Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне өтеусіз негізде техникалық көмек (жәрдем) көрсету туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 673 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне өтеусіз негізде техникалық көмек (жәрдем) көрсету туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетовке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне өтеусіз негізде техникалық көмек (жәрдем) көрсету туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2015 жылғы 28 тамыздағы  
№ 673 қаулысымен     
мақұлданған       

Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне өтеусіз негізде техникалық көмек (жәрдем) көрсету туралы келісім

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі
      екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту және олардың қарулы күштері арасындағы әскери ынтымақтастықты нығайту мақсатында
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Қытай тарапы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін жарақтандыруда техникалық көмек (жәрдем) ретінде жалпы сомасы 30 миллион юань мүлікті өтеусіз негізде Қазақстан тарапының меншігіне береді, оның тізбесі осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылатын 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген.

2-бап

      Қытай тарапы мүлікті Алашанькоу шекара пунктіне жеткізеді, онда Тараптардың уәкілетті органдарының өкілдері арасында тиісті актіге қол қойылып, оны қабылдау-беру жүзеге асырылатын болады.
      Алашанькоу шекара пунктіне дейін мүлікті жеткізуге байланысты барлық шығыстарды Қытай тарапы көтереді, ал мүлікті Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдауға байланысты одан кейінгі шығыстарды Қазақстан тарапы көтереді.

3-бап

      Қазақстан тарапы Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын кедендік құқықтық қарым-қатынастарды реттейтін халықаралық шарттар мен актілерге сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына техникалық көмек (жәрдем) ретінде өтеусіз негізде әкелінетін мүлікті кедендік төлемдер мен мүлікті қосылған құн салықтарын төлеуден босатады.

4-бап

      Осы Келісімді іске асыру жөніндегі уәкілетті органдар:
      Қазақстан тарапынан: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі;
      Қытай тарапынан: Қытай Халық Республикасы Қорғаныс министрлігі болып табылады.

5-бап

      Осы Келісімге Тараптардың өзара келісуі бойынша жекелеген хаттамалармен ресімделетін және оның ажырамас бөліктері болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

6-бап

      Осы Келісімді түсіндіру немесе қолдану бойынша даулар туындаған жағдайда Тараптар оларды келіссөздер немесе консультациялар жолымен шешеді.

7-бап

      Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді және осы Келісімнің 2-бабында көрсетілген мүлікті қабылдау-беру актісіне қол қойылған күннен бастап өз қолданысын тоқтатады.
      20___ жылғы        қаласында әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.

      Қазақстан Республикасының      Қытай Халық Республикасының
            Үкіметі үшін                    Үкіметі үшін

Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Қытай Халық Республикасының 
Үкіметі арасындағы Қазақстан  
Республикасының Қарулы Күштеріне
өтеусіз негізде техникалық көмек
(жәрдем) көрсету туралы келісімге
1-қосымша          

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне техникалық көмек (жәрдем) ретінде өтеусіз негізде берілетін мүлік тізбесі (тралдары бар ершікті тартқыштар, «S-05» ауыр машина-платформа)

Р/с №

Мүлік атауы

Қуаты

Сипаттамалары

Саны

1

2

3

4

5

1.

Ершікті тартқыштар

350-400 а/к

Жүк көтергіштігі –
60 тонна

15 дана

2.

Цзефан (FAW) ауыр жүк таситын жартылай тіркеме-трал


Жұмыс платформасының ұзындығы – 10 метр, ені – 3,3 метр. Тралдың жалпы ұзындығы – 14,5 метр

15 дана

3.

Ершікті тартқыштар

350-400 а/к

Жүк көтергіштігі –
40 тонна

15 дана

4.

Цзефан (FAW) ауыр жүк таситын жартылай тіркеме-трал


Жұмыс платформасының ұзындығы – 12,5 метр, ені – 3,2 метр. Тралдың жалпы ұзындығы – 16,9 метр

15 дана

5.

«S-05» ауыр машина- платформа


Салмағы – 32, 36 тонна, ұзындығы – 13 250 мм, ені – 3 125 мм, биіктігі – 3 135 мм

3 дана

Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Қытай Халық Республикасының 
Үкіметі арасындағы Қазақстан  
Республикасының Қарулы Күштеріне
өтеусіз негізде техникалық көмек
(жәрдем) көрсету туралы келісімге
2-қосымша          

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне техникалық көмек (жәрдем) ретінде өтеусіз негізде берілетін мүлік тізбесі (60 кереуетке арналған ұтқыр модульді далалық госпитальдің 1 жиынтығы)

Р/с №

Мүлік атауы

Саны

1

2

3

Жедел жәрдем көрсетілетін қабылдау бөлімшесі

1

Ішкі аксессуарлары бар шатыр

1

2

Медициналық арба

4

3

Материалдарды сақтауға арналған медициналық шкаф

1

4

Сөре – этажерка

4

5

Жиналмалы үстел

2

6

Жиналмалы орындық

8

7

Ықшам раковина

1

8

Электрокардиограф

1

9

Таңу құралдарының жинағы

1

10

Тасымалдауға және сақтауға арналған контейнер

1

Диагностикалық бөлімше (ұтқыр рентген, клиникалық-диагностикалық зертхана, дәріхана)

11

Ішкі аксессуарлары бар шатыр

1

12

Медициналық арба

1

13

Материалдарды сақтауға арналған медициналық шкаф

1

14

Сөре – этажерка

6

15

Жиналмалы үстел

3

16

Жиналмалы орындық

3

17

Ықшам раковина

1

18

Автоматты гематологиялық талдағыш

1

19

Несепті биохимиялық жедел талдағыш

1

20

Ықшам клиникалық талдағыш

1

21

Ұтқыр рентген жүйесі

1

22

Көліктік контейнер

1

Палаталық бөлімше

23

Ішкі аксессуарлары бар шатыр

3

24

Ішкі аксессуарлары бар шатыр

2

25

Медициналық кереует

54

26

Ықшам жиналмалы унитаз

5

27

Сөре – этажерка

5

28

Жиналмалы үстел

5

29

Жиналмалы орындық

10

30

Көліктік контейнер

1

Жансақтау бөлімшесі

31

Ішкі аксессуарлары бар шатыр

1

32

Жансақтау кереуеті

6

33

Ықшам жиналмалы унитаз

1

34

Материалдарды сақтауға арналған медициналық шкаф

1

35

Сөре – этажерка

2

36

Жиналмалы үстел

1

37

Жиналмалы орындық

2

38

Ықшам раковина

1

39

Реаниматологтың және анестезиологтың тасымалданатын кереует жанындағы мониторы

6

40

Өкпені жасанды демалдыру аппараты

3

41

Аспиратор

3

42

Дефибриллятор

2

43

Инфузиялық шприц помпасы (сорғысы)

6

44

Оттекті концентратор, керек-жарағымен жиынтықта

2

45

Ларингоскоптар жинағы

2

46

Таңу құралдарының жинағы

2

47

Компрессорлық небулайзер

1

48

Қанды қыздыруға және инфузиялық ерітінділерге арналған аспап

1

49

Науқасты жылытатын жүйе

1

50

Қан плазмаларын ерітетін аппарат

1

51

Қан плазмаларына арналған мұздатқыш

1

52

Көліктік контейнер

1

Операциялық бөлімше

53

Ішкі аксессуарлары бар шатыр

2

54

Ықшам операциялық үстел

2

55

Стерильденген құралдарды сақтауға арналған ультракүлгін камера

2

56

Бикстер

6

57

Науқасты мониторингтеу жүйесі

2

58

Ларингоскоптар жинағы

2

59

Ингаляциялық наркоз аппараты

2

60

Дефибрилляторлар

2

61

Аспиратор

2

62

Инфузиялық шприц помпасы (сорғысы)

2

63

Хирургиялық құралдар жинағы (сүйек хирургиясына және ортопедияға арналған)

2

64

Хирургиялық құралдар жинағы (үлкен хирургиялық)

2

65

Хирургиялық құралдар жинағы (нейрохирургиялық құралдар)

1

66

Хирургиялық құралдары жинағы (таңу)

1

67

Оттекті концентратор, керек-жарақтарымен жиынтықта

2

68

Құрғатып кептіру шкафы

2

69

Медициналық құралдар үстелі

2

70

Стерильденген қораптарға арналған тұғыр

2

71

Медициналық құралдар үстелі

2

72

Медициналық үстел

2

73

Материалдарды сақтауға арналған медициналық шкаф

1

74

Сөре – этажерка

2

75

Жиналмалы үстел

3

76

Киім салынған қапқа арналған жиналмалы арбалар

1

77

Үлкен ықшам далалық раковина

1

78

Ауаны тазартуға арналған сүзгі

1

79

Көліктік контейнер

1

Асхана

80

Жиналмалы үстел

10

81

Материалдарды сақтауға арналған шкаф

2

82

Сөре – этажерка

4

83

Жиналмалы орындық

50

84

Ішкі аксессуарлары бар шатыр

1

85

Көліктік контейнер

1

Далалық ас үй

86

Ішкі аксессуарлары бар шатыр

1

87

Көліктік контейнер

1

Медикаменттерге және медициналық бұйымдарға арналған қойма

88

Ішкі аксессуарлары бар шатыр

1

89

Көліктік контейнер

1

Басқару және суды дайындауға арналған үй-жай

90

Ішкі аксессуарлары бар шатыр

1

91

Көліктік контейнер

1

92

Суды дайындау жүйесі

1

Персонал тұруға арналған үй-жай

93

Ішкі аксессуарлары бар шатыр

2

94

Персоналға арналған кереует

20

95

Жиналмалы үстел

20

96

Көліктік контейнер

1

Шатырларды біріктіру жүйесі

97

Тамбур

12

Санитариялық-гигиеналық блок

98

Суға арналған резервуарлары бар дәретхана

1 контейнер

99

Суға арналған резервуарлары бар душ

1 контейнер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады