"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықты жұмыспен қамту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1112 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықты жұмыспен қамту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты
жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 30 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 26 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 27-баптың 1-тармағының 17-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «17-2) өз құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ бюджет есебінен қаржыландырылатын халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шараларды жүзеге асырады.».
      2. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1, 4-құжаттар; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; 2015 жылғы 20 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-бапта:
      13-2) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 13-3) тармақшамен толықтырылсын:
      «13-3) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме;»;
      2) 20-баптың 6-тармағының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «жұмысынан айырылған жағдайда – мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің Қорға өзі үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушысының халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретiнде тiркелу үшiн өтiнiш жасаған күннен бастап;»;
      3) 23-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретiнде тiркеуге өтiнiш жасаған күннен бастап тағайындалады.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысушысына жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер:
      1) ол үшін алты айдан он екі айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – бір айға;
      2) ол үшін он екі айдан жиырма төрт айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – екі айға;
      3) ол үшін жиырма төрт айдан отыз алты айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – үш айға;
      4) ол үшін отыз алты айдан бастап және одан көп айларға әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – төрт айға;
      5) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 54-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмысынан айырылған адам үшін отыз алты және одан да көп айларға әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – алты айға тағайындалады.»;
      6-тармақ алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 7, 8, 9 және 10-тармақтармен толықтырылсын:
      «7. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссызды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға және кәсіптік оқытуға жіберген жағдайда, жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер тоқтатылмайды.
      8. Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылар болып табылатын адамдар үшін әлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын) аудару фактісін Мемлекеттік корпорация анықтаған кезде жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер тоқтатыла тұрады.
      Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді тоқтата тұру әлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын) аудару фактісі анықталған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен жүргізіледі.
      Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді қалпына келтіру мұндай тоқтата тұрудың барлық кезеңі үшін негіз болып табылатын мән-жай тоқтатылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады. Әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналарын (міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын) аударудың мән-жайларын анықтау мерзімі бір айдан аспауға тиіс.
      9. Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер Халықты жұмыспен қамту орталығынан алушыны жұмыссыз ретінде есептен шығарғаны туралы ақпарат алынған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен тоқтатылады.
      10. Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді тоқтата тұру (қалпына келтіру) немесе тоқтату туралы шешімді алушыға себептерін көрсете отырып, Мемлекеттік корпорация арқылы міндетті түрде хабарлай отырып, Қор қабылдайды.».
      3. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 50-құжат; № 15, 78-құжат; 2015 жылғы 19 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 5 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
      24-баптың 4-тармағының 5) тармақшасындағы «отставкадағы судьялар үшін босатылады.» деген сөздер «отставкадағы судьялар;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға және/немесе жастар практикасына жіберген жұмыссыз азаматтар үшін босатылады.».
      4. «Кәсiптiк одақтар туралы» 2014 жылғы 27 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 11, 66-құжат; 2015 жылғы 25 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне еңбекті реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      16-баптың 1-тармағының 17) тармақшасындағы «жүзеге асыруға құқығы бар.» деген сөздер «жүзеге асыруға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «18-1) халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға қатысуға құқығы бар.».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады