"Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 403 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 27.03.2020 № 142 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 3-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-3) акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Астана халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамы 2013 - 2016 жылдардың қорытындылары бойынша таза кірісінің 5 (бес) пайызын акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер төлеуге жұмсайды;";

      мынадай мазмұндағы 2-4-тармақпен толықтырылсын:

      "2-4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтерді төлегеннен кейін "Астана халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамында қалатын 2013 - 2016 жылдардың қорытындылары бойынша алынған таза кірісінің бір бөлігін оның материалдық-техникалық базасын дамытуға және жетілдіруге тиімді пайдалануға қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы қаулының 1-тармағының 2-1), 3-2), 3-3) тармақшаларында және осы қаулыға 1, 2, 3-қосымшаларда көрсетілмеген акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі мемлекеттік қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқығын жүзеге асыратын министрліктер мен ведомстволар белгіленген тәртіппен акционерлердің, қатысушылардың жылдық жалпы жиналыстарын өткізу кезінде таза кірістің кемінде 50 (елу) пайызын дивидендтерге және қатысу үлесінен кіріске жұмсау және оларды уақтылы аудару үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады