"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 тамыздағы № 689 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және
авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; 2015 жылғы 21 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, шарттық міндеттемелерді қорғауды кепілдендіру және оларды бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 5 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      694-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «694-бап. Аралас тасымалдар
      Екі немесе одан көп көлiк түрлерiмен бірыңғай тауар-көлiк жүкқұжаты (коносамент) бойынша тасымалдау (аралас тасымалдар) кезіндегі өзара қарым-қатынастар, сондай-ақ осындай тасымалдауды ұйымдастыру тәртiбi көлік туралы заңнамалық актiлерге сәйкес тиiстi көлiк түрлерi ұйымдарының арасындағы жасалатын шарттармен белгiленедi.».
      2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, № 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; 2015 жылғы 17 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сумен жабдықтау және су бұру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты кредиттеу және субсидиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 5 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 157-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы ратификациялаған, Қазақстан Республикасының Үкіметі жасаған қарыз шарты шеңберінде іске асырылып жатқан бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнын ұлғайтуды қаржыландыру, егер қарыз шартының талаптарына сәйкес мердігермен азаматтық-құқықтық шартта қарыз құнын ұлғайтуды қаржыландыру жөнінде өзге де талаптар белгіленген болса, азаматтық-құқықтық шартқа сәйкес жобалау-сметалық құжаттамаға түзетусіз мүмкін болады.»;
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      «5-1. Осы баптың 2-тармағының екінші абзацында көрсетілген бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша азаматтық-құқықтық шарттардың талаптарына сәйкес жол учаскелерінің сметалық құнын ұлғайтуды қаржыландыруға Республикалық бюджет комиссиясының қарауынсыз жол берілмейді.»;
      2) 215-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган тізбесін белгілейтін инвестициялық жобаларды іске асыру үшін астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқару функцияларын жүзеге асыратын Автомобиль жолдары мен компанияларды басқару жөніндегі ұлттық компанияны қоспағанда, мемлекеттік емес қарыз бойынша мемлекеттік кепілдік берілгені үшін қарыз алушыдан мемлекеттік кепілдік беру кезінде жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі басқа заңды тұлғалар үшін мемлекеттік кепілдік сомасының 0,2 пайызы мөлшерінде алдын ала біржолғы төлем (алым) алынады.»;
      3) 216-баптың 3) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) тізбесін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін инвестициялық жобаларды іске асыру үшін астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқару функцияларын жүзеге асыратын Автомобиль жолдары мен компанияларды басқару жөніндегі ұлттық компанияны, сондай-ақ жобаларды іске асыруға екінші деңгейдегі банктерден қаржыландыруды көздейтін ұлттық холдингтер мен олардың еншілес ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейтін қарыздардың қайтарылуын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын екінші деңгейдегі банк кепілдігінің не сақтандыру шартының болуы.
      Банк кепілдігі қарыз шартының бүкіл қолданылу мерзіміне бір рет беріледі және негізгі борыш сомасын, сондай-ақ сыйақылардың, комиссиялардың, айыпақылардың (өсімпұлдың, айыппұлдың) барлық сомасын және қарыз шартына сәйкес қарыз алушы жүзеге асыратын өзге де төлемдерді жабады.
      Сақтандыру шарты жоба бойынша қарыз алушыны дефолтқа және мемлекеттің мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерін орындауына әкеп соқтыруы мүмкін тәуекелдерді сақтандыруды қамтамасыз етуге тиіс;»;
      «9) тізбесін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін инвестициялық жобаларды іске асыру үшін астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқару функцияларын жүзеге асыратын Автомобиль жолдары мен компанияларды басқару жөніндегі ұлттық компанияны қоспағанда ұсынылатын инвестициялық жобаның құнына қатысты кемінде 30 пайызды құрайтын меншікті капиталының болуы;».
      3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі)( Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; 2015 жылғы 10 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 22 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дербес білім беру ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 5 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      244-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «әуе көлігінде – қағаз жеткізгіште жазылған жүк жүкқұжат немесе электрондық нысанындағы әуе жүкқұжаты;»;
      мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      «транзитпен көліктің екі немесе бірнеше түрімен (аралас тасымал) кезінде – бірыңғай тауарлық-көліктік жүкқұжат (коносамент);»;
      4. «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 92, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 123-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат):
      1) 1-бапта:
      2) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) клиент (жүк жөнелтушi, жүк алушы, жолаушы, кеме жалдаушы) – тасымалдаушымен жасалған шартқа сәйкес, ал аралас тасымалдау кезінде жасалған аралас тасымалдау шартына сәйкес көлiктi пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға немесе мемлекет (атқарушы билiк органдарының атынан);»;
      «10) аралас тасымалдар – бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатпен (коносаментпен) көліктің екі немесе одан да көп түрімен тасымалдау;»;
      мынадай мазмұндағы 10-1), 10-2), 10-3) және 10-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      «10-1) бірыңғай тауар-көлік жүкқұжат (коносамент) – аралас тасымалдау операторының жүкті межелі пунктке жеткізу үшін өз иелігіне қабылдағанын куәландыратын құжат;
      10-2) аралас тасымалдар операторы – аралас тасымалды ұйымдастыруды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлға;
      10-3) аралас тасымалдар шарты – аралас тасымалды жүзеге асыру үшін аралас тасымал операторы мен клиент арасында жасалған шарт;
      10-4) аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шарты – аралас тасымалдар операторлары және әртүрлі көлікпен тасымалдаушылар арасында жасалған шарт;»;
      2) 9-бапта:
      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Метрополитенмен және жеңілрельсті көлікпен жолаушылар тасымалдауды субсидиялау қағидаларын жергілікті атқарушы орган айқындайды.»;
      мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
      «Жеңілрельсті көлікпен жолаушыларды тасмалдау бойынша қызмет көрсету астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқару фунцияларын жүзеге асыратын компания және жергілікті атқарушы орган арасында жасалған ұзақ мерзімді қызмет көрсету келісімшарты негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.»;
      3) 10-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жүктердi, жолаушыларды, багажды тасымалдауға және тасымалдауға байланысты қызмет көрсетуге, оның ішінде аралас тасымалдау кезінде, көлiк қызметiмен айналысатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қызметiн қамтамасыз ететiн ерiктi (шарттық) тарифтер (осы Заңның 9-бабының төртінші бөлiгiнде көзделгеннен басқа жағдайларда) белгiленедi.»;
      4) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «12-бап. Көлiктiң алуан түрi қатысатын аралас тасымал
      Теміржол, теңіз, ішкі су, әуе және автомобиль көлігі көліктік логистика қағидаттарын қолдана отырып және көлік инфрақұрылымын пайдалана отырып, аралас тасымалдар жүйесін құрайды.
      Клиент, аралас тасымалдар операторы және көліктің әртүрлі түрімен тасымалдаушылар аралас тасымалдар қатысушылары болып табылады.
      Аралас тасымалдауды жүзеге асыру тәртібі мен талаптары, аралас тасымалдың шарттарын жасасудың негізгі ережелері мен тәртібі және аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін аралас қатынастар қағидаларымен белгіленеді.»;
      5) мынадай мазмұндағы 12-1, 12-2 және 12-3-баптармен толықтырылсын:
      «12-1. Аралас тасымалдар шарты
      1. Аралас тасымалдар шарты аралас тасымалдар операторы мен клиенттің арасында жасалады және мыналарды:
      1) клиенттің және аралас тасымалдар операторының құқықтары мен міндеттерін;
      2) клиенттің және аралас тасымалдар операторының жауапкершілігін;
      3) бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатын (коносаментті) толтыру тәртібін;
      4) жеткізу мерзімі мен шарттарын;
      5) межелі пункттерді;
      6) жүктердің көлемін;
      7) құны мен төлеу тәртібін;
      8) осы Заңда және аралас тасымалдар қағидаларында көзделмеген аралас тасымалды, ұйымдастырудың өзге де шарттарын қамтуға тиіс.
      2. Аралас тасымалдар операторының:
      1) өзiнiң қасиеті, салмағы мен көлемінің параметрлері бойынша аралас тасымал шартында көрсетiлген жүк туралы деректерге сәйкес келмейтiн жүктi аралас тасымалдаудан бас тартуға;
      2) клиент көрсеткен жаңа межелi пунктке еңсерiлмейтiн күштiң салдарынан жүктi жеткiзуге мүмкiндiк болмаған жағдайда, аралас тасымалдаудан бас тартуға және жүк жөнелтушiнi бұл туралы алдын ала хабардар ете отырып, жүктi оған қайтаруға құқығы бар. Бұл ретте аралас тасымалдар операторының қосымша шығыстарын, егер шартта өзгеше көзделмесе, жүк жөнелтушi (жүк алушы) төлейдi;
      3) клиенттен аралас тасымалдар шарты бойынша міндеттемелерді тиісінше орындауды талап етуге құқығы бар.
      Аралас тасымалдар операторының Қазақстан Республикасының заңдарында және аралас тасымалдар шартында белгiленген өзге де құқықтары бар.
      3. Аралас тасымалдар операторы:
      1) белгіленген мерзімде жүкті қабылдауға;
      2) жөнелту пунктінен межелі пунктке көліктің әр түрін пайдалана отырып, жүк тасымалдауды ұйымдастыруға;
      3) тасымалдаудың әрбір кезеңінде жүктің қозғалысына мониторингті қамтамасыз етуге;
      4) бүкіл сапар барысында жүктің сақталуын қамтамасыз етуге;
      5) жүктің белгіленген мерзімде жеткізілуін қамтамасыз етуге;
      6) жүкті алуға уәкілетті адамға (жүк алушыға) жүкті беруді қамтамасыз етуге міндетті.
      Аралас тасымалдар операторына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де мiндеттер жүктеледі.
      4. Клиенттің:
      1) мәлімделген жүкті тасымалдау үшін сапар маршруты, көліктің құрамы мен түрі жөнінде ақпарат алуға;
      2) аралас тасымалдар операторынан аралас тасымалдар шарты бойынша міндеттемелерді тиісінше орындауды талап етуге;
      3) жазбаша құжаттық дәлелдемелерді көрсеткен жағдайда аралас тасымалдау кезінде келтірілген залалды өтеуді талап етуге құқылы.
      Клиенттің Қазақстан Республикасының заңдарына және аралас тасымалдар шартына сәйкес өзге де құқықтары бар.
      5. Клиент:
      1) аралас тасымал шартында көрсетілген мерзімге сәйкес аралас тасымалдар операторына жүкті беруге;
      2) аралас тасымалдар операторына аралас тасымал шартында көрсетілген барлық тиесілі төлемдерді төлеуге міндетті.
      12-2-бап. Аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шарты
      1. Аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шарты аралас тасымалдар операторы мен аралас тасымалға қатыстырылған көліктің әр түрімен тасымалдаушылар арасында жасалады және ол:
      1) аралас тасымалдар операторы мен аралас тасымалға қатыстырылған тасымалдаушылардың құқықтары мен міндеттерін;
      2) аралас тасымалды жүзеге асыру шарты мен тәртібін;
      3) құны мен төлеу тәртібін;
      4) тасымалдаушылардың өзара іс-қимыл жасау және жүкті көлік құралының бір түрінен екінші түріне ауыстырып тиеу тәртібін;
      5) бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатын (коносаментін) толтыру тәртібін;
      6) жеткізу мерзімі мен талаптарын;
      7) осы Заңда және аралас тасымалдар қағидаларында көзделмеген өзге де талаптарды қамтуға тиіс.
      2. Аралас тасымалдар операторының:
      1) егер тасымалдаушының көлік құралы өзінің қасиеті мен көлемінің параметрлері бойынша аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шартында көрсетілген жүк параметрлеріне сәйкес келмейтін болса, тасымалдаушыларға жүкті аралас тасымалдаудан бас тартуға;
      2) клиент көрсеткен жаңа межелi пунктке еңсерiлмейтiн күштiң салдарынан жүктi жеткiзуге мүмкiндiк болмаған жағдайда, аралас тасымалдаудан бас тартуға және жүк жөнелтушiнi бұл туралы алдын ала хабардар ете отырып, жүктi оған қайтаруға құқығы бар. Егер шартта өзгеше көзделмесе, тасымалдаушының осыған байланысты қосымша шығыстарын жүк жөнелтушi (жүк алушы) өтейді;
      3) тасымалдаушыдан аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шарты бойынша міндеттемелерді тиісінше орындауды талап етуге;
      4) жазбаша құжаттық дәлелдемелерді көрсеткен жағдайда аралас тасымал кезінде келтірілген залалды өтеуді талап етуге құқығы бар.
      Аралас тасымалдар операторының Қазақстан Республикасының заңдарында және аралас тасымалдар шартында белгiленген өзге де құқықтары бар.
      3. Аралас тасымалдар операторы белгіленген мерзімде жүкті тасымалдаушыға беруге міндетті.
      Аралас тасымалдар операторының Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де мiндеттері бар.
      4. Аралас тасымалдар тасымалдаушысының:
      1) өзiнiң қасиеті, салмағы мен көлемінің параметрлері бойынша аралас тасымалдау кезіндегі өзара іс-қимыл шартында көрсетiлген жүк туралы деректерге сәйкес келмейтiн жүктi аралас тасымалдаудан бас тартуға;
      2) егер жүктi одан әрi тасымалдау жүктi тасымалдау қауiпсiздiгiне және оның сақталуына қатер төндiрсе, жүктi түсiруге құқығы бар.
      Аралас тасымал тасымалдаушысының Қазақстан Республикасының заңдарында және аралас тасымалдау кезіндегі өзара іс-қимыл шартында белгiленген өзге де құқықтары бар.
      5. Аралас тасымал тасымалдаушысы:
      1) жүктердi тасымалдау қауiпсiздiгiне және сапар барысындағы өз бөлігінде жүктің сақталуына төнген қатер туралы аралас тасымалдар операторын дереу хабардар етуге, бұл ретте аралас тасымалдар операторынан алынған нұсқауларды сақтауға, сондай-ақ жүктердi тасымалдау қауiпсiздiгiн және жүктің сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегі өзi жасаған іс-қимылдар туралы дереу хабардар етуге;
      2) жүктi қабылдау кезiнде бірыңғай тауар-көлiк жүкқұжатындағы (коносамент) жүкке және оның орамына қатысты жазбалардың дәлдiгiн тексеруге;
      3) автокөлiк құралына тиеудiң белгiленген нормаларын сақтау, тасымалдауды орындау қауiпсiздiгiн және жүктiң сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жүктiң салынуы мен бекiтiлуiн бақылауға;
      4) аралас тасымалдар операторына мәлімделген жүкті тасымалдау үшін сапар маршруты, көліктің құрамы мен түрі жөнінде ақпарат беруге;
      5) операторға жүкті тасымалдаудың тиісті учаскесінде тұрған жерін бақылауға мүмкіндік беруге;
      6) аралас тасымал кезіндегі өзара іс-қимыл шартында белгіленген мерзімде аралас тасымалдаудың келесі тасымалдаушысына немесе жүкті қабылдауға уәкілетті тұлғаға (жүкті алушыға) беруге міндетті.
      Аралас тасымалдың тасымалдаушысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де мiндеттердi мойнына алады.
      12-3-бап. Бірыңғай тауар-көлік жүкқұжаты (коносамент).
      Қызмет көрсету және аралас тасымалдар шартының талаптарын орындау бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатымен (коносаментімен) куәландырылады, онымен аралас тасымалдар операторы мен тасымалдаушылардың жүкті аралас тасымалдар шартының талаптарына және аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шартына сәйкес жүкті межелі пунктке жеткізу үшін өздерінің қарауына қабылдағаны расталады.
      Бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатының (коносаментінің) нысаны және оны толтыру тәртібі уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін аралас тасымалдау қағидаларында белгіленеді.
      Халықаралық аралас тасымалдар кезінде халықаралық ұйымдар қабылдаған халықаралық үлгідегі бірыңғай тауар-көлік жүкқұжаты (коносаменті) қолданылады.»;
      6) 15-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «15-2-бап. Көлік-логистика орталықтары
      1. Қазақстан Республикасының аумағында орындалатын операцияларға байланысты халықаралық және өңірлік көлік-логистика орталықтары құрылуы мүмкін.
      Халықаралық көлік-логистика орталықтары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тасымалданатын жүктермен және көлік құралдарымен жасалатын операцияларды орындау үшін, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік және шекаралық операцияларды қоса алғанда, қарап-тексеруге арналған.
      Өңірлік көлік-логистика орталықтары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы шегінде жүктермен және көлік құралдарымен жасалатын операцияларды орындауға арналған.
      2. Уәкілетті мемлекеттік орган халықаралық және өңірлік көлік-логистика орталықтарын жайластыру және техникалық жарақтандыру жөніндегі үлгілік талаптарды әзірлейді және бекітеді.»;
      7) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «17-бап. Тасымалдаушының және аралас тасымалдарға
               қатысушылардың жауапкершілігі
      Тасымалдаушының жолаушылармен және жүк иелерiмен, ал аралас тасымалдар кезінде аралас тасымалдар операторының клиентпен, тасымалдаушының оператормен заңнамада белгіленген жауапкершiлiктi шектеу немесе жою туралы жасасқан келiсiмдерiнiң күшi болмайды, бұған жүк тасымалы кезiндегі осындай келiсiмдер мүмкiндiгi заң актiлерiнде көзделген жағдайлар жатпайды.
      Тасымалдаушы жүктің, багаждың және почта жөнелтiлiмдерiнiң тасымалдауға қабылданған кезінен бастап алушыға берiлгенге дейiн сақталуын қамтамасыз етедi.
      Егер тасымалдаушы жүктiң немесе багаджың жоғалуы, жетiспеуi немесе бүлiнуi өз кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, ол жүктiң немесе багаждың жоғалғаны, жетiспегенi немесе бүлiнгенi үшiн жауап бередi.
      Аралас тасымалдар кезінде аралас тасымалдар операторы, егер жүктiң жоғалуы, жетiспеуi немесе бүлiнуi, жүкті жеткізіп берудің кешіктірілуі өз кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, ол жүктің жоғалғаны, жетіспегені немесе бүлінгені, сондай-ақ жүкті жеткізіп берудің кешіктірілгені үшін, сондай-ақ шарттың орындалуына тартылған өз жұмыскерлерінің немесе үшінші тұлғалардың әрекеттері және қателіктері үшін клиент алдында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
      Аралас тасымалға қатысатын тасымалдаушы жүк тасымалдауға қабылданған кезден бастап басқа тасымалдаушыға берілген немесе клиентке тапсырылған кезге дейін жүктiң жоғалуы, жетiспеуi немесе бүлiнуi, сондай-ақ жүкті жеткізіп берудің кешіктірілуі өз кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, ол жүктің жоғалғаны, жетіспегені немесе бүлінгені, сондай-ақ жүкті жеткізіп берудің кешіктірілгені үшін аралас тасымалдар операторы алдында жауаптылықта болады.
      Жүктi немесе багажды тасымалдау кезiнде келтiрiлген нұқсанды:
      1) жүк немесе багаж жоғалған немесе жетiспеген жағдайда - жоғалған немесе жетiспеген жүктiң немесе багаждың құны мөлшерiнде;
      2) жүк немесе багаж зақымданған (бүлiнген) жағдайда – олардың құны төмендеген сома мөлшерiнде, ал зақымданған жүктi немесе багажды қалпына келтiру мүмкiн болмаған жағдайда – олардың құны мөлшерiнде;
      3) құндылығы жарияланып, тасымалдауға тапсырылған жүк немесе багаж жоғалған жағдайда - жүктiң немесе багаждың жарияланған құны мөлшерiнде өтейдi.
      Жүктiң немесе багаждың құны уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн қағидалар (әдiстеме) бойынша тасымалдау және көлiк түрлерiне байланысты немесе Қазақстан Республикасы қосылған тиiстi халықаралық конвенциялардың қағидаттары негiзiнде белгiленетiн бағасы негiзге алына отырып айқындалады.
      Жүктiң немесе багаждың (коммерциялық акт, жалпы нысандағы акт және с.с.) сақталмауының себептерi туралы тасымалдаушы, ал аралас тасымалдар кезінде аралас тасымалдар операторы және аралас тасымалға қатысатын тасымалдаушыны бiржақты тәртiппен жасаған құжаттарды, дау туған жағдайда, жүк немесе багаж тасымалдаушының, аралас тасымал кезінде аралас тасымалдар операторының немесе аралас тасымалға қатысатын тасымалдаушының, жөнелтушiнiң не алушының жауапкершiлiгiне негiз болуы мүмкiн мән-жайларды куәландыратын басқа құжаттармен бiрге сот бағалауға тиiс.
      Егер тасымалдаушы, ал аралас тасымал кезінде аралас тасымалдар операторы немесе аралас тасымалға қатысатын тасымалдаушы жауап беретiн бүлiну салдарынан жүктiң немесе багаждың сапасы мүлдем өзгерiп, ол тiкелей мақсатына пайдаланылмайтындай болып қалса, жүктi немесе багажды алушы одан бас тартуға және оны жоғалтқаны үшiн өтем талап етуге құқылы.
      Жүк немесе багаж жоғалған не толық жетіспеген жағдайда тасымалдаушы, ал аралас тасымалдар кезінде аралас тасымалдар операторы клиентке және аралас тасымалға қатысатын тасымалдаушы аралас тасымалдар операторына, өтем төлей отырып, жоғалған жүктi немесе багажды тасымалдағаны үшiн ақыны қайтарып бередi.
      Егер тiркелген багажды немесе жүктi тасымалдаушы, ал аралас тасымалдар кезінде аралас тасымалдар операторы немесе аралас тасымалға қатысатын тасымалдаушы жоғалды деп мойындаса немесе, егер осы багаж не жүк жеткiзу мерзiмi өткеннен кейiн 7 күн iшiнде тиiстi жерiне келiп жетпесе, олар жоғалды деп есептеледi.
      Алайда, егер жүк көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн келiп жеткен болса, жүк алушы жүктi қабылдауға және багажды не жүктi жоғалтқаны үшiн тасымалдаушы, ал аралас тасымалдар кезінде аралас тасымалдар операторы клиентке және аралас тасымалдарға қатысатын тасымалдаушының аралас тасымалдар операторына төлеген соманы қайтарып беруге құқылы.
      Заңнамалық актілерде жауапкершiлiктiң өзге де түрлерi көзделуi мүмкiн.»;
      8) 17-1-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тасымалдаушыға, ал аралас тасымал кезінде аралас тасымалдар операторына немесе аралас тасымалдауға қатысатын тасымалдаушыға тасымалға байланысты дау жөнiнде талап-арыз бергенге дейiн оған мiндеттi түрде талап қойылады.»;
      9) 18-бапта:
      мынадай мазмұндағы екініші бөлікпен толықтырылсын:
      «Аралас тасымал кезінде аралас тасымал операторы немесе аралас тасымалға қатысатын тасымалдаушы жүктi немесе теңдеме жүкті аралас тасымалдау шартында және аралас тасымал кезінде өзара іс-қимыл жасасу шартында белгіленген мерзімде тиісті жеріне жеткізуге міндетті.»;
      мынадай мазмұндағы жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктермен толықтырылсын:
      «Аралас тасымал кезінде жүктi жеткiзiп берудi кешiктiргенi үшiн тасымалдаушы аралас тасымал операторына, ал аралас тасымал операторы клиентке кешiктiрген мерзiмнiң әрбiр тәулiгiне тасымалдау үшiн төленген ақының 5 пайызы мөлшерiнде айыппұл төлейдi, бiрақ ол тасымалдау үшiн төленген ақының 50 пайызынан аспауға тиiс.
      Тасымалдаушы, ал аралас тасымал кезінде аралас тасымал операторы мен аралас тасымалға қатысушы тасымалдаушы, егер жүктi немесе теңдеме жүктi жеткiзiп берудiң кешiктiрiлуi кiнәсiнен болмаса, ол кешiктiру жауапкершiлiгiнен босатылады.
      Тасымалдаушы, ал аралас тасымал кезінде аралас тасымал операторы тасымалдың кiдiруiне байланысты, егер мұндай жағдай орын алған болса, багажды немесе жүктi жөнелтушiде немесе алушыда пайда болған зиян үшiн жауаптылықта болады.»;
      мынадай мазмұндағы он екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы бапта көзделген зияндардың мөлшерi және оларды анықтау тәртiбi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн Жүк және теңдеме жүк тасымалдау және Аралас тасымалдар туралы қағидалармен белгiленедi.».
      5. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 64-құжат; № 14, 87-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат):
      4-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) контейнерлермен жүктерді тасымалдау және бос контейнерлерді тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, магистральдық темір жол желілерінің;».
      6. «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
      1) 16-баптың 2-тармағын мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Тасымалдаушы пайдаланылатын жылжымалы құрамның Техникалық пайдалану қағидаларының, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес болуын қамтамасыз етуге міндетті.»;
      2) мынадай мазмұндағы 40-1-баппен толықтырылсын:
      «40-1-бап. Жүкті аралас тасымалдау
      Бiрыңғай тауар-көлiк жүкқұжаты (коносамент) бойынша әр түрлi көлiк түрлерiмен жүктердi аралас тасымалдауға қатысатын тасымалдаушылардың, сондай-ақ басқа да адамдардың қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамалық актiлерiнде айқындалады.»;
      3) мынадай мазмұндағы 55-1-баппен толықтырылсын:
      «55-1-бап. Алдын ала ақпараттың мәліметтерін ұсыну
      Жүк жөнелтушілер, жүк алушылар, экспедиторлар, кеден өкілдері не жүк тасымалдауына байланысты көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыру үшін тартылатын өзге де адамдар мемлекеттік кіріс органдарын алдын ала хабардар етуді жүзеге асыру үшін тасымалдаушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында және/немесе халықаралық шарттарда белгіленген көлем мен мерзімдерде қажетті мәліметтерді ұсынуға міндетті.»;
      4) 79-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жүктi жеткiзiп беру мерзiмiнiң өтiп кеткен әрбір тәулiгi, егер тасымалдаушы мерзiмнiң өтiп кеткенi өз кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, жүк алушыға темiржол көлiгiмен тасымалдағаны үшiн тасымал төлемiнiң бес пайызы мөлшерiнде, бiрақ тасымал төлемiнiң елу пайызынан аспайтын мөлшерде айыппұл төлейдi.»;
      5) 87-баптың 1-тармағының 13) тармақшасындағы «сақталмаған жағдайларда жауапкершіліктен босатылады.» деген сөздер «сақталмаған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын;
      «14) тығыздап тиеу нәтижесiнде вагондарды, контейнерлердi өтiнiмде көзделген мөлшерден аз пайдаланылған жағдайларда жауаптылықтан босатылады.».
      7. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 15, 125-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат):
      1) 1-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор (бұдан әрі – Ұлттық оператор) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам, оның міндеттері халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс не тартылғын инвестициялар шеңберінде ағымдағы жөндеу және күтіп-ұстау, салу, реконструкциялау, жөндеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, оларда ақылы қозғалысты ұйымдастыру және астананың және республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін (учаскелерін) қоспағанда, автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) сенімгерлік басқаруды, сондай-ақ осы Заңда белгіленген өкілеттіктерді жүзеге асыру болып табылады;»;
      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «11-1) ақылы қозғалысты ұйымдастыру – жүріп өту үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешендерін енгізу және орнату, сондай-ақ ақылы автомобиль жолдарын басқару арқылы ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері) бойынша жүріп өту үшін ақы алу жөніндегі іс-шаралар;»;
      22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «22) сапаға сараптама жүргізу жөніндегі заңды тұлғалар – автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстардың, сондай-ақ осы жұмыстарда пайдаланылатын материалдардың сапасына сараптама жүргізу бойынша функциялар жүктелген және тиісті аумақтық бірлікте автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар айқындалған функцияларды жүзеге асыратын автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның қарауындағы ұйымдар.»;
      2) 4-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      «7. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары оларды салу, реконструкциялау және оларды ақылы қозғалысты ұйымдастыру үшін Ұлттық операторға сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін.»;
      3) 5-баптың 1, 3 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасында осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері, көпірлер, өткерме жолдар) салынуы мүмкін. Ақылы автомобиль жолдарының (жол учаскелерінің) салынуы мен пайдаланылуын бақылауды автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.»;
      «3. Ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері) республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, Ұлттық оператор тартқан қаражаты, жеке және заңды тұлғалардың меншікті және (немесе) қарыз қаражаты есебінен немесе концессия шарттарының негізінде салынуы мүмкін.
      Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолы (жол учаскесі) ақылы қозғалысты ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ұлттық операторға, концессионерге сенімгерлік басқаруға беріледі.
      Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) жүріп өту үшін ақы автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен және мөлшерлеме бойынша алынады.»;
      «5. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту үшін ақы алудан түскен ақша, концессия шарты негізінде алынатын ақшаны қоспағанда, Ұлттық оператордың жеке шотында есепке алынады және мыналарға:
      1) ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) жөндеуге және күтіп-ұстауға, жүріп өту үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешенін күтіп-ұстауға;
      2) жүріп өту үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешенді енгізу және орнату мақсаты үшін тартылған инвестицияларды қайтаруға;
      3) автомобиль жолдарында (жол учаскелерінде) ақылы қозғалысты ұйымдастыруға;
      4) ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) күтіп-ұстау үшін жол-пайдалану техникасын сатып алуға және оған қызмет көрсетуге байланысты шығыстарды қаржыландыруға бағытталады.
      Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген мақсаттарға бағытталатын шығыстар, осы баптың 1) және 2) тармақшасында көрсетілген шығыстарды өтеп болғаннан кейін жүріп өту үшін ақыдан алынған ақша есебінен өтеледі.»;
      4) 5-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) ақылы негізде пайдалану туралы шешімдер:
      1) автомобиль көлігінің барлық түрлеріне арналған І техникалық санаттағы халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына (жол учаскелеріне);
      2) автомобиль көлігінің барлық түрлеріне немесе тек жүк автомобиль көлігіне арналған ІІ техникалық санаттағы халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына (жол учаскелеріне);
      3) жүк автомобиль көлігіне арналған ІІІ техникалық санаттағы халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына (жол учаскелеріне);
      4) астананың және республикалық маңызы бар қалалардың көшелеріне қатысты қабылдануы мүмкін.»;
      5) 12-баптың 2-тармағында:
      8-1) тармақша алып тасталсын;
      34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «34) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлiнген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібін әзірлеу және бекіту;»;
      38) мынадай мазмұндағы 40) тармақшамен толықтырылсын:
      «40) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу, диагностикалау және паспорттау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес автожол саласының нормативтік-техникалық базасын жетілдіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жатады.»;
      6) 13-баптың 1-1-тармағында:
      6-1), 6-3) және 6-5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «6-1) астананың, республикалық маңызы бар қаланың ақылы көшелерін (учаскелерін) пайдалану тәртібі мен шарттарын әзірлеу және бекіту;»;
      «6-3) астананың, республикалық маңызы бар қаланың көшелерін (учаскелерін) ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылдау;»;
      «6-5) ақы енгізілуіне қарай астананың, республикалық маңызы бар қаланың ақылы көшелерімен жүріп өту үшін ақы алу қағидаларын және мөлшерлемелерін әзірлеу және бекіту;»;
      6-6) және 6-7) тармақшалар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 6-8) және 6-9) тармақшалармен толықтырылсын:
      «6-8) елді мекендердің көшелерін күтіп-ұстау, оларға ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің сыныптамасын бекіту;»;
      «6-9) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарға кіреберіс жолдар мен қосылулар салуды келісу;»;
      7) 15-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде авторлық қадағалауды - жобалау құжаттамасын әзірлеуші, өндірістік қадағалауды – жұмыстарды орындаушы және автомобиль жолдарын салуды, реконструкциялауды, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуді техникалық қадағалауды – тапсырыс беруші өз бетінше не тиісті аттестаты бар ұйымдар мен сарапшыларды тарту арқылы жүзеге асырады. Автомобиль жолдарын ағымдағы және орташа жөндеу жөніндегі жұмыстардан басқа, аяқталған жол жұмыстарын пайдалануға қабылдауды мемлекеттік қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.»;
      8) 20-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) ақылы автомобиль жолдарымен (учаскелерімен) жүріп өту ақысын ақы алу пунктін кесіп өту кезінде төлеуді жүргізуге;»;
      9) 25-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Автокөлік құралын пайдаланушы ақылы автомобиль жолдары (учаскелері) бойынша жүріп өткені үшін ақы төлемеген жағдайда, берешек автокөлік құралының иесінен өндіріп алынады.»;
      10) 29-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау, оларға ақылы қозғалысты ұйымдастыру жөніндегі жобаларды іске асыру, сондай-ақ жол сервисі объектілерін дамыту мақсаттарында, Ұлттық оператор Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген қаржыландыру көздерін тартуға және пайдалануға құқылы.»;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде және тартылған инвестициялар шеңберінде жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау сапасына жауапты болады.»;
      11) 30-бапта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде, оның ішінде сенімгерлік басқаруға берілген не тартылған инвестициялар есебінен жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салуды, реконструкциялауды, жөндеуді және күтіп-ұстауды ұйымдастыру;»;
      мынадай мазмұндағы 2-1), 3-1) және 6-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «2-1) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және күтіп-ұстау;»;
      «3-1) Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға сәйкес жобаларды басқару;»;
      «6-1) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу мақсаттары үшін инвестициялар тарту, ақылы қозғалысты ұйымдастыру және жол сервисі объектілерін дамыту;»;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) автомобиль жолдарымен жүріп өтуге арнайы рұқсаты жоқ ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдары туралы ақпаратты есепке алу және автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға ұсыну;»;
      мынадай мазмұндағы 9-3) тармақшамен толықтырылсын:
      «9-3) жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жол сервисі объектілерін дамыту;».
      8. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат):
      мынадай мазмұндағы 54-1-баппен толықтырылсын:
      «54-1-бап. Жүкті аралас тасымалдау
      Бiрыңғай тауар-көлiк жүкқұжаты (коносамент) бойынша әртүрлi көлiк түрлерiмен жүктердi аралас тасымалдауға қатысушы тасымалдаушылардың, сондай-ақ басқа да адамдардың қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамалық актiлерiнде айқындалады.»;
      2) 69-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Порттың теңiз әкiмшiлiгi жүктi жөнелтушiлерге аралас тасымалдауда немесе тiкелей теңiз қатынастарында тасымалдау және көлiктiң басқа түрлерiн ұйымдастыру кезiнде тасымалдау үшiн жүк қабылдауды уақытша тоқтату немесе шектеу туралы дереу хабарлайды.»;
      3) 234-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Кiнә қою жүк тасымалдауды жүзеге асырған тасымалдаушыға, егер жүктi тасымалдау жүргiзiлмеген болса, теңiзде жүк тасымалдау шартына сәйкес оны жүзеге асыруға мiндеттi тасымалдаушыға қойылады.»;
      4) 236-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жүктiң жоғалуынан және кем шығуынан келген залалды өтеу туралы талаптар бойынша жүк берiлуi тиiс болған күннен бастап бiр ай өткен соң;».
      9. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат):
      1) 40-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «40-бап. Жүкті аралас тасымалдау
      Бiрыңғай тауар-көлiк жүкқұжаты (коносамент) бойынша әртүрлi көлiк түрлерiмен жүктердi тасымалдауға қатысушы тасымалдаушылардың, сондай-ақ басқа да адамдардың қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамалық актiлерiнде айқындалады.»;
      2) 52-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «52-бап. Жүктердi жеткiзу мерзiмдерiн бұзғаны үшiн жауаптылық
      Жүктердi жеткiзу мерзiмдерiн бұзғаны үшiн тасымалдаушы, егер кешiктiру өзiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, жүк жөнелтушiге (жүк алушыға) кешiктiрiлген әрбiр тәулiк үшін тасымалдау төлемақысының бес пайызы мөлшерiнде, бiрақ тасымалдау төлемақысының елу пайызынан аспайтын мөлшерде айыппұл төлейдi.».
      10. «Iшкi су көлiгi туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж.,№ 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):
      1) 1-баптың 21) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «21) көлiктiк жүкқұжат – тiкелей су қатынастарында жүк тасымалдау кезiнде ресiмделетiн тасымалдау құжаты;»;
      2) мынадай мазмұндағы 56-1-баппен толықтырылсын:
      «56-1-бап. Жүкті аралас тасымалдау
      Бiрыңғай тауар-көлiк жүкқұжаты (коносамент) бойынша әртүрлi көлiк түрлерiмен жүктердi тасымалдауға қатысатын тасымалдаушылардың, сондай-ақ басқа да адамдардың қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамалық актiлерiнде айқындалады.»;
      3) 82-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Тасымалдау, оның iшiнде аралас тасымалдау және халықаралық қатынастарда тасымалдау жөнiндегi мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн тасымалдаушылардың өзара жауаптылығы осы Заңда, Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамалық актiлерiнде, халықаралық шарттарда және жүк тасымалдаушылар арасындағы келiсiмдерде айқындалады.»;
      4) 92-бап алып тасталсын.
      5) 100-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
      11. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «14-1) авиациялық хаб – жолаушыларды, багажды, поштаны және жүктерді тағайындалған орынға жеткізу үшін авиакомпаниялар аралық пункт ретінде пайдаланатын, рейстер тоғысуын ұйымдастыру үшін қажетті инфрақұрылымы бар авиакөліктік торапты әуежай;»;
      2) 14-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 41-62), 41-63), 41-64), 41-65), 41-66) және 41-67) тармақшалармен толықтырылсын:
      «41-62) Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларында әуе көлігімен багажды, поштаны және жүктерді тасымалдау мен өңдеу бойынша бірыңғай талаптар мен технологиялық рәсімдерді бекітеді;
      41-63) электрондық жүк әуе жүкқұжатының нысанын бекітеді;
      41-64) әуе көлігімен багажды, поштаны және жүктерді тасымалдау және өңдеу кезінде ақпараттық өзара іс-әрекет қағидаларын бекітеді;
      41-65) аэронавигациялар мен әуежайлардың көрсетілетін қызметі аясында табиғи монополия саласындағы реттеуді және бақылауды жүзеге асырады;
      41-66) аэронавигациялар мен әуежайлардың көрсетілетін қызметі бойынша табиғи монополиялар салаларына табиғи монополиялар субъектілері ұсынатын көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) осы сала шеңберінде реттелетіндерге жатқызу мәніне талдау жүргізеді және талдау қорытындылары бойынша табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінен шығару (енгізу) туралы ұсынысты енгізеді;
      41-67) табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісім бойынша табиғи монополиялар саласына жатқызылған аэронавигациялар мен әуежайлардың көрсетілетін қызметіне тарифтерді есептеу әдістемесін бекітеді;»;
      3) мынадай мазмұндағы 16-7-баппен толықтырылсын:
      «16-7-бап. Азаматтық авиация саласындағы тарифтерді (бағаларды, мөлшерлемелерді, алымдарды) мемлекеттік реттеу
      1. Табиғи монополиялар саласына жатқызылған аэронавигациялар мен әуежайлардың көрсетілетін қызметіне тарифтерді (бағаларды, мөлшерлемелерді, алымдарды) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
      2. Табиғи монополиялар саласына жатқызылған аэронавигациялар мен әуежайлардың көрсетілетін қызметіне тарифтерді есептеу әдістемесін табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісім бойынша әуежайлық алымдарға және аэронавигациялық қызмет көрсетуге қатысты Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарын және ұсынылатын практикасын ескере отырып азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.»;
      4) 65-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Әуежайдың пайдаланушысы ұсынылатын қызметтердің азаматтық авиация саласындағы халықаралық стандартарға сәйкестігін айқындау үшін осы баптың 1-тармағында көрсетілген ұсынылатын қызметтердің сапасына аудитті тұрақты негізде жүргізеді. Мұндай аудитті жүргізу азаматтық авиация ұйымдарының арасындағы шарт негізінде айқындалады.»;
      5) 65-1-баптың 1-тармағын мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Авиациялық хабтардың аэровокзалдары транзиттік жолаушылар мен олардың багажына қызмет көрсету үшін қажетті алаңы, инфрақұрылымы және жабдықтары болуға тиіс.»;
      6) 76-бапта:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Жүкті тасымалдаған кезде жөнелту және межелі пункттері, жүктің салмағы, оны тасымалдаудың шарттары көрсетілген жүкқұжаты берiледi. Жүк құжаты қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде жазылады. Жөнелтуші мәліметтер ұсынуға және жүк берілгенге дейін Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің заңнамалық актілерінде белгіленген рәсімдерді орындау үшін алушыға қажет барлық құжаттарды жүкқұжатына қоса беруге тиіс.
      Электрондық түрде жазылатын жүк құжаттарын қабылдау, өңдеу, беру және сақтау авиакомпаниялар қолданатын ақпараттық жүйе мен ақпараттық технолгиялар арқылы жүзеге асырылады.
      Бiрыңғай тауар-көлiк жүкқұжаты (коносамент) бойынша әр түрлi көлiк түрлерiмен жүктердi аралас тасымалдауға қатысатын тасымалдаушылардың, сондай-ақ басқа да адамдардың қарым-қатынасытары Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамалық актiлерiнде айқындалады.
      Азаматтық әуе кемелерінде қауіпті жүктерді тасымалдау ерекшеліктері азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Азаматтық әуе кемелерінде қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі нұсқаулықта айқындалады.»;
      мынадай мазмұндағы 5-1 және 5-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «5-1. Жүк жөнелтуші, жүкті алушы әуе тасымалдауының құжаттарында көрсетілген жүкті әуе тасымалдаушымен уақытылы межелі пунктіне жеткізілуіне мен оның сақталуын қамтамасыз етілуіне құқығы бар.
      Жүкті немесе поштаны тасымалдау шарты бұзылған жағдайда жүк жөнелтушінің немесе жүкті алушының тасымалдаушыдан коммерциялық акті жасауды талап етуге құқығы бар.
      Егер жүктің сапасы оның тiкелей тағайындалуы бойынша пайдаланылуы мүмкін болмайтындай өзгергендігі анықталған болса, жүк алушының зақымдалған немесе бұзылған жүкті қабылдаудан бас тартуға және оны жоғалтқаны үшiн өтем талап етуге құқығы бар.
      5-2. Әуе тасымалын жүзеге асыратын авиакомпанияның:
      1) жолаушылар мен жүк жөнелтушілерден авиациялық қауіпсіздік пен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды, оның ішінде тексеруді ұйымдастыру және жүргізу арқылы сақтауын талап етеді;
      2) жолаушыларға (жүкті жөнелтушілерге) тиісті үлгідегі жарамды әуе кемесін, білікті ұшу экипажын ұсынуды қамтамасыз етуге, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тасымалдау қауіпсіздігін және басқа да көрсетілетін қызметтерді қамтамасыз етеді;
      3) жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларында белгіленген жолаушыларға, жүкті жөнелтушілерге, жүкті алушыларға қызмет көрсету талаптарын сақтайды;
      4) жолаушының, жүкті жөнелтушінің немесе жүкті алушының талап етуі бойынша және жолаушыны, багажды, жүкті немесе поштаны тасымалдау шарты бұзылған жағдайда олардың бірі тасымалдау құжаттарын көрсеткен кезде жүктің немесе теңдеме жүктің (коммерциялық акт, жалпы нысандағы акт және с.с.) сақталмауының себептері туралы құжаттарды жасайды.»;
      7) 88-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Әуе кемесінде жолаушылар ретіндегі адамдарға:
      1) ұшудың қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайлар жасауға;
      2) экипаж мүшелерін қорқытуға;
      3) әуе кемесінің бортында бүкіл ұшу кезеңінде темекі шегуге;
      4) ұялы байланыс пен радиоэлектрондық құралдарды әуе кемесінің бортында «ұшуда» деген автономдық режимде пайдалануды қоспағанда, ұшудың барлық кезеңдерінде ұялы, транкингтік байланыс қызметтерін пайдалануға, әуе кемесін жүргізу, биіктікті алу, қонуға бет алу кезеңдерінде тұрмыстық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалануға тыйым салынады.».
      12. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 10-құжат; № 3, 15-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 жылғы 17 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 5 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      35-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) тиісті білімі бар азаматтық әуе кемелерінің ұшу экипажының мүшелері, азаматтық авиацияның инженерлері, механиктері және техниктері азаматтық авиация саласындағы жұмыс істеп жүрген барлық кезеңіне;».
      2-бап. Осы Заң 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 11-тармағы 2) тармақшасының бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарын және 3) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады