"2012 жылғы 5 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қаржы барлау бөлімшелері басшыларының кеңесін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 461 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «2012 жылғы 5 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қаржы барлау бөлімшелері басшыларының кеңесін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

2012 жылғы 5 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына
қатысушы мемлекеттердің Қаржы барлау бөлімшелері басшыларының
кеңесін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
хаттаманы бекіту туралы

      «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған 2014 жылғы 9 қазанда Минскіде жасалған  2012 жылғы 5 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қаржы барлау бөлімшелері басшыларының кеңесін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу  туралы хаттама бекітілсін.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                             Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2015 жылғы « »       
№ Жарлығымен    
БЕКІТІЛГЕН     

2012 жылғы 5 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына
қатысушы мемлекеттердің Қаржы барлау бөлімшелері басшыларының
кеңесін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер
      қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылда ынтымақтастықты дамытуға маңызды мән бере және өзара іс-қимылды үйлестіруге ұмтыла отырып,
      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қаржы барлау бөлімшелері басшылары кеңесін қалыптастыру және дамыту қажеттілігін негізге ала отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      2012 жылғы 5 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы  мемлекеттердің Қаржы барлау бөлімшелері басшыларының кеңесін құру туралы келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қаржы барлау бөлімшелері басшыларының кеңесі туралы ереженің 5-бөліміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1. 5.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5.1. Кеңестің қызметін ұйымдық-техникалық және ақпараттық қамтамасыз етуді Хатшылық жүзеге асырады.
      Кеңестің шешімі бойынша Хатшылықтың функцияларын, оның ішінде тұрақты негізде, осы Келісімге қатысушы мемлекеттің қаржы барлау бөлімшелерінің бірі орындайды. Осы функцияларды қаржы барлау бөлімшесі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінің тиісті құрылымдық бөлімшесімен бірлесіп орындайды.
      Хатшылықтың басшысы Хатшылықтың функцияларын орындау жүктелген қаржы барлау бөлімшесінің өкілі, Хатшылық басшысының орынбасары – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінің өкілі болып табылады».
      2. 5.3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5.3. Хатшылықтың басшысын Хатшылықтың функцияларын орындау жүктелген қаржы барлау бөлімшесі басшысының ұсынуы бойынша Кеңес бекітеді.».

2-бап

      Осы Хаттама қол қойылған кезден бастап уақытша қолданылады және оған қол қойған Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы депозитарий үшінші хабарлама алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
      Мемлекетішілік рәсімдерді кейін орындаған Тараптар үшін осы Хаттама депозитарий тиісті құжаттарды алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      2014 жылғы 10 қазанда Минск қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Келісімнің төлнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Келісімге қол қойған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жолдайды.

      Әзербайжан Республикасы үшін    Ресей Федерациясы үшін

      Армения Республикасы үшін    Тәжікстан Республикасы үшін
            ескертпемен

      Беларусь Республикасы үшін        Түрікменстан үшін

      Қазақстан Республикасы үшін  Өзбекстан Республикасы үшін

      Қырғыз Республикасы үшін           Украина үшін

      Молдова Республикасы үшін

Армения Республикасының
ЕСКЕРТПЕСІ

      Армения Республикасы 2012 жылғы 5 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қаржы барлау бөлімшелері басшыларының кеңесін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың 2-бабына сәйкес осы Хаттама күшіне енгенге дейін өзінің тиісті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы хабарлаған күнінен бастап уақытша қолданады.

      Армения Республикасының
      Президенті                            С.Саргсян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады