"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 775 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжiлiсiнiң қарауына енгізiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

      Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 22-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; 2015 жылғы 5 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1032-бапта:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауар белгiсiн заңсыз пайдаланушы тұлға:
      1) құқық иеленушілердің өздері салған тауар белгісі бар түпнұсқалы тауарларды қоспағанда, заңсыз пайдаланылатын тауар белгісі, тауар шығарылған жердің атауы немесе олармен айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлеме орналасқан тауарды, тауар қорабын жоюға мiндеттi. Осындай тауарларды айналымға енгізу қоғамдық мүдделер үшін қажет болған жағдайларда – тауардағы және оның қорабындағы заңсыз пайдаланылатын тауар белгісінің бейнесін, тауар шығарылған жердің атауын немесе олармен айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемені жоюға;
      2) жұмыстар орындауды немесе қызметтер көрсетуді сүйемелдейтін материалдардан, оның ішінде құжаттамадан, жарнамадан, маңдайша жазудан тауар белгісін немесе олармен айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемені алып тастауға міндетті.»;
      үшінші бөлік алып тасталсын.
      2. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-І, 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; 2015 жылғы 5 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      158-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «158-бап. Бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін,
                тауар шығарылған жердiң атауын немесе фирмалық
                атауды заңсыз пайдалану
      Бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін немесе тауар шығарылған жердiң атауын немесе бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған, олармен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелерді заңсыз пайдалану, сондай-ақ бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдалану, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын іс-әрекет белгiлерi болмаса –
      тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің, тауар шығарылған жер атауының немесе бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған, олармен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелердің заңсыз бейнесiн қамтитын тауарлар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлеріне – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескертпе.
      Осы бапқа сәйкес тәркіленген тауарлар, құқық иеленушінің өзі салған тауар белгісі бар түпнұсқалы тауарларды немесе қоғамдық мүдделер үшін оларды айналымға енгізу қажет болатын жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 795-бабында көзделген тәртіппен жойылуға жатады.».
      3. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат, № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72,75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84; 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 33-құжат; № 10, 50-құжат):
      71-бап мынадай мазмұндағы 19, 20 және 21-тармақтармен толықтырылсын:
      «19. Мемлекеттік сараптамалық ұйымның және уәкілетті органның дәрілік заттарды мемлекеттік тіркеу үшін берілген, мемлекеттік тіркеу, сараптама жасау туралы өтініште, сондай-ақ құрамында жаңа химиялық заттар бар дәрілік заттың тіркеу дерекнамасында қамтылған құпия ақпаратты дәрілік зат мемлекеттік тіркелген күннен бастап алты жыл ішінде оған өтініш берушінің келісімінсіз коммерциялық мақсатта жария етуіне және пайдалануына жол берілмейді.
      20. Осы баптың 19-тармағында көзделген, құпия ақпаратты коммерциялық мақсаттарда жария етуге және пайдалануға жол бермейтін ережелер:
      1) Қазақстан Республикасының Патент занына сәйкес дәрілік затты пайдалануға мәжбүрлі лицензия берілген жеке немесе заңды тұлғаларға;
      2) дәрілік затты коммерциялық емес мақсаттарда пайдалануға, өндіруге, импорттауға, экспорттауға немесе таратуға қолданылмайды.
      21. Осы баптың 19-тармағында көзделген ережелер:
      1) егер дәрілік затты жеткізіп беру Қазақстан Республикасында тіркелген күнінен бастап он екі ай ішінде халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болса;
      2) төтенше жағдайлар кезінде не ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында халық денсаулығын қорғау қажет болғанда;
      3) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптарын бұзу әрекеттері анықталған жағдайда сот тәртібімен қолданылады.».
      4. «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 718-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2009 ж., № 15-16, 75-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 14, 95-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат):
      1) 11-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Патент иеленушi сұрау салған күннен бастап тоқсан күн ішінде өнеркәсіптік меншік объектісін пайдаланбаған және тиімді коммерциялық жағдайларда ол лицензиялық шарт жасасудан бас тартқан кезде, егер өнеркәсіптік меншік объектісіне қорғау құжатын беру туралы мәлiметтер алғашқы жарияланғаннан кейiн өнеркәсіптік меншік объектісі осындай өтiнiш берiлген күннiң алдындағы кез келген төрт жыл iшiнде үздiксiз пайдаланылмаған болса, кез келген адам өзiне мәжбүрлі ерекше емес лицензияны алып беру туралы сотқа жүгінуге құқылы. Егер патент иеленушi пайдаланбауының құқыққа сыйымды себептерге байланысты екенiн дәлелдемесе, сот көрсетілетін лицензияны пайдалану шегiн, мерзімін, төлем мөлшерi мен тәртiбiн айқындай отырып ұсынады. Төлем мөлшерi лицензияның қалыптасқан практикаға сәйкес айқындалған нарықтық бағасынан төмен болмауға тиiс.
      Мәжбүрлі ерекше емес лицензия:
      1) ұлттық қауіпсіздікті немесе денсаулық сақтаудың дамуын қамтамасыз ету қажет болған;
      2) патент иеленуші өзінің айырқша құқықтарын асыра пайдаланған, басқа тұлға оның келісімімен осындай айрықша құқықтарды асыра пайдалануға жәрдемдескен немесе кедергі жасамаған жағдайларда да беріледі.
      Осы тармақтың ережелеріне сәйкес жартылай өткізгіштер технологиясына жатқызылатын өнертабысты пайдалануға арналған мәжбүрлі ерекше емес лицензияны беруге оны мемлекеттік және қоғамдық мүдделерде коммерциялық емес пайдалану үшін немесе сот тәртібімен
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптарын бұзады деп танылған ережелерді өзгерту үшін ғана жол беріледі.
      Мәжбүрлі ерекше емес лицензия патенттелген дәрілік затты немесе патенттелген процесс арқылы алынған дәрілік затты Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес өндірістік құралдар болмаған немесе жеткіліксіз болып табылатын аумаққа экспорттау мақсаты үшін дәрілік затқа немесе дәрілік затты дайындау процесіне сұратылатын жағдайларды қоспағанда, осындай кез келген лицензия бiрiншi кезекте Қазақстан Республикасы iшкi нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін берілуге тиiс.
      Мәжбүрлі лицензия берiлген адам көрсетілген өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалану құқығын басқа адамға тек қана осы объект пайдаланылатын тиiстi өндiрiспен бiрге бере алады.
      Мәжбүрлі ерекше емес лицензияның күші оны беруге себеп болған мән-жайлардың әрекет етуі тоқтатылған жағдайда соттың жоюына жатады.»;
      2) 12-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) егер қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн қамтитын құралға ғылыми зерттеудің немесе эксперименттің мақсаты табыс алу болып табылмаса, осындай ғылыми зерттеу немесе эксперимент жүргiзу;».
      5. «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 776-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 14, 95-құжат; № 7, 34-құжат):
      44-бапта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) құқық иеленушінің өзі салған тауар белгісі бар түпнұсқалы тауарларды қоспағанда, заңсыз пайдаланылатын тауар белгісі, тауар шығарылған жердің атауы немесе олармен айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлеме орналасқан тауарды, тауар қорабын жоюға мiндеттi. Осындай тауарларды айналымға енгізу қоғамдық мүдделер үшін қажет болған жағдайларда – тауарлардағы және оның қорабындағы заңсыз пайдаланылатын тауар белгісінің бейнесін, тауар шығарылған жердің атауын немесе олармен айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемені жоюға;»;
      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) жұмыстар орындауды немесе қызметтер көрсетуді сүйемелдейтін материалдардан, оның ішінде құжаттамадан, жарнамадан, маңдайша жазудан тауар белгісін немесе олармен айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемені алып тастауға міндетті.».
      6. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «24-1) корпоративішілік ауыстыру – Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерде орналасқан, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше мемлекеттің аумағында құрылған және сонда әрекет ететін заңды тұлғада басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды осы заңды тұлғаның
Қазақстан Республикасы аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне еңбек шартында белгіленген, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;»;
      2) 7-баптың 5-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде не квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік қызметкерлерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру, сондай-ақ аталған рұқсаттарды тоқтата тұру және кері қайтарып алу;»;
      3) 11-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Осы Заңның шетелдiк жұмыс күшiн жыл сайын квоталау туралы нормалары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын экономика секторларында Қазақстан Республикасының аумағында корпоративішілік ауыстыру шеңберінде қызмет істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.»;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Жұмыс берушiлерге корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру шарттары мен тәртiбiн
Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды.»;
      мынадай мазмұндағы 6, 7, 8, 9-тармақтармен толықтырылсын:
      «6. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік қызметкерлерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды жұмысқа тартатын жұмыс берушілер, олар Қазақстан Республикасының аумағына келгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде жергілікті атқарушы органға жазбаша түрде:
      1) олар ауыстырылатын елдің және ұйымның атауын, санын;
      2) тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);
      3) әрқайсысының білім деңгейін, біліктілігін, кәсібі мен жұмыс тәжірибесін;
      4) еңбек қызметін жүзеге асыру мерзімін қамтитын ақпарат жібереді.
      7. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылған шетелдік қызметкерлер, азаматтығы жоқ адамдар онда болу мақсаттарына сәйкес уақытша еңбек қызметін жүзеге асырады және еңбек шартында көрсетілген бір жылға ұзартылуы мүмкін үш жылдан аспайтын мерзім өткен соң елден кетуге міндетті.
      8. Менеджерлер мен мамандарды корпоративішілік ауыстыру орталық атқарушы орган айқындайтын қазақстандық кадрлар санына шетелдік қызметкерлер санының пайыздық қатынасы сақтала отырып жүзеге асырылады.
      9. Жергілікті атқарушы органдар:
      1) корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жұмыс істейтін шетелдік қызметкерлердің, азаматтығы жоқ адамдардың есебін жүргізеді;
      2) ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың оны күніне дейін еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті атқарушы органдарды корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жұмыс істейтін шетелдік қызметкерлер, азаматтығы жоқ адамдар туралы хабардар етеді.».
      7. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 24-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5,
24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 63-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42, 45-құжаттар):
      34-1-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «34-1-бап. Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу
                 ерекшеліктері»;
      2-тармақ алып тасталсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар отандық өнеркәсіптің дамуын мониторингілеу мақсатында индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға ол белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту бойынша ақпарат береді.».
      8. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат, № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 11, 57-құжат):
      1) 1-бапта:
      34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «34) жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) жергілікті қамту – қазақстандық өндірушілер болып табылмайтын ұйымдарға жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) орындағаны үшін кез-келген деңгейде қосалқы мердігерлік шарт негізінде төленген кез келген сома шегеріле отырып, жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) қазақстандық өндірушілерге жұмысты орындағаны үшін сатып алудың барлық шарттары бойынша төленген төлемдердің жалпы жылдық сомасының үлесі.»;
      36) тармақша алып тасталсын;
      2) 47-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегi) жергілікті қамтудың елу пайыздан асырылмайтын ең төменгі мөлшері;»;
      3) 47-1-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегi) жергiлiктi қамтудың елу пайыздан асырылмайтын мөлшері;»;
      4) 50-баптың 3-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажет жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегі) жергілікті қамту бойынша міндеттемелер;»;
      5) 58-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) кадрлардағы, сатып алынатын жұмыстардағы (көрсетiлетiн қызметтердегi) жергілікті қамтудың мөлшерi;»;
      6) 60-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жұмыстардағы (көрсетiлетiн қызметтердегі) және кадрлардағы жергілікті қамтудың мөлшері;»;
      7) 61-бапта:
      2-тармақтың үшінші, төртінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Келiсiмшарт: қол қойылатын бонусты төлеудiң мөлшерi мен шарттары жөніндегі; өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстардың мөлшерi мен шарттары жөніндегі; кадрлардағы жергiлiктi қамту жөніндегі; Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келiсiмшартты орындау кезiнде тартылған жұмыскерлерді оқытуға, олардың бiлiктiлiгiн арттыруға және оларды қайта даярлауға және (немесе) Қазақстан Республикасының азаматтарын құзыреттi органмен келiсiлген мамандықтар тiзбесi бойынша оқытуға жіберілетін шығыстардың мөлшерi жөніндегі; жұмыстардағы (көрсетiлетiн қызметтердегi) жергiлiктi қамту жөніндегі; мердiгерлiк жұмыстармен айналысатын персоналды қоса алғанда, жұмысқа тартылған шетелдiк персоналға қатысты алғанда қазақстандық персонал үшiн еңбекке ақы төлеудiң тең жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі; тарату қоры жөніндегі; Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға осы Заңда белгiленген шығыстардың мөлшерi жөніндегі мiндеттемелерге қатысты ерекше шарттарды да қамтуға тиiс.
      Қазақстандық кадрларды тарту жөніндегі міндеттемелер, мердiгерлiк жұмыстармен айналысатын персоналды қоса алғанда, жұмысқа тартылатын кадрлардың жалпы санынан пайыздық қатынасты, оның ішінде жылдар бойынша пайыздық қатынасты қамтуға тиіс. Тауарлардағы, жұмыстардағы (көрсетiлетiн қызметтердегi) жергiлiктi қамтудың мөлшері жөніндегі міндеттемелер сатып алынатын жұмыстардың (көрсетiлетiн қызметтердің) жалпы санынан пайыздық қатынасты қамтуға тиіс.».
      «Келiсiмшарт талаптары жер қойнауын пайдаланушының өзi қабылдаған, оның iшiнде жұмыстардағы, көрсетiлетiн қызметтердегi және кадрлардағы жергiлiктi қамту жөніндегі, келiсiмшартта көзделген салықтық емес сипаттағы төлемдер жөніндегі мiндеттемелердi орындамағаны, тиiсiнше орындамағаны үшiн тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсiмпұлдар) мөлшерiн қамтуға тиiс.»;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшартта да тауардағы жергілікті қамтуға қатысты ерекше шарттар, сондай-ақ жер қойнауын игерушінің тауардағы жергілікті қамту бойынша мiндеттемелердi олардың орындамағаны, тиiсiнше орындамағаны үшiн тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсiмпұлдар) мөлшерi қамтылуы мүмкін.
      Осы тармақтың ережелері осы Заңның 69-бабының 3-1-тармағының ережелері ескеріле отырып, аталған келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін немесе 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін, оқиғаның қайсысы бұрын басталатынына қарай қолданылады.»;
      8) 69-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттың мерзімін өзгерткен кезде, оған жер қойнауын пайдаланушының тауардағы жергілікті қамту бойынша міндеттерін алып тастауды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.»;
      9) 76-баптың 1-тармағында:
      9) тармақша мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын;
      «Осы тармақтың ережелері 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін келісімшарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушыларға ғана осы Заңның 69-бабының 3-1-тармағының ережелері ескеріле отырып, келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін немесе 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін, оқиғаның қайсысы бұрын басталатынына қарай қолданылады.»;
      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту және көші-қон туралы заңнамасына сәйкес оларды тарту Қазақстан Республикасы азаматтарының саны әрбір санат бойынша қызметкерлер санының кемінде елу пайызын құруға тиіс менеджерлер мен мамандарды тартуды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізу кезінде қазақстандық кадрларға артықшылық беруге;»;
      12) 78-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «78-бап. Қазақстандық өндірушілерді қолдауды қамтамасыз ету
      1. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту және халықтың көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын менеджерлер мен мамандар санын есепке алмағанда, жалпы қызметкерлер санының Қазақстан Республикасы азаматтарының кемінде тоқсан бес пайызын тартатын дара кәсіпкерлер (немесе) заңды тұлғалар жұмыстар мен тауарларды қазақстандық өндірушілер деп танылады.
      Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек ететін менеджерлер мен мамандардың саны Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту және халықтың көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес әрбір тиісті санат бойынша менеджерлер мен мамандардың жалпы санының жетпіс бес пайызынан, ал 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап жетпіс пайызынан кем болмауға тиіс.
      2. Жер қойнауын пайдаланушы мен оның мердігерлерінің осы Заңның талаптарына сәйкес жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді, олар
Қазақстан Республикасының жобалау құжатының және техникалық реттеу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес болған жағдайда, қазақстандық өндірушілерден сатып алуы жер қойнауын пайдалану құқығын жүзеге асырудың міндетті шарты болып табылады.
      3. Құзыретті органмен 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушы, сондай-ақ оның мердігерлері Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізу кезінде қазақстандық тауар өндірушілердің тауарлары жобалық құжаттың және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда, оларды осы Заңның талаптарына сәйкес сатып алуға міндетті.
      4. Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша конкурсты ұйымдастырушы конкурс жеңімпазын анықтау кезінде конкурсқа қатысушы қазақстандық өндірушілердің конкурстық өтінімінің бағасын шартты түрде жиырма пайызға азайтады.
      5. Жер қойнауын пайдалануға 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған шарттар шеңберінде тауарларды сатып алу кезінде конкурсты ұйымдастырушы конкурс жеңімпазын анықтауда конкурсқа қатысушы қазақстандық өндірушілердің конкурстық өтінімінің бағасын шартты түрде жиырма пайызға азайтады.
      6. Жергілікті қамту бөлігіндегі келісімшарт міндеттемелерін орындауға қатысты, жер қойнауын пайдаланушының тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлауы және жүргізуі, сондай-ақ қазақстандық мамандарды оқытуға арналған шығындар және өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстар туралы ақпарат құпия болып табылмайды.
      7. Осы баптың 3 және 5-тармақтарының ережелері осы Заңның 69-бабы 3-1-тармағының ережелері ескеріле отырып, аталған келісімшарттардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін немесе 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін, оқиғаның қайсысы бұрын басталатынына қарай қолданылады.».
      9. «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 114-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 143-құжат):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «23-1) корпоративішілік ауыстыру – Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерде орналасқан, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше мемлекеттің аумағында құрылған және сонда әрекет ететін заңды тұлғада басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдарды осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасы аумағында Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне еңбек шартымен белгіленген мерзімге, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;»;
      2) 15-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi орталық атқарушы орган бөлген квота шегiнде, сондай-ақ квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаттар бередi, сондай-ақ көрсетiлген рұқсаттарды тоқтата тұрады және қайтарып алады;»;
      3) 34-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) шетелдік қызметкерлер – Қазақстан Республикасының аумағында, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген немесе жұмыс берушілер тартатын көшіп келушілер;»;
      4) 35-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келетін немесе жұмыс берушілер, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартатын шетелдік қызметкерлер:»;
      5) 36-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Шетелдік қызметкерлерге келуге визаны шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға немесе жұмыс берушіге, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде, шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттың негізінде және қолданылу мерзіміне Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері береді.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Шетелдік қызметкерлерге келуге визаны және уақытша тұруға арналған рұқсатты, шетелдік қызметкердің жұмысқа орналасуға немесе жұмыс берушінің, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде, алдағы жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаты болған жағдайда, ішкі істер органдары бір жылға ұзартады.»;
      6) 37-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Шетелдік жұмыс күшін тарту кәсіптік және біліктілік санаттары бойынша, корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылатын шетелдік қызметкерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін квота негізінде жүзеге асырылады;»;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаттар квотадан тыс беріледі және ұзартылады.»;
      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Жұмыс берушiлерге корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудің шарттары мен тәртiбiн
Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды.»;
      мынадай мазмұндағы 5-1 тармақпен толықтырылсын;
      «5-1. Осы Заңның шетелдiк жұмыс күшiн жыл сайын квоталау туралы нормалары Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын экономика секторларында Қазақстан Республикасының аумағында ішкі корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.».
      10. «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 11, 63-құжат; № 19-II, 96-құжат):
      1) 5-баптың 16) және 17) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «16) отандық өңделген тауарларды жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      17) оларды жылжыту бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың тізбесін әзірлейді және бекітеді.»;
      2) 10-баптың 6-тармағының 5), 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) отандық өңделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын жылжыту мәселелері бойынша отандық, шетелдік және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
      6) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу жөнінде қызметтер көрсетеді;
      7) отандық өңделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын жылжыту мақсатында шетелдік өкілдіктер құрады.»;
      3) 26-баптың 2-тармағының 2) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) сауда миссияларын ұйымдастыру және өткізу, көрме-жәрмеңке қызметін жүзеге асыру, отандық өндірушілердің тауар белгілерін шетелде жылжыту және шетелде қазақстандық өндірушілердің ұлттық стендтерін ұйымдастыру;
      4) отандық өңделген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің экспортын дамыту және жылжыту мәселелері бойынша ақпараттық және талдамалық қолдау көрсету;».
      11. «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 29-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 12, 82-құжат):
      19-баптың 5-тармағы алып тасталсын.
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады