"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 570 қаулысы

      «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына,
«Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына тиесілі, акциялары Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша иеліктен айырылатын немесе сенімгерлік басқаруға берілетін және оларды тарату, қайта ұйымдастыру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 шілдедегі № 1070 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының 10 (он) % пакетін плюс 1 (бір) жай акцияны құрайтын 58420748 жай акцияларын тәуелсіз бағалаушы анықтайтын, бірақ 750000000000 (жеті жүз елу миллиард) теңгеден төмен болмайтын бағамен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің пайдасына иеліктен шығарсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады