"Ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 21 тамыздағы № 369 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 сәуірдегі № 224 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 21 тамыздағы № 369 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

«Ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 21 тамыздағы № 369 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Ғылым жөніндегі жыл сайынғы Ұлттық баяндаманы дайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 21 тамыздағы № 369 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 952-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау қағидаларында:
      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Ұлттық баяндама құрылымына қойылатын талаптар тізбесі:
      1) кіріспе - Ұлттық баяндаманың мақсаты;
      2) қазақстандық ғылымның соңғы 3 жылдағы ғылыми-метрикалық талдау ұсынылған жалпы сипаттамасы, қазақстандық ғылымның жетістіктерін (ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің неғұрлым маңызды нәтижелері, енгізілген әзірлемелер) талдау, ғалымдардың зерттеу белсенділігінің көрсеткіштері (жарияланымдар саны, дәйексөзге алыну индексі, журналдардың импакт-факторы, патенттік белсенділік);
      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия айқындаған ғылым бағыттары бойынша іргелі және қолданбалы басым зерттеулерді негіздеу және олардың іске асырылуын талдау;
      4) ғылыми ұйымдардың және жоғары оқу орындарының, ғылыммен айналысатын дербес білім беру ұйымдарының ғылыми әлеуетінің, сапалық құрамының жай-күйін, отандық ғылыми кадрларды даярлау сапасын, шетелдік ғалымдарды тартуды, ғылыми зертханалардың қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандырылуын талдау;
      5) мемлекеттік бюджет қаражатынан жүзеге асырылатын ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің қаржыландырылуын, ғылымға жеке сектордан қаржы қаражатының тартылуын талдау;
      6) ғылым дамуындағы әлемдік үрдістерді, халықаралық және отандық ғылыми ұйымдармен ғылыми техникалық келісімдерді іске асыру нәтижесінде алынған Қазақстан ғылымының жаңалықтары мен жетістіктерін, ғылыми-технологиялық құрылымның даму жолдарын талдау;
      7) технологиялар мен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру тетіктері арқылы ұлттық инновациялық жүйенің дамуын, ғылымның, өнеркәсіп пен бизнес-қауымдастықтың ықпалдасуын талдау, ғылымның ел экономикасын дамытуға қосқан үлесі мен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің жалпы ішкі өнімнің өсуіне әсерін бағалау;
      8) салалық уәкілетті органдардың ғылымды және ғылыми-техникалық қызметті басқару жөніндегі қызметін талдау;
      9) ұлттық ғылыми жүйені одан әрі дамыту жөніндегі қорытындылар мен ұсыныстар;
      10) әдебиет;
      11) глоссарий.
      4. Ғылым саласындағы уәкілетті орган Ұлттық баяндаманы дайындау үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардан ақпарат сұрата алады.
      Уәкілетті органның сұратуы бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдар жыл сайын 15 ақпаннан кешіктірмей Ұлттық баяндаманы дайындау үшін ақпарат ұсынады.
      Ұлттық баяндама үшін материалдар дайындау кезінде ғылым саласындағы уәкілетті орган ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының ұсыныстары негізінде сараптамалық топ құрады.
      Әлемдегі және Қазақстандағы ғылымның даму үрдістерін талдауды және айқындауды қамтитын материалдар Ұлттық баяндаманың бүкіл көлемінің кемінде 2/3-ін (парақпен) құрауға тиіс.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Ұлттық баяндаманы дайындауды және басып шығаруды үйлестіреді.».
      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады