Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 127 қаулысы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 159-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бекітілген штат санының лимиті шегінде «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы қаласының Ішкі істер департаменті Наурызбай ауданының Ішкі істер басқармасы» және «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Наурызбай ауданының төтенше жағдайлар бөлімі» мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі – мекемелер) құрылсын.
      2. Мекемелерді қаржыландыру 2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджетте және Алматы қаласының жергілікті атқарушы органының бюджетінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) мекемелердің ережелерін бекітсін және мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі туралы ережеде:
      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер аумақтық органдардың және оның ведомстволарының тізбесi:
      «1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 58-1-жолмен толықтырылсын:
      «58-1. Алматы қаласының Ішкі істер департаменті Наурызбай ауданының Ішкі істер басқармасы.»
      «3. Төтенше жағдайлар комитеті» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 224-жолмен толықтырылсын:
      «244. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Наурызбай ауданының төтенше жағдайлар бөлімі.».
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі                          К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады