Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасында Шекара ауданындағы сенім шаралары жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Шекара ауданындағы сенім шаралары жөніндегі келісімді ратификациялау туралы
2001 жылғы 15 желтоқсанда Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Шекара ауданындағы сенім шаралары жөніндегі келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы
шекара ауданындағы сенім шаралары жөніндегі
КЕЛІСІМ
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы,
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Мәңгілік достық туралы 1997 жылғы 8 сәуірдегі шартты және Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Әскери саладағы ынтымақтастық туралы 1997 жылғы 8 сәуірдегі шартты басшылыққа ала отырып,
достықты, тату көршілік пен ынтымақтастық қатынасты дамыту әрі нығайту Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы халықтарының түбірлі мүдделеріне жауап береді және бейбітшілік пен қауіпсіздік ісіне қызмет етеді деп есептей отырып,
Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасы ауданында (бұдан әрі - мемлекеттік шекара) қауіпсіздік пен сенімді нығайту, тыныштық пен тұрақтылықты сақтау Орталық Азия аймағында бейбітшілікті қолдауда маңызды үлес болып табылатындығына кәміл сенім білдіре отырып,
өзара күш немесе күшпен қауіп төндіруді қолданбауды растай отырып,
әскери-саяси салада сенім білдіру мен өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға ұмтыла отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Тараптардың бірінің мемлекеттік шекара ауданында орналасқан қарулы күштері, шекаралық ведомстволары, арнайы қызметтері, кеден және құқық қорғау органдары екінші Тараптың мүддесіне қауіп төндіретін және мемлекеттік шекара ауданында тыныштық пен тұрақтылықты бұзатын қандай да болсын іс-әрекетті жүргізбейтін болады.
2-бап
1. Тараптар мемлекеттік шекара ауданында тату көршілік пен достық қатынастарды дамыту, ұзақ мерзімді тұрақтылық жағдайды сақтау, өзара сенім білдіруді нығайту мақсатында төмендегідей шараларды қабылдайды:
1) қарулы күштер мен шекаралық ведостволардың құрамдас бөліктері туралы ақпараттар алмасу;
2) әскери және арнайы оқу-жаттығулардың ауқымын, географиялық шектерін, мерзімі мен санын келісу;
3) төтенше жағдайларға байланысты, ірі ауқымдағы әскери іс-қимыл мен әскерлер қозғалысы туралы хабарлау;
4) мемлекеттік шекара ауданында түрлі сипатта туындайтын қауіп-қатерді болдырмау;
5) мемлекеттік шекара ауданында қалыптасқан қолайсыз жағдай туралы ақпараттар алмасу;
6) бақылаушыларды әскери және арнайы оқу-жаттығуларға өзара шақыру;
7) мемлекеттік шекара ауданында шекаралық ведомстволардың, әскери қызметшілердің, арнайы қызмет, кеден және құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында тығыз достық байланыстарды орнату;
8) Тараптар келіскен басқа да сенім білдіру шараларын жүзеге асыру;
2. Жоғарыда көрсетілген сенім білдіру шараларын қолдану осы Келісімнің тиісті баптарымен белгіленеді.
3-бап
1. Тараптар мемлекеттік шекара сызығының екі жағында тікелей таяу орналасқан жеке құрамның санына және қарулы күштердің қару-жарағы мен әскери техникасының негізгі түрлерінің мөлшеріне, шекарлық ведосмтволарға, арнайы қызметтерге, құқық қорғау және кеден органдарына қатысты ақпараттар алмасады.
2. Ақпарат төмендегідей үлгіде берілетін болады:
1) осы Келісім күшіне енгеннен кейін - осы Келісім күшіне енген күнгі жәй-күйі бойынша ақпарат;
2) әрбір жылдың 15 желтоқсанына дейін - келесі жылдың 1 қаңтарындағы жәй-күйі бойынша ақпарат.
3. Осы Келісім ережелеріне сәйкес Тараптар алмасатын және осы Келісімді орындау барысында алынатын ақпарат құпия болып табылады. Тарап әрқайсысы екінші Тараптан алынған ақпаратқа қатысты, оны әйгілеуден немесе жоғалтудан қорғау жөнінде өздерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес, қажетті іс-шаралар кешенін қамтамасыз етеді. Тараптардың бірде-бірі екінші Тараптың оның білдірілген келісімі болмаса мұндай ақпартты әйгілемейді, жарияламайды және үшінші тарапқа бермейді. Осы Келісімнің қолданысы тоқтатылған жағдайда Тараптар осы баптың осы тармағының ережесін сақтайтын болады.
4-бап
1. Тараптар өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес мемлекеттік шекара ауданында шекаралық ведомстволардың әскери қызметшілері, арнайы қызметтер қызметкерлері, құқық қорғау және кеден органдары тарапынан заңсыз іс-әрекеттерді және олардан пайда болатын зардаптарды болдырмау жөніндегі барлық қажетті шараларды қабылдайды.
2. Шекара ауданында қақтығыстар туындаған жағдайда Тараптар олардың тоқтатылуын, жағдайлардың айқындалуын және шығынның орнын толтыру жөніндегі шараларды қолдануы тиіс. Тараптардың бірінің заңсыз іс-әрекеттері нәтижесінде туындаған шығынның орнын толтыру өздері қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады. Туындаған шығындарды өтеуге байланысты мәселелерді шешу үшін, Тараптар бірлескен комиссия құратын болады.
3. Тараптар шекара ауданындағы қақтығыстар туралы хабарлаудың барлық тәсілдерін пайдаланады.
5-бап
1. Шекара ауданында қолайсыз жағдайлар туындаған жағдайда немесе екінші Тараппен осы Келісімді орындауға қатысты Тараптардың бірінің мәселелеріне байланысты, Тараптар тисті сұрау салуда бір-біріне өтініш жасауы мүмкін.
2. Сұрау салынған Тарап туындаған мәселелер мен күмәндарды шешу үшін 7 тәулік ішінде (шұғыл жағдайларда - 3 тәулік ішінде) сұрау салушы Тараптан түскен тисті сұрауға жауап беруге міндетті.
Егер сұрау салынған Тараптан жауап алғаннан кейін, сұрау салушы Тараптың бұрынғыдай мәселелері қалған жағдайда, ол осы мәселені талқылау үшін қосымша түсінік беруге қайта сұрау салу мүмкін немесе кездесу өткізуді ұсынады.
3. Тараптардың бірінің туындаған мәселелері мен күмәндарын шешу үшін, шекара ауданында қалыптасқан қолайсыз жағдайларға байланысты, сұрау салынған Тарап сұрау салушы Тарапты өз қарауы бойынша мәселелер мен күмәндардың туындауына қатысты аудандарға бару үшін шақыруы мүмкін.
Шақырылатын өкілдердің санын қосқанда, мұндай баруларды өткізу шарттарын шақырушы Тарап белгілейді. Аталған баруларды өткізуге байланысты шығыстарды өз аумағында шақырушы Тарап көтереді.
4. Осы баптарда қарастырылған ресми сұрау салулар мен оларға жауаптар дипломатиялық арналар бойынша берілетін болады.
6-бап
1. Тараптар өзара негізінде шектес әскери округтерде қарулы күштер арасындағы ынтымақтастықты төмендегідей үлгіде жүзеге асырады және дамытады:
1) әскери басшылардың ресми сапарлары;
2) әртүрлі деңгейдегі әскери делегациялар мен мамандар топтарының танысу сапары;
3) әскери және штабтық-бұйрық оқу-жаттығуларына бақылаушыларды шақыру;
4) әскери құрылыс, жауынгерлік даярлық, сондай-ақ әскерлердің өмірі мен іс-әрекеттері туралы материалдар және ақпаттармен алмасу;
5) тылдық қамтамасыз ету саласындағы және басқа да салалардағы ынтымақтастық;
6) ұлттық мерекелерге, мәдени шаралар мен спорттық жарыстарға қатысу үшін шақыру;
7) Тараптардың келісімі бойынша ынтымақтастықтың басқа да үлгілері.
2. Ынтымақтастықтың жоспары Тараптар мемлекеттерінің Қорғаныс министрліктерімен келісіледі.
7-бап
1. Тараптар өзара негізінде шекаралық ведомстволар арасындағы ынтымақтастықты төмендегідей үлгілермен жүзеге асырады және дамытады:
1) барлық деңгейдегі шекара бөлімдері арасындағы байланысты орнату және дамыту, шекаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылау және шекарлық ынтымақтастыққа әсерін тигізетін ақпараттармен алмасу;
2) кеңес беруді өткузі және мемлекеттік шекарада құқыққа қарсы іс-әрекеттердің алдын-алу, тыныштық пен тұрақтылықты қолдау жөніндегі келісілген шараларды жүзеге асыру;
3) мемлекеттік шекарада мүмкін қақтығыстар мен даулы жағдайларды болдырмау;
4) Тараптардың біріне зиян келтіруі мүмкін табиғат апаттар, эпидемиялар, эпизотиялар мен т.б. жағдайларда дер кезінде ескерту және көмек көрсету;
5) мемлекеттік шекараны күзету мен шекаралық ведомстволарды дайындау жөніндегі тәжірибемен алмасу;
6) Тараптардың келісімі бойынша ынтымақтастықтың басқа түрлері;
2. Ынтымақтастықтың жоспарлары Тараптардың шекаралық ведомстволарымен келісіледі.
8-бап
Қаруды қолдану Тараптардың ұлттық заңнамамен, сондай-ақ олар қатысушысы болып табылатын, тиісті халықаралық шаттармен белгіленеді.
9-бап
Осы Келісім олар қатысушы болып табылатын, басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтар мен міндеттемелерді қозғамайды және үшінші елдерге қарсы бағытталмаған.
10-бап
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде немесе қолдануда туындаған даулар мен келіспеушіліктер, Тараптар консультациялар мен келіссөздер арқылы шешетін болады.
Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша жеке Хаттамамен ресімделетін және осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
11-бап
Осы Келісім Тараптардың бірі оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдеодің орындалғаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күннен бастап күшіне енеді.
12-бап
Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және Тараптардың бірі екінші Тарапты осы Келісімнің қолданыста болуын тоқтату туралы өзінің ниетін жазбаша хабарлаған күнінен, алты ай аяқталғанға дейін күшінде болады.
Астана қаласында 2001 жылғы 15 желтоқсанда әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі түпнұсқа даналарда жасалды, және де екі мәтіннің де күші бірдей.
Осы Келісімнің ережелерін талқылау кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
Қазақстан Республикасы Қырғыз Республикасы
үшін үшін