"Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық жанындағы тұрақты өкілі" мемлекеттік мекемесін тарату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 қазандағы № 869 қаулысы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 130-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 79 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық жанындағы тұрақты өкілі» мемлекеттік мекемесі таратылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен келісім бойынша осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. «Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық жанындағы тұрақты өкілін ұстау шығыстарының 2015 жылға арналған сметасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 195 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады