Облыстық бюджеттерге моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2015 жылға арналған негізгі шарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 848 қаулысы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 180-бабына, «2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және «2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған облыстық бюджеттерге моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2015 жылға арналған негізгі шарттары бекітілсін.
      2. Тиісті мәслихаттар 2015 жылға арналған облыстық бюджеттерде тиісті түсімдерді көздейтін шешімдерді қабылдағаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде облыстардың жергілікті атқарушы органдары мәслихаттардың көрсетілген шешімдерін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды;
      2) бюджеттік кредиттердің мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      4. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне бюджеттік кредиттердің игерілуі туралы ақпарат берсін.
      5. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2015 жылға бөлінген бюджеттік кредиттердің игерілуін мониторингтеуді қамтамасыз етсін.
      6. Қоса беріп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
      8. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2015 жылғы 28 қазандағы 
№ 848 қаулысымен     
бекітілген       

Облыстық бюджеттерге моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2015 жылға арналған негізгі шарттары

      1. Облыстардың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі — қарыз алушы) кредиттер беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:
      1) моноқалаларда кәсіпкерлікке 2015 жылға микрокредит беру үшін «2015 — 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында және «2015 — 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысында көзделген 1674000000 теңге (бір миллиард алты жүз жетпіс төрт миллион) сомасындағы кредиттер қарыз алушыларға 5 (бес) жыл мерзімге 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) %-дық сыйақы мөлшерлемесі бойынша беріледі;
      2) бір жеке кәсіпкерлік субъектісіне берілетін микрокредиттің ең көп сомасы 10000000 (он миллион) теңгеден аспайды;
      3) кредиттерді игеру кезеңі кредитордың шотынан кредиттер аударылған кезден бастап есептеледі, 5 (бес) жылды құрайды және 2020 жылғы 31 шілдеде аяқталады.
      2. Кредиттерді беру, өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі қосымша шарттар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес кредиттік шартта белгіленеді.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2015 жылғы 28 қазандағы
№ 848 қаулысымен    
бекітілген       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. «2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысына:
      4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) осы қаулыға 34-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде моноқалалардағы ағымдағы іс-шараларды іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер және облыстық бюджеттерге моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін кредит берудің сомаларын бөлу бекітілсін.»;
      34-қосымшада:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «Облыстық бюджеттерге Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде моноқалалардағы ағымдағы іс-шараларды іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер сомаларын бөлу және облыстық бюджеттерге моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін кредит берудің сомаларын бөлу»;
      кестедегі бағанның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «

Р/с №

Облыстардың атауы

Сомасы, мың теңге

оның ішінде:

облыстық бюджеттерге моноқалаларда кәсіпкерліктің дамуына жәрдемдесу үшін кредит беру

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру үшін банктердің кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және кепілдік беру

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жаңа өндірістерді дамытуға гранттар беру

ағымдағы жайластыру

                                                                ».

      3. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 16-17, 91-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасында:
      «Бағдарламаның негізгі бағыттары» деген 5-бөлімде:
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 16 %-дан аспайтын, оның 10 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын Кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.»;
      38-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) бизнес-жобаның міндетті шарттары шағын кәсіпкерлік субъектісінің, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкердің, ісін жаңа бастаған кәсіпкердің, сондай-ақ әйелдің, мүгедектің және 50 жастан асқан тұлғаның оны іске асыру шығыстарын ұсынылатын грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде, оның ішінде жеке мүлкімен бірлесіп қаржыландыруы, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.»;
      39-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «39. Шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, сондай-ақ әйелдер, мүгедектер және 50 жастан асқан тұлғалар жаңа жұмыс орындарын құруға және грант қаражатын мынадай мақсаттарға пайдалануға тиіс:»;
      42-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «2015 жылы микрокредиттер моноқалаларда қызметін жүзеге асыратын Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, ал 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ауылдық елді мекендерде, Шағын қалалар мен моноқалаларда қызметін жүзеге асыратын Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беріледі.»;
      108 және 109-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «108. Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым салаларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 16 %-дан аспайтын, оның 7 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын Кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.
      109. ИИДМБ-де айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 16 %-дан аспайтын, оның 10 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын Кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.»;
      171-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «171. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау банктердің номиналды сыйақы мөлшерлемесі 16 %-дан аспайтын, оның 6 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттері бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте, банк:»;
      172-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «172. Егер банк кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 16 %-дан кем болған жағдайда, оның 6 %-ын мемлекет өтейді, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.»;
      175-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «175. Субсидиялау лизингтік компаниялардың/банктің/даму банкінің номиналды сыйақы мөлшерлемесі 16 %-дан аспайтын, оның 7 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте лизингтік компания/банк/даму банкі:»;
      270-тармақта:
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) құжаттардың толық пакеті ұсынылған жағдайда, құрауыш операторы ұсынылған өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды белгіленген талаптарға сәйкес келуі тұрғысынан тексеруді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2 тамыздағы № 1017 қаулысымен бекітілген Отандық өңделген тауарларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларында (бұдан әрі — Өтеу қағидалары) көзделген тәртіппен 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады;»;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) ұсынылған өтінімнің және оған қоса берілетін құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкессіздігі анықталмаған жағдайда, құрауышты одан әрі іске асыру Өтеу қағидаларында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады;»;
      277-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «277. «Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру» құрауышы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысымен бекітілген «Өнімділік 2020» бағдарламасында (бұдан әрі — «Өнімділік 2020» бағдарламасы) айқындалған экономиканың басым секторларында қызметін кемінде 1 (бір) жыл жүзеге асыратын Кәсіпкерлерге ұсынылады.»;
      385-тармақта:
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) құжаттар пакеті толық ұсынылған жағдайда, құрауыш операторы Өтеу қағидаларында көзделген тәртіппен 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады;»;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) ұсынылған өтінімнің және оған қоса берілетін құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкессіздігі анықталмаған жағдайда, құрауышты одан әрі іске асыру Өтеу қағидаларында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады;».

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады