"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 тамыздағы № 708 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

ЖОБА

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
оңалту және банкроттық мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 93-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 64-құжат; № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 6, 9-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 11, 67-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжаттар; № 22, 128-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 8, 44-құжат; 2015 жылғы 5 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мазмұнындағы 35-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «35-тарау. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың төлем  қабілетсіздігін реттеу, банкроттығы, заңды тұлғаларды жеделдетілген оңалту рәсімі және оңалту туралы iстердi қарау»;
      2) 33-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жер учаскелеріне, ғимараттарға, үй-жайларға, құрылыжайларға, жермен тығыз байланысты басқа да объектілерге (жылжымайтын мүлік) берілетін құқықтар туралы, осы баптың бесінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мүлікті тыйым салудан босату туралы қуынымдар осы объектілер немесе тыйым салынған мүлік орналасқан жер бойынша қойылады.»;
      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Тараптардың бірі заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, оған қатысты банкрот деп тану туралы шешім заңды күшіне енген азамат не оған қатысты оңалту рәсімін қолдану және (немесе) банкрот деп тану туралы шешім заңды күшіне енген заңды тұлға болса, қуынымдарды оған қатысты оңалту рәсімін қолдану немесе осындай тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім шығарған сот қарайды.
      Судья жоқ болса, оның:
      1) осы Кодексте белгіленген тәртіппен судьяның өздігінен бас тартуы немесе қарсылық білдіру туралы өтніш білдірген және қанағаттандырылған;
      2) ауырған, демалыста болған, оқуда болған, қызметтік іссапарда болған жағдайларда оны ауыстыруға мүмкін болады.»;
      3) 237-бап қазақ қазақ тіліндегі мәтінде 8) тармақшада «тану туралы шешімдер дереу орындауға жатады» деген сөздер «тану туралы;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
      «9) төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қозғау туралы;
      10) борышкерді банкрот деп тану туралы шешімдер дереу орындауға жатады.»;
      4) 35-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
      «35-тарау. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың төлем қабілетсіздігін реттеу, банкроттығы, заңды тұлғаларды жеделдетілген оңалту рәсімі және оңалту туралы iстердi қарау

      313-бап. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың төлем
               қабілетсіздігін реттеу, банкроттығы, заңды тұлғаларды
               жеделдетілген оңалту рәсімі және оңалту туралы iстердi
               қарау
      Сот дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың төлем қабілетсіздігін реттеу, банкроттығы, заңды тұлғаларды жеделдетілген оңалту рәсімі және оңалту туралы iстердi Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген ерекшеліктермен осы Кодексте көзделген жалпы қағидалар бойынша қарайды және оларға шағымдануға, қарсылық білдіруге болады.
      Төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қозғау туралы сот шешімі шағымдануға, қарсылық білдіруге жатпайды.».
      2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; 2015 жылғы 10 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 22 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дербес білім беру ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 5 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 609-бапта:
      3-1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді сот бекіткен жағдайда – осындай келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап қолданылады.»;
      мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
      «3-2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес салық төлеуші төлем қабілетсіздігін реттеген жағдайда осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілін қолдану сот төлем қабілетсіздігін реттеу туралы рәсімді қозғау туралы шешім қабылдаған күннен бастап тоқтатылады.»;
      2) 614-баптың 2-тармағында 4) тармақшада «бастап қолданылмайды» деген сөздер «бастап;» деген сөзге ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) төлем қабілетсіздігін реттеу келісімді соттың бекітуі – осындай келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап қолданылмайды.».
      3. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 жылғы № 8, 42-құжат):
      47-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енсе;».
      4. «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 4-5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; 2015 жылғы 5 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «8-1) бітімгершілік келісім – банкроттық рәсімнің кез-келген сатысында, сот бекітетін борышкер (банкрот) мен кредиторлар арасында келісімдер жасасу жолымен оны тоқтату мақсатында қолданатын рәсім;»;
      2) 4-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Егер өзіне қатысты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексi 49-бабының 1-тармағында белгiленген тәртiппен тарату туралы шешiм қабылданған заңды тұлға мүлкiнiң құны кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін жеткiлiксiз болса, тарату комиссиясы осы Заңда белгiленген қағидалар бойынша банкроттық рәсімін жүргізу үшін мұндай заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы сотқа жүгінуге міндетті.»;
      3) 11-бап:
      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) осы Заңда көзделген жағдайларда оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішпен сотқа жүгінуге;»;
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) осы Заңда көзделген тәртіппен және шарттарда банкроттық рәсім барысында бітімгершілік келісім жасасуға;»;
      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) борышкерге қатысты төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қозғау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайды қоспағанда, борышкер төлем қабілетсіздігінің басталғаны туралы білген немесе білуге тиіс болған кезден бастап алты ай ішінде өзін банкрот деп тану туралы сотқа жүгінуге;»;
      4) 15-баптың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы уақытша әкімші мен банкроттықты басқарушы қорытындыларының үлгі нысандарын бекітеді;»;
      5) мынадай мазмұндағы 2-1 тараумен толықтырылсын:
      «2-1-тарау. Төлем қабілетсіздігін реттеу
      28-1-бап. Төлем қабілетсіздігін реттеу туралы шешім қабылдау
      1. Борышкер, осы Заңның 5-бабының 1-тармағында белгіленген төлемге қабілетсіз белгілері болған кезде оңалту рәсімін және (немесе) банкроттық рәсімін қолдануға дейін өзінің төлем қабілетсіздігін реттеу туралы шешім қабылдауға құқылы.
      2. Борышкер, өзінің төлем қабілетсіздігін дәлелдейтін құжаттарды қоса бере отырып, төлем қабілетсіздігін реттеу туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.
      3. Сот борышкердің төлем қабілетсіздігін реттеу туралы өтінішін қабылдаған күннен бастап үш күн ішінде:
      1) төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қозғау туралы;
      2) төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қозғаудан бас тарту туралы шешім шығаруға құқылы.
      Соттың, осы Заңның 5-бабының 1-тармағында белгіленген төлем қабілетсіздігі белгілерінің борышкерде болмауы төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қозғаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
      4. Төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қозғау туралы сот шешімі, оны жариялаған сәттен бастап заңды күшіне енеді және шағымдануға жатпайды.
      5. Борышкер сот қабылдаған шешім туралы уәкілетті органды және кредиторларды дереу хабардар етеді.
      6. Уәкілетті орган хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде борышкерге қатысты төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімі қозғалғаны туралы хабарландыруды орналастырады.
      28-2-бап. Төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қозғау салдары
      Борышкерге қатысты төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қозғау туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап мындай салдар туындайды:
      1) борышкердің барлық берешек түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлдарды, айыппұлдарды) есептей тоқтатылады;
      2) кредиторға (кредиторларға) төлемге қабілетсіздігін реттеу туралы келісім жасасу кезеңінде борышкерді банкрот деп тану туралы сотқа өтініш беруге тыйым салынады;
      3) борышкерге мүлікті (активтерді) иеліктен шығару бойынша қандай да бір мәмілелер жасасуға тыйым салынады.
      28-3-бап. Төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісім
      1. Төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қозғау туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап екі ай ішінде борышкер барлық кредиторлармен төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісім жасасуға міндетті.
      2. Төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімінде келісімнің шарттары туралы ережені, борышкердің кредитор (кредиторлар) алдындағы міндеттемелерін орындау тәртібін, тәсілдері мен мерзімдерін қамтуға тиіс.
      Төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісім үш жылдан аспайтын мерзімге жасалады.
      3. Келісімде көзделген құқықтар мен міндеттерді өзіне қабылдайтын үшінші тұлғалардың төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімге қатысуға рұқсат беріледі.
      4. Төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісім:
      1) борышкер міндеттемелерінің орындалуын кейінге қалдыру және (немесе) мерзімін ұзарту;
      2) борышкердің талабына жол беру;
      3) борышты толық немесе ішінара кешіру;
      4) тұрақсыздық айыбын (өсімпұлдарды, айыппұлдарды) есептен шығару;
      5) алынған кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы мөлшерін азайту;
      6) кредитордың (кредиторлардың) талаптарын Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қанағаттандыру шарттарымен жасалуы мүмкін.
      5. Төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісім жазбаша нысанда қазақ және орыс тілдерінде жасалады және оған борышкердің, борышкер мүлкінің меншік иесінің, құрылтайшысының (қатысушысының) не ол уәкілеттігін берген тұлғаның және әрбір кредитор қол қояды.
      Кредитор келісімнің шарттарымен келіспеген жағдайда, мұндай келісім жасалуы мүмкін емес.
      28-4-бап. Төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді соттың бекітуі
      1. Осы Заңның 28-3-бабының 1-тармағында белгіленген мерзім ішінде борышкер өзінің төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.
      2. Төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтінішке борышкер:
      1) борышкер мен кредитор (кредиторлар) қол қойған төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді;
      2) олардың тұратын жерін немесе орналасқан жерін, сондай-ақ, берешек сомасын көрсете отырып, барлық кредиторлардың тізімін қоса береді.
      3. Борышкердің төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтінішін қарау нәтижелері бойынша сот:
      1) төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді бекіту туралы;
      2) төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді бекітуден бас тарту туралы ұйғарымды шығаруға құқылы.
      4. Соттың борышкердің төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді бекітуден бас тартуы үшін:
      1) кредиторлар және (немесе) үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы;
      2) келісім шарттарының Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы болуы негіз болып табылады.
      5. Төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісім борышкердің, кредитордың (кредиторлардың) және (немесе) келісімге қатысқан үшінші тұлғалардың мұндай келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күнінен бастап орындалуға міндетті болып табылады.
      6. Сот келісімді бекітуден бас тартқан жағдайда борышкердің төлем қабілетсіздігін реттеу аяқталған болып саналады, ал осы Заңның 28-2-бабының қолданысы төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді бекітуден бас тарту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады.
      7. Кредитор (кредиторлар) және (немесе) осы Заңның 28-3-бабының 3-тармағында көрсетілген келісімге қатысқан үшінші тұлғалар:
      1) борышкер мұндай келісімнің шарттарын бұзған жағдайда – төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді бұзу және борышкерді банкрот деп тану туралы;
      2) мынадай:
      осы Заңның 28-3-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімде төлемге қабілетсіздігін реттеу туралы келісім жасалмаған;
      сот төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді бекітуден бас тарту туралы ұйғарым шығарған жағдайларда борышкерді банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.
      8. Кредитордың (кредиторлардың) және (немесе) осы Заңның 28-3-бабының 3-тармағында көрсетілген үшінші тұлғалардың төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісім қолданылған кезең ішінде борышкер мұндай келісімнің барлық шарттарын сақтаған жағдайда, борышкерді банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқығы жоқ.
      28-5-бап. Төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді соттың
                бекітуінің салдары
      Төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күнінен бастап мынадай салдар басталады:
      1) борышкер берешегінің барлық түрлері бойынша тұрақсыздық айыбына (өсімпұлдарды, айыппұлдарды) есепке жазу тоқтатылады;
      2) борышкердің шоттары бойынша барлық қаржылық және мемлекеттік органдар салған шектеулер, оны салған тиісті органдардың шешім қабылдауысыз шешіледі;
      3) моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды есептемегенде, төлеу мерзімі келісім жасасқаннан кейін басталған, өмiріне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн борышкер олардың алдында жауаптылықта болатын азаматтарға төленетін төлемдердi қоспағанда, соттардың, аралық соттардың шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады;
      4) борышкердің мүлкіне жаңадан тыйым салу және борышердің мүлкіне иелік етуге өзге де шектеулер қою мәмілені жарамсыз деп тану туралы және борышкерге қойылған, мүлікті өзгенің заңсыз иеленуінен талап ету туралы қуынымдары бойынша ғана жол беріледі.»;
      6) 42-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Осы Заңның 95-1-бабы 4-тармағында көзделген жағдайда, борышкердiң оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшiне:
      1) осы Заңның 95-1-бабында белгіленген тәртіпте келісілген оңалту жоспары;
      2) оңалту жоспарын келiсу туралы кредиторлар жиналысының хаттамасы;
      3) оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы банкроттықты басқарушының қорытындысы қоса берiледi.»;
      7) 55-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2), 5-3) тармақшалармен толықтырылсын және 6) тармақшада «ұйғарым қабылдауы мүмкін.» деген сөздер «ұйғарым;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып оны тарату туралы шешiмнің күшін жою туралы ұйғарым;
      5-2) банкроттық рәсімін тоқтату, оңалту рәсімін қолдану және оңалту жоспарын бекіту туралы шешім;
      5-3) банкроттық рәсімін тоқтатудан, оңалту рәсімін қолданудан және оңалту жоспарын бекітуден бас тарту туралы шешім;
      6-1) бітімгершілік келісімін бекіту және банкроттық рәсімін тоқтату туралы ұйғарым қабылдауы мүмкін.»;
      8) 4-тарау мынадай мазмұндағы 59-1-баппен толықтырылсын:
      «59-1-бап. Банкроттық рәсімін тоқтатудан, оңалту рәсімін
                 қолданудан және оңалту жоспарын бекітуден бас тарту
                 туралы шешім
      1. Банкроттық рәсімін тоқтату, оңалту рәсімін қолдану және оңалту жоспарын бекіту туралы сот шешімін осы Заңның 95-1-бабында көзделген шарттар мен тәртiпте сот шығарады.
      2. Банкроттық рәсімін тоқтату, оңалту рәсімін қолдану және оңалту жоспарын бекіту туралы сот шешімінде:
      1) банкроттық рәсімін тоқтату және борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімін орындау және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату;
      2) банкроттықты басқарушының өкілеттіктерін тоқтату;
      3) оңалту рәсімін қолдану және оңалту жоспарын бекіту;
      4) осы Заңда көзделген оңалту рәсiмiн қолдану салдарының басталуы;
      5) борышкер мүлкін иесіне, борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару құқығын оларға уәкілетті органға, құрылтайшыларға (қатысушыларға) сақтап қалу не уәкілетті органға шешімнің заңды күшіне енген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кредиторлар жиналысы ұсынған оңалтуды басқарушының кандидатурасын тағайындауды тапсыру;
      6) банкроттықты басқарушының құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, мүлікке құқық белгiлейтiн құжаттарды, мөрлерді, мөртабандарды, материалдық және өзге де құндылықтарды беруi туралы нұсқау қамтылуға тиiс.
      3. Сот:
      оңалту жоспарын бекіту туралы кредиторлар жиналысының келісімі болмаған;
      егер борышкер сот талқылауы барысында төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкіндігін дәлелдемеген жағдайларда банкроттық рәсiмiн тоқтатудан, оңалту рәсiмiн қолданудан және оңалту жоспарын бекітуден бас тартады.»;
      9) 62-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «62-бап. Сот шешiмiнiң (ұйғарымының) заңды күшiне енуi, шешiмдi
               (ұйғарымды) қайта қарау
      1. Осы Заңның 55-бабында көрсетілген сот актілерінің заңды күшіне енуі және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша оларды қайта қарау, сондай-ақ шағымдану (наразылық келтіру) азаматтық процестік заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
      2. Тараптарының бірі заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, өзіне қатысты банкрот деп тану туралы шешім заңды күшіне енген азамат не өзіне қатысты оңалту рәсімін қолдану немесе банкрот деп тану туралы шешім заңды күшіне енген заңды тұлға болатын, іс бойынша сот шешімі кассациялық шағымдануға (наразылық келтіруге) жатпайды.»;
      10) 70-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) осы Заңда көзделген жағдайда, сотқа оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы қорытындыны уәкілетті орган белгілеген нысанда ұсынуға;»;
      11) 89-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасында «кредит алуға құқылы» деген сөздер «кредит алуға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) осы Заңда көзделген тәртіппен бітімгершілік келісім жасауға құқылы.»;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-1) борышкер кредиторлар жиналысымен келісілген оңалту жоспарының табыс еткен күннен он жұмыс күні ішінде борышкер мүлкінің меншік иесіне немесе құрылтайшыға (қатысушыға) не ол уәкілеттік берген адамға оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы қорытындыны ұсынуға;»;
      12) 93-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 14-3), 14-4) және 14-5) тармақшалармен толықтырылсын:
      «14-3) бітімгершілік келісім жасасу туралы шешім қабылдау;»;
      «14-4) банкроттық рәсім барысында оңалту рәсіміне өту туралы шешім қабылдау;»;
      «14-5) осы Заңның 95-1-бабында көзделген жағдайда оңалту жоспарын келісу;»;
      13) 6-тарау мынадай мазмұндағы 95-1-баппен толықтырылсын:
      «95-1-бап. Банкроттық рәсімінен оңалту рәсіміне өту
      1. Борышкерге қатысты оңалту рәсiмi қолданылмаған, ал банкроттық рәсімі барысында мүліктің меншік иесі немесе құрылтайшы (қатысушы) осы Заңның 73-бабы 1, 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін оңалту жоспарын әзірленген жағдайда, мүліктің меншік иесі немесе құрылтайшы (қатысушы) не ол уәкілеттік берген адам банкроттықты басқарушыға әзірлеген оңалту жоспарын және банкроттық рәсімінен оңалту рәсіміне өту мүмкіндігін қарау үшін кредиторлар жиналысын өткізу туралы өтiнiшхатпен жүгінуге құқылы.
      Банкроттықты басқарушы мүліктің меншік иесі немесе құрылтайшы (қатысушы) не ол уәкілеттік берген адамнан өтiнiшхат түскен күннен үш жұмыс күні ішінде осы Заңның 35-бабында көзделген тәртіппен кредиторлар жиналысын өткізу туралы кредиторларды хабардар етуге міндетті.
      2. Кредиторлар жиналысы ұсынылған оңалту жоспарымен және банкроттық рәсімінен оңалту рәсіміне өтумен келіскен жағдайда, жиналыс сонымен бір мезгілде борышкер мүлкінің меншік иесіне немесе құрылтайшыларға (қатысушыларға) сақтау мәселесін не уәкілетті органда тіркелген адамдардың ішінен оңалтуды басқарушының кандидатурасын таңдауды шешуге міндетті.
      3. Оңалту жоспарын алған күннен он жұмыс күні ішінде банкроттықты басқарушы уәкілетті орган белгілеген нысанда оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы қорытындыны жасауға және борышкер мүлкінің меншік иесіне немесе құрылтайшыларға (қатысушыларға) жіберуге міндетті.
      4. Борышкер мүлкінің меншік иесі, құрылтайшы (қатысушы) не ол уәкілеттік берген адам кредиторлар жиналысының келісімі және банкроттықты басқарушының оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы қорытындысы болған кезде банкроттық рәсiмдi тоқтату, оңалту рәсiмiн қолдану және оңалту жоспарын бекіту туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.
      5. Сот борышкер мүлкінің меншік иесінің, құрылтайшының (қатысушының) не ол уәкілеттік берген адамның банкроттық рәсiмдi тоқтату, оңалту рәсiмiн қолдану және оңалту жоспарын бекіту туралы өтінішін осы Заңда көзделген азаматтық сот ісін жүргізудің жалпы ережелері бойынша қарайды.
      6. Істі қарау қорытындысы бойынша сот банкроттық рәсімін тоқтату, оңалту рәсімін қолдану және оңалту жоспарын бекіту не бас тарту туралы шешім шығаруға құқылы.
      7. Сот оңалту рәсімін қолдану және оңалту жоспарын бекіту туралы шешім шығарған жағдайда, борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешiм оны шығарған соттың жоюына жатады.»;
      14) 99-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Банкроттықты басқарушы сату жоспарын банкроттың мүліктік массасын түгендеу және бағалау деректерінің негізінде, сондай-ақ мүлікті теңгерімдік құны бойынша электрондық аукционға қою туралы кредиторлар жиналысы шешімінің негізінде жасайды.
      Банкроттың мүліктік массасында тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау және (немесе) қызметтерді көрсету үшін кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын мүліктік кешен болған кезде, оны сату осы Заңның 99-1-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Банкроттықты басқарушы кредиторлар жиналысы белгілеген мерзімде сату жоспарын жасауға және оны кредиторлар жиналысына ұсынуға міндетті.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Банкроттың мүлкін (активтерін), сондай-ақ кәсіпорнын тікелей сату кезінде сату бағасы және басқа да шарттар, сондай-ақ сатып алушы және онымен сатып алу-сату шартын жасасу мерзімі кредиторлар жиналысының бірауыздан қабылданған шешімімен және борышкер мүлкінің меншік иесінің, қатысушыларының, құрылтайшыларының келісімімен айқындалады.»;
      15) 6-тарау мынадай мазмұндағы 99-1-баппен толықтырылсын:
      99-1-бап. Банкроттың кәсіпорнын сату
      «1. Осы баптың мақсаттары үшін банкроттың кәсіпорыны ретінде кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын ғимараттар, құрылысжайлар, жабдықтар, құрал-саймандар, шикiзат, өнiмдер, жер учаскесiне құқық, талап ету құқықтары, сондай-ақ оның қызметiн дараландыратын белгiлерге құқықтар (фирмалық атау, тауар белгiлерi) және басқа да айрықша құқықтарды қоса алғанда, мүліктің барлық түрлерін қамтитын мүліктік кешен деп түсініледі.
      Бұл ретте, мүлiк кешенi ретіндегі кәсiпорын құрамындағы борыштарды беруге жол берілмейді.
      2. Кәсіпорынды сату тікелей сату жолымен жүзеге асырылады.
      3. Кәсіпорынды сату банкроттықты басқарушы мен сатып алушы жасасқан кәсіпорынды сатып алу-сату шартымен ресімделеді.
      4. Кәсіпорынды сату кезінде сатып алушы төлемді кәсіпорынды сатып алу-сату шартына сәйкес шартқа қол қойылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асыруы тиіс.
      Банкроттықты басқарушының кәсiпорынды беруi және оны сатып алушының қабылдауы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тараптар қол қоятын және рәсімделетін өткізу актiсi бойынша жүзеге асырылады.
      5. Банкроттықты басқарушы кәсіпорынды сатып алу-сату шарты бойынша соманы сатып алушы төлеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде барлық кредиторлармен есеп айырысуды, осы Заңда белгіленген кезектілікке сәйкес жүргізуге міндетті.
      Кредиторлар талаптарын өтеу үшін кәсіпорынды сатудан түскен қаражаттар жеткіліксіз болған жағдайда, осы қаражаттар олардың кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген талаптарының сомаларына пропорционалды түрде кредиторлар арасында бөлінеді.
      Кредиторлар талаптарын қанағаттандырудан артылған кәсіпорынды сатудан түскен қаражаттарды банкроттықты басқарушы Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе банкроттың құрылтайшылық құжаттарына сәйкес банкрот мүлкінің меншік иесіне не оның құрылтайшыларына (қатысушыларына) тапсырады.
      6. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн банкроттықты басқарушы сотқа өз қызметi туралы кредиторлар жиналысымен келісілген қорытынды есептi ұсынады.
      Қаражаттың жеткіліксіздігіне орай кредиторлардың қанағаттандырылмаған талаптары өтелді деп саналады және қорытынды есебiнде көрсетіледі.
      7. Банкроттың кәсіпорнын сату кезінде сот қорытынды есепті бекітеді.
      Борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешiм сотпен шығарылған шешіммен күші жойылуы тиіс.»;
      16) 110, 111-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «110-бап. Банкроттықты басқарушының қорытынды есебі
      1. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн банкроттықты басқарушы тарату теңгерімі мен кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған мүлiктi пайдалану туралы есептi қоса бере отырып, сотқа өз қызметi туралы кредиторлар жиналысымен келісілген қорытынды есептi ұсынады.
      Банкроттың кәсіпорны сатылған жағдайда тарату теңгерімі қоса берілмейді.
      2. Сот банкроттықты басқарушының қорытынды есебi мен тарату теңгерімін бекiтедi және олар ұсынылған кезден бастап күнтізбелік он бес күннен кешiктірілмейтiн мерзiмде банкроттық рәсімін аяқтау туралы ұйғарым шығарады.
      Банкроттың кәсіпорны сатылған жағдайды қоспағанда, банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейiн сот бiр апталық мерзiмде банкроттықты басқарушының бiрiншi кезектегi кредиторлардың қанағаттандырылмаған талаптары туралы мәлiметтер қамтылған, бекiтiлген қорытынды есебiнен үзiндi көшiрмені уәкiлеттi органға жiбередi.
      Банкроттық рәсімді аяқтау туралы ұйғарымда банкроттықты басқарушыға сыйақы төлеуге және банкроттың өткізілмей қалған мүлкiне байланысты реттелмеген мәселелер де шешiлуге тиiс. Сот ұйғарымның көшiрмесiн заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органға, уәкiлеттi органға, мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органына, сондай-ақ талаптары қанағаттандырылмаған банкроттың кредиторларына жiбередi. Осы бөліктің қолданысы банкроттың кәсіпорынын сату жағдайларына қолданылмайды.
      111-бап. Уәкілетті органның интернет-ресурсында банкроттар тізімін жариялау
      1. Банкроттық саласындағы уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында оларға қатысты банкрот деп тану туралы сот шешімдері күшіне енген банкроттардың (дара кәсіпкерлердің, заңды тұлғалардың) тізімін жариялайды.
      Борышкерді банкрот деп тану туралы шешімнің күші жойылған, бітімгершілік келісім жасалған немесе банкроттың кәсіпорны сатылған жағдайда, ол тізімнен алып тасталады.
      Тізімде борышкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) не атауы, экономикалық қызмет түрі, борышкердің деректемелері, басшы мен құрылтайшылардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің және банкроттық рәсімінің аяқталғаны туралы сот ұйғарымының күндері көрсетіледі.
      2. Уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған банкроттар тізімі оларға қатысты банкрот деп тану туралы сот шешімдері өткен айда заңды күшіне енген банкроттарды енгізу, сондай-ақ оларға қатысты бітімгершілік келісімді бекіту немесе банкроттың кәсіпорнын сату шартымен қорытынды есепті бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген банкроттарды алып тастау жолымен ай сайын, өткен айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей жаңартылады.»;
      17) 112-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғалар мен дара кәсiпкерлердiң мемлекеттiк тiркелiмдерiне жазба енгiзiлгеннен кейін банкротты тарату аяқталды, ал банкрот жұмыс iстеуiн тоқтатты деп саналады.»;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Банкроттың кәсіпорнын сату борышкерді банкрот деп тану және шешім шығарған соттың банкроттық рәсімді қозғауымен оны тарату туралы сот шешімінің күшін жоюға негіз болып табылады.
      Шешімнің күші жойылғаннан кейін заңды тұлға немесе дара кәсіпкер өз қызметін жүзеге асыруды жалғастырады.»;
      18) мынадай мазмұндағы 6-1-тараумен толықтырылсын:
      «6-1-тарау. Бітімгершілік келісім
      112-1-бап. Бітімгершілік келісімді жасасу шарттары
      1. Банкроттық рәсімді жүргізудің кез келген сатысында борышкер мен кредитор бітімгершілік келісімді жасасуға құқылы.
      2. Кредиторлар тарапынан бітімгершілік келісімді жасасу туралы шешім кредиторлар жиналысында қабылданады.
      Банкрот тарапынан бітімгершілік келісім жасасу туралы шешімді мүліктің меншік иесі, банкроттың құрылтайшысы (қатысушысы) және банкроттықты басқарушы қабылдайды.
      Бітімгершілік келісімде көзделген құқықтар мен міндеттерді өзіне қабылдайтын үшінші тұлғалардың бітімгершілік келісімге қатысуына жол беріледі.
      3. Бітімгершілік келісімді сот бекітеді.
      Бітімгершілік келісімді бекіткен кезде сот бітімгершілік келісімді бекіту туралы ұйғарым шығарады, онда банкроттық рәсімнің тоқтатылатыны және борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімді қозғау туралы шешімнің орындауға жатпайтыны көрсетіледі.
      4. Бітімгершілік келісім оны бекіту туралы соттың ұйғарымы күшіне енген күннен бастап күшіне енеді және бітімгершілік келісімге қатысатын борышкер, кредиторлар және үшінші тұлғалар үшін міндетті болып табылады.
      5. Күшіне енген бітімгершілік келісімді орындаудан бір жақты бас тартуға жол берілмейді.
      112-2-бап. Бітімгершілік келісімнің мазмұны
      1. Бітімгершілік келісім:
      1) банкрот міндеттемелерін орындауды кейінге қалдыру және (немесе) мерзімін ұзарту;
      2) банкроттың талаптарын басқаға беру;
      3) банкроттың міндеттерін үшінші тұлғалардың орындауы;
      4) борышты аудару;
      5) кредиторлар талаптарын банкроттың акцияларына, жарғылық капиталындағы қатысу үлесіне алмастыру;
      6) кредиторлар талаптарын Қазақстан Республикасының заңнамаларына қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қанағаттандыру жағдайларында жасалуы мүмкін.
      2. Бітімгершілік келісімде банкрот міндеттемелерін орындау мөлшері, тәртібі және мерзімдері туралы және (немесе) оның міндеттемелерін тоқтату туралы мәліметтер болуы тиіс.
      3. Банкрот тарапынан бітімгершілік келісімге мүлік иесінің, банкрот құрылтайшысы (қатысушысы) не ол уәкілеттік берген тұлға және банкроттықты басқарушы қол қояды. Кредиторлардың атынан бітімгершілік келісімге кредиторлар жиналысының төрағасы қол қояды.
      4. Бітімгершілік келісімге үшінші тұлғалар қатысқан жағдайда, олардың тарапынан бітімгершілік келісімге осы тұлғалар немесе олардың уәкілетті өкілдері қол қояды.
      5. Бітімгершілік келісім, борышкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындау тәртібі мен мерзімдері туралы ережелерді қамтуы тиіс.
      6. Бітімгершілік келісімнің шарттары бітімгершілік келісім жасасуға қарсы дауыс берген немесе дауыс беруге қатыспаған кредиторлар үшін оны жасасуға дауыс берген кредиторлар үшін шарттардан төмен болмауы тиіс.
      112-3-бап. Мемлекеттік орган тарапынан бітімгершілік келісім
                 жасасу шарты
      1. Бітімгершілік келісім жасасу кезінде кредиторлардың бірі болып мемлекеттік орган қатысқан жағдайда, бітімгершілік келісім мұндай мемлекеттік органның алдында бітімгершілік келісім бекітілген күннен бастап бір жылдан аспайтын мерзімге берешектерді өтеуді кейінге қалдыру шартымен жасалуы мүмкін.
      Салықтық берешектер және кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектер осы баптың бірінші бөлігіндегі талаптар сақталған жағдайда, банкроттың және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге қою, және (немесе) банк кепілдігімен өтеледі.
      2. Кепілге қойылатын мүлік өтімді, жоғалудан немесе бүлінуден сақтандырылған болуы тиіс және оның нарықтық құны салықтық берешек сомасынан, сондай-ақ бюджетке төленуге жататын кедендік төлемдер мен салықтардан кем болмауы тиіс. Мыналар:
      1) тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;
      2) энергияның электр, жылу және өзге де түрлері;
      3) тыйым салынған мүлік;
      4) мемлекеттік органдар шектеулер салған мүлік;
      5) үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынған мүлік;
      6) тез бұзылатын шикізат, тамақ өнімдері кепіл заттары бола алмайды.
      112-4. Бітімгершілік келісімді соттың бекітуі
      1. Бітімгершілік келісімді бірінші кезектегі кредиторлардың талаптары бойынша берешек өтелгеннен кейін ғана сот бекітуі мүмкін.
      2. Банкроттықты басқарушы бітімгершілік келісім жасасу туралы кредиторлар жиналысы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бітімгершілік келісім бекіту туралы сотқа өтініш беруге міндетті.
      3. Бітімгершілік келісім бекіту туралы өтінішке:
      1) осы Заңның 112-2-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетілген тұлғалар қол қойған бітімгершілік келісім;
      2) бітімгершілік келісім жасасу туралы шешімді қабылдаған кредиторлар жиналысының хаттамасы;
      3) кредиторлардың тұрғылықты жері немесе орналасқан жері, сондай-ақ берешек сомасы көрсетілген кредиторлар тізімі;
      4) бірінші кезектегі кредиторлардың талаптары бойынша берешектің өтелуін растайтын құжаттар;
      5) оны жасасуға қарсы дауыс берген кредиторлардың жазбаша қарсылығы қоса беріледі.
      4. Бітімгершілік келісімді бекіту туралы өтінішті қарау күні туралы банкроттық рәсімінің қатысушылары мен үшінші тұлғаларды сот хабардар етеді. Тиісті түрде хабардар етілген тұлғалардың келмеуі бітімгершілік келісімді бекіту туралы өтінішті қарауға кедергі болмайды.
      5. Бітімгершілік келісімді бекіту туралы соттың ұйғарымына Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға (наразылық келтіруге) болады.
      6. Бітімгершілік келісімді бекіту туралы ұйғарымның күшін жою банкроттық рәсімін қозғауға негіз болып табылады.
      112-5-бап. Бітімгершілік келісімді бекіту салдары
      1. Бітімгершілік келісімді бекіту банкроттық рәсімін тоқтатуға негіз болып табылады, ал борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғау туралы сот шешімі одан әрі орындауға жатпайды.
      Борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғаумен оны тарату туралы шешім одан әрі орындауға жатпайды.
      2. Банкроттықты басқарушының өкілеттігі бітімгершілік келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады.
      3. Бітімгершілік келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап:
      1) бітімгершілік келісімнің шарттарына сәйкес борышкер және (немесе) үшінші тұлғалар кредиторлар алдындағы берешекті өтеуге кіріседі;
      2) осы Заңның 87-бабының қолданысы тоқтатылады.
      112-6-бап. Бітімгершілік келісімді бекітуден бас тарту және
                 оның салдары
      1. Соттың бітімгершілік келісімді бекітуден бас тартуына:
      1) борышкер және (немесе) үшінші тұлғалардың бірінші кезектегі кредиторлардың талаптары бойынша берешекті өтеу бойынша міндеттемені орындамауы;
      2) осы Заңда белгіленген бітімгершілік келісімді жасау тәртібін бұзу;
      3) банкроттық рәсіміне қатысушы және (немесе) үшінші тұлғалардың құқықтарын және заңды мүдделерін бұзу;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамаларына бітімгершілік келісім шарттарының қайшы келуі негіз болып табылады.
      2. Сот бітімгершілік келісімді бекітуден бас тарту туралы ұйғарым шағарады, оған Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға (наразылық келтіруге) болады.
      3. Сот бітімгершілік келісімді бекітуден бас тарту туралы ұйғарым шығарған жағдайда бітімгершілік келісім жасалмаған болып саналады.
      4. Соттың бітімгершілік келісімді бекітуден бас тарту туралы ұйғарым шығаруы жаңа бітімгершілік келісімді жасасуға кедергі болмайды.
      112-7-бап. Бітімгершілік келісімді бұзу және оның салдары
      1. Жекелеген кредиторлар мен борышкер арасындағы сот бекіткен бітімгершілік келісімді бұзуға жол берілмейді.
      2. Борышкер және (немесе) үшінші тұлғалар өтініш берген күніне кредиторлар талаптарының тізіліміне кірген талаптардың жалпы сомасынан жиырма бес пайыздан кем емес талаптарға ие кредиторларға қатысты бітімгершілік келісім шарттарын орындамаған жағдайда осы кредитордың (кредиторлардың) өтініші бойынша барлық кредиторларға қатысты бітімгершілік келісім сот шешімі бойынша бұзылуы мүмкін.
      3. Бітімгершілік келісімді бұзу туралы өтінішті оны бекіткен сот қарайды.
      4. Бітімгершілік келісімді бұзу туралы өтініш бойынша істі сот Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында көзделген жалпы қағидалар бойынша қарайды.
      112-8-бап. Бітімгершілік келісімді бекіту туралы ұйғарымның
                 күші жойылған немесе бітімгершілік келісім
                 бұзылғаннан кейін банкроттық рәсімді қайта қозғау
      1. Соттың бітімгершілік келісімді бекіту туралы ұйғарымы негізінде тоқтатылған банкроттық рәсімі:
      1) соттың бітімгершілік келісімді бекіту туралы ұйғарымының күші жойылған;
      2) сот бітімгершілік келісімді бұзу туралы шешім шығарған жағдайларда қайта қозғауға жатады.
      2. Бітімгершілік келісімді бекіту туралы сот ұйғарымының күшін жою немесе бітімгершілік келісімді бұзу туралы шешім қабылдаған сот банкроттық рәсімінің қозғалғаны және уәкілетті органда тіркелген тұлғалар арасынан уақытша басқарушыны тағайындағаны туралы сот актісінде көрсетуге міндетті.
      3. Банкроттық рәсімі осы Заңның 6-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      4. Уақытша басқарушы, өзінің тағайындалған күнінен бастап қырық бес күнтізбелік күн мерзімнен кешіктірмей кредиторлардың бірінші жиналысын өткізуге міндетті.
      112-9-бап. Бітімгершілік келісімді бекіту туралы ұйғарымның
                 күшін жоюдың немесе бітімгершілік келісімді бұзудың
                 салдары
      1. Бітімгершілік келісімді бекіту туралы ұйғарымның күшін жою немесе бітімгершілік келісімді бұзу бірінші кезектегі кредиторлардың берешекті өтеу есебінен өздерінің алғандарын банкротқа қайтару міндетіне әкеп соқпайды.
      2. Бітімгершілік келісім шарттарында есеп айрысу жүргізілген кредиторлардың талаптары өтелген болып есептеледі.
      3. Бітімгершілік келісімді бекіту туралы ұйғарымның күші жойылған немесе бітімгершілік келісім бұзылған және банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалған жағдайда, оларға қатысты бітімгершілік келісім жасалған кредиторлар талаптарының көлемі бітімгершілік келісімде белгіленген шарттар ескеріле отырып айқындалады.».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады