қабылдаған экспорттаушылар, көрсетілген қорытынды айтарлықтай дәрежеде осындай мән-жайлардың болуының нәтижелері болып табылатын жағдайды қоспағанда, мұндай міндеттемелерден автоматты түрде босатылады. Егер жасалған қорытынды айтарлықтай дәрежеде ерікті міндеттемелердің болуының нәтижесі болып табылса, мұндай міндеттемелер қажетті уақыт кезеңі ішінде күшінде қалуға тиіс екендігі туралы шешім қабылданады.
8. Егер тергеп-тексеру жүргізетін орган тергеп-тексеру нәтижелері бойынша субсидияланатын импорттың немесе содан туындаған Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалдың бар екендігі туралы қорытындыға келген болса, қабылданған ерікті міндеттемелердің қолданысы солардың шарттарына және осы Кодекстің ережелеріне сәйкес жалғасады.
9. Тергеп-тексеру жүргізетін орган экспорттаушы үшінші елден немесе экспорттаушыдан, егер олардың ерікті міндеттемелері мақұлданған болса, осы міндеттемелердің орындалуына қатысты мәліметтерді, сондай-ақ осы мәліметтерді тексеруге келісімін сұрата алады.
Сұратылған мәліметтерді тергеп-тексеру жүргізетін орган белгілеген мерзімде ұсынбау, сондай-ақ осы мәліметтерді тергеп-тексеруге келісім бермеу экспорттаушы үшінші елдің немесе экспорттаушының қабылданған ерікті міндеттемелерді бұзуы болып саналады.
10. Экспорттаушы үшінші ел немесе экспорттаушы ерікті міндеттемелерді бұзған не мұндай міндеттемелерді кері қайтарып алған жағдайда, егер тергеп-тексеру әлі аяқталмаса, алдын ала өтемақы бажын немесе, егер тергеп-тексерудің түпкілікті нәтижелері оны енгізу үшін негіздердің бар екендігін куәландырса, өтемақы бажын енгізу арқылы өтемақы шарасын қолдану туралы шешім қабылданады.
Экспорттаушы үшінші ел немесе экспорттаушы қабылдаған ерікті міндеттемелерін бұзған жағдайда, оларға осы бұзушылыққа байланысты түсіндірме жасауға мүмкіндік беріледі.
11. Ерікті міндеттемелерді мақұлдау туралы шешімде алдын ала өтемақы бажының немесе өтемақы бажының мөлшерлемесі белгіленуге тиіс, ол осы баптың 10-тармағына сәйкес енгізілуі мүмкін.
12. Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган тергеп-тексеру жүргізетін орган әзірлеген осы баптың 1-тармағында көрсетілген ерікті міндеттемелерді мақұлдау туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келіседі.
428-бап. Өтемақы бажын енгізу және қолдану
1. Өтемақы бажын енгізу туралы шешім экспорттаушы үшінші елдің ерекше субсидиясының қолданылу мерзімі ішінде қабылдануы мүмкін.
2. Өтемақы бажын енгізу туралы шешім ерекше субсидияны беретін экспорттаушы үшінші елге консультациялар жүргізу ұсынылған, алайда бұл үшінші ел консультациялардан бас тартқан немесе консультациялар жүргізу барысында өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеген соң қабылданады.
3. Өтемақы бажы, ерікті міндеттемелері мақұлданған экспорттаушылар жеткізетін тауарды қоспағанда, барлық экспорттаушылар жеткізетін тауарға қатысты қолданылады және Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына залал келтіретін субсидияланатын импорттың нысанасы болып табылады.
Жекелеген экспорттаушылар жеткізетін тауарларға қатысты өтемақы бажы мөлшерлемесінің дербес мөлшері белгіленуі мүмкін.
4. Өтемақы бажының мөлшерлемесі субсидияланатын және эскпортталатын тауар бірлігіне есептелген экспорттаушы үшінші елдің ерекше субсидиясының мөлшерінен аспауға тиіс.
Егер субсидиялар түрлі субсидиялау бағдарламаларына сәйкес берілетін болса, олардың жиынтық мөлшері ескеріледі.
Өтемақы бажының мөлшерлемесі, егер мұндай мөлшерлеме Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін жеткілікті болып табылса, экспорттаушы үшінші елдің ерекше субсидиясының мөлшерінен кем болуы мүмкін.
5. Өтемақы бажының мөлшерлемесін айқындаған кезде Кеден одағына мүше мемлекеттердің өтемақы бажын енгізу экономикалық мүдделеріне әсер етуі мүмкін тұтынушыларының тергеп-тексеру жүргізетін органға жазбаша түрде келіп түскен пікірлері ескеріледі.
429-бап. Өтемақы шарасының қолданылу мерзімі және оны
қайта қарау
1. Өтемақы шарасы субсидияланатын импорт салдарынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін қажетті мөлшер мен мерзімде қолданылады.
2. Өтемақы шарасының қолданылу мерзімі мұндай шараны қолданған күннен бастап немесе өзгерген мән-жайларға байланысты жүргізілген және бір мезетте субсидияланатын импорттың талдауына және соған байланысты Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалға қатысты болған немесе өтемақы шарасының қолданыста болу мерзімінің аяқталуына байланысты қайталап тергеп-тексеру аяқталған күннен бастап бес жылдан аспауға тиіс.
3. Өтемақы шарасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайталап тергеп-тексеру осы Кодекстің 431-бабына сәйкес жазбаша нысанда берілген өтініш негізінде не тергеп-тексеру жүргізіп жатқан органның жеке бастамасы бойынша жүргізіледі.
Өтемақы шарасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайталап тергеп-тексеру өтініште өтемақы шарасының қолданылуы тоқтатылған кезде субсидияланатын импорттың қайта басталу не жалғасу және Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына залал келтіру мүмкіндігі туралы мәліметтер болғанда жүргізіледі.
Өтемақы шарасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайталап тергеп-тексеру жүргізу туралы өтініш өтемақы шарасының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін алты айдан кешіктірілмей беріледі.
Қайталап тергеп-тексеру өтемақы шарасының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін басталуға және ол басталған күннен бастап он екі ай ішінде аяқталуға тиіс.
Осы тармақтың ережелеріне сәйкес жүргізілетін қайталап тергеп-тексеру аяқталғанға дейін өтемақы шарасының қолданылуы ұзартылады. Тиісті өтемақы шарасының қолданылуы ұзартылатын мерзім ішінде алдын ала өтемақы бажын алып қою үшін белгіленген тәртіппен өтемақы шарасының қолданылуына байланысты белгіленген өтемақы бажының мөлшерлемелері бойынша өтемақы баждары төленеді, бұл шараның қолданылу мерзімі қайталап тергеп-тексерудің жүргізілуіне байланысты ұзартылады.
Егер өтемақы шарасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайталап тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тергеп-тексеру жүргізетін орган өтемақы шарасын қолдану үшін негіздемелер жоқ екенін анықтаған болса, өтемақы шарасын қолдану ұзартылған мерзім ішінде алдын ала өтемақы баждарын алып қою үшін белгіленген тәртіппен алынатын өтемақы бажының сомалары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлеушіге қайтарылуға жатады.
Егер өтемақы шарасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайталап тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тергеп-тексеру жүргізетін орган субсидияланатын импорттың және Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалдың қайта басталу не жалғасу мүмкіндігін анықтайды. Өтемақы шарасын ұзарту туралы шешім күшіне енген күннен бастап өтемақы шарасын қолдану ұзартылған мерзім ішінде алдын ала өтемақы баждарын алу үшін белгіленген тәртіппен алынатын өтемақы баждарының сомалары осы Кодекстің 431-бабының 4-тармағында айқындалған тәртіппен есептеуге және бөлуге жатады.
4. Егер өтемақы шарасы енгізілгеннен кейін кемінде бір жыл өткен болса, тергеп-тексеру жүргізетін органның бастамасы бойынша немесе мүдделі тұлғаның өтініші бойынша өтемақы шарасын қолданудың орындылығын анықтау және (немесе) өзгерген мән- жайларға байланысты оны қайта қарау, оның ішінде өтемақы бажы мөлшерлемесінің дербес мөлшерін қайта қарау мақсатында қайталап тергеп-тексеру жүргізілуі мүмкін.
Өзгерген мән-жайларға байланысты қайталап тергеп-тексеру жүргізу туралы өтінішті беру мақсатына қарай мұндай өтініште:
өтемақы шарасын қолдануды жалғастырудың субсидияланатын импортқа қарсы іс-қимыл үшін және субсидияланатын импорт салдарынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін талап етілмейтіндігінің; немесе өтемақы шарасының қазіргі мөлшерінің субсидияланатын импортқа қарсы іс-қимыл үшін және субсидияланатын импорттың салдарынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін жеткілікті мөлшерден асып түсетіндігінің; немесе
қазіргі өтемақы шарасының субсидияланатын импортқа қарсы іс-қимыл үшін және субсидияланатын импорттың салдарынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін жеткіліксіздігінің дәлелдемелері қамтылуға тиіс.
Өзгерген мән-жайларға байланысты қайталап тергеп-тексеру ол басталған күннен бастап он екі ай ішінде аяқталуға тиіс.
5. Осы Кодекстің 5-параграфының дәлелдемелерді ұсынуға және тергеп-тексеруді жүргізуге қатысты ережелері осы бапта көзделген қайталап тергеп-тексеруге тиісті айырмашылықтарды ескере отырып қолданылады.
6. Осы баптың ережелері осы Кодекстің 430-бабына сәйкес экспорттаушы үшінші ел немесе экспорттаушы қабылдаған міндеттемелерге тиісті айырмашылықтарды ескере отырып қолданылады.
7. Қайталап тергеп-тексеру өзіне қатысты өтемақы шарасы қолданылып отырған, бірақ ынтымақтасудан бас тартуға қарағанда, өзге себептер бойынша тергеп-тексеру жүргізілмеген экспорттаушы үшін өтемақы бажының дербес мөлшерлемесінің мөлшерін белгілеу мақсатында да жүргізілуі мүмкін. Мұндай қайталап тергеп-тексеруді аталған экспорттаушының өтініші бойынша тергеп-тексеру жүргізетін орган бастауы мүмкін.
430-бап. Өтемақы шарасын айналып өтуді анықтау
1. Өтемақы шарасын айналып өту деп өтемақы бажын төлеуден не қабылданған ерікті міндеттемелерді орындаудан жалтару үшін тауарды жеткізу тәсілін өзгерту түсініледі.
2. Өтемақы шарасын айналып өтуді анықтау мақсатында қайталап тергеп-тексеру мүдделі тұлғаның өтініші бойынша немесе тергеп-тексеру жүргізетін органның жеке бастамасы бойынша басталуы мүмкін.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген өтініште:
1) өтемақы шарасын айналып өтудің;
2) өтемақы шарасының (оны айналып өтудің салдарынан) өндіріс көлеміне және (немесе) Кеден одағына мүше мемлекеттер нарығындағы ұқсас тауарлардың сатылуына және (немесе) бағаларына әсерін бейтараптандырудың;
3) тауар (осындай тауардың құрамдас бөліктері және (немесе) туындылары) өндірушісінде және (немесе) экспорттаушысында ерекше субсидияны ұсынудан түскен пайданы сақталатындығының дәлелдемелері қамтылуға тиіс.
4. Осы бапқа сәйкес жүргізілетін қайталап тергеп-тексеру кезеңіне алдын ала өтемақы бажын алу үшін белгіленген тәртіппен алынатын субсидияланатын импорттың нысанасы болған, экспорттайтын үшінші елден Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына импортталатын тауардың құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына арналған, сондай-ақ субсидияланатын импорттың нысанасы болған, басқа экспорттайтын үшінші елден Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына импортталатын тауарға және (немесе) оның құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына арналған өтемақы бажы енгізілуі мүмкін.
5. Егер осы бапқа сәйкес тергеп-тексеру жүргізетін орган жүргізген қайталап тергеп-тексеру нәтижелері бойынша өтемақы шарасын айналып өту анықталмаған болса, осы бапқа сәйкес алдын ала өтемақы баждарын алып қою үшін белгіленген тәртіппен төленген өтемақы бажының сомалары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлеушіге қайтарылуға жатады.
6. Осы бапқа сәйкес жүргізілген қайталап тергеп-тексеру нәтижелері бойынша осы Кодекске сәйкес қолданылатын өтемақы шарасын айналып өту анықталған жағдайда, өтемақы шарасы субсидияланатын импорттың нысанасы болған, экспорттайтын үшінші елден Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына импортталатын тауардың құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына, сондай-ақ субсидияланатын импорттың нысанасы болған, басқа экспорттайтын үшінші елден Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына импортталатын тауарға және (немесе) оның құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына қолданылуы мүмкін. Осы тармақта көрсетілген өтемақы шарасын енгізу туралы шешім күшіне енген күннен бастап алдын ала өтемақы баждарын алып қою үшін белгіленген тәртіппен төленген өтемақы баждарының сомалары осы Кодекстің 431-бабының 4-тармағында айқындалған тәртіппен есепке жатқызылуға және бөлінуге тиіс.
7. Өтемақы шарасын айналып өтуді анықтау мақсатында қайталап тергеп-тексеру ол басталған күннен бастап тоғыз ай ішінде аяқталуға тиіс.
431-бап. Арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарын
төлеу (өндіріп алу), есепке жатқызу, бөлу,
қайтару және есепке алу
1. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу, осы баждарды төлеу бойынша міндеттердің пайда болуы мен тоқтатылуы, олардың төлену мерзімін және тәртібін айқындау әкелінетін кедендік баждар үшін «Кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімін ұзарту немесе бөліп-бөліп төлеу нысанында өзгерту жүргізілмейді.
Осы тармақтың ережелері алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтемақы баждарын есептеуге, төлеуге және өндіріп алуға қолданылады.
2. Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелінетін тауарларға қатысты төлеу міндеті осы шараны қолдану басталған күннен туындаған арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарының (алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы және алдын ала өтемақы баждарын қоспағанда) сомалары арнайы қорғау, демпингке қарсы, өтемақы шараларын қолдану туралы шешім күшіне енген күннен бастап Кеден одағының нормативтік құқықтық актілерінде айындалған тәртіппен және нормативтер бойынша Кеден одағына мүше мемлекеттердің бюджеттеріне есепке жатқызылуға және бөлінуге тиіс.
Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, оның ішінде осы баждарды өндіріп алу кезінде «Кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес төленуге тиіс сол Кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органының бірыңғай шотына ұлттық валютамен есепке жатқызылуға тиіс.
Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары:
арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының түсу (берешекті өтеу есебінен қайтару, есепке жатқызу) сомаларын;
Кеден одағына мүше басқа мемлекеттердің шетел валютасымен шоттарға аударылған, бөлінген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын;
Кеден одағына мүше мемлекеттің арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын бөлуінен түсетін түсімдердің осы Кеден одағына мүше мемлекет бюджетінің есебіне жатқызылған сомаларын;
Кеден одағына мүше мемлекеттің бюджетіне Кеден одағына мүше басқа мемлекеттерден түскен арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын;
Кеден одағына мүше мемлекеттің арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын бөлуден түскен сомаларды аудару жөніндегі міндеттемелерін орындамауға, толық және (немесе) уақытылы орындамауға әкеп соққан, осы баптың ережелерін бұзғаны үшін пайыздардың Кеден одағына мүше мемлекеттердің бюджетіне түскен сомаларын;
Кеден одағына мүше басқа мемлекеттердің есебіне шетел валютасымен аудару тоқтатылған арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын бөлек ескереді.
Жоғарыда көрсетілген түсімдер әрбір Кеден одағына мүше мемлекеттер бюджетінің атқарылуы туралы есептілікте бөлек көрсетіледі.
Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органының бірыңғай шотына Кеден одағына мүше мемлекеттің күнтізбелік жылының соңғы жұмыс күнінде түскен арнайы, демпингке қарсы өтемақы баждарының сомасы есепті жыл бюджетінің атқарылуы туралы есептілікте көрсетіледі.
Кеден одағына мүше мемлекеттердің күнтізбелік жылдың соңғы жұмыс күнінде бөлінген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасы осы Кеден одағына мүше мемлекеттің бюджетіне және шетел валютасымен Кеден одағына мүше басқа мемлекеттердің шоттарына Кеден одағына мүше мемлекеттің ағымдағы жылының екінші жұмыс күнінен кешіктірілмей аударылады, сондай-ақ есепті жыл бюджетінің атқарылуы туралы есептілікте көрсетіледі.
Кеден одағына мүше мемлекеттердің бюджетіне Кеден одағына мүше басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарынан күнтізбелік жылдың соңғы жұмыс күнінде түскен арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын бөлуден түскен кірістер ағымдағы жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есептілікте көрсетіледі.
Төлеушілер арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын жеке есеп айырысу (төлем) құжаттары (нұсқаулықтары) бойынша «Кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес төленуге жататын Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органының бірыңғай шотына төлейді.
Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары салықтар мен алымдарды, сондай-ақ басқа да төлемдерді төлеу есебіне жатқызылмайды.
Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу есебіне «Кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес төленуге жататын Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органының бірыңғай шотына түскен (Кеден одағының кедендік аумағынан тыс әкетілетін шикі мұнайға және мұнайдан (мұнай өнімдерінен) шығарылған тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты әкелінетін кедендік баждарды, сондай-ақ әкетілетін кедендік баждарды қоспағанда) салықтар және алымдар, сондай-ақ өзге төлемдер жатқызылуы мүмкін.
Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның бірыңғай шотындағы ақша қаражатын сот актілерін орындау тәртібімен немесе қандай да бір өзге тәсілмен өндіріп алуға болмайды.
3. Алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтемақы баждары өзінің кеден органдары алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтемақы бажын алатын Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалған шотқа ұлттық валютамен төленеді (өндіріп алынады).
4. Осы Кодексте белгіленген жағдайларда алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтемақы баждарының төленген (өндіріп алынған) сомалары, сондай-ақ алдын ала баждардың тиісті түрлерін алу үшін белгіленген тәртіппен төленген арнайы қорғау, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомалары арнайы қорғау, демпингке қарсы, өтемақы шараларын қолдану (құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына ұзарту, қолдану) туралы тиісті шешім күшіне енген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарына есепке алуға және олар төленген Кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органының бірыңғай шотына есепке жатқызылуға тиіс.
5. Төлеушіге артық төленген (өндіріп алынған) арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарының сомасын қайтару есепті күні ұлттық (орталық) банк орындауға қабылдамаған арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын қайтару сомасын ескеріп, сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның есепті күні есепке жатқызылған бірыңғай шотына түскен ағымдағы күні уәкілетті органның бірыңғай шотынан арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасы шегінде жүзеге асырылады.
Төлеушіге сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның бірыңғай шотынан артық төленген (өндіріп алынған) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасын қайтару есепті күні сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның бірыңғай шотына қайтаруды жүзеге асырған күні түскен (есепке жатқызылған) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасы шегінде жүзеге асырылады.
Ағымдағы күні қайтаруға жататын арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының қайтарылатын сомасын айқындау келіп түскен арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын Кеден одағына мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлуге дейін жүзеге асырылады.
Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын қайтаруды жүзеге асыру үшін қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, осы тармақтың бірінші және екінші абзацтарына сәйкес қайтаруды Кеден одағына мүше мемлекет келесі жұмыс күндері жүзеге асырады. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының төлеушіге уақытылы қайтарылмағаны үшін өсімпұлдар (пайыздар) төлеушіге осы Кеден одағына мүше мемлекеттің бюджетінен төленеді және арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының құрамына енгізілмейді.
6. Осы бапта белгіленген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасын есепке жатқызу және Кеден одағына мүше мемлекеттердің арасында бөлу тәртібі өсімпұлдарға да қатысты қолданылады.
7. Кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органының арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасын Кеден одағына мүше мемлекеттердің арасында бөлуі сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның бірыңғай шотына арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасы есепке жатқызылан есепті күннен кейін Кеден одағына мүше мемлекеттің келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
Кеден одағына мүше мемлекеттердің бюджеттеріне бөлуге жататын арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының жалпы сомасы есепті күні ұлттық (орталық) банктің арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының қайтару сомасын аударуға арналған есеп айырысу (төлем) құжаттарын (нұсқаулықтарын) орындауға қабылдамауын ескере отырып, есепті күні түскен (есепке жатқызылған) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасынан ағымдағы күні төлеушіге қайтарылуға жататын арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасын шегеру жолымен айқындалады.
8. Кеден одағына мүше мемлекеттердің арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасын аударуды Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары шетелдік валютамен Кеден одағына мүше басқа мемлекеттердің шотына сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның бірыңғай шотының есебіне жатқызылан күннен кейінгі Кеден одағына мүше мемлекеттегі келесі жұмыс күнінде жүзеге асырады.
Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасын Кеден одағына мүше мемлекеттерге аударуға арналған есеп айырысу (төлем) құжатын (нұсқаулықты) сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган Кеден одағына мүше басқа мемлекеттердің шоттарына шетел валютасымен одан әрі аудару үшін Кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органының бірыңғай шотына арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасын есепке жатқызу күнінен кейінгі Кеден одағына мүше мемлекеттегі жұмыс күнінде жергілікті уақыт бойынша он төрт сағатқа дейін ұлттық (орталық) банкке жіберуге тиіс. Осы аударуға арналған есеп айырысу (төлем) құжатында (нұсқаулықта) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын бөлу жүзеге асырылатын күн және Кеден одағына мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында ұлттық валютамен бөлуге жататын сома көрсетіледі.
9. Ақпарат алмасу тәртібін, нысандарын және мерзімдерін айқындайтын шешімге сәйкес Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында осы Кодексті іске асыруға қажетті ақпарат алмасу жүзеге асырылады.
§ 5. Тергеп-тексеру жүргізу
432-бап. Тергеп-тексеру жүргізу үшін негіздер
1. Тергеп-тексеру – арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шарасын енгізу алдында тергеп-тексеру жүргізетін орган жүзеге асыратын рәсім.
Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы тергеп-тексерулерін жүргізуге жауапты Комиссия айқындаған орган тергеп-тексеру жүргізетін орган болып табылады.
2. Өспелі импорттың болуын және содан туындаған Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген елеулі залалды немесе осындай залалды келтіру қатерін анықтау мақсатында, сондай-ақ демпингтік немесе субсидияланатын импортты және содан туындаған материалдық залалды, осындай залалды келтіру қатерін немесе Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың айтарлықтай баяулауын анықтау мақсатында тергеп-тексеруді жазбаша нысандағы өтініш негізінде не өз бастамасы бойынша тергеп-тексеру жүргізетін орган жүргізеді.
Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына келтірілген елеулі залал деп Кеден одағына мүше мемлекеттер экономикасы саласының өндірістік, сауда және қаржы жағдайының елеулі түрде нашарлауынан көрінетін, Кеден одағына мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды өндірумен байланысты ахуалдың жалпы нашарлауы түсініледі.
Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына елеулі залал келтірудің дәлелдемелермен расталған шарасыздығы Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына елеулі залал келтіру қатері болып табылады.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген өтінішті:
1) Кеден одағына мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) не ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) өндіруші немесе оның уәкілетті өкілі;
2) қатысушылары қатарына өндірудің жалпы көлемінің айтарлықтай бөлігі, бірақ Кеден одағына мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) не ұқсас тауар (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) өндірісі жалпы көлемінің кемінде жиырма бес пайызын өндірушілер кіретін өндірушілер бірлестігі немесе оның уәкілетті өкілі береді.
Мұндай өндірушілер мен бірлестіктердің уәкілетті өкілдерінің түпнұсқалары өтінішпен бірге тергеп-тексеру жүргізетін органға ұсынылатын құжаттармен расталған, нотариатта ресімделген өкілеттіктері болуға тиіс.
4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген өтінішке Кеден одағына мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды не ұқсас тауарды өндірушілердің өтініштерін қолдайтын дәлелдемелер қоса беріледі. Өтінішті қолдаудың жеткілікті дәлелдемелері болып:
1) өтініш берушімен бірге Кеден одағына мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды өндіру көлемінің айтарлықтай бөлігін, бірақ Кеден одағына мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың жалпы көлемінің кемінде жиырма бес пайызын өндіретін басқа өндірушілердің өтінішіне қосылу туралы құжаттар (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде);
2) өтінішті қолдайтынын білдірген Кеден одағына мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды өндірушілердің (оның ішінде өтініш берушінің) өндіріс үлесі өтінішке қатысты өз пікірін (қолдайтындығын немесе келіспейтіндігін) білдірген Кеден одағына мүше мемлекеттерде ұқсас тауарды өндірушілердің (оның ішінде өтініш берушінің) өндіріс көлемінің елу пайыздан астамын құрайды деген шартпен (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) өтінішке өз пікірін (қолдайтындығын немесе келіспейтіндігін) білдірген Кеден одағына мүше мемлекеттерде ұқсас тауарды өндірушілердің (оның ішінде өтініш берушінің) өндіріс үлесі Кеден одағына мүше мемлекеттерде ұқсас тауарларды өндіру көлемінің кемінде жиырма бес пайызын құрайтындығын растайтын құжаттар танылады.
5. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген өтініште:
1) өтініш беруші туралы, өтініш берілген күннің алдындағы тікелей үш жыл ішінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласының ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде), ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) сандық және құндық мәндегі өндіру көлемі туралы, сондай-ақ Кеден одағына мүше мемлекеттерде өтінішті қолдаған өндірушілердің ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде), ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) сандық және құндық мәндегі өндіру көлемі туралы және Кеден одағына мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде), ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) өндірудің жалпы көлеміндегі олардың үлесі туралы мәліметтер;
2) оған қатысты Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасының кодын көрсете отырып, арнайы қорғауды, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын енгізу ұсынылатын Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына импортталатын тауардың сипаттамасы;
3) кедендік статистика деректері негізінде экспорттаушы үшінші елдің немесе осы тауарды шығарған не жөнелткен елдердің атауы;
4) экспорттаушы үшінші елдегі тауардың белгілі өндірушілері және (немесе) экспорттаушылары туралы және белгілі импорттаушылар және Кеден одағына мүше мемлекеттердегі осы тауардың негізгі белгілі тұтынушылары туралы мәліметтер;
5) өткен кезеңдегі, сондай-ақ өтініш берілген күні репрезентативтік статистикалық деректер қолжетімді болатын кейінгі кезеңдегі оған қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын енгізу ұсынылатын тауардың Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына импорты көлемінің өзгеруі туралы мәліметтер;
6) өткен кезеңдегі, сондай-ақ өтініш берілген күні репрезентативтік статистикалық деректер қолжетімді болатын кейінгі кезеңдегі ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) не ұқсас тауардың (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағынан экспорты көлемінің өзгеруі туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
6. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген мәліметтермен қатар өтініште ұсынылатын шараға қарай өтініш беруші:
1) тауардың өспелі импорты болуының дәлелдемелерін, тауардың өспелі импорты салдарынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген елеулі залалдың немесе мұндай залалды келтіру қатері болуының дәлелдемелерін, мұндай шараның көлемін және қолданылу мерзімін көрсете отырып, арнайы қорғау шарасын енгізу туралы ұсынысты және өтініш беруші ұсынып отырған арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі ішінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласын шетелдік бәсекелестік жағдайында жұмыс істеуге бейімдеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде);
2) тауардың экспорттық бағасы және қалыпты құны туралы мәліметтерді, тауардың демпингтік импорты салдарынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген материалдық залалдың немесе осындай залалды келтіру не саланы құруды айтарлықтай бәсеңдету қатері болуының дәлелдемелерін, сондай-ақ көлемі мен қолданылу мерзімін көрсете отырып, демпингке қарсы шараны енгізу туралы ұсынысты (демпингке қарсы шараны қолдану туралы өтінішті берген кезде);
3) экспорттаушы үшінші елдің ерекше субсидиясының болуы және сипаттамасы және егер мүмкін болса, оның мөлшері туралы мәліметтерді, тауардың субсидияланатын импорт салдарынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген материалдық залалдың немесе осындай залалды келтіру не саланы құруды айтарлықтай бәсеңдету қатері болуының дәлелдемелерін, сондай-ақ көлемі мен қолданылу мерзімін көрсете отырып, өтемақы шарасын енгізу туралы ұсынысты (өтемақы шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) көрсетеді.
Демпингтік импорт немесе субсидияланатын импорт салдарынан (демпингке қарсы шараны немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген елеулі залалдың немесе мұндай залалды келтіру қатері болуының дәлелдемелері (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) және Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген материалдық залалдың немесе материалдық залалды келтіру не саланы құруды айтарлықтай бәсеңдету қатері болуының дәлелдемелері Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласының экономикалық жағдайын сипаттайтын объективті факторларға негізделуге тиіс және өткен кезеңдегі, сондай-ақ өтініш берілген күнге қарағандағы репрезентативтік статистикалық деректер қолжетімді болатын кейінгі кезеңдегі сандық және (немесе) құндық көрсеткіштермен берілуге тиіс (оның ішінде тауарды өндіру көлемі және оны өткізу көлемі, Кеден одағына мүше мемлекеттер нарығындағы тауардың үлесі, тауарды өндірудің өзіндік құны, тауардың бағасы, өндіріс қуаттылықтарының жүктелу дәрежесі, еңбек өнімділігі, пайда мөлшері, өндіріс рентабельділігі, тауарды өткізу көлемі, Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына салынатын инвестициялар көлемі).
7. Өтінішті тергеп-тексеру жүргізетін орган тіркеген күн оны беру күні болып саналады.
8. Өтініште қамтылатын көрсеткіштерді көрсеткен кезде салыстыру мақсатында бірыңғай ақшалай және сандық бірліктер пайдаланылуға тиіс.
9. Өтініште қамтылатын мәліметтерді мұндай мәліметтер берген басшылар, сондай-ақ олардың бухгалтерлік есеп пен бухгалтерлік есептілікті жүргізу үшін жауапты қызметкерлері мұндай мәліметтерді осы өндірушілерге тікелей қатысты мәліметтер бойынша растауға тиіс.
10. Өтініш оның құпия емес нұсқасын қоса бере отырып (егер өтініште құпия ақпарат қамтылса), осы Кодекстің 432-бабы 18-тармағының ережелеріне сәйкес тергеп-тексеру жүргізетін органға ұсынылады және өтініш осы органға түскен күні тіркелуге жатады.
11. Арнайы қорғау шарасын, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтініш мынадай негіздер бойынша қабылданбайды:
өтінішті берген кезде осы баптың 4 - 6-тармақтарында көрсетілген материалдардың ұсынылмауы;
өтініш беруші ұсынған, осы баптың 4 - 6-тармақтарында көзделген материалдардың дәйексіздігі.
Өтініштің өзге негіздер бойынша қабылданбауына жол берілмейді.
12. Тергеп-тексеру жүргізетін орган тергеп-тексеруді бастау туралы шешім қабылдағанға дейін демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтініштің келіп түскені туралы экспорттаушы үшінші елді жазбаша нысанда хабардар етеді.
13. Тергеп-тексеру жүргізетін орган тергеп-тексеруді бастау туралы шешім қабылдағанға дейін өтінішті тіркеген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде осы баптың 4 - 6-тармақтарына сәйкес осы өтініште қамтылған дәлелдемелер мен мәліметтердің жеткіліктілігін және дәйектілігін зерделейді. Мұндай мерзім тергеп-тексеру жүргізетін органға өтініш берушіден қосымша мәліметтер алу қажет болған жағдайда ұзартылады, бірақ ол барлық жағдайда күнтізбелік алпыс күннен аспауға тиіс.
14. Өтініш беруші тергеп-тексеру басталғанға дейін немесе оны жүргізу барысында өтінішті кері қайтарып алуы мүмкін.
Егер өтініш тергеп-тексеру басталғанға дейін кері қайтарып алынса, ол берілмеген болып саналады.
Егер өтініш тергеп-тексеруді жүргізу барысында кері қайтарып алынған болса, арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын енгізбестен, тергеп-тексеру тоқтатылады.
15. Тергеп-тексеруді бастау туралы шешім қабылдағанға дейін өтініште қамтылған мәліметтер жария етуге жатпайды.
433-бап. Тергеп-тексеруді бастау және оны жүргізу
1. Тергеп-тексеру жүргізетін орган осы Кодекстің 432-бабының
13-тармағында көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін тергеп-тексеруді бастау немесе оны жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
2. Тергеп-тексеру жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде тергеп-тексеру жүргізетін орган мұндай шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде жазбаша нысанда тергеп-тексеруді жүргізуден бас тарту себебі туралы өтініш берушіні хабардар етеді.
3. Тергеп-тексеруді бастау туралы шешім қабылдаған кезде тергеп-тексеру жүргізетін орган экспорттаушы үшінші елдің уәкілетті органын, сондай-ақ оған мәлім басқа да мүдделі тұлғаларды қабылданған шешім туралы жазбаша нысанда хабардар етеді және тергеп-тексеруді бастау туралы шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тергеп-тексеруді бастау туралы хабарламаның ресми баспа басылымында жариялануын қамтамасыз етеді.
4. Интернет желісіндегі Комиссияның ресми сайтында тергеп-тексеруді бастау туралы хабарламаның жариялану күні тергеп-тексеруді бастау күні болып танылады.
5. Тергеп-тексеру жүргізетін орган, егер оның қарамағында өспелі импорттың немесе содан туындаған елеулі залалдың немесе Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына осындай залалды келтіру қатері болуының не демпингтік немесе субсидияланатын импорттың және содан туындайтын материалдық залалдың және мұндай залалды келтіру қатері болуының дәлелдемелері немесе Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласын құруды айтарлықтай бәсеңдетудің дәлелдемелері болған жағдайда ғана тергеп-тексеруді бастау туралы шешімді қабылдауы мүмкін, оның ішінде өз бастамасы бойынша қабылдауы мүмкін.
Егер қолда бар дәлелдемелер жеткіліксіз болса, мұндай тергеп-тексеру басталмауға тиіс.
6. Мүдделі тұлғалар тергеп-тексеруге өзінің қатысу ниеті туралы жазбаша нысанда және осы Кодексте белгіленген мерзімде мәлімдеуге құқылы. Олар тергеп-тексеруге қатысу ниеті туралы өтінішті тергеп-тексеру жүргізетін орган тіркеген күннен бастап тергеп-тексеруге қатысушылар болып танылады.
7. Мүдделі тұлғалар тергеп-тексеру барысын бұзбайтын мерзімде тергеп-тексеруді жүргізу үшін қажетті мәліметтерді, оның ішінде құпия ақпаратты осындай мәліметтер алынған көзді көрсете отырып, ұсынуға құқылы.
8. Тергеп-тексеру жүргізетін орган мүдделі тұлғадан тергеп-тексеру мақсаттары үшін қосымша мәліметтер сұратуға құқылы.
Сұрау салу мүдделі тұлғаның уәкілетті өкіліне берілген кезден бастап не сұрау салу почта байланысы арқылы жөнелтілген күннен бастап күнтізбелік жеті күн өткен соң оны мүдделі тұлға алған болып саналады.
Мүдделі тұлғаның жауабы сұрау салу алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей тергеп-тексеру жүргізетін органға ұсынылуға тиіс. Мүдделі тұлға көрсетілген мерзім өткен соң ұсынған мәліметтерді тергеп-тексеру жүргізетін орган назарға алмауы мүмкін.
Мүдделі тұлғаның дәлелді және жазбаша нысанда мазмұндалған өтініші бойынша тергеп-тексеру жүргізетін орган жауапты беру мерзімін ұзартуы мүмкін.
9. Егер мүдделі тұлға тергеп-тексеру жүргізетін органға қажетті ақпаратты ұсынудан бас тартқан болса, оны белгіленген мерзімде ұсынбай немесе дәйексіз ақпарат беріп, осылайша тергеп-тексерудің жүргізілуін айтарлықтай қиындатса, мұндай мүдделі тұлға ынтымақтаспайтын тұлға болып танылады және алдын ала немесе түпкілікті қорытындыларды тергеп-тексеру жүргізетін орган қолда бар ақпарат негізінде жасай алады.
Сұратылған ақпараттың электронды түрде немесе тергеп-тексеру жүргізетін орган белгілеген электронды форматта ұсынылмауын тергеп-тексеру жүргізетін органның сұрау салуында белгіленген ақпаратты ұсыну критерийлерін толық орындаудың мүмкін еместігін немесе оның елеулі материалдық шығындармен байланысты екендігін дәлелдей алады деген шартпен тергеп-тексеру жүргізетін орган ынтымақтасудан бас тарту ретінде бағаламауға тиіс.
Егер тергеп-тексеру жүргізетін орган осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілгендерден ерекшеленетін себептер бойынша мүдделі тұлға ұсынған ақпаратты есепке алмаса, осы тұлға мұндай шешімді қабылдау себептері мен негіздері туралы хабардар етілуге тиіс және осыған байланысты тергеп-тексеру жүргізетін орган белгілейтін мерзімде оған өз түсіндірмелерін ұсыну мүмкіндігі берілуге тиіс.
Егер тауардың қалыпты құнын анықтауды қоса алғанда, тергеп-тексеру жүргізетін органның алдын ала немесе түпкілікті қорытындысын дайындаған кезде (демпингке қарсы тергеп-тексеруді жүргізген кезде), осы тармақтың бірінші абзацының ережелері қолданылса және ақпарат, оның ішінде өтініш беруші ұсынған ақпарат пайдаланылса, онда мұндай қорытындыларды дайындаған кезде қолданылатын ақпарат мұндай тергеп-тексеруді жүргізу тергеп-тексерудің барысын қиындатпайды және оны жүргізу мерзімдерінің бұзылуына алып келмейді деген шартпен үшінші көздерден немесе мүдделі тұлғалардан алынатын қолжетімді ақпаратты қолдана отырып тексерілуге тиіс.
10. Тергеп-тексеру жүргізетін орган, егер өтініште құпия ақпарат қамтылған болса, тергеп-тексеруге қатысушыларға өтініштің немесе оның құпия емес нұсқасының көшірмесін береді.
Тергеп-тексеру барысында тергеп-тексеру жүргізетін орган құпия ақпаратты қорғау қажеттілігін есепке ала отырып, тергеп-тексеруге қатысушыларға олардың сұрау салуы бойынша кез келген мүдделі тұлға тергеп-тексеру нысанасына қатысы бар дәлелдемелер ретінде жазбаша түрде танысу үшін берген мәліметтерді ұсынады.
Тергеп-тексеру барысында тергеп-тексеру жүргізетін орган тергеп-тексеруге қатысушыларға тергеп-тексеруге қатысы бар және олар тергеп-тексеру барысында қолданатын, бірақ құпия ақпарат болып табылмайтын өзге де мәліметтермен танысу мүмкіндігін береді.
11. Тергеп-тексеру жүргізетін орган мүдделі тұлғалардың сұрау салуы бойынша жүргізіліп жатқан тергеп-тексерудің нысанасы жөнінде консультациялар жүргізеді.
12. Тергеп-тексеру барысында барлық мүдделі тұлғаларға өз мүдделерін қорғау мүмкіндігі беріледі. Осы мақсатта тергеп-тексеру жүргізетін орган барлық мүдделі тұлғаларға қарама-қарсы көзқарасын білдіріп, жоққа шығаруын ұсынуы үшін олардың сұрау салулары бойынша кездесу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Мұндай мүмкіндік ақпараттың құпиялығын сақтау қажеттілігін ескере отырып беріледі. Кездесуге барлық мүдделі тұлғалар қатысуға міндетті емес және қандай да бір мүдделі тұлғаның болмауы оның мүдделеріне нұқсан келтіруге әкеп соқпайды.
13. Өнімді өндіру кезінде тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды қолданатын тұтынушылар, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, мемлекеттік билік (басқару) органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ өзге тұлғалар тергеп-тексеруге қатысы бар мәліметтерді тергеп-тексеру жүргізетін органға ұсынуға құқылы.
14. Тергеп-тексеруді жүргізу мерзімі:
1) арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтініш негізінде тергеп-тексеру басталған күннен бастап тоғыз айдан аспауға тиіс. Бұл мерзімді тергеп-тексеру жүргізетін орган ұзартуы мүмкін, бірақ ол үш айдан аспауға тиіс;
2) демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтініш негізінде тергеп-тексеру басталған күннен бастап он екі айдан аспауға тиіс. Бұл мерзімді тергеп-тексеру жүргізетін орган ұзартуы мүмкін, бірақ ол алты айдан аспауға тиіс.
15. Тергеп-тексеруді жүргізу тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды кедендік ресімдеуге кедергі келтірмеуге тиіс.
16. Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган тергеп-тексеру жүргізуді қамтамасыз ету және арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан және мүдделі тұлғалардан мәліметтер, оның ішінде құпия ақпаратты қамтитын мәліметтер сұрата алады.
17. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өз құзыреті шегінде тергеп-тексеруді жүргізу және арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мақсаты үшін қажетті:
1) сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның сұрау салуы бойынша;
2) сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган арқылы тергеп-тексеру жүргізетін органның сұрау салуы бойынша мәліметтерді, оның ішінде құпия ақпаратты қамтитын мәліметтерді ұсынады.
Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган және/немесе тергеп-тексеру жүргізетін орган сұратқан ақпаратты ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары бұл туралы негіздемесін көрсете отырып, сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға хабарлайды.
18. Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган тергеп-тексеру жүргізетін орган сұратқан мәліметтерді, оның ішінде құпия ақпаратты қамтитын мәліметтерді жинауды, өңдеуді және беруді қаматамасыз етеді.
19. Тергеп-тексеруге жататын дәлелдемелер, мәліметтер және хат-хабарлар тергеп-тексеру жүргізетін органға 2011 жылғы 18 қарашадағы Еуразия экономикалық комиссия туралы шартта айқындалған Комиссияның жұмыс тілінде ұсынылуға тиіс, ал шетел тілінде жасалған құжаттардың түпнұсқалары ұсынылған аударма куәландырылған жұмыс тіліндегі аудармасымен қоса берілуге тиіс.
20. Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның өкілдері тергеп-тексеру жүргізу барысында тергеп-тексеру жүргізетін орган өткізген кездесулерге, консультацияларға, сондай-ақ жария тыңдауларға қатысады.
21. Осы Кодекстің 402-бабында көрсетілген тергеп-тексеру нәтижелері бойынша баяндаманы және Комиссия актісінің жобасын Комиссияның қарау күні тергеп-тексерудің аяқталған күні болып табылады.
Егер тергеп-тексеру жүргізетін орган арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану, қайта қарау немесе күшін жою үшін негіздемелердің жоқ екендігі туралы түпкілікті қорытынды жасаған болса, тергеп-тексеру жүргізетін органның тиісті хабарламаны жариялау күні тергеп-тексерудің аяқталған күні болып танылады.
Алдын ала арнайы бажды, алдын ала демпингке қарсы бажды немесе алдын ала өтемақы бажын енгізген жағдайда тергеп-тексеру тиісті алдын ала баждың қолданыста болу мерзімі аяқталғанға дейін аяқталуға тиіс.
434-бап. Демпингке қарсы тергеп-тексеру жүргізудің
ерекшеліктері
1. Демпингке қарсы тергеп-тексеру, егер тергеп-тексеру жүргізетін орган демпингтік маржа жол берілетін ең төмен демпингтік маржадан аз не болған немесе болуы мүмкін демпингтік импорттың көлемі немесе осындай импорттан туындаған материалдық залалдың мөлшері немесе мұндай залалды келтіру немесе Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласын құруды айтарлықтай бәсеңдету қатері елеусіз болып табылады деп анықтаса, демпингке қарсы шара енгізілместен тоқтатылады.
Бұл ретте мөлшері екі пайыздан аспайтын демпингтік маржа жол берілетін ең төмен демпингтік маржа деп түсініледі.
2. Белгілі бір экспорттаушы үшінші елден демпингтік импорттың көлемі, әрқайсысының жеке үлесі тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауардың Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына импортының жалпы көлемінің үш пайыздан азын құрайтын экспорттаушы үшінші елдерге жиынтығында тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауардың Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына импортының жалпы көлемінің жеті пайызынан аспайды деген шартпен, егер ол тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауардың Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына импортының жалпы көлемінің үш пайызынан азын құрайтын болса, елеусіз болып табылады.
3. Тергеп-тексеру жүргізетін орган демпингке қарсы тергеп-тексеру нәтижелері бойынша шешім қабылданғанға дейін тергеп-тексеруге қатысушыларға түпкілікті қорытындының құпия емес нұсқасын жібереді және өз түсіндірмелерін ұсыну мүмкіндігін береді.
435-бап. Өтемақылық тергеп-тексеру жүргізудің
ерекшеліктері
1. Егер тергеп-тексеру жүргізетін орган экспорттаушы үшінші елдің ерекше субсидиясының мөлшері ең төмен болып табылатынын не болған немесе болуы мүмкін субсидияланатын импорттың көлемі немесе осындай импорттан туындайтын материалдық залалдың мөлшері немесе мұндай залалды келтіру не Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың бәсеңдеу қатері елеусіз деп анықтаса, өтемақылық тергеп-тексеру өтемақы шарасы енгізілместен тоқтатылады.
2. Ерекше субсидияның мөлшері, егер ол тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауар құнының кемінде бір пайызын құраса, ең төмен деп танылады.
Субсидияланатын импорттың көлемі, әрқайсысының импорттағы жеке үлесі Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына ұқсас тауар импортының жалпы көлемінің бір пайызынан азын құрайтын экспорттаушы үшінші елдерге жиынтығында Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына ұқсас тауар импортының жалпы көлемінің үш пайызынан аспайды деген шартпен, егер ол Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына ұқсас тауар импортының жалпы көлемінің бір пайызынан азын құраса, әдетте, елеусіз деп танылады.
3. Әрқайсысының үлесіне осы тауардың Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына импортының жалпы көлемінің кемінде төрт пайызы келетін дамушы және аз дамыған елдерден Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына осы тауардың импортындағы жиынтық үлесі осы тауардың Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына импортының жалпы көлемінің тоғыз пайызынан аспайды деген шартпен, егер тергеп-тексеру жүргізетін орган осы тауарға қатысты экспорттаушы үшінші елдің ерекше субсидияларының жалпы мөлшері тауар бірлігіне есептелген оның құнының екі пайызынан аспайтынын немесе Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына осы тауар импортының жалпы көлеміндегі мұндай үшінші елден осы тауар импортының үлесі төрт пайыздан кем екендігін анықтаған жағдайда субсидияланатын импорттың нысанасы болып табылатын және Кеден одағының тарифтік преференциялары жүйесін пайдаланушы дамыған немесе аз дамыған елден шығатын тауарға қатысты өтемақылық тергеп-тексеру тоқтатылады.
4. Тергеп-тексеру жүргізетін орган өтемақылық тергеп-тексеру нәтижелері бойынша шешім қабылданғанға дейін тергеп-тексеруге қатысушыларға түпкілікті қорытындының құпия емес нұсқасын жібереді және өз түсіндірмелерін ұсыну мүмкіндігін береді.
436-бап. Демпингтік немесе субсидияланған импорт
жағдайында Кеден одағына мүше мемлекеттердің
экономика саласын айқындау ерекшеліктері
1. Демпингке қарсы немесе өтемақы тергеп-тексеруін жүргізу кезінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласы осы баптың 2 және 3-тармақтарында аталған жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 404-бабында белгіленген мағынада түсіндіріледі.
2. Егер Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұқсас тауарды өндірушілері болжамды түрде демпингтік немесе субсидияланған импорттың нысанасы болып табылса, бір уақытта тауарды импорттаушылар болып табылса, Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұқсас тауардың қалған өндірушілері ғана Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласы дкп түсіндіріледі.
Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласы деп, егер:
1) Кеден одағына мүше мемлекеттерде ұқсас тауарды жекелеген өндiрушiлерi тергеп-тексеру объектiсi болып табылатын тауардың экспорттаушыларын немесе импорттаушыларын тiкелей не жанама бақылайтын;
2) тергеп-тексеру объектiсi болып табылатын тауардың жекелеген экспорттаушыларын немесе импорттаушыларын, Кеден одағына мүше мемлекеттердегі ұқсас тауарды өндiрушiлерді тiкелей немесе жанама бақылайтын;
3) Кеден одағына мүше мемлекеттердегі ұқсас тауардың жекелеген өндiрушiлерiн және тергеп-тексеру объектiсi болып табылатын тауардың экспорттаушыларын немесе импорттаушыларын үшiншi тұлға тiкелей немесе жанама бақылайтын;
4) Кеден одағына мүше мемлекеттерде ұқсас тауарлардың жекелеген өндiрушiлерi және шетелдiк өндiрушiлер, тергеп-тексеру объектiсi болып табылатын тауар экспорттаушылары немесе импорттаушылар тергеп-тексеру жүргiзетiн органның осындай байланыс өндiрушiлердiң әрекетiне байланысты емес ерекше деп болжауға негiзi болса, үшiншi тұлға тiкелей немесе жанама түрде бақылайтын болса, Кеден одағына мүше мемлекеттерде ұқсас тауарды қалған өндірушілер ретінде түсініледі.
3. Айрықша жағдайларда Кеден одағына мүше мемлекеттердiң экономикасы саласын айқындау кезiнде осы мүше мемлекеттердiң аумағы екi немесе бiрнеше аумақтық оқшауланған бәсекелес нарық жұмыс iстейтiн аумақ ретiнде, ал Кеден одағына мүше мемлекеттердегi өндiрушiлер аталған нарықтың бiреуiнiң шегiнде, егер мұндай өндiрушiлер осындай нарықтың тұтыну немесе өздерi өндiретiн ұқсас тауардың кемiнде сексен пайызын қайта өңдеу мақсатында сататын және мұндай нарықта ұқсас тауар сұранысын Кеден одағына мүше мемлекеттердiң қалған аумағында тұрған осы тауарды өндiрушiлер елеулi мөлшерде қанағаттандырмайтын болса, Кеден одағына мүше мемлекеттер экономикасының жекелеген саласы ретiнде қарастырылуы мүмкiн.
Мұндай жағдайларда материалдық залалдың, осындай залал келтiру қаупiнiң немесе демпингтiк немесе субсидияланатын импорттың салдарынан Кеден одағына мүше мемлекеттердiң экономикасы саласының құрылуын елеулi тежеу болған жағдайларда, егер тіпті Кеден одағына мүше мемлекеттердiң экономикасы саласының негiзгi бөлiгiне залал келтiрiлмесе де, демпингтiк немесе субсидияланатын импорттың мәнi болып табылатын тауарды сату кезiнде аталған бәсекелесетiн нарықтардың бiрiнде шоғырландырылған және демпингтiк немесе субсидияланған импорт барлығына немесе Кеден одағына мүше мемлекеттердiң ұқсас тауарды өндiрушiлерiнiң барлығына дерлiк осындай бiр нарықтың шегiнде залал келтiредi.
4. Егер Кеден одағына мүше мемлекеттер экономикасының саласы осы баптың 3-тармағында белгiленген мағынада түсiндiрiлетiн болса және тергеп-тексеру нәтижелерi бойынша демпингке қарсы немесе өтемдік шарасын қолдану туралы шешiм қабылданатын болса, мұндай шара тауардың барлық импортына қатысты Кеден одағының бiрыңғай кеден аумағында қолданылатын болады.
Мүндай жағдайда демпингке қарсы немесе өтемақы бажы тергеп-тексеру жүргiзетiн орган тауарды экспорттаушыларға осы аумаққа осындай тауарды демпингтiк баға бойынша (демпингтiк импорт кезiнде) немесе субсидияланған баға бойынша (субсидияланған импорт кезiнде) экспорттауды тоқтату не Кеден одағының бiрыңғай кеден аумағына арналған экспорт шарттарына қатысты тиiстi мiндеттемелердi өзiне алу мүмкiндiгiн бергеннен кейiн ғана, мұндай мүмкiндiктi экспорттаушылар бұрын пайдаланбаған жағдайда енгiзiледi.
437-бап. Жария тыңдаулар
1. Тергеп-тексеруге қатысушылардың кез келгені жазбаша нысанда ұсынған қолдау хатының және осы Кодекске сәйкес белгіленген мерзімінің негізінде тергеп-тексеру жүргізетін орган жария тыңдаулар өткізуді қамтамасыз етеді.
2. Тергеп-тексеру жүргізетін орган тергеп-тексеруге қатысушыларға жария тыңдауларды өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны, сондай-ақ жария тыңдау өткізу барысында қарастырылатын мәселелердің тізбесін жіберуге міндетті.
Жария тыңдау өткізу уақыты тиісті хабарлама жіберілген күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен соң белгіленеді.
3. Жария тыңдауларға тергеп-тексеруге қатысушылар немесе олардың өкілдері, сондай-ақ тергеп-тексеруге қатысты мәліметтерді беру мақсатында өздері тартқан тұлғалар қатысуға құқылы.
Жария тыңдаулар барысында тергеп-тексеруге қатысушылар өз пікірлерін білдіре алады және тергеп-тексеруге қатысты дәлелдемелер бере алады. Тергеп-тексеру жүргізетін органның өкілі жария тыңдауға қатысушыларға олар хабарламаған фактілердің нақтылығына қатысты сұрақтар қоюға құқылы. Тергеп-тексеруге қатысушылар бір-біріне сұрақтар қоюға да құқылы және оларға жауап беруге міндетті. Жария тыңдауға қатысушылар құпия деп танылған ақпаратты жарияламауға міндетті.
4. Жария тыңдаулар барысында ауызша нысанда берілген мәліметтер, егер оларды тергеп-тексеруге қатысушылар жария тыңдаулар өткізілгеннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде тергеп-тексеру жүргізетін органға жазбаша нысанда ұсынса, тергеп-тексеру барысында ескеріледі.
438-бап. Тергеп-тексеру жүргізу барысында ақпарат жинау
1. Демпингке қарсы немесе өтемдік тергеп-тексерулерді бастау туралы шешім қабылдағаннан кейін тергеп-тексеру жүргізетін орган өзіне белгілі экспорттаушыларға және (немесе) тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды өндірушілерге жауап беруге тиіс сұрақтардың тізбесін жібереді.
Сұрақтар тізбесі Кеден одағына мүше мемлекеттердiң ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау тергеп-тексеруін жүргізу жағдайында) не ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемдік тергеп-тексеру жүргізу жағдайында) өндірушілерге де жіберіледі.
2. Сұрақтар тізбесі жіберілген тауарды экспорттаушылар және (немесе) өндірушілер аталған тізбені алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде тергеп-тексеру жүргізетін органға өз жауаптарын беруге міндетті.
Экспорттаушылардың және (немесе) өндірушілердің дәлелденген және жазбаша нысанда жазылған өтініші бойынша көрсетілген мерзімді тергеп-тексеру жүргізетін орган күнтізбелік он төрт күннен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.
3. Сұрақтар тізбесі почта арқылы жіберілген күннен бастап күнтізбелік жеті күннен кейін немесе экспорттаушының және (немесе) өндірушінің өкіліне тікелей тапсырылған күн тауарды экспорттаушы және (немесе) өндіруші алған болып саналады.
Тізбеге енгізілген сұрақтарға жауаптарды, егер олар тергеп-тексеру жүргізетін органға құпия және құпия емес нұсқаларда осы баптың 2-тармағында көрсетілген отыз күндік мерзім аяқталған күннен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірілмей немесе оны ұзартқан күн аяқталған күннен бастап келіп түскен болса, тергеп-тексеру жүргізетін орган алған болып саналады.
4. Тергеп-тексеру жүргізетін орган тергеп-тексеру барысында мүдделі тұлғалар ұсынған ақпараттың дәлдігіне және дәйектілігіне көз жеткізеді.
Тергеп-тексеру барысында ұсынылған мәліметтерді тексеру немесе жүргізіліп жатқан тергеп-тексеруге байланысты қосымша мәліметтер алу мақсатында тергеп-тексеру жүргізетін орган қажет болған жағдайда;
1) тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды тиісті шетелдік экспорттаушылардың және (немесе) өндірушілердің келісімін алған жағдайда және алдағы тергеп-тексеру туралы ресми түрде алдын ала хабардар етілген үшінші елдің тарапынан қарсылық болмаған кезде үшінші елдің аумағында;
2) Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тиісті тауар импорттаушыларының және (немесе) ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды өндірушілердің келісімін алған және алдағы тергеп-тексеру туралы ресми түрде алдын ала хабардар етілген мүше мемлекеттің тарапынан қарсылық болмаған жағдайда тексеру жүргізуі мүмкін.
Шетелдік өндіруші немесе экспорттаушы осындай жауаптарды жібергенге дейін тексеру жүргізуге өз еркімен келіскен жағдайларды қоспағанда және тиісті үшінші елдің тарапынан қарсылық болмаған кезде тексеру осы баптың 1-тармағының ережелеріне сәйкес тергеп-тексеру жүргізетін орган жіберген сұрақтар тізбесіне жауап алынғаннан кейін жүргізіледі.
Тиісті тергеп-тексеруге қатысушылардың келісімін алғаннан кейін және тексеру басталғанға дейін оларға тексеру жүргізуге жіберілген қызметкерге ұсынылуы тиіс құжаттар мен материалдардың тізімі жіберіледі. Тергеп-тексеру жүргізетін орган тексеру жоспарланып отырған шетел экспорттаушыларының немесе өндірушілерінің мекенжайлары және атаулары, сондай-ақ осындай тексерулерді жүргізу күндері туралы үшінші елді хабардар етеді.
Тергеп-тексеру барысында сауалдардың жауаптарында ұсынылған ақпараттың шынайылылығын растау үшін қажетті басқа да құжаттар мен материалдар да сұратылуы мүмкін.
5. Тергеп-тексеру барысында берілген мәліметтерді тексеру немесе жүргізілетін тергеп-тексерумен байланысты алынған қосымша мәліметтерді алу мақсатында тергеп-тексеру жүргізетін орган өз өкілдерін мүдделі тұлғалардың тұратын жерлеріне жіберуге, ақпараттар жинауды, мүдделі тұлғалармен консультациялар мен келіссөздер жүргізуге, тауардың үлгілерімен танысуға және тергеп-тексеру жүргізуге қажетті өзге де іс-әрекеттерді қолдануға құқылы.
439-бап. Мүдделі тұлғалар
1. Мемлекеттік тергеп-тексеру жүргізу кезінде:
1) Кеден одағына мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау тергеп-тексеруін жүргізген кезде) не ұқсас тауарды өндіруші (демпингке қарсы немесе өтемақы тергеп-тексеруін жүргізген кезде);
2) қатысушылардың көпшілігі ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар (арнайы қорғау тергеп-тексеруін жүргізген кезде) не ұқсас тауар өндірушісі (демпингке қарсы немесе өтемақы тергеп-тексеруін жүргізген кезде) болып табылатын Кеден одағына мүше мемлекеттердегі өндірушілердің бірлестігі;
3) қатысушылары Кеден одағына мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар (арнайы қорғау тергеп-тексеруін жүргізетін кезде) не ұқсас тауар (демпингке қарсы немесе өтемақы тергеп-тексеруін жүргізген кезде) өндірісінің жалпы көлемінің жиырма бес пайызынан аса өндірісін жүзеге асыратын Кеден одағына мүше мемлекеттер өндірушілерінің бірлестігі;
4) тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушы, шетелдік өндіруші немесе импорттаушы және қатысушылардың елеулі бөлігі аталған тауарды өндірушілер, экспорттаушылар немесе экспорттаушы үшінші елден немесе тауар шығаратын мемлекеттен импорттаушылар болып табылатын шетелдік тауар өндірушілерінің, экспорттаушыларының немесе импорттаушыларының бірлестігі;
5) экспорттаушы үшінші елдің не тауар шығарылатын мемлекеттің уәкілетті органы;
6) егер олар өнімді өндірген кезде осындай тауарды пайдаланса, тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауардың тұтынушылары және Кеден одағына мүше мемлекеттердегі осындай тұтынушылардың бірлестіктері;
7) егер тауар көбінесе жеке тұлғалардың тұтыну нысанасы болып табылса, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері мүдделі тұлғалар болып табылады.
2. Мүдделі тұлғалар тергеп-тексеру барысында дербес немесе нотариаттық түрде ресімделген өкілеттігі бар өз өкілдері арқылы әрекет етеді.
440-бап. Құпия ақпарат
1. Құпия ақпарат ретінде мемлекеттік құпияны (мемлекеттік құпияларды) қоспағанда, қол жетімділігі шектеулі, коммерциялық және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатын өзге де ақпарат (құпия) түсініледі.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары құпия ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға береді.
3. Мүдделі тұлға сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға беретін ақпарат осы тұлға, оның ішінде осындай ақпаратты ашу үшінші тұлғаға бәсекелестік артықшылық беретінін не осындай ақпаратты берген тұлға үшін не осындай ақпаратты алған тұлға үшін қолайсыз салдарға әкеп соғатындығын куәландыратын негіздемелер берген кезде құпия ретінде қарастырылады.
Негіздемелер жазбаша түрде берілуге тиіс.
4. Құпия ақпаратты сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға берген мүдделі тұлға онымен бірге осындай ақпараттың құпия емес нұсқасын беруге міндетті.
Құпия емес нұсқа құпия түрде берілген ақпараттың маңызын түсіну үшін жеткілікті түрде толық болуға тиіс.
Айрықша жағдайларда мүдделі тұлғалар құпия емес нұсқадағы ақпаратты берудің мүмкін еместігі себептерін баяндап, құпия емес түрдегі құпия ақпаратты берудің мүмкін еместігінің негіздемесін ұсына алады.
5. Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган, тергеп-тексеру жүргізуші органды қоспағанда, құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға бере алмайды.
Мүдделі тұлғалар берген құпия ақпарат олардың жазбаша рұқсатынсыз жарияланбайды.
Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары құпия ақпаратты жеке мақсатта пайдаланыла алмайды.
441-бап. Экспорттаушы үшінші елдің болжамды ерекше
субсидиясының болуын белгілеуге арналған
консультациялар
1. Тергеп-тексеру жүргізетін орган өтінішті қарауға қабылдағаннан кейін және тергеп-тексеруді бастау туралы шешім қабылдағанға дейін оған қатысты өтемақы шарасын енгізу ұсынылатын және тауар экспортталатын экспорттаушы үшінші елдің уәкілетті органына болжалды өзіндік ерекшелікті субсидияның болуы, мөлшері мен салдарына қатысты жағдайды нақтылау және өзара қолайлы шешімге қол жеткізу мақсатында консультациялар жүргізуді ұсынуға тиіс.
Мұндай консультациялар тергеп-тексеру барысында да жалғасуы мүмкін.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген консультацияларды жүргізу тергеп-тексеруді бастау және өтемақы шарасын қолдану туралы шешім қабылдауға кедергі келтірмейді.
442-бап. Тергеп-тексеруге байланысты қабылданатын
шешімдер туралы хабарламалар
1. Тергеп-тексеру жүргізетін орган тергеп-тексеруге байланысты қабылданатын шешімдер туралы хабарламаларды Кеден одағы комиссиясының ресми сайтында жариялайды.
Мұндай хабарламаларды сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға, Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарына және аталған хабарламаларда қабылданған шешімдерде мүдделері қозғалуы мүмкін Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген шаруашылық жүргізуші субъектілерге жібереді.
2. Тергеп-тексеруді бастау туралы хабарламада:
1) тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауардың толық сипаттамасы;
2) экспорттаушы үшінші елдің атауы;
3) тергеп-тексеруді бастау туралы шешімнің қабылдануының орындылығын растайтын фактілерді қысқаша баяндау;
4) Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында импорттың өсуінің дәлелі (арнайы қорғау тергеп-тексеруінің басталуы туралы шешім қабылданған кезде);
5) Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына келтірілген елеулі залалдың немесе елеулі залал келтіру қаупінің болуын куәландыратын фактілердің қысқаша баяндалуы (арнайы қорғау тергеп-тексеруінің басталуы туралы шешім қабылданған кезде);
6) демпингтік немесе субсидияланатын импорттың болуы туралы оң қорытынды үшін негіздемені қысқаша баяндау (демпингке қарсы немесе өтемақы тергеп-тексеруінің басталуы туралы шешім қабылданған кезде);
7) Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына материалдық залалдың немесе материалдық залал келтіру қаупінің не Кеден одағына мүше мемлекеттер экономикасы саласын құрудың айтарлықтай бәсеңдеуінің бар екендігін куәландыратын фактілердің қысқаша баяндалуы (демпингке қарсы немесе өтемақылық тергеп-тексерудің басталуы туралы шешім қабылданған кезде);
8) мүдделі тұлғалар пікірлерін және тергеп-тексеруге қатысты мәліметтерді жібере алатын мекенжай;
9) мүдделі тұлғалар өздерінің тергеп-тексеруге қатысу ниеті туралы мәлімдей алатын кемінде күнтізбелік отыз күнді құрайтын мерзім;
10) тергеп-тексеруге қатысушылар көпшілік алдында тыңдауды өткізу туралы өтініш жасай алатын кемінде күнтізбелік алпыс күнді құрайтын мерзім;
11) мүдделі тұлғалар жазбаша нысанда өздерінің түсініктемелерін және тергеп-тексеруге қатысты мәліметтерді ұсына алатын кемінде күнтізбелік тоқсан күнді құрайтын мерзім қамтылуға тиіс.
3. Алдын ала демпингке қарсы немесе алдын ала өтемақы бажын енгізу туралы хабарламада сондай-ақ мынадай ақпарат:
1) тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауар экспорттаушының атауы не егер осындай деректерді келтіру мүмкін болмаса, экспорттаушы үшінші елдің атауы;
2) тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауардың кедендік ресімдеу мақсаттары үшін жеткілікті сипаттамасы;
3) демпингтік маржаның көлемі көрсетілген және тауардың қалыпты құны мен оның экспорттық бағасын есептеу және салыстыру әдіснамасын таңдау негіздемесінің сипаттамасы бар демпингтік импорттың болуы туралы оң қорытындының негіздері (алдын ала демпингке қарсы баж салығын енгізген кезде);
4) субсидияның болу фактісінің сипаттамасы бар және тауар бірлігіне есептелген субсидия мөлшері көрсете отырып, субсидияланатын импорттың болуы туралы оң қорытындының негіздері (алдын ала өтемақы бажын енгізген кезде);
5) материалдық залалдың, осындай залалды келтіру қаупінің немесе Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласын құрудың айтарлықтай бәсеңдеуін анықтаудың негіздері;
6) демпингтік немесе субсидияланатын импорт пен материалдық залалдың, осындай залалды келтіру қаупінің немесе Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласын құрудың айтарлықтай бәсеңдеуінің арасындағы себеп-салдарлық байланысын анықтаудың негіздері;
7) импорттың өспелі болуы туралы оң қорытынды үшін негіздер (алдын ала арнайы бажды енгізу кезінде) қамтылуға тиіс.
4. Арнайы қорғау тергеп-тексеруінің нәтижелері бойынша хабарламада тергеп-тексеру жүргізетін орган өзінің иелігіндегі ақпаратты талдаудың негізінде жасалған негізгі қорытындылар қамтылуға тиіс және тергеп-тексеру жүргізетін орган оны тергеп-тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жариялауы керек.
5. Нәтижелері бойынша тергеп-тексеру жүргізген орган демпингке қарсы немесе өтемақы бажын енгізуге негіздердің бар екендігі туралы не тиісті міндеттемелерді мақұлдаудың орындылығы туралы қорытынды жасалған тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы хабарлама тергеп-тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жарияланады және ол:
1) тергеп-тексеру жүргізетін органның тергеп-тексеру нәтижелері туралы соңғы қорытындысының түсіндірмесі;
2) олардың негізінде осындай қорытынды жасалған фактілерге нұсқаманы;
3) осы баптың 3-тармағында көрсетілген ақпаратты;
4) тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушылардың және импорттаушылардың тергеп-тексеру барысында айтылған уәждемелері мен талаптарын қабылдау немесе қабылдамау себептерін көрсетуді;
5) осы Кодекстің 411-бабының 8-12-тармақтарына сәйкес шешімдер қабылдаудың себептерін көрсетуді қамтуға тиіс.
6. Тиісті міндеттемелердің мақұлдануымен байланысты тергеп-тексерудің аяқталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламада осындай міндеттемелердің құпия емес нұсқасы қамтылуға тиіс.
7. Осы баптың ережесі тиісті айырмашылықтарды ескере отырып, қайтадан тергеп-тексеруді бастау және аяқтау туралы хабарламаларға қолданылады.
443-бап. Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы
шараларын қолданбау
1. Кеден одағының комиссиясы тергеп-тексерудiң нәтижелерi бойынша арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолданбау туралы, тiптi егер мұндай шараны қолдану осы Заңда белгiленген өлшемдерге сәйкес келсе деа шешiм қабылдауы мүмкiн.
Аталған шешiм, егер мұндай шараны қолдану тергеп-тексеру жүргізетін орган мүдделі тұлғалар ұсынған барлық ақпаратты талдаудың нәтижелері бойынша Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң мүдделерiне залал келтiруi мүмкiндігі туралы қорытынды дайындаған жағдайда қабылдануы мүмкiн. Мұндай шешім осындай шешімді қабылдауға негіз болған себептер өзгерген жағдайда қайта қаралуы мүмкін.
Тиісті шараны қолданудың орынсыздығы туралы ұсынысты сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келіседі.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған қорытынды Кеден одағына мүше мемлекеттер экономикасының саласы, егер олар осы тауарды өнiмдi өндiрген кезде пайдаланса, тергеп-тексеру объектiсi болып табылатын тауар тұтынушылардың және Кеден одағына мүше мемлекеттердегi осындай тұтынушылар бiрлестiктерiнiң, егер тауар көбiнесе жеке тұлғалардың және осы тауар импорттаушылардың тұтыну нысанасы болса, осы тауардың импорттаушылардың мүдделерiн жиынтық бағалаудың нәтижелерiне негiзделуге тиiс. Бұл ретте көрсетiлген тұлғаларға осы баптың 3-тармағының ережелерiне сәйкес осы мәселе бойынша өзiнiң түсiнiктемелерiн ұсыну мүмкiндiгi берiлгеннен кейiн ғана осындай қорытынды жасалуы мүмкін.
Осындай қорытындыны дайындаған кезде өспелi, демпингтiк немесе субсидияланатын импорт сауданың әдеттегi барысына және Кеден одағына мүше мемлекеттердің тиiстi тауар нарығындағы бәсекелестiктiң және Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласының жағдайына бұрмалаушы әсерiн жою қажеттiлiгiне ерекше көңiл бөлiнуге тиіс.
3. Осы баптың 1-тармағының ережелерiн қолдану мақсатында Кеден одағына мүше мемлекеттердегi ұқсас немесе тiкелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау тергеп-тексеруiн жүргiзген кезде) не ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақы тергеп-тексеруiн жүргiзген кезде) өндiрушiлер, олардың бiрлестiктерi, тергеп-тексеру объектiсi болып табылатын тауарды импорттаушылар және импорттаушылар бiрлестiктерi, егер олар өнiмдi өндiрген кезде мұндай тауарды пайдаланса, Кеден одағына мүше мемлекеттердегi тергеп-тексеру объектiсi болып табылатын тауар тұтынушылар және мұндай тұтынушылардың бiрлестiктерi, егер тауар көбiнесе жеке тұлғалардың тұтыну нысанасы болса, тұтынушылардың қоғамдық бiрлестiктерi осы Кодекстің 442-бабының 2-тармағына сәйкес жарияланатын хабарламада белгiленген мерзiм iшiнде осы мәселе бойынша өз түсiнiктемелерi мен ақпаратын ұсынуға құқығы бар. Тиiстi жағдайларда мұндай түсiнiктемелер мен ақпарат немесе олардың құпия емес нұсқасы осы тармақта көрсетiлген өздерiнiң жауап түсiнiктемелерiн ұсынуға құқылы басқа мүдделi тұлғаларға танысу үшiн ұсынылуға тиiс.
Осы тармақтың ережелерiне сәйкес ұсынылатын ақпарат оның шынайылығын растайтын объективтi фактiлер болған кезде алынған қайнар көзiне қарамастан, назарға алынуға тиiс.
444-бап. Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке
қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы
Келісім ережелерін түсіндіруге және (немесе)
қолдануға байланысты Кеден одағына мүше
мемлекеттер арасындағы дауларды шешу
1. Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісім ережелерін түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Кеден одағына мүше мемлекеттер арасындағы даулар, бiрiншi кезекте, келiссөздер мен консультациялар жүргiзу арқылы шешiледi. Егер дау тараптарының бiрі даудың екiншi тарапына келiссөздер мен консультациялар жүргiзу туралы ресми жазбаша өтiнiш жiберген күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн iшiнде дау тараптары дауды олар арқылы реттемесе, онда дау тараптарының арасында оны шешу тәсіліне қатысты өзге уағдаластық болмаған кезде, даудың кез келген тарапы бұл дауды қарау үшін Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына жүгінуге құқығы бар.
2. Мүдделі тұлғалар арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану жөнінде тергеп-тексеру жүргізетін органның шешімдеріне сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.
7-БӨЛІМ. КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ
НЫСАНДАРЫ 30-тарау. КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ
445-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғаудың
нысандары
1. Әрбір кәсіпкерлік субъектісінің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқығы бар.
Кәсіпкерлік субъектілерінің бұзылған немесе даулы құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де тәртіппен (аралық сот, халықаралық төрелік, медиация, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл, омбудсман, келіссөздер, шағымдық тәртіп және өзге де) жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының іс-әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) және актілеріне (шешімдеріне) шағымдану арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
3. Арнайы заңдарда көзделген жағдайларда кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау құқығы бұзылған кәсіпкерлік субъектісінің тiкелей iс жүзiндегi немесе заңдық іс-әрекеттерiмен жүзеге асырылуы мүмкiн (өзiн-өзi қорғау).
446-бап. Қорғаудың соттық нысаны
Кәсіпкерлік субъектілері құқықтары, бостандықтары немесе заңмен қорғалатын мүдделерi бұзылғанда немесе дауға түскенде, оны қорғау үшiн Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
447-бап. Кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын
тараптардың дауларды сотқа дейінгі реттеуі
1. Құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған кәсіпкерлік субъектілері, осы құқықтарды оны бұзушы адаммен дауды тікелей реттеу мақсатында оған Қазақстан Республикасының азаматтық процестік кодексінде және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жазбаша наразылықпен жүгiнеді.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда дауды реттеудің сотқа дейінгі тәртібін сақтау міндетті емес болғанда, кәсіпкерлік субъектісі өзінің бұзылған құқығын қорғау үшін тікелей сотқа жүгінуге құқылы.
3. Даулар сотқа дейін реттелмеген жағдайда кәсіпкерлік субъектісі наразылыққа бас тартылған жауапты қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының азаматтық процестік кодексінде белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
448-бап. Қорғанудың соттан тыс нысандары
1. Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының заңдарында және (немесе) шартта көзделген мынадай нысандарда:
1) аралық сотта;
2) халықаралық төрелікте;
3) медиацияны қолдану арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғаудың басқа да соттан тыс нысандары белгіленуі мүмкін.
3. Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру процесінде туындайтын келіспеушіліктерді реттеу мақсатында кәсіпкерлік субъектілері осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда омбудсманға жүгінуге құқылы.
449-бап. Аралық сотта құқықтарды қорғау
1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған дау аралық келісім болған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен аралық сотта қаралуы мүмкін.
2. Аралық соттар нақты дауды шешуге арналған тұрақты түрде жұмыс істейтін аралық сот, биржалық төрелік немесе нақты дауды шешуге арналған аралық сот түрінде құрылуы мүмкін.
3. Тұрақты түрде жұмыс істейтін аралық соттар мен биржалық төреліктерді ұйымдастыру және оның жұмыс істеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
4. Нақты дауды шешуге арналған аралық сотты ұйымдастыру және оның жұмыс істеу тәртібі тараптардың келісімінде айқындалады.
5. Егер, аралық соттың шешімін белгіленген мерзімде ерікті түрде орындамаса, ол Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында көзделген тәртіппен мәжбүрлі түрде орындатуға жатады.
450-бап. Халықаралық төрелікте құқықтарды қорғау
1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған кәсіпкерлік субъектілері арасындағы дау, егер де тараптардың бірі Қазақстан Республикасының резиденті емес болса, халықаралық төрелікте Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен, сондай-ақ концессия шартын орындаумен және тоқтатумен байланысты даулар «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда қаралуы мүмкін.
Кәсіпкерлік субъектілерінің арасында жасалған төрелік келісім болған кезде дау халықаралық төреліктің қарауына берілуі мүмкін.
2. Дауды халықаралық төрелікте қараудың тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалады.
3. Төрелік шешім міндетті болып танылады және құзыретті сотқа жазбаша өтінішхат берілген кезде Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес орындалуға тиіс.
451-бап. Құқықтарды медиация рәсімін қолдану арқылы
қорғау
1. Кәсіпкерлік субъектілері арасында медиация жүргізу тараптардың өзара келісімі бойынша және олардың арасында медиация туралы шарт жасасқан кезде жүзеге асырылады.
2. Кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен азаматтық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды реттеу кезінде медиация сотқа жүгінгенге дейін де және сот талап арызды қабылдағаннан кейін де қолданылуы мүмкін.
3. Медиация жүргізудің тәртібі мен шарттары «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген.
31-тарау. ҚАЗАҚСТАН КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ
УӘКІЛ. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ОМБУДСМАН § 1. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі
уәкілдің құқықтық мәртебесі
452-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл және оның функциялары
1. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл – Ұлттық палата басқармасының ұсынымы бойынша Ұлттық палата Президиумы мемлекеттік органдарда кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, қамтамасыз ету және қорғау, сол сияқты кәсіпкерлік қоғамдастық мүдделерін қорғау мақсатында лауазымға тағайындайтын адам.
2. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен өзге де ұйымдарында, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және шет мемлекеттерде кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіреді, қорғайды;
2) кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштерін қарайды;
3) мемлекеттік билік органдарына кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша ұсыныстар енгізеді;
4) іс-әрекеттері (әрекетсіздіктері) арқылы кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзған мемлекеттік органдарға (лауазымды адамдарға) бұзылған құқықтарды қалпына келтіру шараларына қатысты, оның ішінде кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделелерін бұзуға кінәлі адамдарды жауаптылыққа тартуға қатысты ұсынымдарды жібереді;
5) мемлекеттік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік органдардан (лауазымды адамдардан) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін қозғайтын ақпаратты, құжаттар және материалдарды сұратады;
6) заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа талап қоюмен (арызбен) жүгінеді;
7) кәсіпкерлік субъектілерінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған өзге де заңды шараларды қолданады.
453-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау
жөніндегі уәкілдің міндеттері
1. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл өз қызметiн жүзеге асыруы кезінде:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға;
2) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдануға;
3) өтiнiштердi қарау барысында объективті және бейтарап болуға;
4) өзiн қорғауды өтiнген адамның құқықтарын жүзеге асыруға кедергi келтiретiн қандай да бiр іс-әрекеттерді жасамауға мiндеттi.
2. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік белсенділіктің жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндамада көрсетілуге тиісті өз қызметі туралы есепті бекіту үшін Ұлттық палатаға жыл сайын ұсынып отырады.
§ 2. Инвестициялық омбудсманның құқықтық мәртебесі
454-бап. Инвестициялық омбудсман
1. Инвестициялық омбудсман – Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын (айқындалған), инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу жөніндегі функциялар жүктелетін лауазымды адам.
2. Инвестициялық омбудсман өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
455-бап. Инвестициялық омбудсманның функциялары
1. Инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында инвестициялық омбудсман:/
1) Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелер бойынша инвесторлардың өтініштерін қарайды және оларды шешу үшін, оның ішінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, ұсынымдар шығарады;
2) туындайтын мәселелерді соттан тыс және сотқа дейінгі тәртіппен шешуде инвесторларға жәрдем көрсетеді;
3) Қазақстан Республикасының инвестициялық қызмет жөніндегі заңнамасын жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
2. Инвестициялық омбудсманның ұсынымдары хаттар және инвестициялық омбудсманда өткен мәжілістердің хаттамалары түрінде ресімделеді.
3. Инвестициялық омбудсман мемлекеттік органдармен және ұйымдармен инвесторлардың соттан тыс және сотқа дейінгі тәртіппен туындайтын мәселелерін реттеу үшін консультациялар мен хаттамалық кездесулер өткізеді.
4. Инвестициялық омбудсман, егер инвесторлардың мәселелері қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешілмейтін болса, Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды әзірлейді және енгізеді.
456-бап. Инвестициялық омбудсманның құқықтары мен
міндеттері
1. Инвестициялық омбудсманның:
1) коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдар мен ұйымдардан өтінішті қарауға қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
2) мемлекеттік органдардың және ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдарының кешеуілдетусіз қабылдауына;
3) инвесторлардың өтініштері бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың және ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын тыңдауға құқығы;
4) инвестициялық омбудсманға жүктелген функцияларды жүзеге асыруға қажетті өзге де құқықтары бар.
1. Инвестициялық омбудсман өз қызметін жүзеге асыру кезінде:
1) инвесторлардың құқықтарын және заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде инвесторлардың лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) қатысты жасаған өтініштерін, мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдардың және олардың лауазымды адамдарының шешімдерін қарауға, сондай-ақ олар бойынша қажетті шаралар қабылдауға;
3) өтініштерді қарау кезінде объективті және бейтарап болуға;
4) өзін қорғауға өтініш білдірген инвестордың құқықтарын жүзеге асыруға кедергі келтіретін қандайда бір әрекеттерді жасамауға міндетті.
457-бап. Инвестициялық омбудсманның қызметін ұйымдастыру
Инвестициялық омбудсманның қызметін инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган қамтамасыз етеді.
Инвестициялық омбудсманның қызметі туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
32-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ӘРЕКЕТТЕРІНЕ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІНЕ) ЖӘНЕ АКТІЛЕРІНЕ (ШЕШІМДЕРІНЕ) ШАҒЫМДАНУ
458-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің шағымын қараудың
міндеттілігі
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен берілген шағымдар міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге және қаралуға жатады. Шағымды қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.
Мемлекеттік орган (мемлекеттік органның лауазымды адамы) кәсіпкерлік субъектісі берген шағымды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және мерзімде қарауға міндетті.
459-бап. Шағымдануға құқық
1. Лауазымды адамдардың әрекетiне (әрекетсіздігіне) және мемлекеттік органдардың актілеріне (шешiмдерiне) кәсіпкерлік субъектілері, егер ол өзінің мүддесін қозғайтын болса, осы заңда белгiленген тәртiппен шағым жасауы мүмкін.
2. Шағым оны қарау және ол бойынша шешім қабылдау құзыретiне кiретiн мемлекеттік органға беріледі. Жоғары тұрған мемлекеттік органға шағым беру лауазымды адамның даулауға болатын құқықтарын, бостандықтарын және (немесе) заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінуіне кедергі келтірмейді.
8-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ
ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ
ЕРЕЖЕЛЕР 33-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ
ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ
460-бап. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік
саласындағы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
1. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
2. Кәсiпкерлiк субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзғаны үшін мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының жауаптылығы осы Кодекске және осы тараудың ережелерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген жалпы негіздер бойынша көзделеді.
3. Кәсiпкерлiк субъектілері жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтауға міндетті.
461-бап. Кәсiпкерлiк субъектілерiнiң құқықтары мен заңды
мүдделерiн бұзғаны үшiн жауаптылықтың негіздерi
1. Мемлекеттік органдар және олардың лауазымды адамдары кәсiпкерлiк субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қиымылы процесінде, оның ішінде кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу мен қолдау кезінде өздерінің қызметтік мiндеттерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, сондай-ақ заңға қарсы әрекет (әрекетсiздiк) жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Мемлекеттік органдар құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған кәсіпкерлік субъектісіне Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған мемлекеттік органдардың кінәлі лауазымды адамдарына қатысты қабылданған шаралар туралы бір айдың ішінде жазбаша хабарлауға міндетті.
2. Мемлекеттік органдар және лауазымды адамдар кәсіпкерлік субъектісі туралы коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді таратқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына белгіленген жауаптылықта болады, ал кәсіпкерлік субъектісіне оның келісімінсіз осындай мәліметтерді таратудың салдарынан келтірілген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге жатады.
462-бап. Кәсiпкерлiкке кедергi келтiргенi үшiн жауаптылық
1. Кәсiпкерлiкке заңсыз кедергі келтіретін мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының кез келген әрекетi (әрекетсiздігі) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
2. Кәсiпкерлiк субъектiсi оның кәсiпкерлiк қызметiне заңсыз кедергi келтiрілуі салдарынан шеккен барлық шығын Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге жатады.
463-бап. Кәсiпкерлiк субъектiсiн тексерудiң белгiленген
тәртiбiн бұзғаны үшiн жауаптылық
1. Мемлекеттік орган немесе оның лауазымды адамы кәсiпкерлiк субъектiсiнің қызметіне тексеру жүргiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзған жағдайда (тексерiстi негiзсiз тағайындау, акті шығармай және оны құқықтық статистика органында тiркемей тексеру жүргізу, құжаттарды заңсыз алып қою, материалдық құндылықтарды заңсыз түгендеу, өндiрiстi тоқтата тұру, артық анықтамалар толтыру, негізсiз сұрау салуларды талап ету және өзге де жағдайларда) материалдарды тексеруге дайындағаны үшін кәсiпкерлiк субъектiлері қызметкерлерiне төленген сыйақы сомалары, өндiрiстің мәжбүрлі тоқтаған уақытына жалақы, өндiрiстi тоқта тұру салдарынан шығарылмаған тиiстi тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) өткiзу кезiнде кәсiпкерлiк субъектiсiнің алуы ықтимал жіберіп алған пайда өтелуі талап етілетін шығындардың көлемiне енгізiлуi мүмкiн.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен заңсыз деп танылған мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргiзу кезiнде мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының әрекетімен (әрекетсiздiгiмен) кәсiпкерлiк субъектiсiне келтiрiлген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге жатады.
3. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының тексеру жүргізу кезіндегі заңсыз әрекеттерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
34-тарау. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
464-бап. Осы Кодекстің жекелеген нормаларын
қолданудың тәртібі
1. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін берілген аккредиттеу аттестаттары жарамды болып есептеледі.
2. «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн уәкілетті органмен жасалған инвестициялық келiсiмшарттар негiзiнде берiлген жеңiлдiктер осы инвестициялық келiсiмшарттарда белгiленген мерзiм аяқталғанға дейiн өзiнiң қолданысын сақтайды.
3. Осы Кодекстің 261-бабы 2-тармағының, 398-бабының 3, 4 және
5-тармақтарының салық сомаларын төлеу бөлiгiндегi нормалары уәкiлеттi органмен 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған инвестициялық келiсiмшарттар бойынша қолданысын сақтайды.
465-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгiзу тәртiбi
1. Осы Кодекс алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Қазақстан Республикасының мына заңдарының күшi жойылды деп танылсын:
1) «Шаруа немесе фермер қожалығы туралы» 1998 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 26-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 26-құжат; № 24, 178-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6 (2583), 49-құжат, 2013 ж., № 14, 72-құжат);
2) «Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы» 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 24, 446-құжат; 1999 ж., № 21, 763-құжат; 2005 ж., № 11, 40-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; 2013 ж., № 15, 81-құжат);
3) «Демпингке қарсы шаралар туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 654-құжат; 2006 ж., № 1, 3-құжат; № 3, 22-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2013 ж., № 15, 81-құжат);
4) «Субсидиялар және өтем шаралары туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 732-құжат; 2006 ж., № 1, 3-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат);
5) «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 4-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 6, 46-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат);
6) «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 10, 52-құжат);
7) «Жеке кәсiпкерлiк туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 15, 71-құжат; № 22, 128; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; 2014 жылғы 9 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы);
8) «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 59-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат);
9) «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 125-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат);
10) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, ст. 67; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 15 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 10 маусымдағы Заңы);
11) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат).
Қазақстан Республикасының
Президенті